Қазіргі оқыту технологиясы



Дата25.08.2017
өлшемі432,09 Kb.
#26590
ҚАЗІРГІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

***


Қазіргі білім беру парадигмасында білім беру мазмұнын төрт аспектіде қарастыруға болады:

A)+ Білім беру құндылық, жүйе, процесс, нәтиже ретінде.

B) Білім беру демократияландару, ізгілендіру, ақпараттандыру, технологияландыру ретінде.

C) Білім беру балабақша, мектеп, колледж, жоғары оқу орындары ретінде.

D) Білім беру әлеуметтендіру, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру ретінде.

E) Білім беру мақсат, процесс, іс-әрекет, құрал ретінде.

*****

Білім берудің нәтижесі ретінде қарастырылады:



A) Өнер, саясат, экономиканың даму деңгейі.

B)+ Сауаттылық, біліктілік, кәсіби құзіреттілік, мәдениет, діл.

C) Оқулықтар, кітаптар, әдістемелік құралдар.

D) Білім беру мекемелері, қоғамдық ұйымдар, діни ұйымдар.

E) Мектеп, отбасы, қоғамның даму деңгейі.

*****


Аксиология дегеніміз –

A) Аксиома ретінде қабылданатын педагогикалық заңдар мен заңдылықтар;

B) Мұғалімнің балалар еңбегін асыра бағалауы;

C) Білім беру мекемелерінің материалдық базасын күшейту;

D) Ғылымдағы зерттеу әдістері жайлы ілім;

E)+ Құндылықтардың табиғаты жайлы және дүниедегі құндылықтар жүйесі туралы философиялық ілім.

*****

Педагогикалық парадигма - бұл:



A) Білім беру саласында халықаралық қатынастарды жақсартуға бағытталған бұқаралық ақпараттық құралдар;

B) Педагогикалық мәселелерді шешу үшін қажетті нормативті заңдар.

C) Педагогикалық процесте пайдаланылатын құралдар, формалар мен әдістер жүйесі.

D)+ Педагогикалық мәселелерді шешудегі үлгі, модель, стандарт ретінде ұстанатын педагогикалық қауымдастық қабылдаған теориялар, қалыптасқан теориялық, әдіснамалық нұсқаулардың жиынтығы.

E) Педагогикалық зерттеулер әдістемесі мен нәтижесінің қойылған міндеттерге сәйкестігі.

*****


Білім беру философиясы дегеніміз:

A)+ Адам өміріндегі түрлі кезеңдеріндегі оқыту, тәрбиелеу және дамытудағы құндылық-бағдарлық, мазмұндық-процессуалдық, нәтижелік компоненттері жайлы ғылымаралық білімдер жүйесі.

B) Барлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарды ықпалдастырудағы философиялық мәселелер жүйесі.

C) Білім беру саласындағы философиялық мәселелер.

D) Адамның дүниетанымын зерттеу.

E) Жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру мәселелері.

*****

Білім берудегі іс-әрекеттік тұрғының мәні:



A) Мұғалім оқу-тәрбие процесінің белсенді субьектісі болып табылады.

B)+ Оқушы іс-әрекеттің белсенді субьектісі ретінде қарастырылады.

C) Оқу-танымдық процесте оқушылардың өзараәрекеттестігінің шектелуі.

D) Педагогикалық процесте оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру.

E) Балалардың еңбек тәрбиесі.

*****


Білім берудегі аксиологиялық тұрғының мәні:

A)+ Оқушыны адамгершілік идеалдар мен жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу.

B) Оқушыда материалдық құндылықты меңгеруге қызығушылықты дамыту.

C) Оқушының білім сапасын бағалау жүйесін жетілдіру.

D) Мұғалімнің оқушымен қарым-қатынас үйлесімділігі.

E) Болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығын жетілдірудің көкейкестілігі.

*****

Білім берудегі құзіреттілік тұрғының мәні:



A) Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын күшейту.

B) Теориялық білімнің тәжірибеден үзілуі.

C) Әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану пәндері арақатынасының үйлесуі.

D)+ Теориялық білімді тәжірибеде жүзеге асыру және табысты нәтижеге жету.

E) Педагогикалық процесті ізгілендіру.

Вербальсыз қарым-қатынастың құралдарына жатады:

A)+ Ым, мимика, визуальды контакт, такесика.

B) Мұғалімнің сөз мен сөйлеуі.

C) Мұғалімнің білімі, білігі және дағдысы.

D) Оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру.

E) Мақсат, міндеттер, әдістер, тәсілдер.

*****


Қарым-қатынас – бұл:

A) Педагогикалық процестің субьектісі.

B)+ Оқушыларға педагогикалық ықпал ету құралы.

C) Педагогикалық процестің заңдылықтары.

D) Педагогикалық процестің қозғаушы күші.

E) Педагогикалық процестің принциптері.

*****

Педагогикалық қарым-қатынас стилі:



A) Вербальды, вербальсыз.

B)+ Демократиялық, либералдық, авторитарлық.

C) Әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық.

D) Жеке, топтық, ұжымдық.

E) Дайындық, айқындаушы, қалыптастырушы.

*****


Педагогикалық қарым-қатынастың авторитарлық стилі:

A) Балаларды оқыту мен тәрбиелеудің авторлық үлгісін құру.

B) Оқушыларға белсенді-жағымды қарым-қатынас, олардың мүмкіндіктерін адекватты бағалау.

C) Ата-ананың балаларды тәрбиелеудегі беделі.

D) Оқытудың автоматтандырылған құралдары.

E)+ Педагог барлық сұрақтарды жеке өзі шешеді, оқушының ынтасы теріс бағаланады және жоққа шығарылады.

*****

Педагогикалық қарым-қатынастың либералдық (бетімен жіберушілік) стилі:



A) Педагогтың белсенді әлеуметтік және кәсіби ұстанымы.

B) Оқушыларды Интернет-технология құралдарымен дистанционды оқыту және тәрбиелеу.

C)+ Өзінің қызметтік міндеттерін формалды орындау, оқушылардың проблемаларына қызықпау және немқұрайдылық, селқостық.

D) Балалармен қарым-қатынастағы ынтымақтастық және шығармашылық стилі.

E) Мұғалімнің оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін жеткіліксіз білуі.

*****


Педагогикалық қарым-қатынастың демократиялық стилі:

A) Өзінің қызметтік міндеттерін формалды орындау, оқушылардың проблемаларына қызықпау және немқұрайдылық, селқостық.

B) Балаларды оқыту мен тәрбиелеудің авторлық үлгісін құру.

C) Педагог барлық сұрақтарды жеке өзі шешеді, оқушының ынтасы теріс бағаланады және жоққа шығарылады.

D)+ Педагог оқушының субьектілі рөлін көтеруге бағдарланған, педагог пен оқушының өзара байланысының жеке, дербес стилі.

E) Мұғалімнің оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін жеткіліксіз білуі.

*****

Педагогикалық қарым-қатынас жіктемесін зерттегендер:



A)+ Я.Л.Коломинский, В.А.Кан-Калик.

B) Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский.

C) В.А.Сластенин, П.И.Пидкасистый.

D) Р.Г.Лемберг, Н.Д.Хмель.

E) М.Жұмабаев, Ы.Алтынсарин.

*****


Педагогикалық қарым-қатынастың кезеңдері:

A)+ Болатын қарым-қатынасты моделдеу, қарым-қатынасты тікелей ұйымдастыру, қарым-қатынасты басқару, қарым-қатынас нәтижесін талдау.

B) Көрнекілік құралдарды, техникалық оқыту құралдарын дайындау.

C) Әртістілік, сықақтық, оптимизм.

D) Жобалау, диагностикалау, моделдеу.

E) Вербальды, вербальсыз, интерактивті, перцептивті қатынас.

*****

Педагогикалық қарым-қатынастың түрлері:



A) Жеке, топтық.

B) Шығармашылық, дербестік.

C)+ Вербальды, вербальды емес, интерактивті, перцептивті.

D) Психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік.

E) Құзіретті, мәдени, іс-әрекеттік.

*****


Педагогикалық қарым-қатынас көрсетеді:

A)+ Білім беру процесі субьектілерінің өзара әрекеттестік формасын.

B) Ұжымның қоғамдық көзқарасының қалыптасуын.

C) Оқушылар іс-әрекетін басқаруды.

D) Педагогикалық ұжымның іс-әрекетін әкімшілік бақылауды.

E) Мұғалімнің ғылыми-зертеушілік мәдениетін.

*****

Педагогикалық такт:



A) Педагогтың педагогикалық проблемаларды әкімшілікті қатыстыру, жұмылдыру, араластыру арқылы шешу іскерлігі.

B)+ Балалармен қарым-қатынаста педагогикалық принциптер көлемін сақтау, оқушылармен дұрыс қарым-қатынасты таңдау іскерлігі.

C) Өзінің қызметтік міндеттерін формалды орындау, оқушылардың проблемаларына қызықпау және немқұрайдылық, селқостық.

D) Балалармен қарым-қатынастағы ынтымақтастық және шығармашылық стилі.

E) Мұғалімнің оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін жеткіліксіз білуі.

*****


Эмпатия:

A) Оқушылардың жетістігін, сабақ үлгеруін бағаламау.

B) Кейбір оқушыларды дәріптеу.

C) Антипатия, сүйкімсіз көру.

D)+ Өзін басқа адамның орнына қоя білу.

E) Өзін-өзі тәрбиелеу.

*****

Вербальды қарым-қатынас:



A)+ Ақпаратты сөз арқылы беру.

B) Ақпаратты ым, қимыл арқылы беру.

C) Ақпараты көркем-сурет өнері арқылы беру.

D) Электрондық поштамен хат арқылы қатынасу.

E) Ақпаратты сөзсіз музыка арқылы беру.

*****


Өзін-өзі тәрбиелеу – бұл:

A) Оқушыларды оқыту мен тәрбиелекде педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтарын білу және қолдану.

B) Педагогтың балалар тәрбиесіне бағытталған іс-әрекеті.

C) Ұжымның «қиын» оқушылар тәрбиесіне бағытталған іс-әрекеті.

D) Әкімшіліктің табысты жұмыс істейтін мұғалімді қолдауға, мадақтауға бағытталған жұмысы.

E)+ Адамның өзінің тұлғасын жетілдіруге бағытталған белсенді, өзіндік іс-әрекеті.

*****

Өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдері:



A) Өзара бағалау, өзара бақылау, өзара көмек көрсету.

B) Ынтымақтастық, ұжымдағы өзара шығармашылық.

C) Моделдеу, жобалау, диагностика.

D)+ Өзін-өзі бағалау, өзіне-өзі бұйыру, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі түзету.

E) Технологияландыру, ізгілендіру, гуманитарландыру.

*****


Өзіне-өзі бұйыру – бұл:

A) Өзін-өзі сынау, өзара сын.

B) Ұзақ уақыт барысында өзін-өзі бақылау.

C)+ Адамның өзіне-өзі берген қысқаша бұйрығы, нұсқауы.

D) Мектеп әкімшілігінің бұйрығын жүйелі орындау.

E) Тұлғаның өзін басқа адаммен салыстыру негізінде өзін-өзі бағалауы.

*****

Тұлғаның өзін-өзі бағалауы қалыптасады:



A) Өзіне-өзі бұйыру жолымен.

B)+ Өзін басқа адаммен салыстыру жолымен.

C) Өзін-өзі иландыру жолымен.

D) Өздігінен білімін жетілдіру жолымен.

E) Оқушыны тәрбиелеу процесін технологияландыру жолымен.

*****


Мұғалімдер біліктілігін көтерудің негізгі формасы:

A) Бұқаралық ақпарат құралдары.

B) Өзін-өзі жігерлендіру, өзін-өзі анықтау.

C) Педагогикалық инновацияның мониторингі.

D)+ Білімін жетілдіру институттары.

E) Ғылыми-зерттеушілік іс-әрекет.

*****

Педагогтың ұйымдастырушылық іс-әрекеті іске асырылады:



A) Интернет арқылы.

B) Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы.

C) Педагогикалық әдебиеттерді оқуы арқылы.

D)+ Оқушылардың алуан түрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы.

E) Басқарудың авторитарлық стилі арқылы.

*****


Педагогикалық қабілеттілік:

A) Шығармашылық.

B) Интеллект.

C) Педагогикалық такт.

D) Тұтас педагогикалық процестің екі жақты сипатын іске асыру.

E)+ Педагогтың кәсіби педагогикалық іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған тұлғалық қасиеттерінің жиынтығы.

*****

Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу – бұл:



A)+ Өзінің кәсіби-маңызды сапаларын дамыту бойынша саналы жұмысы.

B) Балаларды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық теориясын білуі.

C) Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені тарату.

D) Педагогтың кәсіби педагогикалық іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған тұлғалық қасиеттерінің жиынтығы.

E) Мектептің білім беру процесін технологияландыру.

*****


Мұғалімнің негізгі қызметі:

A) Білім беру кеңістігін демократияландыру, ізгілендіру.

B)+ Тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процестерін басқару.

C) Көрнекілікті демонстрациялау, иллюстрациялау.

D) Диагностика, балалар іс-әрекетінің мониторингі.

E) Тексерушілік, бақылаушылық, бағалаушылық.

*****

Педагогикалық болжау:



A)+ Педагогтың өз іс-әрекетінің нәтижесін алдын-ала байқау біліктілігі.

B) Педагогтың коммуникативті біліктілігі.

C) Педагогтың перцептивті біліктілігі.

D) Педагогтың ұжымдық-шығармашылық істі ұйымдастыру біліктілігі.

E) Педагогтың оқушылардың оқу-танымдық процесін басқару біліктілігі.

*****


Өзін-өзі түзету тікелей байланысты:

A) Адамның өзіне-өзі қысқаша бұйрық пен нұсқау беруіне.

B)+ Адамның өзіне сын тұрғысынан қарауына және өзін-өзі жетілдіруіне.

C) Адамның өз іс-әрекетін, көңіл-күйін түсінуіне.

D) Адамның өзін-өзі жоғары бағалауына.

E) Адамның өзін іс жүзінде көрсетуіне.

*****

Оқушылардың дамуының жастық кезеңдері:



A) Рухани, қоғамдық, әлеуметтік.

B) Физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік.

C)+ Балабақшаға дейінгі, мектепке дейінгі, мектептік.

D) Кіші, жеткіншек, жоғары кезеңдер.

E) Мектепке дейінгі, мектептік, студенттік кезеңдер.

*****


Кіші мектептік жас сипаттайды:

A) Дербестік, жауапкершілік, белсенді азаматтық ұстаным, әлеуметтік жетілу.

B) Оқуға қызығушылығының төмендеуі, пессимизм, селқостық, өзінің «Менін» іздеу.

C) Тұрақты ықылас, көңіл, мінез-құлықтың қалыптасуы.

D) Ойлаудың сыншылдығы, организмнің жыныстық жетілуі, еліктеу, ашушаңдық.

E)+ Еріксіз ықылас, қимыл белсенділігі, естің көрнекі-бейнелі сипаты, жаңа әлеуметтік ортаға ену.

*****

Оқушылардың жас ерекшеліктерімен түсіндіріледі:



A) Оқушылардың білімі, білігі және дағдысы.

B)+ Балалардың сол немесе басқа жастағы психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері.

C) Дарындылығы, таланттылығы, қабілеттілігі.

D) Оқушылардың темпераменттерінің типі.

E) Ұлдар мен қыздардың даму ерекшеліктері.

*****


Акселерация :

A) Тұлғаның тұтас қалыптасуы.

B) Әлеуметтік, этикалық проблемаларға қызығушылығының дамуы, алдына қойылған мақсатқа жетуге ұмтылуы.

C)+ Кіші жастағы оқушылар мен жеткіншектердің балалық және жеткіншек шақтағы жедел дамуы.

D) Тұлғаның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жетілдіруі.

E) Жоғары сынып оқушыларының ақыл-ойының жедел дамуы.

*****

Жеткіншек шақ мынадай қасиеттерді сипаттайды:



A) Дербестік, жауапкершілік, белсенді азаматтық ұстаным, әлеуметтік жетілу.

B) Мұғалімнің беделін сыйлау, оптимизм, білімге жоғары қызығушылық.

C) Тұрақты ықылас, көңіл, мінез-құлықтың қалыптасуы, өзіндік «Менінің» қалыптасуы.

D)+ Ойлаудың сыншылдығы, организмнің жыныстық жетілуі, еліктеу, ашушаңдық.

E) Еріксіз ықылас, қимыл белсенділігі, естің көрнекі-бейнелі сипаты, жаңа әлеуметтік ортаға ену.

*****


Темперамент типтері оқушылардың дара ерекшеліктері ретінде:

A) Лидер, конформист, пессимист, скептик.

B) Либерал, демократ, сангвиник, флегматик.

C) Оптимист, пессимист, эгоист.

D) Активист, патриот, альтруист.

E)+ Сангвиник, флегматик, меланхолик, холерик.

*****

Жас ерекшелік – бұл:



A)+ Адам өмірінің белгілі кезеңіндегі анатомиялық-физиологиялық және психикалық сапасы мен қасиетін анықтайтын сипаттамасы.

B) Адамның үздіксіз өзгеру ерекшелктері.

C) Белгілі бір жасқа сәйкес жеке тұлғаға тән психикалық жаңа қасиеттер.

D) Сапалық айырмашылығы мен жасына байланысты сипатталуы.

E) Мектеп жасындағы оқушылардың оқу әрекетін қалыптастыру процесі.

*****


Жас кезеңдерге бөлу дегеніміз:

A)+ Анатомиялық-физиологиялық және психикалық қасиеттермен өмір кезеңін анықтау.

B) Белгілі бір ғылым саласын қызықтыратын өмірдің және дамудың бір бөлігі.

C) Мектеп жасындағы оқушының дамуы.

D) Ұжымдық өмірде адамгершілік тәрбие мен тәжірибені, әдет-дағдыларды қалыптастыру.

E) Әлеуметтік өмір жүйесін қалыптастыру.

*****

Педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы:



A)+ Жалпы педагогика.

B) Салыстырмалы педагогика.

C) Арнайы педагогика.

D) Педагогика тарихы.

E) Жас ерекшелік педагогикасы.

*****


Тұтас педагогикалық процестің элементарлы бөлшегі:

A) Оқушы.

B) Оқу пәні.

C) Сабақ.

D)+ Педагогикалық жағдаят.

E) Мұғалім.

*****

Тұтас педагогикалық процестің тәрбиелік тетіктері (механизмдері) :



A) Оқушылардың оқуға ұмтылуы.

B) Сынып сағаттары, тәрбиелік іс-шаралар, байқаулар, олимпиадалар, жарыстар.

C) Ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас.

D) Жазалау, мадақтау, жарыс.

E)+ Ата-аналар мен балалар, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас.

*****


Мектептің тұтас педагогикалық процесінің негізгі компоненттері:

A) Мектеп, әкімшілік, мұғалімдер, оқушылар, сыныптар, отбасы, мектептен тыс мекемелер.

B) Оқушылардың білім, білігі, дағдысы.

C) Заңдар, заңдылықтар, қағидалар.

D)+ Педогогтар, оқушылар, мақсат, міндеттер, мазмұн, құралдар, формалар, әдістер мен тәсілдер, тапсырмалар, нәтиже.

E) Оқыту, тәрбиелеу, дамыту, оқушылар тұлғасын қалыптастыру.

*****

Педагогикалық процестегі негізгі педагогикалық ықпал ету құралдары:



A)+ Іс-әрекет, ойын, еңбек, қарым-қатынас.

B) Оқушы, мұғалім, ата-аналар.

C) Адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесі.

D) Тәрбиелеу, оқыту, білім беру.

E) Әлеуметтендіру, ізгілендіру, демократияландыру.

*****


Педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары:

A) Педагогикалық процесс бірсәттік, сабақ сияқты уақыттың жеке аралығында қызмет атқарады.

B) Педагогикалық процестің компоненттері бір-біріне тәуелсіз, дербес, маңызы бірдей.

C) Оқытудағы көрнекілік қағидасы.

D) Педагогикалық процестің қызмет етуі қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігімен байланысты емес.

E)+ Оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігімен негізделеді.

*****

Тұтас педагогикалық процестің заңдылықтарының бірі:



A) Педагогтың басқарушылық және жетекшілік рөлімен байланысты бір жақты сипаты ие процесс.

B) Оқытудағы саналылық, белсенділік дербестілік қағидасы.

C) Оқытудың көрнекілік қағидасы.

D)+ Педагог пен оқушылардың әрекеттестігімен, екі жақтың міндетті түрдегі іс-әрекетімен байланысты екі жақты сипатқа ие процесс.

E) Педагогикалық процесс бірсәттік, сабақ сияқты уақыттың жеке аралығында қызмет атқарады.

*****


Педагогика ғылымында педагогикалық процестің заңдылығын зерттеген:

A) М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ы.Алтынсарин.

B) А.В.Мудрик, П.И.Подласый, П.И.Пидкасистый.

C) Я.А.Коменский, В.Ратке, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци.

D)+ Ю.К.Бабанский, Б.Т.Лихачев, В.А.Сластенин, Н.Д.Хмель.

E) Р.Г.Лемберг, А.Дистервег.

*****

Дүниетаным – бұл:



A)+ Ақиқат дүниеге, қоршаған болмысқа және ондағы адамның алар орнына деген көзқарастар жүйесі.

B) Ұлттық салт-дәстүрлердің жаңаруы.

C) Әлемдік білім кеңістігі.

D) Кәсіптілік, шеберлік, құзіреттілік.

E) Әлемді қабылдау, диагностика, болжау.

*****


Дүниетанымның құрылымын құрайды:

A) Мақсат, міндеттер, мазмұн, құралдар, әдістер мен тәсілдер.

B)+ Іс-әрекетті ұйымдастыру формалары, тапсырмалар.

C) Білім, көзқарас, сенім, идеалдар, мінез-құлық тетігі.

D) Жеке тұлға, индивид, даралық.

E) Жеке тұлғаның өзіндік «Мені».

*****

Сенім – бұл:



A)+ Жеке тұлғаның ішкі ұстанымына айналған білім.

B) Материалды жаттап алуы.

C) Жеке тұлғаның өз пікірін қорғауы.

D) Теориялық білімді есте сақтауы.

E) Өз пікірін жариялауы.

*****


Дүниетанымның компонентіне жатпайды:

A) Білім.

B) Көзқарас.

C) Сенім.

D) Мінез-құлық тетігі.

E)+ Жарыс.

*****

Л.И.Божовичтің зерттеуі бойынша дүниетаным туындайды:



A) Мектепке дейінгі кезеңде.

B) Бастауыш мектепте.

C)+ Жеткіншек шақта.

D) Жоғары сыныпта.

E) Студенттік жылдарда.

*****


Дүниетанымның компоненттері:

A) Қоғамдық, мемлекеттік, ұлттық компоненттер.

B)+ Интеллектілік, эмоционалдық, практикалық-әрекеттік компоненттер.

C) Бақылаушылық, бақарушылық, орындаушылық, жасампаздық.

D) Әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық.

E) Тәрбиелеушілік, дамытушылық, қалыптастырушылық компоненттер.

*****

Дүниетанымның негізгі қызметі:



A) Тәрбиелеушілік, дамытушылық.

B) Әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық.

C) Ізгілік, демократиялық.

D)+ Ақпаратты-бейнелі, бағдарлы-реттеуші, бағалау.

E) Бақылаушылық, бақарушылық, орындаушылық, жасампаздық.

*****


Дүниетанымның ақпаратты-бейнелі қызметі байланысты:

A)+ Қоршаған ортадағы оқиғалар мен құбылыстарды қабылдау тәсіліне және оның адам санасында бейнеленуіне.

B) Адамның тәртібі мен іс-әрекеті арқылы оның санасын, көзқарсы мен сенімін анықтауға.

C) Адамның қоршаған орта құбылыстарын өз көзқарасы мен сенімдері, өзінің дүниетанымы тұрғысынан бағалауына.

D) Адамның мінез-құлық өзгерістеріне байланысты.

E) Барлық сыртқы және ішкі әсерлерге байланысты.

*****

Дүниетанымның бағдарлы-реттеуші қызметі байланысты:



A) Адамның қоршаған орта құбылыстарын өз көзқарасы мен сенімдері, өзінің дүниетанымы тұрғысынан бағалауына.

B) Адамның мінез-құлық өзгерістеріне байланысты.

C)+ Адамның тәртібі мен іс-әрекеті арқылы оның санасын, көзқарсы мен сенімін анықтауға.

D) Барлық сыртқы және ішкі әсерлерге байланысты.

E) Қоршаған ортадағы оқиғалар мен құбылыстарды қабылдау тәсіліне және оның адам санасында бейнеленуіне.

*****


Дүниетанымның бағалау қызметі байланысты:

A) Адамның мінез-құлық өзгерістеріне байланысты.

B) Адамның тәртібі мен іс-әрекеті арқылы оның санасын, көзқарсы мен сенімін анықтауға.

C) Барлық сыртқы және ішкі әсерлерге байланысты.

D) Қоршаған ортадағы оқиғалар мен құбылыстарды қабылдау тәсіліне және оның адам санасында бейнеленуіне.

E)+ Адамның қоршаған орта құбылыстарын өз көзқарасы мен сенімдері, өзінің дүниетанымы тұрғысынан бағалауына.

*****

Дүниетанымды қалыптастыруды анықтайтын шарттар:



A) Адамдарға ізгілік қарым-қатынас.

B) Толеранттық, өнегелік.

C) Табиғат пен қоршаған ортаға сүйіспеншілік.

D)+ Білімді тұрақты сенімге және практикалық іс-әрекетке айналдыру.

E) Адамгершілік сезім, мұрат.

*****


Жалпы білім беру – бұл:

A) Оқушының білім, білік, дағдылар жүйесі.

B) Оқушыға өндірістік қарапайым құралдармен жұмыс істеу дағдысын меңгерту.

C) Өндірістің барлық процестерінің негізгі қағидаларымен таныстыру.

D)+ Оқушыларды табиғат және қоғам туралы маңызды ғылымдардың негіздерімен таныстыру, дүниетанымдық көзқарасын кеңейту, адамгершілік-эстетикалық мәдениетін дамыту.

E) Адамды белгілі бір кәсіптік қызметке дайындау.

*****

Ғылыми көзқарастың шынайы құрамына кіреді:



A)+ Ғылыми білім.

B) Қоғамдық пікір.

C) Әңгіме.

D) Пікірталас.

E) Идея.

*****


Педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушының өзара әрекеті негізделеді:

A)+ Ынтымақтастық, демократиялық, ізгілік, өзара түсіністік, коммуникативтік, перцептивтік қарым-қатынасқа.

B) Либералдық, авторитарлық қарым-қатынасқа.

C) Коммуникативтік, перцептивтік қарым-қатынасқа.

D) Демократиялық, құндылық қарым-қатынасқа.

E) Ұжымдық, жекелік қарым-қатынасқа.

*****

Ұжымдық-шығармашылық істі ұйымдастыру кезеңдерінің бірі:



A) Ұжымдық дайындық.

B) Ұжымдық өткізу.

C) Ұжымдық талдау.

D)+ Ұжымдық жоспарлау.

E) Ұжымдық ұйымдастыру.

*****


Ұжымдық шығармашылық істі өткізу әдістемесінің авторы:

A) К.Д.Ушинский.

B)+ И.П.Иванов.

C) Я.А.Коменский.

D) П.И.Пидкасистый.

E) Ш.А.Амонашвили.

*****

Педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушының өзара әрекетінің тиімділік стилі:



A) Либералдық.

B)+ Ынтымақтастық.

C) Бәсекелестік.

D) Авторитарлық.

E) Жекелік жұмыс.

*****


Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттің тәрбиелік әлеуеті қорытындыланады:

A) Оқуға қызығушылығын арттырумен.

B)+ Жалпы ортақ істің нәтижелігіне жауапкершілік, өзаракөмек, ынтымақтастық, жағымды адамгершілік қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастырумен.

C) Жоғары үлгерімдік көрсеткішке жетудегі оқушылардың бақталастығында.

D) Оқыту процесін жекелендірумен.

E) Орта мектептің оқыту процесіне қазіргі технологияларды ендірумен.

*****

Мектептің педагогикалық процесіндегі ынтымақтастық мәселесін зерттеген:



A) А.Дистервег.

B) Р.Г.Лемберг.

C)+ Н.Н.Хан.

D) И.Я.Лернер.

E) Д.Локк.

*****


Сабақта танымдық міндеттерді шешуде ұжымдық-танымдық іс-әрекет негізделеді:

A)+ Оқушылардың ынтымақтастығы мен өзара әрекеттестігі.

B) Әрбір оқушының жеке жұмысы.

C) Ақпараттық технологияларды қолдану.

D) Проблемлық оқыту технологияларын қолдану.

E) Оқушылардың бос уақыттағы іс-әрекетін ұйымдастыру.

*****

Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттің маңызды белгілерінің бірі:



A) Сабақта оқушылар арасында қарым-қатынастың жоқтығы.

B) Ақпараттық оқыту технологияларын пайдаланудың қажеттілігі.

C) Оқу уақытын ұтымсыз пайдалану.

D)+ Іс-әрекет процесінде оқушылар арасында тәуелділік пен жауапкершіліктің пайда болуы.

E) Оқуға деген қызығушылықтың төмендеуі.

*****


Оқушы тұлғасы мен ұжымның арасындағы қарым-қатынастың үш үлгісі:

A) Мұғалім мен ұжым тең құқылы қарым-қатынаста, мұғалім өзіне ұжымды бағындырады, ұжым мұғалімге бағынбайды.

B) Мадақтау, жазалау, жарыс.

C) Тәрбиелеу, оқыту, білім беру.

D)+ Жеке тұлға ұжымға бағынады, жеке тұлға мен ұжым тиімді қарым-қатынаста болады, жеке тұлға өзіне ұжымды бағындырады.

E) Өзара сыйластық, өзара көмек, өзара тексеру.

*****

Жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы дамыту теориясының негізін қалаған:



A) К.Д.Ушинский.

B) М.Жұмабаев.

C) Ы.Алтынсарин.

D) Я.А.Коменский.

E)+ А.С.Макаренко.

*****


Ұжымның дамуы заңдарының бірі:

A) Энергияның сақталу заңы.

B)+ Болашақтық жоспарлар заңы.

C) «Білім туралы» Заңы.

D) Әлемдік тартылыс заңы.

E) Табиғат заңы.

*****

Салыстыру әрекеті заңы жатады:



A)+ Энергияның сақталу заңына.

B) Ұжымды дамыту заңына.

C) «Білім туралы» Заңға.

D) Әлемдік тартылыс заңына.

E) Табиғат заңына.

*****


Педагогикалық әрекеттестіктің мәні:

A)+ Баланың өзін-өзі дамытуын белсендендірудің негізгі тәсілі ретінде мақсат пен нәтижеге жетудегі бірлескен іс-әрекеттің ынтымақтастық қарым-қатынас тұрғысынан жүзеге асуымен айқындалады.

B) Тұлғаның өзіндік белсенділігін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекетімен сипатталады.

C) Белгілі бір жағдайдағы педагогикалық әрекеттің тәсілімен анықталады.

D) Нақты уақыт аралығында педагогикалық жүйенің жағдайын анықтауды көрсетеді.

E) Оқу-тәрбие процесінің нәтижесін бақылау, тексеру және бағалаумен қорытындыланады.

*****

Балалар ұжымы дамуының алғашқы кезеңіндегі мұғалімнің іс-әрекеті:



A) Түзетушілік, коммуникативтік.

B)+ Диагностикалық, ұйымдастырушылық, үйретушілік.

C) Ұйымдастырушылық, коммуникативтік.

D) Болжау, диагностикалау.

E) Бағлау және бақылау.

*****


Педагогикалық процестің негізгі қарама-қайшылықтары топтастырылады:

A) Философиялық, психологиялық, педагогикалық.

B) Сыртқы, ішкі.

C) Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі жеке, топтық, ұжымдық қарама-қайшылықтар.

D) Педагогикалық процестің обьективті және субьективті қарама-қайшылықтары.

E)+ Тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтары, ұжымның дамуының қарама-қайшылықтары, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың қарама-қайшылықтары.

*****

Балалар ұжымы қалыптасуының екінші кезеңіне тән ерекшеліктер:



A) Ұжымның мақсатының әрбір мүшесінің іс-әрекеті үшін мотив болуы, ұжым ішінде ізгілік қарым-қатынастың қалыптасуы.

B) Тұлғаның ұжымда өзін көрсетуі үшін мүмкіндіктер мен жағдайлардың туындауы.

C)+ Ұжымның өзі-өзі басқаруға көшуі, сынып белсенділерінің әр түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыруы, шығармашылық ынтымақтастықтың пайда болуы, қоғамдық пікірдің қалыптасуы, ұжым дәстүрінің пайда болуы, ұжым мақсатының әрқайсысы үшін маңызды болуы.

D) Әр жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге, мінез-құлқын өзіндік реттеуге бағыттылықтың болуы.

E) Әр түрлі ынтал ытоптардың айқындалуы.

*****


Қазақстанда сынып жетекшісі қызметі алғаш рет енгізілді:

A) 1991 жылы.

B) 1986 жылы.

C)+ 1934 жылы.

D) 1945 жылы.

E) 1937 жылы.

*****

Тұтас педагогикалық процестің тәрбиелік механизіміне жатады:



A) Педагогикалық технологиялар.

B)+ Оқытушы мен оқушының өзара ынтымақтастық қарым-қатынасы.

C) Құралдар, түрлер, әдіс-тәсілдер.

D) Оқытудың технологиялық құралдары.

E) Мақсаты, міндеттері, мазмұны.

*****


Педагог-тәрбиешінің іс-әрекет жүйесі тұрады:

A) Тәрбиеленуші мен тәрбиешінің өзара әрекеттестігінен.

B) Мұғалімнің педагогикалық-ұйымдастырушылық, ұжымдық іс-әрекетінен.

C)+ Мақсаттылық, диагностикалық, ұйымдастырушылық, болжау, жобалау, конструктивтік, коммуникативтік, түзетушілік, рефлексивтік іс-әрекеттерден.

D) Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінен.

E) Мектептің тәрбиелік жұмыстар жүйесінен.

*****

Сыныптағы микротоптың тиімді құрамы:



A) Төрт адамнан тұратын микротоп.

B) Екі адамнан тұратын микротоп.

C)+ Бес адамнан тұратын микротоп.

D) Он адамнан тұратын микротоп.

E) Сыныпты екіге бөлу.

*****


Тәрбиенің заңдылықтары:

A)+ Оқыту процесінің тәрбие процесіне тәуелділігі.

B) Оқытудағы көрнекілік қағидасы.

C) Тәрбиенің қоғам талаптарына сай келуі.

D) Оқыту мен тәрбиелеуді технологияландыру.

E) Тұлғаның өзін іс жүзінде көрсетуі, өзін-өзі анықтауы.

*****

Сынып жетекшісі жауапты негізгі құжаттар:



A) Оқушының бос уақыттағы іс-әрекеті және оның орындалуы.

B) Жалпы мектептік тәрбие жұмысының жоспары, оларды өткізу әдістемесі.

C) Оқушының сабақтағы белсенділігі, оқу үлгерімі.

D) Сабақтан тыс уақыттағы оқушының жұмысы.

E)+ Сынып журналы, тәрбие жұмысының жопары, оқушылардың жеке іс-қағаздары, оқушы тұлғасының даму картасы, оқушының күнделігі, ата-аналар жиналысы және оның хаттамасы, тәрбиелік іс-шаралар үлгілері, әлеуметтік-психологиялық зерттеулер қорытындысы.

*****


Отбасының негізгі қызметтері:

A) Дидактикалық, арнайы, кәсіптік.

B) Шығармашылық, әдістемелік, диагностикалық.

C) Ұйымдастырушылық, технологияландырылған.

D) Әлеуметтік, қоғамдық, психологиялық.

E)+ Репродуктивті, коммуникативті, тәрбиелік, шаруашылық-экономикалық, рекреативті.

*****

Отбасының рекреативті қызметі:



A) Отбасы шаруашылығы мен қаржысын жүргізу.

B) Отбасында баланы тәрбиелеу.

C)+ Бос уақыттағы іс-әрекетті ұйымдастыру.

D) Баланың туылуы.

E) Отбасы ішіндегі қарым-қатынас.

*****


Отбасы тәрбиесінің құқықтық негіздері көрсетілген:

A) «Білім туралы» Заңда.

B) «Тіл туралы» заңда.

C) Ұжымның дамуы туралы заңда.

D) Жоғары педагогикалық білім тұжырымдамасында.

E)+ «Неке мен отбасы туралы» заңда.

*****

Отбасының педагогикалық процесі диагностикасының негізгі өлшемдері:



A) Оқушының сабақ үлгерімі, сабаққа қатысуы, мектетің қоғамдық істеріне қатынасуы.

B) Оқушының әлеуметтік белсенділігі, үйірмеге қатысуы, ғылыми жобаларға қатынасуы.

C) Отбасындағы бақылау әдістері.

D)+ Отбасының мінездемесі, адамгершілік-психологиялық атмосферасы, ата-анасының педагогикалық мәдениеті, оқушының мінездемесі.

E) Отбасыдағы ынталандыру әдістері.

*****


Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерінің деңгейі:

A) Саулығы, аман-есендігі, аман-есен еместігі.

B) Толық, толық емес отбасы.

C)+ Жоғары, жеткілікті, төмен.

D) Адамгершіліктік, психологиялық, материалдық.

E) Оқытушылық, тәрбиелеушілік.

*****

Мектеп пен отбасының өзара байланысының негізгі формасы болып табылады:



A) Ата-ананы мектепке шақыру.

B) Оқушының отбасына бару.

C) Күнделік жазу.

D) Оқушы арқылы қатынасу.

E)+ Ата-аналар жиналысы.

*****


Қазіргі заманда отбасының тәрбиелік әсері:

A) Жоғарлаған.

B) Өзгеріссіз қалған.

C)+ Төмендеген.

D) Нақты бағалау мүмкін емес.

E) Орташа.

*****

Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізіледі:



A)+ Оқу жылында 2 рет.

B) Жылына 4 рет.

C) Әр тоқсан сайын 1 рет.

D) Екі ай сайын 1 рет.

E) Уақыт талабына сай.

*****


Ұжымдық-танымдық іс-әрекет - бұл:

A)+ Әрбір оқушы субьектілік ұстанымын қалыптастыруға мүмкіндік алатын мұғалім ұйымдастырған оқушылардың бірлескен іс-әрекеті.

B) Мұғалімнің оқушылармен авторитарлық қарым-қатынасы қалыптасатын басқарушылық іс-әрекеті.

C) Мұғалімнің оқушылардың оқудан тыс бос уақытындағы іс-әрекетін ұйымдастыруы.

D) Тұлға ұжымның пікіріне бағынады.

E) Мұғалімнің оқушылардың адамгершілік сапаларын қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік іс-әрекеті.

*****

Ұжымдық-танымдық іс-әрекет формасына жатпайды:



A) Оқушының микротоптағы жұмысы.

B) Сыныптың топ арасындағы жарыс.

C) Танымдық процесті ұжымдық ұйымдастыру.

D) Тақырыпты ұжымдық талдау.

E)+ Оқушының сабақтағы жауабы.

*****


Ұжымдық оқыту тәсілдері мәселесін зерттеумен айналысқандар:

A)+ В.К.Дьяченко, А.Г.Ривин.

B) Ш.А.Амонашвили.

C) Р.Г.Лемберг, Н.Д.Хмель.

D) Г.А.Уманов, Қ.Б.Жарықбаев.

E) Ю.К.Бабанский.

*****

Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттің маңызды белгісі:



A) Оқытудың жекелік сипаты.

B) Оқушының өз бетімен жұмысы.

C) Басқарудың авторитарлық стилі.

D)+ Жалпы мақсатқа жету үшін ұжымның барлық мүшелерін біріктіру қажеттілігін оқушылардың саналы түсінуі.

E) Мектептік білім берудің сапасын арттыру үшін қазіргі ақпараттық оқыту технологияларын ендіру.

*****


Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттің бастапқы кезеңі:

A) Бірлескен іс-әрекет қорытындысын шығару.

B) Меңгерілген материалды тексеру.

C) Оқу материалының мазмұнын ашу.

D)+ Жоспарлау.

E) Ұжымдық-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру процесі.

*****

Ұжымдық-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру процесінде мұғалім сүйенеді:



A) Әріптестер көмегіне.

B) Мектеп әкімшілігінің көмегіне.

C) Сынып старостасының жұмысына.

D) Ата-аналар комитетінің жұмысына.

E)+ Оқу белсенділерінің жұмысына.

*****


Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру - бұл:

A) Оқыту процесін жекелендіру.

B) Оқушылардың жағымды адамгершілік қарым-қатынас тәжірибесін, өзаракөмегін, ынтымақтастығын қалыптастыру.

C) Оқу-тәрбие процесін технологияландыру.

D) Оқу белсенділерінің жұмысын құру және басқару.

E)+ Мұғалімнің оқушылардың білім, білік, дағдыны меңгерудегі белсенділігін, дербестігін арттыруға бағытталған мақсатты іс-әрекеті.

*****

Белсендірудің негізгі мақсаты – бұл:



A) Оқушылар ұжымын қалыптастыру және дамыту.

B) Мұғалімнің білімін жетілдіру.

C) Мұғалімдерді аттестациялау.

D)+ Білім алушылардың белсенділігін қалыптастыру, оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеру.

E) Белгілі бір оқу кезеңінде педагогикалық ұжымның жұмысын жаппай тексеру.

*****


Оқу белсенділігінің әдіснамалық негізі болып табылады:

A)+ Таным теориясы.

B) Тұлға теориясы.

C) Дайындық теориясы.

D) Ақыл-ой әрекетінің кезеңмен қалыптасу теориясы.

E) Тұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру технологиясы мен теориясы.

*****

Оқушылардың оқу белсенділігінің мәселесін зерттегендер:



A) Я.А.Коменский, Д.Локк, И.Г.Песталоцци.

B) Ш.А.Амонашвили, Г.А.Уманов.

C)+ И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, М.Н.Скаткин.

D) М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов,

E) Ы.Алтынсарин, Ж,Аймауытов.

*****


Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің маңызды тәсілдерінің бірі:

A)+ Іс-әрекеттік тәсіл.

B) Әдіснамалық тәсіл.

C) Мәдени тәсіл.

D) Аксиологиялық тәсіл.

E) Парадигмалық тәсіл.

*****

Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіруде маңызды тәсіл болып табылады:



A) Әдіснамалық тәсіл.

B)+ Тұлғалық-бағдарлық тәсіл.

C) Мәдени тәсіл.

D) Аксиологиялық тәсіл.

E) Парадигмалық тәсіл.

*****


Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру тәуелді емес:

A) Танымдылық мотивке.

B) Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне.

C)+ Ата-аналар жұмысына.

D) Мұғалімнің кәсіптілігіне.

E) Мұғалімнің коммуникативті қабілетіне.

*****

Оқушылардың танымдық белсенділігінің қозғаушысы болып табылады:



A) Қарама-қайшылық.

B)+ Танымдық қызығушылық.

C) Мұғалімнің жетекшілігі

D) Баға алу.

E) Мұғалімнің талабын орындау.

*****


Белсенді оқу – бұл:

A) Оқытушының дәрежесін оның беріп жүрген пәні арқылы анықтау.

B) Өз деңгейін көтеру.

C) Оқытудың жүйелілігі.

D)+ Оқу тапсырмаларын орындауға дайын болу.

E) Білімін жетілдіріп отыру.

*****

Оқушының өзін белсендіруінің жолдары:



A) Талдау мен пікірталасқа қатысу.

B) Сыныптастарының жауаптарына өз пікірін білдіру.

C)+ Әрқашан ағымдағы процеске талаптанып, жігерлене мақсат қою арқылы оқу.

D) Өз бетімен қиын тапсырмаларды таңдап алу.

E) Пәндік үйірмелерге қатысу.

*****


Қазіргі педагогикалық технологияларды зерттеумен айналысқандар:

A) Р.Г.Лемберг, Г.А.Уманов.

B) Д.Локк, Я.Корчак.

C) А.Дистервег, И.Г.Песталоцци, В.А.Сухомлинский.

D)+ В.П.Беспалько, В.М.Монахов, Г.К.Селевко.

E) А.С.Макаренко, К.Д.Ушинский.

*****

Қазіргі педагогикалық технологияларды жүйелеумен шұғылданған:



A) И.С.Кон.

B) Р.Г.Лемберг.

C) Қ.Б.Жарықбаев.

D) Г.А.Уманов.

E)+ Г.К.Селевко.

*****


Тірек сигналдары конспектісі негізінде оқыту технологиясының авторы:

A) Ш.А.Амонашвили.

B) П.М.Эрдниев.

C) И.Д.Первин.

D)+ В.Ф.Шаталов.

E) С.Н.Лысенкова.

*****

Проблемалық оқыту технологиясының авторы:



A) Р.Г.Лемберг.

B) Н.Д.Хмель.

C)+ М.И.Махмутов.

D) В.Ф.Шаталов.

E) С.Н.Лысенкова.

*****


Педагогикалық үлгілердің технологиялығының негізгі өлшемдері:

A)+ Тұжырымдылық, жүйелілік, диагностикалық, өңдірістілік.

B) Жекелік, саралық.

C) Басқарушылық, орындаушылық.

D) Көрнекілік, төзімділік, тарихилық, формалдылық.

E) Бірізділіктің , алгоритмділіктің жоқ болуы.

*****

Қазіргі педагогикалық технологиялардан күтілетін нәтиже:



A) Сапасы жақсартылған материалдық еңбек өнімі.

B) Қоғамның көркеюі.

C) Оқу үлгерімі.

D)+ Тұлғаның өзгеруі.

E) Табиғаттың өзгеруі.

*****


Қазіргі замандағы жаңашыл-педагогтар:

A) В.А.Сластенин, П.И.Пидкасистый.

B)+ Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталов.

C) Г.А:Уманов, Р.Г.Лемберг.

D) М.И.Махмутов, Ю.К.Бабанский, И.Я.Лернер.

E) А.Белль, Д.Ланкастер.

*****

Педагогикалық технологиялардың айрықша ерекшеліктеріне жатады:



A) Оқыту мақсатының көптүрлілігі, нәтиженің төмендігі, субьектінің бір жақты іс-әрекеті.

B) Оқыту мен тәрбиелеу процесі субьектілерінің іс-әрекет тәсілдерінің әр түрлі болуы.

C) Оқыту мақсатының бірнешеу болуы, оқушылардың алуан әрекетті орындауы және оның нәтижесі.

D)+ Оқыту мақсатының айқын және нақты болуы, жоғары нәтижелерге бағытталуы, субьектілер іс-әрекеті құрылымының өзгеруі, аралық және соңғы нәтиже мониторингі, тәжірибенің алмасуы.

E) Оқыту әдістерінің көптүрлілігі, көрнекілік қағидасының жүеге асуы.

*****


Педагогикалық инновация – бұл:

A)+ Педагогикалық жүйенің ішкі ресурстарын жинақтайтын және нәтиженің деңгейін көтеруге мүмкіндік туғызатын жаңашылдық идея.

B) Оқыту мен тәрбие әдістерін өзгерту.

C) Мұғалімдер мен оқушылардың жүктемесінің көлемін арттыру.

D) Педагогикалық еңбекке жоғары талап қою.

E) Қазіргі замандағы қоғамдық пікірдің бағыты.

*****

Мемлекеттік білім беру стандарты анықтайды:



A)+ Нормативті құжаттарда бекітілген білім беруге қойылатын міндетті талаптарды, оқыту мен тәрбиенің мақсатын, негізгі білім бағдарламаларының мазмұнын, білім алушының оқу жүктемесінің максималды көлемін, бітірушіні дайындау деңгейін.

B) Жеке тұлғаның салауатты өмір салтын қалыптастыру мен өзін-өзі тануын.

C) Белгілі бір салада ғылым мен мәдениеттің қазіргі жетістігі деңгейінде білім негіздерінің жүйелі баяндалуын, білімнің маңызды көзін.

D) Әр оқу пәнінен оқушылардың меңгеретін білім, білік, дағдысының мазмұны мен көлемін.

E) Білім беру жүйесін дамытудың тенденцияларын.

*****


Білім беру бағдарламалары – бұл:

A) Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

B)+ Барлық деңгейдегі және бағыттағы білім мазмұнын анықтайтын құжат.

C) Өзін-өзі тану бағдарламасы.

D) Сапалы білім беруді қамтамасыз ету.

E) Білім беру жүйесі мен оқу орындарының қызметін және олардың даму жолдарын реттейтін маңызы бар нормативті құжаттар.

*****

Қазақстан Республикасында 12-жылдық білім беру ұсынады:



A) 4 деңгейді.

B)+ 3 деңгейді.

C) 2 деңгейді.

D) 5 деңгейді.

E) Сынып бойынша 12 деңгейді.

*****


Халықаралық нормативті құжаттарға жатады:

A)+ Балалар құқығы декларациясы, БҰҰ-ң балалар құқығы туралы Конвенциясы, Балалардың өмірін қамтамасыз ету, қорғау және дамыту туралы жалпыәлемдік декларация, «Балалар өмірі үшін жарамды Әлем» декларациясы мен жоспары.

B) Ресей Федерациясындағы ұлттық білім беру жүйесі және білім туралы заңы.

C) Қазақстан Республикасындағы «Тілдер туралы » заң.

D) Білім беру жүйесін дамытудың тенденциялары.

E) Қазақстан Республикасының Конституциясы.

*****

Оқу бағдарламасы - бұл:



A)+ Әр оқу пәнінен оқушылардың меңгеретін білім, білік, дағдысының мазмұны мен көлемін белгілейтін құжат.

B) Оқу орындарында оқылатын оқу пәндерінің құрамын, оның оқу жылы бойынша өтілу тәртібі мен бірізділігін, әрі оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат.

C) Білім беру жүйесі мен оқу орындарының қызметін және олардың даму жолдарын реттейтін маңызы бар нормативті құжаттар.

D) Белгілі бір салада ғылым мен мәдениеттің қазіргі жетістігі деңгейінде білім негіздері жүйелі баяндалатын кітап, білімнің маңызды көзі.

E) Нормативті құжаттарда бекітілген білім беруге міндетті талаптар.

*****


Оқу жоспары - бұл:

A) Әр оқу пәнінен оқушылардың меңгеретін білім, білік, дағдысының мазмұны мен көлемін белгілейтін құжат.

B)+ Оқу орындарында оқылатын оқу пәндерінің құрамын, оның оқу жылы бойынша өтілу тәртібі мен бірізділігін, әрі оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат.

C) Білім беру жүйесі мен оқу орындарының қызметін және олардың даму жолдарын реттейтін маңызы бар нормативті құжаттар.

D) Барлық деңгейдегі және бағыттағы білім мазмұнын анықтайтын құжат.

E) Нормативті құжаттарда бекітілген білімге қойылатын міндетті талаптар, оқыту мен тәрбиенің мақсаты.

*****

Қазақстан Республикасында үздіксіз білім беру идеясы мен 12-жылдық орта білім беруге көшуді қарастыратын құжат:



A) БҰҰ-ң балалар құқығы туралы Конвенциясы.

B) Балалар құқығы декларациясы.

C) Қазақстан Республикасының Конституциясы.

D) Қазақстан Республикасында жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасы.

E)+ Қазақстан Республикасында білім беруді 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы.

*****


Оқулық – бұл:

A)+ Белгілі бір салада ғылым мен мәдениеттің қазіргі жетістігі деңгейінде білім негіздері жүйелі баяндалатын кітап, білімнің маңызды көзі, оқу бағдарламалары мен оқытудың мақсатына сай нақты оқу пәнінің мазмұнын баяндайтын оқу әдебиетінің жетекші түрі, оқыту құралының негізгісі.

B) Мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға жағдай жасайтын құрал-жабдықтар.

C) Оқыту әдістері мен ұйымдастыру формаларының ерекшеліктерін көрсететін құжат.

D) Оқушылардың оқу үлгерімінің көрсеткіштерін анықтайтын талаптар.

E) Пәнді оқытудың тәжірибесі мен авторлық әдістемесі.

*****

Орта білім мазмұнын сипаттайтын құжат:



A) Сынып журналы, табель, күнделік.

B)+ Оқу жоспары, оқу бағдарламалары, оқулықтар.

C) Сабақ жоспары, календарлық жоспар.

D) Мектептің уставы, педагогикалық кеңестің қаулысы.

E) «Білім туралы» Заң.

*****


Орта білім мазмұны – бұл:

A) Мектептің оқу процесіне қазіргі білім беру технологияларын ендіру.

B) Болашақ мұғалімдерді дайындау сапасын арттыру.

C)+ Оқушылардың ғылыми білім, білік, дағды жүйесін және адамгершілік-эстетикалық идеяларды меңгеруі.

D) Ғылым және практика интеграциясы.

E) Даралап және саралап оқыту.

*****

Басқару:


A)+ Адамның шығармашылық әлеуетін дамыту және көрсету үшін қажетті жағдайларды құру жолындағы оның белсенділігіне бағытталған тетік.

B) Практикалық іс-әрекетті жүзеге асыру.

C) Тәрбиелік іс-шараларды тексеру.

D) Жеткіншек жас ұрпақты тәрбиелеу.

E) Білім беру жүйесін басқару.

*****


Педагогикалық диагностика – бұл:

A) Адамның шығармашылық әлеуетін дамыту және көрсету үшін қажетті жағдайларды құру жолындағы оның белсенділігіне бағытталған тетік.

B) Тануға қажетті нысан туралы кез келген мәлімет емес, педагогикалық процестің негізгі сипаттамалар жағдайын бейнелейтін маңызы бар ақпараттар.

C) Білім беру процесін басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған әдістер, қағидалар кешені.

D)+ Педагогикалық процесс жағдайының себептерін анықтау, «педагог-оқушы» жүйесінің мүмкіндіктерін, олардың арасындағы қарама-қайшылықтарын айқындау және сипаттау үшін қажетті білім мен әрекеттің жиынтығы.

E) Теориялық білімді практикалық іс-әрекетке аудару бойынша педагогикалық әрекеттің кешені.



*****




Каталог: ebook
ebook -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
ebook -> Қазақстан Республикасының
ebook -> Қазақстан Республикасының
ebook -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
ebook -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
ebook -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
ebook -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
ebook -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
ebook -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
ebook -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет