БАҒдарламасы бүгінгі білімнің жаршысы а. Ж. Бөрібай, Г. М. Тенизова



Дата11.12.2019
өлшемі15,55 Kb.
#53438
Байланысты:
ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАС1
ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАС1, ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАС1, ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАС1, ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАС1
ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – БҮГІНГІ БІЛІМНІҢ ЖАРШЫСЫ

А.Ж.Бөрібай, Г.М.Тенизова

Ақтөбе гуманитарлық колледжі
Қазіргі таңда еліміздің алдында бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына ену мақсаты тұр. Ол мақсатқа жету жолында заман талабына сәйкес, келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын жаңартылған білім беру бағдарламасы енгізілді. «Ел болам десең бесігіңді түзе» дегендей, бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу 1-сыныптан бастау алады. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру, оқушыларды шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуге жетелеу.

Жаңартылған бағдарлама оқу үдерісіне бірқатар өзгерістер әкелді. Мысалы, оқыту пәндерінің қатарына жаратылыстану, орыс тілі пәндері енсе, бейнелеу өнері мен еңбекке баулу пәндері біріктіріліп, көркем еңбек пәніне айналды. Бағдарламаның ерекшелігі оқу мақсаттары спиральді түрде, яғни оңайдан қиынға қарай жүргізіледі. Оқу үдерісі сындарлы оқытуға негізделіп жасалған. Жаңа бағдарламаға сәйкес мұғалім тек нұсқаушы, бағыт беруші рөлін атқарады. Ал оқушы зерттеуші рөлінде болады, әрбір тұжырымға өзі келіп отыруы негізгі мақсаттың біріне жатады.

Бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндерді оқу арқылы оқушылар өз түсінігін кеңейте отырып, өзінің ой-пікірі үшін жауапты болуға үйренеді. Оқушылар өзіндік көзқарасы мен пайымдауын қалыптастырып, дамытуға, мұқият зерделеуге және өз ойын сенімді айта білуге дағдыланады. Мысалы, олар дәлелдерді талдау мен бағамдауды және ойлау дағдылары туралы ойлануды үйренеді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс орнату арқылы олар ақпаратты тиімді пайдалануды үйренетін болады:

• оқушыларға пән мен тақырып арқылы байланыс орнатуға көмектесу үшін мұғалім мақсатты сұрақ-жауап жүргізе алады;

• мұғалім оқушыларға портфолиосындағы жұмыстарын тақырыптар бойынша сақтауға ұсына алады, бұл пәнаралық байланысты айқын көруге мүмкіндік береді.

Сабақтарды жоспарлаудың басты аспектісі ретінде оқушыларға пәнаралық байланыс орнатуға көмек көрсетумен қатар, оқушылардың білім-білік дағдыларының артуына қарай жүзеге асырылатын лайықты педагогикалық тәсілдерді таңдау болып табылады. Мысалы, мұғалім оқушылардан пән бойынша білімі мен дағдыларын қолдануын талап ететін проблема шешу тапсырмасын бере алады. Тіпті оқушылардың өз күшіне деген сенімі артып, өз бетінше жұмыс істеп үйренген күннің өзінде де мұғалім жай ғана сырттан бақылаушы болмай, оқуға «ынталандырушы» болуы маңызды екенін ұмытпаған жөн.

Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі мүмкін.

Бүгінгі таңда бағалау барысында критерийлік және өзін-өзі бағалау жүйесін қолдануды өзекті деп санаймыз. Формативті бағалау ата-аналар, мұғалім және оқушыларға ашық, түсінікті және нақты болады. Өзін-өзі бағалаумен қатар оқушылардың бірін-бірін бағалауды жүргізуге болады.Оқушы өзін-өзі бағалаған кезде өздері нәтижеге мүдделі болады.Іздене отырып, оқушы бойына жаңаша сипаттағы бірден-бір мәліметті беру арқылы ол бала ой-сезіміне үлкен өзгеріс әкелуі мүмкін. Білім нұрымен оқушыны ерекше жетістіктерге жетелей отырып, оқу жетістігін бағалаудың бір түрі – критериалды бағалау жүйесі.

Критериалды бағалау жүйесі бойынша ақпараттарды мүдделі тұлғаларға жеткізеді, есеп жүргізеді. Әр тоқсан соңында оқушылардың көрсеткен нәтижелеріне талдау жүргізе отырып, есеп жүргізуді қалыптастырады. Критериалды бағалау жүйесі үш тарапқа да тиімді. Мұғалімдер үшін, сапалы нәтиже алуға мүмкіндік беретін критерийлерді құрастыруға, оқушылар үшін, өзінің түсінгенін жеткізу үшін қабілеттерін, ойлау әрекеттері түрлерін, оқудың түрлі стильдерін қолдануға, ата-аналар үшін, өз баласының білім деңгейіне қатысты нақты дәлелдер алуға және оқудағы ілгерілеуін қадағалауға көмектеседі. 

Колледжде бітіруші топтарға арналған «Мектептегі жаңартылған білім мазмұны» факультатив сабақтары жүргізіледі. Курстың негізгі мақсаты - жаңартылған білім беру бағдарламасымен танысып, жаңа оқыту әдіс-тәсілдерінің қажеттілігін түсіндіру болып табылады. Әр студент тиімді оқу мен оқыту тәсілдерімен таныса отырып, өзінің болашақ педагогикалық қызметіне белсенді оқу қағидаттарын енгізуді үйренеді. Курс барысында орта мерзімді жоспар, ұзақ мерзімді жоспар негізінде қысқа мерзімді жоспар құру үлгілерімен танысып, ерекшелігін қарастырады.Үйренген әдістеріболашақта оқушылармен ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауына, ойын еркін жеткізуіне және шығармашылық қабілеттерін дамытуына септігін тигізеді. Әр мұғалімнің шеберлігін шыңдайтын, жас ұрпақтың білімі нәтижелі болуға жұмыс атқаруға көмектесетін курстардың берері көп.



Қорыта  айтқанда, аталмыш  бағдарламаның  мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Білім  алушы алған  білімдерін өз өмірінде  қолдана білуін қалыптастыру. Шын  мәніндегі  ұстаз  өз  мамандығын  шексіз  сүйетін,  бала  үшін ғұмырын құдыретті деп  санайды, тек осындай  зиялы азамат қана бұл бағдарламамен  жұмыс істей  алады.Осы бағдарламаны  меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет