Қазіргі жаңа технологияларды пайдалану қашықТЫҚтан оқытуды дамытудың негізі ретінде қосжанов А. С., з.ғ. к., доцент



Дата04.08.2017
өлшемі95,52 Kb.
#22572
ҚАЗІРГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ


Қосжанов А.С., з.ғ.к., доцент,

Амантай А., аға оқытушы, з.ғ.магистрі,

Копбулов Р.А., аға оқытушы, з.ғ. магистрі

Қарағанды қ.

abdu_kaz@mail.ru

Технологияның тез қарқынмен дамуы оқытудың білім беру нысанын біршама өзгертті. Елімізде біраз жылдан бері дәстүрлі сырттай оқытудың орынына «қашықтықтан оқыту» ұғымы қалыптасып отыр. Мәселен, XIX ғ. ортасында ақпарат тасымалдау көмегімен, яғни пошталық қызметті АҚШ және Еуропада қандай да себептерге байланысты сабаққа қатыспаған оқушыларға қашақтықтан оқытуды талап еткен. Қашықтықтан оқытуға нақты сұраныс Интернет желісінің пайда болуымен қарқындап дами түсті. Интенет арқылы виртуалды өмірде біз әртүрлі қатынас жасап, ақпаратты таратып, қабылдап және сатып алу қызметін қолдана бастадық.

Қазіргі кезде жаңа технологиялар адамдардың тез байланыс жасауы үшін қолайлы және бағасы арзан. Интернет арқылы қашықтықтан оқыту барлық әлемде дәстүрлі білім бөлігі болып саналады. Мұндай жүйе әлемнің дамыған елдерінде танымал.

Интернет арқылы қашықтықтан оқыту дегеніміз не? Қашықтықтан оқыту – студент пен оқытушының бір уақытта, бір жерде, физикалық түрде бірге отырмай-ақ, интернеттің көмегімен алыста отырып байланыс жасап, бір-бірімен ақпарат алмасып, әңгіме өткізіп, тапсырма орындап, аудио, бейне жазба көмегін пайдалданып, бейне көрсетілім арқылы бір-бірін көругеде болатын, тез белсенді ақпарат алмаса алатын қазіргі кездегі маңызы зор оқытудың түрі.

Студенттер курсты аяқтап жоғары оқу орнының тиісті дипломын, академиялық дәрежесін немесе сетрификат алуына мүмкіндік алып отыр. Қашықтықтан оқытуға пайдалануға арналған бағдарламалар таратылуда. Соңғы уақытта жоғарғы оқу орындарының көбі онлайн режимде өзінің бағдарламаларын ұсынатын болды, сонымен бірге ұсынылатын оқыту бағдарламаларының тізімін көбейтуде.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін  уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар білім беру талаптарына байланысты  жаңартылып отырады. Сапалы  терең  білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың   жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында  жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол  мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану оқытушының біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты. Бұл ауқымды мәселе туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында былай деген: «Біз білім беруді жалғастыруды одан әрі жалғастыруға тиіспіз.Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс». Сондықтан өз шәкірттеріне сапалы   нәтижелі   білім  беруді мақсат еткен әр ұстаз өз тәжірибесін жаңашылдық арнасына бағыттап,әр  әдісін тиімді қолдануы шарт.

Қашықтықтан оқыту пайдасын айтатын болсақ, белгілі объективтік себептерге байланысты дәстүрлі оқыту формасын қолдана алмайтын адамдар тобына арналған. Мысалы, денсаулығы жағынан шектелген адамдар, жұмыспен оқытуды біріктіретін немесе жоғарғы оқу орындарының жетіспеушілігін қанағаттандырады. Оқытудың бекітілген уақытының жоқтығы; үйде және кез келген жерде Интернетке қосылған компьютерді қолдану мүмкіндігі болса болғаны. Әлемдік ресурстарға, виртуалды кітапханаға және мәліметтер базасына қол жетімділіктің болуы.

Бүгінгі - заманауи оқытушы - ақпарат көзін, инновацияны меңгерген, консультант, кеңесші, модератор, бақылаушы, ресурс, анықтама беруші, басқаларға білім беретін және өзіде білім алатын, шығармашылық қабілтетті, талдаушы, талантты, шешім шығара білуші, жүйкесі мықты, ақпаратты меңгерген, психолог, логикасы мықты, тілдерді меңгерген, жаңа технологияларға бейім, белсенді тұлға.

Қазіргі жаһандану процесінің тез жүруі әртүрлі қызмет саласындағы мамандарға жоғары талап пен жаңа технологияларды меңгеруге белсенді болуды қажет етеді. Мұндай процесс білім жүйесінеде өз әсерін тигізді. Ақпараттық технологиялардың күн сайын жаңарып, тез дами түсуі ұрпақтың ақпараттық қоғамға дайындалу жағдайын үдете түсуде.

Мәселен, осыған сай кәсіби салада сапалы мамандарды дайындау басты орында тұр. Мамандарды дайындау және олардың біліктіліктерін көтеруде ақпараттық мәдениет пен ақпараттық шығармашылықтың аса жоғары талаптары сынға алынып жатыр.

Қазіргі уақытта қашықтықтан оқытудың өзіне педагогикалық технологиялар ұғымы педагогика лесиконына жақсылап енді. Бірақ оны қолдану және пайдалану бойынша әртүрлі көзқарастар кездеседі. Технология – белгілі бір қызметте, шеберлікте, өнерде қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы. Б.Т. Лихачевтің берген анықтамасы бойынша педагогикалық технология - нысандарды, әдістерді, тәсілдерді, оқыту әдістерін, тәрбиелеу құралдарын бірыңғай арнайы жинақтап, педагогикалық үрдістің ұйымдастырушылық – методикасын білдіретін психологиялық – педагогикалық базаның жиынтығы [1].

Қазіргі уақыттың заман талабына сай педагогика саласыда бұрынғы, ескірген әдіс – тәсілдерден бас тартуды керек етеді. Яғни, педагогика өзінің арнайы кәсібилігінің, өзінің өнімділігінің, өзінің технологиясының және нарықтық бағасының жоғарылап кеткендігімен сипатталып отыр.

Сондықтан оқытушының білім беруде, білімді бағалауда, біліммен қатар тәрбиелеу қызметінде технологияны меңгеруі өте қажет.

Педагогикалық технологияны жетік білу еңбек нарығында педагогтың жоғары кәсіби біліктілігінің бәсекесін көрсетеді. Оқытушының қызметінде жетістіктерге жетуіне мүмкіндік жасайды.

Оқушылардың білім сапасын көтеру үшін оқытушының қазіргі педагогикалық технологияларды меңгеріп, оны оқу-тәрбиелік үрдіске енгізіп, қолдана білуі жоғары нәтиже беретін факторлардың бірі. Қазіргі технологияны пайдалану әрбір оқушының үлгерімін ғана қамтамасыз етіп қоймай, сондай-ақ, олардың қоғамдағы өз орындарын білуге, техниканы меңгеруге, білімге деген қызығушылықтарынң тууына, өз – өздерін дамытуға мүмкіндік тудырмақ.

Бүгінгі таңда білім алушылардың интеллектуалдық қабілетін дамытуда компьютердің ролі ерекше.

Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру ұстаздан орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер оқытушының жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда педагогикалық технология мәселесі теориялық және практикалық зерттеуді қажет ететін өзектілігі маңызды болып отыр. Теориялық тұрғыдан алсақ, педагогикалық технология - педагогиканың санаты ретінде қарастырылып, оның мәні мен құрылымы айқындалады, педагогикалық іс-әрекеттің әртүрлі саласындағы (дидактика, тәрбие, білім беруді қамту) педагогикалық технологияның ғылыми негіздерін оқып-үйретеді, педагогикалық технологияны болжау әдістері мен теориясы зерттеледі және педагогикалық технология теориясының негіздері көрсетіледі. Ғылыми-педагогикалық ізденістен жаңа педагогикалық технологиялардың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді. Енді солардың ішінен жоғары оқу орындарының оқу үрдісінде қолдануға ұсынылатын бірқатарына тоқталайық.

Қазіргі кезде Республикадағы және аймақтағы экономикалық нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында оқыту мазмұны мен оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім түралы» Заңында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі - жеке адамды қалыптастыруға бағытталған рөлі және педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, олардың жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі қарастырылған [2]. Дәстүрлі оқыту технологиясының білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрініс табуда. Осыған орай оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің қазіргі технологияларын жетілдіріп, сабақ беруде қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға болатындығына басым бағыт берілуде.

Қазіргі кезде қашықтықтан оқыту үрдісінде көптеген педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.

Оқытудың компьютерлік технологиясы. Бұл технология – оқытудың бағдарламалық көзқарастарын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады. Оқытудың компьютерлік технологиясы – мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру әрекеттері. Бұл технология материал мазмұнын кейбір үлгілерді пайдалануға негізделеді.

Қазіргі кезде компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес онымен бірге қашықтан оқыту үрдісі де дамып отыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді.

Ғалымдардың пікірінше шағын топтар жағдайында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда жүйелік негізде оқыту мен шоғырландырып оқыту технологияларының оқыту сапасын арттыруда дидактикалық мүмкіндіктері мол.

Интерактивтер технологиясы. Kahoot – әртүрлі платформалар арасындағы қайшылықты аудитория ішінде шешкен СЕРВИС. Бұл сервис қашықтықтан оқытуға өте тиімді деп айтуға болады. Себебі, тәжірибеде дамыған мемлекеттерде пайдаланып отыр және ҚҚЭУ қолданудамыз. Kahoot.it сервисінде тест құрастыру. Бұл программа арқылы онлайн тест құрастырып, смартфон, планшет, компьютер арқылы онлайн тест алуға болады. Оны аудиторияда бір топты бағалау үшін, студенттердің әрқайсысының білімін жеке бағалау, топты бағалау сияқты өте тиімді жақтары бар. Сондай-ақ, бір топты командаға бөліп, сайыс өткізуге, оларды бағалау жүйесі оқытушыға өте тиімді болмақ. Бұл сервис арқылы студенттердің смартфонын, ноутбугін, нетбугін, планшетін сабақ үрдісіне қолдануға мүмкіндік береді.

Презентациялар технологиясы. (PowerPoint, Prezi) Бұл технология, бір жағынан, әр сабақтан жаңа материалды (бейнелеулер, суреттер, дидактикалық материалдар, т.с.с.) көрнекі көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, оқытушыларға осы материалды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдынала жүргізілген тәжірибелер, презентациялар технологиясын пайдалану студенттердің оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін қысқартады, ең бастысы – оқытушыларды жаңа ақпараттық желілік технологияларды пайдалануға дағдыландырады [3].

Модульдік оқыту технологиясы. Модуль дегеніміз – қандайда бір жүйенің, ұғымның нақтыланатын, біршама дербес бөлігі.

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады. кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқушы оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты [4].

Тұлғаның оқу біліктілігімен қатар ойлауы, іс-әрекеті, өзара қарым-қатынасы және өзінің сана-сезімі дамып, қарапайым ойлау операциялары (анализ, синтез, салыстыру, сұрыптау) және шығармашылық іс-әрекеті қалыптасады.

Қазіргі нарықтық экономиканың сұраныстарын қанағаттандыруға және экономиканың, өндіріс салаларының дамуына сай жастарды компонентті тұлға ретінде қалыптастыру үшін студенттер оқытудың қазіргі технологияларын пайдаланып, оны одан әрі заман талабына сай жетілдіруі қажет.

Жалпы технологияны меңгеруде оқытушының жан-жақтылығы және білімі қажет. Білім саласына еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы студент тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз.

Сонымен жалпылап айтқанда оқу үрдісінде студент тұлғасының дамуына, ықпал жасайтын жаңа технология түріндегі сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі жаңа технологияны қолдануда студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуі бек мүмікн.

Қорытындылай келе айтатын болсақ, студент:


  • компьютерде еркін жұмыс жасауға мүмкіндік береді;

  • студент және оқытушы қашықтықта отырып уақытын үнемдейді;

  • оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;

  • жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;

  • өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;

  • ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.

Әдебиеттер тізімі




  1. Ермолаева М.Г. Современный урок. Анализ тенденции возможности. Учебно-методическое пособие. Санкт-Петербург 2008.

  2. «Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы (өзгерістер мен толықтырулар 09.04.2016 № 501-V)

  3. Д.Ш. Матрос, Д.М. Полев, Н.Н. Мельникова. Управление качеством образования на основе новых информационных технологий, М., 2001

  4. Сарбасова Қ.А. Инновациялық технологиялар. Алматы, 2006.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет