БАҒдарламасы 3 Сүгірбаева А. С 37 10-11 сынып оқушыларына арналған «шешендік өнер» курсы 37



бет23/40
Дата27.12.2016
өлшемі6,58 Mb.
#5524
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40

«Ғылым таппай мақтанба» әңгімесі


Осылай аталатын Абайдың тақпағын мектеп қабырғасында әркім-ақ тақылдатып айтып берген шығар. Бірақ, мағынасына мән бергендер шамалы шығар. Бір қарағанға уағыз, жалаң ұран сияқты көрінгенмен, ол адамгершілік кодексіндей тұнып тұрған ғибрат. «Сөзіне қарап кісіні ал, кісіге қарап сөз алма. Беделділерге бас изей берме, әкім екен деп, айтқаны алтын екен деп ұқпа, аузынан шыққаны асыл ма? Көптің кәдесіне жарамды ма? Адамды ақылына қарай ардақта» - дейді ұлы ақын. «Адам болам десеңіз, бес нәрсеге ғашық бол» дегені не сонда? Біріншісі-бір нәрсені армандап, бір кәсіпті не өнерді таңдап оған талап қыл. Қазақ атаң айтпай ма: «Талапты өрге нұр жауар» деп. Жігіттің өзі ықылас-ынтасымен құлшынбай, ісі өнбейді, шаруасы тынбайды. Екіншісі -талаптандың екен, білекті сыбанып еңбек ет, қайрат жаса, күш жігеріңді жек. Еңбегіңнің жемісін тер, игілігін еліңе де сыйла, тартула. Үшіншісі -терең ойлылық, яғни нені қолға алсаң да байыбына бар, сол істі егжей-тегжейіне жеткізе тексеріп, құбылыстың философиялық мән-мағнасын зертте. Сонда ғана еңбегің нәтижелі, нәрлі болады.Төртіншісі-қанағат, үлесіңе ризашылығың. Тапқан үстіне таба берсем деп, құнықпа. «Құныққан-құтырғаннан да жаман» дейді халық. Күнкөрісіңе жетерлігіңді тапсаң, соны ұқсатып ішіп-же. «Болған үстіне болсыншы» деп қалтасын керетіндердің, қорасы мен қоймасын кеңейтетіндердің ісіне арам пиғыл, ұрлық-қарлық араласпай тұрмайды. Өйтсе, «арамды жегендер құсады». Қараулық халық алдында масқараға қалдырады. Бесіншісі-рахым, мейірбандық, қайырымдылық. Жан баласына жанашырлықпен қара. Жәбірленгендерге жәрдемдес. Әлсіздерге барыңнан бөліс. Жетім-жесірлерге медеу бол. Бұл міне, Абайдық адамдық бағдарламасының бес тіреулі бес қағидасы екен! Енді ұлы ойшыл адам баласын бес қырсықтан безіндіруді мақсат тұтады: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншектік, бекерге мал шашпақ.. Бес қырсық, сызы-салқыны адамның жеке басына емес, төңірегіне де тікендей түйреледі, найзадай қадалады, мазалайды, берекесін кетіреді. Өнегесіз өсу жоқ.. Ендеше,-дейді халық қамын сйлаған атамыз:

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз!

Неге десеңіз, ғылым жолы әрі дүние-дәулет, әрі мал-пұл.

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма жыл.

Біреу үшін үйренсең,

Біреу білмей, сен білсең,

Білгеніңнің бәрі-түл.

Әр адам-бір-бір әлем. Ол да біртіндеп ашылады, яғни жаңа қасиеттерін, жақсы сапаларын біртіндеп-біртіндеп анықтайды. Іріліктің бір белгісі - ізденгіштік.

Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге.

Исі қазақтың баласына тіл сындырып, білім соңына түсуді кештетпеуін, басқаның өзінің қатесін қайталамауын қалады:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Ғылым үшін бар өмірін сарп еткен, тапқан жаңалығын халық игілігінің табыс көзіне айналдырмақ болып аянбай еңбек еткен ғалымдар біздің өлкемізде де жеткілікті. Соның бірі ретінде Қарағанды мемлекеттік университетіне аты берілген академик Евней Арыстанұлы Бөкетовты атасақ, ол кісінің барлық қырынан жастарымызға үлгі бола алатындығына күмән жоқ. Сынып сағаттарына қысқаша мәлімет бере кетейік.

Қазақстан ғылымы мен жоғары оқу ісінің ірі ұйымдастырушысы, академик Е.А. Бөкетов белгілі ғалым-металлург, негізінен металлургия мен жеңіл, бағалы, ыдырамалы және ауыр металлдар химиясы саласында үлкен жетістіктерге жеткен физик-химик, күлділігі жоғары тас көмірді сұйық отынға өңдеуді ұйымдастырушы, жазушы, аудармашы және әдебиет сыншысы ретінде де көпке танымал болды.

Е.А. Бөкетов 1925 жылы 23 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Октябрь (қазіргі Сергеев) ауданы Бағанаты аулында дүниеге келді. Әкесі кеңшарда жұмысшысы болған қарапайым шаруа, шешесі балалар тәрбиелеп өсірген үй шаруасындагы адам болғанымен балалардың оқып, білім алуына барлық мүмкіндігін, қаражатын аямаған жандар. Күштеп ұжымдастыру кезінде Ресейдің Қорған облысына көшіп кеткендіктен алғашқы үш сыныпты сонда оқыды. Елге қайтып оралганнан кейін 5 сыныпқа дейін Марьевка аулында оқып, 1941 жылы әкесінің денсаулығының нашарлауына байланысты мұғалімдік жұмысқа тұрды. Әкесі қайтыс болғаннан келін бес ағайындының үлкені есебінде 1945 жылға дейін жанұя асыраушысы бола жүріп, өздігінен дайындалып, орта білім алды.

Сол жылы Алматыға келіп, Қазақ тау-кен металлургия (қазіргі Қазақ политехникалық) институтына оқуға түсті, 1950 жылы аяқтады.Үш жыл осында аспирантурада оқып, 1954 жылы ҚазССР металлургия және байыту институтының біріккен ғылыми кеңесінде молибденді алу мен оны химиялық талдау мәселесі бойынша техника ғылымының кандидаты ғылыми атағына кандидаттық диссертация қорғады.

Осы жылдан бастап Евнейдің жоғарғы оқу орнында ұстаздық еңбек етуі басталды: 1954 жылдың ақпанынан ассистент, 1956 жылдың қыркүйегінен доцент, 1958 жылдың тамызынан осы өзі бітірген оқу орнының оқу жұмысы жөнінен директордың орынбасары.

1960 жылдардың басында оны ҚазССР ҒА Президенті Қ.И. Сәтпаев шақырып, Қарагандыда ашылмақшы институтқа (ХМИ) директорлыққа бекітті. Ол осы қызметте Қарағандыда университет ашылғанша істеді.

Е.А. Бөкетов 1966 жылы Мәскеу құрыш пен құйма институтының біріккен кеңесінде «Мыс электролиттік шлактан селен мен теллурды алу» тақырыбына докторлық диссертация қорғады, 1967 жылы техника ғылымының докторы, профессор атақтарын алды. 1967-68 жылдары қосымша Қарағанды политехникалық институтында жалпы химия кафедрасын басқарды.

1969 жылы Е.А. Бөкетовке Балқаш тау-кен металлургия комбинатында мыс рудасын қорыту мен қайта өңдеу кешенді технологиясын ендіргені үшін КСРО мемлекеттік сыйлығы берілді. 1970 жылы мүше-корреспондент, 1975 жылы толық мүше болып академияға кірді. 1971 жылы әдебиет саласындагы еңбегі үшін КСРО жазушылар одағына мүшелікке қабылданды. ҚарМУ ректоры қызметінен негізсіз жаламен алынғаннан кейін 1930-83 жылдарда (өмірінің ақырына дейін) ХМИ аға ғылыми қызметкері болып істеді. КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы ғылым мен техника жөніндегі мемлекеттік комитеттің «Гидрометаллургия» ғылыми кеңесіне мүшелігі, ғылыми журналдардағы редколлегия мүшелігі сақталды. Е.А. Бөкетов органикалық емес заттар технологиясы мен физика-химия саласындағы белгілі ғалым, ҚазССР ҒА академигі В.Д.Пономаревтың шәкірті, бірақ ол өз мектебін құрып кетті, олар тек бұрынгы кеңес Одағы ғана емес, одан тысқары жерлерге де белгілі.

Е.А.Бөкетов өз шакірттерімен бірлесе 242 ғылыми мақала мен тезистер, 9 монография, КСРО-ның өнертапқыштар комитетінің 100 астам авторлық куәлігін мұра етіп қалдырды.

Оқушы мінездемесінің мазмұны


  1. Оқушының аты, жөні, туған жылы, осы сыныпқа келген уақыты мен ауысу себебі туралы деректер.

  1. Көзқарасы, ұстанымы, бағалайтын бағдары.

  1. Сабаққа, еңбекке, қоғамдық жұмысқа, ұжымдағы дос-жарандарына,
    өзінің бойындағы қасиеттеріне қатынасы.

4. Мінез-құлқының ерекшеліктері (тәртібі, ұстамдылығы, белсендіділігі, ұйымдастырғыштығы, өз бетімен жұмыс істеуге қабілеттілігі, мақсатқа жетуге тырысуы).

  1. Қызығушылығы мен еліктеуі.

  1. Кемшіліктері.

7.Өз кемшіліктерін болдырмауга тырысуы, өзін жетілдіру мақсатында алға қойған талаптары және оған жетпек жолдары.
Тәрбие жұмыстарының үлгілік жоспары



Тәрбиелік шара тақырыбы

Тәрбиелік шараның сипаты мен мазмұны

1

Конституция күні

ҚР азаматтарының құқылары мен міндеттері

2

«Уақыт бюджеті» әңгіме


-Бос уақытты қалай тиімді пайдалануга болады?

-Біздің сынып бос уақытын қалай өткізеді?

-Бос уақыт жане оқушылардың өздігінен оқуы мен тәрбиеленуі.


3

«Еңбек ер атандырады»

Қазақстанның Халық қахармандарымен, Еңбек ерлерімен, елге сыйлы адамдармен кездесу

4

Республика күні

«Қазақстан-демократиялық, зиялы және біртұтас мемлекет» әңгіме

5

«Адамдар және дүние-мүлік» әңгіме

-Адамдардың талабы және тұтынушылық.

-Дүниеқоңыздық және біздің арамызда.

-Заттар және мода.

-Адамның өз еркін, пиғылын тәрбиелеуі.



6

Әр заманның ән-сазы

«Шалқыма» концерт залына, Қ.Байжанов ат. облыстық филармонияның қойылымына бару

7

«Тілдердің үштұ- ғырлығы» әңгіме

Мемлекеттік, ресми және халықаралық тілдерді білудің маңыздылығы жәйлі сұхбат

8

«Саналы тәртіп-заман жауапкершілігі» диспут

-Ерік еркіндігі, тәртіп және қоғамдық борыш.

-Жауапкершілік пен тәртіп қалай жасақталады?

-Оқу тобы студенттерінің тәртібі және өз міндеттерін орындауы.


9

Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық
кеңес бекіткен маңызды құжаттар.

-ҚР әлеуметтік-мәдени даму тұжырымдамасы.

- ҚР гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы.

- ҚР азаматтарының жаңа әлеуметтік - экономикалық мінез - құлқын қалыптастыру тұжырымдамасы.


10

«Дін-имандылық тұтқасы» әңгімесі не мешітке бару,
рәсімдермен танысу

-ҚР Заңы: Діни сенім бостандығы және діни
бірлестіктер туралы.

-Абайдың дінге көзқарасы - көңіл-күйінің айнасы.



11

Орта арнаулы және жоғары оқу орын- дағы мамандықтар ды білу

Колледждермен және ЖОО-мен(ҚарМТУ, Болашақ, КЭУ, Е.А.Бөкетов ат. ҚарМУ, ҚММА, Бейсенов ат. ҚЗИ, ҚЗГТИ (ҚРУ), ОҚУ (Лингва, КГТИ) танысу, мұражайына саяхат жасау

12

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерімен танысу.

-Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы;

-Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде;

-Реформаларды түбегейлендіру, жалпыұлттық келісім арқылы -жаңарған Қазақстанға.


13

«Біздің чемпион- сыныптың мақтанышы» әңгіме

немесе «Орталық Қазақстан» газетінің жүлдесіне кроссқа жаппай қатысу.

14

«Біздің өлкенің ғалымдары» кездесу

немесе «Ғылым таппай мақтанба» рухани - адамгершілік әңгіме

15

«Атым адам болған соң» диспуты немесе «Достықтың төлеуі-достық» диспуты

-Адамның адамдығын қалай бағалауға болады?

-Адамның мінез - құлқы ең алдымен кімге тәуелді: адамның өзіне ме, әлде қоршаған ортасына ма?

-Абай ұғымындағы «жақсы деген немене, жаман деген немене?».


16

Біздің дәуірге дейін: археология мұражайына бару

«Біздің өлкенің тарихы» облыстық өлкетану мұражайына саяхат

17

Мәдениет рухани байлық көзі: театр қойылымына бару.

немесе «Қазақ киносы қашан әлемдік деңгейге жетеді» ток- шоу ұйымдастыру

18

«Ұжым және ұжымшылдық» диспуты

-Ұжым және ұжымшылдық дегенді қалай түсінуге болады?

-Ұжым қалай жасақталады, ұжымшылдыққа қалай тәрбиелейді?

-Біздің оқу тобымыз ұжым болып қалыптасқан ба?

-Мен-ұжымға, ұжым - маған және мен - өзіме.



19

«Махаббатт, неке және жанұя» диспут

-Нағыз махаббат қандай болады?

-Некеге тұру үшін махаббаттың ғана болуы жеткілікті ме?

-Жанұяның беріктілігін қалай қамтамасыз етуге болады?

-Абай жырларындағы ғашықтық пен жанұялық жарастық.



20

Әсемдік әлеміне саяхат: Мода үйінің
коллекциясымен танысу

немесе «Қыл қалам тылсымының тұңғиығы» көркем сурет галереясына, көрмеге бару

21

«Олар Отан қорға- ғандар»- кездесу

немесе «Жеңіс мерекесі: соғыс қасіреті»-әңгіме


Каталог: document library
document library -> Оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінде жүргізілген жұмыстарға сараптама
document library -> Оқу жылы бойынша №29 Александр Герцен атындағы орта мектебінің «Жас Ұлан», «Жас Қыран»ұйымының жылдық есебі. Мақсаты
document library -> Новоишим қазақ орта мектебінің аналитикалық талдауы 2011-2012 оқу жылы
document library -> «№4 жалпы орта білім беретін мектеп» кмм бойынша Ұбт-ға дайындық жұмысының жайы
document library -> Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын- өнер Жүсіпбек Аймауытов Алғы сөз
document library -> Сабақтың түрі: кіріктіру сабағы. Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, бейнеролик,суреттер,сергіту сәті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет