Бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы»


-сыныпқа арналған «Алгебра және анализ бастамалары»



бет2/5
Дата13.09.2020
өлшемі70.29 Kb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
7. 11-сыныпқа арналған «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:

  1. 10-сыныптағы математика курсынқайталау;

  2. «Алғашқы функция және интеграл». Алғашқы функция және анықталмаған интеграл. Анықталмаған интеграл қасиеттері. Интегралдау әдістері. Қисықсызықты трапеция және оның ауданы. Анықталған интеграл. Анықталған интегралдың геометриялық және физикалық есептерді шығаруда қолданылуы;

  3. «Математикалық статистика элементтері». Бас жиынжәнетаңдама. Дискреттіжәнеинтервалдывариациялыққатарлар. Кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын таңдамалар бойыншабағалау;

  4. «Дәрежелер және түбірлер. Дәрежелік функция». n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері. Рационал көрсеткішті дәреже. Рационал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру. Иррационал өрнектерді түрлендіру. Дәрежелік функция, оның қасиеттері және графигі. Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы менинтегралы;

  5. «Иррационалтеңдеулер мен теңсіздіктер». Иррационалтеңдеулер мен олардыңжүйелері. Иррационалтеңсіздіктер;

  6. «Комплекс сандар». Жорамалсандар. Комплекс сандаранықтамасы. Алгебралықтүрдегі комплекс сандарғаамалдарқолдану. Квадрат теңдеулердің комплекс түбірлері. Алгебраның негізгітеоремасы;

  7. «Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар». Көрсеткіштік функция, оның қасиеттері және графигі. Санның логарифмі және оның қасиеттері. Логарифмдік функция, оның қасиеттері және графигі. Көрсеткіштік функцияның туындысы мен интегралы. Логарифмдік функцияныңтуындысы;

  8. «Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер». Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері. Логарифмдік теңдеулер және олардың жүйелері. Көрсеткіштік теңсіздіктер. Логарифмдіктеңсіздіктер;

  9. «Дифференциалдық теңдеулер». Дифференциалдық теңдеулер туралы жалпы мағлұмат. Айнымалылары ажыратылатын бірінші ретті дифференциалдық теңдеулер. Екінші ретті тұрақты коэффициентті біртекті сызықтық дифференциалдықтеңдеулер;

  10. 10-11-сыныптардағы алгебра және анализ бастамаларыкурсынқайталау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет