Бағдарлама және Қатысушылар



бет1/3
Дата22.03.2017
өлшемі0,55 Mb.
#12102
  1   2   3


Бағдарлама және Қатысушылар

Бет нөмірі

Басты тақырыптар

мәтін

1 бет

Бағдарлама. Қатысушылар. 2015 ж. қараша





3 бет

Бағдарлама




4 бет

Бағдарлама

7 ҚАРАША, СЕНБІ


Күні бойы. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ АСТАНАҒА КЕЛУІ

RIXSOS PRESIDENT ASTANA ҚОНАҚ ҮЙІНЕ ОРНАЛАСТЫРУ





8 ҚАРАША, ЖЕКСЕНБІ

Күні бойы. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ АСТАНАҒА КЕЛУІ

RIXSOS PRESIDENT ҚОНАҚ ҮЙІНЕ ОРНАЛАСТЫРУ

12.00-14.00 ТҮСКІ АС

14.00-17.00 ЭКСКУРСИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА



19.00 ҚОНАҚ ҮЙДЕН МЕЙРАМХАНАҒА ЖЕТКІЗУ

19.30. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР АТЫНАН ҚОНАҚАСЫ








9 ҚАРАША, ДҮЙСЕНБІ

07.00-09.00 ТАҢҒЫ АС

09.15. ҚОНАҚ ҮЙДЕН НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫНА ЖЕТКІЗУ



5 стр.

10.00-12.30. Ашылу сессиясы.

«Басқар, Еуразия»



Халықаралық қоғамдастықтың назары бүгінде жер бетіндегі халықтың ¾ бөлігі қоныстанған және әлемдік ЖІӨ-нің 60%-дан астамы шоғырланған Еуразияға ауып тұр. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі күштердің ауысуы жағдайында бұл аймақ саяси және экономикалық үрдістердің қайнар көзіне айналып, жаһандық дамудың болашақ бағытын айқындайды. Бірақ қарқынды дамуға қоса, еуразиялық кеңістікте тұрақсыздық жағдай қалыптаса бастады. Аймақ алдында тұрған қауіп-қатерге төтеп беріп, әлемдік көшбасшылық әлеуетін өсіре ала ма?

Модератор:

Эвелина Закамская, «Ресей-24» телеарнасының жүргізушісі



Спикерлер:

Сұлтан Әкімбеков, Ғаламдық экономика мен саясат институтының директоры, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қоры


Ли Юнсиуан, ҚҚҒА жанындағы Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының директоры, ҚХР
Том Грэм, Kissinger Associates Басқарма директоры, АҚШ

Жалпы пікірталас




13.00-14.00 Түскі ас







14.00-17.00 1 сессия. Еуразия – әлемдік геосаясаттың жанды жері ме?


Еуразия кеңістігінде ең алдымен мемлекеттердің геосаяси мүддесі жүзеге асырылады. Жаһандық ірі ойыншылар аймақтағы өз орнын сақтап қалуға тырысып, сонымен қатар өз ықпалын күшейткісі келеді. Бұл мүдделер қақтығысына әкеледі. Аймақтық деңгейде үйлесім болуы мүмкін бе және қалыптасқан қарама-қайшылықты еңсеру жолдары қандай?


6 бет

ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР:


  • Ресей-Қытай-АҚШ-ЕО – Орталық Азиядағы өзекті мәселе: текетірес, әлде ортақ мақсатқа жету жолындағы ынтымақтастық па?

  • Дағдарыс Ресей мен Батыстың қарым-қатынасына қандай қауіп төндіреді және нендей мүмкіндіктер ұсынады?

  • Режимдердің ауысуы АҚШ-тың «демократиялық әлемді» кеңейту саясатының салдары ма?

  • ЕО – экономикалық алып, әлде саяси ергежейлі? Ол аймаққа нені ұсына алады?

  • Қазақстан – Шығыс пен Батысты жалғайтын жаңа «көпір» ме?

Модератор:

Сұлтан Әкімбеков, Ғаламдық экономика мен саясат институтының директоры, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қоры

Спикерлер:


  • Спенсер Оливер, ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы

  • Ли Фэнлинь, ҚХР Мемлекеттік кеңесі дамуды зерттеу орталығы жанындағы Еуропа және Азия елдерінің әлеуметтік өркендеуі институтының директоры

  • Сергей Караганов, СҚСК Төралқасының құрметті төрағасы; ЖЭМ ҒЗУ әлемдік экономика және әлемдік саясат факультеті, Ресей

Жалпы пікірталас





17.15

НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫНАН ҚОНАҚ ҮЙГЕ ЖЕТКІЗУ




19.00

Кешкі ас. RIXOS PRESIDENT ASTANA қонақ үйі, Al Farabi мейрамханасы

7 стр.

21.30. Арнайы пікірталас сессиясы.
Империялар дәуірі қайта басталды ма?

RIXOS PRESIDENT ASTANA қонақ үйі, Шаңырақ залы




Отарлық жүйе күйреп, ұлттық мемлекеттер қалыптаса бастаған ХХ ғасырда империя тарих сахнасынан кетті. Алайда жаңа ғасырдың басында «империя» термині қайтадан қолданысқа енді. Кейбір державаларға жабық сауда блоктары мен әскери альянстарды құруда «неоимпериялық саясат» жүргізді деген кінә тағылды. Тағы біреулеріне соғыстан кейінгі әлемдік тәртіптің қолданыстағы ережелерін бұзуға итермелейтін «постимпериялық синдром» диагнозы қойылды. Жекелеген мемлекеттер өздерін империя деп ашық мойындамай отырғанда, олардың империялық сипаты мен империялық әрекетіне қатысты пікірталас жанданып, күн тәртібіне ұлттық мемлекеттердің дағдарысы мәселесі қойылуда. Бүгінде империя мен империалистік саясатқа орын бар ма?

Модератор:

Татьяна Столярова, тележурналист, Ресей







10 ҚАРАША, СЕЙСЕНБІ

7.00-9.00

09.15. ҚОНАҚ ҮЙДЕН НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫНА ЖЕТКІЗУ






10.00-11.45. 2 СЕССИЯ ГЕОЭКОНОМИКА – ШАЙҚАС АЛАҢЫ, ӘЛДЕ МҮМКІНДІК?


Еуразияның экономикалық әлеуеті аймақтық жобалар мен инфрақұрылымды дамытуды жүзеге асыруды қосқанда, ірі ойыншылардың құлшынысын арттырады. Жоспардағы көлік дәлізі желісі өзара ықпалдастыққа жол ашады. Сонымен бірге бәсеке қызады. Аймақтың ресурс базасы біреулерге мүмкіндік ұсынса, біреулер үшін - тәуекелге бас тігу. Бұл экономикалық жобаларды жүзеге асыру жоспарына әсерін тигізе ме және өзара сенімді нығайту үшін қандай шаралар қабылдануы мүмкін?


8 стр.

ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР:


  • «Жібек Жолы экономикалық белдеуі» - сауда дамуының прагматикалық қағидасы ма әлде Қытайдың жаһанды «жаулауы» ма?

  • 20 жылдық аймақтық экономикалық интеграция – әрмен қарай не болмақ? ЕАЭО-ның болашағы бар ма?

  • Инфрақұрылым жобаларын дамыту – жаңа мүмкіндіктер, әлде тәуекел?

  • Ресурс үшін күрес – жеңімпаздар мен жеңілгендер

  • Көлік дәліздерінің бәсекесі немен аяқталады?

  • Орталық Азияның экономикалық әлеуеті және дамудың жаңа деңгейіне көтерілу: бұған Орталық Азия елдері дайын ба?

Модератор:

Фэн Шаолей, Шығыс Қытай университеті Халықаралық және аймақтық зерттеулер мектебінің деканы, профессор, ҚХР



Спикерлер:

  • Фредерик Старр, Джон Хопкинс атындағы университеттің Орталық Азия және Кавказ институты төрағасы, АҚШ

  • Эндрю Шпиндлер, Financial Services Volunteer Corps президенті және атқарушы директоры, АҚШ

  • Шаһид Жәуид Бурки, Лахор жария саясат институтының төрағасы, Пәкістан

  • Тадаши Маэда, аға басқарушы директор, Жапон халықаралық ынтымақтастық банкі, Жапония

Жалпы пікірталас





11.45-12.00 Кофе - брейк




9 стр.

12.00-14.00 3 СЕССИЯ . АЙМАҚТАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК – КИКІЛЖІҢ, ӘЛДЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ?
ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР:


Орталық Еуразия елдері бас көтеріп келе жатқан ішкі қарама-қайшылықтар және сыртқы қауіп-қатермен бетпе-бет келді. Туындаған қатерге дер кезінде және дұрыс жауап берумен қоса, еуразиялық кеңістікте тұрақтылықты ұстап түру үшін аймақ бірлігі қажет. Үйлесімді ортақ саясаттың негізі мен аймақтық қауіпсіздік жүйесін құру мәселесінде жан-жақты ынтымақтастықты дамытудың келешегі қандай?


  • Ішкі қарама-қайшылық пен әлеуметтік алшақтық: өркениет кикілжіңі – нақты қауіп, әлде саяси ойын нәтижесі?

  • ДАИШ: елдердің ортақ қауіп-қатерге қарсы күресте бірігуі

  • Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы аймақтың рөлі: ойыншылардың Ауғанстандағы ахуалдың ушығуына жол бермеуге шамасы жете ме?

  • Ұжымдық қауіпсіздік институтының өміршеңдігі: бұрынғыны дамыту (ШЫҰ, ҰҚШҰ) керек пе, әлде жаңасын құрған дұрыс па?

  • Есірткі тасымалына қарсы күрес: тиімді тетіктерді құру мүмкін бе?

  • Аймақ елдері үшін миграция қаупі мен мүмкіндігі

Модератор:

Сергей Караганов, СҚСК төралқасының құрметті төрағасы,; ЖЭМ ҒЗУ әлемдік экономика және әлемдік саясат факультетінің деканы, Ресей



Спикерлер:

  • Анжела Стент, Джорджтаун университеті Еуразия, Ресей және Шығыс Еуропаны зерттеу орталығының директоры, АҚШ

  • Чжао Хуашэн, Фудань университеті Ресей, және Орталық Азияны зерттеу орталығының директоры, ҚХР

  • Федор Лукьянов, «Россия в глобальной политике» журналының бас редакторы, ЖЭМ ҒЗУ профессор-зерттеушісі, Сыртқы және қорғаныс саясаты жөніндегі төралқа кеңесінің төрағасы, Ресей

Жалпы пікірталас





14.00-15.00 Түскі ас




10 стр.

15.30-17.30 Жабылу сессиясы

Аймақтың қазіргі жағдайы халықаралық қатынастардың жаһандық жүйесінде нені айқындайды? Орталық Азияның қандай негізгі құрамдас бөлігі бірлескен даму және ынтымақтастық аймағы ретінде көріне алады? Аймақты не күтіп тұр? Жаһандық ойыншылар оның келешегіне қатысты ортақ мәмілеге келе ала ма?

Модератор:

Анджела Стент, Джорджтаун университеті Еуразия, Ресей және Шығыс Еуропаны зерттеу орталығының директоры, АҚШ









17.45 НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫНАН ҚОНАҚ ҮЙГЕ ЖЕТКІЗУ

19.15. ҚОНАҚ ҮЙДЕН МЕЙРАМХАНАҒА ЖЕТКІЗУ

20.00 Кешкі ас. «Venezia» мейрамханасы





11 ҚАРАША, СӘРСЕНБІ

07.00-09.30 Таңғы ас

09.30. ҚОНАҚ ҮЙДЕН НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫНА ЖЕТКІЗУ






11.30. Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен сессия

13.00-14.00 Түскі ас




14.30-16.30 Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшылығы және мүшелерінің қатысуымен сессия

17.00 НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫНАН ҚОНАҚ ҮЙГЕ ЖЕТКІЗУ

20.00 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың қатысуымен кешкі қонақасы


RIXOS PRESIDENT ASTANA қонақ үйі, Жерұйық залы




12 ҚАРАША, БЕЙСЕНБІ

Күні бойы. Қатысушылардың қайтуы

13 стр.

ҚАТЫСУШЫЛАР




14 стр.

ТАЙСУКЕ АБИРУ

Жапония


Токио қорының ғылыми қызметкері

«Жапон-Ресей стратегиялық диалогы» жобасын басқарады.

Энергетикалық экономика институты (Жапония) ұйымдастырған энергетика және Таяу Шығысты зерттеу тобының, сондай-ақ Жапон халықаралық қатынастар институты жанындағы жапон дипломатиясы ресурстар және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі зерттеу тобының мүшесі.

Бұрындары журналистика саласында қызмет еткен. Мақалалары FACTA айлық басылымында тұрақты түрде жарияланады. NHK-да Ресей сыртқы саясаты және жапон-ресей қарым-қатынасы мәселелері бойынша баяндама жасайды. Васед университеті саясаттану және экономика факультетін бітірген. РФ СІМ ММХҚИ халықаралық қатынастар факультетінің магистр дәрежесін иеленген.





СҰЛТАН ӘКІМБЕКОВ

Қазақстан



Ғаламдық экономика және саясат институтының директоры


2009 - 2010 жж. «Центр Азии» журналының бас редакторы қызметін атқарған. 2000- 2009 жж. - «КонтиненТ» журналының бас редакторы. 1998-2000 жж. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Газет-журналдарда жарық көрген 500-ден астам жарияланым авторы. Басты ғылыми еңбектері: «Ауған түйіні және Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері», «Дала тарихы: Еуразия тарихындағы Шыңғысхан мемлекетінің феномені». Қазақ мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша тәмамдаған.




15 стр.

МАСАХИРО АКИЯМА

Жапония



Токио қорының президенті

Түрлі үкімет құрылымдарында қызмет атқарған: Жапонияның Канададағы елшілігінде кеңесші, Жапония қаржы министрлігі банк операцияларын бақылау бөлімінің жетекшісі болды. Нара префектурасында полиция басқармасының бастығы қызметін атқарды.

1964-1991 жж. – Токио кеденінде бас директор.

1991-1998 жж. – Жапония қорғаныс министрінің орынбасары. 1999 ж. Гарвард университеті жанындағы Джон Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебіне ұстаздыққа шақырылды. 2001-2012 жж. - Жапония Мұхитты зерттеу қоры Директорлар кеңесінің төрағасы қызметінде.

Рикке университетінің профессоры; Бейжің университеті Халықаралық стратегиялық зерттеулер орталығының шақырылған профессоры.

1964 жылы Токио университетінің заң факультетін бітірген.





ОКСАНА АНТОНЕНКО

Ұлыбритания



Еуропа қайта құру және даму банкінің аға саяси кеңесшісі

Ресей, Түркия, Армения, Словакия және Венгриядағы саяси құбылыстарды сараптап, баға беру ісіне жауапты.

1996-2011 жж. Лондон Халықаралық стратегиялық зерттеулер институты (IISS) Ресей және Еуразияны зерттеу бағдарламасының аға ғылыми қызметкері, директоры болып қызмет атқарды.

Аймақ саясаты, Ресейдің ЕО және НАТО-мен қарым-қатынасы, Оңтүстік Кавказдағы кикілжіңді, қаруландыруды қадағалау, Қара теңіз бассейніндегі қауіпсіздік пен ынтымақтастық тақырыбындағы көптеген жарияланым авторы.

Ішкі саясат эволюциясы, қауіпсіздік мәселелері, Еуразия елдерінің сыртқы саясатын назарында ұстайды.

Гарвард университеті Джон Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебі және Мәскеу мемлекеттік университеті дәрежелерінің иегері.


16 стр.

ХҰСЕЙН БАҒЖЫ

Түркия


Анкара университеті халықаралық қатынастар департаментінің профессоры және төрағасы


1988-1989 жж. Анкара Сыртқы саясат институтында ғылыми қызметкер және зерттеуші қызметін атқарды. 1990-1991 жж. - Түркия қорғаныс министрлігі Жоспарлау департаментінде резерв офицері. Сондай-ақ бірқатар еуропалық университеттер мен зерттеу орталықтарына профессор және зерттеуші ретінде шақырылды. Олардың ішінде Бонн университеті және Римдегі Sapien-za университеті (2007), Люблин университеті (2008), Бонндағы Герман халықаралық қатынастар қоғамы, Еуропадағы интеграциялық процестерді зерттеу орталығы бар.





СТАНИСЛАВ БЕЛКОВСКИЙ

Ресей


Саясаттанушы


1994-2004 жж. – Саяси жаңалықтар агенттігінің бас редакторы. 2002-2004 жж. - Ұлттық стратегиялар кеңесінің құрылтайшысы және директоры. 2004 ж. Ресей ұлттық стратегия институтын құрып, басқарды. 2009 ж. Саяси жаңалықтар агенттігі және Ұлттық стратегиялар институты құрылтайшылар құрамынан шығатынын мәлімдеді. Бүгінде «Московский комсомолец» газетінің саяси кеңесшісі, публицист және журналист. «Дождь» телеарнасының бас маманы.

Мәскеу басқару институтының экономикалық кибернетика факультетін тәмамдаған.




17 стр.

РОБЕРТ БЛЭКВИЛ

АҚШ


Халықаралық қатынастар кеңесінің аға ғылыми қызметкері

АҚШ, Қытай, Ресей, Таяу Шығыс, Оңтүстік Африканың сыртқы саясаты және геоэкономика мәселелерімен айналысады.

2003-2004 жж. кіші Джордж Буш әкімшілігі Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде жұмыс істеді. Онда стратегиялық жоспарлауға жауап берді және АҚШ-тың Ауғанстан мен Иракқа қатысты саясатын үйлестірді.

2001-2003 жж. – АҚШ-тың Үндістандағы елшісі.1989-1990 жж. президент Буштың Еуропа және КСРО істері жөніндегі арнайы көмекшісі болды.

Трансатлантикалық қатынастар, Ресей мен Батыс, Үлкен Таяу Шығыс қарым-қатынасы, Азиядағы қауіпсіздік тақырыбына жазылған көптеген мақалалар мен кітаптардың авторы.

Қазіргі кезде Гарвард университеті Ғылым және халықаралық зерттеулер орталығы кеңесіне енген, Қазақстан Жаңа экономикалық университеті Халықаралық консультациялық кеңесінің төрағасы.





ТИМОФЕЙ БОРДАЧЕВ

Ресей


ҒЗИ-ЭЖМ әлемдік экономика және әлемдік саясат факультеті Еуропа және халықаралық зерттеулер орталығының директоры


Саяси ғылым кандидаты, Сыртқы және қорғаныс саясат кеңесі зерттеу бағдарламаларының жетекшісі, «Россия в глобальной политике» журналы бас редакторының орынбасары.

Ресей-Еуропа қарым-қатынасы, Еуропа одағының сыртқы саясаты, Еуропадағы билік пен бизнестің қарым-қатынасы, еуропалық және халықаралық қауіпсіздік саласында маманданған.

«Валдай» клубы бірнеше баяндамасының қосалқы авторы, Еуропа одағының ішкі дамуы және Ресей – ЕО қарым-қатынасы мәселелері бойынша РФ мемлекеттік органдарына арналған көптеген талдамалық материалдардың авторы. Мақалалары Ресей және шетелдік ақпарат құралдарында жарық көрген.



18 стр.

ШАҺИД ЖӘУИД БУРКИ

Пәкістан



Лахор бұқаралық саясат институтының төрағасы


1974 ж. Дүниежүзілік банкте аға экономист болып жұмыс істеді. 1994-1999 жж. Дүниежүзілік банктің вице-президенті болып, Латын Америкасы мен Кариб аймағындағы қызметіне жетекшілік етті. 1996-1997 жж. – Пәкістан қаржы министрі. 1999 ж. Emerging Markets Partnerships жеке меншік компаниясында жұмыс істей бастады.

Сингапур Ұлттық университеті Оңтүстік Азиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері. Қытай, Латын Америкасы, Пәкістанның экономикалық дамуына арналған 20 кітаптың авторы. 2016 ж. «Дамып жатқан ұлттар және жаһандық басқару» кітабы жарық көреді.

Оксфорд және Гарвард университеті магистр дәрежесін иеленген.





ЕВГЕНИЙ ВИНОКУРОВ

Ресей


Еуразия даму банкі Интеграциялық зерттеулер орталығының директоры


ЕАДБ макро және микроэкономикалық талдау, сондай-ақ зерттеу бағдарламасына жауапты. Бұрындары Левен және Иен университеттері, Еуропа саясатын зерттеу орталығында (Брюссель) бірқатар қолданбалы экономикалық зерттеу жобасына атсалысқан.

Экономикалық және саяси интеграция мәселелерімен белсенді түрде айналысады. Зерттеу саласы – Еуропа, Ресей, Орталық, Оңтүстік және Шығыс Азияны қамтитын Еуразиядағы интеграциялық поцестер.

Калининград мемлекеттік университетін, Геттинг университетін тәмамдаған. ІІ Гренобль университетінде экономика бойынша Ph. D дәрежесін, РҒА әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтында экономикалық ғылымдар докторы атағын алған.


19 стр.

АЛЕКСАНДР ГАБУЕВ

Ресей


Мәскеу Карнеги орталығының «Ресей Азия-Тынық мұхиты аймағында» бағдарламасының жетекшісі


«Коммерсантъ-Власть» журналы бас редакторының орынбасары және «Коммерсанть» БҮ редакция алқасының мүшесі болған. «Коммерсанттағы» жұмысын 2007 жылы Ресейдің Азия мен ТМД елдеріндегі саясаты тақырыбына жазатын тілші болып бастады. Дмитрий Медведевтің президенттік пулында болды.

А.Габуов Халықаралық істер жөніндегі Еуропа кеңесіне ғалым ретінде шақырылды. М.В.Ломоносов атындағы ММУ-де Қытайдың энергетикалық саясаты және саяси мәдениеті бойынша дәрістер оқыды.

Ғылыми-зерттеу саласы: Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Ресей саясаты, КХР-дағы саяси және идеялық ағымдар, сондай-ақ Қытайдың көршілес елдермен, әсіресе, Ресей және Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы.

Мюнхен қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференциясында ең жас көшбасшылардың бірі (2011), сондай-ақ Сыртқы және қорғаныс саясаты кеңесінің мүшесі.








ТОБИ ГАТИ

АҚШ


Akin Gum компаниясы халықаралық мәселелер жөніндегі аға кеңесшісі


Ресей, Орталық Еуропа, Жаңа Тәуелсіз Мемлекеттер аймағы бойынша маманданған.

1993 ж. Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде Ресей, Украина және Еуразия елдері бойынша президенттің арнайы көмекшісі және аға директор болды. 1997 ж. мамыр айына дейін – АҚШ мемлекеттік хатшысының барлау және зерттеу жөніндегі көмекшісі (INR). Үкіметке келгенге дейін 20 жылдан астам уақыт АҚШ БҰҰ Қауымдастығында саяси мәселелер жөніндегі аға вице-президент қызметін атқарды.

Сондай-ақ Халықаралық қатынастар кеңесінің мүшесі, Американ-ресей іскерлік кеңесінің басқарма мүшесі, Мәскеу азаматтық білім беру мектебі Директорлар кеңесінің (MSCE) мүшесі.

Пенсильвания штаты университетінде бакалавр дәрежесін, Колумбия университетінде орыс тілі және әдебиеті, халықаралық қатынастар бойынша магистр дәрежесін иеленіп, ресейлік зерттеулер сертификатын алған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет