Қазақстанның Әскери тарихы



бет1/8
Дата31.01.2018
өлшемі3,06 Mb.
#37169
  1   2   3   4   5   6   7   8
АМАНЖОЛОВ К. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘСКЕРИ ТАРИХЫ (Б.з.д. VI ғасырдан бүгінгі күнге дейін): оқу құралы / К.АМАНЖОЛОВ, А.Б.Тасболатов. – Алматы:білім, 1999

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті болып қайтадан сайланған Н.Ә.Назарбаев 1999 жылғы 20 қаңтарда мәртебелі қызметіне кірісу салтанатында сөйлеген сөзінде: "Даңқты өткенімізден қүш ала отырып, жаңа ғасырға нық қадам басамыз", - деді.

Бұл сөздің астарында не бар? Даңқты өткеніміз қандай, ол қашаннан басталады?



Қазақ халқы — этногенез жағынан алғанда, үш мың жыл-дан аса тарихы мен мөдениеті бар халық. Тарихқа біздің зама-нымызға дейінгі (б.з.д.) X ғасырда сақтар, б.з.д. IV ғасырда хұндар (бұл атау ғұндар, һуңдар деп те жазылады), б.з. VVI ғасырларында "түріктер" деген атпен енген бүгінгі қазақтар -сақтардың, хұндардың, түріктердің даңқты әскери тарихының төл мүрагері.

Қазақстанның ежелгі әскери тарихы сақтардың б.з.д. 529 жылы парсы патшасы Кирді жеңуі мен одан кейін б.з.д. 512 жылы парсы патшасы Дарийдің әскеріи талқандауынан баста-лып, б.з.д. 330—328 жылдары Александр Македонскийдің (Ескендір Зүлқарнайынның) әскеріне мықтап тойтарыс беруімен оның бірінші кезені аяқталады. Одан кейінгі кезең-де хұндар империясы құрылып, Қытай мен ұлы даланың ше-карасын бөлген Қытай қорғаны хұндардан қорғану үшін, бірнеше жеңілістен кейін б.з.д. 207 жылы салына бастағаны белгілі.

Ал Еуропаға жеткен хұндар патшасы Атгиланың 451 жылғы Римге шабуылынан кейін көп ұзамай Рим империясының құлауы хұндардын әскери өнердегі қуаттылығының шырқау шыңына жеткенін көрсетеді.

Орта ғасырлардағы түркілерге келсек, түркі жұрты VI-VIII ғасырларда, Византия және сасанидтік Иранмен соғыс-тарда әскери өнерді дамытуға баға жетпес үлес қосты. XII-XIII ғасырларда Шыңғыс хан түркі халықтарынын әскери дәстүрі мен өнеріне және жергілікті найман, керей, қыпшақ, қаңлы, дулат т.б. этникалық түрік тектес бірлестіктерге сүйеніп, атты өскерді күру мен үйретуде жөне әскери дара басшылықта соғыс өнерінің ең жаңа тәжірибесін жинақтады. XIV ғасырда Әмір Темір және оның мұрагерлері аса қүдіретті тұрақты әскери күш құруда әлем тарихының сахнасына бірінші болып шықты. Сонымен, б.з.д. VI ғасыр мен бергі XIV ғасыр арасындағы сақтар, хұндар, түркілер, Шыңғыс хан, Әмір Темір дәуіріндегі әскери өнердің дамуы - біздің рухани және әскери өнердегі қазыналарымыз әскери тарихымыздың деректі көздері болып табылады. Демек, казақ еліңің қорғаныс күштерін құруы б.з.д. VI ғасырдан, сақтар дәуірінен бастау алады.

XV ғасырдың ортасынан бастап, жергілікті этникалық бірлестікке сүйенген тайпалар қазақтың ұлттық мемлекетін құрды. Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін қорғауда есімі аса құрметпен айтылатын: Қасым хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Әбілқайыр хан, Төуекел хан, Есім хан, Абылай хандар баға жетпес әскери дара басшылық тәжірибесін жинақтады. Ота-нын қорғауда өздерінің қабілеттілігімен, жеке басының ерлігімен халық жадында ұмытылмас түлға болып қалған: Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Шапыраш-ты Наурызбай т.б. батырлар қазақ әскери тарихында өзіндік қолтаңбаларын қалдырды және қазақ әскери өнерінің дамуы-на аса зор үлес қосты.

Қазақтар белсене қатысқан Азамат соғысы жылдары (1918-1920 жж.) Қазақстан аумағында 4 кавалериялық бригада, 7 кавалериялық полк, 2 кавалериялық дивизион, 4 кавалериялық эскадрон, 4 жаяу әскер полкі, 8 күзет полкі және басқа да бөлімшелер құрылды. Олар азамат соғысына белсене қатысты. ¥лы Отан соғысына казақстандықтардың қатысуы туралы айтатын болсақ, мұнда да біздің жерлестеріміз жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Қазақстанда құрылған 20-дан аса дивизиялар мен бригадалар шексіз батылдықпен шайқасты.



Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан даласынан 1 млн. 200 мыңға жуық ұлдары мен қыздары Брест қамалы мен Мәскеуді қорғады, Ленинградты ұзақ уақыттық блокададан құтқаруға қатысты, Сталинград түбіндегі қанды шайқаста, Орел, Курск шайқасында тайсалмады, Украинаны, Белоруссияны, Прибалтиканы, Молдованы азат етуге күш салды, Берлин түбіндегі шайқастарға қатысты.

Тәуелсіздік алған кезден бері ұлттық мемлекеттің тұғы-рын биіктетер мәселелер көбейді. Қазірдің өзінде Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен, болашак Қарулы Күштердің лайықты бет-бейнесін жасау жөнінде ша-ралар қабылданып жатыр. 1997 жылғы караша айынан бастап, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін реформалау жөніңцегі Жарлық іске асуда. Ол реформа бойынша, Қарулы Күштердің құрылысы төмендегідей түрде жүйеленеді:

  1. Жалпы мақсаттағы күштер.

  2. Әуе қорғанысы күштері.

  3. Мемлекеттік шекараны қорғау күштері.

Қазақстан Республикасының Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев әскерлердің алдында сөйлеген сөзінде "әскери училищелердің офицерлері мен курсанттарына, жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне соғыс және армия туралы әскери тарихты оқыту" керектігіне баса назар аударды. Бұл, біріншіден, әске-ри істе болып жатқан процестерді, қарулы күштерді құрудағы теориялық-практикалық өзгерістерді, соғыс жүргізудің төсілдері мен эволюциялык, формаларын терең тануға, қазіргі заманғы мәселелерді дұрыс шешуге, практикалық төжірибе мен теориялық зерттеулер жүргізуге мумкіндік береді. Екіншіден, өскери тарих курсанттар мен офицерлердің өске-ри ойлауын, ғылыми ой-өрісін дамыту үшін де манызды. Мұның бәрі өткеннің қателіктерін түсінуге көмектеседі, қоғам дамуының бағытын көрсетеді, қарулы күштерді басқа-руда өткен уақыттың тәжірибелерін қолдануға мүмкіндік береді. Үшіншіден, әскери тарих халықтар достығы рухында тәрбиелеудің құралы болады. Сондықтан бүгінгі Қазақстанның әскери тарихын оқып үйрену ерекше орынға ие. Ол ұлттық басымдылыққа жеткізетін нақты идеология болатын пән, Қазақстанның әскери тарихы әскери кафедрасы бар әскери училищелер мен жоғары оқу орындарында пән ретінде оқытылуы қажет. Осы кітаптың мақсаты бүгінгі күні еліміз тәуелсіздігін алып, ертеңіне сеніммен қол созған шақта өзінің тарихын тануға тадпынған халқымыздың ұл-қыздарына даңқты өткенін білуде аз да болса көмектесу деп білеміз. Сөз соңында айтарымыз, бұл кітап "Военная история Казахстана" (очерки) деген атпен "Рауан" баспасынан 1998 жылы орыс тілінде жарық көрген еді, ал қазақ тілінде осы кітапты баспаға дайындау барысында, авторлар жекелеген оқырмандардан, ғылыми мекемелерден және жоғары оқу орындарынан түскен көптеген орынды тілектер мен ұсыныстарды орындауға тырысты.

Кітап сегіз тараудан тұрады. Оның I—VI тарауларының авторы отставкадағы гв. полковнигі, Ресей Әскери ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі, профессор Керейхан Аманжолов, VII—VIII тараулардың авторы генерал-майор, профессор Абай Тасболатов.



1 тарау

САҚТАР. САҚТАРДЫҢ ПАРСЫ ПАТШАСЫ КИРДІ ЖЕҢУІ ЖӘНЕ АЛЕКСАНДР МАКЕДОНСКИЙМЕН СОҒЫСЫ

(б.з.д. 529, 330-328 жж.)

§ 1. САҚТАРДЫҢ МЕКЕНДЕГЕН ЖЕРЛЕРІ

Біздің заманымызға дейінгі X—V ғасырларда Кіндік Азия мен Қазақстан аумағында, Хуанхэ, Ертіс жөне Дунайға дейінгі аралықта парсыларша "сақ", грекше "скиф" деген ат-пен белгілі болған түркі тілдес тайпалар тұрған.

Хуанхэ мен Дунай өзендері аралықтарыңдағы қазбалардан шықкан сақгарға (скифтерге) төн қару-жарақ, ат жабдыкгары, аң стиліндегі киім-кешектері б.з.д. X—V ғғ. дейін ортақ мөдениеттің осы атаумен аталуына себеп болды, ол мәдениет б.з.д. III ғасырға дейін өмір сүрді. Сақтардың ескі зираттары, оның ішінде патшалардың топтануы Талас, Іле, Шу жағалаула-рында, Қырғыз және Жоңғар Алатауының таулы бөктерлерінде, Кеген мен Нарынқолдың таулы аймақтарында орналасқан. Еділ мен Дунай аралығынан табылған ескерткіштерді тарих-шылардың зерттеулері мынаны көрсетеді: б.з.д. X—V ғасыр-ларда Орта Азия мен қазіргі Қазақстан даласын, парсы тарих-шыларының айтуынша, "сақ", грек тарихшыларының айту-ынша "скиф" тайпалары мекендеген. Бұл, Хуанхэ мен Дунай аралығындағы барлық көшпелі тайпаларға төн атау еді.

Біздің қазірше білетініміз, б.з.д. 484-425 жылдар арасында сақтар туралы Геродот былай тұжырымдайды: "парсылар барлық скифтерді сақтар деп атаған". Орта Азия мен Қара теңіз жағалауындағы көшпенділерді гректер скиф деп атаған деп хабарланды.

Сонымен, қазір белгілі болып отырғандай, сақ тайпалары Орта Азияда, қазіргі Қазақстан аумағында мекендеген жөне массагеттер деген атпен белгілі болған. Ал еуропалық сақтар Каспий мен Қара теңіз жағалауындағы алқаптарда, яғни қазіргі кездегі Венгрия, Румыния, Болгария мемлекеттері орналасқан аумаета өмір сүрген.

Геродот сақтарды олардың айналысқан кәсіптеріне қарай жіктеген: егінші сақтар Зеравшан, Әмудария, Сырдария, Іле, Днепр мен Буг өзендері жағалауларындағы өлкелерде өмір сүрсе, көшпелі сақгар Днепрдің шығыс жағын мекендеді дейді.

Сақтарда мал шаруашылы жақсы дамыды, әсіресе жылқы шаруашылығы алға басты, соған байланысты, негізгі жауын-герлері атты әскер болды. Сақ тайпалары көсемдерінің мола-ларынан ондаған, тіпті жүздеген аттың бастары табылған, олар сақ көсемдері өлгенде бірге көмілген. Б.з.д. V ғасырда сақ тайпаларында әскери демократия ұйымдары болды: ол тайпа жиыны, тайпа көсемі, тайпа көсемдері кеңесінен тұрды. Бұл қоғамдық ұйымдардың негізгі мақсаты соғыс жүргізу еді. Осыған байланысты, сақтар соғыс құдайларына үлкен құрбандыктар шалды.

Б.З.Д. VI ғасырда сақ көсемдерінің орны мұраға қалдыры-лып, патшалық — мұрагерлік билікке айнала бастады. Сөйтіп, қолында үлкен саяси күші бар, мықты сақ мемлекеті пайда болды, оның үстемдігі бірнеше ғасырға созылды. Б.З.Д. VII ғ. сақтар басқыншылық соғыстар жүргізді. Олар Кіші Азияға басып кірді, Геродоттың айтуынша, олар мұнда 28 жыл үстемдік етті. Б.З.Д. VI—V ғғ. сақтар қорғаныс соғыстарын жүргізді, атап айтқанда, парсы әскерлерінің шабуылын тойта-рып отырды. Сақтардың ер-азаматтарының барлығы да жа-уынгер болды. "Сақтарда, - деп жазады Аристотель, - бірде-бір жауды өлтірмеген жауынгерге, үлкен мерекелерде айнал-дыра ішілетін ішіңціктен татуға рұқсат етілмейтін".

Геродоттың айтуынша, сақтар соғыста түскен олжадан өлтірген жауының санына байланысты үлес алады, оның дәлелі ретінде, өз патшасьша өлтірген жауының басын өкеліп көрсет-кен. Ежелгі халық аузыңпа айтылатын, арабтардың тасқа, парсылардың өзенге табынғанындай, сақтар семсерге табынған.

Сақтар еркіндік сүйгіштігімен, батылдығымен, ұрыста табандылығымен көзге түсті. Геродот сақтарды ақыл-ойы ерек-ше дамыған ел деп есептейді. Екінші бір ежелгі дүние тарих-шысы Юстиннің айтуы бойынша: "Бұл халық еңбекте қажымайтын, ұрыста бой бермейтін, қамалдай беріктігі төтенше. Олардың жоғалтатындай ештеңесі болған жоқ, жеңісте атақ-тан басқа ештеңе дәметкен жоқ".
2.САҚТАРДЫҢ ҚАРУЫ, ӘСКЕРИ ӨНЕРІ ЖӘНЕ ПАРСЫ ПАТШАСЫ КИРДІ ЖЕҢУІ (б.з.д. 529 ж.)
Әскери өнердің дамуында сак жауынгерлерінің үлкен орны бар. Олардың соғыс жүргізу өнері мындаған жылдар бойы жаулары мен достарының назарын аударып келді, әрі ежелгі құл иеленуші мемлекеттердің әскери өнерінін дамуы-на өзіндік әсерін тигізді. Ежелгі әскери теоретиктер сақтар-дың әскери өнерін зерттей келе, олардьщ ерекшеліктерін көрсетті және пайдалануға кеңес берді. Сақтардың негізгі қаруы садақ пен ұзын найза бодды. Сақ садақтары екі серіппелі бөліктен тұрды: сыммен жалғастыры-ла тартылған қос мүйізу Геродот айтқаңдай^сақтар садақты кеудесіне емес, иығыиа қойып атқан, олар оң иыққа да, сол иықка да қойып ата беретін болған. Сақ жауынгері — ол атты садақшы. Авдиевтің айтуынша, оның күші - "жебеде, қорамсақта және боддыруды білмейтін жүйрік атга". Садақ пен найзадан басқа, сақтарда қысқа қылыш және арқан болды.

Сақтардың қорғаныс құралдары қалқан, сауыт, бас киім болды. Қалқан шағын гана болды, теріден жасалды. Сауыт ал-ғашында мыстан, кейіннен темірден жасадды, денеге тиіп тұрды, бірақ жауынгердің қимыл-қозғалысына кедергі жасамады.

Сақ өскерлері жеке-жеке топтан (рулық топ) тұрды.

Бірнеше отряд тосқауыл жасау үшін алдыға жіберілді және бұларды кодцау үшін қосымша куш жұмсалды. Негізгі мақсат майданның тұтастығын бұзу болды. Ұрыс шебін атты әскер құрады, жаяу соғысқан жоқ.

Сақтар, негізінен, өз жауын күшпен емес, айламен алды. Соғыс, әдетте, күтпеген жерден шабуыл жасау түрінде баста-лып отырды. Тұтқиылдан шабуыл жасап, жауының есін жи-ғызбастан арғы жағына өте шығуға ұмтылды немесе өтірік шегініп, қапыда қарсы шабуыл жасады. Соғыс табысты өткен жағдайда, сақтар жауын толық талқандағанша қуалап, толық жойып жіберуге ұмтылды. Ал жеңіліске ұшыраған жағдайда, айқасты өздерінің пайдасына шешілгенше жалғастыра берді.

Сақтарда үнемі жайылым жетіспеді. Олардың күшін әлсіреткен ең басты нөрсе тайпалар арасындағы қақтығыстар болды.



Б.з.д. VI ғасырдың II жартысывда Иран жеріндегі парсы мемлекеті жаулап алу соғыстарын жүргізді. Парсы патшасы Кир Кіші Азияны жаулап алғаннан кейін Окс (Әмударйя) және Яқсарт (Сырдария) өзендерінің арасын мекендейтін сақ тайпаларына (массагеттерге) басып кірді. Томирис патша басқарған массагеттерге аса күшті жаумен соғысуға тура келді. Сақ жауынгерінің де күші әлсіз емес-ті. Сақ әскерлері тез қимылдайтын епті, соғыс ісінің үздік шеберлері болатын. Олардың ең басты ерекшелігі әрі артықшылығы - олар қыр-сырын жақсы білетін өз жерлерінде соғысты.

Б.з.д. 529 жылы парсы әскерлері Окс өзенінен өтіп, бірнеше сақ отрядын талқандады. Томирис ез жеріне жауды тереңдей енгізіп, шатқалға апарып талқандау үшін, өз жауынгерлеріне жылдам кері шегінуге бұйрық берді. Жеңіске масаттанған парсылар сақтардың соңынан қуып берді де, сақ-тар алдын ала ойлағандай шатқалға жетіп, парсылар құрылған қақпанға тап болды.

Осы шатқалда парсылар түп-түқиянымен талқандалды, Кир патша өлтірілді. Юстиннің айтуынша, осы ұрыста сақтар 200 мың парсыны құртып жіберген. Бұл сан үлғайтылып көрсетілген, шындығында, бірнеше ондаған мың парсы қүртылған. Өйткені, олар (парсылар) үнемі, үздіксіз соғысып отырғандыкган, өз тайпаларының есебінен жауынгерлер саны толықтырылып отырса да, тек ондаған мыңға жеткенін, алай-да 200 мың болмағандығын байкауға болады.

Соғыс ісін жүргізуде, атап айтқанда, жаппай соғысқа кірісуде де, жеке-жеке шабуыл жасауда да сақ соғыс өнерінің өзіндік ерекшеліктері болды. Сақ стратегиясы соғыста күшті дұрыс бағалай білуімен, оны өз пайдасына өзгерте алуымен сипатталады. Жаудың күші сан жағынан басым түскен жағдайда сақтар соғысқа кіріспей, әдейі өз жерінің ішіне қарай шегініп отырды. Жау күші әлсіреген жағдайда, шегінер жо-лын кесіп, оларды қоршап алып, қүртып жіберуге тырысты. Осылайша, сақтар соғыс барысында күшті өз пайдасына бұруда бірінші болып стратегиялық шегініс жасау әдісін қолданды.

Сақтардың соғыс жүргізу әдісінің де өзіндік ерекшелігі болды. Сақтар әскерді өзара келісімге келіп отыратын екі топка бөлді: бірінші отряд соғысқан жауға қарсы майданға шыққанда, екіншісі жау тылында немесе жау шегінген жағ-дайда соққы беруге дайын тұрды.

Сақтар бұл әдісті ескі грек-рим авторлары атаған "кіші соғыстарда" кеңінен пайдаланды. Олар кедергілер жасады, алдап түсірді, күндіз де, түнде де тұтқиылдан шабуыл жасап, тез жоқ боп кетіп отырды. Күтпеген ұсақ шабуылдармен жау әскерлерін үнемі үрейлендірді, алайда өздері ешқашан ұстат-пады.

Сакгардың соғыс өнеріне сипаттама бере отырып, Геродот былай деп жазды: "Олардың жеріне басып кірген жаудың еш-қайсысы қашып құтыла алмайды. Егер олар ашык соғысуды өздері қаламаса, ешкім оларды қуып жете де алмайды, себебі оларда қала да, бекініс те жоқ. Алайда олар өз баспаналарын өздерімен бірге ала журеді өрі олардың барлығы да ат үстінде садакты жақсы ататын мергендер. Азықты олар жерден емес, мал өсіруден табады. Осындай жағдайда олар қалай жеңімпаз болмасын".

Геродот олардың қыс айларында мұз үстінде де шабуыл жасағандығын айтады. Ертедегі авторлар сақтардың тарихи рөлін жақсы түсінген.

Юстин скиф қаһармандығының ұлылығы мен маңызды-лығына жете мән бере отырып, "сақ тарихының даңқы олар-дың әміршілдігінен де жоғары тұрды" деген баға берді.

Демек, түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқы-ның әскери тарихын, оның ежелгі мәдениетін зерттегенде, жоғарыдағы сүбелі арналарға соқпауға болмайды.

Қорыта келгенде, сақтар одағы өздері мекендеген жерінде б.з.д. II ғасырға дейін өмір сүрді. Содан соң сақ тайпалары-ның одағы ыдырап, бүгінгі түркі тектес басқа тайпаларға сіңісіп кетті.

§ 3. САҚТАРДЫҢ АЛЕКСАНДР МАКЕДОНСКИЙМЕН СОҒЫСЫ (б.З.Д. 330-328 ЖЖ.)

Арриан, Курций Квинт және Геродот еңбектерінде сақтардың Александр Македонский армиясымен екі жыл бойы соғыс жүргізгендігін баяндайды. Александр Македонский сақтарды соғыста тізе бүктіре алмады. Енді сол сақтардың Александр Македонскиймен жүргізген соғыстарының шешуші кезендеріне тоқгалайық.

Үш жарым жыл ішінде македондықгар парсы флотын талқандап, Эгей мен Жерорта теңізіне орнығып алды. Йарсылардың саяси-экономикалық орталығы Вавилон қаласын жаулап алды. Осы уақыт ішінде македон жауынгерлері сегіз мың ша-қырымнан астам қашықтықты басып өтті. Парсы патшалығы талқандалды, дегенмен өздерінің жеңісін баянды ету үшін ма-кедондықтарға Бактрия, Соғдиана және Хорезмді баганды-руға тура келді. Бұл далаларда көшпелі сақ-массагет тайпалары мекендеді. Бактрия мен Соғдиана аса маңызды сауда жо-лында тұрды. Шығысқа үстемдік ету үшін македондықтарға міндетті түрде осы аймақты бағындыруға тура келді. Бұл мақ-сатты жүзеге асыру үшін македондықтар тағы да үш жарым жыл уақыт кетірді.

Б.з.д. 330 жылы көктемде Македон әскерлері Әкбатанға қарай жылжып, 15 күннің ішінде мың шақырым жерді басып өтті де, Дарийдің соңғы байлығын басып алды. Македон атты әскері мен жеңіл қаруланған жаяу әскері парсы әскерлерін одан әрі қарай қуды. Көп ұзамай Дарийдің өлтірілгені белгілі болды. Содан соң македондықтар Соғдианаға — сақтарға ба-сып кіріп, бостандық сүйгіш тайпалармен екі жылға созылған соғыс жүргізді.

Соғыстың бірінші кезеңінде - б.з.д. 329 ж. Македон жауынгерлері Окс езенінен өтті де, Мараканд (Самарқанд) қала-сын басып алда. Бұдан кейін македондықтар Яқсарт өзеніне жетіп, аса мықты қамал-қала - соңғы Александрия (Ход-жент) қаласын салды. Алайда Соғдианада орнығу үшін тағы да екі жыл соғысуға тура келді.

Македон басқыншыларымен күресті Соғдиананың әскер басы Спитамен басқарды. Ол сақ тайпаларымен одақ құрды. Жергілікті халық көтеріліске шығып, Яқсарт өзені аңғарындағы жеті қаладағы Македон гарнизондарын жойып жіберді. Спитамен басқарған жасақ Мараканд қаласындағы Македон гарнизонын қоршауға алды. Македон әскері киын жағдайда қалды. Олар, дегенмен, жанталаса отырып, көтеріліске шық-қан жеті қаланы да қайта қайтарып алды, бірақ Спитамен әскеріне қарсы тұруға мүмкіндігі болмады. Себебі Яқсарт өзенінің оң жағында тұрған сақтардың үлкен күші өзен арқылы Македон армиясын атқылады. Сақтар Александрға сөз салды: "Сен, Александр, сақтармен соғысамын деп өрескелдікке барма, егер сенің оларға шабуыл жасауға баты-лың барған болса, олардын азияттық тағылардан (варварлар-дан) өзгеше екенін байқаған болар едің'.



Македондықтар өзен арқылы тас ататын машиналарын құрып, сақтарды атқылай бастады. Атқылау кезінде садақщы-лар мен мергендер (сакданшылар) өзеннек өтіп, сақтардың алдыңғы отрядтарын кейін шегіндірді және фаланг (ұзын найзалы әскерлер) мен атты әскердің өзеннен өтуіне жағдай жасады. Сөйтіп, шайқас Яқсарт өзенінің оң жағына ауысты.

Шайқастың бірінші кезеңін македондықтардың алдыңғы отряды бастады. Сақтарға қарсы одақтас атты әскер отряды жіберілді. Сақтар бұл шабуыдцы тойтарып, оларды қоршап алып, жебемен атқылады. Атты әскерге көмекке жеңіл қару-ланған жаяу әскер жіберілді. Енді сақтар шегінді, алайда жау-ды көзден таса қылған жоқ.

Екінші кезең — негізгі күштің ұрысы және саҚтардың шегінуі.

Аддыңғы жасаққа көмекке үш шағын топпен атш мергендер жіберілді. Алайда сақгар македондыктар шабуылын тойтарып тастады. Сонда Александр өзінің атш әскерінің бәрін де соғысқа кірістірді де, сақтарды шегіндіріп, соңынан түсті. Аррианның айтуынша, сақтарды аптап ыстық, шөл және Александрды ауыртқан лай су құтқарды. Ұлы қолбасылардың жеңіліс-терін табиғиқиыншылықтарға аудару — ежелгі және



- Б.З.Д. 329 ж. Яқсарт өзені бойындағы шайкас

қазіргі тарихшылардың әдеті. Шындығында, Кирдің түбіне жеткен қайғылы оқиғаны еске алған Александр сақтардың жеріне теревдеп ену-ге бата алмады, Македон армиясына қарсы сақтардың әскери қимылы өз әскерін жеке-жеке талқандалудан сақтай отырып, дұшпанға қарсы күшті бірте-бірте топтастырып, күшейтуімен сипатталады. Шайқасып жатқан отрядтар бір-бірімен тығыз байланыста бодцы және өзара тактикалық қимыл бірлестігін сақтады. Сақтардың артынан түсуді тоқтату, Арриан айтқан-дай, сақтарды талқандалудан сақтаған жоқ, керісінше, сақтар-дың македондықтарды өз жеріне терендете енгізіп алып, талқ-андауынан сақтап қалды.

Осыдан кейін Македон басқыншылары негізгі күштерін Мараканда тұрған Спитамен басқарған жауынгерлерге қарсы жұмсады. Бірақ Спитамен жағдайды дұрыс сарапқа салды да, шайқасқа түспей, Мараканды тастап, тез шегініп, сақ әскерлеріне барып қосылды. Оның соңынан күшті Македон отряды қуғындады. Сақтармен бірігіп алған Спитамен әскері македондықтарға шабуыл жасай бастады, бірақ ұлкен шай-қасқа түскен жоқ. Бұл македондықтарды кейін шегінуге мөжбүр етті. Жау садақшыларының қаупін сейілту үшін Ма-кедон отряды Политамет (Зеравшан) бойындағьі орманға тоқ-тады да, сол жерде шайқасқа түсті.

Политамет өзені бойывдағы шайқастың бірінші кезеңі — Спитамен жасағының македондықтардың өзеннен өтуіне бөгет жасауы. Македондықтардың атты әскерінің бір командирі қолбасыларының рұқсатынсыз өзеннен өте баста-ды. Оның соңынан жаяу әскер бей-берекет қозғалды. Спита-мен садақшылары мен сақ мергендері өзеннен өтпекші бол ғандарды жебенің астынан алды. Мұнымен қоса сақ атты әскерлері өзенге түсіп, өзендегі бір аралға шыққысы келген жау әскеріне шабуыл жасады.



Соғыстың екінші кезеңі -Аралдағы македондықтар-ды қоршау жөне құртып жіберу. Спитамен мен сақ жасақтары македондықтар-ды, негізінен, жебенің асты-на адды. Македондықтардың бір бөлігі сақ тосқауылына тап болды жөне барлық Македон әскер басшылары оққа әскер мен 300-дей жаяу әскер ғана қашып құтылды.


Б.З.Д. 329 ж. Политамет езені бойындағы шайқас.
Сөйтіп, Спитамен мен сақтардын атты әскері өздерінің соңына түскен аса қуатгы Македон жасағын шешуші шайқасқа түспей-ақ, алдап шегіну арқылы тосқауылға түеіріп, соңынан құртып жіберді. Македондықтардың тағы бір үлкен күші үш күнде екі жүз сексен.шақырым жол жүріп, көмекке жеткен-мен, бәрібір кешігіп қалды. Өздерінің шығынға ұшыраған жауынгерлерін жерлегеннен кейін Александр Спитамен мен сақтардың соңына түсті, бірақ тағы да сак даласына ішкерілей енуге бата алмады да, Бактрияға келіп, осы жерде қыстап шықты. Осында оған жаңа күштер келіп қосыдцы. Сөйтіп, б.з.д. 329 жылғы жазғы шайқастағы шығынның орны толты-рылды. Македон армиясы қыс бойы жаңа шайқастарға дайын-далды. Мұнымен қоса Бактрия мен Соғдианадағы халық көтерілістерімен шайқасты жалғастырды. Бұл мезгілде жергілікті көтерілісшілердің шайқас тәсілдері езгеріп, олар қолға түспейтін жерлерге тығылып қалды. Бірақ македондық-тар негізгі жерлерге қамалдар салып, онда үлкен гарнизондар ұстады. Әскери өнер тұрғысынан алғанда, қамалдардың тұрғызылу әдісі былай бодцы: мысалы, Маргиана қаласы ма-ңында алты "қалалық" қорған тұрғызылды, екеуі оңтүстікке қаратылып салынды, төртеуі шығысқа қаратылды, бір-біріне көмектесу үшін олар бір-біріне жақын аралықта орналасты".

Сөйтіп, жеке корғандар салу үшін үлкен қаланы күшейтіп, үлкен гарнизон үстау тиімді больш шықты. Қазіргі қазақтар, өзбектер және тәжіктердің арғы аталарынын Спи-тамен сияқты талантты көсем басшылығымен жүргізген шай-қастары македондықтарды Бактрия мен Соғдиананы бағын-дыру үшін көп уақыт жұмсауға мәжбүр етті. Бірақ бағындыра алмады. Тек б.з.д. 327 жылы Македон армиясы Үндістанға жорық бастады.

Біздің еліміз аумағында тұрған жауынгер, бостандық сүйгіш халықтармен соғысу македондықтарға парсылармен соғысудан гөрі анағұрлым көп күш жүмсауды талап етті. Бірақ солай бола тұра, Македон армиясы Бактрия мен Соғдианадағы негізгі сауда жолдарында орнығып қалды. Олардың бұл жеңіске қол жеткізуіне себепші болған жергілікті ақсүйектердің сатқындығы және Спитамен армиясына одақ-тас болған тайпалардың кемегінің әлсіздігі еді. Македондық-тар жеңіске жеткенмен, аса зор шығынға ұшырады. Алексан-дрдың өзі де бірнеше рет жараланды.

Сақтар кейіннен Александр Македонский армиясында қызмет етті. Сақгардың замандастары олардың әскери өнерін жогары бағалады. Мысалы, Александр Македонский жағында сақтардың атты өскері болған. Аррианның "Анабазис Александра" кітабынан мәлім болғанындай, Александрдың бойшаң жауынгерлерінің өзі сақ жауынгерлерінің иығына өрең жетеді. Сақтар империяның ең шалғай өңірлерінде де қыз-мет етеді. Олар тіпті Египетте, Мемфисте болады. Бұл жер-лерден сақ атты өскерлерінің қобдишалары табылған. Ал Кархемыштың маңында парсы гарнизонынан шыққан сақ жауынгерлерінің кабірлері табылып отыр. Сақтар сонымен қатар Марафон әскерлерінің бетке ұстары болған. Олардың ерлігі аңызға айналған. Ал Платей соғысында ер жүректік көрсеткен сақтың атты әскері болды. Сақ жауынгерлерінің қолдан жасалған жебелері бүкіл Алдыңғы Азия мен Грецияда ұшырасады.


2 тарау

ХҰН, ТҮРІК ИМПЕРИЯЛАРЫ. ОЛАРДЬЩ ӘСКЕРИ ҚҰРЫЛЫМЫ, СОҒЫС ӨНЕРІ ЖӘНЕ ЖОРЫҚ ЖОЛДАРЫ

(б.з.д. III ғ. - VIII ғ.)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет