Қазақстанның Әскери тарихы


§2. ШЫҢҒЫС ХАН ӘСКЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМЫ МЕН САНЫ



бет3/8
Дата31.01.2018
өлшемі3,06 Mb.
#37169
1   2   3   4   5   6   7   8
§2. ШЫҢҒЫС ХАН ӘСКЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМЫ МЕН САНЫ

Шыңғыс хан әскерінде монғолдар — қара татарлар аз бол-ды, көпшілік отрядтар бағындырылған халықтар арасынан құрылды. Жоғарыда көрсетілгендей, Шыңғыс ханның айту-ынша, алғашында оған 13 мың қара татар отбасы (үйі) бағы-нып, мың адам жинап берген болатын. Кейіннен 20 жылдың ішінде монғолдар жеті жүз жиырма елді өзіне бағындырды. Солардың көпшілігі түрік тайпалары — найман, қоңырат, ұйғыр т.б. Монғол әскерінің саны бір жүз мыңнан асып түсті.

Монголдардың күші жөніндегі неғұрлым нақты деректерді XIV ғасырдың бас кезінде өмір сүрген парсы тарихшысы Рашид ад-Дин қаддырған. Ол Иранды билеген хулагидтердің уәзірі болды да, бізге жетпеген монғол мәліметтерін пайдаланды. Ол Иран хандарының қазынасында сақталған "Алтын дафтар" ("Алтын дәптер") деректеріне сүйенеді. Оның мөліметі бойын-ша, Шыңғькхханның өлер алдында (1227 ж.) 129 мың жауынгері болған1. Бұл цифр 1240 жылы шыққан монғол эпосына қосымша дәлелденеді. Онда 1206 жылы Шыңғыс ханның 95 мың әскері болды деп көрсетілген2. Бұл мәліметтер күмән келтірмейді, өйткені екеуінде әр мындықтар мыңбасының атымен қоса берілген. Ол туралы монғолдың "Құпия шежіресінің" 202, 203-тармақтарында: "Ел-жұртты ұйымдастырысқан ежелгі ер дос-тарды туыс-ноен етіп, қажымай күш жұмсаған қайырымды жолдастарды мындық ноены болғызып, уәлі сөзімді айтайын" деп жарлық етеді. Мындық ноендарын тағайындаған өмірі:

1. Меңлік атай. 2. Боорчи. 3. Мухулай Гоуан. 4. Илугай. 6. Жорчидай. 7. Хунан. 8. Хубилай. 9. Зэлмэ. 10. Тугэ. 11. Дэгэй. 12. Толун. 13. Үнгур.. 14. Чулгэдэй. 15. Борохул. 16. Шигиху-туг. 17. Хучу. 18. Хөхөчу. 19. Хоргасун. 20. Усун. 21. Хуйлдар. 22. Шилугөй. 23. Жидай. 24. Тахай. 25. Цагаан гуа. 26. Алаг. 27. Сорхон-шара. 28. Булуган. 29. Харачар. 30. Хөхөчес. 31. Сүйхэту. 32. Ная. 33. Жунсу. 34. Хучхур. 35. Бала. 36. Оранар-тай. 37. Дайр. 38. Мугэ. 39. Бужир. 40. Мүнгүүр. 41. Долоо-дой. 42. Бөрөн. 43. Худус. 44. Марал. 45. Жибгэ. 46. Юрүхан. 47. Хөхө. 48. Зэвэ. 49. Удутай. 50. Бала-Чэрби. 51. Хэтэ. 52. Сүбээдэй. 53. Мөнх. 54. Халжа. 55. Хурчахус. 56. Гэуги. 57. Бадай. 58. Хишилиг. 59. Хэтэй. 60. Чаурхай. 61. Хкнгиран. 62. Тогоон-төмөр. 63. Мэгэту. 64. Хадаан. 65. Мороха. 66. До-рибөхө. 67. Идухадай. 68. Ширахул. 69. Дауна. 70. Дамачи. 71. Хауран. 72. Алчи..73. Тобсаха. 74. Тунхуйдай. 75. Тобуха. 76. Ажинай. 77. Түйдхэр. 78. Сачуур. 79. Жидэр. 80. Олар күйеу. 81. Хингиадай бұқа күйеу. 82. Хурил. 83. Ашиң күйеу. 84. Ха-лай күйеу. 85. Чигу күйеу. 86, 87, 88. Алчи күйеу, үш мың ' қоңырат. 89, 90. Буту күйеу, мың ихирэс. 91,92,93, 94, 95. Он-гуудтық Алхушдигит хури күйеу, бес .мыңдық онгууд, орман жұртының сыртында,'Монғолдың мындық ноендарын Чингис хаған тағайындағанда мындық ноендар 95 кісі болды.

203. Чингис хаган күйеулерімен қоса осы 95 мындық ноенды тағайындады.

Плано Карпинидің айтуынша, монғол армиясының 2/3 бөлігі Шыңғыс ханға бағынған халықтардың ер-азаматтары болған2. Шамамен Шыңғыс хан армиясында 129 мың адам бо-лады. Бұл әскер Шыңғыс ханның ұлдары мен немерелеріне мұра болып қалды, оньщ ішінде оның басым бөлігі (101 мың адам) кіші ұлы Төленің иелігінде қалдырылды. 1236 жылы ба-сталған Батыс жорығына Шың^ыстың 13 үрпағы қатысты, олар барлық төрт ұлыстан келді.^Каргаловтың есебі бойынша, оған қосымша Рашид-ад-Диннің есебі бойынша, бұл хандар-дың 40—45 мың адамы бблған3, оньщ ішінде 20—25 мыңы Тәленің ұлысынан. Бұған қоса қытай тарихшысы Юань-шидің айтуынша, қолбасы Сүбедей 1224 жылы Руське жаса-ған жорықтан қайтқаннан кейін "меркіттерден, наймандар-дан, керейлерден, хангиндер (қаңлылар) мен қыпшақтардан ерекше корпус құруды ұсынып, бұл ұсынысын Шыңғыс хан мақұлдаған5.

Шыңғыс ханның жорығына бағындырған немесе өз еркімен бағынған халыктар да қатысты. Мысалы, Қытайды, Тибетті жаулап алуға 30 мындық ұйғыр отряды қатысты, бірақ біз тұтастай бір халықгың Шыңғыс хан жорығына қатысқаны туралы мысал білмейміз.

Сонымен, түріктер Шыңғыс ханның негізгі әскерінің бір бөлігі болған. Бұған қоса бағындырылған елдерден қосымша жасақтар құрылған. Бұл пікірді Юань-шидің деректері де жоққа шығармайды, Сүбедейдің жасағына алынған меркіт, керей, наймандар жергілікті түріктер болған. Бағынған ха-лықтар монғол армиясын толықтырып отырған. Соғыс кезінде қолға түскен тұтқындар мен бейбіт тұрғымдарды мон-ғолдар'өздерінің алдарына салып, шайқасқа кіргізіп отырған. Бұған қоса вассалдар мен одақтастар әскері де пайдаланыл-ған. Бұл тактиканы Қытай мен Русьтегі, Кіші Азия мен Германиядағы шайқастар женінде жазылған деректер растап отыр.

Шыңғыс хан әскерінің ұлттык құрамы мен санын айтқан-да, армияның басшысы Шыңғыс хан туралы Б.Я.Владимирцев айткан мына бір қорытындыны оқушының есіне салмақпыз: "Чингиз хан никогда не обнаруживал какой-то особой жесто-кости и кровожадности". Мұны В.В.Бартольд та растайды: "Шыңғыс хан қандай да ерекше қаталдық пен қаныпезерлік көрсетпеген. Ол үнемі өз бойынан мәңгілік көк аспанның қорғауын сезінген; "мәңгі аспан" алдында жан-дүниесінің тазалығымен көрінуге" тырысқан.

Қорыта келгенде, Монғол империясының құрылуы дүние жүзі тарихындағы бірден-бір оқиға болды. Монғол халқының өзіне бұл жаулап алушылықтың түкке қажеті болмады және ол одан ешқаңдай пайдалы нәтиже шығармады.

Монғолдардың 129 мың әскерінің 101 мыңы Монғолияға оралды. Жаулап алған еддерде қалған 28 мың монғол өз ұлты-ның қасиетін тез жоғалтты.

Монғол жаулап алушылары монғолдар тағдырына қара-ғанда түріктер тағдырына үлкен әсерін тигізді. Батыстан Монғолияға қарай монғолдар қүрған мемлекеттің тілі бірте-бірте түрікше бола бастады5.

Шыңғыс хан әулетінің қол астында үш ұлы мемлекет болды: Орта Азия, Оңтүстік Ресей және Парсы. Барлық монғол елінде түрік элементінің күшеюі байқалды.

Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ұрпақтары билеген Оңтүстік Ресейде немесе Алтын Ордада ертеде түріктендірілген монғолдар жүрді. Монғол хандары өзбек және ноғай хандарының атымен түрік хандықтарын құрды. Монғол империясының бұл бөлігінде ислам діні бекіді.


3. МОНҒОЛ МЕМЛЕКЕТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШІ

Монғол тайпаларының коғамдық даму ерекшелігіне қарай, монғол соғыс өнерінің өзіндіқ сипаты болды.

Монғол тайпалары екі үлкен топқа жіктелді: орман тайпа-лары немесе аншылар, дала тайпалары немесе мал өсірушілер. Аңшылар Байкал көлі жағалауында, Енисейдің жоғарғы жағы мен Ертіс бойында өмір сүрсе, малшы монғол-дар Байқалдың онтүстігіндегі таулы жайылымдардан Алтай тауының батыс сілемдеріне дейінгі аралықтағы жазық дала-ларда көшіп жүрді. Малшы-көшпенді тайпалардың саны мол болды, олар орта ғасыр тарихында маңызды рөл атқарды. Мо-нғолдың "асыл сөздерінде" олар өздерін "киіз үйдегілер ұрпағы" деп атады.

ХІ-ХІІІ ғасырларда монғолдардың негізгі кәсібі аңшылық пен мал шаруашылығы болды. "Олардың малы өте көп: түйе, сиыр, кой, ешкі және жылқы. Олардың малының көптігі сонша, біздің ойымызша, ондай мал бүкіл әлемце жоқ", - деп жазды Плано Карпини 1246 жылы монғолдарға барғаннан кейін.

Кейбір деректер бойынша, Монғолия жерінде алты мың жылдай бұрын, алғаш рет жылқы қолға үйретілген, жылқы үйірлері монғолдардың басты байлығы болып есептелді. Жылқы өте жоғары бағаланды, себебі далада жылқысыз іс бітіру мүмкін емес еді. "Кім аттан жығылса, — деді Шыңғыс хан, — ол қайтып шайқасқа кіре алмайды. Тіпті тұрып кет-кен күннің өзінде, жаяу жүріп атты әскерді қалай жең-бекші?"

Кешпенді малшылар атты әскердің негізгі базасы болды. Монғолдардың әскери күші жылқы санымен анықталды. Негізгі міндеттері жылқыны аман сақтау болып табылады.

XI—XIII ғасырларда монғолдар күрендермен-рулармен не-месе ауылмен көшіп жүрді. Күрен—монғолдардың рулық не-месе тайпалық одағы. "Күреннің мәні, — деп жазады ежелгі бір автор, - айналмалы дөңгелек болуында. Ежелгі уақытта белгілі бір тайпа бір жерге қоныстанғанда, дөңгелене орнала-сатын болған, олардың ақсақалдары осы дөңгелектің орта тұсын мекендеген. Осыны олар күрен деп атаған. Қазіргі уақытта жау әскері жақындаған кезде олар бөтендерді арасы-на енгізбеу үшін осылай қоныстанады"3. Күренде бірнеше жүзден бірнеше мыңға дейін киіз үй болды. Жайылым мен аң аулайтын орын бәріне ортақ болды. Рулық қоғамның ыдырауына байла-нысты жеке белініп көшіп шыккан-дар пайда бола бастады. Олар "айыл" деп атадцы.

Басқа халықтардағы сияқты монғолдарда да өз қолдарына байлық жи-налған ақсүйектер пайда болды. Ақсүйектердін көп малы, жақсы жа-йылымы болды. Соғыста қолға түскен олжаның басым бәлігі ру басының, әскери көсемнің, ханның пайдасына қалдырылып отырды. Соғыс тұтқын-дары құлға айналдырылды. рулык құрылыс негізінде әскери демократия ұйымдары құрылды: тайпа мен рудың халық жиналыстары, ноян (әскер басы), құрылтай (тайпалық ақсүйек-тер жиналыстары).



Ноянның нөкерлерден тұратын жасағы болды. Некер дегеніміз - әрқашан соғысқа дайын жауынгер. Нөкерлер жасағының шығуы хандық биліктің құрылуына алып келді, сөйтіц, көшпенділердің еркіндігі шектелді. Некерлер жасағы өз тайпасының әскери күшінің негізі болды, әрі әскери мектеп болып табылды. Осында әскери қолбасылар іріктеліп шықты. Қоғам дамуы нәтижесінде, нояндар билігі хандық билікке ауысты. Жақсы жер, мал, жайылым, құлды көбейту үшін бір-бірімен соғысып отырды. Монғоддарды біріктіріп, тайпалық соғыстарды тоқтату үшін, барлық тайпаларды бір орталыққа бағывдыратын хан керек болды. Мұвдай хан Тему-чин болды (1154—1227). Керей, найман жөне бірнеше татар хандарын жеңгеннен кейін, Темучин 1206 ж. құрылтай (хан кеңесі) шақырды.

Құрылтайда оған Шыңғыс хан (күштілердің әміршісі) деген ат берілді, яғни ол барлық монғол тайпаларының ханы болды. Орталық мемлекетгік билік күшейтілді. Шыңғыс хан барлық тайпалардың басшысына айналды. Ол тайпалар белгілі бір аумақты иеленді және өздері жаулап алған жерлерінен салык жинап күн көрді. Сөйтіп, малшы-көшпенді монғол мемлекеті құрылды.

Монғол мемлекетінің негізгі халқы басы бос көшпенді малшылар болды. Шыңғыс хан монғолдарды құл қылуға тыйым салды, соғыс тұтқындарын ғана құл етуге рұқсат етілді.

XIII ғасырда монғол мемлекеті ежелгі түрік мемлекетіне ұқсас болды. Орталық монғол мемлекетінің шығуы монғол тайпаларында феодалдық қатынастардың дамуына алып келді. Бұл кезенде монғолдарда әлі феодалдық құрылыс пен крепост-нойлық басыбайлылық бірден қалыптасқан жоқ. Монғолдарда рулық қоғамның сарқыншағы сақтадды. Мұның өзі олардың соғыс кезінде күшеюіне себін тигізді.

Тайпалық және рулық ақсүйектерге сүйенген Шыңғыс хан әскерінің негізін монғол ақсүйектері қүрады. Бағындырғ-ан жерлерінде монғол гарнизондары тұрды. Жергілікті халықпен ассимиляцияға ұшырамау үшін белгілі бір уақыттан кейін гарнизондар ауысхырылып отырды. Сауданың дамуы үшін және әскери бағытта, яғни әскери мақсатта жолдар салынды. Аралық станцияларды жалғастырып отыратын ұшкыр почта қүрыдцы. Мәліметтер мен бұйрықтар күніне алты жүз шақырымдық жылдамдықпен, атты эстафета арқылы жеткізіліп тұрды.

Сауданың дамуы үшін, Щыңғыс ханның сөзімен айтқанда, алтынды кез келгең жерде, ешқандай тонаудан қорықпай-ақ, қарапайым ыдыс сияқты алып жүруге мүмкіндік туғызылды. Байлар мен ақсүйектердің қүқығы хан үкімімен шектеліп отырды. Айыпталушылар жазаға тартылды.

Монғол мемлекетінің ішкі саяси жағдайы күшейтілді және соғыстар жүргізу үшін үнемі жауынгерлер саны артты-рылып отырды. Шыңғыс ханның айтуынша, алғашында оған он үш мың отбасы бағынған. Жиырма жылдың ішінде мон-ғолдар жеті жүз жиырма елді өзіне бағындырды. Солардың көпшілігі түріктер, наймаң, керей және қоңырат. Монғол әскерінің саны бір жүз отыз мың адамға жетті. Монғолдар тез арада өздеріне Азияның негізгі бөлігін бағындырды. Мо-нғолдар басып алған аумақ Маньчжуриядан Ертіске дейін, Байкалдан Танғұт империясына дейін созылды. Кейіннен бүкіл Азия бағындырылды. Монғол көшпенділері өздерін ор-тақ атпен "татал" деп атады. Осыдан монғол тайпаларының орысша атауы - "татар" сөзі шықты. Әскерде қолына қару ұстай алатын барлық монғол қызмет етуге міндетті болды. Бұл жеңіл қаруланған шығыс көшпенділерінің атты әскері болды.

Нөкер жасағының негізінде, ақсүйектер мен мықты жа-уынгерлерден арнайы гвардия құрылды. Бұл гвардия барлық монғол тайпаларының үстінен бақылау орнатты. Шыңғыс ханның айтуынша, алғашында гвардия түнгі күзеттегі 80 жа-уынгер мен арнайы күзеттегі 70 жауынгерден түрды. Кейін оның бұйрығы бойынша, барлық мыңдықтардан іріктеліп алынған жауынгерлерден "ауыспалы гвардия" жасақталды. Шыңғыс хан былай бұйырды: "ауыспалы гвардияға барлық ноян, мыңбасы, жүзбасылардын және ақсүйектердің балалары тартылсын. Ноян балалары өздерімен бірге он жолдасын және бір кіші бауырын, жүзбасылардың балалары бес жолдасы мен бір кіші бауырын, ал онбасылардың балалары үш жолдасы мен бір кіші бауырын ертіп келуге міндетті. Олардьщ барлығы өздерімен бірге әскерге қажетті заттарды ала келуі тиіс". Осы есеппен "ауыспалы гвардия" сарбаздарының саны он мьщға жеткі.



"Менің ұрпақтарымның ұрпақтары, - деді Шыңғыс хан, -менің орнымды басқан кезде мені еске ала отырып, осы мың-дықты сақтап қалуға тиіс"2.

Әскер жасақтау кезінде әрбір он үйден, қажеттілік бойынша, бір немесе үш жауынгер шығуы тиіс болды, әрі олар өздерін-өздері азықпен қамтамасыз етуге міндетті болды. Бейбіт уақыт кезінде қару-жарақ арнайы орындарда сақталды. Ол мемлекет меншігі болып есептелді. Жорыққа шығар алдында жауынгерлерге үлестіріліп берілді. Жорықтан қайтқанда өр жауынгер өз қаруын қайта өткізуге міндетті болды. Жауынгерлер жалақы алған жоқ, қайта өздері мал санына карай, салық төлеп отырды (әрбір жүз бастан бір бас).

Соғыс кезінде тускен олжадан әр жауынгерге бірдей үлес таратылды. Олжаньщ бір бөлігі ханға апарылуға тиіс болды. Жорык арасында жауынгерлер қоғамдық жұмыстарға тартылды. Аптасына бір күн олар ханға қьізмет жасауға міндетті болды.

Әскер ондыққа, жүздікке, мыңдыққа, он мьщдыққа (түмен) бөлінді. Оларды онбасы, жүзбасы, мыңбасы, ноян ба-скарды. Басшылар арнайы шатырлар, қосымша қару-жарақ, жылқы қорын ұстады. Шыңғыс хан қолбасыларды бейімділігіне қарай іріктеді: ақылдылар мен батылдарға әскер басқартты, шаруаға бейімділерге әскери жүк керуендері мен малды тапсырды.

Негізгі өскері атты әскер болды. Олар ауыр қару-жа-рақты жөне жеңіл қару-жарақты болып бөлінді. Ауыр қару-жарақты атты әскер жаудың негізгі күшімен шайқасты. Ал жеңіл қару-жарақты атты әскер күзет және барлау кызметтерін атқарды. Олар шайқас кезінде жауды жебенің астына алды. Монғолдар ат үстінен садақ тартудың шебері болды. Жеңіл қару-жарақты атты әскер жаудың соңына түскенде үлкен рөл атқарды. Атты әскер қосымша көп жыл-кы үстады, мұның өзі олардың ұзақ қашықтыққа тез жетуіне көмектесті. Монғол әскерінің негізгі ерекшелігі арбалы жүк үстамауында болды. Тек хан мен аса жоғары дәрежелі ақсүйектер ғана арбаны пайдаланды. Монғолдар-дың негізгі қару-жарағы садақ болды, ол ерекше бояумен боялды. Бұл бояу садақты дымқылданудан және қаңсып қалудан сақтады. Әрбір жауынгер бірнеше садақ және жебе салынған қорамсақ ұстады. Бұған қосымша ұшы темір най-засы болды. Онымен жауды аттан құлатты. Қисық қылышы, темірмен айқышталған бас киімі болды, ұзын сүңгі ұстады. Бұған қосымша жауынгерлер ұзын арқан ұстады, оны соғы-ста және аң аулағанда пайдаланды. Кейбір жауынгерлер бұған қосымша арбалет (садақ сияқты ату құралы) ұстады. Қорғаныс қүралдары өгіз терісінен жасалды. Бұл айтылған-Дар, негізінен, жеңіл қаруланған сарбаздардың қаруы. Әрбір жауынгердің жебе ұшын шығаратын егеуі, бізі, ине-жібі, ұн елейтін елеуіші, су сүзіп тазартатын сүзгісі болды. Атты әскер кішігірім шатыр үстады, екі торсығы болды, біріне су, екіншісіне езілген күрт, айран құйып алды. Азық-түлігі мүлдем таусылып қалған жағдайда монғолдар аттың қанын ағызып ішті. Сөйтіп олар он шақты күнге дейін аштыққа шыдай білді.

Монғол әскері үш бөлімнен тұрды: оң қанат, сол қанат, орта-лық. Әрбір бөлімнің өз алдына шебі болды. Мұнымен қоса, жалпы алдыңғы шеп және ре-зерв болды. Әскери тәртіп өте мықты болды.



XIII ғ. басындағы монғол жасагынын кұрылымы.

Соғыс жауға алдын ала барлау жүргізіліп барып басталады. Бұған қосымша азық-түлік базасы құрылды, жауды адастыру шаралары да қарастырылды. Көп тарихшылар мон-ғолдар шабуылы бей-берекет жүргізілді деп жазады. Шындығында, монғолдар өз жауларына алдын ала барлау жасап, зерттеп алып, белгілі тәртіппен соғыс ісін жүргізіп отырған.

Жорық, негізінен, шөбі қалың құнарлы аймақтарға бағыш-талған. Мұның өзі қосымша жылқыларды асырауға мүмкіндік берген. Жорық кезінде барлаумен қоса күзет кызметі де жақ-сы жолға қойылған. Барлаушылар — жеңіл атты әскерлер, негізгі күштен екі күншілік жерде жүріп отырған. Басшыларға өз қол астындағыларға дұрыс қарау тапсырылып отырды. Өзендерден атты әскер аттарымен жүзіп етсе, жаяу әскер салмен өткен. Монғолдың жеңіл атты әскері шайқас кезінде рыцарлық ауыр атты әскерге қарағанда пайдалырақ болды. Монғолдар жауды негізгі күшінен бөліп алып, жеке-жеке тал-қандауға ұмтыдды. Тосқауыл қою, күтпеген жерден шабуыл жасау, жауды шегінген боп алдап, кенеттен шабуылға шығу -олардың негізгі соғыс тәсілдері болды. Монғолдар ұрыс дала-сында жылдам қимылдады. Олар жауды екі жактап тылына шығып алып қоршап, құртып жіберіп отырды. Жебенің асты-на ала отырып, бетпе-бет соғыста жойып жіберді. Жау талқ-андалған жағдайда соңынан қуды. Монголдар шайкас даласын-да ете тапқыр бодды. Солтүстік Индияға басып кіргенде, әске-ри пілдер монғолдарды жеңіліске ұшыратты. Алайда соғыс-тың екінші күні олар пілге қарсы, басына от жағылған жебені пайдалануды ойлап тапты, сөйтіп, жеңіске жол ашты.



Әскерді басқару жақсы жолға койылды. Барлау жүргізуді, қарулануды, басқа да қосымша шараларды арнайы адамдар бас-карды. Олар дыбыс және әр түрлі түсті жалау арқылы бұйрық беруді меңгерді.

Қаланы қоршағанда, адцымен жан-жағын тұтас талқанда-ды да, қаладан ешкімді шығармай койды. Қаланы айнала қор-шай ор қазды. Мұндай жұмыстарға жергілікті халық пен тұтқыңдарды пайдалаңды және оларды қамалға кіріп шайқа-суға мәжбүр етті. Өздері арттарынан қадағалап, кері қашқан-дарды өлтіріп отырды.

Монголдар сол замандағы озық техниканы пайдаланды. Оны олар Қытайдан алды. Батыс Еуропалық тарихшылардың тас ататын машинаны Марко Поло (1254-1323 жж.) үйретті деуі жалған. Бұл саяхатшы ол жаққа Батый жорыганан кейін барғ-ан. Батыйдың әскерлері 160 кг ауырлыққа дейінгі тасты бірнеше жүз адымға лақтыра алатын каруды пайдаланған. Қорғаннын ағаш бөлігін мұнаймен ертеді. Тас қабырғаларды арнайы машинамен талқандады немесе оқ-дәрімен жарды. Оны да Қытайдан алды және мұндай қару ол кезде Еуропа-да болған жоқ. Кейде монғолдар қалаға су қаптатты немесе өзенді бұрып жіберіп, қала халқын сусыз қалдырды. Монғол әскерлерінде сол кез тұрғысынан алғанда, жақсы инженерлер болды. Оларды монғолдар Қытай мен Персиядан тұтқынға түсіріп алды.

Монғолдар жергілікті өз халқын әскери өнерге баулып, соғыс ісіне даярлауға үлкен көңіл бөліп отырды. Садақпен оқ ату үш жастан бастап үйретілді. Балаға кішкентай садақ берді және ол жасына қарай үлкейтіліп отырды. Әрбір монғол мық-ты атты әскер болды. Шыңғыс хан аңға шығуды соғыс мектебі деп атады. Аңға шығу қыс кезінде жүзеге асырылды. Алдымен аңы мол аймақтарға барлау жасалды, содан соң әскерлер оң қанат, сол қанат, орталық болып ұшке бөлінді. Олар дөңгелене орналасты. Алдымен хан, сұлтан, әскер басы-лар, олардың әйелдері, содан соң қарапайым жауынгерлер ататын болды. •

Әскери тәртіп өте қатал бодды. Шыңғыс хан былай деді: "Жүз мыңдық армияны басқарған қолбасы өз ханының бұйрыган бұлжытпай орындауға міндетті. Орындамаған жағ-дайда жазаға тартылады, тіпті өлім жазасына дейін кесіледі." Шыңғыс хан әскер басыларына арнап арнайы ереже (заң) шығарды. Онда әскерді қалай баскдру, қамалды қалай алу, со-ғысқа қалай дайындалу әдістері қарастырылды. Бұл тәртіп бойынша, қолбасылар жауынгерлердің қару-жарағының жағ-дайын тексеруге міндетті болды. Қару-жарақ жорыққа шығар алдында міндетті түрде тексеріліп отырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет