БАҒдарламасы 6М091000 «кітапхана ісі» мамандығына арналған [«Қызмет көрсету»



Дата01.04.2018
өлшемі268,63 Kb.
#39984
түріБағдарламасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ___________________________________________________________________

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


6М091000 – «КІТАПХАНА ІСІ »

мамандығына арналған

[«Қызмет көрсету» мамандықтарының тобы]



базалық және кәсіптік пәндер


М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Шымкент
2016

АЛҒЫ СӨЗ
1. М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнде ӘЗIРЛЕНГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНЫЛҒАН
2. Республикалық оқу-әдістемелік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру кеңесінің 2016жылғы 30 маусымдағы №2 мәжіліс хаттамасының шешімімен БЕКIТIЛДI ЖӘНЕ жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаментінің 2016 жылғы 07 шілдедегі №14-4/1134 хатымен ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГIЗIЛГЕН


3. Үлгі оқу бағдарламасы 23.08.2012ж. №1080 (13.05.16ж. №292 ҚР ҮҚ-мен толықтырылған) ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стандартына және 6М091000-«Кітапхана ісі» мамандығы бойынша 2016 ж. үлгі оқу жоспарына сәйкес әзірленген.
4. М.Әуезов атындағы ОҚМУ Республикалық Оқу-әдістемелік кеңесінің білім, өнер және қызмет көрсету мамандықтар бойынша ОӘС отырысында ҚАРАЛҒАН, 27.05.2016 жылғы №3 хаттама

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТІРЛІГІ


ҮЛГІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


_________________________________________________________________________________________

Psi 5204 Психология
6М041000 «Кітапхана ісі»

мамандығы бойынша


Көлемі: 2 кредит

Шымкент, 2016

МАЗМҰНЫ

Мазмұны ........................................................................................................


3


Түсіндірме жазба ......................................................................................…

4

Пәннің мазмұны.............................................................................................

Кіріспе……………………………………………………………………….



5

5


Тарау 1. Жоғары мектеп психологиясының жалпы мәселелері........

1. Психология ғылым ретінде......................................................................

2. Психология ғылымының даму тарихы..................................................


5

5

5



3. Қазақстандағы психологиялық ойдың дамуы........................................

4. Психология ғылымының зерттеу әдістері мен тәсілдері.......................

5. Оқу үрдісіндегі адамның психологиясындағы танымдық іс-әрекеті...

6. Қазіргі жағдайда білім беру мен оқытудың тиімділігі мен сапасын жоғарылатудағы психология......................................................................

7. Педагогикалық қарым-қатынастың психологиясы...............................

Тарау 2. Кәсіптік іс-әрекет психологиясы...............................................

8. Болашақ кәсіби іс-әрекет саласындағы қызметкердің профессиограммасы және психограммасы. Болашақ қызметкердің кәсіби менеджментінің профессиограммасы және психограммасы........

9. Іс-әрекет пен танымдық үрдістің психологиясы. Адам іс-әрекетінің құрылымы мен түрлері............................................................................


5

5

5



6

6

6



6

6
6


10. Іс-әрекет және бейімделу........................................................................

11. Психология және еңбек іс-әрекеті............................................

12. Тұлға психологиясы және тұлғааралық қарым-қатынас. Ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынаста психодиагностикалау..........................

13. Басқару психологиясының негіздері. Басқару психологиясының мазмұны мен құрылымы............................................................................

14. Қолданбалы психология негіздері.......................................................

15. Болашақ кәсіби іс-әрекет ерекшелітерін ескеру мен студенттерге, оқытушыларға және мамандарға психологиялық кеңес беру..................



6

6
7
7

7
7


Практикалық сабақтарының үлгі тақырыптары……………….….…......

7

Магистранттардың өзіндік жұмыс үлгі тақырыптары………………......

8

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі.....................................................................

Авторлары..…………………………………………………………..........



11

14




ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Курстың мақсаты: Қазіргі кезеңдегі дүние жүзіндегі жоғары білім беру ісінің басым бағыттары мен оны жүзеге асыру жолдарын меңгеру және жоғары оқу орындарындағы психология пәнін оқытыудың теориялық және практикалық ерекшеліктерін, магистранттардың оқу орының үрдістеріне бейімделе білу іскерлігін қалыптастыру.

Магистранттарды Жоғарғы оқу орнының бүгінгі күнгі орны, оның міндеттерімен таныстыру және жоғарғы оқу орынындағы магистрантқа қажетті психология ғылымынан хабардар бере отырып, магистранттардың ЖОО-ға бейімделу үрдісі мен ЖОО-дағы оқытушылар, тәлімгердің орыны мен міндетін жан-жақты ашып көрсету. Магистранттарды ЖОО-дағы оқытушылар мен тәлімгердің негізгі атқаратын қызметімен таныстырып, олардың қызметіндегі қойылатын кәсіби талаптар мен оқытушылардың негізгі психологиялық-педагогикалық өлшемдерімен магистранттарды хабардар ету



Курстың міндеттері:

  1. Магистранттар қазіргі дүние жүзіндегі білім беру ісінің басым бағыттары жөнінде баяндау және білім беру ісінің қысқаша тарихынан хабарлама беру.

  2. Қазіргі өркениет жағдайындағы әлемде жоғары білімінің рөлі оның негізгі басымдықтарын түсіндіру.

  3. Магистранттың әлуметтік-психологиялық суреттін анықтайтын факторлар және магистрант типтері.

  4. Қазіргі кездегі білім парадигмасы негізінде жоғарғы мектеп мамандарының тұлғалықты қалыптастыру, болашақ мамандарды оқу және оқудан тыс уақытта өздігінен білім ала білетін білікті, шығармашылықпен қызмет атқаратын болашақ кәсіби мамандар дайындау.

  5. Жоғары оқу орындарында жоғары мектеп психологиясы пәнін теориясы мен оқыту әдістемелерін таныстыру.

  6. Магистрантарды жоғары оқу орындарындағы жоғары мектеп психологиясы пәнінен оқыту әдістемесі бойынша шығармашылық ғылыми-зерттеу жұмыстарын өздігінен жүргізе білуге үйрету.

  7. Жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды жоғары мектеп психологиясы пәнін оқыту әдістемесі арқылы меңгерту.

Жоғары мектеп психологиясы курсы барлық мамандықтағы магистранттардың негізгі және таңдамалы компоненті ретінде оқуға арналған. Жоғары мектеп психологиясы пәнін оқыту әдістемесінің негізгі маңызы, оның теория мен педагогикалық практика интеграциясында болып табылады.

Психология курс барлық магистранттарға өз мамандығының ерекшелігіне қарай оқытушылық қызметке дайындауда маңызды қызмет атқарады. Сонымен қатар бағдарлама университет, ЖОО - бітірушілер мен басқа да мамандықтар бойынша жоғары оқу орнын оқытушыларын дайындауға арналған. Бағдарламада жоғары оқу орнын оқытушыларының магистранттармен жұмысының өзіндік ерекшеліктері қамтылған. Теориялық материал жоғары оқу орнындағы мамандардың кәсіби дайындығын қалыптастыру мен арттыру мақсатындағы психологиялық пәндерді оқыту әдістемесінің мәселелерін шешуге бағытталады.



ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Тарау 1. Жоғары мектеп психологиясының жалпы мәселелері
Тақырып 1. Психология ғылым ретінде.
Психология ғылым ретінде. Ғылым жүйесінде психологияның алатын орны мен міндеті. Психологияның методологиялық негізі.
Тақырып 2. Психология ғылымының даму тарихы.
Психикалық ойдың дамуының ілкі тарихы. Орта ғасырдағы және жаңа замандағы психологияның дамуы. Кеңес дәруіріндегі және қазіргі кезеңдегі психология.
Тақырып 3. Қазақстандағы психологиялық ойдың дамуы.
Орхон-Енесей жазбаларынан ХІҮ ғасырға дейінгі дәір. Қазақ ақын-жырауларының шығармаларындағы психологиялық мәселелер. ХІХ ғасырдың аяғы мен Кеңес дәруіріндегі және қазіргі кезеңдегі психология.
Тақырып 4. Психология ғылымының зерттеу әдістері мен тәсілдері.
Ғылыми әдістердің топтастырылуы. Әдістерді қолдану шеберлігі. Алынған нәтижелерді талдау іскерлігі.
Тақырып 5. Оқу үрдісіндегі адамның психологиясындағы танымдық іс-әрекеті.
Адамның танымдық іс-әрекеттері. Түйсіну қарапайым психикалық үрдіс ретінде. Тіркендіргіштерді талдап, біріктіру қызметін атқаратын жүйке жүйсінің үрдісі. Түйсіну қызметінің физиологиялық негізі, рецепторлар, эфферентті, афферентті жүйке талшықтары, талдағыштардың жүйке орталықтары.
Тақырып 6. Қазіргі жағдайда білім беру мен оқытудың тиімділігі мен сапасын жоғарылатудағы психология.
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің белсенді жаңа тұрғыда дамуы. Жаңа білім беру жүйесіне (орта білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру) ғылыми талдау жасау.Оқытудың интерактивті әдістері. Іскерлік ойын. Кейс. Психотехнологиялар.
Тақырып 7. Педагогикалық қарым-қатынастың психологиясы.
Оқу процесін басқарудағы дау-дамайдың типтері. Дау-дамайдың себептері. Дау-дамай үрдісінің үлгісі. Тұлға аралық дау-дамайды шешудің стилдері.

Тарау 2. Кәсіптік іс-әрекет психологиясы



Тақырып 8. Болашақ кәсіби іс-әрекет саласындағы қызметкердің профессиограммасы және психограммасы. Болашақ қызметкердің кәсіби менеджментінің профессиограммасы және психограммасы.
Оқытушының іс-әрекетінің ерекшеліктері: авторитарлық, либералдық, демократтық. Оқытушының іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері. Педагогикалық қарым-қатынастағы кәсіптік қабілеті мен әдебі.
Тақырып 9. Іс-әрекет пен танымдық үрдістің психологиясы. Адам іс-әрекетінің құрылымы мен түрлері.
Тұлға, жеке тұлға магистранттың ерекше әлеуметтік қасиеттері. Магистранттың жеке тұлғалық жас ерекшелік кезеңдерінің ерекшеліктері. Жеке тұлғаның негізгі компоненттері: психологиялық құрылымы. Сана. Іс-әрекет.

Тақырып 10. Іс-әрекет және бейімделу.
Жеке адамның іс-әрекеті. Бейімделу іс-әрекеті. ЖОО-да іс-әрекетінің спецификалық шарттарына оқытушылардың дайындығы.
Тақырып 11. Психология және еңбек іс-әрекеті.
Магистранттарды оқыту барысындағы белсенді іс-әрекетті ұйымдастыруға ықпал ететін мотивтерді қалыптастыру шарттары. Психология және еңбек іс-әрекеті.
Тақырып 12. Тұлға психологиясы және тұлғааралық қарым-қатынас. Ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынаста психодиагностикалау.
Тұлға психологиясы және тұлғааралық қарым-қатынас. Тұлға және психология туралы түсініктер. Тұлғаның қалыптасуы. Топтар мен ұжым туралы түсінік. Топтық дифференциация.
Тақырып 13. Басқару психологиясының негіздері. Басқару психологиясының мазмұны мен құрылымы.
Басқару іс-әрекетінің негізгі функциялары. Көшбасшының негізгі дәрістері. Жетекшінің кәсіби маңызды қасиеттері.
Тақырып 14. Қолданбалы психология негіздері.
Әлеуметтік психологияда қолданбалы зерттеулердің спецификасы және әсері. Практикалық, фундаменталды, әлеуметтік және қолданбалы психологияның қатынасы.
Тақырып 15. Болашақ кәсіби іс-әрекет ерекшелітерін ескеру мен студенттерге, оқытушыларға және мамандарға психологиялық кеңес беру.

Болашақ кәсіп иелерінің психологиялық даярлығын анықтау психодиогностикасы. Психологиялық кеңес беру және психологиялық көмектің басқа турлері.



ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРЫНЫҢ ҮЛГІ ТАҚЫРЫПТАРЫ
Тарау 1. Жоғары мектеп психологиясының жалпы мәселелері

1. Психология ғылым ретінде

2. Оқыту үдерісіндегі адамның танымдық іс-әрекетінің психологиясы.

3. Нарықтық экономика жағдайындағы білім беру үдерісінің гносеологиялық және онтологиялық мәселелері.


4. Қазіргі заман талабына сай оқытудың сапасы мен тиімділігін арттырудың психологиялық құралдары мен әдістері.


5. Келіспеушілік жағдайларда оқытуды басқару үдерісі. Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы.

6. Келешектегі кәсіби іс-әрекет аясындағы жұмыскердің профессиограммасы мен психограммасы.

7. Іс-әрекет және танымдық үдерістер психологиясы. Адамның іс-әрекетінің түрі және құрылымы.

Тарау 2. Кәсіптік іс-әрекеттің психологиялық сұрақтары


8. Іс-әрекет және бейімделу.

9. Психология және еңбек іс-әрекеті.

10. «Адам-машина-орта» жүйесінің психологиясының негізі. Эргономика және психология. Кәсіби іс-әрекет сенімділігінің мәселесі.

11. Тұлғаның және тұлғааралық қарым-қатынастың психодиогностикалық мәселелері.

12. Психологиялық басқару негізі. Басқару іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы.

13. Менеджмент психологиясы.

14. Қолданбалы психология негізі.

15. Келешектегі кәсіби іс-әрекет бейіндігін есепке ала отырып студенттер мен оқытушыларға және мамандарға психологиялық кеңес беру.



МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ҮЛГІ ТАҚЫРЫПТАРЫ


  1. Психология ғылымының даму тарихы.

  2. Қазақстандағы психологиялық ойдың дамуы.

  3. Қазіргі заманғы психологияның салалары. Психологиядағы ізденістердің тәсілдері.

  4. Психологияның ғылыми жүйедегі орны. Қазіргі заманғы психологияның мәселелері.

  5. Психиканың рефлекторлық сипаттамасы. Психиканың даму кезеңдері туралы қазіргі заманғы түсінік. Жануарлар мен адам психикаларын айырудың мәні.

  6. Психика және ми. Психиканың табиғаты және оның пайда болу проблемалары. Жануарларда психиканың төменгі формаларының қалыптасуы. Адамда психиканың жоғарғы формаларының болуы.

  7. Адам іс-әрекетінің құрылымы және түсінік. Іскерлік, дағды және іс-әрекет.

  8. Қызметтің түрлері және оның дамуы. Қызмет және адам психологиясы.

  9. Сезімнің классификациясы. Сезімнің өлшемі және өзгерістері.

  10. Қабылдау үрдіс ретінде. Кеңістікті, қозғалысты және уақытты қабылдау.

  11. Қажеттілік. Қажеттілік классификациясы. Қажеттіліктің жеке ерекшеліктері.

  12. Түрткі. Түрлері. Қалыптасу кезеңдері.

  13. Зейіннің функциялары, қасиеттері және түрлері. Зейінді түсінуге теоретикалық көзқарас. Зейіннің қалыптасуы және өркендеуі.

  14. Естің анықтамасы. Естің түрлері және олардың ерекшеліктері. Естің жекелеген айырмашылықтары.

  15. Естің теориялары. Естің заңдары. Естің өркендеуі.

  16. Қиялдың табиғаты мен түрлері. Қиялдың функциялары мен жекелеген ерекшеліктері. Қиялдың органикалық үрдістермен байланысы.

  17. Ойлаудың түсінігі, түрлері, операциялары мен формалары. Ойлаудың теориясы.

  18. Шығармашылық ойлаудың ерекшеліктері. Ойлаудың өркендеуі.

  19. Сөйлеу, оның түрлері мен функциялары. Сөйлесу адамдардың араласатын және ойлау құралдары.

  20. Ойлау мен сөйлеудің арақатынасы.

  21. Сананың анықтамасы. Сананың пайда болуы.

  22. Санасыздық және оның санамен байланысы.

  23. Психологиядағы тұлға туралы түсінік. Тұлғаны зерттеу тарихы.

  24. Тұлғаның қазіргі заманғы теориялары

  25. Тұлғаның қалыптасуы және өркендеуі.

  26. Мен-концепция, мен бейнесі және ұқсастық.

  27. Психологиялық қорғаудың өркендеу механизмдері.

  28. Қабілеттіліктің түсінігі және түрлері. Қабілеттіліктер және талаптылық.

  29. Ең жоғарғы адам қабілеттіліктерінің табиғаты.

  30. Қабілеттіліктің қалыптасуы және өркендеуі.

  31. Темпераменттер (жігерлер) деген не және олардың түрлері. Темпераменттің табиғи негізі және қасиеттері. Темперамент және қызметтің жекелеген стилі.

  32. Мінездің анықтамасы және структурасы (құрылымы). Мінез типологиялары. Мінездің қалыптасуы және өзгеруі.

  33. Психологиядағы еріктің түсінігі мен мәселелері.

  34. Жігерлі іс-қимылдың табиғаты мен құрылымы. Адам жігерінің өркендеуі.

  35. Сезім. Сезім түрлері.

  36. Эмоцияның адам өмірінде алатын орны және олардың түрлері. Эмоцияның психологиялық теориялары. Жеке адам және эмоция.

  37. Мотивация туралы түсінік. Мотивацияның зерттеу тарихы және қазіргі заманғы теориялары.

  38. Адамның әлеуметтік ортадағы мотивациясы.

  39. Әлеуметтік құрылғының түсінігі мен құрылымы.

  40. Әлеуметтік құрылғының қалыптасуы мен өзгерулері.

  41. Адамдардың қарым-қатынастары.

  42. Кіші топ пен ұжым түсініктері. Кіші топтың құрылымы мен феноменологиясы.

  43. Топтың ұжыммен қалыптасуы және дамуы. Топтық қысым мен конформизмнің шығуы.

  44. Топтық поляризацияның топтық нормалары мен эффекті.

  45. Топта жетекшілік жасау.

  46. Адам бейнесі, оның құрылымы мен қалыптасуы.

  47. Адамдардың бір-бірін қабылдау механизмі.

  48. Өзара түсіністіктің жеке дара, кәсіби және жасына қарай ерекшеліктері.

  49. Топтық қызмет эффектілігі туралы түсінік.

  50. Топтар құрылымының өз қызмет эффектілігіне әсері.

  51. Топтық қызмет эффектілігінің топтар арасындағы қатынасқа тәуелділігі.

  52. Қатынас: феноменология, компоненттері және қаржылық.

  53. Қатынас: ақпарат алмасу, өзара қатынас. Қатынас адамдар арасындағы қатынас құралы. Қатынас және бірлескен қызмет.

  54. Қатынасты қиындататын факторлар. Қатынасты жандандыратын мәселелер.

  55. Топтар арасындағы дау. Даудың жекелеген себептері. Дауды шешу жолдары..

  56. Оқыту бағыттарын қалыптастырудың психологиялық негіздері.

  57. Дәстүрлі оқытудың маңызды аспекттері. Проблемалық оқытудың сипаты.

  58. Үйрену және оның түрлері.

  59. Оқыту қызметінің жалпы сипаты мен құрылымы. Оқыту қызметін өзара ұйымдастыру. Оқытудағы жеке-қызметтік ықпал.

  60. Оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерінің психологиялық аспекттері. «Оқыту тәсілі» түсінігі. Тәсілдердің дәстүрлі классификациясы.

  61. Дамыта оқытудың психологиялық маңызы.

  62. Оқыту үрдісіндегі өркендеу. Л.С. Выготский оқыту мен өркендеу қатысы туралы.

  63. Тәрбие психологиясының пәні және мәселелері. Өркендеудің әлеуметтік ситуациясы.

  64. Түрлі жастағы балаларды тәрбиелеудің психологиялық ерекшеліктері.

  65. Өнегелі тәрбие психологиясы.

  66. Шығармашылық қабілеттілік психологиясы.

  67. Дарындылық туралы түсінік. Дарынды балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту.

  68. Педагогикалық қызмет: өнімділіктің функциялары мен деңгейлері.

  69. Педагогикалық қызмет: мақсаты, себебі және құрылымы.

  70. Педагогикалық қызметтің психологиялық талдауы.

  71. Педагогикалық өзара қатынастың жалпы сипаты. Өзара қатынастағы оқыту үрдісі. Өзара қатынастағы психологиялық байланыс.

  72. Педагогикалық қатынастың мәні және оның функциясы. Педагогикалық қатынастың психологиялық ерекшеліктері.

  73. Танымның, оқытудың және шығармашылықтың мотивациясы.

  74. Креативтік және оның диагностикасы.

  75. Қабілеттілік диагностикасы.

  76. Шығармашылық есептерді шешу тәсілдері.

  77. Тұлғаның сана-сезімі.

  78. Жеке тұлғаның психологиялық өркендеуінің психологиялық жас шамасы мен кезеңділігі.

  79. Жеке тұлға және мінез. Жеке тұлға қолданбалы психологиясының әдістемелік тәсілдері.

  80. Өз бетімен жүзеге асырудың шарттары мен қоғамды өркендету мақсаты.

  81. Өз шеңберінен шығу - әлеуметтік мәңгілік.

  82. «Қиын» адамдармен педагогикалық қатынастың ерекшеліктері.

  83. Қатынас және өркендеу үрдісіндегі индивидтің жеке дара және кәсіби өсуі.


ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер:

  1. Ауталипова У.И., Бапаева С.Т. Практикалық психологияның теориялық-әдістемелік негіздері: Оқу құралы. – Алматы, 2006. – 160 б.

  2. Әбілқасымова А.Е. Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру. – Алматы: «Білім», 192 б.

  3. Бабаев С., Жұмадуллаева А. Жалпы психология. Дәріс-тақырыптық шұғыл тексеру тесттері. – Алматы: «Заң әдебиеті», 2009. – 208 б.

  4. Бапаева М. Психологияны оқыту әдістемесі: Оқу құралы. – Алматы, 2008. – 200 б.

  5. Бап-Баба С.Б. Жалпы психология (жантану негіздері). Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған дәрісбаяндар жинағы. А.М.Құдиярова басшылығымен. – Алматы: Заң әдебиеті, 2007. – 268 б.

  6. Жақыпов С.М. Жалпы психология негіздері. Оқулық. – Алматы: Алла прима, 2012. – 203 б.

  7. Жақыпов С.М. Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекет психологиясы. (Оқу құралы). – Алматы: «Алла прима» ЖШС, 2008. – 216 б.

  8. Жақыпов С.М., Тоқсанбаева Н.Қ. Психологияны оқыту әдістемесі: жоғарғы оқу орындарына арналған оқу құралы. – Алматы, 2012. – 143 б.

  9. Жунисбекова Ж.А., Койшибаева Н.И., Ауелова К.Е. Психолого-педагогический толковый словарь. – Алматы: Нурлы Алем, 2011. – 219 с.

  10. Жұмасова К. Психология : Оқулық. – Астана: Фолиант, 2010. – 296 б.

  11. Жігітбекова Б.Д. Топтық психотерапия: Оқу құралы. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2008. – 128 б.

  12. Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. – М.: Логос; Алматы: TST-company, 2005. – 368 б.

  13. Қалыбекова Ә.А., Ысқақов Ж.Ы., Әлсатов Т.М. Мұғалімдердің педагогикалық сөздігі мен анықтамалығы. – Алматы: Қазақ Университеті, 2002. – 287 б.

  14. Қойшыбаева Н.И., Жунисбекова Ж.А. Педагогикалық психология. – Алматы: Нұрлы Әлем, 2013. – 170 б.

  15. Құдиярова А.М. Қарым-қатынас психологиясы. – Алматы, 2006. – 40 б.

  16. Малдыбаева А. Жеке тұлға диагностикасы. Оқу-әдістемелік құрал. – Шымкент, 2005. – 100 б.

  17. Мамашбаева Ш., Байтелиева Н., Момынова С. Мектеп психологіне көмекші құрал. Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2012. – 96 б.

  18. Нұржанова С. Жалпы және балалар психологиясы (жаттығұлар мен тапсырмалар). Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2010. – 144 б.

  19. Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология. 1-бөлім. Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мазмұны мен әдістемесі. – Шымкент, 2006. – 188 б.

  20. Педагогика: Қазақша және орысша түсіндірме терминологиялық сөздік // Ғыл.жетекш.жасаған және жалпы ред.басқарған проф. Ш.К. Беркімбаева, проф. А.Қ. Құсайынов. – Алматы: ROND&A баспасы, 2007. – 248 б.

  21. Садвакасова З.М. Педагогические приемы привлечения и активизации мыслительного процесса: Учебно-методическое пособие. – Алматы, 2010. – 41 с.

  22. Садықов Т.С., Әбілқасымова А.Е. Қазіргі дидактика. Оқу құралы. – Алматы: Ғылым, 2007. – 280 б.

  23. Сатиева Ш. Даму психологиясы (теориялық және практикалық курс). Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2012. – 232 б.

  24. Сейталиев Қ. Жалпы психология: Оқу құралы. – Алматы: «Білім», 2007. – 360 б.

  25. Тоқсанбаева Н.Қ. Психологиялық тесттер. (оқу-әдістемелік құрал). – Алматы, 2012. – 128 б.


Қосымша әдебиеттер:

  1. Ананьев Б.Г. Психология педагогической оценки //Избр. пед. тр. – М., 1982. – Т.2.

  2. Бадмаев Б.Ц. Психология: Как ее изучить и усвоить. - М., 1997.

  3. Буйко Т.Н., Капранова В.А. Обеспечение качества образования в высшей школе: организационно-управленческий аспект. – Мн., 2000.

  4. Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: контекстный подход. – М., 1991.

  5. Выготский Л.С. Педагогическая психология. – М., 1991.

  6. Гарбер Е.И. Семнадцать уроков психологии. М., 1995.

  7. Голубева Э.А. Способности и индивидуальность. – М., 1993.

  8. Григорович Л.А., Марцинковская Т.Д. Педагогика и психология: Учеб. пособие. – М.: Гардарики, 2005. – 480 с.

  9. Громкова М.Т. Психология и педагогика профессиональной деятельности: Учеб.пособие для вузов. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003. – 415 с.

  10. Дьяченко М.И., Кандыбович Л.А. Психология высшей школы. - Мн., 1993.

  11. Емельянов Ю.Н. Активные методы социально-психологического обучения. М., 1985.

  12. Жук А.И., Кошель Н.Н. Активные методы обучения в системе повышения квалификации педагогов: Учеб.-метод. пособие. – Мн., 2003.

  13. Илюсизова С.М. Общая и юридическая психология: Учебник. – Алматы: «Юридическая литература», 2006. – 304 с.

  1. Инновационное обучение: стратегия и практика: Науч.-аналит. обзор /Под ред. В.Я.Ляудис. – М., 1994.

  2. Казаков М.И. Самостоятельная работа студентов. – Киев, 1990.

  3. Кашлев С.С. Современные технологии педагогического процесса. – Мн., 2002. – 93 с.

  4. Кларин М.В. Инновации в мировой педагогике: обучение на основе исследования, игры и дискуссии (Анализ зарубежного опыта). Рига, 1995.

  5. Климов Е.А. Психология: Учебник психологии для средней школы. М., 1997.

  6. Ковалев Б.П. Развитие и коррекция педагогической рефлексии учителя. – Мн., 1997.

  7. Коломинский Я.Л., Панько Е.А. Диагностика педагогического взаимодействия. Мн., 1993.

  8. Ксензова Г.Ю. Оценочная деятельность учителя. – М., 2001.

  9. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Не совсем обычный урок. – М., 2001.

  10. Қойшыбаева Н.И., Жунисбекова Ж.А. Педагогикалық психология. – Алматы: Нұрлы Әлем, 2013. – 170 б.

  11. Леонтьев Д.А. Очерк психологии личности. – М., 1993.

  1. Лучинин А.С. История психологии: Учебное пособие. / А.С.Лучинин – М.: Издательство «Экзамен», 2005. – 288 с.

  2. Маленкова Л.И. Человековедение. - М., 1993.

  3. Марцинковская Т.Д., Григорович Л.А. Психология и педагогика: учеб. – М.: Проспект, 2008. – 464 с.

  4. Мерлин В.С. Психология индивидуальности / Под ред. Е.А. Климова. – М., 1996.

  5. Мотков О.И. Психологическая культура личности //Первое сентября. – 1999. - №15.

  6. Немов Р.С. Психология: Словарь-справочник: В 2 ч. – М.: Изд-во ВЛАДОС-ПРЕСС, 2003.

  7. Обозов Н.Н. Психологическая культура взаимоотношений. – Л., 1986.

  8. Овчарова Р.В. Психологическое сопровождение родительства. – М.: Изд-во ЗАО «Институт психотерапии», 2002. – 228 с.

  9. Овчарова Р.В. Технологии практического психолога образования. – М., 2001.

  10. Оганян Г.З. Роль психологических знаний в развитии личности. – Ереван, 1980.

  11. Ольшанский Д.В. К анализу когнитивной самооценки человека //Проблемы медицинской психологии. – М., 1980.

  12. Орлова Л.В. «Психологическая предобразованность» в структуре психологической культуры //Актуальные проблемы деятельности практических психологов (в свете идей Л.С. Выготского). – Мн., 1999. Петровская Л.А. Компетентность в общении: социально-психологический тренинг. – М., 1989.

  13. Практическая психология для преподавателей /Под ред М.К.Тутушкина. – М., 1997.

  14. Практическая психология: Учеб.-метод. пособие. – Мн., 1997.

  15. Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. - М., 1991.

  16. Розин В.М. Психология и культурное развитие человека. – М., 1994.

  17. Самоукина Н.В. Игровые методы в обучении и воспитании. М., 1992. Сарсенбаева Б.И. Психология межличностного и профессионального самосовершенствования будущих педагогов: Монография. – М., 2005. – 176 с.

  18. Скороходова Н.Ю. Психология ведения урока. – СПб., 2002.

  19. Слотина Т.В. Психология личности: Учебное пособие. – СПб.: Питер, 2008. – 304 с.

  20. Трайнев В.А. Деловые игры в учебном процессе: Методология разраб. и практ. проведения. – М., 2002.

  21. Цукерман Г.А. Психология самопознания: Задача для подростков и их педагогов. М.- Рига , 1995.

  22. Чеснокова И.И. О психологических основах самовоспитания //Психология формирования и развития личности. – М., 1981.

  23. Шевандрин Н.И. Социальная психология в образовании: Учеб. пособие. – М., 1995.

  24. Шмаков С., Безбородова Н. От игры к самовоспитанию. М., 1995.


Авторлары:

Қойшыбаева Н.И. - п.ғ.к., доцент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ



Жунисбекова Ж.А. - п.ғ.к., доцент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ



Каталог: ckfinder -> userfiles -> files -> tiptik -> kaz
files -> Қр бжҒМ «М.Әуезов атындағы ОҚМУ» шжқ рмк ректорыт.ғ. д., профессор Ж.Ү. Мырхалыков 2017ж
files -> Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтаудың бақылау бағдарламасында көрсетілетін мәселелердің ұсынылып отырған тізбесі Бақылау мәселелері
files -> Жылға (жылдарға) 1 бөлім Жалпы ережелер
kaz -> KbshT 2202 Кәсіби бағытталған шетел тілі 5B091000 «Кітапхана ісі»
kaz -> KK(O)T 2201 «Кәсіби қазақ (орыс) тілі» 5B091000 «Кітапхана ісі»
files -> «Өнеркәсіптік, азаматтық және жол құрылысы» кафедрасы элективті пәндер каталогы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет