Қазақстанның өз территориясында ядролық қарудан бас тартуы. Семей ядролық полигонын жабу туралы іс-шаралар мен Президент жарлығы (1991). Н.Ә. Назарбаевтың «Әлемнің эпицентрі» атты еңбегі



Дата18.12.2021
өлшемі24,53 Kb.
#102407
Байланысты:
Тарих Семинар 15
ТУП ҚАЗҚЗТ ЖОБА (2), №1-АПТАНЫҢ СӨЖ(СРО) ТАПСЫРМАСЫ., Үйірме кестесі

Қазақстанның өз территориясында ядролық қарудан бас тартуы. Семей ядролық полигонын жабу туралы іс-шаралар мен Президент жарлығы (1991). Н.Ә.Назарбаевтың «Әлемнің эпицентрі» атты еңбегі

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алған алғашы күндерден басталған қызметінің басты бағыты өзінің территориясындағы Совет Одағынан қалған аса мол көлемдегі ядролық қарудың, оны жеткізу құралдарының болашағының қалай болатындығына арналды. Бұл жағдай мемлекеттің ішкі мәселесінен шығып, халықаралық деңгейдегі күрделі құбылысқа айналды. Қазақстанның ядролық қаруының тағдыры АҚШ-тан басталған Еуропа, Азия мемлекеттері мен халықтарын алаңдатты. Ел ішіндегі саяси, әлеуметтік, ұлт аралық, тұрмыстық тұрақтылық әзірге қамтамасыз етілмеген, экономикалық даму барысы айқындалмаған Қазақстанның аталған жаппай қырып жоятын қаруды сенімді сақтауы, таратпауы, осы тұрғыдағы халықаралық келісімге қосылуы туралы мәселелер туындай бастады. 

Шындығына келгенде, 1949 жылдан ядролық қырғынның адамзатқа әкелер алапатын бастарынан толығымен өткізген қазақ халқына, оның тұңғыш Президентіне бұл қарудың зиянынан басқа ешқандай да қажеттігі жоқ еді. Өйткені ХХ ғасырдың сексенінші жылдарына дейін республикамыздың территориясы аталған қарудың, оны нысанаға жеткізетін зымырандарының, стратегиялық мақсаттағы бомбалаушы ұшақтарының орналасу, жаттығу, сынау алаңдарына толтырылып болған еді. Осылармен қатар Қазақстанның өнеркәсібінің негізгі саласы – уран өндіру, ядролық қару дайындауға қажетті жабдықтар дайындауға бағытталған болатын. Қазақстанда қарапайым халық білуге тиісті емес жасырын қалалар мен өндіріс орындары пайда болып, молая түскен еді. Осындай жағдайдағы республиканың табиғатына, халық денсаулығына тигізе бастаған зиянның көлемі өлшеусіз артып, оны бүркемелеудің өзі мүмкін еместікке айналды. Ядролық қару шығару, оны жетілдіріп, сынақтан өткізуден әлем мемлекеттерінің алдына шығуға ұмтылған Совет Одағының одан ары өмір сүре беруі оның құрамындағы Қазақстанның ел ретіндегі болашағына балта шапқандай еді. 

ХХ ғасырдың 80 жылдарының екінші жартысынан басталған Қазақстандағы «Семей атом бомбасын сынауға арналған алаңды» жабу мақсатындағы басталған бүкіл халықтық наразылық ел тұрғындарының бұл қаруға деген халықтың біржақты ұстанымын айқындап берген еді. 

Республика территориясына орналасқан адамзатты, барша дүниені жаппай қырып-жоятын бұл қарудан толығымен арылудың жолдары тіпті Кеңес Одағы тарамай жатып-ақ қарастырыла бастаған болатын. Өйткені Қазақстанның болашағы өзінің территориясынан осы қасірет көзін толығымен шығару, сынақ алаңдарының жұмысын біржолата тоқтату, экологиялық апат алаңына айналған өңірлерді қалпына келтіруге байланысты екендігі әркімге белгілі болған еді. 

Міне сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев тіпті Совет Одағының өмір сүріп жатқан соңғы мерзімінен-ақ республиканың территориясына орналасқан осы қаруға деген қатынасын нақты тұрғыда жариялай бастады. Мысалы, ол өзінің 1991 жылдың 29 қазанындағы Лондондағы Корольдік халықаралық қатынастар институтында сөйлеген сөзінде: «...Бізде және батыста советтік аса мол ядролық қарудың қоры ерекше назар аудартады. ...Өмір сүрген бірнеше онжылдықта ядролық қару қалыптасқан құбылысқа айналған бір-біріне қарсы әлемдік шиеленістері, ауқымды қарама-қайшылықтары, блоктық саясат, сенімсіздік пен үрейдің қорқынышты құбылысының негізі болды. Алайдағы, соңғы жылдардағы «шығыс әлеміндегі» орын алып отырған өзгерістер планетадағы геосаясатқа әсер етуде. 

Осыған орай, тоқтатушы күш ретіндегі ядролық қарудың орны да өзгерді. Оның біртіндеп мүлдем азая түсетіндігіне, ал cоңында толықтай жойылатындығына сенуге болады. Қазіргі күні шындыққа сенушілер мен күдікпен қараушылардың алдында басқа мәселе тұр, олардың ең бастысы – бүгінгі аса күрделі және тартысты кезеңде ядролық қорларға жинақталған осындай аса зор қиратушы күшке сенімді бақылау орнату болып табылады. 

...Қазақстан әлемдік және аймақтық деңгейдегі ядролық мемлекет болуға ұмтылмайды. Сонымен қатар ол өзін әскери бағыттағы мұрагері деп жариялайтын болған жағдайдағы орталықтың немесе Ресейдің «ядролық қаупінде» қалғысы келмейді. Біздің пікірімізше, бұл мәселенің шешілуі Батыс Еуропаның бірнеше елдеріндегі американдық атом қаруына қатысты «екі кілт» жүйесі сияқты ядролық қаруға екі жақты бақылау орнатуда болып отыр. 

...Осындай жағдайда бүкіләлемдік қарусыздану бағдарламасы негізінде әр қадам сайын республика территориясында орналасқан ядролық қаруды қысқартуды және жоюды іске асырамыз. Анығын айтқанда, біздің жерімізді қауіпті ядролық шеңберден шығаруда нақты қадам жасадық. Қоғамның талабына жауап бере отыра республика басшылығы Семей алаңындағы ядролық сынақтарды тоқтату туралы шешім шығарды. ССРО Қорғаныс министрлігімен келісімге сай ол ядролық қарусызданудың іргелі және қолданбалы мәселелерін негіздеуге арналған ғылыми орталыққа айналады. Бұл – әскери құрылымдарды тарату, біздің милитаризацияланған ғылым мен экономиканы азаматтық мақсатқа айналдырудың нақты мысалы болып табылады. 

Келесі осындай үлгі Байқоңырдағы ғарыш кешені болып табылады. Біз оның құрамындағы әскери құрылымның азаматтық сала есебінен үнемі қысқартылуына ұмтыламыз. Арнайы ұйымға айналатын қазақстандық ғарыш бағдарламасы тек қана бейбіт сипаттама алады» [1] деген ресми мәлімдеме жасады. 

Қазақстан басшылығының елдің территориясында орналасқан ядролық қаруға деген осындай көзқарасы мемлекеттің толығымен егемендігін алған алғашқы күннен ақ одан ары нақтылығымен айқындала түсті. Мысалы, Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1992 жылдың 7 қаңтар-5 қараша аралығындағы шет елдер мемлекеттік қайраткерлерімен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін тану барысындағы жүргізген жазбаларында: «...Қазақстан қарусыздану мен ядролық қаруды таратпау бағытындағы барлық тиісті міндеттерді қабылдайды және 1968 жылғы ядролық қаруға ие мемлекеттер арасындағы Ядролық қаруды таратпау туралы Келісімге қосылуға ниет білдіреді. Осылармен бірге, Қазақстан Республикасының үкіметі өзінің территориясын ядролық қарудан тыс аймақ етуге, стратегиялық шабуылдаушы ядролық қаруларды қысқартуға арналған барлық құбылыстарға қатысуға ұмтылады. ...Бұл туралы бұрынғы Одақ құрамындағы мемлекеттер басшыларының Алматы мен Минскідегі кездесуінде айтылып, онда ядролық қаруға қарсы бірлескен қатынас шараларына арналған Келісімге қол қойылды. 

...Қазақстан Республикасы Хельсинки келісімі және Париж хартиясымен бірге Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық Келісімінің (ЕҚЫК) шешімдері мен міндеттерін толығымен қолдайды» [2] делініп, бұл бағыттағы мемлекеттің саясатының бұлжымастығы паш етілді. 

Еліміздің басшысының: «Қазақстан Республикасының ең алғашқы мемлекеттік шешімі Семей ядролық сынақ алаңын жабу туралы жарлық болды. Ұзақ мерзімнен зардапқа ұшыраған осы аймақтың тұрғындары мен табиғи ортасына ядролық сынақтардың зардаптарын айқындау мен келген зиянның шығындарын қайтару жолындағы алдымызда қиын да ыждағатты жұмыс тұр. 

Осындай қадамға бара отыра жас республика және оның президенті ретіндегі мен ядролық астам державалардың бұл бағыттағы істеріне және ядролық қаруды кез келген жағдайдағы сынауды тоқтату, жер планетасындағы осындай барлық сынақ алаңдарын жабу жолындағы нақты қадам жасауларына үміттенеміз» [3] деген мәлімдемесі бүкіл әлем алдына Қазақстанның өз территориясындағы ядролық қаруға деген бір жақты шешімін жүзеге асыра бастағандығына айғақ болды. 

Қазақстанның өз территориясында орналасқан ядролық қаруды таратпау, жоюға арналған бір жақты шешімі Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 жылғы 2 ақпандағы Давостағы бүкіләлемдік экономикалық форумда жарияланып, онда: «Достастық шеңберіндегі өткен жылдың желтоқсан айындағы Алматы келісімінің маңызды жетістіктеріне ядролық қуатқа ие төрт республиканың «Ядролық қаруға деген бірлескен шаралар» атты келісім жатады. Онда біздің ядролық қаруды таратпауға деген байламымыз, оны бірінші болып қолданбау туралы міндеттемеміз, барлық ядролық қаруды жоюға деген жалпы ұмтылысымыз және халықаралық тұрақтылықты нығайтуға деген барынша ниеттілігіміз жарияланған. Қазақстан әлемдегі ядролық қаруды сынақтан өткізетін екі үлкен полигонның бірін жапқан дүниежүзіндегі біріншімемлекетке айналды» [4] деген баяндама жасады. 

Алайда, Совет Одағы тарағаннан кейінгі алғашқы жылдарда Қазақстан сол мерзімдегі аймақтағы және барша әлемдегі қалыптасқан жағдайды ескере отыра өзінің жеріндегі ядролық қарудан аластауды тоқтата тұру саясатын да ұстады. Себебі осы уақыттағы: 

біріншіден, ядролық мемлекеттер тарапынан Қазақстанға қарсы атом қаруын пайдаланбауға деген кепілдіктің берілмеуі; 

екіншіден, кейбір ядролық мемлекеттердің Қазақстанның атом қаруынан арылуына ашық қысым көрсете бастауы; 

үшіншіден, Қазақстанның өз ішіндегі ядролық қарудың болашағына деген әр бағыттағы пікірлер мен ұсыныстардың қалыптасуы, т.б. жағдайлар мемлекеттің өз территориясына орналасқан ядролық қарудың орнын айқындауға деген шешімін жан-жақты салмақтауына мәжбүр етті. 

Аталған жағдайдан барып, Қазақстанның осы мерзімдегі өзінің территориясына орналасқан ядролық қаруға деген ұстанымы туралы 1992 жылғы қараша айындағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің баяндамасында жарияланғанындай: «...Қазақстан өзінің сыртқы саясатында Тәуелсіз Мемлекеттердің Достығы шеңберінде, сонымен бірге аймақтық көршілес орта азиялық мемлекеттермен арадағы ынтымақтастықты сақтау мен дамытуға ұмтылады. Бастапқыда, халықаралық қысымға қарамастан Қазақстан өзінің территориясында орналасқан стратегиялық ядролық зымырандардан аластамауды қалады. Ол Қазақстанның ядролық көршілері (Ресей Федерациясы және Қытай) тарапынан шабуыл жасамау туралы келісім болмағандықтан республика тосқауыл қою мақсатындағы ядролық қаруға мүдделі екендігін тұжырымдады» [5]. 

Осы мазмұндағы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің берген сипаттамасында: «Өтер жылда Қазақстан ядролық қарусыз ел ретінде «ядролық қаруды таратпау туралы» келісімге қосылуы арқылы өтпелі жылда маңызды қадам жасады. 

Қазақстан неге өз территориясынан ССРО-дан қалған ядролық қаруларды шығаруға бірден келісім бермеді және жоғарыдағы аталған келісімге қосылмады деген сұраққа жауап бере келе Н. Назарбаев Қазақстан үшін үш бағыт негізіндегі келісімдікке қол жеткізудің маңызын атап көрсетті. 

Біріншіден, ядролық мемлекеттердің ядролық шабуыл жасамау туралы кепілдіктері. Ол алдымен АҚШ, Ресей, ал осы жылдың мамырында Қытайдан берілді. 

Екіншіден, ядролық зымырандарға орналастырылған байытылған уранның құнын қайтару. Қайтару туралы келісім Н. Назарбаевтың АҚШ-қа сапары барысы кезінде жасалды» [6] делініп, Қазақстанның ядролық қарудан арылудағы атқарып отырған жұмыстарына өзіндік баға берді. 

Аталған тұрғыдағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың италиялық «Ла Стампа» газетінің сұрақтарына берген сұхбатында: «Қазақстаннның ядролық қаруға деген қатынасы көпшілікті толғандырады, оның айналасында әңгімелер туындауда, кей жағдайларда тағы да басқа тұжырымдар пайда болатындығы әбден түсінікті. Мысалға алғанда, ағылшындық «Дайли мэйл» газеті тіпті Қазақстан оған стратегиялық ракеталарды сату туралы Иранмен келісім жасай бастаған, бұл үшін мен екі рет жасырын Тегеранға ұшып барғанмын деп жазады. Мұндай өтіріктің жазылуын авторлардың ар-намысына қалдырайық. 

...Алдымен атап айтқым келетіні, Қазақстан өз еркінен тыс ядролық мемлекет болып қалыптасты, ССРО территориясының бөлегі ретінде мұнда ядролық қарудың құрамы орналастырылды, сынақ алаңы салынды және бірнеше ондаған жыл бойы жұмыс істеді. Қазақстанның өзінің, оның халқының еркіне келетін болсақ, ол 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған егемендік туралы Декларацияда айқындалған. Онда Қазақстан ядролық қарусыз ел болуға ұмтылады деп айтылған. 

Және де бұл ұмтылыс орындалып отыр: іс жүзінде алғаш рет президент жарлығымен Семей ядролық сынақ алаңы жабылды» [7] деген сөздер Тәуелсіз Қазақстанның өз территориясындағы Совет Одағынан қалған ядролық қаруларға деген нақты атқарып отырған қадамының бастау алғандығын баяндады. 

Негізінен алғанда Қазақстан Республикасының ядролық қарусыздану жолындағы нақты істері 1994 жылдан бастау алады. «1994 жылдың 28 наурызында, – деп жазады Н.Ә. Назарбаев, – мен Борис Ельцинмен 14 ай көлемінде Қазақстанда орналасқан барлық ядролық оқшантайларды Ресейге шығару және таяу арадағы 3 жыл мерзімде СС-18 зымырандарына арналған шахталық қондырғыларды жою туралы келісімге қол қою үшін кездестім» [8]. 

Бұл іс АҚШ, Ресей Федерациясы бақылаушыларының қатысуларымен атқарылды. Оны неғұрлым қысқа мерзімде қамтамасыз ету жолындағы «Американ-Қазақстан» бағдарламасы қабылданды. Ресми мұрағат құжаттарында: «АҚШ және ҚР бірлескен бағдарламаға сәйкес ядролық қауіпті 10 пайызға азайту мақсатында жұмыстар атқаруда.Олардың ішіндегі ең белгілісі Қазақстан территориясындағы стратегиялық шабуылдау қаруларын жою болып табылады. Оның құны 70 миллион АҚШ долларын құрайды. 

Жобаның міндеті СС-18 зымырандарының шахталық ату қондырғыларын жою, сонымен бірге жою алаңын тазалау болып табылады. 

Бұл жобаның бірінші кезеңі (Ресей жағының құпиялықты сақтау мақсатындағы талабы негізінде) нышандарға баруына өткен жылдың маусымынан ғана рұқсат етілген АҚШ-тың қатысуынсыз іске асырылды. 

Дегелең тауларындағы ядролық сынақ алаңын жоюға арналған жобаны іске асырудың бастамасы (тиісті келісімге 1995 жылдың 3 қазанында қол қойылған) осы жылдың 2 сәуірінде Дегелең таулы аймағындағы екі рет ядролық сынақ өткізілген бірінші штольня жабылды. 

Осы жылы жұмысын тоқтататын 60, барлығы 186 штольняны жабу жоспарланып отыр» [9] деп көрсетілген. Осы бағдарламаның іске асырылуының барысымен танысу үшін АҚШ қорғаныс министрі «Перри мырза Қазақстанға 4 сәуір күні (1994 жыл) ...Қазақстан Совет Одағының құрамында болған кезінде бұл елде орналастырылған, батыстағы ресми адамдар аталған бағытта табысты істер атқарылуда және 1996 жылы ол ядролық қарусыз болады деген тұжырым жасап отырған елдегі ядролық қаруды бөлшектеу ісі қалай жүріп жатқандығын тексеру мақсатындағы ресми сапармен келді. Ядролық қару Ресейге жіберіліп, ақыр соңында сонда бөлшектелетін болады. 

Ядролық қаруды жою және бұрынғы әскери өндіріс орындарын бейбіт мақсаттағы өнім шығаруға арналған қайта құру жұмыстары үшін Құрама Штаттар Қазақстанға 170 миллион доллар береді. Америка сонымен қатар Қазақстанмен шектеулі тұрғыдағы әскери ыгтымақтастық туралы мәселе көтеруде. Бұл мемлекет НАТО-ның «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бастамасына қосылған» [10]. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев егемендіктің алғашқы күндерінен-ақ аймақтағы және әлемдегі өзара бәсеңдікті іске асыру, бейбітшілікті сақтау, қарусыздануды қамтамасыз ету мақсатындағы өзара қарама қарсы әскери одақтардың арасындағы келісімшілік қатынасты орнатуға берінше назар аударды. «Қазақстан Президенті «Қазақстанның Ресеймен және ТМД-ның тағы басқа елдерімен әскери-саяси және экономикалық мүдделерінің ортақтығын ескере отыра біз НАТО-ға мүше барлық елдерімен бірге халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өзіміздің күш жігерімізді үйлестіреміз» деп көрсетті. 

Н.Ә. Назарбаев өз уақытында: «Біз олардың міндеттері мен мақсатын анық айқындай отыра НАТО-мен ТМД шеңберіндегі немесе екі жақты әскери байланысқа нұқсан келтірмей отыра әскери ынтымақтастықен байланысты кеңейтуге қадам жасаудамыз» деген еді. 

...НАТО-ның «Бейбітшілік үшін ынтымақтастық» бағдарламасына Қазақстан 1994 жылдың 27 мамырында қосылды. Алайда бұған дейін де ҚР НАТО-мен байланысы орнатылған еді. 1993 жылдың ақпанында Н.Ә. Назарбаев Брюссельдегі Солтүстік Атлантикалық Одақтың штаб-пәтерінде болды және сол мерзімдегі НАТО-ның Бас Хатшысы Манфред Вернермен кездесу өткізді. НАТО-ның сарапшылары мен парламентариилері оның ресми түрдегі «Бейбітшілік үшін ынтымақтастық» бағдарламасына қосылғанға дейінгі мерзімде бірнеше рет Қазақстанда болды. 

...Өзінің ресми сапары кезінде (1996, наурыз) Дж. Коллинз (АҚШ ТМД елдерімен қатынас мемлекеттік департаментінің аға реттеушісі) Н. Назарбаевқа Б. Клинтонның Қазақстанның тәуелсіз дамуына тілек білдірген жолдауын табыс етті» [11] деген ресми деректер сол мерзімдегі аталған бағыттағы Қазақстанның ұстанымын айқындайды.

Қазақстандағы Совет Одағынан қалған ядролық қаруларды бірлесіп жоюға арналған істердің барысында атом бомбасын сынақтан өткізу біржолата тоқталғанымен, ядролық қаруға қатысты зерттеу, тәжірибе жасауға арналған қызметін жалғастырып келген Семей ядролық полигонының жұмысы толығымен жабылды. Қазақстаннан барлық Кеңес Одағы тарағаннан кейінгі қалдырылған ядролық қарулар, оларды нысанаға жеткізу құралдары (әр қашықтыққа ұшатын зымырандар, стратегиялық бомбалаушы ұшақтар, т.б.) толығымен шығарылды. Қазақстан Республикасы әлемге ядролық қарусыз ел ретінде жарияланды. 

Қазақстандағы орналасқан ядролық қарулар мен оларды жеткізу нысандарын шығаруға арналған жоғарыдағы аталған бағдарламаның орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ресей Федерациясының Президенті Б.Н. Ельцинге жазған хатындағы: «Қазақстан территориясына уақытша орналастырылған (Торғай облысындағы Державин қонысы) Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің РВСН ғарыштық-зымырандық құрамасын таратудың барысының аяқталуына орай хабарласып отырмын. Өткен жылы Семей облысында (Жалғызтөбе қонысы) орналасқан осындай зымырандық құрылым таратылған болатын. 

Бұл зымырандық құрамалардың орналасқан жерлерінде жару әдісі арқылы РС-20 құрылықаралық баллистикалық зымырандардың барлығы, 104 шахталық, екі шахталық оқу-жаттығу қондырғылары, 16 басқару пункттері жойылған болатын. Советтік Социалистік Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы стратегиялық шабуылдау қаруларын қысқарту мен шектеу (CНВ) туралы келісімге қосылушы ретінде Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясының ықпалдастығымен халықаралық міндеттемесін орындау мақсатында салыстырмалы қысқа мерзімде өз территориясындағы осындай қаруларды жоюды жүйелі түрде іске асыруда» [12] деген анықтамалар Қазақстан тарапынан атқарылып отырған істердің маңыздылығы және нақтылығын көрсетті. 

Ал, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1995 жылдың 28 қаңтар айындағы Давостағы (Швейцария) бүкілдүниежүзілік экономикалық форумдағы жасаған баяндамасындағы: «...Өткен жылдың соңындағы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық Кеңесінде республиканың тәуелсіздігінің қалыптасуының қорытынды ісіндей АҚШ, Ұлыбритания, Ресей мен Қазақстан арасындағы шабуыл жасамау және Қазақстан Республикасының территориялық тұтастығы туралы Меморандумға қол қойылуы болды» [13] деген сөзі аталған бағыттағы Қазақстан тарапынан атқарылған жұмыстың халықаралық тұрғыдағы оңды нәтижесін паш етті. Міне осылай «Ядролық қарудан бас тарта отыра Қазақстан халықаралық бедел алып қана қойған жоқ. Біз ядролық державалар – АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Қытай тарапынан территориялық тұтастығымызға берік кепілдікке және егемендігімізге деген құрметке ие болдық. 

Қазақстанның ядролық қарусыз статусы – бұл біздің шекарамыздың өн бойындағы бейбітшілік пен қауіпсіздіктің негізіне» [14] айналды. Міне, осы тұрғыдағы: «Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін-ақ республиканың ядролық қарудан аластану мәселесіне арналған саяси қысымға ұшырады. Алматы, өз кезегінде ядролық қаруы бар мемлекеттерден кепілдік алу үшін бұл істі саналы тұрғыда одан ары созды. Өзінің 1992 жылдың мамырындағы Вашингтонға жасаған сапарында Президент Назарбаев ҚР атынан республика территориясында орналасқан 104 СС 18 ядролық зымырандарды жоюға арналған міндеттеме алды. Сол жылдың мамырында Қазақстан Лиссабон хаттамасына қол қоя отыра СНВ келісіміне қосылды. Желтоқсан айында ел парламенті Ядролық қаруды таратпау туралы келісімді (ДНЯО) бекітті және ҚР мен АҚШ арасындағы СС 18 құрлық аралық баллистикалық зымырандарға арналған шахталық ату қондырғыларын жою туралы салалық келісімге қол қойылды. Және соңында, 1995 жылдың 26 мамырында Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның ядролық қарусыз елге айналғандығы туралы ресми жария етті» [15] деген анықтамалар Қазақстан тарапынан өзінің территориясындағы ядролық қаруды толығымен шығарудағы қызметінің барысын, оның Тәуелсіз Ел тарихындағы маңызды кезең болғандығын жеткізеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттің ядролық қарусыз ел аталған күнінен бастап осы алапат көзін барша әлемнен аластату жолындағы келелі ұсыныстары мен нақты істері бастау алады. 

Мысалы, оның 1995 жылдың 8 маусымындағы Алматыдағы қарусыздануға арналған конференциядағы: «Қарусыздану ұғымында біз әлемнің болашағын ядролық, химиялық және тағы да басқа жаппай қырып жоятын қарусыз көреміз... ...Таратпау ережесін барынша нығайту қажеттігі және ядролық қарудан азат болудың қолайлы жағдайларын негіздеуде Қазақстан табанды түрде ядролық қаруды толық және жаппай тоқтату жолындағы келісімдерді жылдам аяқтауды жақтайды. Біз конференция шеңберінде ядролық сынақтарды жоюға арналған Арнайы Комитет құруды жақтаймыз және осы бағыттағы көпжақты келісімдердің басталуын қанағаттанғандықпен атап өтеміз. Қазақстан өз тарапынан ядролық сынақтарды тоқтатуға арналған болашақ Келісімге бақылау жасаудың тиімділігін арттыруға қатысуға толығынан дайын. Біздің территориямызда мың шақырым қашықтықтағы жер асты құбылыстарын тіркеуге қабілетті үш қазіргі заманғы сейсмикалық станциялар орналасқан. Қазақстан осы станцияларды бақылау жасаудың тиімді құралы ретінде кең ауқымды мониторингке қосуды ұсынады» [16] деген сөзі оның осы жолдағы ұстанған бағытының аса келелігін айқындады. Н.Ә. Назарбаев келесі, «1996 жылғы 2 желтоқсандағы Лиссабондағы ЕҚЫҰ мемлекет және үкімет басшыларымен кездесуінде Қазақстан тарапынан ядролық қаруға қатысты мәселенің толығымен шешімін тапқандығына тоқтай келе, басқа ядролық қарулы мемлекеттердің де нақты қадамдарға баруларының қажеттігіне назар аударды. 

«Қазақстан ядролық қаруды сынауды, – деп көрсетті ол, – толықтай тоқтату туралы келісімнің жасалуын қуаттайды. Біздің мемлекетіміз планетада бірінші болып ядролық сынақ алаңын жапты. Біздің ядролық қаруды таратпау туралы бастамаға қосылуымыздың куәсі әлемдегі өзінің қирату күші жағынан төртінші орын алатын зымырандық-ядролық қуатты жоюымыз болды» [17]. 

Міне осылай, ХХ ғасырдың ортасында Қазақстан барша әлемге ядролық сынақ алаңын біржақты жапқан, бұл қаруды территориясынан шығарып, атом қаруынсыз елге айналған мемлекет ретінде белгілі болды. Ал, осының барлығы Қазақ Елінің жетекшісі Н.Ә. Назарбаевтың сол мерзімдегі Тәуелсіз Отанымыздың алдында тұрған аса күрделі мәселені ойдағыдай шеше білуі, осы арқылы республиканы әлемге іс жүзіндегі бейбітсүйгіш мемлекет ретінде танытқан қызметінің көрегендігінен болды. 





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет