Б. Х. Мусабаева 2 Зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар инженерлік-технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде оқу үдерісінде пайдалануға ұсынылған



бет1/7
Дата26.08.2017
өлшемі0,75 Mb.
#29735
  1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3 деңгейлі құжаты

25.02.2015 ж.

1 басылымы



Ф Р 042-1.02-2015-02

«Физикалық және коллоидтық химия»

пәнінен зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар



ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОЛЛОИДТЫҚ ХИМИЯ

ПӘНІНЕН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУҒА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

5B072100–«Органикалық заттардың химиялық технологиясы»

5B072000–«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»

мамандықтары бойынша білім алушыларға арналған




Семей-2015 ж.

1 ӘЗІРЛЕНГЕН


ҚҰРАСТЫРУШЫ «28» 08 2015г ж., Б.Б. Баяхметова, х.ғ.к., доцент м.а., Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің химия кафедрасы
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Химия кафедра отырысында



«28» 08 2015г ж., № 1 хаттама
Кафедра меңгерушісі Б.Х.Мусабаева
2.2 Зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар инженерлік-технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде оқу үдерісінде пайдалануға ұсынылған

«_____» қыркүйек 2015 ж., № 1 хаттама



Төрайымы А.Н. Нұрғазезова
Мазмұны

  1. Кіріспе

4

  1. Зертханадағы жалпы қауіпсіздік ережелері

4

Химиялық зертханада жұмыс істеу және қауіпсіздік ережелері




  1. Зертханалық жұмыс бойынша есеп беруге қойылатын талаптар

6

  1. Ұсынылатын әдебиет

7

  1. Зертханалық жұмыстар

Зертханалық жұмыс №1. Органикалық қосылыстар құрылысын молекулалық рефракция арқылы анықтау

7

Зертханалық жұмыс №2. Термохимиялық өлшеулер

9

2.1 жұмыс. Тұздардың еру жылуын анықтау


13

Зертханалық жұмыс №3. Ертіндідегі гомогенді реакциялардың тепе–теңдігін зерттеу

14

3.1 – жұмыс. Гомогенді реакциялардың тепе – теңдігін зерттеу


14

3.2 – жұмыс. Химиялық тепе – теңдік

16

Зертханалық жұмыс №4. Балқыма. Екі құрамдас бөлікті жүйенің күй диаграммасы

17

Зертханалық жұмыс №5. Үш құрамдас бөлікті жүйе ертінділердің өзара ерігіштігін зерттеу

18

Зертханалық жұмыс№6. Гальваникалық элементтің Э.Қ.К өлшеу

20

Зертханалық жұмыс №7. Әлсіз және күшті электролиттердің электрөткізгіштігін зерттеу

20

Зертханалық жұмыс №8. Ацетонның иодталу реакциясының жылдамдығын зерттеу

22

Зертханалық жұмыс №9. Дисперсті жүйені алу

25

Зертханалық жұмыс № 10. Қатты дене–ерітінді арасындағы адсорбция

28

Қосымша

32

1 Кіріспе
Химия эксперименттік ғылым ретінде қалыптасқандықтан зертханалық жұмыстар оқу үрдісінде осы пәнді оқытудың қажетті және міндетті бір бөлшегі болып табылады.

Зертханалық жұмыс сабақтың практикалық бағытын, теориялық білімді бекіту, тереңдету, студенттердің білімін жүйелеу, қалыптастыру жағын ескерген, сонымен қатар мамандыққа, пәнге деген қызығушылықты қалыптастырады.

Зертханалық жұмыстарды орындау барысында студенттер химиялық приборлар, құрал-жабдықтармен танысып, химиялық реактивтермен жұмыс жасау техникасын үйреніп, химиялық операцияларды орындап, тәжірибелік мәліметтерді өңдей білуге бейімделеді.

Кафедрада 5В060400 «Физика» мамандығында білім алатын студенттерге «Химия» пәнінен 3 кредит бөлінген, оны 1 кредиті зертханалық жұмыстар болып табылады. Әдістемелік нұсқаны дайындау кезінде зертханалық жұмысқа белгіленген уақыт мерзімі, тәжірибелердің актуальдігі, химия зертханасының қажетті заттармен қамтамасыз ету жағдайы ескерілген.

Әдістемелік нұсқауда химия пәнінің: әуелі химияның жалпы теориялық негіздері, сонан соң,  соның негізінде бейорганикалық   материалдарын қамтитын зертханалық жұмыстары келтірілген.
2 Химиялық зертханада жұмыс істеу және қауіпсіздік ережелері
Химиялық зертханада жұмыс істеу ережелері

1.Топтың студенттері жиналғанша, кезекші студент лаборанттан зертхананы қабылдап алуы керек.

2. Студенттер зертханаға халаттарын киіп кіреді, сабаққа керек құжаттардан басқанын бәрін лаборант көрсеткен жерге қояды (сумкаларды, бас киімді, т.б.)

3. Зертханалық жұмысты орындағанда студенттердің алдында керексіз нәрселер болмау керек, төгілген сұйықтарды дереу сүртіп алып, жұмыс орнын таза ұстау керек. Жұмыс аяқталғанда орынды бастапқы ретіне келтіріп, су құбырының кранын жауып, аспаптарды тоқтың көзінен алып, жарықты өшіру керек.

4. Реактивтердің сауыттарын тығындаулы күйде сақтап, тек қажетті кезінде ғана ашу керек және тығындарын ауыстыруға, артық алынған реактивті қайтадан сауытқа құюға болмайды, себебі реактив ластанып, пайдалануға жарамай қалуы мүмкін.

5. Құрғақ реактивтерді таза және құрғақ қалақшамен немесе пробиркамен алады.

6. Күміс, сынап, бром, йод бар ерітінділерді арнаулы сауыттарға ғана төгуге болады.

7. Топ студенттері зертханадан кезекшінің рұқсатымен, ал кезекшілер лаборанттың рұқсатымен кетеді.


Қауіпсіздік ережелері

1. Реактивтердің көпшілігі улы заттар болғандықтан, барлық қолданылатын реактивтерді "улы зат" деп сақтану керек

2. Ұнамсыз иісі бар немесе улы заттармен тәжірибелерді, қышқылдар мен қышқыл ерітінділерді буландыруды шкафтың ішінде орындау керек.

3. Тез от алатын заттармен (органикалық заттар) тәжірибелер от көзінен аулақ жерде орындалады.

4. Сілті металдармен жұмыс істегенде оларға су тигізуге болмайды, сактағанда минерал майларға салып сақтайды.

5. Тамшылары бетке тимес үшін, қыздырып жатқан сұйықтықтың немесе балқытып жатқан заттардың үстіне еңкеюге болмайды.

6. Заттарды иіскегенде, сұйықтың буын немесе газды мұрынға қарай қолмен сермеп иіскеу керек. Күшті уларды (мышьякты немесе фторлы сутекті) жалпы иіскеуге болмайды.

7. Кристалл түріндегі сілтілермен жұмыс істегенде (үлкен кесектерін үгіткеде, балқытатын қоспаларды дайындағанда) қорғауыш көзілдірік киіп, сілтіні тек пинцентпен алу керек.

8. Концентрленген қышқылдарды сұйылтқанда, әсіресе күкірт қышқылды, қышқылды ептеп суға құяды, керісінше жасауға болмайды.

9. Лабораторияда тамақ ішуге, химиялық ыдыстармен су ішуге, реактивтердін дәмін көруге, реактивтерді лабораториядан шығаруға болмайды.

10. Көпшіліктің пайдалануына арналған аспаптарды, ыдыстарды, реактивтерді өз жұмыс орнына әкетуге болмайды. Жұмыс кезінде пайдаланған әрбір нәрсені, реактивті бұрынғы орнына қою қажет.

11. Пробирканы қыздырғанда қысқышты пробирканың аузына таяу бекітеді.Пробиркада сұйықтық көп болса, алдымен бәр пробирканы жылтып алып, одан кейін төменгі жағын қыздыру керек. Сұйықтық аз болса, пробирканың төменгі жартысын жылтып алып, одан кейін тек сұйықтықты шайқап қыздырады. Жалынға еңгізгенде пробирканың сырты құрғақ болу керек. Қыздырған кезде пробирканың аузы ешкім жоқ жаққа бағытталады.

12. Сынаппен жұмыс арнайы ыдыстың үстінде орындалады.
Жедел көмек көрсету

1. Концентрленген қышқыл тиген жерді судың көп мөлшерімен дереу жуып, мақтаны таниннің спирттегі ерітіндісімен немесе 3%-дық калий перманганатының ерітіндісімен сулап, байлап тастайды. Қатты күйгенде дәргерге бару керек.

2. Сілтілер тиген жерді судың көп мөлшерімен жуып (сабындалуы яқталғанша), таниннің немесе 3%-дық калий перманганатының ерітіндісіне салынған мақтамен орайды.


Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет