Бағдарламасы 6 Дәрістердің қысқаша мазмұны 8


Формальды және формальды емес критерийлерді екі топқа бөлуге болады



бет6/8
Дата09.08.2017
өлшемі1,77 Mb.
#23224
1   2   3   4   5   6   7   8

2. Формальды және формальды емес критерийлерді екі топқа бөлуге болады:

Бірінші топқа келесі критерийлер мен көрсеткіштер жатады:



  • негізігі өндірістік қызметтегі қайталана беретін үлкен шығындар;

  • қысқа мерзімді заемды қаржыларды ұзақ мерзімді салымдарды қаржыландыру көздері ретінде көп пайдалану;

  • мерзімі өткен кредиторлық қарыздың шекті дейгейінен артығы;

  • ликвидтілік коэффициентінің төмен көрсеткіші;

  • айналым қаржыларының жетіспеушілігі;

  • кредиторлар, акционерлер және инвесторлар алдында міндеттемелерді орындамау;

  • дебиторлық қарыздардың үлес салмағының жоғарлауы;

  • мөлшерден тыс және жатып қалған тауарлар мен өндірістік запастар;

  • банк жүйесінің құрылтайшыларымен қарым-қатынастың нашарлауы;

  • тиімсіз жағдайда қаржылық ресурстардың жаңа қайнарларын пайдалану;

  • өндірістік процесте мерзімі өткен жабдықтарды пайдалану.

Екінші топқа келесі критерийлер мен көрсеткіштер кіреді:

  • басқару аппаратының басты қызметкерлерін жоғалту;

  • өндірістік-техникалық процестің ырғақтылығының бұзылуы, амалсыз тоқтаулар;

  • кәсіпорынның жабдық түріне, актив түріне немесе бір нақты жобаға шектен тыс тәуелділігі;

  • басты контрагенттерді жоғалту;

  • тиімсіз ұзақ мерзімді шарттар.

3. Баланс құрылымының сәйкес келуін талдау мен бағалау келесі көрсеткіштер неізінде жүргізіледі:

1) ағымдағы өтімділік коэффициенті;

2) меншікті қаржылармен қамтамасыздану коэффициенті;

Баланс құрылымын қанағаттанарлықсыз, ал кәсіпорынды төлем қабілетінсіз деп келесі жағдайлады есептейді:

- есепті жыл аяғына 2,0-ден төмен;

- есепті жыл аяғына 0,1-ден төмен.

Баланстың қанағаттанарлықсыз құрылымы кезінде кәсіпорынның өз төлемқабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндіктерін тексеру үшін 6 айға төлемқабілеттілікті қалпына келтіру коэффициенті анықталады:


есепті жыл аяғындағы және басындағы ағымдағы өтімділік коэффициентінің нақты көрсеткіштері;

төлемқабілеттілікті қайта қалпына келтіру мерзімі (6 ай);

есепті жыл;

0,2.

Егер <1, кәсіпорын 6 ай ішінде төлемқабілеттілігін қайта қалпына келтіре алмайды.

Егер де >1, баланс құрылымының қанағаттанарлықсыз деген шешімін 6 ай мерзімге дейін кейінге қалдыруға болады.

Баланстың қанағаттанарлықсыз құрылым жағдайында (>2, >0.1) кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тексеру үшін ай мерзімге төлемқабеліттілкті жою (утрата) коэффициенті анықталады:


төлемқабілеттілікті жою мерзімі (3 ай);



>1 – 3 ай аралығында кәсіпорында төлемқабілетілікке жоғалту мүмкіндіктер жоқ;

<1 – кредиторлар алдында кәсіпорын міндеттемелерін орындай алмайды.

4. Қаржылық ағындарды талдау кезінде көрсеткіштердің келесі тобын қарастырамыз:

- келіп түсулер;

- шығындар (немесе төлемдер);

- олардың айырмашылығы («сальдо», «баланс»);

- шоттағы нақты қаржылар.


Қорытынды
Сонымен, Қазақстан Республикасының «банкроттық» туралы заңына сәйкес (2173 07.04.95 ж), қабілетсіз дегеніміз қарыздаушының, кредиторлардың ақшалай міндеттемелер бойынша талаптарын орындамауы, оның ішінде еңбекақы және бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді төлемеуі. Кәсіпорынның банкроттыққа ұшырау ықтималдылығына байланысты оның қаржылық жағдайын болжаудың келесі 4 әдісі қолданылады: несиеқабілеттілік индексін есептеу; формальдық және формальдық емес критерийлерді қолдану; төлемқабілеттілік көрсеткіштерін болжау; қаржылық ағымдарды талдау.
Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
Лекция материалдарын игеру үшін барлық көңілді негізгі ұғымдарды игеруге аудару қажет - банкроттылық, қаржылық жағдай, қаржылық тұрақтылық, өтімділік, төлемдік қабілеттілік, аржылық талдау әдістері, экспресс талдау, баланс активтері, баланс пассивтері, операциялық қызмет, инвестициялық қызмет, қаржылық қызмет, тікелей (горизонтальды) талдау, көлденең (вертикальды) талдау, тренді талдау, салыстырмалы талдыу, факторлы талдау, қаржылық коэффициенттер әдістері, меншікті капитал, қарыдық капитал, жиынтық капитал және т.б.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа. Учеб.-4-е изд.,доп и перераб.-М.; Финансы и статистика.- 2001.-416 с.

  2. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа. Учеб.3-е изд.,доп и перераб.-М.; Финансы и статистика.- 2003.-285 с.

  3. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансово-экономического положения предприятия.-Алматы:Экономика.- 1999.-184 с.

  4. Ефимова О.В. Финансовый анализ.2-е изд., перераб. и доп.-М.; Бухгалтерский учет.- 2004.-320с.

  5. Шеремет А.Д.,Негалиев Е.В. Методика финансового анализа. М..;ИНФРА-М.-2005.-208с.

  6. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: 4-е издание, прераб. и дополн.- Минск: ООО «Новое знание», 2004.- 688с.






    1. Тәжірибелік сабағына арналған әдістемелік нұсқау



1 тақырып. Кәсіпкерлік түсінігі, оның негізгі түрлері

және ұйымдастырушлық нысандары
Мақсаты: Кәсіпкерлік іс-әрекеттер объектерін анықтай отырып, кәсіпкерліктің типін (түрін) анықтау. Кәсіпкерліктің заңдылығын, өсу қарқынын, соңғы нәтижесін, ұсынылған жаңалықтарды анықтау.


  1. Кәсіпкерлік мәні мен міндеттері

  2. Кәсіпкерліктің негізгі түрлері мен салалары

  3. Кәсіпкерліктің негізгі нысандары


Сабақты өткізу түрі: іскерлік ойын – конкурс: Сіздің бизнесіңіз үшін жаңа идея.

Студенттер төрт топқа бөлініп, әрқайсысы әртүрлі сала бойынша өз бизнесін бастау кезеңін сипаттайды.


Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Идеяның туындауы, мәлімет. Орындалатын жұмыстың жобасын дайындау.

  2. Кәсіпкерлік мүмкіндікті талдау.

  3. Идеяны алғашқы талдап, сараптау.

  4. Кәсіпкерлік іске, мақсатқа байланысты таңдап алынған идеяны талдау.

  5. Кәсіпкерлік шешім қабылдау.

  6. Идеяны жүзеге асыру схемасын дайындау.

  7. Идеяны жүзеге асыру орындау.

Семинарлық сабаққа белсенділік артуы үшін студент қандай салаға қандай қандай жаңалық ұсынатынын айтып, өткізу нарығын талдауы тиіс.


Әдебиеттер:

  1. ҚР Ата заңы, Алматы: «Юрист», 2005ж.

  2. ҚР Азаматтық кодексі, Алматы: «Юрист», 2002ж.

  3. Лапуста М.Г. Предпринимательство: Учеб.пособие. – 2-е изд.– М.:ИНФРА –М, 2003.

  4. Сборник «Предприниматель и право», Издательский дом «БИКО», Алматы, 2000.

  5. Кантарбаева А.К. Барьеры перед казахстанским предпринимательством и пути их преодоления. А.: Раритет, 2000. С. 125

  6. Предпринимательство: Учебник/ Под ред.М.Г.Лапусты. – 3-е изд. – М.: ИНФРА-М, 2004.

  7. ҚР салық кодексі, Алматы: «Юрист», 2005ж.

  8. Индивидуальный бизнес в РК / Сост. В.И.Скала, Б.В.Скала. – Алматы, 2004г.


Студенттің міндеті:

- ұсынылған әдебиетті пайдалану;

- тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалану;

- жиналған материалдарды талдау;

- өз идеясын, ойын анық айтып беру және қортындылар жасай білу.

Семинарлық сабақтың соңында студенттер тақырып бойынша негізгі ұғымдарды талқылап, қортыныды жасаулары тиіс.



2 тақырып. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау
Мақсат: Жаңа істі ұйымдастыру үшін бизнес-жоспардың негізгі ролін анықтау.


  1. Жалпы жағдайлар.

  2. Бизнес–жоспарды дайындау реті.


Сабақ түрі: Іскерлік ойын: «Туристік қызметті қалыптастыру және ұсыну»

Студенттер бірнеше топқа бөлініп , жаңа туристік қызметтерді ұсыну бойынша жарысады.



Талауға арналған сұрақтар.

  1. Туристік қызмет–туроператор қызметінің негізгі өнімі.

  2. Туристік қызметті жобалау технологиясы.

  3. Туристік қызметті дайындап, қалыптастыру.

  4. Туристік қызметті ұсыну шараларын жоспарлау ерекшеліктері.

  • туристік қызметті жарнамалау

  • көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу

  • ақпарат орталықтарын ұйымдастыру

  • буклеттер мен каталогтар шығару

Туристік қызметті қалыптастыру процесі.

5. Туристік қызметті өткізу.



  • ішкі өткізу арналары

  • сырттқы өткізу арналары

ойынды өткізу үшін студенттер мынаны білуі керек:

  • берілген тапсырмаға байланысты материялдарды толық білу.

  • шет ел тәжірибелерін білу.

  • әлеуметтік сұрау жүргізу.

Сонымен бірге студент:

  • әртүрлі әдебиеттерді пайдалана білуі;

  • өз ойын нақты айта білуі;

  • сөйлемдерін дәлелдермен келтіруі тиіс.

Семинарлық сабақтың соңында өз ойын қорытынды және ұсыныстармен тұжырымдауы керек.
Әдебиеттер:

1. ҚР Еңбек туралы. ҚР заңы. – Алматы: ЮРИСТ. – 36 б.

2. ҚР еңбек және әлеуметтік МИнистірлігі бекіткен 11.03.2000 жылғы № 71-ші бұйрығы бойынша ауыр, қауіпті және зиянды жұмыстарға 18 жасқа дейінгі адамдарға алуға болмайтын өндірістер тізімі. Бұл бұйрық Әділет Министірлігінде 07.04.2000ж тіркелген, № 110

3. Қ.Р еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау Министірлігінің 20.09.1999ж №184-п бұйрығымен бекітілген ауыр және зиянды жұмыстарға әйелдерді алуға болмайтын өндірістер тізімі. Әділет Министрлігінде 21.10.1999ж тіркелген №948

4. 1992 ж 30 маусымдағы «Арал маңындағы экологиялық қиыншылықтардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қ.Р. заңы.

5. 1992 ж . 18 желтоқсандағы « Семей ядролық зерттеу полигон сыақтарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау » ҚР заңы.

6. Малый бизнес. Организация, экономика, упарвление: Учеб. Пособие для вузов. / Под. Ред. Про. В.Я.Горфинкеля. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003г.

7. В помощь предпринимателям / Под редакцией М.М.Нуртазина. Астана, 2004г.

8. Юридическая служба на предприятии: Сб.законодат. и нормат. актов. / Сост. Баймурзаева Р.К. – Алматы: Жети Жаргы, 1996 г.
3 тақырып. Кәсіпкерлік қызмет ұйымдарды қаржыландыру көздері
Мақсат: Кәсіпкерлік ұйымдарды қаржыландыру әдістері мен формаларын және қағидаларын ұғып түсіну.



  1. Қаржыландыру көздерін таңдау.

  2. Кәсіпорын қызметін қаржыландырудың ішкі көздері.

  3. Қаржыландырудың негізгі ережелері.

  4. Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар.

  5. Халықаралық ұйымдар гранты.


Сабақ түрі: Іскерлік ойын: «Әртүрлі елдердегі банктер және олардың қаржы-неиелік саясаты».

Студенттер әрқайсысы әр елдің банктерінің қызметін талдап, сипаттама береді және олардың қаржы-несие саясатындағы атқаратын ролін түсіндіреді.


Талқылауға арналған сұрақтар :

  1. Банк, ұйымдастыру түрі, құрылымы.

  2. Банк қызметі мен орындалатын жұмыстар.

  3. Қаржы-несие саясатының бағыты.

  4. Банктердің қаржы-несие саясатын жетілдіру үшін JOB –талдау жүргізіп 1-кестені толтыру керек.

1-кесте Талдау парағы.




Бизнес - бірлігі

Бизнес мақсаты / міндеттері

Ұйым міндеті, мақсаты

Орындалуы тиіс

Нақты орындалғаны

Үзіліс

Үзілістің әсері

Үзілістің себебі

Жетілдіру үшін қолданылатын шаралар

Үзіліске әсер ету процесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семинарлық сабаққа белсене қатысу үшін студент алдын ала банкті таңдап алып , қызметімен танысуы тиіс.

Студент мынаны білуі керек:


  • әртүрлі әдебиеттерді пайдалана білуі

  • тақырып бойынша негізгі ұғымдарды білуі

  • жиналған материалдарды таңдай білуі;

  • өзінің ойын нақты айта білуі;

  • пікірін дәлелдей білуі;

Семинар соңында студент қорытындылары мен ұсыныстарын келтіруі тиіс.

Әдебиеттер:

  1. Кэмбелл Р. Макконелл, Стенли Л. Брю. «Экономика». Москва, издательство «Республика», 1992г., том 2.

  2. Панкратов Ф.Г. Коммерческая деятельность. М.: ИВЦ "Маркетинг", 1996

  3. Гражданское право РК. – Алматы: “Жетi Жаргы”.1998г

  4. А.К. Кантарбаева «Предпринимательство институционально-эволюционный подход». «Раритет», Алматы,2000г.

  5. Мамыров Н.К. «Основы предпринимательства», Алматы, Экономика, 1997



4-тақырып. Кәсіпкерлік ұйымдарды кадрлық қамтамасыз ету
Мақсат: Кәсіпкерлер – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың еңбек қатынастарының мәнін ашу және жұмыс берушілер мен жұмысшылардың негізгі міндеттері мен құқықтарын анықтау.



  1. Кадрлық қамтамасыз ету мәні

  2. Жұмысқа алу және еңбек қатынастарын тоқтату принциптері.

  3. Жұмыс істеу тәртібі және жұмысшылардың еңбек ақысы.


Сабақтың түрі: Іскерлік ойын «Кәсіпорында маркетинг қызметі үшін кадрлар іріктеу»
Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Команданың құрамы: ұсынылған қызмет орнына үміткерлер, әңгіме өткізетін мамандар, эксперттер.

  2. Маркетинг қызметіне қанша адам қажет екенін анықтау және құрылымын құру. Эксперттер ұсынылған құрылымның схемасын бағалап , оның артықшылықтары мен кемшіліктерін айтады.

  3. маркетинг бөлімі қызметкерлерінің қызмет орны міндеттері талқылайды. Онда құрамы міндеттері тапсырмалары нақты көрсетіледі.

  4. Қызмет орны міндеттері мен ережелерін талдап анықтағаннан кейін 1-кесте көрсетілген үлгі бойынша кадрларды бағалау өлшемін дайындайды.

1-кесте Қызмет орны бойынша бағалау өлшемі.



Негізгі талаптар

Бал бойынша

1

2

3

4

5

Қарым-қатынасқа қабілетті



Өз ойын нашар жеткізеді



қарым-қатынасқа қабілеті орташадан төмен, ойын анық жеткізе алмайды



қарым- қатынасқа қабілеті орташа


қарым-қатынасқа қабілеті орташадан жоғары, сөз қоры көбірек


қарым-қатынасқа -қабілеті жоғары лексикасы бай, сөйлеуге шеберлігі жоғары

Сыртқы түрі

 

 

 

 

 

Және т.б

 

 

 

 

 

Эксперттер берілген қызмет орны ережелері мен өлшемдерін әрбір қызмет орны бойынша бағалайды.



  1. Маркетинг қызметі бөліміне қызметкерлер іріктеу.

Үміткерлерді жұмысқа қабылдау үшін өтініш – хаттар дайындайды. Эксперттер құжаттардың дұрыстығын тексереді. Үміткерлермен әңгіме өткізуші нәтижелерін дайындайды, ло мынандай форма арқылы көрсетіледі:

Үміткердің аты – жөні _________________________________________

Әңгіме өткізушінің аты – жөні___________________________________

Әңгіме өткізу мерзімі және мекен жайы (орны)____________________

Әңгіме өткізу уақытының ұзақтығы______________________________
2 кесте Әңгіме өткізуге арналған тақырыптар

Әңгіме өткізуге арналған тақырыптар тізімі

Ескертулер


Мотивация

 

Көзқарасы

 

Жағымды жағы

 

Жағымсыз белгілері

 

Алдыңғы еңбек түрі

 

Денсаулығы

 

Қаржы жағдайы

 

Отбасы жағдайы

 

Қоғамдағы орны

 

Және т.б.

 

_________________________ қызмет орны бойынша үміткердің сәйкестігі, эксперттер әңгіме нәтижесін бағалайды.




  1. Үміткерлерді бағалау кестесін дайындау (3-кесте)

3-кесте Үміткерлерге қойылған бағалар



Қызмет орнына қойылатын негізгі талаптар

Үміткердің аты-жөні

Үміткердің аты-жөні

Үміткердің аты-жөні

Қарым-қатынасқа қабілеті

 

 

 

Сыртқы түрі

 

 

 

Бақталастыққа көзқарасы

 

 

 

Және т.б.

 

 

 

БАРЛЫҒЫ


 

 

 




  1. Іскерлік ойының нәтижесін талдау.

Студент не білуі тиіс:

  • әртүрлі әдебиеттерді пайдалана білу.

  • тақырыпта кездесетін негізгі ұғымдарды пайдалана білу.

  • жиналған материалдарды талдай білу.

  • ойын нақты жеткізу.

  • Сөйлемдерін негіздеп, дәлелмен құрастыра білу.

Семинарлық сабақ соңында студент нақты ұсыныстар мен қорытындылар жасай білуі тиіс.

Әдебиеттер:

  1. Малый бизнес. Организация, экономика, упарвление: Учеб. Пособие для вузов. / Под. Ред. Про. В.Я.Горфинкеля. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003г.

  2. В помощь предпринимателям / Под редакцией М.М.Нуртазина. Астана, 2004г.

  3. Потемкин А.П. Открытое письмо госпадину Герману Грефу, министру экономического развития и торговли Правительства РФ // Известия. – 22 июня 200г. С.11.

  4. Справочник директора предприятия/Под ред.М.Г.Лапусты, П.С.Никольского, М.: ИНФРА-М, 2002.

  5. Татеиси К. Вечный дух предпринимательства. Практическая философия бизнесмена: Пер.с.англ.М., 1990.



5-тақырып. Кәсіпкерлердің шаруашылық серіктестерімен келісімдік қатынастары
Мақсат: Келісім шарт жасау түрін, әдістерін, қағидаларын анықтау.


  1. Кәсіпкерлік келісім–шарттың жалпы сипаттамасы, түрлері.

  2. Келісім –шартты дайындау үшін қойылатын талаптар.


Сабақ түрі: Іскерлік ойын: “Кәсіпкерлік қызмет үшін құжаттар топтамасын дайындау”

Студенттер 4 топқа бөлініп туристің жолға шығуға қажетті құжаттарын дайындайды.


Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. туристік қызметте сатушы мен алушының келісімі.

  2. Тур-1 туристік жолдамасы.

  3. Бағалары көрсетілген құжат.

  4. Туристік ваучер.

  5. Жол ақысы төленген құжаттар.

  6. Турист үшін нұсқау.

  7. Құжаттарды алған туралы қолхат.

Турист жолға шығу үшін дайындайтын құжаттар топтамасымен мұқият танысуы тиіс.

Студет мынанаы білуі тиіс:


  • әртүрлі әдебиеттерді пайдалана білуі;

  • тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалану;

  • жиналған материалдарды талдай білу;

  • өзінің ойын анық жеткізу;

  • сөйлемдерін дәлелдермен нақтылай түсу;

Семинарлық сабақ соңында студент нақты ұсыныстары мен қорытындыларын келтіруі тиіс.
Әдебиеттер:

1. Абчук В.А. Предприимчивость и риск. - Л., 1994.

2. Гранатуров В.М Экономический риск: сущность, методы измерения, пути сни­жения: Учеб. пособие. - М.: Дело и Сервис, 1999. - С. 20.

3. Малый бизнес. Организация, экономика, упарвление: Учеб. Пособие для вузов. / Под. Ред. Про. В.Я.Горфинкеля. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003г.



6 тақырып. Кәсіпкерлік мәдениеті
Мақсат: кәсіпкерлік мәдениеттің мәні мен мағынасын ашу, іскерлік және кәсіби этикасын қарастыру.


  1. Кәсіпкерлік мәдениеті мәні мен мағынасы

  2. Іскерлік және кәсіби этика

  3. Бизнесменнің негізгі ерекшеліктері


Сабақ өткізу түрі: «Пресс-конференция» іскерлік ойыны. 4-5 студент кәсіпкерлік мәдениет туралы айтады. Біреулері сөйлеген кезде, басқалары сұрақ қояды.
Талқылауға арналған сұрақтар.

  1. Кәсіпкерлік мәдениеті ұғымы

  2. Іскерлік этика мағынасы

  3. Кәсіби этика мағынасы

  4. Бизнесменнің негізгі ерекшеліктері№


Әдебиеттер:

  1. ҚР Ата заңы, Алматы: «Юрист», 2005ж.

  2. ҚР Азаматтық кодексі, Алматы: «Юрист», 2002ж.

  3. ҚР қылмыстық кодексі, Алматы: «Юрист», 2004ж.

  4. ҚР салық кодексі, Алматы: «Юрист», 2005ж.

  5. Индивидуальный бизнес в РК /Сост.: Скала В.И. – Алматы.: ТОО «Издательство LEM», 2004. - 176 c.

  6. . Дурович А.П. Организация туризма. Мн.:



7-тақырып. Кәсіпкерлік құпия және оны қорғау әдістері
Мақсат: Кәсіпкерлік құпияның мәнін, түрлерін айқындау, оны құрайтын мәлемттердің көлемі мен құрамын анықтау, кәсіпкерлік құпияға кірмейтін мәліметтерді анықтау.


  1. Кәсіпкерлік құпия мәні

  2. Кәсіпкерлік құпия түрлері

  3. Кәсіпкерлік құпия шекаралары.


Сабақ өткізу түрі: Пресс-конференция іскерлік ойыны. 4-5 студент кәсіпкерлік қызметті тоқтату объективті мен субъективті себептері туралы айтады. Біреулері сөйлеген кезде, басқалары сұрақ қояды.
Талқылауға арналған сұрақтар.

  1. Кәсіпорынның экономикалық потенциалы

  2. Қауіпсіздіктің жалпы теориясының негізгі ұғымдары

  3. Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігі элементтері

  4. Кәсіпкерлік қызметке теріс әсер етуші факторлар

  5. Кәсіпорында экономикалық қауіпсіздік жүйесін құрудың объективті қажеттілігі

  6. Қауіпсіздік қызметінің атқаратын негізгі фукнкциялары

  7. Жеке қорғау-ізденіс бюросы тәжірибесі

  8. Коммерциялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметі

  9. Компьютерлік бағдарламаларды құқықтық қорғау мәселелері

  10. Қаржылық-экономикалық кризистер жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорындарда экономикалық қауіпсіздікті бағалау;

  11. Экономикалық қауіпсіздік қатерлерінің пайда болу себептері;

  12. Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігінің көрсеткіштері мен индикаторлары;

  13. Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігінің классификациясы мен оны бағалау;

  14. Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін бағалау мақсатында мониторинг құру қажеттілігі.


Әдебиеттер:

  1. ҚР Ата заңы, Алматы: «Юрист», 2005ж.

  2. ҚР Азаматтық кодексі, Алматы: «Юрист», 2002ж.

  3. ҚР қылмыстық кодексі, Алматы: «Юрист», 2004ж.

  4. ҚР салық кодексі, Алматы: «Юрист», 2005ж.

  5. Индивидуальный бизнес в РК /Сост.: Скала В.И. – Алматы.: ТОО «Издательство LEM», 2004. - 176 c.

  6. Дурович А.П. Организация туризма. Мн.:



8-тақырып. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
Мақсат: Кәсіпкерліктегі тәуекелділіктің мағынасын ашу.


  1. Кәсіпкерлік іс-әрекеттердегі тәуекелділік және оның түрлері.

  2. Жобаны қаржыландырудағы тәуекелділік.

  3. Тәуекелділікті сақтандыру.

  4. Кәсіпорын қызметінде тәуекелділікті төмендету әдістері мен жолдары.


Сабақ түрі: Есеп шығару.

1-есеп. Жеті түрлі инвестициялық жоба бар– к1 , к2, к3 . . . .. к7 , әрқайсысының өндірістегі шығындары мен пайдасына сипаттама берілген (көрсеткіштері)


1 кесте - Инвестициялық жоба көрсеткіштері

Көрсеткіштер

к1

к2

к3

к4

к5

к6

к7

Пайда шартты бірлік

2,6

1,8

2,3

2,7

2

1,6

3

Шығын - млн. тг

1

0,9

1

1,2

0,7

0,6

2,5

Жобаға бөлінген қаржының көлемі – 3,5 млн. тг. Ең тиімді жобалдарды анықтаңыз.

Студент:


  • әртүрлі әдебиеттерді пайдалана білуі;

  • тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалану;

  • жиналған материалдарды талдай білу;

  • өзінің ойын анық жеткізу;

  • дәлелді ұсыныстар жасауы;

Семинарлық сабақтың соңында есепті шығарып қорытындылар мен нақты ұсыныстарын келтіруі тиіс.
Пайдаланылған әдебиет тізімі:

  1. Авров А.П., Нурлыбаева А.А. Финансово-банковская статистика. – Алматы «Экономика», 1997 г.

  2. Статистика финансов: учеб.для студентов вузов, обучающихся по специальности «Статистика» / под ред. М.Г.Назарова. – М.:Изд. Омега-Л, 2005. -460с.: ил., табл.

  3. Глинский В.В., Ионин В.Г. Статистический анализ: Учебное пособие для вузов. – 2-е изд., перераб. И доп. –М.: Филинь, 1998.


9 тақырып. Кәсіпкерлік қызметтің инфрақұрылымы
Мақсат: Кәсіпкерлік қызметтің инфрақұрылымын, оның ерекшеліктерін, айқындау, шағын бизнес орталықтарының кәсіпкерлік инфрақұрылымының институты ретінде қалыптасуы мен құрылуын ашу.

  1. Кәсіпкерлік қызметтің инфрақұрылымы мәні мен ерекшеліктері

  2. Шағын кәсіпкерліктің ақпараттық қамтамасыз етілуі

  3. Кәсіпкерлік субъектілеріне кеңес берушілік, заңды және коммуникативтік қызмет көрсету


Сабақ түрі: дөңгелек стол «Шетелдегі шағын бизнесті қолдау тәжірибесі».
Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Несиелік ресурстар алуды және салық төлеу жолдарын жеңілдету.

  2. Шағын кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік және мемлекеттік емес институттардың тиімділігін арттыру.

  3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мәселелерін оңтайландыру.

  4. ҚР Туризмді дамытудың нормативтік – құқықтық базасын (негізін) жетілдіру.

  5. Кәсіпкерлер арасында әлеуметтік сұрақ жүргізе отырып төмендегі кестелерді толтыру.

1 кесте


Сізге кім көмектеседі және қолдайды?



Көрсеткіштер

Сұралған респонденттер саны

Жұмыс орны (түрі)

Көмектесу түрі

%-тік (үлесі) қатынасы

1

ҚР Үкіметі













2

Аймақтық әкімшіліктер













3

Жергілікті билік













4

Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры













5

Шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігі













6

Халықаралық ұйымдар













7

Жауапты фирмалар мен әріптестер













8

Шетелдік әріптестер













9

Қоғамдық ұйымдар












2 кесте


Қолдауды қай жағынан сезінесіз?




Көрсеткіштер

Сұралған респонденттер саны

Жұмыс аумағы

Қолдау түрі

% үлес

1

Қаржылық (несие, кепілдік, лизинг)













2

Салық (жеңілдік)













3

Персоналдық кәсіби мамандығын жоғарлату













4

Ақпараттық (маркетинг, жарнама)













5

Сатып алушыларды табу (өткізу)













6

Шетелдік әріпетстерді табу













7

Ғимаратты жалға беру













8

Шикізат, құрылғылар алу













9

Кеңес беру, қорғау












Іскерлік ойынды өткізу үшін студенттер:




  • тапсырмаға байланысты материалдарды оқып білуі;

  • шетел тәжірибелерін оқып білуі;

  • әлеуметтік сұрауды қалай өткізу керектігін оқып білуі керек;

Сонымен бірге студент:

  • әртүрлі оқулық, әдебиеттерді пайдалана білу;

  • өз ойын анық, түсінікті түрде жеткізе білуі;

  • сөйлемдерді мағыналы құрастыра білуге міндетті.

Семинарлық сабақтаң соңында студент нақты қорытындылары мен ұсыныстарын айтуы тиіс.
Пайдаланылған әдебиет тізімі:

  1. Авров А.П., Нурлыбаева А.А. Финансово-банковская статистика. – Алматы «Экономика», 1997 г.

  2. Статистика финансов: учеб.для студентов вузов, обучающихся по специальности «Статистика» / под ред. М.Г.Назарова. – М.:Изд. Омега-Л, 2005. -460с.: ил., табл.

  3. Глинский В.В., Ионин В.Г. Статистический анализ: Учебное пособие для вузов. – 2-е изд., перераб. И доп. –М.: Филинь, 1998.



10-тақырып. Кәсіпкерлік іс-әрекеттердегі субъектілер жауапкершіліктер
Мақсат: Кәсіпкерлік қызмет субъектерінің жауапкершілігінің мәнін ашу.


  1. Әкімшілік жауапкершілік

  2. Экономикалық жауапкершлік

  3. Қылмыстық жауапкершілік

  4. Субъекттің кәсіпкерлік ісінің тоқтатуы


Сабақ түрі: Жағдайға байланысты тапсырма.

1-жағдай.

Сіздің компанияңызға заң бұзушылық болғаны үшін іздеу салынды.
Астана қаласы Алматы аудандық сотына

Мекен –жайы:

Қуынушы : «УУУ» ЖШС

Мекен-жайы:

Жауапкер: «XXX» АҚ

Мекен-жайы:

Қуыным өтініші. (исковое)

Басқаның қаржысын заңсыз пайдаланып коммерциялық кредитті пайдаланғанына қосымша процент пен авансты қайтару үшін.

Сомасы – 816819 теңге.

2003 17 тамызда жауапкер ХХХ АҚ – на 822380 теңге аударылды. Ол сома ХХХ АҚ талабы бойынша, олардың 120 шаршы м тұратын ғимаратын жалға алу үшін алғы төлем ретінде жіберілді.УУУ ЖШС жалға алу келісім шартын жасау үшін бұл соманы аударуды ұсынған «ХХХ» АҚ болатын. Бірақ, бізге қатыссыз себептермен ол ғимарат УУУ ЖШС –не берілмей келісім жасалған жоқ. Мәліметтер бойынша ол ғимарат басқа кәсіпорынға жалға берілген. Біздің алғы ретінде берген ақшамызды қайтару туралы ауызша өтінішімізге УУУ ЖШС ақшаны «сақтандыру салымын» ұстап қалып қана қайтаратындықтарын айтты (7000 АҚШ доллары есебінде). Бірақ сол сомманы ұстап қалып та қайтаратын ойлары жоқ, бас тартып отыр.

2003ж 9 қарашада «ХХХ» АҚ ғимаратты жалға алу үшін «УУУ» ЖШС берген алғы төлемді қайтаруын сұрап хат жаздық. Ол хатқа жауап болмады. Соған қарамастан біз ауызша бірнеше рет алғы төлемді қайтаруын талап еттік. 2004 ж 7 наурызда «ХХХ» АҚ бізге 2223965 теңгені қолма-қол төледі. Қалған 598415 теңге осы уақытқа дейін қайтарылған жоқ. ҚР заңының – бабы бойынша жауапкер аталған соманы қайтаруға міндетті.

2004 ж 14 наурызда із «ХХХ» АҚ 598415 теңгені қайтаруы қажеттігін айтып хат жолдадық.

2005 ж 30.03 күнгі жауабында «ХХХ» АҚ Қасқырбаев К.М. туындаған дауды шешуге келуімізді сұрап ақша төлеуден қашып отыр. «ХХХ» АҚ біз берген алғы төлемді толық қайтарғысы келмейтіні көрініп тұр.

Біздің жалға алу үшін алғы-төлем ретінде аударған ақшамызды пайдаланғаны (комерциялық кредит ретінде) үшін «ХХХ» АҚ үстеме пайызын төлеуі тиіс. (ҚР МК-нің – бабына сәйкес) , бізден алынған сомма 8222819 теңге. Бір жылда 360 күн, бір айда 30 күн деп есептегенде коммерциялық несиені пайдаланғаны үшін 111746 теңге төлеу тиіс.(есебі келтірілген). Сонымен бірге, негізгі сомма мен үстеме төлемімен қоса ҚР МК – бабына сәйкес жауапкер қаржылық міндеттемесін орындамағаны үшін ақшаны пайдаланып, уақытынды қайтармағаны үшін жауапты деп есептеңіз.

2003 ж желтоқсанның басында алғы төлемді қайтару туралы хабарлағандығымыз белгілі, сондықтан ҚР Мемл.. Код. – бабы бойынша үстеме төлем 2004 1 қаңтарынан есептеледі, яғни сомасы – 57058 теңге (есебі берілген). Өзінің міндеттемесін орындамағандығымен қоса, алғы-төлемді қайтармағандықтан «УУУ» ЖШС басқа ғимарат жалдауға мүмкіндігі болмады, көп зиян шекті. Сотқа өтініш беріп іс бастағанымыз үшін қорғаушыға ақша төлегендіктен тағы да шығындануға тура келді. Оның сомасы 49600 теңге болған шығыс түбіртегінде көрсетілген – 2004ж 21. 05.

ҚР Азаматтық Кодексінің – баптарына сүйене отырып өтінемін:



  1. жауапкерден 816819 теңге алып ьеру қажет, оның ішінде негізгі қарызы 598415 теңге. Коммерциялық несие ретінде пайдаланғаны үшін үстеме пайызы – 111746 теңге, басқаның ақшасын пайдаланып, қайтарудан бас тартқаны үшін 57058 теңге сотқа арызданып , қорғаушыға төлегені үшін 49600 теңге.

  2. жауапкер есебінен 14768 теңге баж салығы төленуі тиіс.

Қосымша:

  1. Баж салығы төленгені туралы түбіртек.

  2. Жауапкердің қуыным арызын алғаны туралы хабарлама.

  3. жауапкердің коммерциялық несиені пайдаланғанының есебі.

  4. ҚР АЗаматтық Кодексінің – ??? бабы бойынша пайыздық есеп .

  5. «УУУ» ЖШС 26 шілдеде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.

  6. «УУУ» ЖШС жарғысының көшірмесі.

  7. 2003 ж 09 желтоқсанда жазылған хаттың және оны жауапкердің алғаны туралы хабарламаның көшірмесі.

  8. 2004 14 наурыздағы арыздың көшірмесі.

  9. «ХХХ» АҚ бас директоры Николаев И.Г 2004. 30. 03 күнгі көшірмесі.

  10. 49600 теңге төленгені жайында түбіртектің көшірмесі.

Аталған құжатар сот отырысында ұсынылады.
«___» мамыр 2007 ж Бас директор К.А. Мамытбеков

Сұрақтар:



  1. егер сіздің ұйымыңызға қуаным аразы түссе не істеуіңіз керек?

  2. Сізге арыз түссе не істейтініңізді сипаттап жазыңыз.

  3. Сіздің компанияңызға қарсы сот іс көтерсе не істейтініңіз туралы тол\ық сипаттаңыз.

Симанарлық сабаққа белсенді қатысу үшін студент ҚР Азаматтық Кодексімен танысып, мынандай жағдайларға көңіл аударуы тиіс:

  • Сізге жазылған арыз заңыды ма? Шын мәнінде заң бұзу болды ма?

  • Шағын заңдылықтарға сәйкес пе?

  • Арыз-шағымдағы сома көлемі нақты дәлел ме?

  • Осы арызды қарау мерзімі өтіп кеткен жоқ па ?

  • Арыз-шағым сол кәсіпорынның басшысы қол қойған ба?

  • Егер арызға басқа адам қол қойса, оның құқы, өкілеттілігі жеткілікті ме?

Студент:

  • әртүрлі әдебиеттерді пайдалана білуі;

  • тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалану;

  • жиналған мәліметтерді талдай білу;

  • ойын анық айта білуі;

  • ұсыныстарды дәлелмен айту


Пайдаланылған әдебиет тізімі:

  1. Авров А.П., Нурлыбаева А.А. Финансово-банковская статистика. – Алматы «Экономика», 1997 г.

  2. Статистика финансов: учеб.для студентов вузов, обучающихся по специальности «Статистика» / под ред. М.Г.Назарова. – М.:Изд. Омега-Л, 2005. -460с.: ил., табл.

  3. Глинский В.В., Ионин В.Г. Статистический анализ: Учебное пособие для вузов. – 2-е изд., перераб. И доп. –М.: Филинь, 1998.


11 тақырып. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау
Мақсат: Кәсіпкелік қызметтің тиімділік көрсеткіштер жүйесі және оны зерттеу міндеттері қарастыру, кәсіпорындардың қаржылық нәтижелерінің көрсеткіштер жүйесі ерекшеліктерін, қаржылық жағдайының тұрақтылығы көрсеткіштер жүйесін қарастыру.


  1. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерінің көрсеткіштер жүйесі

  2. Акционерлік кәсіпорындардың қаржылық нәтижелерінің көрсеткіштер жүйесі ерекшеліктері

  3. Шаруашылық субъектілердің қаржылық жағдайының тұрақтылығы көрсеткіштер жүйесі


Сабақ түрі: Есеп шығару.

Есеп 1.Кәсіпорын бойынша келесі деректер берілген

Кесте- «Эталон» ЖШС негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер





Көрсеткіш

2005

2006

2007

Абсолютті ауытқу

Қатысты ауытқу

07/ 06

07 / 05

07/ 06

07 / 05

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Шығарлыған өнім көлемі, мың тенге

21569

23658

25416













2

Өнімді өткізуден түскен табыс, мың тенге

25631

24364

26547













3

Өткізілген өнімнің өзіндік құны, мың тенге

16954

22134

27536













4

НӨҚ орташа жылдық құны, мың тенге

12364

16584

9321













5

Қор қайтарымы,тенге






















6

Айналым құралдарының орташа жылдық құны, мың тенге

16327

12368

9654













7

Айналым құралдарының айналымдылығы, айналым саны






















8

Жұмыскерлердің орташажылдық саны, адам

35

25

40













9

ЕАҚ, мың тенге






















10

Бір жұмыскердің орташа айлығы, тенге

10256

12987

14356













11

Қормен жарақтану, мың тенге






















12

Еңбек өнімділігі, мың тенге






















13

Таза пайда, мың тенге

3654

3562

-1250













14

Рентабельділік(%)






















Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет