«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» Баспа №2 2015 ж ПӘнінің ОҚу- әдістемелік кешені


Мақсаты: Сөздік құрамның тарихи арналары жайлы түсінік беру. Әдістемелік нұсқаулар



бет3/4
Дата10.06.2017
өлшемі0,72 Mb.
#18731
1   2   3   4

Мақсаты: Сөздік құрамның тарихи арналары жайлы түсінік беру.

Әдістемелік нұсқаулар: Тілдің сөздік құрамына тән қасиет туынды жаңа сөздермен толығып, үнемі даму үстінде болады. 1.Қазақтың байырғы тума лексикасы, оның бірнеше қабаттан тұратыны: а)жалпы түркілік сөздер, ә)қыпшақ тілдеріне ортақ сөздер, б)қазақтың тума төл сөздері. Кірме сөздер, олардың бірнеше қабаттан тұратыны.

Бақылау сұрақтары:

1. Тілдің сөздік құрамына тән қасиетке не жатады?

2. Қазақ тілі сөздік құрамының толығып даму жолдары қалай жүзеге асады?

Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.,А.,2008.

  2. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы: 1997

  3. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,197

7 тақырыбы: Қазақ лексикасындағы кірме сөздер.
Мақсаты: Сөздік құрамның тарихи арналары жайлы түсінік беру.

Әдістемелік нұсқаулар: Кірме сөздер, яғни шығу төркіні жағынан басқа тілдік сөздер, әрбір тілдің лексикасында бар. Сөздердің тілден тілге ауысуының тікелей ауысу және жанама түрде ауысу деп аталатын екі түрі болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ тілінің сөздік қорына араб-парсы тілдерінен қандай сөздер кірген?

2.Моңғол тілінен қазақ тіліне негізінен қай салаға қатысты сөздер ауысқан?

3.Қазақ тіліне орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздердің сыр-сипаты мен игерілу дәредесі қандай ?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.,1962.

2.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.1 тарау.,89-98 б.б.

3.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.


8 тақырыбы: Қазақ тілі сөздік құрамының қолданылу өрісіне қарай бөлінетін түрлері.
Мақсаты: Қазақ тілі сөздік құрамының қолданылу өрісіне қарай бөлінетін түрлері жайлы мағлұмат беру.

Әдістемелік нұсқаулар: Сөздердің қолданылу сипатына қарай жіктелетін түрлері үш салаға бөлініп қаралады: 1. Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері. 2. Сөздердің стильдік мәніне байланысты түрлері.

3. Сөздердің актив және пассив түрлері. Қазақ тіліндегі сөздердің бәрі жалпыхалықтық сипатта емес, кең таралған жалпыхалықтық сөздерден басқа , қолданылу өрісі тар сөздер де бар.



Бақылау сұрақтары:

1.Қазіргі қазақ лексикасының қолданылу сипатына байланысты түрлері қандай ?

2. Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлеріне қайсысы жатады ?

3. Жалпыхалықтық лексика, терминдік лексика дегеніміз не ?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А.,, 1997.1 тарау.,89-98 б.б.

2.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.

3.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.83-91 б.б.


9 тақырыбы: Қазақ тілі сөздік құрамының стильдік қызметіне байланысты бөлінетін түрлері.
Мақсаты: Қазақ тілі сөздік құрамының стильдік қызметіне байланысты бөлінетін түрлері туралы түсіндіру.

Әдістемелік нұсқаулар: Стильаралық лексикаға функционалдық стильдердің ешқайсысына жатқызуға болмайтын сөздер жатады. Сөйлеу тілінің лексикасына тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын жалпыхалыққа белгілі сөздер жатады.

Бақылау сұрақтары:

1. Сөздердің стильдік сипатына байланысты түрлеріне қайсысы жатады?

2. Стильаралық лексика дегеніміз не?

3. Тұрмыстық – қарапайым лексикаға қайсысы жатады?

4. Варваризмдер дегеніміз не? Ауызша әдеби сөйлеу, кітаби лексика нені қарастырады? Экспресивті – эмоционалды лексика дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988

2.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А.,, 1997.1 тарау.89-98 б.б.

3.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.


10 тақырыбы: Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттары. Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер мен көнерген сөздер.
Мақсаты: Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттар туралы жан-жақты түсіндіру.

Әдістемелік нұсқаулар: Тілдегі көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолдану ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді: aрхаизм сөздер және тарихи сөздер. Неологизмдер- тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер неологизмдер деп аталады. Неологизмдер лексикалық және семантикалық болып екі түрде кездеседі.

Бақылау сұрақтары:

1.Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттарына не жатады?

2.Көнерген сөздердің түрлері мен ерекшеліктері қандай?

3.Неологизмдер дегеніміз не және оның қандай түрлері бар?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А.,, 1997.1 тарау.,89-98 б.б.

2.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.

3.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.83-91 б.б.


11тақырыбы: Фразеология және оның зерттеу нысаны, өзіндік белгілері, зерттелуі, түрлері.
Мақсаты: Фразеология және оның зерттеу нысаны, өзіндік белгілері, зерттелуі, түрлері жайлы мағлұмат беру.
Әдістемелік нұсқаулар: Фразеология - тұрақты тіркестер туралы ғылым. Кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы біртұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік бірлік, әдетте, фразеологиялық оралым деп аталады.

Бақылау сұрақтары:

1. Тұрақты тіркестерге тән басты белгілерге қайсысы жатады?

2. Фразеологизмдердің түрлері қандай?

3. Фразеологиялық оралымдар құрылымы тұрғысынан қалай бөлінеді?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Кеңесбаев І., Ғ.Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі». Лексика, фонетика, А.,1975.

2.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы, А., 1988.

3.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.А., 1997.

4.ҚожахметоваХ.Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы.А. 1972.
12тақырыбы: Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге және сөз табына қатысы, фразеологизмдердің лексика-семантикалық топтары, шығу арналары.
Мақсаты: Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге және сөз табына қатысы, фразеологизмдердің лексика-семантикалық топтары, шығу арналары жайлы түсіндіру.

Әдістемелік нұсқаулар: Мақалдар негізінен екі бөлімді болып келеді де, алдыңғысында іс-әрекеттің жағдайы айтылып, сонымен сол пікірді түйіндеп қорытындылайды. Мысалы, суық шаршатады, жылы жасытады. Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді сөз табына қатыстылығы жағынан төрт топқа бөліп қарауға болады. Олар: етістік мағыналы , сындық мағыналы, заттық мағыналы, үстеу мағыналы фразеологизмдер.

Бақылау сұрақтары:

1. Белгілі бір фразаға тән көп мағыналылық қандай жолмен жасалады?

2. Фразеологиялық синонимдер, фразеологиялық антонимдер дегеніміз не?

3. Фразеологиялық варианттар дегеніміз не?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.,1962

2. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.

13тақырыбы: Қазақ терминологиясының қалыптасуы мен даму тарихы.


Мақсаты: Қазақ терминологиясының қалыптасуы мен даму тарихы

жайлы айту.



Әдістемелік нұсқаулар: Терминтаудың қалыптасу, даму тарихы ХХ ғасырдан бастау алады. Отандық терминтанудың негізінің калануына Ахмет Байтұрсынұлы есімімен тығыз байланысты.

Бақылау сұрақтары:

1. Отандық терминтанудың негізінің калана бастауына ғалым Ахмет Байтұрсынұлының қосқан үлесі қандай?

2. Қазақ терминологиясы дамуының кеңестік дәуірінде терминологиның дамуына Құдайберген Жұбанов қандай үлес қосты?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 .Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.

2.Қайдаров Ә. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. -Алматы, 1993.

3.Құрманбайүлы Ш. Қазақ терминологиясы дамуының кезендік сипаты. - Астана, 2002.


14тақырыбы: Қазақ тіліне қатысты түркологиялық сөздіктер.
Мақсаты: Қазақ тіліне қатысты түркологиялық сөздіктер туралы түсінік беру.

Әдістемелік нұсқаулар: Лексикография- грек тілінің lexis («сөз») және grapho («жазамын») деген сөздерден құралған сөздіктерді құрастырудың ғылыми методикасы дегенді білдіреді. Теоретикалық лексикография екі бөліктен құралады. Оның бірінші, негізгі бөлігі – лексикография теориясы болса, екінші бөлігі лексикография тарихы.

Бақылау сұрақтары:

1. Лексикография нені зерттейді?

2. Қазақ лексикографиясындағы сөздіктердің түзілім тарихына арналған алғашқы еңбектерге қайсысы жатады?

3. Сөздіктер қалай топтастырылады?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.

2.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.

3. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы., А.,1988


15тақырыбы: Этимологияның лексикология ғылымы үшін мәні.
Мақсаты: Этимологияның лексикология ғылымы үшін мәні туралы түсіндіру.
Әдістемелік нұсқаулар: Тарихи лексикологияның бір саласы-этимология. Этимология сөздің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Этимологияның ғылыми этимология, халықтық этимология және қызықты этимология деп аталатын түрлері бар.

Бақылау сұрақтары:

1. Этимология нені зерттейді?

2. Этимологияның қандай түрлері бар?

3. «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі » қай жылы жарық көрді?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.,1962

2.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988

3.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.


1 СОӨЖ

Тақырыбы: Сөздің анықтамасы

Мақсаты: Сөзге анықтама берудің қиындығын меңгеру. Сөзді лексикалық-семантикалық жүйе жағынан қарастыру.

Жоспары:

1. Сөзге анықтама берудің қиындығы.

2. Сөздің мазмұны

3. Сөзге тән белгілер

4. Лексика-семантикалық жүйе

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Сөз дегеніміз не?

2. Сөздің лексикалық және грамматикалық жағы дегеніміз не?

3. Тіл-тілде сөз формасының неше түрі бар?

4. Сөз варианттары дегеніиіміз не?

5. Сөздің лексикалық мағынасының грамматикалық мағынадан айырмашылығы.

Пайданылған әдебиеттер:

1. І.Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі» Алматы.1962

2. М. Белбаева «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы» Алматы. 1976

3. К. Аханов «Тіл білімінің негіздері»

4. Ә. Болғанбайұлы, Ғ. Қалиұлы «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы » Алматы. Санат 1997

2 СОӨЖ

Тақырыбы: Сөз мағынасының өзгеру себептері

Мақсаты: Сөз мағынасының өзгеруінің, оның жаңа мағынаға ие болуының себептерін қарастыру. Сөз мағынасын функционалды семантика заңы бойынша қарастыру

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Сөз мағынасының өзгеруінің неше түрі бар?

2. Лингвистикалық себеп дегеніміз не?

3. Сөз мағынасының ауысуы, келтірінді мағынада жұмсалуы қандай тісілдер арқылы іске асады?

4. Метафора тәсілі дегеніміз не?

Пайданылған әдебиеттер:

1. І.Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі» Алматы.1962

2. К. Аханов «Тіл білімінің негіздері»

Қосымша әдебиеттер:

1. И.В Арнольд. «Лексикология современного языка» М. 1959

2. А. А. Реформатский «Введения в языковедения» М. 1967

3 СОӨЖ

Тақырыбы: Көп мағыналылық. Омонимдер.

Мақсаты: Лексикалық мағыналардың түрлерін қарастыру Сөздердің мағыналық қатысына қарай жіктелуін қарастырыу.Омонимдердің жасалу жолдары мен типтерін анықтау.

Жоспары:

1. Лексикалық мағыналардың түрлері: тура (номинативті) мағына фразеологиялық байлаулы мағына,синтаксистік шартты мағына

2.Сөз мағыналары н затпен, құбылыспен байланысу сипатына қарай, функциялық- стильдік реңктеріне қарай топтастыру.

3. Сөздердің мағыналық қатысына қарай жіктеліуі

4. Омонимдердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы. Омонимдердің жасалу жолдары. Омонимдердің типтері.

Тақырып бойынша сұрақтар

1. Полисемия дегеніміз не?

2. Фразеологиялық байлаулы мағына дегеніміз не?

3. Сөздің тура және номинативті мағынасы?

4. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің айырмашылығы

Пайданылған әдебиеттер:

1. І.Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі» Алматы.1962

2. Ә. Болғанбаев «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы» Алматы. 1988

3. К. Аханов «Тіл білімінің негіздері» Алматы. Санат 1993

4. К. Аханов «Қазақ тілі лексикологиясының мәселелері» Алматы. 1955

4 СОӨЖ

Тақырыбы: Синонимдер. Антонимдер.

Мақсаты: Синонимдер мен антонимдердің өзіндік ерекшеліктерін қарастыру, дисфелизм, эвфелизм, табу құбылысына кеңінен тоқталу.

Жоспары:

1 Синонимдердің айырым белгілері.

2 Синонимдік қатар және доминант.

3 Синонимдердің мағыналық, контекстік, стильдік реңктері.

4 Синонимдердің жасалу жолдары.

5 Антонимдердің ерекшеліктері, жасалу жолдары.

6 Табу. Эвфемизм. Дисфемизм.

Бекіту сұрақтары:

1 Синоним және синонимдік қатар дегеніміз не?

2 Синоним мен омонимнің өзіндік ерекшеліктері.

3 Синонимдер мен антонимдердің пайда болу жолдары.

4 Табу, эвфемизм, дисфемизм дегеніміз не?



Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Болғанбайұлы Ә. Қалиұлы С. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – А: Санат, 1997

2 Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А, 1962

3 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – А, 2002

№5 СОӨЖ

Тақырыбы: Қазіргі қазақ тілі лекцикасының шығу арналары.

Мақсаты: Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры және сөздік құрамымен танысу, ерекшелігін көрсету.

Жоспары: Қазақ тілінің сөздік құрамы мен негізгі сөздік қоры. Сөздік құрамының жалпы сипаты. Негізгі сөздік қордың басты белгілері. Негізгі сөздік қор мен сөздік құрамның арақатынасы. Түркі тілдеріне ортақ сөздер.

Бекіту сұрақтары:

1 Түркі тілдерінің тектестігін дәлелдейтін ортақ сөздердің қандай түрлері бар?

2 Актив және пассив сөздер дегеніміз не?

3 Сөздік құрамның толығу жолдарын ата?

4 Күрделі сөздер, қос сөздер, біріккен сөз ерекшелегі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Болғанбайұлы Ә. Қалиұлы С. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – А: Санат, 1997

2 Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А, 1962

3 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – А, 2002

№6 СОӨЖ

Тақырыбы: Өзге тілдерден енген сөздер.

Мақсаты: Бүгінгі күні тілімізде қолданылып жүрген өзге тілдерден енген сөздердің ерекшелігін, тілдегі орны мен қолданылуын талдау.

Жоспары: Монғол тілдерінен енген сөздер. Араб, парсы тілдерінен енген сөздер. Орыс тілінен енген сөздер. Кірме сөздердің лексикалық, семантикалық, фонетикалық және грамматикалық жағынан игерілуі.

Бекіту сұрақтары:

Орыс тілінен енген сөздер, олардың қолданылуы туралы айт.

Кірме сөздер категориясы дегеніміз не?

Кірме сөздердің фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктері.

Кірме сөздердің қолданылу аясы, пассив және активтілігі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Болғанбайұлы Ә. Қалиұлы С. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – А: Санат, 1997

Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А, 1962

Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – А, 2002

№7 СОӨЖ

Тақырыбы: Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні..

Мақсаты:Қазақ тіліндегі лексиканың пайда болуымен , шығу арналарын жан-жақты ашып көрсету.

Жоспары:

1. Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері.

2. Әдеби тілге тән басты белгілер.

3. Әдеби тілдің стильдік тармақтары.

4. Тілдік стиль туралы ұғым.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Ортақ тіл дегеніміз қандай тіл?

2. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің ерекшелігі неде ?

3. Тіл нормасы дегеніміз не?

4.Әдеби тілдің қандай белгілерін білесің?

Пайдаланылған әдебиеттер

1. К.Аханов.Тіл білімінің негіздері.-А..Санат,1993.

2. Ә.Болғанбаев.Қазақ тілінің лексикологиясы.-А.,1988

3. І.Кеңесбаев,Ғ.Мұсабаев.,Қазіргі қазақ тілі.-А.,1962.

4. Ә.Болғанбайұлы,С.Қалиұлы.Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеолгиясы.-А.,Санат,1997.

5. І.Кеңесбаев.Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.-А.,1995.

№8 СОӨЖ

Тақырыбы: Лексикография.

Мақсаты:Тілдегі сөздердің жиналуы мен сөздіктердің жасалуы жөнінде мәліметтер беру.

Жоспары:

1. Түсіндірме сөздік, жасалу мақсаты, практикалық мәні.

2. Аударма сөздік, жасалу мақсаты, практикалық мәні.

3. Терминологиялық сөздік,диалектологиялық сөздіктердің жасалу мақсаты, практикалық мәні.

4. Фразеологиялық,синонимдер сөздігі.

5. Орфоэпиялық,тарихи сөздіктер.

6. тимологиялық сөздік.

Тақырып бойынша сұрақтар.

1. Лексикография дегеніміз не?

2. Сөздіктердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?

3. Әрбір сөздіктің қандай ерекшеліктері бар?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. К.Аханов.Тіл білімінің негіздері.-А.,Санат,1993.

2. Ә.Болғанбаев.Қазқ тілінің лексикологиясы.-А.,1988.

3. І.Кеңесбаев,Ғ.Мұсабаев., Қазіргі қазақ тілі.-А.,1962.

4. Ә.Болғанбайұлы,С.Қалиұлы.Қазіргі қазақ тілі.-А.,1962.

5. І.Кеңесбаев.Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.-А.,1995.



№9 СОӨЖ

Тақырыбы: Фразеологизмдердің зерттелу тарихы.

Мақсаты: Фразеологизмдердің зерттелу тарихына шолу жасай отырып, оны жан-жақты сипаттау.

Жоспары:



  1. Түркі және қазақ фразеологизмдерінің зерттелуі.

  2. Қазіргі тіл біліміндегі зерттеу бағыттарына шолу.




  1. Ш.Балии, В.Виноградов, Н.Шанский, М.Молотков, В.Телия зерттеу

еңбектері.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Фразеологизм дегеніміз не?

2. Фразеологизмнің зерттелу тарихы жөнінде не білесің?

3. І.Кеңесбаевтың фразеологизм саласына қосқан үлесі айт

4. Фразеология жеріне жеткізе зерттелген ғылым деп ойлайсың ба?

5. Фразеология термині қандай мағынада қолданылады?

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. К.Аханов.Тіл білімінің негіздері.-А.,Санат,1993.

2. Ә.Болғанбайұлы, С.Қалиұлы. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.-А.,Санат,1997.

3. І.Кеңесбаев.Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.-А.,1995.

4. К.Аханов. Қазақ тілі лексикологиясының мәселелері.-А.,1995.

5. Г.Сұмағұлов. Фразеологизмдердің варианттылығы.-А.,1996.

6. Н.Уәлиев. Фразеология және тілдік норма.,-А,1996.

№13 СОӨЖ

Тақырыбы: Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері.

Мақсаты: Қазақ фразеологиясының қолданысы мен оның стильдік ерекшеліктерін көрсету.

Жоспары:


1 Фразеологизмдердің лексикографиялық стильдік сипаттары.

2 Эмоционалды-экспрессивті реңк әсерлеріне қарай тұрақты тіркестердің түрлі стильдік қабаттары.

3 Ауызекі және қарапайым сөйлеу стиліндегі фразеологизмдердің ара қатынасы.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Фразеологизмдердің стильдік мәні қандай?

2. Фразеологизмдердің қандай ерекшеліктері бар?

3. Фразеологизмдердің қолданылу аясы жөніндегі өз пікір.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. К.Аханов.Тіл білімінің негіздері.,-А,Санат.,1993.

2. І.Кеңесбаев.Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.-А.,Ғылым,1997.

3. Г.Сұмағұлова.Фразеологизмдердің варианттылығы.-А.,1996.

4. Н.Уәлиев.Фразеология және тілдік норма.-А,1998.

5. Ә.Болғанбайұлы,С.Қалиұлы . Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.-А.,Санат,1997.

14 СОӨЖ

Тақырыбы: Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық маңызы бар түпдеректер.

Мақсаты: Қазақ ұлтының мәдени өмірінің көрінісі – фразеологичлық қордан ерекше байқалатындығы. Қазақ фразеологизмдері – халық өмірінің айнасы екендігі. Әр ұлттың мәдени ағымындағы тілдік құбылыстар тамырланып, қалыптаскы үшін оның көптеген алғышарттары мен салалары болады. Қазақ фразеологизмдерінің мәдени ақпарат көздері. Ұлттың дәстүрлі мәдениет үлгілеріндегі дағдылы ұлттық рәсімдердегі тұрақты айтылатын тіркестер. Мәдени деректер түсінігіндегі – мақал-мәтелдер. Образ әталонға айналған тұрақты теңеулер тіркесі. Троп түрлеріндегі образды тіркестердің фразеологизмдерге айналуы.

Жоспар:

1 Қазақ фразеологизмдерінің мәдени ақпарат көздері.



2 Ұлттық дәстүрлі мәдениет үлгілеріндегі дағдылы ұлттық рәсімдердегі тұрақты айтылатын тіркестер.

3 Мәдени деректер түсінігіндегі мақал-мәтелдер.

4 Тұрақты теңеулер тіркесі.

5 Қазақ тіліндегі сөз символдар, символдық мәні бар сөздер мен сөз тіркестері.

6 Троп түрлеріндегі образды тіркестердің фразеологизмдерге айналуы.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1 Фразеологизмдер ұттық тілдің қандай ерекшеліктерін көрсетеді?

2 Абай фразеологиясын зерттеген ғалым?

3 Көркем мәтіннің тілдік талдауларының ең сүбелі жері?

4 Фразеологиялық материалдар үшін ұлттық мәдени маңызы бар түп деректер төркінінің бірі.

5 Фразеологиялық материлдардың мәдени деректер түсінігіне жататын қазақ тіліндегі ұлан-ғайыр паремиологиялық қор.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы С. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы. – А.: Санат, 1993.

2 Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – А.: Ғалым, 1977.

3 Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы – А., 2005.

4 Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері – А., 1998.

5 Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі – А., 1995.

6 Смағұлова Г. Мағыналас фразеологиздердің ұлттық-мәдени аспектілері – А.,1998.

7 Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. – А., 1996.

8 Уәлиев Н. Фразеология және тілдік норма – А., 1998.

9 Қайдар Ә. Халық даналығы (қазақ мақал-мәтелдерінің түсіндірме сөздігі және зерттеулер). – А.: Тоғанай

15 СОӨЖ

Тақырыбы: Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы.

Мақсаты: Көркем әдебиет тілі мен фразеологизмдердің стильдік қолданысы мәселелерінің зерттелуіне шолу. Көркем әдебиет тіліне тән ерекшелік – оның коп стильдігі екендігі. Фразеологизмдер ойды әсерлі берудің негізгі тәсілдері. Көркем әдебиет тіліндегі фразеологизмдердің кейіпкер тілі, авторлық баяндау, диалог, монолог, пейзаждық суреттеулерде қолданылуы. Қөркем әдебиет тілінің өзіндік ішкі формасының болуы. Көркем проза фразеологизмдердің стильдік жақтан саралау.

Жоспар:

1 Көркем әдебиет тілі мен фразеологизмдердің стильдік қлданысы мәселелерінің зерттеуі.



2 Көркем әдебиет тіліне тән ерекшелік – оның көп стильдігі.

3 Көркем әдебиет тіліндегі фразеологизмдердің кейіпкер тілі, авторлық баяндау, диалог, монолог, пейзаждық суреттеулерде қолданылуы.

4 Көркем әдебиет тілінің өзіндік ішкі формасы.

5 Көркем проза фразеологизмдердің стильдік жақтан саралау.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1 Фразеологизмдердің идиомалық тіркестерден айырмашылығы.

2 Көркем әдебиетте тұрақты тіркестердің құрамының өзгеруі.

3 «Көз жасым көктен құйған жауын еді» деп Торайғыров қай фразеологизмді өзгертті?

Пайдаланған әдебиеттер:

1 Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы – А., 2005.

2 Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері – А., 1998.

3 Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі – А., 1995.

4 Смағұлова Г. Мағыналас фразеологиздердің ұлттық-мәдени аспектілері – А.,1998.

5 Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. – А., 1996.

6 Уәлиев Н. Фразеология және тілдік норма – А., 1998.

7 Қайдар Ә. Халық даналығы (қазақ мақал-мәтелдерінің түсіндірме сөздігі және зерттеулер). – А.: Тоғанай Т,2004.

1 СӨЖ


Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет