Б. С. Оралбекова 05 ж



бет2/4
Дата31.12.2019
өлшемі123,06 Kb.
#54963
1   2   3   4

Аралық бақылаулар:

  1. «Ым-ишара тілдері және шиеленістер» тақырыбы бойынша коллоквиум (6 апта)

  2. Стресс және невроздарға шалдыққан клиенттермен жұмыс жасау бағдарламасын жасау және қорғау (12 апта)



СӨОЖ тапсырмалары



Мазмұны

Өткізу мерзімі

Балдары (макс.)

1

Логикалық схема: «Конфликтологияның қалыптасуы мен даму тарихы»

2

3

2

Реферат: «Қарым-қатынас түрлері»

4

3

3

Қарым-қатынас психологиясы бойынша тест тапсырмаларын дайындау

6

3

4

Эссе: «Шиеленістік жағдайлардан қалай аулақ жүруге болады?»

8

3

5

Реферат: «Конфликт түрлері»

10

4

6

Фрейд психоанализі бойынша конфликтік жағдайларды талдау (тұлғааралық және ұйымдағы)

12

4



Барлығы



20



Ескертпе: Жазбаша жұмыстарды бағалауда (реферат, конспект, сөзжұмбақ) келесі критерийлер есепке алынады:

    1. тапсыру мерзімдерін сақтау және жұмыс талаптарын толық орындау;

    2. барлық жазбаша жұмыстарда қолданылған әдебиеттер, нұсқаулар болуы керек;

    3. сіздің жұмысыңызда ұтымды ақпарат болуы қажет және қарастырылатын сұрақ бойынша Сіздің ойлау процесіңіздің логикасын бейнелеуі керек. Аяқталмаған жазбаша жұмыстар есептелмейді.



ПӘННІҢ ОҚУ МАЗМҰНЫ

МОДУЛЬ 1. КОНФЛИКТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1-дәріс. Қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуы. Конфликтология ғылымы. Даму тарихы мен зерттеу объекті. Зерттеу әдістері. 2 сағат.

Қарым-қатынас – бұл адамның басқа адамдармен өзіндік өзара әсерлесуі және біріккен іс-әрекетте өзара қатынасының дамуы. Қарым-қатынастық кедергілер қарым-қатынастың нәтижелігі біздің қоршаған ортаны және адамдарды қабылдауымызға байланысты. Олар психикалық кедергілер қарым-қатынастағы кедергілер адамның өзара үйлесімді ара қатынас жасауына түрлі сатыдағы кедергілер. Адамдар жан-жақты дамыған қалпында жаралмаған, сондықтан реніштерді көңілге алып қалып, есесін түгелдей қайтару үшін ызамен жауап береді. Әрине, ренішті кешіре білу – бұл жоғары жетістік және этикамен қоса барлық діндер мұны құптайды. Бірақ осындай жетістікке барлық адам жете қоймаған өз ар-намысын, өз жан тыныштығын сақтау адамзат қажеттіліктерінң бірі болып табылады. Даулы мәселені шешуде адамның бойындағы барлық игі қаиеттерді қалыптастыру үшін адамдармен бірлесіп әр түрлі жаттығулар жасауы, өмірлік жағдаяттарға байланысты пікір алмасуы, оның дұрысбұрыстығын талқылауы жүйке жұмысының қызметін нығайтып, түрлі ауру-сырқаудың алдын алуға мүмкіндік береді.

Қарым-қатынас – тұлғаның сыртқы объектіге, адамға, рухани байлыққа, әлеуметтік ортаға қатынасын білдіретін экзопсихикалық ұғым. А.Н.Леонтьев, И.Ф.Харламов қарымқатынас ұғымына мотив ұғымының мазмұнын, В.Н.Мясищев оны қажеттілік ұғымының мазмұнымен теңестірген. Кейбіреулері қарым-қатынастың бағыттылықпен (Н.Д.Левитов), позициямен (Б.Г.Ананьев, А.К.Маркова), сезіммен (С.Л.Рубинштейн), мінез-құлықпен (Б.Н.Теплов), қызығушылықпен (П.И.Иванов, А.П.Архипов), әлеуметтік белсенділікпен (Б.Ы.Мұқанова) байланыстылығы туралы пікірлерін айтқан.

Қарым-қатынасты қызметтік тәсіл позициясы тұрғысынан зерттеушілер И.А.Зимняя, А.Н.Леонтьев және Г.М.Андреевалардың пікірінше, қарым-қатынас – бұл адамдар арасындағы байланысты орнату мен дамытудың, олардың арасындағы бірлескен қызметтік қажеттіліктерден туындайтын, сонымен қатар өзара ақпарат алмасу, өзара байланыстың біркелкі стратегиясын қалыптастыру, басқа адамдарды қабылдау мен түсінуді қамтитын күрделі көп салалы үдеріс.



2-дәріс. Конфликтология бойынша жалпы теориялар. Шиеленіс жағдайларының туындауы. Себептері. Құрылымдары. Функциялары. Динамикасы. 4 сағат.

Алғашқы ғасырлардың өзінде-ақ адамзат өмірінде болған қақтығыстар мен олардың шешілу жолдары жайлы көп толғаған. Конфликт бұрыннан ғылыми зерттеудің обьектісі болмаса да, оның өзіндік тарихы бар және кейбір басқа ғылымдармен салыстырғанда оның тарихы көне заманнан бастау алады. Ежелде конфликтінің пайда болу себебі билік үшін, тіршілік үшін күрес соғыстары болған.

Гераклит (530-470ж.б.з.д.). дүниеде барлық заттар мен, ұғымдар соғыстың арқасында пайда болған деп ойлайтын. Ол үшін «соғыс – барлық нәрсенің патшасы».

Гераклиттің ойымен бөліскен Эпикур (341-270ж.б.з.д), онда ұрыс адамдарды мейірімді және ұрыссыз өмір сүруге жетелейтін ұрыс деп тұжырымдады.

Бастапқыда адамдарды табиғатынан жүйкесі жұқарған деп санаған Аристотель (384322ж.б.д). Аристотель негізгі қақтығыстың қайнар көзі адамдардың тұрмыстық жағдайының жоғары немесе төмендігінен туындайды.

Платон (472-347ж.б.з.д) – халық алдында құл иеленушілік мемлекетті жойып, күштеп жасалатын қақтығыстарға қарсы екенін айтып жеткізген. Ол соғыссыз өткен кезеңдерді «Алтын ғасыр» деп атады.

Орта ғасырда христиан философиясы библиямен сәйкес татулықты, адамгершілікті адамдар арасында татулықты дәлелдегісі келді.Осы тақырыпта ең ұлы ғалымның бірі Фома Аквинский (1224-1274).

Жаңару заманының ғалымдарының бірі Эразм Роттердамский (1469-1536) өз ойынша қақтығыстың нақтылығын белгіледі.Қақтығыстың тез өршитіндігі және жаңа адамдарды еліктіреді. Эразм Роттердамский қарсылас беттердің табысуы ұқсас рухани ойларды ұстанған жағдайларда қиын екендігі туралы айтты. Ал Фрэнсис Бэкон (1561-1626) қоғамдық ұрыстардың сылтауына талдау жасап,оларды қалайда жеңу жолдарын қарастырды.

Ең басты қақтығыстың туындауы – халықтың төмен тұрмыстық жағдайы.

Жан-Жак Руссо (1712-1778ж) - оның ойы бойынша адамдар бірдей және тәуелсіз деп санады Кейін мәдениеттің дамуымен бірге бұл қалыпты адамдар жіберіп алды Бірақ қоғамдық келісім шартқа отырып, олар татулық пен

ауызбіршілікке қайта оралды

Жаңа ғылымның қалыптасуына өз ойларын қосып дамытқан социологтар Томас Мальтус (1766-1834)ол жұмыссыздықтың себебі халықтың экономикалық өсуіне қарағанда, халық санының артқандығын дәлелдеді.

Герберт Спенсер (1820-1903)қоғам өмірінің негізі өмір сүру үшін көбінесе бейімделген жеке тұлға күресінің ұстанымы деп есептеді.

Уильям Самнер (1840-1910) - өмір сүру үшін күрес ең басты прогрестік фактор болып табылады.Өмірде әлсіздер, нашар адамдар қауымы өліп, ал жеңімпаздар ең мықты адам және құнды адамдар болып табылады.

Карл Маркс (1818-1883)автор қақтығыстың социологиялық теорияларын бекітіп, социологиялық қақтығыстар ұжымдық күресте қоғам өмірінде өшпейтін құбылыс.Капиталистік қоғамның қақтығысуының себебі жұьысшылар мен капиталистердің табыспайтындығынан тұрады.

Толкотт Паронстың Қақтығыстардың қазіргі теориясы бойынша ол даудамайсыз қатынас жүйесін жақтайды. Халықтың табиғи көңіл-күйі-әлеуметтік жағдай, ал қақтығыс қоғамның кеселі, ол кеселді емдеу керек дейді. Парсонс әлеуметтік өсу кезеңінде қақтығыс қалыптасқан еді. Халықтың қажеттілігі мен талабы өсуіне байланысты, қақтығыста, қарамақайшылықта өседі.

Конфликтіге (латын тілінде conflictus – қақтығыс) қазақ тілінде нақты бір атаумен айдар тағуға келе бермейді. Қазақ тілінде «дау»: егес, керіс, жанжал деген мағынаны берсе, «шиеленіс» сөзі талас-тартыс, айтыс-тартыс дегенге саяды. Ал «қақтығыс» бірінші мағынасында айқас, шайқас деген мағынаны берсе, екінші мағынасы осы конфликтіге жақын: қағысып, керісіп қалу, пікір таласы деген түсінікті береді. Әрине, қазақ тілінің синонимдік қатары бай: сондықтан, мәтіннің мазмұнына орай, шиеленіске түрлі атаулар берілетіндігі заңды деп білеміз.

Тұлғааралық шиеленіс мәселесі шетелдік, отандық зерттеушілердің: С.И.Ожеговтың

Н.И.Кондаковтың А.Н.Леонтьев, В.С.Мерлин, А.И.Анциферова, Жан Пиаже,

А.В.Петровский, Л.Козер, А.Я.Анцупов, В.Конюх-Синица, Э.Шкиль, Т.Полозова, А.И.Шипилов, Е.Бабосов, Л.Ахметова, С.Сүлейменова, Ұ.Абуталипова т.б. еңбектерінде қарастырылған.



МОДУЛЬ 2. КОНФЛИКТ (ШИЕЛЕНІС) ТҮРЛЕРІ

3-дәріс. Тұлғаішілік шиеленістер. Түрлері. Стресс. Стресс – шиеленіс туғызушы ретінде. 3 сағат.

Қақтығыстың шығу дәрежесіне қарай төрт қақтығысты жағдай және тәрт инцидент типтері анықталынды: әдейі-мақсаттылық, әділ-мақсатталмаған, субъективті (өз пікірінше, өздігіне) мақсаттылық, субъективті-мақсатталмаған

Қақтығыс жағдайлары мен инцидент параметрлеріне белгілей келе біз түрлі қақтығыстарды анықтаймыз. адамның еңбек әрекеті кезінде болатың қақтығыстар іскерлік деп аталады.

іскерлік қақтығыстардың нәтижесі эмоционалд-тұлғалық қақтығысқа ауысады.

Тұлғалық қақтығыс сипаттамасы, комплекстер, жоғары өзіндік баға, ескертулер, сын қою, жағымсыз психикалық жағдай, өзінің қауіпсіздігіне үрейлену және тб.

Тұлғаралық қақтығыстың себептеріне сипаттама. Мінездердің сәйкес еместігі, қызығушылықтардың қарама-қарсылығы, ішкі өкпе және қарсы тұру, кеңестерді ілу.

Өндірістің іскерлік қақтығыстың себептері: еңбек келісімі, құқық пен мідеттердің сай келмеуі, бәсеке, жалақыға қанағаттанбау, еңбек және жұмыстағы бірқалыпты жағдайдың нашарлығы, басшы беделі, этиканы сақтамау, алдау және тб.

Топаралық қақтығыс – тұлға аралық қақтығыстың бір түрі. Мұнда қақтығысқа түсуші жақ әлеуметтік топ, бір-бірінен іс-әрекеттері арқылы кедергі жасайды және мақсаттары әртүрі :

а) рөльдік қақтығыс – бір жағдайда адамдардан бірдей екі немесе сәйкес келмейтін бірнеше рольдердң орындауды талап етеді және мінез-құлық типтері.

б) моно және поликаузальді қақтығыс(латынша, causa-себеп), өзіндік ретінде бір немесе бірнеше себептер сәйкестенеді.

Тұлғааралық және өндірістік қақтығыстар бірнеше себептерден тұрады.

Ішкі тұлғалық қақтығыс – ол бір адамды қызығу, қажеттілік және мотивтердің қарамақарсы соқтығысуынан пайда болады. Олардың негізгі тұлғаның негативті психологиялық жағдайы : ішкі уайым, реніш, көңіл қалу.

Психолог К. Левин ішкі тұлғалық қақтығыстың бірнеше түрлерін анықтады:

а) «Жақындасу-жақындасу» - ситуация, мұнда адамға екі шешімнен біреуін таңдау талап етіледі.

б) «Жақындасу-жою» -ситуация, мұнда таңдауда жағымды және жағымсыз бірдей екі жақ байланыс қатысады.

в) «Жойылу-жойылу» - жағымсыз субъективті қойылым.

Қақтығысты жеке тұлға – ол басқа жеке тұлғаға немесе ұжымға өзіндік пікірі жоғары, үнемі ырзалық білдірмейтін, шағымданушы адамдар.

Ішкі тұлғалық қақтығыс жиі созылмалы және қиын шешілетін мінез-құлық көрсетеді, қайта ол адамды тәрбиелеу және өмірге көз қарасын өзгерту әлдеқайда қиын.

Қақтығысты жағдайлардың туындауы, оның дамуы және шешу жолдары. Қақтығыс түсінігі, қақтығысты жағдай. Психологиялық заңдылықтары мен себептері. Қақтығысты жағдайды шешудің конструктивті жүесі және өзіндік ерекшеліктері. Қақтығыс типтері:

жазық және көлденең.

Қақтығыс түрлері:


  • іскерлік өндірістік;

  • топаралық;

  • тұлғаралық;

  • рольдік;

  • тұлға ішіндегі;

  • энтоұлттық;

  • саяси;

  • монокаузальды;

Қақтығыстың пайда болу дәрежесіне қарай: ашық, жабық, кездейсоқ және әдейі азғырушы болып бөлінуі. Қақтығыс нәтижесінің: деструктивтілігі және конструктивтілігі.

4-дәріс. Тұлғааралық шиеленістер. Әлеуметтік жүйелердегі шиеленістер. Топтық шиеленістер. 3 сағат.

Тұлғааралық шиеленіс – проблемді-қақтығысты ситуация, мұнда адамдар мақсаты, құндылық және нормалары сәйкес келмейтін бір-бірінен өзара қарым-қатынас жүргізуге тырысады немесе қатаң бәсекелесу нәтижесінде бір мақсатқа жетуге тырысады, бірақ қақтығысқа түсуші бір топ немесе жақ жетістікке жетеді .

Еңбек ұжымының психологиялық климатына қақтығыстың әсер етуі деструктивтіге бөледі, мүнда өзара қарым – қатынас іштей бөлінеді және бұзушы қақтығысқа өтеді, дискомфорт және санасу.

Қақтығысты жағдайдың ішкі және сыртқы себептерінің сипаттамасына тоқталайық.

Сыртқы себептер: іскерлік және өзара тұлғааралық келіспеулер, жұмыстағы қателіктер, жұмыс тәртібі мен келісім негізін бұзу.

Ішкі себептер: жағымсыз эмоцианалды және өзара қатынастың арасындағы байланыс. Қақтығыста эмоцияны басқару. Қақтығыстан шығудың психологиялық ерекшеліктері.

Қақтығысты басқару - болжау , ескерту, жою, реттеу. Қақтығыстың өзара қарымқатынасты бұзуы және зардаптарының себептері.

Іс-әрекет процесінде қиындықтардың пайда болуы және оны саналы түсіну, обьектілендіру- проблемалық жағдайдың пайда болу шарттарының бірі екенін, С.Л. Рубинштейннің айтуынша, мұның өзі ойдың пайда болуы мен алға жүруінің алғышарты мен негізі болып табылытынын есепке ала отырып , ол педагогикалық психологияда адамның интеллектуалдық іс-әрекетін белсендіру факторы, қалыптасқан «қиын» жағдайдан шығудың жаңа тәсілдері мен құралдарын табуды ынталандыру факторы ретінде де қарастырылуы мүмкін. Осыған байланысты педагогикалық қарым-қатынас процесіндегі қиындықтардың позитивті және негативті функцияларын бөледі.



5-дәріс. Педагогикалық конфликт. Этнос аралық шиеленістер. Ұйымдардағы шиеленістер. 3 сағат.

Психологтар, жетекшілер мен бағынушылар және адамдардың арасында кездесіп отыратын талас – тартысты мәселелердің мән жайына жете көңіл аударып, олады дер кезінде шешіп отыру еңбек ұжымдағы қалыпты психологиялық ахуал орнатудың басты шарты болып саналады.

Педагогикалық қақтығыс ұғымынан біз педагогпен оқушы арасындағы біріккен ісәрекеттегі өзара әсерлесудің әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін көреміз. Педагогикалық қарым-қатынас педагог және оқушылардың өзара әрекеттесу, ынтымақтастық формасы:


  • педагогтың коммуникативті мүмкіндігінің ерекшеліктері;

  • педагогпен оқушының өзара қатынасынан туындаған мінез-құлық; - педагогтың шығармашылық индивидуальдылығы; - оқушылар ұжымының ерекшелігі.

Педагогтың оқушылармен қарым-қатынас стилі - әлеуметтік және адамгершілік жағынан байытылған сатысы. Педагог өзінің педагогикалық іс-әрекеті және үйренушілердің оқу ісәрекеті негізінде қарым-қатынас қиындықтары пайда болады. Педагогикалық іс-әрекетте қиындықтар пәндік мазмұнның өзімен, педагогтың меңгерілуі оның іс-әрекетінің негізі болып табылатын білімдерге ие болу деңгейі және сипатынан да туындауы мүмкін, сондайақ кәсіби-педагогикалық іскерліктерден, дидактикалық құзырлылықтан да, үйренушілерге педагогикалық әсер ету тәсілдері және құралдарынан да туындауы мүмкін. Осыдан, педагикалық қиындықтардың негізгі бағыттары білім беру процесінің дамуы, мазмұны және формаларымен, мұнда оқыту мен тәрбиелеу іс-әрекетінің субьекті ретіндегі оқытушының ерекшеліктері және қарым-қатынас процесімен байланысты.

МОДУЛЬ 3. КОНФЛИКТТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

6-дәріс. Конфликтті тұлғалар. Қазіргі таңдағы шиеленісті шешу менеджменті. Шиеленістің алдын алу. Шиеленісті шешу жолдары. 3 сағат.

Қақтығысты шешудің жолдарымен айналысатын мамандардың көбі, қақтығысты басқару процесі көптеген факторларға байланысты, олардың көпшілік бөлігі басқару әсеріне оңайлықпен берілмейді. Мысалы, жеке тұлғаның көзқарастары, индивидтердің, топтардың қажеттіліктері мен мотивтері.

Қалыптасқан стереотиптер, түсініктер, ырымдар шешімді қабылдаушылардың әрекеттерін жоққа шығаруы мүмкін. Қақтығыстың түріне қарай шешімерді іздеумен әртүрлі салалар айналысуы мүмкін: ұжымның басшылары: персоналды басқару саласы, психолог және әлеуметтанушы бөлімі, кәсіподақ ұйымы, милиция, сот.

Қақтығыстың шешімдері: қақтығысты тудырушы себептерді тұтасымен немес жекелеп жою болып табылады, сонымен бірге оған қақтығысқа қатысушы жақтардың мақсатын өзгерту де жатады.

Қақтығысты басқару – бұл қақтығысты тудырушы себептерін жоюға (минимазациялауға) қатысты бағытталған әсер, немесе қақтығысқа қатысушы жақтардың қимыл-әрекетін өзгерту.

Қақтығысты басқарудың көптеген әдістері бар. Үлкейте отырып оларды, әр қайсысының өзінің қолдану ережесі бар саласы болатын, бірнеше топшалар түрінде көрсетуге болады.



  • тұлға ішіндегі: яғни жекелеген тұлғаға әсер тетін әдістер.

  • құрылымдық, яғни ұйымдастыру қақтығыстарын жою әдістері - тұлға аралық әдістер немесе қақтығыстағы қимыл-әрекетттің стилі.

  • келіссөздер.

  • жауап ретіндегі агрессивті қимыл-әрекеттер, әдістердің бұл тобы тек шектен тыс шығып кеткен жағдайда ғана, барлық мүмкіндіктер таусылған кезде ғана қолданылады.

Адамдар арасындағы іскерлік қатынастың рационалды әдісіне болып ауызша және телефон арқылы сөйлесу жатады.Ауызша қатынастың келесі түрлері көрсетіледі:әңгіме, дисскусиялар, таластар. Ал жазбаша іскерлік қатынастың түрлеріне көбінесе іскерлік хат, өтініш, өмірбаян, мінездеме, түсініктеме, довереность, протокол т.б.

Қақтығысты ситуацияны жасаудың басында немесе қақтығыстың өзінің жүзеге асуының басында оған қатысушы жақтар, форманы, өзінің бұдан кейінгі қимыл-әрекетінің стилін, таңдау қажет, және бұл олардың қызығушылықтарына неғұрлым аз дәрежеде ықпал етуі керек.

К.Томас және Г.Килмен қақтығысты ситуациядағы қимыл-әрекеттің бес негізгі стилін бөліп қарастырады:

-бейімделушілік, орын беру;



  • бас тарту;

  • қарама-қарсы күрес; - әріптестік қызмет;

  • келіссөзге келу.



7-дәріс. Келіссөз және оны жүргізу. Келіссөз жүргізу стратегиясы мен динамикасы. Амалдары мен тиімді жолдары. 2 сағат.

Қарым-қатынас серіктерінің жеке-психологиялық ерекшеліктері (мұғалімнің де, оқушылардың да, студенттердің) көбінесе коммуникативтік қиындықтардың себебі болады. Оның түсіндірілуі, біріншіден, осы қиындықтар кем дегенде үш күштердің өзара байланысы мен өзара әрекеттерінің нәтижесі: оқытушының, студенттің даралық –психологиялық ерекшеліктері және олардың бір-бірін қабылдауы.

Е.А. Климов атап көрсеткендей, адамдардың жеке-психологиялық ерекшеліктерін бейнелейтін іс-әрекеттің даралық стильдерінің сәйкес келуі – олардың қиналмай қарымқатынас жасауларының негізгі шарттарының бірі.

Шиеленіскен жағдайларды алдын алу, оны басқара білу, ұжымдағы психологиялық ахуалдың сақталуы үшін түрлі әрекеттер қолданылады:



  • шиеленісті жағдайлардан шыға білу, шиеленісті алдын алу;

  • қарсы жақтағыларды ортақ келісімге келуге икемдеу; - толеранттылық;

  • ынтымақтастық;

  • келісімге, мәмілеге келу (компромисс)

  • шиеленісті жағдайды тиімді шешудің жолдарын қарастыру; - «оқытушы-студент» қатынасын сақтау.

Күнделікті өмірде адамдардың өзара түсінісіп, бірлесе отырып қызмет атқаруы үшін олар біріне-бірі сенім артып, жұмыла іс атқаруы – ұжымдағы жағымды психологиялық ахуал орнатуға тәуелді болып отыратындығы өмір тәжірибесінде дәлелденген жәйт. Осы тұрғыдан қалайда қарсыластардың өзара қарым-қатынасындағы ұнамсыз жәйттер кез келген істің алға басуы үшін аяққа тұсау саларлық кедергі екені кімге болса да жақсы атақ әпермейтіні мәлім.

Кедергілерді жеңудің тәсілдерін таңдау өз кезегінде, және тұлғаның эмоцианалды тұрақтылығына, өз көзқарастарын қорғау құралдарының болуына, биліктің және басқа көптеген факторлардың көлеміне тәуелді. Психологиялық түзету жұмысының мақсаты қақтығысты жағдайларды шешуге, алдын алуға, өзара үйлесімді қатынас орнатуға және тб. сипатта ұйымдастырылады.



ПӘННІҢ СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

1-семинар. Конфликтология: қалыптасуы және даму тарихы.

  1. Алғашқы ой-пікірлердің қалыптасуы.

  2. Кеңестік және отандық ой-тұжырымдардың қалыптасуы.

  3. Қарым-қатынас және қарама-қайшылықтар. 4) К.Томас әдістемесі.



2-семинар. Конфликт және оның түрлері.

  1. Конфликт және оған қатысушылар.

  2. Тұлғаішілік конфликт.

  3. Тұлғааралық конфликт. 4) Этносаралық конфликт



3-семинар. Стресс – конфликт тудырушы фактор ретінде.

  1. Стресстің шығу себептері.

  2. Кәсіпорындардағы және ұйымдардағы стресс тудырушы жағдайлар.

  3. Тұлғаның ішкі күйзелістері және бұзылулар. 4) Стресске қарсы тұру, алдын алу жолдары.



4-семинар. Тұлғаның психологиялық қорғаныш механизмдерін дамыту 1) Тұлғаның психологиялық қорғаныш механизмдері.

  1. Шығарып тастау және сулимация.

  2. Регрессия және рационализация. 4) Проекция және алмастыру және т.б.



5-семинар. Фрейд психоанализі бойынша конфликтік жағдайларды талдау

(тұлғааралық және ұйымдағы) 1) Фрейд теориясы.

  1. Конфликтік ситуацияларды психологиялық анализ жүйесінде қарастыру.

  2. Тұлғааралық конфликтілердің психологиялық ерекшеліктері. 4) Ұйымдағы конфликтілердің психологиялық ерекшеліктері.



6-семинар. Конфликтінің алдын алу және болдырмау 1) Келіссөз жүргізу сызбасы.

  1. Келіссөз жүргізу стратегиясы.

  2. Жест және мимика. 4) Имидж. 7-семинар. Конфликтінің алдын алу және болдырмау 1) Конфликттің шығу себептерін анықтау жолдары.

  1. Конфликтік жағдайдағы позициялар.

  2. Конфликтіні шешу тактикалары.

  3. Ұжымдағы конфликтілік жағдайларды шешу жолдары.



8-семинар. Конфликтінің алдын алу және болдырмау 1) Конфликтті тұлғалар.

  1. Қазіргі таңдағы конфликтілерді шешудегі менеджменттің ролі.

  2. Келіссөз жүргізу стратегиясы мен тиімді жолдары.

  3. Кездейсоқ конфликтілік жағдайларды шешу жолдары.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Аллахвердова О. В. и др. Конфликтология — СПб.: Лань. 1999.

Анцупов А. Я., Шипилов А. И. Конфликтология.— М.: ЮНИТИ. 1999.

Ликсон Ч. Конфликт. — СПб.: Питер, 1997.

Немов Р.С. Психология. В 3-х кн.— М.: Просвещение, 1995. Кн. 1.

Нечипоренко Л.А. Буржуазная “социология конфликта”. — М.: Политиздат. 1982. Основы конфликтологии. / Под ред. Кудрявцева В. Н. — М.: Юристъ, 1997. Саати Т. Математические модели конфликтных ситуаций. — М.: Радио. 1977, Современная западная социология: Словарь. — М.: Политиздат, 1990.

Социальный конфликт: современные исследования. — М.: ИНИОН.1991.

Хрестоматия по социальной психологии. / Под ред. Кутасовой Т. В. — М.: МГУ. 1994.

Цибульская М. В. и др. Конфликтология. — М.: МГИЭСИ, 1998.



Бородкин Ф.М., Коряк Н. М. Внимание: конфликт! — Новосибирск: Наука, 1989.

Гительмахер Р. Б. Конфликт: социально-психологический аспект. — Иванове: ИГУ, 1995.

Громова О. Н. Конфликтология. — М: ГАУ. 1993.

Зайцев А. К. Социальный конфликт на предприятии. — Калуга: КИСИ. 1993,

Здравомыслов А.Г. Социология конфликта: Россия на путях преодоления кризиса. — М.:

Аспект Пресс. 1995-



Конфликты: борьба, взаимодействие, сотрудничество.— Белгород: БГУ. 1997.

Конфликты в коллективе и пути их преодоления. — Л.: ВИПК. 1991.

Конфликты и согласие в современной России. — М.: ИФ РАН. 1998.

Kopнелиус X., Фэйр Ш. Выиграть может каждый. Как разрешать конфликты. — М.: Стрингер, 1992.

Петровская Л.А. О понятийной схеме социально-психологического анализа конфликта. // Теоретические и методологические проблемы социальной психологии. — М.: МГУ, 1977.

Скотт Дж. Г. Сила ума. Способы разрешения конфликтов. — СПб: ВИС, 1994. Социальные конфликты.— М.: ИС РАН, 1994.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет