Б. Есбусинова Алматы облысы Талғар ауданы



Дата11.01.2017
өлшемі43,04 Kb.
#7082
Б.Есбусинова

Алматы облысы Талғар ауданы

Панфилов ауылындағы

№33 орта мектептің бастауыш

сынып мұғалімі
Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту
Ұстаз үшін үйрену-өмірдің биік талабы мен мақсаты,білгенін үйрету-жауапты парыз.Осынау мәртебелі міндетті мұғалім,негізінен,тіл арқылы іске асырады.Мұғалімнің негізгі тәрбие құралы-ана тілі.Заманымыздың белгілі ақыны О.Сүлейменов: «Адам тағдырын тәрбие шешеді,тәрбие құралы-сөз»,-дейді.

Оқушылардың көркем айшықты сөздерді қолдана білуін,жазба жұмыстарын жоғары деңгейде жаза білуін,өз ойын еркін жеткізуін мақсат етудемін.

Осы тұрғыда «Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту»бағдарламасын (СОРОС) негізге алдым.Жазу-сын тұрғысынан ойлаудың құралы,себебі ол оқушылардың бастапқы ойлары мен бейнелерін тауып,саралап,көркем жазып,есте сақтауға мүмкіндік береді.

Негізінен,жазу адамның өзімен-өзі әңгімелескендей,оқушылардың не жазғандары туралы әңгімелеуге және онымен бөлісуге мүмкіндіктер бар сынып бөлмесінде екі жақты қызмет етеді.Сонымен бірге жазуоқушылардың материалды тереңірек түсінуге жетелейді.Оқушы өз ойын жазып алады,тексереді,қызығырақ идеялар қосады.Бірлесіп жазу түрі сыныпта қауымдық рух қалыптастырады.Жазу оқушыларға өздерінің ойлары мен тәжірибелерінің басқалар арқылы бағалануына мүмкіндік береді.Ең жақсы идеялардың көбісі жазып отырғанда келетін болғандықтан,жазуға көп уақыт кетеді,яғни осы уақытта жаңа идеялар туындайды.

Өзім сабақ беретін 3-сыныпта оқушылардың жазба жұмысын шығармашылықпен жазуына көп көңіл бөлемін.Мысалы,РАФТ әдісі бойынша жазу.Бұл-роль,аудитория,форма,тақырып дегенді білдіреді.Оқушылар өздері жанды,жансыз бір нәрсенің роліне еніп,оны кімге,қалай не туралы айтатынын саралайды.Осы әдіс бойынша,бірнеше оқушымның жұмысын қысқаша айтар болсам,Жұмабай Б. деген оқушым «кітап» болып сөйлейді: «Оқушылар,мен сендердің достарың-кітаппын.Мен сендермен жақсы дос болғым келеді,көмектескім келеді.Ал сендер түсінбейсіңдер.Мені бояйсыңдар.Сол кезде менің бетім қатты ауырады.Тіпті кейде жыртасыңдар,сол кезде менің қолымды,не аяғымды сындарып жатқандарыңды ұмытып кетесіңдер-ау деймін.Жалынамын,мені Мадияр,Шынар сияқты таза,ұқыпты,қаптап ұстаңдаршы?!» Бұл жұмыста Р-кітап,А-оқушылар,Ф-хат,Т-тазалық. Ерболат Б. деген оқушым әкім болып жазыпты: «Қадірлі аналар!Мен сіздерді халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын.Сіздердің орындарыңыз біз үшін ерекше.Сіздердің алдарыңызда бар адмзат баласы бас иеді.Дендеріңіз сау болып,ұзақ жасаңыздар!» Бұл жұмыста Р-әкім,А-аналар,Ф-құттықтау,Т-мереке.Міне.оқи берсек,осылай жалғаса береді.Бірі-гүл,бірі-парта,бірі-есік,бірі-сыпырғыш болып,солардың атынан қызықты оқиғалар мен әңгімелер жазғанда,өзім кейде таңданып,кейде тамсанамын.

Екінші бір әдіс-әдебиеттік оқудан бір үлкен тақырып өтіп болған соң,10 минуттық ойтолғау жазғызамын.Онда оқушылар осы мәтіндегі оқиғаға өз көзқарасы,несімен ұнады,қалай әсер етті деген мәселелер төңірегінде толғанады.Мысалы, «Жақсыдан үйрен» тарауы соңындағы «Мен нені үйрендім?», «Мен қандай боламын?»шығармалары сәтті шықты.Оқушылар өз-өздеріне сырттай қарап,өздеріне баға бергені,тіпті,қызық.

Келесі – «Дөңгелек үстел» әдісі.Мұны жаңа сабақты бастар алдында жүргіземін.Оқушыларды екі топқа бөліп,жаңа сабақтың тақырыбы туралы не білетіндіктерін жазғызамын.Әр оқушы бір сөз,бір-бір сөйлем жазып,келесі оқушыға береді.Мысалы, «Арқарға үлкен мүйіз неге керек?»тақырыбын өткенде,әр оқушы өздерінің қызықты ойларын жазып,топ аяқтаған соң,кейбір балалар өз пікіріне күліп,кейбірі ұялып жатты.Мен ол пікірлердің де дұрыстығын айтып,мадақтап қойдым.

«Негізгі терминдермен жұмыс» әдісінде-түсініксіз суреттер ұсынылады.(тақырып бойынша)оқушылар сол элементтер бойынша оқиға құрастырады.Мысалы:




Осыларды оқушылар не деп елестетеді?Сол заттар бойынша әңгіме жазып шығады.Әр оқушы мұны әр түрлі қабылдап,түрлі әңгімелер жазылды.Мәселен,Серғазы Н.деген оқушым 1-үй,2-су,3-сандық,4-жүзік деп алып,былайша ертегі құрастырыпты: «Бір үйдің жалғыз баласы болыпты.Ол ер жетіп,теңіз кезіп,саяхат жасапты.Бір күні алдынан бір үлкен тас кездеседі,жігіт оны төңкеріп жіберсе,астында сандық жатыр екен.Онда бір жәндік бар екен.Сандықты ашып,сол жәндікті қолына ұстай бергенде,ол сұлу қызға айналып кетеді.Екеуі үйленіп,бір-біріне жүзік сыйлайды.»Қанша оқушы болса,сонша идея жарық көреді.Оқушылар бір-бірінің жазғандарын қызыға тыңдайды.

«Әр қалыпты жазу»әдісінде де сынып екіге бөлінеді де,әр топ жеке тақырып,кейіпкер алады.Сосын біреуі бастап,қалғандары ойды жалғастырады.Алғашқы жазбаларды кейінгі оқушылар оқымау керек.Жазу сауттылығына,мазмұнына көңіл бөлу керек.

«Білемін.Білдім.Білгім келеді.» «Б.Б.Б.» әдісі.Әр оқушы алдында жаңа сабақ басында осылай жазылған парақтар қоямын.




Білемін

Білдім

Білгім келеді









Сабақ басында мәтін авторы немесе кейіпкері туралы әр оқушы осы уақытқа дейін не білетінін жазып қояды.Мәтінмен таныс болған соң,енді не білгенін 2-графаға жазғызамын.Сабақ соңына 5 минут қалғанда не білгісі келетінін жазғызып алып.парақты жинаймын.Келесі сабақта өзім осылайша тапсырма аламын,яғни әр оқушы не білгісі келсе,соған әзірленемін.Білім қорын байқаймын,сабақтан не алғанын бағамдаймын.

Еркін жазу барысында көптеген ой айшықтары және өлең өрнектері де туындайда.Мысалы,Жәдігер Шынар есімді оқушым «Наурызға» байланысты тақырып өткенде,еркін жазу сәтінде:

Жыл басы-Наурыз,

Сөз басы-Наурыз

Көктем мен еңбек



Мейрамы-Наурыз,-деп жазды.

Осы әдістер барысында,ең бастысы,оқушылар ең үздік жазба жұмысын жазатын болады.Осылайша,туған тілге құрмет көрсетіп,тіл мәдениетін қалыптастыра алсам,менің мақсатымның жүзеге асқаны.Сын тұрғысынан ойлап,еркін жаза білген баланың сөздік қоры молайып,тілі байитыны сөзсіз.
Каталог: uploads -> doc -> 127e
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
127e -> Сабақтың тақырыбы: "Қазақ халқының салт-дәстүрлері"
127e -> Cабақтың тақырыбы: «Бесік жыры»
127e -> Сабақ Тақырыбы: «Гүл жасау технологиясы.»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет