Бағдарламасы «Бастапқы әскери дайыныдқ құқықтық негіздері»



бет1/4
Дата10.04.2017
өлшемі1,55 Mb.
#13574
түріБағдарламасы
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-35.1.

17 /01-2013




ПОӘК

Оқытушыларға арналған пәннің бағдарламасы

«Бастапқы әскери дайыныдқ құқықтық негіздері»

№ 2 басылым

от ____ 09. 2013 г.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУДІҢ КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ»

пәні бойынша

5В010400 «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы

ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей 2013


1.ӘЗЕРЛЕГЕН
Құрастырушы__________«02»09. 2013ж., Акжигитов Б.А.

« Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі




2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі кафедрасында отырысында

«02» 09.2013ж. №1 хаттама
Кафедра менгерушісі_______Прохоров Б.Н.

2.2. Жаратылыстану ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында

«03» 09. 2013ж. №1 хаттама
Төрайымы____________ Абдишева З.В.
3. БЕКІТІЛДІ

Университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақулданған және ұсынылған



«18»09. 2013ж. №1 хаттама
ОӘК төрайымы____________ Искакова Г.К.
4.БІРІНШІ РЕТ КІРГІЗЕЛГЕН


Мазмұны:


  1. Пәнге арналған глоссарий .............................................................4-5 бет

  2. Дәрістер бойынша қысқаша конспект ..........................................6-45 бет

  3. Тәжірибелік сабақтар өткізуге арналған әдістемелік ................46-59 бет нұсқаулар

  4. СОӨЖ арналған әдістемелік нұсқаулар ......................................60-65 бет

  5. СӨЖ арналған әдістемелік нұсқауларт ........................................65-72 бет

  6. Бақылау алу құралдары...................................................................73-85 бет


Пәнге арналған глоссарий


  1. Бастапқы әскери дайындық – Қазақстан Республиксы азаматтарын Қарулы Күштерде, басқа да әскер және әскери құрамаларда қызмет етуге дайындайтын мемлекеттік жүйенің негізгі құрамы болып табылады.




  1. Әскери іс негіздері – оқып – үйрету процесінде алғашқы әскери дайындықтың оқытушы – ұйымдастырушысы – үйренуші жастардың азаматтық көзқарасын қалыптастыру, Қазақстан Республиксы егемендігін қорғау қажеттілігіне көз жеткізу, әскери қызметке жауапкершілікпен қарауға саналы түрде даяр болуға үйрету міндеттерін шешеді.




  1. Тактикалық дайындық – ұрысты жүргізу туралы ғылым. Ол Қарулы Күштердің, әскер түрлерінің барлық бөлімшелері мен бөлімдерінің соғысты дайындауы, ұйымдастыруы және жүргізуінің теориясы мен практикасын қамтиды.




  1. Саптық дайындық – әскери қызметшілерді әскери дағды мен әскери тәртіпке үйретудің маңызды пәндерінің бірі. ол әскери қызметшілерге саптық тұрысты, ұқыптылықты, тәртіптілікті және т.б. бағытталған.




  1. Әскери топография – арнайы әскери пән. Ол жергілікті жерді зерделеу тәсілдерін, ондағы бағдарлауды және ұрыс қимылдары мүддесіндегі жергілікті жерді бағалаумен байланысты басқа да мәселелерді қарастырады.




  1. Тәртіптік жарғы - Осы Жарғы әскери тәртіптің түсінігі мен мәнін, әскери қызметшілердің оны сақтау жөніндегі міндеттерін, көтермелеу, тәртіптік теріс қылықтар мен тәртіптік жазалар түрлерін, командирлердің (бастықтардың) оларды қолдану жөніндегі құқықтарын, қызметтік тексеру жүргізу, тәртіптік комиссиялардың жұмыс тәртібін, әскери қызметшілерді әскери тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібін, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру және оларды қарау тәртібін айқындайды.




  1. Ішкі қызмет жарғысы – Осы Жарғы ішкі тәртіптің негізгі ережелерін, әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін және олардың арасындағы өзара қарым-қатынастарды, негізгі лауазымды адамдардың және тәуліктік наряд адамдарының міндеттерін айқындайды.




  1. Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы - Осы Жарғы гарнизондық және қарауылдық қызметтерді ұйымдастыру және өткеру, әскерлердің қатысуымен гарнизондық іс-шаралар өткізу тәртібін айқындайды.




  1. Саптық жарғысы - Осы Жарғы қарусыз және қарумен саптық тәсілдер мен қозғалыстарды; бөлімшелер мен әскери бөлімдердің жаяу тәртіптегі және машиналардағы саптарын; әскери сәлемдесуді орындау, саптық байқау өткізу тәртібін; әскери бөлімнің Жауынгерлік Туының саптағы жағдайын, оны шығару мен әкету тәртібін; әскери қызметшілердің сапқа тұру алдындағы және саптағы міндеттерін және оларды саптық үйретуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ әскери қызметшілердің ұрыс даласындағы қозғалысы мен қарсылас кенеттен шабуыл жасаған кездегі іс-әрекетінің тәсілдерін айқындайды.




  1. Азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздері – сабағы үйренушілерді бейбіт және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының халқын табиғи зілзала зардартарынан, ірі апаттардан құтқару және қарсыласқа қазіргі кездегі жою құралдарын пайдалану, сонымен қатар төтенше жа


Дәрістер бойынша қысқаша конспект
1 тақырып: Кіріспе

Дәріс мақстаы: Әдістемелік нұсқаудың мақсаты – АӘД пәні бойынша оқушыларды оқытуда мұғалімдерге көмек көрсету

Қарастырылатын сұрақтар.

  1. Қазақстан Республиканың Азаматтық қорғанысын мейлінше жетілдіру мәселелерінің маңыздылығы?

Дәріс

Қазақстан Республикасы үшін еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту, Республиканың Азаматтық қорғанысын мейлінше жетілдіру мәселелерінің маңызды мәні бар.

Қазақстан, бір жағынан, бейбітшілік үшін тұрақты белсенді күрес жүргізуде, барлық алдыңғы күштерді терроризмге қарсы белсенді әрекет етуге шақырады. Ал екінші жағынан, өз халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қажетті іс – шараларды қабылдайды.

Осыған байланысты қазақстандықтарды, ең алдымен жас ұрпақты, жоғары қырағылық рухта тәрбиелеу, әскери іс пен азаматтық қорғанысқа үйрету өзекті мәнге ие болады. Мектептің маңызды қызметінің бірі – өсіп келе жатқан ұрпақ бойына Отанға шексіз берілгендік, Қазақстан Республикасын қорғай білуге дайын болу қасиеттерін қалыптастыру.

Осы маңызды мәселені шешу үшін мектепте, “Алғашқы әскери дайындық” пәні енгізілген.

Кіріспе сабақтың мақсаты: оқушыларды Қазақстан Республикасының заңдарымен, оқу бағдарламасының мазмұны және АӘД оқулығының материалдарымен таныстыру.

АӘД бағдарламсында кіріспе сабаққа арналған тақырыптар мен оқу сұрақтарының жалпы мазмұны қарастырылған. Оқытудың әдіс – тәсілі ретінде әңгімелеу, әңгімелесу немесе түсіндіру әдістерін мақсатқа сәйкес таңдап алу керек. Оқу материалы ретінде оқулықтың кіріспесін, Қазақстан Республикасының заңдарын, мектептің Азаматтық қорғаныс бойынша нұсқауларын және басқа да материалдарды пайдаланыңыздар.

Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Кіріспе сабақтың мақсаты?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж

  2. Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл

  3. Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл

2 тақырып: Жастарды бастапқы әскери дайындау, жастарды ҚР Қарулы Күштері қатарына дайындау жүйесінің құрамды бөлігін оқыту әдістемесі



Дәріс мақсаты: Жастарды бастапқы әскери дайындау, жастарды ҚР Қарулы Күштері қатарына дайындау жүйесінің құрамды бөлігін оқыту

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. 1997 жылдың 11 ақпанында білікті офицер кадрларын даярлау?

Дәріс.

Алматы жалпы әскери училищесі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысының негізінде құрылды. Орта Азия әскери округы (ОАӘО) әскері басшылығы директивасында оны 1970 жылдың 1 маусымында Алматы гарнизоны әскери қалашығының мотоатқыштар қорында құру керектігі жазылған. Әскери оқу орны ашылғаннан бері бірнеше мыңдаған мамандар диплом алып шықты. Игерген білім мен дағдылар бітірушілерге әскердегі өз міндеттерін табысты орындауға мүмкіндік береді. Теориялық дайындықтың жоғарғы деңгейі, ұрыс техникасы мен ұрыс қаруын білуі жеке құрамның ұрысқа әзірлігін ұстап тұрудағы нық дағдысы, адамдармен жұмыс істей білуі, ең бастысы, борышты терең түсініп, оны ақырына дейін орындауға дайын тұруы – міне, осы сипаттардың бәрі училище бітірушілеріне тән қасиеттер.

1997 жылдың 11 ақпанында білікті офицер кадрларын даярлау жүйесін жетілдіру және әскери ғылымды дамытуға жағдай туғызу мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті “Кеңестер Одағаның Маршалы И.С. Конев атындағы Алматы Жоғарғы Әскери училищесін Әскери Академияға айналдыру туралы” жарлық шығарды. Осы сәттен оқу орнының өмірі басталып, Қарулы Күштер тарихының жаңа беті ашылды. Бұл – ізденістер мен жаңалықтардың, әскери ойдың биікке самғауының шығармашылық әлеуметтің көтерілуінің тарихы, бұл – қабілетті әскери ұйымдастырушыларды, дарынды әскер басшыларын біліктілікпен даярлау көзі.

Ұйымдастыру қабілеті жоғары, басқарудың құрылымы мен миханизмін жақсы білетін, шығармашылықпен ойлай білетін жаңашыл офицерлерді, біліктілігі жоғары мамандарды даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери академиясында күндізгі және сырттай бөлімдерде «Құрлық әскрлерін оперативті – тактикалық командалық – штабтық дайындау» мамандығы бойынша оқыту жүргізіледі.

Әскери білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыру мен дамыту процесіне әскери кадрларды даярлауға, әскери ғылыми база құрып, жетілдіруге Қазақстан Қорғаныс министрлігі айрықша көңіл бөледі. Академияда Қазақстанның әскери мектебінің профессор оқытушылары құрамына қойылатын негізгі тлаптар айқындалды, олар: отан сүйгіштік, парасаттылық, кәсіби біліктілік, тәртіптілік.

Академияда меңгерілген білім түлектердің әскерде өз міндеттерін табысты орындауына мүмкіндік береді. Оларды ерекшелейтін күшті сапалар: жоғарғы теориялық дайындық, ұрысқа дайындықты ұйымастырудағы нық дағдысы, ұрыс техникасы мен қару жарағын берік білуі, жауынгерлік борышын терең түсінуі және оны аяғына дейін орындауға дайын тұруы болып саналады.



Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Жастарды бастапқы әскери дайындау?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж

  2. Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл

  3. Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл

3 тақырып: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Отан күзетінде оқыту әдістемесі



Дәріс мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Отанды қорғау әрбір азаматтың міндеті екен түсіндіру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Отанды қорғауы?

Дәріс.

Оқушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы оның Конституциясына сәйкес оқытылады.

Оқушылардың назарын мемлекеттің бірыңғайлығына аударыңыздар.

Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының құқықтары мен өкілеттілігін түсіндіре отырып, мемлекет басшысы Президенттің, парламенттің және басқа атқарушы ұйымдарының міндеттері туралы айтып беріңіздер.

Қазақстан Республикасының Орта Азиядағы барлық мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруіндегі рөлі мен күш салуына тоқтала келіп, сонымен қатар “Әскери доктринаға” және заңдылық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы әскери саясаттың қандай принциптерін басшылыққа алатыны туралы айтыңыздар.

Қазақстан Республикасының әскери саясаттың жоғарыдағы көрсетілген түрін ұстана отырып, ұлттық қауіпсіздіктің құрамды бөлігі болып табылатын әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндігі туралы ақпаратты оқушыларға жеткізу керек.

Қарулы Күштер рөліне назар аудара келе, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар жүйесін оқыту қажет, соның ішінде КСРО – ның күйреуінен кейінгі өзіміздің Қарулы Күштерімізді құру шарттары мен уақыты жайлы әңгімелеу. Сол жылдарда қабылданған заңдылық актілер туралы мақсаты түрде естеріне түсіру қажет. Оқушыларға Қазақстан РеспубликасыҚарулы Күштері құрылуындағы тарихи жағдайлар жайлы әңгімелеп беріңіздер.

Алғашқы қорғаныс министрі, армия генералы С.Нұрмағамбетовтың ғылыми конференцияларда сөйлеген сөздері мен естеліктер жайлы кітабынан материалдарды пайдалануды ұсынамыз.

Кез келген мемлекеттің Қарулы Күштері – бұл өз халқының перзенті. Олар өздерінің сапалық және сандық өлшемдері бойынша қазіргі техникалық прогрестің барлық талаптарны сай болулары тиіс. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылуының алғашқы күнінен бастап – ақ, Президент пен үкімет қолданылуы бойынша олардың міндеттерін айқын анықтаумен, сондай – ақ оларды реформалаумен де айналысады.

Одан ары қарай жаңа Әскери доктринаны кезең бойынша оның міндеттерімен бірге толықтай ашып айту керек.

Тақырыпты қорытындылай келе, тағы да Қарулы Күштердің Қазақстан Республикасы егемендігі мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін атап өту қажет.

Мықты Қарулы Күштер түрлі бағыттағы сепаратистер мен экстремистерді ауыздықтайтын фактор ретінде әрекет ететіндігін оқушылар түсінуі тиіс.


Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Қарулы Күштер рөліне назар аудару?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж

  2. Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл

  3. Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл

4 тақырып: Бастапқы әскери дайындықтың оқу – материалдық базасы орта оқу орындарындағы материалдық техникалық қамтамасыздық оқыту әдістемесі



Дәріс мақсаты: Орта оқу орындарында БӘД оқу – материалдық базаларын үйрету

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Жалпы білім беретін мектептердегі БӘД пәні бойынша оқу материалдық базаға қойылатын талаптар?

Дәріс.

Бастапқы әскери дайындық бағдарламасына сәйкес барлық жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік – техникалық училищеде меншік нысанына қарамастан Бастапқы әскери дайындық пәні міндетті пән болып табылады.

Бастапқы әскери дайындық пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі оқу жылында 10 және 11 сыныптарда аптасына 2 сағат және оқу жылына 70 сағатты құрайды. Барлығы 140 сағат. Оның 30 сағаты 5 күндік оқу дала жиындарына беріледі.
Жалпы білім беретін мектептердегі Бастапқы әскери дайындық пәні бойынша оқу материалдық базаға келесі талаптар қойылады:


  • Бастапқы әскери дайындық сыныбы;

  • Қару – жарақ сақтауға Бастапқы әскери дайындық техникалық қауіпсіздік негіздері, азаматтық қорғанысқа арналған арнайы жабдықтарды сақтауға арналған бөлме;

  • Пневматикалық винтовкалардан атуға арналған тир (атыс дайындық сыныбы);

  • Тақтикалық дайындық сабақтарын өткізуге арналған тактиқалық алаң;

  • Кедергілер алаңы;

  • Пневматикалық және оқу қару – жарақтары;

  • Саптық дайындық сабағын өткізуге арналған саптық алаң;

  • Рота бойынша тәуліктік кезекшінің міндетін орындауға арналған тәжірибелік орын;

  • Сақшының міндетін атқаруға арналған тәжірибелік орын;

  • Оқытудың көрнекілік құралдары;

  • Оқытудың техникалық құралдары;

Болашақ жауынгерлерді Бастапқы әскери дайындық және Әскери патриоттық тәрбие бойынша жалпы білім беретін мектептерде тексеріске төмендегілер жатады:

  • Оқу жұмысы;

  • Әскер патриоттық тәрбие;

  • Оқу маьтериалдық база;

Оқу жұмысы:

  • Бастапқы әскери дайындық бағдарламасының орындалуы;

  • Жалпыға бірдей әскери міндеттілік туралы заң;

  • Бастапқы әскери дайындық пәні бойынша жоспарлар (жылдық жоспар, сабақ жоспары);

  • Дидақтикалық материалдардың, оқулықтардың, сабақ жоспарларының болуы;

  • Бастапқы әскери дайындық сыныбы, қару – жарақ сақтауға арналған бөлме;

  • Бастапқы әскери дайындық оқытушы ұйымдастырушының әскери киім нысаны;

  • Оқушылардың сабаққа қатысуы және үлгерімі;


Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Оқу жұмысы?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж

  2. Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл

  3. Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл

5 тақырып: Орта оқу орындарында бескүндік дала жиындарын жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу оқыту әдістемесі



Дәріс мақсаты: Бес күндік оқу дала жиындарын өткізу және ұйымдастыру құжаттарын дайындау

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Бес күндік оқу дала жиындарына мәлімет?

Дәріс.

5 – күндік оқу дала жиындарына 140 оқу сағатының 30 – ы бөлінеді. Ол 10 – шы сыныптың оқу жылының соңында өткізіледі.

5 – күндік оқу дала жиындарын әскери білімдер мен дағдыларда оқушылардың дене дайындықтарын бақылап, бекіту үшін 10 сыныптардың ер балаларына бекітілген мерзімде өткізілуі тиіс. Оқу дала жиындарына қатысатын ер балалар мектеп дәрігерінің денсаулығының жарамдылығы жайлы қорытындысына сәйкес жиынға жіберіледі. Оқу дала жиындарының сабақтары взводтар бойынша сабақ кестесіне және сабақ жоспарына сәйкес өткізіледі.

Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Оқу дала жиындарына оқушылардың денсаулығының жарамдылығы?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж

  2. Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл

  3. Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл

6 тақырып: Сарбаздың әр – түрлі ұрыстағы әрекеті оқыту әдістемесі



Дәріс мақсаты: Сарбаздың ұрыстағы іс – әрекетін үйрету

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Сарбаздың ұрыстағы іс – әрекеті?

Дәріс.

Бөлімшеде (танкіде) нақты және үйлесімді әрекеттер жасау үшін әрбір сарбаз ұрыс құжаттарында белгіленген өз міндеттерін білуі тиіс. Бұл кезде оқушылар түсінбейтін терминдерді, мысалы: “дезактивизация”, “дегазация”, ‘дезинфекция” түсіндіріп кетуге тырысыңыздар.

Оқушыларға сарбаздың ұрыстағы қозғалысы мен жаяу ретпен қимылдау кезіндегі тәсілдері туралы айтып беру қажет.

Жаяу ретпен қимылдау кезінде қарсылас бақылауынан жасырын және оның атысынан тыс жер учаскелерінен өту жеделдетілген адым немесе жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Осы тәсілмен сарбаз шабуыл барысында да алған жылжиды.

Мұғалім өзі оқу қаруын (макетін) пайдалана отырып, бауды қолданбай жүріп келе жатып атысты жүргізу немесе дүмді бүйірге қысып, атыста жүргізу тәсілдерін көрсетеді.

Жүгіре өту және жер бауырлай жылжу тәсілдері туралы айтып беріңіздер. Жүгіре өтуде сарбаз ең әуелі алға жылжу жолын және демалу үшін тоқтайтын жасырын таса жерді белгілейді, содан кейін тез тұрып, белгіленген орынға жүгіріп өтеді.

Жүгіре өту және жер бауырлай жылжу тәсілдері туралы айтып беріңіздер. Жүгіре өтуде сарбаз ең әуелі алға жылжу жолын және демалу үшін тоқтайтын жасырын таса жерді белгілейді, содан кейін тез тұрып, белгіленген орынға жүгіріп өтеді.

Жер бауырлай еңбектеу, жартылай төрт тағандап немесе бүйірлей жылжуы үшін, сарбаз ең әуелі алға жылжу жолын және демалу үшін тоқтайтынжасырын таса жерді белгілеп алуы тиіс.

Жер бауырлай жылжу тәсілін ең әуелі оқушыларға көрсету керек, ал содан соң қашықтықты (200 м-ге дейін) белгілеп, әрбір оқушы жүгіре ату және жер бауырлай жылжуы арқылы қозғалыс орындайтындайетіп, пәрмен беру қажет. Оқушыларды практикалық дағдыларға үйрету үшін жер бауырлай жылжудың барлық тәсілдерін орындау жөн.

Мұғалім оқушылардың назарын атыс үшін жер мен жағдайды дұрыс таңдауға аңғаруы қажет. Атыс үшін таңдалынып алынған орын керекті бағытта жақсы шолуды және атқылауды, сарбазды қарсылас атысынан және бақылауынан тасалауды, сондай – ақ атыс үшін ыңғайлы жағдайды қамтамасыз етуі тиіс.

Сарбаз атыс және бақылау жүргізу үшін жергілікті заттарды қолдануға икемді болуы қажет.

Шабуыл ұрысы барысында басып алынған шепті ұстап тұру, қарсыластың қарсы шабуылына тойтарыс беруге дайындалу және басқа жағдайларда сарбазға орлануға тура келеді автоматтан жатып ату үшін жеке оқпана мөлшері, ал автоматтан жатып ату үшін жеке оқпана қазудың реті көрсетілген.

Сарбаз әр түрлі табиғи кедергілерден өтуді шебер меңгеруі тиіс.

Мұғалім бөгеттерден тоқтаусыз ұрыс барысында шабуыл екпінін немесе қозғалыс жылдамдығын төмендетпей және қарсылас күтпеген жерлерде өту өте маңызды екенін ашып көрсете отырып, бөгеттерден өту тәсілдері мен құралдарын атап беруі қажет.

Бұл кезде жоғары қырағылық көрсету қажет, өйткені бөгеттер миналанған болуы немесе қарсыластың оғымен тасалануы мүмкін.

Қазіргі заманғы ұрыста әр түрлі инженерлік бөгеттер, әсіресе миналанған алаңдар мен сымды бөгеттер кеңінен қолданылады.

Қарсылас жарылмайтын бөгеттерді өзінің оғымен тасалап миналайтын оқушылардың естеріне түсіруі қажет.

Инженерлік бөгеттер тауып, олардан өту үшін миналарды бүркенішті ашу белгілері бойынша және қармағыштар мен мина іздеушілер көмегімен табуға болатынын айтып беріңіздер. Сондай – ақ миналы – жарғыш бөгеттердегі өтпелерді кесіп өту жарғыш тәсілмен немесе қолмен, миналы тралмен жабдықталған танкілер арқылы кесіп өту жүзеге асырылады.

Мұғалім оқушылар назарын инженерлік бөгеттерден өту тәсілдерін оқып – үйрену қажеттілігіне аударады.

Ұлы Отан соғысы, Ауғаныстан және басқа шағын аймақтағы соғыстарда қолданылған миналы бөгеттердің шешуші рөл атқарғаны жайлы айтып беруі қажет.



Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Сарбаздар әр түрлі кедергілерден өту үшін нені меңгеруі тиіс?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. «Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.

7 тақырып: Мотоатқыштар бөлімшесінің танкі ұйымдастырылуы мен ұрыс әрекеті оқыту әдістемесі



Дәріс мақсаты: Мотоатқыштар бөлімшесінің танкі ұйымдастырылуы мен ұрыс әрекетін үйрету

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Мотоатқыштар бөлімшелері?

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет