Б. Майлин. «Раушан – коммунист» повесі



бет1/2
Дата08.12.2023
өлшемі67,5 Kb.
#195632
  1   2
Байланысты:
Бейімбеттің Раушан-коммунист повесі


Б. Майлин. «Раушан – коммунист» повесі

«Алба – жұлба қараша үйдің сырт жағынан қарасаң, іші өртеніп жатыр ма дейтінсің, булыққан түтін бұрқырап шығып жатыр. Үйдің ортасында үлкен қара қазан. Астында лаулап жанған от; қазанның ішінде бір үйріліп, бір бұзылып қайнап жатқан сабын. Төменгі жаулықпен басын тұмшалап орап алып, маңдай терісі тыржиып терлеп - тепшіп, Айнабайдың Зейнебі сапты қалақпен сабын былғап жатыр.


Ұлжан кемпір төменгі жаулығының шетімен көзінен аққан сорасын сүртті де, шаңыраққа қарап;
-Ақырзаманның күні де жел, түні де жел, бір жадырап ашылмады -ау, - деді.
- Шешей – ау, осы баяғы күннің бірі де жоқ қой, - деп Күлзипа Ұлжанның сөзін іліп ала жөнелді, - баяғыда, жас келіншек күнімізде мұндай «кер басқан» заманды көрген жоқ едік, ондағы заман қызық еді, күн де жадырап, көңілді көтеріп тұрушы еді ».
Екі әйел осылай баяғы замандарын еске түсіріп, бүгінгі заманның бұзылғандығын айта келіп, Күлзипа әңгімені Раушанға бұрады:
- Шешей – ау, баяғыда жас күнімізде, ердің бетінен алу дегенді білмейтін едік. Байымыз рұқсат бермесе, үйден аттап шықпайтын едік, Байдың бетінен алу мықты күнә деп саналушы еді. Осы күні соның бірі бар ма? Қит етсе осы күнгі жас келіндер, өзіңді үйден айдап шыққандай. Жаңа осында келерде Мырзағаның үйіне барып едім Раушан келін тымырайып, тарамыс есіп, байы мәсі жамап отыр екен. Мен барған соң Мырзаға: «Мына келіндеріңе қой десеңдерші. Мен айтсам, қарысып тыңдамайды, Жағыпардың мазақ қылып сайлатқанына әуреленіп жүргенін көрмейсің бе?! – деді. Мен аяп кетіп: «Келін , шырағым!» - деп бастай беріп едім, не бетімде айтайын, көпіре жөнелді: «Ешкімнің ақылының керегі жоқ, барамын деген соң барамын!» деп, ойбай, ұрысыңнаң аулақ, сендей көк долы өз үйімде де бар. Бармақ түгіл шоқынып кет, - деп үйден шыға жөнелдім».
- Ол бетпақ па, ол бетпақ айтар, - деп Ұлжан кәрленіп алды.
«Кеше сабынға су таситын адам керек болып, келінін жіберіп шақыртқанда, Раушан жұмысым бар деп келмеп еді. Содан бері Зейнеп те тісін қайрап жүр еді. Енді Күлзипаның Раушанға өкпелеп келгенін білген соң, кегін қалай аларын білмей жүрген Зейнеп те ашуға мықты мінді:
- Ана сорлы таздың жамандығы ғой. Әншейінде адамсып, мәңгірлеп сөйлер еді, енді қайда қалды екен? Малға алған күңді, тілін алмағанда , тіліп –тіліп алмас па?! – деп, шақыр – шұқыр еткізіп, былғап жатқан қазанның түбін ойып жібере жаздады.
Күлзипа баста, Раушанның әңгімесін бастағанда, қостаушылары бола ма, жоқ па деп екі ойлы болып бастап еді. Енді Ұлжан мен Зейнептің екеуі бірдей шіміркене сөйлеп қостаған соң, Раушанның әңгімесін тез доғарғысы келмеді. Раушанға көптен бері тісін қайрап жүр еді. Бәкентай Раушанға қаладан бір көйлек әкеліп, содан қалғанын балама көйлек тігіп берейін, - деп, Күлзипа сұрағанда, Раушан бермеген. «Сендер байларсыңдар ғой, кедейге телмірулерің ұят емес пе ?! – деп, Раушан кекетіп күлген, оның үстіне бүгінгі бетінен алғаны тағы қосылды. Енді Күлзипа аяр ма? Сөздің қызығына кіргендіктен, булығып көзіне кірген түтінді де елемеді. Есі – дерті Раушанды мұқатып кек алу болды. Екінші жағынан, Зейнептің ашуын сезген соң, Раушанды жамандасам, бұзаушықты (сабын) молырақ берер деген дәмесі де бар еді».
Жазушы үш әйелдің диалогы арқылы Раушан бейнесін ашады әрі заманның өзгергенін де аңғарта кетеді. Күлзипа: – Шешей-ау, айта берсең бірталай сөз болады; азған заманның несін көрмеспіз дейсің, құдай жазбасын да, есіткенде иманың түршігеді: Съезді коммунистер шақырыпты, – дейді; коммунист болған адам ол дүниеде алданың (Алла деген сөзді автор осылай берген) дидарын көрмейді, – дейді. Жарықтық Дырғынбай қалпе айтыпты ғой: коммуниске жазылғандарға жаназа шығаруға болмайды, оларды жумай көму керек деп. Ол кісілер біледі ғой».
Автордың осы сөздерін бұрынғы кеңес өкіметі кезінде келеке қылатынбыз. Кеңес үкіметіне молдалардың айтқанының қатысы жоқ деп, атеистік көзқараспен талдайтынбыз. Ал қазіргі көзқараспен коммунист дегеніміз – дінсіздер, құдай жоқ деп ел басқарғандар, Күлзипаның сөзі рас боп есептеледі. Бірақ автор өз көзқарасын білдірмейді.
Раушан жиналысқа бара жатқанда поселканы көріп таң қалады. «Апырмай, тұрмыстары қызық болады екен ғой: біздің ауыл сияқты көңнің арасында қоңырсып жатқан ел емес, үйлерінің арасы тап – таза, қаз – қатар тізіліп жарасып –ақ отыр! Дүниеде әйелден сорлы бар дейсің бе! Көретіні бейнет, ошақтың үш бұтында отырып, ешбір қызық көре алмай, дүниеден өтеді ». Бәкенше, « жаулығым шошаңдап қыдыруым ұят болар» деген ой Раушанда жоқ еді.
Раушанда алға ұмтылыс бар, елдің сөзін пысқырмайды, жұрт не ойлайды деген ұялшақтық жоқ. Жоғарыдағы әйелдердің сөздерінен Раушанның жуас еместігін, мінезінің тіктігін көреміз.Жиналысқа келген әйелдердің бәрі «Жасарымды жасағам, енді маған бәрібір» деп отырғандар, ішіндегі ең жасы Раушан болып шықты. Раушанға сөз береді: «Осы столдың басына келген адам сөйлеуге тиіс шығар деп ойлады. Тұла - бойы қалтырап, буыны босап, орнынан тұрды.
-Мен не айтайын, тек мына кісі айт деген соң айтайын деп тұрмын. Бұл кісінің мынадан бері айтқанының бәрі дұрыс. Түнеу күні біздің ауылдағы қисық аяқ Биағалардың қызы ұзатылды. Күйеуі алпысқа келген шал екен. Әйел өмірінде үйден шықпайды. Ауылдан басқа жерді көрмейді. Болыс дегенді қол жеткізбейтін аспандағы бір нәрсе шығар деп ойлаушы едім, енді бүгін бір столдың басында қатар отырмыз».
Қызының орнына кемпірін әкелген Ермақты да айтып кетеді.
Мәриям Раушанды елге үлгі етіп, бәрі қол соғып құттықтайды. Бәкеннің төбесі көкке тигендей болды.
Уездік жиылысқа Раушан өкіл болып сайланды. Онымен бірге Ермақтың қызы Дәметкен баратын болды.
Раушан мен Дәметкен , Бәкендер қалаға келеді.
-Дәметкен, мынаны – қарашы! Ойбай – ау, не бетімді айтайын, мына шіркін шашын қырқып қойған ба?
- Көйлегін қара!
- Масқара!
- Мына біреу жалаңаяқ қой!
- Тіпә, бәлекет өзіңмен кет!
- Әне, атсыз арба!
- Бетім – ай, сиқыр шырға.
«Магазиннің тұсынан өте бергенде, терезеден жайнап тұрған нәрсені көрді. Раушан көзін айыра алмай тұра қалды:

  • Апырмай, мына маталарды елге неге апармайды екен?- деді.

  • Ана бір қызыл сәтен Наушабайдың келінінің киетін көйлегі сияқты екен.

  • Байдың келіні болған соң алдырған ғой.

  • Мына бір пүлішті қарашы.

  • Ылғи қымбат нәрселер ғой.

  • Бетім – ау, мына бір аяқ киімнің өкшесі қалай биік еді?(екеуінің әйелдік таңсаққойлығы байқалады).

Екеуі Мәриямнан адасып қалады. Бір оқызан қазақ жігіті кездеседі. Екі әйел жағдайын түсіндіреді «Өзі паңданып, қалтасынан шылым шығарды. Тартасыздар ма деп Раушан мен Дәметкенге ұсынды.
- Тартыңыздар, қорықпаңыздар, керектерің Мәриям болса, мен қазір тауып берейін ,- деді. Мәриямды тауып берем деген соң Раушанның жүрегі орнына түскендей болып, жігіттің қолы мақрұм болмасын деп шылымның біреуін өзі алып, аузына тістеді, біреуін Дәметкенге берді.
Буфетке барып, жігіт зорлап отырып Дәметкен мен Раушанға екі стаканнан пиво ішкізді.Өзі қызып алып, әңгімені түйдек, түйдегімен жіберді.
Раушан уездік жиналысқа қатысқан соң, Әбдіштермен қаланы аралайды. Бәкенде пивоға үйір болған екен. Екі әйелге портвейн береді. «Раушан сампылдап сөйлеуге айналды. Қайдағы –жайдағыны айтып, Бәкен де көкіп жөнелді.Сап-салмақты Дәметкен де, бұлттан шыққан күндей, шырайы жанып ашылып, езуін жимай күлуге айналды. Әбдіш Дәметкеннің о жер, бұ жерін бір ұстап, қытықтап, бұлқынғанда құшақтап қалып отырды. Бақа жігіт абайламай тиіп кеткен қылып қолын Раушанның қолына қақтырады, бетін бетіне тигізіп қалады. Бақа жігіт қолын столдың астына жүгіртіп, Раушанның қолын ұстап, қысты. Раушан албырттанып отырып, көзінің қиығымен бақа жігітке қарап, шыдай алмай күліп жіберді. Қуланып, бақа жігіттің қолын бұ да қысты.
Бәкен 3 рюмка арақ ішіп, құлайды. «Соңғы стаканын ішкенде тың сияқтанса да, Раушан бірден әлсіреп сала берді. Жүрегі лоблып аузына тығылып, басы шыркөбелек айналып кетті ...
– Әлдене уақытта, көзін ашып алғанда, Әбдіштің Дәметкенді құшақтап сүйіп отырғанын көрді.
– Әй, ұятсыз, сүйме! Нең бар біреудің қызында ....
Сенің некелі адамың емес! – деп, ұмтыла берем дегенде, арт жағынан біреу құшақтай алды. Бақа жігіт екен:
– Жеңгей, мазаламаңыз, олар қызыққа бата берсін, біз де өзімізше қызыққа батайық!- деп , сүюге ыңғайланып, ыстық лебін Раушанның бетіне жақындатты. Раушан тітіркеніп кетті. Ашулы екпінмен бақа жігітті кеудеден итеріп кеп қалып еді, бақа жігіт столды жастана құлады».
Осы кезде қазақ милиция келіп қалады.
Ертесіне Раушан Мәриямның жігітінің суретін жыртып тастамақ болады. Есіне түндегі Әбдіштердің қылығы түскен еді. «Ұятсыз! Әбдішке ұсап, ілгері тілеулі жас қызды әурелегелі жүр екен! Оқыған еркекте дін жоқ екен!» деп, суретті жыртып: Мәриямның денесіне жабысқалы тұрған «арам қолды» бітірмекші еді.
Мұнан байқайтынымыз: қаладағы оқыған еркектердің сол кезде бұзыла бастауы. Оған себеп – арақ-шарап. Мұсылман дінін сол 20 ғасыр басында аяқ асты ете бастағанын көреміз.
Раушанның жалғыз-ақ ұстап қалғаны « оқыған еркек жауыз »деген сенімі болды.
Мәриям Раушанға Әбдіш секілділер бар, бірақ барлық оқыған еркектер туралы олай ойлауға болмайды дейді. Сөйтіп Мәриям Раушанды Әбіл деген танысымен таныстырады. Екеуі Раушанда ауылнай сайлаймыз дейді.
Раушан ауылнай болған соң көрші ауылдағы Демесін деген осы үйді жағалап, Бәкенмен жақын болып кетті. «Раушан мен екеуін бір рет қонаққа да шақырды. Оның келген жұмысы: қызымды мал алмай ұзаттым деген қағазға ауылнайдың мөрі керек екен дейді. Бәкен:
– Қатынның қойнындағы мөр сіздің керегіңізге жарайтын болса, бастырып берейін, сізге қызмет қылмағанда кімге қылмақшымыз! – деді. Демесін Бәкен мен Раушанды үйге кеп, соғым жеп кетіңдер деп шақырып кетеді. Бәкен оған әлдеқандай боп қалады.»
Раушан Демесіннің өтінішінен бас тартады. Суға бара жатқанда Айнабайдың қызына суға барайық дегенде, қыздың шешесі:
– Азғынға еріп азайын деп жүр екенсің, ендігәрі соған ергеніңді көрейін! – деп тықыртты.
Ауылдың Раушанды ұнатпайтыны байқалады. Бәкен Раушанға өкпелеп жатып қалады. Жақсылық Раушанның қағаздарын жазуға келгенде Бәкен:
– қағаз жазатын болсаң, күндіз кел, түнде мазаны алушы болма, жина! – деді, Раушан:
– Жаз, үкіметтің қағаздарын сандыққа жиып қойып, мен басымды Сібір жібере алмаймын!
– Әй, қоясың ба?

  • Қоймағанда қайтпексің, ұрмақпысың? Ұрып көр, пұртекел істеп өзіңді қазір айдатып жіберейін!

Бәкен үйден кетіп қалады. Үйіне екі – үш күн келмейді. Ермақтың үйінде жатады. Күлзипа өсек тасумен болады.
– Коммунист болыпты деп ем ғой, рас екен, Мырзағаны үйінен қуып шығыпты, қараңғы үйге айдатам депті.
Бетім – ай, мұндай әйелді кім көрген?!
Байы да бір сорлы, айтқанын істеп ерді де жүрді. Бастан қатаң ұстау керек еді, қалаға апармау керек еді...
– Шешей – ау, сен білетін шығарсың, ана хатшы бала мен Раушанның көңілі жақын деген рас па екен? – деп бір қатын Күлзипаға төне түсті.
– Бәрі рас, келін бұзылған адам ғой, – деп Күлзипа оны шынға шығарып қойды.
Бұл жерде шығарманың шиеленісін көреміз. Раушан жалғыз қалды. Раушан жұрт өсектеп жүрер деп хатшыны үйіне жолатпады. Есігінің алдына шығып тұрғанда бір –екі әйел су әкеле жатыр екен:
– Бозбала қарап тұр-ау! – деген сөздерін Раушанның құлағы шалып қалды. Раушанға мылтықпен атып жібергеннен ауыр тиді.

  • не айтып барасың, шешей? – деп Раушан сұрланып, ілгері қарай

жүрді ».Әйелдер сөйлеспей кетіп қалады.
Ауыл әйелдерінің ешқайсысы Раушанмен сөйлеспейтін болды. Бәкенді алып келейін деп Ермақтың үйіне бара жатқанда Қайырбайдың есігінің алдында үш – төрт еркек сөйлесіп тұрады.
Раушанды көргенде сөздерін қоя қойып бәрі қарай қалады. Қайырбай күйінген пішінмен:

  • Әй, құдай -ай, көрмегеніміз көп екен ғой! – деді,

  • Бәкеннің нашарлығы ғой, қақаңдатып қойғанша, осы қатынды

тіліп – тіліп салмас па?! – деп екінші біреуі күш қосты.

  • Бәкен қалай ұрсын, қит етсе, протокол істеп түрмеге айдатам деп

отырса өзің де қорқарсың?- деп толықша келген жылтың сары жігіт Бәкенді жақтаған болды.
Қайырбай кейіп қалды:

  • Ауылнайдың протоколынан өлген адамды көргенім жоқ. Басымды

мың жерден Сібірге айдаса да, өз қатыным болса тіліп – тіліп алар едім.
Қайырбайдың кіжінген сөзін тұсынан өтіп бара жатып Раушан естіп қалды. Естіп қалды ғой дегендей жанында тұрған кісі Қайырбайды таяғымен түртті.

  • Есітсе есіте берсін, қатыннан қорқып, айтатын сөзімді айтпай тұра алман – деп Қайырбай даусын шығарып сөйледі.

Раушан ызаланып Бәкенге келеді. Бәкен сөйлемей жатып алады. Осы кезде Күлзипа кіреді.
– Немене, сорлыны енді мұнда да тыныш жатқызбайын дедің бе? Әбден сағынып бара жатқан шығарсың!- деді. Раушан ызаланып қалтырап қоя берді.
– Жұмысың болмасын, бай өзімдікі!

  • Байыңның көп екенін білеміз, - деп Күлзипа мысқылдап күлді.

Раушан ашуланып, жылап жібереді, Күлзипаның шошынан жұлайын деп еді, әкім адам кісіге қол қатпау керектігі есіне түседі.
Бәкен Раушанды кеудесінен итеріп жіберіп, екіншісінде аяғымен теуіп жібереді. Раушан шалқасынан құлайды.
Үйден шыққанда Қайырбайлар әлі сөйлесіп тұр екен, Раушан тура соларға қарай жүреді. Еркектер ажырайысып қарайды. Өйткені бұрынғы ауыл салтында еркектер тұрған жерге әйел бармайды.
Раушан Қайырбайға салығыңды неге төлемей жүрсің, 150 сиырыңды 50 сиыр деп жаздырыпсың, болысқа айтып, малыңды сатуға шығарам – дейді.
«Қайырбай қысылып сала берді. Былайғылар бір - біріне қарап жымыңдасты:

  • Келін ашулы екен. Келінді ашуландырған әлгі Бәкен шығар. Ол

итке үйіңе бар деп айтайыншы?- деп Қайырбай мәймөңкелей бастады.
– Жоқ, қайнаға, ол екі араға делдал болмай - ақ қойыңыз. Табысқымыз келсе өзіміз де табысамыз. Бүгіннен қалдырмай налогты салыңыз. Бүгіннен қалдырсаңыз, маған өкпелемеңіз! – деп Раушан үйіне қарап жүре берді.
–Бай - бай, ызғарын-ай! Баяғы Бейсенбай болыстан да қатаң ғой! – деп жұрт бастарын шайқасты.
Осылай оқиға әбден шиеленіседі. Бүкіл ауылдан Раушан жалғыз бөлініп қалады.
Бәкеннің мінез көрсетуіне себеп – ауыл қарияларды Бәкенді шақырып алып, әйеліңе ие бол, бар істі қолыңа ал, өзің биле деп, уәдесін алған.
Раушанды теуіп жіберіп Раушан жылап шығып бара жатқанын көргенде, Бәкен Раушанды шақырып алмақшы болған. «Мұны да айтатын еді, пеш жанында тұрған Күлзипаның тесіле қарағандығы ұстап қалды».
Бәкенді қайрап отырғандар – Күлзипалар, әйтпесе, Бәкен бос адам.
Раушан Орынборға оқуға кетеді. Бәкен ауылнай болды. Көрінген қағазға мөр қоя беріп, 3 жылға сотталады. Раушан оқудан келгенде Бәкен мен табысады. Бірақ жазушы соңғы жағына «тап жауы», «бай», «кедей», Ленин, Маркс дегендерді Бәкенге айтқызып қояды. Шығарманы таптық көзқараспен аяқтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет