Бағдарлама: Тақырыбы: «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлықты түзету»



бет1/2
Дата24.05.2017
өлшемі218,99 Kb.
#16919
  1   2
«Лозовой жалпы орта білім беру мектебі» ММ



Бағдарлама:

Тақырыбы:

«Балалар мен жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлықты түзету»

Түсінік хат.

Қоғамдық өмірдің төрінен орын алып, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың арасында жаппай өрістеген әлеуметтік дерттің, келеңсіз құбылыстардың астары мен мәнін жас ұрпақтың тәртіпсізденуінің себебі мен салдарын бағындап оның алдын алудың, жас ұрпаққа тәлім – тәрбие беріп, оларды қоғамдық өмірге белсенді азамат ретінде қосудың жолдары мен айла амалдарын іздестіру біздің басты міндеттеріміздің бірінен саналады.

Девиантты мінез – құлық пен біздің мемлекетіміздің ғана емес, әрбір әлеуметтік қоғамның маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.

Біздің әрқайсымыз күн сайын әр түрлі әлеуметтік жағымсыз мінез - құлықтың пайда болуымен кездесеміз: агрессия, қатыгездік, зиянды әдеттер, заңға қарсы іс әрекеттер және т.б. Сонда бірталай сұрақ туындайды. Осындай мінез- құлықтың себебі қандай? Адамың өзіне және маңындағыларға да зиян тигізуіне не апарады? Девианты мінез құлық-қоғамда ресми дәстүрлі қалыптасқан заңға және нормаларға сәйкеспейтін мінез-құлық. Девианттық мінез-құлық ішкілікке салыну, қараусыз қалу, нашақорлық, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар және басқада формаларда көрінеді. Девиантық мінез- құлық психологтарды, дәрігерлерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, социология, философия мамандарын ойлантпай қоймайды

Қазіргі таңда қоғамызда жыл өткен сайын қылмыс жасаушылардың жасы жасарып, нашақорлық, тәртіпсіздік, девиантты тәртіптегі балалар саны өсіп отыр.Кейбір балалардың мінез құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері және қалыпты нормадан ауытқуы, заң бұзушылық арқылы көңіл аударту, алынған ақыл мен міндеттерді орындамау, қоғам мен мектеп, сол сияқты мектептегі талаптарды тыңдамау салдарынан туындайтын іс - әрекеттерді «девиант»деп айтамыз. Бұл тәртіп бұзу, адамгершілік мінез құлықты сақтамау және заң нормаларына бағынбаудан келіп туындататын жасөспірімдер.Девиантты мінез - құлқы балаларға тәртіпсіздік, әлеуметтік тәрбиеге қарсы, заңға қарама - қайшы, теріс іс - әрекеттерді бойына сіңірген балаларды жатқызу болады. Олар өмірдің ащысын көп көрген, отбасы жылуы болмауынан ұшырасады. Бұл балалардың дамуында кідіріс болады, тіпті физикалық және психикалық аурулар симптомының пайда болуына әкеліп соқтырады. Соның салдары денсаулықтың төмендеуіне себеп болады, сондықтан да оларды тек педагогтар емес, дәрігерлерде бақылау керек.


Басты жеке тұлғаның дамуы, тәрбие ошағы және жан - жақты әлеуметтік тәрбиенің дұрыс жолға қойылмауынан әкеліп соғады.
Баланың 13 - 15 жастағы іс - әрекетіне оның жыныстық дамуына да әсер етеді. Ертең жыныстық дамыған эмоционалдық көңіл - күйдің бұзылуы, кейбір тәртіп бұзушылық болып тұрады. Кеш жыныстық дамуы балаға қалай әсер етеді? Ол болбыр, шашыраңқы, өз - өзіне сенімсіз, әрі ортаға бейімдеуі қиындық тудырады.«Қиын» балалардың мінез құлықтары: сенімсіздік, көңіл күйі бір қалыпты емес, ашуланшақ, болып келеді. Өзіне назар аудару үшін өзінің «батырлығын» көрсетіп, басқалардың көңілін өздеріне аударады.

Қоғамдағы психологиялық проблемалардың бірі жасөспірімдердің қазіргі таңдағы мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтар немесе девиантты мінез-құлық, дағдарыстар білім беру мен тәрбиеге және үлкендермен, жора жолдастарымен қарым-қатынас жасау барысында аса көзге түсіп, маңызды проблемалардың біріне айналып отыр. Осы орайда жасөспірімнің психологиялық проблемаларын зерттеу әлеуметтік-экономикалық және мәдени дағдарыспен бірегей көтеріліп өзекті мәселелердің бірі.



Бағдарламаның мақсаты:



  • Девиантты мінез – құлық туралы мағлұмат беру.

  • Девиантты мінез – құлықтың туындау себептерін ұғындыру.

  • Жасөспірімдердің бойындағы девиантты мінез – құлықтың алдын алу жолдарын анықтау.

Бағдарламаның міндеттері:

  • Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (газет, журнал, радио т.б) қоғамның назарын аудеру.

  • Жастар арасында салауатты өмірсалтын насихаттайтын ақпарат тарату (жарнамалар, аудио - видеоматериалдары);

  • Оқу мекемелерінде нашақорлыққа, ішімдікке және т.б қарсы пікірді қалыптастыратындай практикалық сабақтар, ашық тәрбие сағаттар деваттар, тренингтер өткізу.

Бағдарламаға пайдаланылатын құралдар:

Электрондық оқулықтар, психологиялық журналдар, әдістемелік нұсқаулар, видео касеталар, ғаламтор материалдары, әдеби кітаптар.

Бағдарламаны ұйымдастыру формасы.

Лекция, шығармашылық жұмыс, пікірталас, реферат, тәрбие сағаттар, дебат т.б.

Жасөспірім тәртібінің өзін бірнеше топқа бөліп қарауға болады.


1. Делинквенттік тәртіп:
Олардың іс - әрекеті ұсақ-түйек бұзушылықпен шектеледі:
сабаққа қатыспау, әлеуметтік тәртіпке қарсы ұйымдармен тығыз қарым - қатынаста болуы.
Бұзақылық, мазақтау, өзінен әлсіз адамдарды қорқыту арқылы ақша талап ету жолдарымен тікелей байланыста. Мұның бәрі әлеуметтік тәрбиенің дұрыс жолға қойылмауынан туындайды.
Олар 30 - 80 % толық емес отбасы, 70% жасөспірімдердің күрделі мінез - құлықтың ауытқуы.

2. Маскүнемдікпен нашақорлыққа ерте салынуы.Жас жеткіншектердің отбасынан үлкендердің ішімдікке салынуы, баланы нашақорлыққа апаратын басты себебі.


Топтық ұйымдарда ересек боп көрінуі, соған қызығушылық арттыру, ойлау қабілетінің өзгертуі.
Жасөспірім нашаны көңіл - күйінің көтеріңкі болуы үшін қолданады, кейін өзіне толық сенімді болуы үшін қабылдайды.
3. Гиперкинетикалық іс - әрекет бұзылуы
Бір істі аяғына жеткізбей, табандылық көрсетпеуі, қандай іс болмасын аяғына дейін жеткізбей тастап кетуі, жауапкершіліксіз қарауы болып табылады. Бұл балалар ақыл - ойы төмен, теріс қылықтарға бейім, үнемі түрлі жағдайға түсіп қалып жауапкершіліктен бас тартады. Үлкендермен қарым - қатынаста ара қашықта, өзін - өзі бағалауы төмен.
4. Отбасындағы тәртіп шектелуі
Ол әлеуметтік тәртіп бұзушылық немесе теріс қылықтар(қарсыласу, дөрекілік) үй ішінде және тума - туыс арасында көрсететін бұрыс іс әрекеттер.

5.Әлеуметсіздік тәртіптің бұзылуы



Әлеуметтік норманы бұзушылық немесе мінез - құлықтағы ауытқулар, қарым - қатынастың бұзылуы, ортадағы балалармен қарым - қатынас жасай алмауы мінезделеді: көбіне ол жалғыз боп келеді. Эмоционалдық көңіл - күйдің бұзылуы мүмкін. Типтік тәртіпке, төбелеске құмар, бұзақылық, ақша талап ету, ұрып - соғу, үлкенің тілін алмау, өзін - өзі ұстай алмауы, өртеу, қылмыстарын жатқызуға болады. Бір қатар ғалымдардың пайымдауынша, девиация дегеніміз – қалып пен ауытқушылықтың арасындағы шек, қалыптың ең шеткі нұсқасы. Девианттылықты қалып туралы білімге сүйене отырып қана анықтауға болады. Медицинадағы қалып – бұл нағыз дені сау адам; педагогиккада – барлық пәндер бойынша оқу үлгерімі жақсы оқушы; әлеуметтік өмірде – қылмыстың болмауы. Бұл идеалды қалыптар (нормалар). Алайда үйлесімді норма әр түрлі жастағы адамдар психологиясының тұрақты айырмашылықтарын, олардың өмірлерінің анағұрлым мәнді және бағалы жақтарын көрсетпейді. Сәйкесінше, норманы шектеу және девиация барысында бағдар ретінде қолданылатын, жеке тұлға уақытының және тұрғылықты орнының ерекшеліктерін ескеретіндей, оның жас мөлшерлік нұсқалары да болуы тиіс. Жас мөлшерлік мінез-құлықтық норманы бағалау үрдісінде белгілі бір жастағы адамға тән коммуникативті стиль; еріктік сипаттамалар; интеллектуалдық, эмоционалдық және психомоторлық ерекшеліктер; жазбаша және ауызша тіл стильдері сияқты іс-әрекеттердің түрлі стильдерін талдаған жөн. Сондықтан девиант деп, «жай бір мәрте және кездейсоқ мінез-құлықтық нормадан ауытқып кеткен жасөспірімді емес, тұрақты түрде девианттық мінез-құлық танытатын», әлеуметтік-теріс сипаттағы жасөспірімді атаған жөн. Белгілі бір қосымша түсініктермен қатар, девианттарға дарынды жастар санатын да жатқызуға болады, өйткені біріншісі де, екіншісі де өз құрбылары арасынан шынайы өмірде де, білім беру мекемелерінде де айқын ерекшеленеді.

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет