Бағдарламасы «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму жөніндегі»



Дата27.05.2018
өлшемі316,03 Kb.
#40795
түріБағдарламасы
ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасы

«Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму жөніндегі» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудан бойынша өңірлік Индустрияландыру картасына енгізілген «БИС-Групп» ЖШС-нің «Қызыл мия тамырын өңдеу» зауыты жүзеге асырылуда.

Жобаны іске асыруға Жалағаш ауданы, Ақсу ауылдық округінің «Ахмет база» учаскесінен 9,0 гектар және мия егуге Жаңадария ауылдық округінен 6,0 мың гектар жер телімі рәсімделіп берілді. 2013 жылы құрылыс жұмыстары басталып, 2014 жылдың желтоқсан айында іске қосылды.

Үлескерлердің арасында келіспеушілік туындап, зауыттың жұмысы 2016 жылға дейін тоқтап тұрған. Осы ретте облыс әкімінің тікелей араласуымен аталған мәселе шешімін тауып, зауыт іске қосылып, 50 адам жұмыспен қамтылды.

2016 жылдың желтоқсан айында жалпы құны 37,0 млн. теңгені құрайтын 2 вагон құрал-жабдықтар жеткізіліп, толық орнатылды.

Зауыттың қуаттылығы жылына 300,0 тонна, құны 900,0 млн. теңгені құрайтын глицирризин қышқылы және 1200,0 тонна, құны 1,0 млрд. теңгені құрайтын глицирризин қышқылының ұнтақталған түрін өндіру.

Зауыт іске қосылғаннан кейін Қытай мемлекетіне алғашқы 20,0 тонна өнімі экспортталды.

Қазіргі таңда, зауыт іске қосылды, нарықта сұраныстың болмауына, арнаулы мамандар тапшылығына, өнім бағасының арзан болып, кеткен шығындарды ақтамауына байланысты зауыт жұмысы уақытша тоқтап тұр.

Индустрияландыру картасынан тыс облыс әкімі жанындағы Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының оң қорытындысын алған жалпы құны 56,1 млн. теңгені құрайтын 4 инвестициялық жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Олар:

1. Жеке кәсіпкер А.Боранқұловтың ағаш өндіру цехы. Жобаның жалпы құны 15,0 млн. теңге. Қазіргі таңда негізгі ғимаратының құрылысы толық аяқталып, қажетті құрал-жабдықтар сатып алу үшін несие алуға құжаттары дайындалуда. 2017 жылы кәсіпорын жанынан қосымша күріш ақтау цехын ашуған қажетті жабдықтары алынып, орнатылды. Жоба 2018 жылы толық іске қосылып, 6 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

2. Жеке кәсіпкер Н.Ералиевтың балықты алқашқы өндіру цехы. Жобаның жалпы құны 11,1 млн. теңге. Қазіргі таңда негізгі ғимаратының құрылысы аяқталып, ішкі монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жобаны іске асыруға кент орталығынан 0,05 га жер телімі рәсімделіп берілді. Жоба 2018 жылы толық іске қосылып, 4 жаңа жұмыс орны ашылады.

3. «Баба» шаруа қожалығының асыл тұқымды ешкілерді көбейту, етін өндіру және сүтін өңдеу жобасы. Жобаның жалпы құны 20,0 млн теңге. Жоба толық жеке қаражат есебінен жүзеге асырылуда. 2016 жылғы 23 мамырдағы Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының №9 хаттамасына сәйкес оң қорытынды алып, «Серпін» индустриялды аймағынан 2,0 га жер телімі сауда-саттықсыз табысталды. Жобаның құаттылығы жылына 3,6 тонна ешкі еті, 32,4 тонна ешкі сүтін өндіру. Қазіргі таңда, жем және шөп сақтау қоймалары, бақылау өткізу бекеті ғимараттарының құрылыс жұмыстары аяқталып, ферманың негізгі ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Алдағы уақыттар Рессейден ешкі алдыру жоспарлануда. Жоба толыққанды жүзеге асырылған жағдайда 12 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Жоба 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында іске қосылады деп жоспарлануда.

4. Жеке кәсіпкер М.Қанибаевтың 3000 басқа арналған шағын құс фермасы. Жобаның жалпы құны 10,0 млн теңге. 2016 жылы «Миркобизнес Қызылорда» бағдарламасы аясында 6,8 млн теңге несие алды. Жобасын жүзеге асыру үшін «Серпін» индустриялды аймақтан 0,2 гектар жер телімі рәсімделіп берілді. Құс фермасы ғимаратының құрылыс жұмыстары жартылай жүргізіліп, қазіргі таңда қаржы тапшылығына байланысты уақытша тоқтап тұр. Жоба толық іске қосылған жағдайда 5 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Жоба 2018 жылдың аяғын дейін іске қосылады деп жоспарлануда.

Жоғарыда аталған, «Қазақстан Республикасының индустриялық - инновациялық даму жөніндегі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2012 жылы Жалағаш кентінің батыс бетінен 22 га жер телімі белгіленіп, «Серпін» индустриялды аймағы құрылды.

2013 жылы жергілікті бюджеттен 5,8 млн.теңге қаржы қаралып, индустриялық аймаққа қажетті инженерлік инфрақұрылым жүйелеріне жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді.

2014 жылы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 301 млн 706 мың теңге қаржы бөлініп, инженерлік инфрақұрылым жүйелері толық жүргізіліп, тиісті қызмет көрсетуші мекемелердің балансына берілді.

Бүгінгі күнге, индустриялды аймақта жалпы құны 79,5 млн.теңгені құрайтын 4 өндіріс орындары іске қосылып, жұмыс жасауда.


  1. Жеке кәсіпкер Д.Жарасбаевтың мал сою цехы. Жобаның жалпы құны 14,5 млн.теңге. Жоба 2011 жылы іске қосылған. Жобаның қуаттылығы тәулігіне 3 бас МІҚ малын сояды. 3 адам жұмыс орнымен қамтылды. Берілген жер телімі 0,20 га.

  2. «К.Қанатбаева» ШҚ-ның мал бордақылау, сою және жіліктеп бумалау цехы. Жобаның жалпы құны 25,3 млн.теңге. Жоба 2014 жылы іске қосылған. Жобаның қуаттылығы жылына 360 бас МІҚ және жылқы малы бордақыланып, сойылады. 4 адамды жұмыс орнымен қамтыған. Берілген жер телімі 0,45 га.

  3. «К.Қанатбаева» ШҚ-ның мал базары. Жобаның жалпы құны 1,5 млн теңге. Жоба 2016 жылы толық іске қосылып, 3 жаңа жұмыс орыны ашылды.

  4. «Өркен Әлем» ЖШС-нің арнайы киім тігу шеберханасы. Жобаның жалпы құны 38,2 млн.теңге. Кәсіпорын ғимаратының ішін тігін цехын ашуға қайта бейімдеп, қажетті құрал-жабдықтарды орнату, қажетті мамандарды даярлау жұмыстары толық аяқталып, «СТ-KZ» сертификаты алынды. Жоба 2017 жылы іске қосылып, 28 адамды жұмыспен қамтып отыр.


«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді. Бағдарлама Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.

Аталған бағдарламасы аясында аудан бойынша 2017 жылға дейін 315,5 млн. теңгені құрайтын 9 жоба Өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысына сәйкес пайыздық ставкасы субсидияланып, оның ішінен 4 жоба 69,0 млн. теңгеге ішін ара кепілдендірілді.



- «Маржан-2002» ЖШС-нің жолаушылар тасымалы. Жобаның құны 14,5 млн теңге.

- жеке кәсіпкер А.Махатованың 90 орындық балабақша құрылысы. Жобаның құны 30,0 млн теңге. 15,0 млн теңгеге жоба ішін ара кепілдендірілді.

- «Маржан-2002» ЖШС жолаушылар тасымалы. Жобаның құны 6,0 млн теңге.

- жеке кәсіпкер А.Қауымбаевтың техникалық қызмет көрсету орталығы. Жобаның құны 6,0 млн теңге.

- жеке кәсіпкер Д.Дүйсебаеваның айналым қаражатын толықтыру. Жобаның құны 20,0 млн теңге. 8,5 млн теңгеге жоба ішін ара кепілдендірілді.

- «АutoGasStation» ЖШС-нің газ кұю бекеті. Жобаның құны 19,5 млн. теңге. 15,5 млн теңгеге жоба ішін ара кепілдендірілді.

- «Агрохимсервис» ЖШС-нің айналым қаражатын толықтыру. Жобаның құны 139,5 млн. теңге.

- жеке кәсіпкер Б.Ұзақовтың «С» санаты жол бойы кешені құрылысы. Жобаның құны 60,0 млн. теңге. 30,0 млн теңгеге жоба ішін ара кепілдендірілді.

- жеке кәсіпкер М.Абдыбаевтың күріш ақтау зауыты. Жобаның құны 20,0 млн теңге.

Сонымен қатар, 2014 жылдың ақпан айында осы бағдарламаның «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» бағыты аясында «Серпін» индустриялды аймағын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министірлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитетінде жоба қорғалып, оң шешім қабылданды. 2014 жылдың наурыз айында республикалық бюджеттен 301 млн 706 мың теңге қаржы бөлініп, қажетті инженерлік инфрақұрылымның құрылыс жұмыстары толық аяқталды.



Жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламасының грантты ұсыну бағыты бойынша ауданнан 2016 жылы екі кәсіпкер 2,6 млн теңге көлемінде мемлекеттік грантқа ие болды.

  1. Жеке кәсіпкер Ғ.Ержановтың «Жиһаз жасау цехы» жобасы. Жобаның жалпы құны 3,0 млн. теңге. Грант қаржысының көлемі 1,4 млн. теңге.

  2. Жеке кәсіпкер Ж.Мырзакулованың «Тұшпара өнімін орау қызметін ұйымдастыру цехы» жобасы. Жобаның жалпы құны 3,0 млн. теңге. Грант қаржысының көлемі 1,2 млн. теңге.

2017 жылдың қаңтар айынан бастап аудан бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жалпы құны 782,9 млн теңгені құрайтын 17 жоба екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырылып, Өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысына сәйкес пайыздық ставкасы субсидияланды. Оның ішінен 4 жоба 98,6 млн теңгеге ішінара кепілдендірілді.

1) «Таң ЛТД» ЖШС-нің күріш егу және ақтау жобасы «Қазақстан Халық банк» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 60,0 млн теңгеге қаржыландырылды. Жоба 30,0 млн теңгеге ішін ара кепілдендірілді;

2) жеке кәсіпкер Б.Ұзақовтың жол бойы кешені жобасы «Банк Центр Кредит» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 55,0 млн теңгеге қаржыландырылды. Жоба 27,5 млн теңгеге ішін ара кепілдендірілді;

3) жеке кәсіпкер Д. Дүйсебаеваның айналым қаражатын толықтыру мақсатында «Форте Банк» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 18,0 млн теңгеге қаржыландырылды. Жоба 6,1 млн теңгеге ішін ара кепілдендірілді;

4) жеке кәсіпкер Қ.Дүйсебаевтың мейрамхана сатып алу жобасы «Банк Центр Кредит» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 70,0 млн теңгеге қаржыландырылды. Жоба 35,0 млн теңгеге ішін ара кепілдендірілді;

5) «Дархан» ЖШС-нің айналым қаражатын толықтыру мақсатында «Қазақстан Халық банк» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 15,0 млн теңгеге қаржыландырылды;

6) жеке кәсіпкер М.Ажибековтың құрама жем өңдеу зауыты жобасы «Банк Центр Кредит» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 34,8 млн теңгеге қаржыландырылды;

7) «Атамекен» ШҚ-ның күріш егу үшін қажетті ауыл шаруашылығы техника сатып алу жобасы «ТехноЛизинг» ЖШС-і арқылы 12,9 млн теңгеге қаржыландырылды;

8) «Атамекен» ШҚ-ның күріш егу үшін қажетті ауыл шаруашылығы техника сатып алу жобасы «ТехноЛизинг» ЖШС-і арқылы 33,1 млн теңгеге қаржыландырылды;

9) жеке кәсіпкер М.Дүзелбаева қажетті тауарлар, шикізат сатып алу жобасы «Қазақстан Халық банк» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 15,0 млн теңгеге қаржыландырылды.

10) «Байтабын» ЖШС-нің күріш егу үшін қажетті техника сатып алу жобасы «ТехноЛизинг» ЖШС-і арқылы 46,8 млн теңгеге қаржыландырылды.

11) «Mega Агро» ЖШС-ның күріш егу үшін қажетті техника сатып алу жобасы «ТехноЛизинг» ЖШС-і арқылы 7,5 млн теңгеге қаржыландырылды.

12) «Mega Агро» ЖШС-ның күріш егу үшін қажетті ауыл шаруашылығы техника сатып алу жобасы «ТехноЛизинг» ЖШС-і арқылы 79,5 млн теңгеге қаржыландырылды.

13) «Сатурн» ШҚ-ның күріш егу үшін қажетті ауыл шаруашылығы техника сатып алу жобасы «ТехноЛизинг» ЖШС-і арқылы 96,3 млн теңгеге қаржыландырылды;

14) «Таң ЛТД» ЖШС-і айналым қаражатын толықтыру мақсатында «Банк Центр Кредит» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 60,0 млн теңгеге қаржыландырылды;

15) «Агрохимсервис» ЖШС-і айналым қаражатын толықтыру мақсатында «Қазақстан Халық банк» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 59,0 млн теңгеге қаржыландырылды;

16) «Агрохимсервис» ЖШС-і айналым қаражатын толықтыру мақсатында «Қазақстан Халық банк» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 60,0 млн теңгеге қаржыландырылды;

17) «Агрохимсервис» ЖШС-і айналым қаражатын толықтыру мақсатында «Қазақстан Халық банк» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 60,0 млн теңгеге қаржыландырылды;

Сонымен қатар, аталған бағдарламаның мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша ағымдағы жылы өткізілген конкурсқа ауданнан құны 86,2 млн теңгені құрайтын 47 жоба ұсынылып, оның ішінен 10 жоба 6,1 млн теңгеге мақұлданды.



  1. Жеке кәсіпкер М.Қожахметовтың массаж салонын ашу жобасы. Жобаның жалпы құны 1,0 млн. теңге. Грант қаржысының көлемі 1,0 млн. теңге.

  2. Жеке кәсіпкер Ш.Қалиеваның шаштараз ашу жобасы. Жобаның жалпы құны 1,0 млн. теңге. Грант қаржысының көлемі 1,0 млн. теңге.

  3. Жеке кәсіпкер Г.Байсейтованың тоқыма бұйымдарын өндіру. Жобаның жалпы құны 2,2 млн. теңге. Грант қаржысының көлемі 0,73 млн. теңге.

  4. Жеке кәсіпкер М.Раманкулованың киізден жасалған бұйымдар өндіру жобасы. Жобаның жалпы құны 1,5 млн. теңге. Грант қаржысының көлемі 0,6 млн. теңге.

  5. Жеке кәсіпкер Ш.Қараходжаевтың қоян асырау жобасы. Жобаның жалпы құны 1,0 млн. теңге. Грант қаржысының көлемі 0,2 млн. теңге.

  6. Жеке кәсіпкер Г.Абдразақованың тігін шеберханасы. Жобаның жалпы құны 2,0 млн. теңге. Грант қаржысының көлемі 0,3 млн. теңге.

  7. Жеке кәсіпкер Ж.Мирзамбековтың бидайдан өнім өндіру цехы. Жобаның жалпы құны 1,4 млн. теңге. Грант қаржысының көлемі 1,0 млн. теңге.

  8. Жеке кәсіпкер А.Жылгелдиевтың қоғамдық монша жобасы. Жобаның жалпы құны 0,3 млн. теңге. Грант қаржысының көлемі 0,3 млн. теңге.

  9. Жеке кәсіпкер М.Байнаұлының ағаш өндеу цехы. Жобаның жалпы құны 0,65 млн. теңге. Грант қаржысының көлемі 0,45 млн. теңге.

  10. Жеке кәсіпкер Б.Тажібаеваның бал арасын асырау жобасы. Жобаның жалпы құны 0,55 млн. теңге. Грант қаржысының көлемі 0,55 млн. теңге.



«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың

2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы
Аудан бойынша аталған бағдарламаның бірінші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» шеңберінде аудан әкімдігінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы №18 «Жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі Жалағаш ауданы әкімдігінің жанындағы ведомствоаралық комиссия құру туралы» қаулысымен аудандық комиссия құрылды. Аудандық комиссияның шешімімен әрбір елді мекенде тегін техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға үміткерлер тізімін қалыптастыру бойынша мобильді топтар құрылды.

Аудандық комиссияның шешімімен әрбір елді мекенде тегін техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға үміткерлер тізімін қалыптастыру бойынша мобильді топтар құрылды. Мобильдік топтардың қызметін ұйымдастырушы аудандық білім бөлімі 2017 жылдың 25 тамызына дейінгі мерзімде аудандық комиссияның қарауына және бекітуіне өтініш білдірген тұлғалардың қалыптастырылған тізімдерін ұсынды.

Жоспар бойынша 50 адамды оқыту көзделген болса, (оның 25-і «көкөніс өсіруші» мамандығы болса, 25-«тракторист-машинист») қазіргі таңда аудандық комиссияның шешімімен 78 адамның тізімі бекітілген.

Комиссия шешімімен бекітілген тұлғаларға аудандық білім бөлімі арқылы оқу орындарына жолдама рәсімделіп, берілген.

Бағдарлама шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқуға республикалық бюджеттен 180 адамға 30,4 млн. теңге қаржы қаралып, оның 30,4 млн.теңгесі (100%) игерілді. Есепті мерзімге 185 адам қысқа мерзімді курстарға жолданды. Олардың 82 –і (44,3%) 16-29 жас аралығындағы жастар.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарын 185 адам аяқтап, оның 44-і (23,8%) тұрақты жұмыспен қамтылды.






Мамандықтар атауы

Адам саны

Білім беру ұйымы

Жұмыспен қамтылғаны

1

Компьютерлік оқытуға

20

Абылайхан колледжі

0

2

Тігінші

20

Сырдария аудандық аграрлы техникалық колледжі

20

3

Электромонтер

10

Жалағаш индустриалды аграрлық колледжі

8

4

Тракторист-машинист

15

9

5

Аспазшы

30

4

6

Электрогаздәнекерлеу

15

0

7

Жеміс-көкөніс өсіруші

15

0

8

Жөндеуші слесарь

5

0

6

Балаға кәсіби қараушы

10

ЖШС Гүлмира оқу орталығы

0

7

Тәрбиешінің көмекшісі

10

ЖШС Кәсіби маман

1

8

Тігінші

7

1

9

Шаштараз

7

«Специалист» оқу орталығы

0

10

Маникюр, педикюр

4

1

11

Массажист

4

0




Барлығы

185




44


Бағдарламаның екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту»

Аудан бойынша кәсіпкерлік картасына сәйкес бағдарламаның екінші бағыты аясында 274 жоба әзірленіп, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Казагрокорпорация АКК» АҚ қаржы ұйымдарына ұсынылды.

Есепті мерзімге «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (АШҚҚҚ АҚ) арқылы 56 адамға 151,7 млн.теңге, ал «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (АНК АҚ) арқылы 12 адамға 90,9 млн.теңге, барлығы 68 адамға 242,6 млн.теңге несие қаражаты таратылды.

Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша

Әлеуметтік жұмыс орнына республикалық бюджеттен 70 адамға 15,3 млн.теңге қаржы қаралып, 100% игерілді. Есепті мерзімге 54 мекемеге 113 адам (161,4%) жолданды.

Жастар тәжірибесіне республикалық бюджеттен 130 адамға 33,4 млн.теңге қаржы бөлініп, 79 мекемеге 166 адам (127,7%) жолданды.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 34,0 млн.теңге қаржы қаралып, толық игерілді. Есепті мерзімге 560 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды. Оның ішінде 126-і (22,5%) 16-29 жас аралығындағы жастар.

Жұмысқа орналастырылу бойынша мемлекеттік қолдау шараларынсыз жұмысқа орналасқандар саны 764 адам. Оның 252-і (33%)16-29 жас аралығындағы жастар.

Есепті мерзімге «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі 12 рет өткізілді. Нәтижесінде 77 жұмыс берушілерден 169 жұмыс орындары ұсынылып, 169 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 42-і (24,9%)16-29 жас аралығындағы жастар.



ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Аудан бойынша 39 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Олардың 10-ы мемлекеттік (780 бала), 16-і жеке балабақшалар (1061 бала) және 13-і мектептер жанындағы шағын орталықтар (315 бала). Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында барлық қамтылған 1-6 жастағы бала саны 2156.

2017 жылы алға қойған 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткіші 100 пайызға толық орындалды.

2017-2018 оқу жылындағы жалпы білім беретін күндізгі мектептердің саны – 20, оқушылар саны – 6419 (395 класс). Оның ішінде орта мектеп – 19. Сабақ беретін мұғалімдер саны 1146. Педагог қызметкерлердің 1041-і жоғары білімді, 105-і арнаулы орта білімді. Біліктілік санаты бойынша 135-і жоғары (11,7%), 433-і бірінші санаты болса (37,7%), 345-і екінші санатты педагогтар (30,1%).

4 инновациялық мектеп жұмыс жасайды. (№31, 32, 123, 201). Бұл мектептерде Назарбаев зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибелері кеңінен таратылуда. Үш тілде білім беруге дайындық жұмыстары осы мектептерде жүзеге асырылуда.

Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын қамтамасыз ету үшін 2017 жылы жалпы жәй жөндеу жұмыстарына барлығы 21 млн 301 мың теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

Аудандық бюджет есебінен 3,8 млн.теңгеге 17 мектепке бейне бақылау камералары орнатылды.

№31, 32, 123, 201 және аудандық оқушылар Үйіне облыстық бюджет есебінен 16,8 млн.теңгеге «Робототехника» кабинеттері жасақталды.

Мектептердегі компьютерлер паркін жаңалау бағытында облыстық бюджет есебінен 8,7 млн.теңгеге 94 дана компьютер сатып алынды.

2016-2017 оқу жылында 11 класты 293 оқушы аяқтаса, оның 215-і (73,3%). ҰБТ қорытындысымен ауданның көрсеткіші 81,6 балды құрады. ҰБТ қорытындысымен 41 бітіруші (19,0%) 100-ден жоғары балл жинаса, 10 бірітуші шекті балдан төмен ұпай жинады.

Бітірушілердің 192-і жоғары оқу орындарына, 89-ы арнаулы оқу орындарына оқуға түсті.



Жалағаш ауданы бойынша діни экстремизм мен терроризмге қарсы

іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Жыл көлемінде ауданда діни ахуалға кері әсер ететін жағдайлар тіркелген жоқ. Діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, тұрақтылықты нығайту және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында құрылған Жалағаш аудандық ақпараттық түсіндірме тобы дін саласындағы өзекті мәселелерді, экстремизм мен терроризмнің алдын алуда тұрғындармен, жастар, мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері арасында тиісті жұмыстар жүргізуге септігін тигізіп келеді.

2017 жылы 13 наурыз аудандық ақпараттық түсіндірме тобының жұмысын ілгерілету үшін топ құрамы қайта жаңартылды. АТТ құрамында 38 мүше бар.



Ақпарат: АТТ құрамында жергілікті мемлекеттік атқарушы органдар - 7, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты аудандық мешіт имамдары - 16, білім саласы - 7, үкіметтік емес ұйым өкілдері - 2, "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ Жалағаш аудандық бөлімшесінің теолог маманы - 1, ардагерлерден - 1, жастар ұйымдары - 1, БАҚ өкілдері - 1, құқық қорғау органдары өкілдері - 2.

Аудандағы діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында құрылған аудандық ақпараттық түсіндірме тобының білімін жетілдіру мақсатында 2017 жылдың 21 қыркүйек күні мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында философия ғылымдарының кандидаты, дінтану кафедрасының доценті, Астана қаласы Дін істері басқармасы Астана қаласы бойынша сарапшы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес мүшесі, Дін істері комитеті Ғылыми зерттеу және талдау орталығының сарапшысы Кеңшілік Тышхан «Зайырлы мемлекеттегі діни экстремизмнің алдын алу жолдары: өңірлік тәжірибе және проблемалар», «Руханият және дәстүр» тақырыптарында 8 сағаттық оқыту-семинар өткізілді.

Сонымен қатар, облыстық ішкі саясат басқармасы тарапынан ұйымдастырылған оқыту-семинарлар мен семинар-тренингтерге 7 мәрте аудандық ақпараттық түсіндірме тобының мүшелері қатыстырылды.

Биылғы жылдың қыркүйек-қазан айларында Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілдігі және Қызылорда облысының әкімдігінің бірлесуімен 2017 жылдың 18-22 қыркүйек, 25-29 қыркүйек, 1-5 қазан аралықтарында Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті» университетінде имамдардың біліктіліктерін артыруға бағытталған 5 күндік оқыту семинарына ауданымыздан ақпараттық түсіндірме тобының мүшелері, 9 имам оқыту курстарынан өтті.

Жат ағымның жетегіндегі азаматтарды райынан қайтару, оларға дәстүрлі дінімізді түсіндіру жұмыстары дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандарымен, аудандық ақпараттық түсіндірме тобының мүшелері тарапынан тұрақты түрде жүргізілуде. 2017 жылы дінтанушы-теолог мамандармен дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушы азаматтарға 16 мәрте қарсы насихаттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесулерде «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013–2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы түсіндіріліп, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті азаматтарға бағыт-бағдар берілді.

Осыған орай, деструктивті діни ағым мүшелеріне арналған жеке жұмыс жоспары және жұмыс жүргізу алгоритмі бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Ауданда 2017 жылдың басында аудан бойынша дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушылардың саны 5 азамат болса, қазіргі таңда олардың саны 4 азаматты құрап отыр.

Жыл басынан бастап аудандық ақпараттық түсіндірме тобының мүшелерімен түрлі бағытта 48 шара ұйымдастырылып (6 дөңгелек үстел, 32 кездесу, 16 мәрте жеке кездесу) 3740 аудан тұрғындары қамтылды.

Сонымен қатар, халық көп шоғырланған орындарда (автовокзал, темір жол вокзалы, такси тұрақтары, ХҚКО, базарлар мен сауда үйлері және т.б.) 5 акция өткізіліп, шара барысында 2 мыңнан аса тұрғынға ҚР Азаматтық қоғам және дін істері министрлігі Дін істері комитетінің дінтану сараптамасынан оң қорытынды алған "Мемлекет және діни сенім бостандығы", "Ислам және әлеуметтік мәселелер", "Дін руханияты-дәстүрлі құндылықтар негізі", "Ғаламторағы рухани дерт", "Діни білім алуға абай бол", "Жақыныңыз жат ағыма бет бұрса", "Әлемдік діндер экстремизм мен терроризмге қарсы" 8 түрлі тақырыптағы 3000 дана бүктеме аудан тұрғындарына таратылды.



БАҚ ақпараттандыру.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыру, деструктивті діни ағымдарды әшкерелеу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында БАҚ-да және әлеуметтік желілерде барлығы 62 материал жарық көрді. Оның ішінде өңірлік Қызылорда-Қазақстан телеарнасында-2, жергілікті "Жалағаш жаршысы" газетінде – 32, интернет ресурстарда және әлеуметтік желілерде – 28 ақпарат жарық көрді.

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовпен облыс көлемінде салафизм идеясының теріс мәнін әшкерелеуге бағытталған медиа-жоспар әзірленіп, бекітілді.

Жоспарға сәйкес 2017 жылғы мамыр айынан бастап, ай сайын аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғ.Телібаев, Дін мәселелерін зерттеу орталығының Жалағаш аудандық бөлімшесінің теолог маманы А.Байқабыловтардың "Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңын іске асыра отырып, терроризмге қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша мақалалары жарияланды.

Облыстық ішкі саясат басқармасы арқылы теріс діни ағымдар іс-әрекеттері жайында әзірленген бейнероликтер кездесу, семинарларда көрсетіліп, ҚМДБ-ның қолдауымен "Адамзаттың асыл тәжі" тақырыбында 200 дана кітап, 100 дана Құран Кәрімнің қазақша нұсқасы аудан тұрғындарына таратылды.

Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасынан жолданған дағдарыстық жағдай туындаған кездегі іс-қимыл туралы жаңадан әзірлеп дайындалған инфографикалар мен жадынамалар, көрнекі плакаттар аудан аумағындағы террорлық тұрғыдан осал объектілер ғимараттарында, қоғамдық орындарда, қоғамдық көліктерде, мемлекеттік мекемелер және білім беру ұйымдарында орналастырылды.

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Жалағаш аудандық бөлімшесінің теолог маманы әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында тақырыбы мен мазмұны күмән келтірген 2 ақпарат : "В-контакте" әлеуметтік желілердегі "Бір үміт" тобындағы экстремистік сипаты бар сөздер жазылған суреттер, "WhatsApp" мессенджеріндегі бейнеролик облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығына сараптамадан өткізу үшін жолданды.

Әлеуметтік желілерге күнделікті бақылау жүргізіліп, рұқсат етілген мәліметтер, дәстүрлі дінді түсіндіретін ақпараттар таратылуда.



Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы.

Аудандық ішкі саяасат бөлімі арқылы 2017 жылға арналған әлеуметтік тапсырыс негізінде діни ахуал тұрақтылығын сақтау бағытына 1 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға 1 500,0 мың теңге қаржы бөлініп "Ұшқыр жебе" қоғамдық қорымен келісім шарт жасалынып, жұмыс жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес аудан тұрғындары арасында діни-экстремизмнің алдын алу бойынша аудандық ақпараттық түсіндірме тобының жұмыстарын, адрестік кездесулер өткізу, "Зайырлы мемлекеттегі діни экстремизмнің алдын алу жолдары: өңірлік тәжірибе және проблемалар" атты оқыту семинар, «Руханият және дәстүр» тақырыбында конференция, аудан жастары арасында діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға бағытталған «Жастар және дін» тақырыбында кездесулер ұйымдастырылды.

"Ұшқыр жебе" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен түрлі бағытта 8 шара ұйымдастырылып (арнайы ауданымызға шақырылған теолог мамандардың қатысуымен 3 мәрте жеке кездесу, 2 оқыту семинар, 1 конференция, 2 тақырыптық кездесу) шараларға барлығы 800 аудан тұрғындары қамтылды.


«Ақпаратты Қазақстан» бағдарламасы
Жалағаш ауданы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының саны біреу, ол аудандық “Жалағаш жаршысы” газеті. Басылым мемлекеттік тілде аптасына 2 рет шығарылады, 2 бетіне мемлекеттік  тапсырыс орналастырылуда. 2 беттің көлемі 3700 см2

Телерадиохабарлар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу әлеуметтік қызмет бойынша жергілікті бюджеттен 2017 жылға 5 миллион 715 мың теңге қаржы бөлініп, Қазақстан-Қызылорда теле арнасымен келісім-шарт жасалынып 12 айдың қортындысы бойынша толықтай игерілді. 2018 жылға осы бағытта 5 миллион 715 мың теңге қаржы бөлініп, конкурс жарияланды.



Қазақстан Республикасының денсаулық саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен  денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Негізгі нысаналы индикатор күтілетін өмір сүру жасының деңгейін 2020 жылға дейін 73 жасқа жеткізу болып анықталды. Денсаулық бағдарламасының негізгі индикаторларының Жалағаш ауданы денсаулық саласы бойынша 2017 жылдың 12 айында орындалуы:



1.Халықтың жалпы өлім-жітімі 1000 тұрғынға шаққанда – 5,5 промиль (2016ж-6,2);

2.Аналар өлім-жітіміжоқ;

3.Сәбилер өлім-жітімі 1000 тірі туылғанға шаққанда - 5,6 промиль (2016ж-5,6);

4.Туберкулезбен сырқаттану 100 мың тұрғынға шаққанда -87,6 промиль (2016ж-68,4);

5.Туберкулезден өлім – жітім 100 мың тұрғынға шаққанда -2,9 промиль (2016ж-2,8);

6.Қан айналымы жүйесінің ауруларынан (ҚЖА) болатын өлім-жітім 100 мың тұрғынға шаққанда -140,3 промиль (2016ж-105,4);

7.Жаңа қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 100 мың тұрғынға шаққанда – 90,6 промиль (2016ж-45,6);

8. Жаңа қатерлі ісіктер бар науқастардың 5 жыл өмір сүруі -47,5 %; (2016 ж – 46,8)

9.Жаңа қатерлі ісіктерді ерте анықтау (1-2 сатысы) –51,9 %;(2016 ж – 46,3)

10.Жарақаттардан, оқыс оқиғалардан және уланулардан болатын өлім-жітім 100 мың тұрғынға шаққанда – 52,6 промиль (2016ж-42,7);

11.15-17 жас балалар арасында өз-өзіне қол жұмсау деңгейі 10 мың жасөспірімге шаққанда жағдай -12,7; (2016ж -6,3)

12.Есірткіні залалды тұтынумен және оған тәуелділікпен наркологиялық есепте тұрған адамдар саны 100 мың тұрғынға шаққанда – 14,2 промиль;

13.15-17 жастағы балалар арасында жыныстық жолмен берілетін инфекциялармен (бұдан әрі – ЖЖБИ) сырқаттанушылық (мерез маркері) кездескен жоқ;

14.Инфекциялық және паразиттік аурулармен сырқаттану көрсеткішін кемінде 315,9-дан аспайтын деңгейде ұстап тұру 100 мың тұрғынға шаққанда – 442,8 промиль;

15.Семіздіктің таралуы 100 мың тұрғынға шаққанда – 15,5 промиль; (2016 – 18,12)

16.Жалпы тәжірибелік дәрігерге тіркелген тұрғындар саны 1 аймаққа 1784 адам.

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі “Агробизнес-2017” бағдарламасы (“Сыбаға”, “Құлан”, “Алтын асық”)
“Сыбаға” бағдарламасымен 2011-2017 жылдары қаржы институттары арқылы 61 шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер 289,21 мың теңге несие алынып, барлығы 4415 бас жергілікті аналық пен 147 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды.

Аудан көлеміндегі асыл тұқымды МІҚ малының үлес салмағы 0,77%, жылқы 3,4%, қой малы 6,1% .

Жекелердегі мал басы МІҚ 77,0%, жылқының 72,0%, қой 77,0%құрайды.

2018 жылдың 1 қаңтарына аудан көлемінде барлығы 30759 бас мүйізді ірі қара, 45927 бас уақ мал, 9653 жылқы, 473 бас түйе, 132 бас шошқа, 7557 бас құс өсірілуде. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда МІҚ 106,6%, жылқы 111,7%, түйе 112,6%, қой 97,7%, ешкі 101,1% , құс 99,8% орындалды.

Барлығы 3237,17 тн (тірілей салмақта) ет, 9757,3 тн сүт, 194,6 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 102,5 пайызға, сүт 101,7 пайызға, жұмыртқа 101,1 пайызға орындалды.

Облыстан “Сыбаға”, “Құлан”, “Алтын асық” бағдарламалары аясында 2017 жылы сатып алынатын мал саны жоспары белгіленіп, жұмыстар жүргізілуде. (Сыбаға бойынша 262 бас аналық сиыр, 9 асыл тұқымды бұқа, Құлан 63 бас бие, 5 айғыр, Алтын асық 125 бас аналық қой, 5 бас асыл тұқымды қошқар) Бүгінгі күнге “Сыбаға” бағдарламасымен аудан бойынша 6 шаруашылық «Ауыл КТ серіктестігі» ЖШС-нен 29,5 млн теңге несие алып 8 бас асыл тұқымды бұқа мен 219 бас аналық сатып алды. “Құлан” бағдарламасы бойынша 3 шаруашылық несие ұйымдарынан 27,5 млн теңге несие алып 8 бас асыл тұқымды айғыр мен 92 бас бие сатып алды. «Алтын асық» бағдарламасымен Таң ауылдық округінен «Доспанов КС» ЖК өз қаражатымен Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Әбіл ШҚ-нан 7 бас асыл тұқымды «Қазақтың ірі қылшық жүнді құйрықты» қошқарын сатып алып 190 бас жергілікті аналықты ИСЖ, ИАС жүйесіне енгізіп жұмыс жасауда.

«Сыбаға» бағдарламасы 2017 жылы 83,6%, «Құлан» 146,0%, «Алтын асық» 140% орындалды.

«Аққұм» ауылдық округінде орналасқан «Бақдаулет-57» ШҚ ет бағытындағы «қазақтың ақбас» тұқымды асыл тұқымды шаруашылық статусын алып, асыл тұқымды қазақтың ақбас бұқаларын сатуда.

Соңғы жылдары сапаға ынта қойған шаруашылық басшылары мен мал егелері асыл тұқымды малды сырттан әкелуге және қолдан ұрықтандыруға ден қойып отыр. Аудан бойынша 15 қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс жасап 2017 жылы 1807 бас мүйізді ірі қара малы қолдан ұрықтандырылды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2017 жылы Үкімет тарапынан берілетін жеңілдіктер мал шаруашылығымен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне барлығы 65 млн 348 мың 600 теңге субсидия төленді. Оның ішінде МІҚ малының селекциялық жұмыстарына 34 млн 370 мың тенге, қой малының селекциялық жұмыстарына 3млн 494 мың тенге, төлге 3 млн 978 мың теңге, сатып алынған асыл тұқымды МІҚ малының құнын арзандатуға 13 млн 626 мың, сатып алынған жылқы малының құнын арзандатуға 24,0 млн теңге, сатып алынған қой малының құнын арзандатуға 260 мың теңге, мүйізді ірі қара малды қолдан ұрықтандыруға 7 млн 220 мың теңге субсидия төленді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы
Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі арқылы 2018 жылдың 1 қаңтарына 101 маманға тұрғын үй несиесі, 23 маманға көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік қолдау шарасы көрсетілді. 23 маманға – 3,6 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы, 101 маманға – 323,3 млн теңге көлемінде тұрғын үй несиесі берілді. Оның ішінде:

  • білім беру саласы бойынша – 9 маманға көтерме жәрдемақы (1,4 млн тг), 60 маманға тұрғын үй несиесі (191,1 млн тг);

  • денсаулық сақтау саласы бойынша – 8 маманға көтерме жәрдемақы (1,2 млн тг), 27 маманға тұрғын үй несиесі (87,3 млн тг);

  • мәдениет саласы бойынша – 3 маманға көтерме жәрдемақы ( 476,4 мың тг), 8 маманға тұрғын үй несиесі (25,4 млн тг);

  • спорт саласы бойынша – 3 маманға көтерме жәрдемақы ( 476,4 мың тг), 6 маманға тұрғын үй несиесі (19,4 млн тг). Қаралған қаражат толық игерілді.

2009-2016 жылдар бойынша 498 - маманға тұрғын үй несиесі барлығы – 1 183,4 млн теңге, 489 - маманға көтерме жәрдемақы барлығы -55,9 млн теңгеге әлеуметтік қолдау шарасы көрсетілді.

Оның ішінде:

  • білім беру саласы бойынша 2009-2016 жыл аралығында 302 маманға көтерме жәрдемақы (33,9 млн тг), 320 маманға тұрғын үй несиесі

  • (752,7 млн тг);

  • денсаулық сақтау саласы бойынша 2009-2016 жыл аралығында -145 маманға көтерме жәрдемақы (16,8 млн тг), 125 маманға тұрғын үй несиесі (294,6 млн тг);

  • әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша 2009-2016 жыл аралығында-11 маманға көтерме жәрдемақы (1,2 млн тг), 9 маманға тұрғын үй несиесі (22,5 млн тг);

  • мәдениет саласы бойынша 2009-2016 жыл аралығында -14 маманға көтерме жәрдемақы ( 1,8 млн тг), 22 маманға тұрғын үй несиесі (55,9 млн тг);

  • спорт саласы бойынша 2009-2016 жыл аралығында -14 маманға көтерме жәрдемақы (1,7 млн тг), 19 маманға тұрғын үй несиесі(51,1 млн тг);

Агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша 2009-2016 жыл аралығында -3 маманға көтерме жәрдемақы (371,9 мың тг); 3 маманға тұрғын үй несиесі(6 202,7мың тг) берілді.

Қазіргі таңда мемлекеттен әлеуметтік жәрдемді алған мамандар келісім шартта көзделген талаптарды орындамай, өз еріктерімен жұмыстан шығып, жасаған әрекеттерімен мемлекетке жалпы соммасы 1104,3 мың теңгеге шығын келтірген тұрғын үй несиесін алып, уақытылы төлемей отырған мамандардың қарызы 2018 жылдың 1-қаңтар айына 19 415, 4 мың тенгені құрап отыр.

Осы уақытқа дейін 69 маманнан бюджеттік несие бойынша 10 847,0 мың теңге қарызын қайтару жөнінде талап арыз Жалағаш аудандық сотына өндірілуге жіберіліп, 8500,8 мың теңге қаржы өндірілді.



2010-2018 жылдар аралығындағы мамандардың қарызын қайтару жөнінде әлеуметтік сала басшыларына қызметтік хаттар жолданылып отыр. Қарызы көп мамандарға телефон арқылы және ескертпе хат жолданған болатын. Бірнеше рет аудандық газеткеде қарыздары туралы мәліметтер жарияланды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет