Б а ғ дарлам а «медициналық биология»



Дата19.05.2017
өлшемі153,63 Kb.
#16410
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ

ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ

№49 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ

Ақтөбе қалалық білім бөлімінің

2015 жылғы «___» __________

№_______ бұйрығымен

Бекітілді



Б А Ғ Д А Р Л А М А
«МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОЛОГИЯ»
10-класқа арналған
Арнаулы курс

Ақтөбе қаласы, 2015ж.



Курс бағдарламасының негізі: 10-класқа арнаулы курс бағдарламасы

  1. С.А. Әбілаев пен Е.О. Қуандыковтың «Медициналық биология және генетика»;

  2. Г.Д. Васильеваның «Общая биология» еңбектері бойынша құрастырылды.


Бағдарламаны құрастырушы биология пәні мұғалімі Абдрахманова Арайлым Мақсатқызы.

Бағдарламаны пайдаланушы биология пәні мұғалімі Абдрахманова Арайлым Мақсатқызы.


№ 49 орта мектебінің бірлестік және әдістемелік кеңес отырысында

(мектеп, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымы атауы)

«Медициналық биология» арнаулы курс

(курс атауы)

бағдарламасы талқыланды

Хаттама № ______ «_____» _________________ 2015 жыл

Мектеп директоры _______________ Е.Ә.Нұрмахан

(қолы) (аты-жөні)
Қалалық сараптау комиссиясының отырысында «Медициналық биология» бағдарламасы мақұлданды.

Хаттама № ______ «_____» _________________ 2015 жыл

Сараптау комиссия төрағасы _____________ Ж.Ж. Мұхамбетова

(қолы) (аты-жөні)

№49 жалпы орта білім беретін

мектептің биология пәні мұғалімі

Арайлым Мақсатқызы Абдрахманованың

"Медициналық биология" атты

арнаулы курс бағдарламасына


П і к і р
"Медицина" адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.

Медицина адамтанумен бірегей байланыста бола тұра жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдардың барлық түрлерінің жетістіктерін ескереді. Медицинаның зерттеу мәселелерінің шеңбері адам өмірінің сан қырлы көріністерін қамтиды. Аталған курс мазмұны осы көрсетілген мәселелерді ашуға толық мүмкіндік береді.

Курс бағдарламасының мазмұнында тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым генeтика тарауы да қарастырылған. Бұл арқылы оқушылар атадан балаға берілетін тұқым қуалаушылық қасиеттерді толық меңгере алады. Сонымен қатар, аталған бағдарламада жұқпалы ауруларға байланысты ауқымды тарау қарастырылған. Осының арқасында оқушылар жұқпалы аурулардың түрлері мен алдын-алу шараларын оқытушымен бірлесе отырып талдай алады.

"Медициналық биология" арнаулы курс бағдарламасы білім алушыларға жалпы медицина саласы туралы, оның жеке салалары туралы және түрлі аурулар мен олардың алдын-алу барысын түсіндіруге арналған. Курс бағдарламасының жеке тақырыптары медицина саласының әр саласын шолу жасай отырып, оларды кеңінен ашуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама 10-классс оқушыларының жас ерекшеліктері мен білік-дағдыларына сай құрастырылған. Аталған бағдарламаны жалпы білім беретін орта мектептердің 10-кластарында жүргізуге болады.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік

мемлекеттік университетінің оқытушысы,

медицина ғылымдарының кандитаты, доцент Изимова Р.И.

Т ү с і н і к х а т

Қазіргі кездегі мектептерді дамыту бағыттарының бірі- білімді саралау болып табылады. Ол пәнді тереңдетіп оқытуға, арнайы және бағдарды сыныптарды оқытуға негізделген. Базалық деңгейдегі оқу материалдарының мазмұнына болашақ ұрпақтың биологиялық сауаттылығын, биологиялық мәдениетін көтеруге ықпал ететін маңызды білім мен біліктіліктер енгізілген. Бағдарлы деңгейде оқушылардың биологиялық мәдениетін қалыптастырушы білім, біліктіліктермен қатар, олардың білімін ары қарай жалғастыруға және кәсіби мамандыққа даярлауға қажетті білім мен оқушылардың жеке тұлғалық іс-әрекетіне көп көңіл бөлінген.

«Биология» оқу пәні ретінде, табиғат пен қоршаған ортаның және қазіргі дүние бейнесінің заңдылықтарын танып білудегі химиялық, географиялық, физикалық және басқа да білім салаларымен тығыз байланысты күшейтуге жағдай жасайды.

Бағдарлы білім беру бағдарламасы оқушылардың бойында біртұтас дүниетанымдық ұстанымды дамытуға бағытталған, сондай-ақ оқушылардың жоғары деңгейдегі жалпы мәдениетті және өз бетінше және кәсіби бағытын анықтайтын білім, дағды жүйелерін меңгеруге талпыныс жасауын қолдайды.

Білім беру бағдарламасының мазмұны биологиялық ғылымның негізгі категорияларын қарастыруға, мектептің бастауыш сатысында алған алғашқы биологиялық мәліметтерді теориялар шеңберінде жүйелеуге бағытталған және де оқушыларды биологиялық білімнің дамуымен, оның қазіргі ғылымдағы орнымен және рөлімен таныстырады.

Медициналық биология өз кезегінде оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануына және оны болашақта дамытуына арналған оқудың негізгі бөлігі болып табылады. Медициналық биология адам анатомиясымен тығыз байланысты болғандықтан бұл салада негізінен адамның денсаулығы мен оның ішкі мүшелерінің саулығы және тұқым қуалау ақпараты туралы, сонымен қатар замануи биотехнологияның бір саласы генетикалық инженерия туралы білім беріледі.


Курстың мақсаты:

Оқытуды қажетті дәрежеде дараландыру, әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетін анықтау үшін тиімді жағдай жасау.


Курстың міндеттері:

  • медициналық биология ғылымының негізгі қағидаларын, ағзалардың тіршілік әркеттерін, олардың жеке және тарихи дамуы, жүйесі, құрылымы, қызметі, адам әркетінің медициналық биологияда болатын өзгерістерге әсері туралы білімді қамтамасыз ету;

  • оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануы мен алдағы уақыттағы денсаулықтарын нығайтуға бағытталған мәселелерді шешу және тиімді пайдалана білулеріне бағыт-бағдар беру;

  • оқушылардың жалпы дүниетанымын қалыптастыруда биологиялық ұғымдарды, көзқарастарды, заңдылықтарды негізгі тірек ретінде пайдалана білу;

Күтілетін нәтижесі:

  • алға қойылған мақсаттар мен нақты міндеттерге қол жеткізу жолында оқушылардың биология пәнін жетік меңгереді;

  • оқушының медицина саласына қатысты мәліметтерді толыққанды біледі;

  • ағзаның күрделі жүйе екендігін ұғынады;


Пәнаралық байланысты қалыптастыру.

Практикалық, зертханалық жұмысты орындау барысында теориялық білімді пайдалану.

Медициналық биология заңдылықтарын түсіндіру барысында күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Бағдарлама оқушылардың жас ерекшелігі мен білік дағдыларына сай жасалған. Аптасына – 1 сағат, жылына – 34 сағат.



«Медициналық биология» атты арнаулы курс бағдарламасының мазмұны
Аптасына - 1 сағат, жылына - 34 сағат.
І. Медициналық биология (4 сағат)

Кіріспе. Медицинаның даму тарихы. Медицина ғылымын зерттеген Қазақстандық ғалымдар. Медицина ғылымын зерттеген шетелдік ғалымдар.



ІІ. Медициналық генетика (7 сағат)

Медициналық генетика. Жаңа ұғымдар мен терминдер. Қазақстанда генетика ғылымының дамуы. Жыныс генетикасы. Адам генетикасы . Генетикалық есептер шығару. Денсаулықтың генетикалық негіздері.



ІІІ. Жұқпалы аурулар (8 сағат)

Адам мүшелері ауруларының алдын-алу. Гигиена. Жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар. Адам ағзасының жеке дамуындағы физиологиялық өзгерістер. Адам ағзасының әр түрлі климаттық жағдайларға бейімделуі. Адам қорғаныш тапшылығының қоздырғыштығы (ВИЧ). Иммунитет. Ұрықтануға зиянды заттардың әсері. Адамның мінез-құлқы, қозу мен тежелу.



ІҮ. Тұқым қуалайтын аурулар (5 сағат)

Тұқым қуалайтын аурулар. Хромосомалық аурулар. Тұқым қуалайтын ауруларды емдеу. Туыстық некенің тиімсіздігі. Генетикалық есептер шығару.



Ү. Тұқым қуалаушылық (1 сағат)

Адамның тұқым қуалаушылығының зерттеу әдістері.



ҮІ. Генетика(4 сағат)

Генетика. Генетика эволюциясы. Генетикалық карталар.

Генетикалық есептер шығару.

ҮІІ. Генетикалық инженерия (1 сағат)

Генетикалық инженерия.



ҮІІІ. Өзгергіштік (4 сағат)

Өзгергіштік. Популяция және оның генетикалық құрамы. Вариациялық қатарлар құру. Қорытынды сабақ.



«Медициналық биология» атты арнаулы курстың оқу-тақырыптық жоспары
10-класс. Сағат саны – 34, аптасына – 1 сағат.




Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі


Медициналық биология (4 сағат)

1

Кіріспе

1




2

Медицинаның даму тарихы

1




3

Медицина ғылымын зерттеген Қазақстандық ғалымдар

1




4

Медицина ғылымын зерттеген шетелдік ғалымдар

1




Медициналық генетика (7 сағат)

5

Медициналық генетика

1




6

Жаңа ұғымдар мен терминдер

1




7

Қазақстанда генетика ғылымының дамуы

1




8

Жыныс генетикасы

1



9

Адам генетикасы

1




10

Генетикалық есептер шығару

1




11

Денсаулықтың генетикалық негіздері

1




Жұқпалы аурулар (8 сағат)

12

Адам мүшелері ауруларының алдын-алу. Гигиена

1




13

Жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар

1




14

Адам ағзасының жеке дамуындағы физиологиялық өзгерістер

1




15

Адам ағзасының әр түрлі климаттық жағдайларға бейімделуі

1




16

Адам қорғаныш тапшылығының қоздырғыштығы (ВИЧ)

1




17

Иммунитет

1




18

Ұрықтануға зиянды заттардың әсері

1




19

Адамның мінез-құлқы, қозу мен тежелу

1




Тұқым қуалайтын аурулар (5 сағат)

20

Тұқым қуалайтын аурулар

1




21

Хромосомалық аурулар

1




22

Тұқым қуалайтын ауруларды емдеу

1




23

Туыстық некенің тиімсіздігі

1




24

Генетикалық есептер шығару

1




Тұқым қуалаушылық (1 сағат)

25

Адамның тұқым қуалаушылығының зерттеу әдістері

1




Генетика (4 сағат)

26

Генетика

1




27

Генетика эволюциясы

1




28

Генетикалық карталар

1




29

Генетикалық есептер шығару

1




Гендік инженерия (1 сағат)

30

Гендік инженерия

1




Өзгергіштік (4 сағат)

31

Өзгергіштік. Модификация

1




32

Популяция және оның генетикалық құрамы

1




33

Вариациялық қатарлар құру

1




34

Қорытынды сабақ

1





Пайдаланылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:



  1. Әбилаев С.А., Қуандыков Е.О. «Медициналық биология және генетика». Алматы-Шымкент, 2004.

  2. Васильева Г.Д. «Общая биология», -М., Айрис-пресс, 2004.

Қосымша әддебиеттер:

1. А.Р.Рахышев. «Адам анатомиясы» -А.2005.1-2 тт.

2. Сәтбаева Х.Қ.,Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. «Адам физиологиясы» . (Оқулық). -Алматы «Дәуір», 2005.

3. Гайворонский,  И. В. «Анатомия и физиология человека» . Учебник для сред. проф. Образования. И. В. Гайворонский, Г. И. Ничипорук, А.И.  Гайворонский.-6-е изд., перераб. и доп. -М.:Академия, 2011.-496с.- (Среднее  профессиональное образование).



4. Сүйіндіков Ж.Т. «Адам және жануарлар физиологиясы бойынша практикум».

5. Воробьев В .П. Атлас анатомии человека , тт 1-3 ; М-Л ., Мегдиз , 1938-1942.

6Бруновт Е.П. Малахова Г. Я. Основы анатомии, физиологии и гигиены . А .1970.

7. Иваницкий М. Ф. Анатомия человека. М 1965.

8. Кабанов А. Н. Чарбовская А.П. Анатомия , физиология и гигиена детей дошкольного возраста. М. Просвещение. 1969.

9. Қонақбаева А.А. Биология сабақтарында ICT-технологияларын қолдану. 

10. Беленов Н. Ю. Условный рефлекс и подкорковые оброзования мозга . М. 1965.

11. «Биология салауаттылық негіздері» журналдары. №2, №4 2011 ж.

12. «Биолог анықтамалығы» журналдары. №1 (27), №2 (28) 2012 ж.



13. Интернет желісі материалдары.
Каталог: uploads -> doc -> 0784
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0784 -> Сабақтың тақырыбы Қазақ халқының наным-сенімдері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет