Бағдарламасы бойынша өткізілген іс-тәжірибемнен Тортаева Салтанат Орыншыбаевна


Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген бір сабақ бойынша



бет3/3
Дата13.02.2017
өлшемі0,58 Mb.
#9271
1   2   3

Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген бір сабақ бойынша рефлексивтік есеп
Мен Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші /негізгі/ деңгейдегі тыңдаушысымын. Бұл бағдарламаның идеясын маңызды деп бағалаймын. Жұмыс жасау барысы да қызықты. Строн /2011/ мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға «мұғалім» деп көрсеткен. /МАН, 6-бет/ Дәстүрлі білім беру жүйесіндегі мұғалім білімді беруші, ал оқушы дайын білімді алушы болса, енді «Кембридж» жобасын жете түсіне бастағаннан кейін ұстанымымды сындарлы оқытуға қарай бағыттап отырмын. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. /МАН, 6-бет/ Осы орайда 3-класқа «Жүйке жүйесінің гигиенасы» атты сабағымды сындарлы оқыту теориясына негіздедім. Сабағымның мақсаты – жүйке жүйесінің гигиенасы және оны сақтау туралы түсінік беру,сыни ойлауын қалыптастыру, белсенділіктері мен қызығушылықтарын арттыру. Аталған мақсатымды оқушылар жүйке жүйесінің гигиенасы және оларды сақтау қажеттілігі туралы түсінік меңгереді, ойын жүйелі, нақты жеткізе алады, сабаққа белсенділігі, қызығушылығы артады деген нәтижеге негіздедім. «Мұғалімге арналған нұсқаулықта» негізгі материал тиісті сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған. Осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген страгегиялар мен тәсілдер сияқты өзара ықпалдасуын ескердім. Атап айтар болсам, тізбектелген сабақтарымда алға қойған мақсатыма жету үшін оқытуды басқару және көшбасшылық жасай отырып, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модульдерін қамтыдым.

Сабақ барысын «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға берілген тапсырманың бірі «Ынтымақтастық орта қалыптастыруға» ден қойдым. Өйткені ынтымақтастық орта қалыптастырып алмайынша, бірден оқушының сабаққа деген қызығушылығын ояту мүмкін емес деп ойлаймын. Бірінші сабақта топтасып жұмыс жасағаннан кейінгі ойларын байқау мақсатында «Мен топта өзімді .... сезінемін, себебі...» деген психологиялық жаттығумен бастадым. Бірінші сабақта топтасып жұмыс жасағандықтан үшінші сабақ кезінде мұндай әдіс ұнайтынын немесе ұнамайтынын анықтадым. Оқушылар «Мен топта өзімді керемет сезінемін, себебі олар менің нағыз достарым», «Мен топта өзімді еркін сезінемін, себебі ойымды ашық айтып, белсенділігім артты», үндемейтін оқушым «Мен топта өзімді жақсы сезінемін,себебі білмегенімді қасымдағы достарымнан сұрай аламын» дегендей ойларын ортаға салды. «Диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді» деген Александердің айтқан сөзін басшылыққа алып, класты бір топқа отырғыздым. \МАН,29бет)



Мерсер: «Құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсеткен». /МАН, 29-бет/ Осыған сәйкес Мерсердің пайымдауына негіздеу арқылы өзара қарым-қатынасты орнатып, топ болып отырды. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «мұғалімнің үш көмекшісі» (Shulman, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады» дегендей сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру үшін «Веер» әдісін қолдандым. (МАН, 8-бет) Оқушылар үйден оқыған тақырыбы бойынша бір-біріне сұрақтарды жазбаша түрде қойып, қызыға түсті. Себебі: дәстүрлі оқытуда мұғалімнің нұсқауымен орындайтын болса, жаңаша оқыту үдерісінде өз ойын, пікірін топ болып талдайды, толықтырады. Сыныптағы бала санының аз болуына байланысты бірнеше сұрақтар қойды. –Жүйке жүйесінің қызметі қандай?, - Сезім мүшелерін ата, - Көздің қорғаныштарын ата, мысал келтір, - деген сұрақтары арқылы мен оқушыларымда алға жылжу бар екенін байқап, қолпаштап отырдым. Оқушылар ашылып, өз ойларын еркін айта бастады. Тіпті, «бұзық» деп санайтын С деңгейлі оқушым –Апай, көрініс қояйықшы,- дегенде, мен таң-тамаша болдым. Қуандым. Ол еденге - Мынау су,- деп бормен сызды. Сонан соң –Кеттік, арғы бетке өтеміз деп оқушылардың судан өтуін бақылады. С деңгейлі оқушы суды кешіп өтті. В деңгейлі оқушылар суды айналып өтті. Сол кезде С деңгейлі оқушыға –Неге кештің?,- Аяғың су болады, ауырасың,- деп образға кіріп кетті. Бұл жерде түрткі болу техникасын пайдаланып,- Суды кешпеу керектігін қалай сездіңдер?,- деген сұрақ қойдым. –Алдымыздағы суды көрдік,- деді оқушым. Сабаққа селқос қарайтын оқушымның «мені» ашылғанына қатты қуанып, 3 шапалақ арқылы бағалап отырдым.- Көз жүйке талшықтары арқылы қандай қызмет атқарды?,- деп сыни бағытта сұрақ қоя бастадым. Оқушылар ойланыңқырап қалды. –Көз көргенін миға жеткізді, - деп жауап берді Шаттық. - Не арқылы?, - деген сұраққа Тілектес: - Жүйке талшықтары арқылы ,- деді. «Талқылау мен диалог өзінің танымдық әлеуетімен ерекшеленеді. Диалог барысында балаларға баламалы мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, дамуын ынталандыратын әдістермен қарастыру ұсынылады, » - деп Александер әңгіменің сапасы мен мазмұны балалардың оқуы үшін маңызды екенін айтқан. / МАН, 51-бет/ Осы теорияны негізге ала отырып, үй тапсырмасын күн тәртіптерін оқи отырып қорытындылаттым. Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын оқушылар өздері ашты. «ЖИГСО» әдісі арқылы оқушыларға тапсырмалар бердім. 1- оқушы-жүйке жүйесінің гигиенасын құрады, 2 – оқушы - тәжірибе жасайды, 3-оқушы-суретті түсіндіреді, 4- оқушы - сұрақтарға жауап береді.Топта талдайды, талқылайды, постер арқылы қорғайды. Нәтижесінде оқушылар байланысқа түседі, өз пікірлерін дәлелдейді, бірін-бірі тыңдайды, қорытынды шығара алады. Сонан - соң оқушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында тест жұмысын жүргіздім. Бұрынғы жүргізген тест жұмыстарына қарағанда бұл тест оң нәтижесін берді. Осы тұста нұсқаулықта көрсетілгендей оқушылар өздерінің достарымен, сарапшыларымен диалог жүргізу барысында тәжірибе жинақтап және ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып, баламалы мүмкіндіктер туралы сыни тұрғыдан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті бола түсетіндігіне көзім жетті. /МАН, 51-бет/ Себебі бірлесе отырып атқарған жұмыс барысында С деңгейдегі үлгерімі нашар оқушылардың да ережені өз түсініктері бойынша жеткізуге тырысқандарын байқадым. Топтасқан жұмыстар арқылы әлеуметтік орта туатынын аңғардым.

АКТ – ны қолдана отырып, «Кірпі биін» сергіту сәтіне қолдандым. Сабақ барысында өз - өздерін, қасындағы жұбын бағалай білуге баулыдым. Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалауды пайдаландым. Александердің айтуынша, сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. Оқыту үшін және оқуды бағалау әдістерін түрлендіріп қолданғанда оң ықпал беретіндігін аңғардым. Бағалауды «Үш шапалақ» арқылы, жетондармен, «бірін-бірі бағалау» арқылы, рефлексия сияқты бағалаудың түрлерін сабақтың құрылымына қарай байланыстырдым. Тақырыппен жұмыс жасауда тапсырманы талапқа сай орындаған оқушыларға жетон берілді. Оқыту үшін бағалауда оқушыда ынта, қызығушылық арта түсті. Ынталандыру, қолдау көрсетілсе, оқушы өзің ойлағаннан да асып түсіп, таң қалдыратыны қандай жақсы. Оқыту үшін бағалауды пайдалану арқылы алға қойған мақсатыма жету үшін таңдаған стратегияларының табыстылығын ескере отырып, кері байланыс әдісімен өз білімін қадағалауға және бағалауға көмегі болды.«Өрмекші торы» әдісі арқылы сабақты қорытындылағанда оқушылардың бір-бірімен байланысы арта түседі, қарым-қатынасы нығайып, білімі толығады, жаңа сабақты меңгереді. Бағалау - одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.(МАН 56бет)



Бойларын сергітіп алу үшін бейне - роликтен құмырсқалардың ұжымдасуының арқасында басына түскен қиындықты жеңуі туралы үзінді көріп, өздерінің қандай ой түйгендерін тұжырымдай алды. Тіпті, оқушылар «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Бірі бәрі үшін бәрі бірі үшін» деген мақал, дәйексөз арқылы ойларын білдірді. Кластағы мінезі ауыр Мирас атты оқушым бірінші сабақтан кейін «өзін жеке ұстау керек» деген ойының өзгергенін, тіпті бейне - роликтегі құмырсқалардың әрекеті одан әрі ой тастағанын айтты. Оқушының топтық жұмыстағы қолжетімді әрекеттеріне түсінісушілікпен қарай бастағанына таң қалдым. Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып - білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді./МАН, 8-бет/ Сонымен қатар оқушылар оқшауланып оқымайды, сонда «қоғамдастық» деген ұғым бірлескен жұмыс, бір-бірін қолдау болып табылады. Олар топпен жұмыс істейтіндігін, бірін-бірі тыңдап, дене қимылдары, келіспеушілікті құрметпен білдіретіндігін аңғардым. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу «Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулі, «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулімен өзара тығыз байланысты. Себебі бұл модульдер оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Сондықтан сабақта жоспарлап отырған әдіс-тәсілдерімнің жоғарыда аталған модульдерде қолданылу аясын мұқият бақылап отырдым. Үй тапсырмасына оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқуды ескере отырып, сұрақтар қоюда тапсырма берген болатынмын. Осы кезде оқушылардың көбісі өз деңгейіндегі сұрақтарды қойған. Менің ойымша оқушылар тапсырманы өз деңгейіне қарай дұрыс таңдай білген. Себебі класс ерекшелігі бойынша оқу деңгейі қарайлас оқушылар болатын. Тапсырмаларды беру барысында оқушылардың өз ойын еркін жеткізе білуін, сауаттылығын ескеріп отырдым. Тапсырмаларды орындаудағы оқушының бойындағы талант пен дарынды айқындау кезінде Досмұратов Мұқанбетияр атты оқушымның шығармашылық қабілетін байқадым. Бұл оқушымның бұған дейін мұндай қабілетін байқамаппын. Флейвелл енгізген «Метасана» жай ойлап әрі біліп қана қоймай, адамдардың қалай ойлайтынын, не білетінін қарастыра отырып, өзіндік рефлексия жасау мүмкіндіктері туралы тұжырымды ескере отырып, оқушылардың бар назарын алдын ала белгілі жауапты, сыни ойлау арқылы сұрақ қоя отырып, жауабын табуға назарларын аудардым. /МАН, 80-бет/ Оқушылар өздерінің қаншалықты білетінін, ойлайтынын байқау үшін ынталарын білдірді. «Өрмекші торы» әдісін өткізуде үндемейтін Мирас деген оқушы сыни тұрғыда сұрақ қоя білді. Бұл әдісті дәстүрлі сабақта қолданбағандықтан уақытты тиімді қолдануға кедергі болды. Бірақ оқушылар әдісті игеріп алған соң,тез әрі сыни тұрғыда сұрақ қоюға дағдыланды. Мысалы: «Мидың дем алуына не қажет?», «Жас ерекшеліктерге байланысты ұйқының ұзақтығын ата» т.б. сұрақтар қойылғанда, әрбір сұрақты тиянақты тыңдап алып, сұрақтың жауабы нақты бере бастады. Мұғалімге арналған нұсқаулықта сұрақ қойылғаннан кейінгі кідіріспен қатар, зерттеуде мұғалім оқушының жауабын алғаннан кейін де кідіріс жасау қажет екені атап көрсетілгендей, сұрақ қойылғаннан кейін жауап күтуге кідіріс жасалды. /МАН, 42-бет/ Кідірістің ұзақтығы кедергі болатындығын аңғардым. Сонымен қатар оқушылар топ болып бағалауда, өз-өздерін бағалауды сыни тұрғыда бағалай білді. Топ болып жұмыс жасағандағы жетістіктерін жинаған жетондарын санап, қорытындылағанда байқалса, сыни тұрғыда бағалағанда әрқайсысы өзінің ойын ашық жеткізді. Себебі Шаттық атты оқушы: «Бүгінгі сабақтағы қатты әсер алған жерім тәжірибе жасап,қорытынды шығаруым». Ал сабаққа қатысым бойынша Мұқанбетиярдың тапқырлығы ұнады»,- деді. Мирас белсенділік танытып, ойын ортаға салып отырған Тілектесті атап өтті. Бүгінгі күннің ұстаздарына қоғамымыздың экономиялық,саяси,мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік талапқа сай келетін білімді,мәдениетті азамат дайындап,тәрбиелеп шығару міндеті жүктеледі.Сондықтан сабақта жеткен жетістігім төмендегідей:

- Оқушылар өз беттерінше ізденуге үйренді.

- Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланды.

- Бір-біріне сұрақ қойып, жауабын табуға дағдыланды.

- Оқушылардың шығармашылық қабілеттері байқалды.

Сабақты қорытындылай келе, оқушылардың топтасып жұмыс жасауға,өздігінен білім алуға, дәлелді пікір айтуға, сыни ойлауға үйренгенін, топта көшбасшылық жасай алатындықтарын байқадым.Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізетіндігін түсіндім. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын қосатын «көпірді салуға» негіздеп, осы үдерісті жан-жақты қадағалай білуіміз керек. Жоғарыда аталған әдістер арқылы оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін білдім. Сабақ барысында жеті модульді байланыстыру үшін кластың ерекшелігі ескерілді. Мектептегі тәжірибе кезеңінде сындарлы оқытуға бағытталған әр сабақ оқушының білім деңгейінің жоғарлауына, сабаққа деген ынтасын артуға, қабілетін ашуға т.б. оң ықпал ететіндігіне көзім жетті. Сондықтан оқушының қалай оқу керектігін үйретуде мұғалімнің өзі де сыни тұрғыдан ойлай білуі керек. Жалпы заман талабына сай құзырлы мұғалім болуға талпынуым үшін ізденіс жолында білімімді шыңдау қажет деп түсінемін. Мұхтар Әуезовтің «Ұстаздық – ұлы іс» деген ойын өзіме ұстаным етіп алдым. Болашақта тапсырмаларды қазіргі заман өмірімен байланыстырып, оқушының деңгейіне байланысты түрлендіріп, сергіту сәттерін одан да әрі қарай көбейтіп,уақытты дұрыс үнемдей аламын.Алдағы уақытта топтық жұмыс арқылы, оқушының өз бетінше алған мәліметі ұзақ мерзімде есінде сақтауына, еркін сөйлеуіне, терең білім алуына көмектесер едім. Белсенділігімен көзге түскен оқушылардың үлгерім деңгейлеріне байланысты қосымша күрделі жұмыстар дайындар едім.Үлгерімі төмен оқитын оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, көзқарастарын жақсы жаққа өзгертер едім. Кембридждік тәсілдерді, 7 модулді игеріп, деңгейлік құзырлылық қоржынымды толықтыра отырып,өзіндік Мені бар жеке тұлға қалыптастыруға көзқарасым өзгеріп, жаңашылдыққа бет бұрдым. Барлық әдіс-тәсілдерді тәжірибеммен ұштастыра отырып, оқушыларымның да, өзімнің де бойымнан ерекше бір өзгерісті байқадым. «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», - деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы,білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Осындай қоғамдық әлеуметтік, мәдени өзгерістер, дамулар оқыту процесіндегі жетістіктерге жетуде бұл бағдарлама таптырмас серіктес болатынына кәміл сенемін.



«Мектептегі тәжірибе» кезеңіндегі орындауға арналған

тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым бойынша есеп
«Мектептегі тәжірибе» кезіндегі орындаған сегіз тапсырма бойынша екінші «Бетпе – бет» кезеңіндегі топтық таныстырылымда топтасып өз жұмыстарымызды баяндадық. Осы тапсырмаларға арналған бірлескен таныстырылымда көптеген жаңа әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарымен таныстық. Әркімнің пікірі әртүрлі. Алғашқы «Бетпе – бет» кезеңінде топпен жұмыстың маңыздылығын түсінген соң, пікірлерге үлкен мән беріп, әр әріптестің пікірін мұқият тыңдадық, өзара талқыладық. Кейбір айтылған қарсы пікірлерге дәлелдемелер келтірдік. Тіл – ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы (МАН, 29-бет) делінгендей, диалог арқылы топтық жұмыстағы келісушілік пен өзара байланыс жүзеге асатындығына көзіміз жетті. Әріптестермен кеңесу кездеріндегі қиыншылықтар мен қызықтарын ортаға салды. Ең басындағы кездесу туралы айта бастағанда әріптестерім де мектеп тарапынан қолдау көргенімізді айттық. Тіпті кейбірі мектеп басшысы тарапынан қолдау таба алмағанын білдік. Мұндай кедергілерді болдырмау үшін мектеп басшыларының ұстанымын өзгерту керектігін түсіндім.Физик әріптесім сабағын әріптестерінің қатысуымен өткізгенін айтты. Ол әріптестерінің, мектеп басшысының тарапынан қолдау болмағанын, көңілі толмағанын жеткізді. Ақылдаса келе:

  • Ынтымақтастық орта қалыптастыру;

  • Әртүрлі көзқарас, әртүрлі пікірлерді тыңдау;

  • Шешім қабылдауға іс - әрекет жасау;

  • Рефлексивті қорытынды жасай алу, - деген ортақ шешім қабылдадық.

Ал, әріптестер арасында ынтымақтастық орта қалыптастыруды Мерсер мен Литлтон (2007, нұсқаулық 39-бет) өз зерттеулерінде ересектермен және достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және коммуникативті дамуына әсер ететіндігін басшылыққа ала отырып талқыладық.Әріптестерімнің сабақтарында ынтымақтастық ортасын қалыптастыруда қолданылған тренингтері туралы білдім. Әріптесім «Мозайка» арқылы топтастыру оқушының бүкіл зейінін сабаққа аудартып, сыныпта ынтымақтастық орта қалыптастырған,ал кейбір әріптесіме бұл әдіс қиындық тудырған. Ал «Кел, жұптасайық» деп аталатын қайта топтау үшін тренинг жүргізген. Топтастыру барысында оқушылардың уақытты тиімді пайдалана алмауы, үнсіз оқушылардың бірігіп кетуі және топқа ілесе алмауы қиындықтар туғызған. Осы қиындықты келесі сабақта болдырмау үшін, топтың ережесін басшылыққа ала отырып, уақытты үнемдеу керектігін ескертіп, келесі сабағын жүйеге келтірген. Ал, келесі әріптесімнің айтуынша, топқа бөлудің өзін сыни ойлата отырып, топтық ереже құрғызуы ынтымақтастық орта қалыптастыруы тиімді шыққан. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі сабағында «Қарамырза» тренингі балаларға ұнап, екінші сабақта қайта жасатқаны туралы айтты. Бұл әдісті әріптестер де қызыға жасады. Расында да оқушылардың қызығушылығын арттырады екен. Келешекте тақырыпқа сай қолдануға болатын әдіс деп білдім.

Бұл топтық таныстырылым кезінде әріптестер сұрақ қою арқылы оқушының қаншалықты білетінін, ойлайтынын білуге, жауаптарын тыңдай білуге мән бергендігін айтты. Мұнда диалогтік оқытудың маңыздылығы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Өз сабағымда «Қар үйіндісі», «Кім көп жинайды?» әдістерінде коммуникативтік қарым-қатынас орнайтынын байқадым. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі «Мәтін» тақырыбын өткенде «Конверт сұрақ» әдісін қолданған. Бұл әдістің тиімділігінде талантты оқушының бағалауы мен талдауын анықтауға өзіндік тапсырма берген. Келесі әріптесім сабағындағы оқушының жауабы әртүрлі болатындығы айқындалғанын атап өтті. Әріптесім диалогтік сұхбатта жауап алу үшін оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беру үшін итермелеу мақсатында түрткі сұрақтарды қолданған. Екінші кезеңінде мағынаны ашу үшін «Мәтіндегі негізгі ой» тақырыбына сондай-ақ анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей сұрақтар берген. Міне, осы кезде сұрақтардың күрделілігіне қарай, сыни ойлау да күрделене түсетіндігін аңғарған. Осы орайда топпен талқылау кезінде әріптестер арасында мынадай ортақ шешімге келдік:



  • Сұрақ қоя отырып, оқушылардың жан дүниесін танып білеміз.

  • Сыни ойлауға бағыт береміз.

  • Ашылмаған қырларын тани бастаймыз.

Оқушылардың тақырыпты танып түсінуі үшін жоғары дәрежелі сұрақтың маңыздылығын түсіндік.

Төртінші таныстырылымда тізбектелген сабақтарымызға талдау жасап, күтілген нәтижеге тоқталдық. Жоспарланған үдерістер оқушылардың жас ерекшелігіне қарай құрылымдалған. Өзара талқылай келе А тобының оқушысы көшбасшылыққа ұмтылып, В мен С тобындағы оқушылардың да тақырыпты игеруіне оң ықпал болғанын байқадым. Әріптестерім де осындай алға жылжу болғандығын айтты.

Бесінші таныстырылымда Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгімелер туралы талқылағанда әріптесімнің сабағында жұптаса талқылап, сахналауға тапсырма берілген. Оқушыларының шығармашылық қабілеттерін анықтаған. Тақырыпты сахналауы тиімсіздеу өткен. Дегенмен, оқушылардың қызығушылығы артқан. Кейбір оқушының образға кіріп ойнауы ұстазын қуанта білген.

Алтыншы өзі-өзі реттеу тапсырмасы бойынша оқушыларды бақылау барысында А тобындағы оқушым көшбасшылық жасап, қасындағы оқушыларды топта ықпалдасуға ,бірлесіп талдап, қорғауға жұмылдыра білді. Тапқырлығы топтағы оқушылардың ойын сыни тұрғыда сұрақ қоя отырып ортаға сала білді.Сабағының өн бойында диалогтік оқыту қамтылған. Оқушылар белсенділігі артқан. Әріптесімнің сабағынан түйгенім С деңгейлі оқушыға рөлдік ойындарда басты кейіпкердің рөлін берсе, оның В деңгейіне көтерілуі әбден мүмкін дегені. Мен бұл бақылауды қажет деп тауып, өз қоржыныма салдым. Ал В тобындағы оқушының өзі жауапкершілікті ала отырып жаңа қырларынан көріне бастады. Ортаға ойын тастап, постер қорғауда өзін еркін ұстауы, топты алып шығуға тырысуы таңқалдырды. Сонымен қатар информатик әріптесім де жас ерекшелігін ескере отырып, екі оқушыны бақылауға алған. Олардың өзіндік жұмыс, зерттеу жұмысы, топтық жұмыста сұрақтар мен жауаптарда қалай араласатындары маңызды екенін айтты. А мен В оқушыларын қадағалауда олардың жақсы нәтиже көрсеткеніне көзі жеткен. Алдағы уақытта да оқушылардың танымдық дамуын ескеремін деп жоспарлап отырмын.

Жетінші таныстырылымда төртінші топтың «Бірлескен оқу:дарынды, талантты оқушылар» туралы қорғаған кездегі Гүлнараның таныстырылымы ұнады. Себебі:Таныстырылым басы ашылмаған қызғалдақтардың жеке өсуінен басталған,яғни дарыны мен таланты ашылмаған оқушыларға теңеген.Ол қалай ашылды?, Қандай қиындықтар болды?-деген сұрақтар туындады.-Оны қалай еңсерді? Ол үшін алдарына мақсат қоя білген және жеті модулді сабақта тиімді ықпалдастыра отырып, оқушының дарыны мен талантын анықтаған. Мысалы: Рада әріптесім рөлдік ойындар арқылы С деңгейіндегі оқушының әртістік қабілетін байқаған.Ал Гүлзат топ басшысының әділ, нақты бағалай білгенін ризашылықпен айтты. Гүлшат әріптесім топ басшыларын ауыстырып отырғанын және ол тиімді болғанын айтты.Оқушылар белсенділік танытқан.

Сегізінші таныстырылымда үшінші топ пен төртінші топтың таныстырылымы нақты мысалмен түсіндірілді.А оқушы өзіндік пікірі бар,толық жауап береді,В оқушы пікірі бар бірақ толық жауап бере алмайды,С оқушы өзіне-өзі сенбейді.Тренер әріптестер арасына мынадай сұрақ тастады –В,С оқушыларын А деңгейіне қалай жеткіземіз? Әріптесім Кенжегүл – Мен В,С деңгейіндегі оқушыларға рөлдік ойындарда басты рөлдерді тапсырсам деймін.Сонда олардың құлшынысы артар еді, алға ұмтылыс пайда болар еді,- деді. Миргүл – Үш деңгейдегі оқушыларға сыни ойлауға ортақ сұрақ қойдым,менің байқағаным ұзақ ойланса да Вдеңгейіндегі оқушым сұраққа жауап берді,- деп өз тәжірибесімен бөлісті. Мектептегі тәжірибе кезінде кездескен кедергілер, оларды жою жолдары туралы пікір алмастық. Менің қоржыным тағы да жаңа әдіс-тәсілдерге толды.Мысалы: «Бес саусақ»,« Шапалақ жаңбыр», «Би орындығы», «4сұрақ»,т.б.

Әріптестеріммен кеңесу ойымызды толықтыра түсті деп қорытындылаймын. Әріптестерімнің қолданған әдістерін тақырыпқа ыңғайластырып қолданамын деп шештім. Топтағы әріптестеріммен «іс –әрекеттен кейін толғаныста» әрбір тізбектелген сабақ жеті модульге негізделген. Ықпалдасқан модульдің нәтижесінде сабақ құрылымы мен оқушының қалай оқу керектігін үйрете білетініміз сөзсіз. Алдағы уақытта да әріптестеріммен байланысымды үзбей тәжірибе алмасып отырамын деген тұжырымға келдім. Сөзімнің соңын «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға- мұғалім» (МАН 6 бет) деп аталған негізге сүйене отырып, алдыма мақсат қойдым.


  • АКТ-мен жұмыс жасауға;

  • Үнемі ізденуге, өзімді-өзім жетілдіруге;

  • Әріптестермен тәжірибе алмасуды;

  • Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың білімділігін

арттыру;


Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені бойынша рефлексивтік есеп.
Жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу үшін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын пайдалана отырып,жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасау керек.Жаңа технологияның қай-қайсысын алмайық,оқу үрдісінде өзінің оңтайлылығымен ерекшеленеді,ал тиімді әдіс-тәсілді таңдап алу мұғалімнің өз еркінде.Алға қойған мақсаттарды іске асыруда мұғалім басты рөл атқаратындығы бәрімізге мәлім. Бағдарламаның бірінші «Бетпе-бет» кездесуінде тренер әр күн сайын түрлі тәсілдер арқылы топтастырып,түрлі тапсырмаларды орындау барысында аудиторияның ынтымақтастығын толықтай қамтып,әріптестер іс-әрекет барысында өзара әрекеттің сапасын талқылап отырды.Әрбір орындалған тапсырмаларда өзіндік мағына жатты.Жаңа формация мұғалімін анықтауда, мінсіз оқушының бейнесін құруда,құндылықтарды ашуда топ идеяларын ортаға салды.Мұның өзі біздің тәжірибеде шыңдалуымызға ықпалын тигізді. Осы жинақталған біліктіліктерім мен ресурстарымызды тәжірибеде қолданып, теориямызды практика жүзінде көрсету үшін, әріптестер мен оқушыларға курс бағдарламасының жеті модулін түсіндіру мақсатында мектепте тәжірибеден өттім.Осы сәтте «Енді мен өзгерістерді ,жаңалықтарды қалай бөлісемін,оларға қалай жеткіземін,олар бұл үр0дісті қалай қабылдайды?»,- деген сұрақтар мазалады.Оқушыларыммен сұхбаттаса келе,олардың экспериментке дайын емес екендігіне көз жеткіздім.Себебі: білім деңгейінің шамалас болуы,оқушы санының аз болуы.

Дегенмен, жаңаға жаны құмар балалар құлшыныс танытты. Класс-бұл тек жай ғана пәннің мазмұнын беретін орын емес,мұғалімнің демократиялық ынтымақтастық атмосфера қалыптастыруын қамтамасыз ететін бөлме. Осыған орай диалог арқылы оқушыларымның көңіл-күйін байқап, кластың ынтымақтастық атмосферасын анықтап алдым. Адамдар арасындағы қарым-қатынас сәлемдесуден басталады.



Сондықтан мен әр сабағымның басында оқушыларыммен амандасып көңіл-күйлерін бақылап,жақсартып,қызығушылықтарын оятып,түрлі ой тастау мақсатында "Мен қандаймын","Мен сізді таныстырғым келеді" тренингтерін өткіздім. Тренинг барысында оқушылар өздеріне тән ерекшеліктері мен қасиеттерін айтып өздеріне түрлі теңеулер тауып айтты.Мысалға "Мен батылмын,өйткені мен еш нәрседен қорықпаймын","Мен ақылдымын,өйткені мен сабақты жақсы оқимын" деп,ойларының ұшқырлықтарын байқатты. "Мен сізді таныстырғым келеді" тренингі арқылы оқушылар бір бірінің жақсы қырларын айтып таныстырды. Мысалы «Мен Шаттықты таныстырғым келеді, ол әнші қыз»,- деп бір-бірін таныстырып шықты. Олар лайықты кандидатураны тапқанда барлығын ортақ бір нәрсе біріктіретін топ құратып, оқушыларды топтық жұмыс жасауға үйретуден бастадым. Осы орайда мен оқушыларыма топтық жұмыстың тиімділігі мен ерекшелігін түсіндіріп,қызықты тренингтер арқылы оқуға деген жаңа көзқарас қалыптастырдым. Мерсер «құрдастар тобындағы өзара қарым - қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын» көрсетті. Оқушылар жұпта немесе топта жұмыс істегенде, олар өзара іс - әрекетте немесе оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады. Алғашқы күннен бастап, оқушыларды ауызбіршілік, ынтымақтастық пен ұйымшылдыққа шақыра отырып, топ ережесін құрастырттым.Олар ақылдаса келе: ұйымшыл болуға, топта белсенділік көрсетуге, жауапкершілікке, мейірімді болуға, уақытты тиімді пайдалануға, бір-бірін әділ бағалауға келісе отырып, ортақ ереже шығарды. Оқушы санының аздығына байланысты екі жұп, бір топ қана құрап отырдым.Мұғалім шәкіртімен бірге тыныстайды, бірге ойлайды, істі бірге істеп, бірге шешетінін ескере отыра бар назарымды оқушыға салып, қандай сөз айтса да пайдаға асырып, жетелеуге тырыстым. Топтық жұмыс арқылы оқушыларға Чиксентмихай "өзіндік мақсат"деп атайтын және Райан және Деки "ішкі уәж" деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасадым, яғни біріншіден қабілетін арттыратын жұмыс түрлерін орындауды жоспарладым.Менің тәжірибелік сабақтарымның өтуі барысында оқушыларымның бірлесе жұмыс жасау нәтижелері жаман болған жоқ. Оның себебі де сабақтың топпен жүргізіліп отырғандығы деп білемін. Бұл жағдайда оқушылар бірін-бірі сүйемелдейді.Топпен жұмыс жасау барысында үлгерімі жоғары оқушылар өз топтарының көшбасшыларына айналды. Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын бала белсенді ,алғыр болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашылдық пен келешекке ашық болады"(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 54-бет) Нұсқаулықтағы сыни тұрғыдан ойлайтын балаға берілген осы бір анықтаманы оқи отырып, өз класымда да осындай оқушылардың барын аңғардым.Жалпы оқыту мен оқудағы тәсілдер сан алуан.Ахмет Байтұрсыновтың "Жақсы мұғалім деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп,соларды оқытуда қолдана білу арқылы жетуге болады.Сонымен қатар бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай,өзіне қажет әдісті тауып,пайдалана білу керек»,-деген екен. Бұрынғы сабақтарымда да жаңа технологияның элементтерін қолданып жүрсем де оқушыларымның бүгін алған білімін өмірде қолдануын ескермеген екенмін. Жаңалықққа бет бұрыс жасап , тәжірибе кезінде сабақ жоспарын "Мұғалімге арналған нұсқаулық" және курстың бірінші кезеңіндегі меңгерген әдіс-тәсілдерімізді,тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларды басшылыққа ала отырып құруда бұрын жіберген қателіктерімді қайталамауға тырыстым. Әр мұғалім үшін маңызды міндет-сабақты жоспарлау болса,мен сол міндетті жүзеге асыру үшін тізбектелген төрт сабағымның орта мерзімді жоспарын бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып құрудан бастаған болатынмын. Курс бағдарламасы бойынша жеті модуль білім шеңбері іспеттес,яғни әр модуль бір-бірімен тығыз байланысты екендігіне көз жеткіздім, оларды сабақтастыра жүзеге асыру барысында кешенді түрде жұмыс жасауға болатынын ұғындым.

Білімді ұрпақтың тәрбиесі бір сағаттық сабақтан бастау алады.Қандай да бір тақырыпты меңгеруде жеті модульді байланыстыра отырып,білім беріледі. Оны сабақта ажыратпай кіріктіру керек, ал бұл мұғалімнен шеберлік пен біліктілікті талап етеді.Осы бағдарлама арқылы оқушының жан дүниесін түсіндім және оқушы тақырыпты өз бетінше меңгереді,өздерін-өздері бағалай алады.Осының дәлелі ретінде мектептегі тәжірибеме тоқталып кеткенді жөн көрдім.



Мен тәжірибемдегі сабақтарымда оқушылардың қызығушылықтарын оятып, жаңа тақырып бойынша не білетіндерін анықтау үшін ББҮ кестесін пайдаландым.Мұнда оқушыларға кестенің бірінші бағанына тақырып туралы не білетіндерін жаздырдым, олар өз білетіні мен ұмытқанын кластастарымен салыстырып, нені және қалай оқу керектігін анықтаса, мен оқушылардың тақырып бойынша білімдерінің қандай деңгейде екендігі анықтадым.ББҮ кестесіндегі "Нені білгім келеді?" деген екінші сұрақтың жауабын екі оқушыға оқыта отырып, сабақтың мақсатын оқушылардың өздері ашуына мүмкіндік бердім.Бұған дейінгі дәстүрлі сабақ беру үрдісі бойынша мәтінді өзім оқып,қажетті ойлар мен ақпараттарды өзім беріп,тек олар тыңдаушы болды.Мұның соңы немқұрайлыққа әкелді.Жіберілген осы сынды қателіктерді жою үшін АКТ-ны пайдаландым.Мен ақпараттық технологияны барлық сабақтарымда дерлік пайдаландым деп айта алмаймын. Бұрын АКТ-ге көп мән бермейтінмін,ал бірінші «бетпе-бет» кезеңінде мен оның пайдасының көп екенін түсіндім. Сол арқылы АКТ туралы білім, ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, алмасу жолдарын үйрендім. АКТ арқылы ұсынылған білім қазіргі жаңа технологиялар заманында балаларға ерекше әсері болатынын, естерінде жақсы қалатынын байқадым. Сондықтан тәжірибе кезінде АКТ-ны сергіту сәтінде пайдаланып отырдым.

Мен сабақ жоспарларымды оқушыларымның жас ерекшелігіне сай олардың мүмкіндіктерін ескере отырып құрдым.Осындай игі мақсаттарға жетелеген бағдарламаның арқасында сабақ құрылымын өзгерттім, оқыту әдістерін түрлендіріп отыруды, сонымен қатар барлық сабақтарымда да аталған жеті модульді өзара байланыстыру жолдарын үйрендім. Қазіргі таңдағы мұғалімнің ұстанымы-сындарлы оқыту. Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін кластан тыс жерде,кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім мен біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде сыни тұрғыдан ойлауға үйретуге қолданылатын стратегияларды кеңінен қолдануға тырыстым. "Мағынаны тану" кезеңінде мен оқушылардың өзіндік жұмысына мақсатты бағдарлар,айқын міндеттер қойғыза білуге үйрету мақсатында «ЖИГСО»,«Веер», "Автор орындығы" сияқты әдіс- тәсілдерді пайдаландым. Осы кезде оқушылар бір-бірімен сөйлесіп,топ болып ақылдасып,ұтқыр шешімдер айту арқылы диалогқа түсті. "ЖИГСО"әдісі арқылы оқушылар өздеріне берілген мәтін үзіндісін оқып,топта талдады. Топта талдап болған соң,бір-біріне сұрақтар қойды.Сұраққа жауап іздеу барысында белсенді диалогқа түсті. Нәтижесінде оқушы бір-бірінең көмегімен мәтіннің толық мазмұнымен танысты.Оқушылар берілген тапсырманы белсене,бірлесе отырып орындады. Веер әдісі арқылы оқушылар берілген сұрақтарға жауап жазды.Соңында ортақ түйінді пікірге келді.Топтың ынтымақтастық атмосферасын байқадым. Себебі қатыспай отырған оқушы болған жоқ. Ал мәтін мазмұнын қалай меңгергенін анықтау мақсатында "Ыстық орындық","Өрмекші торы" әдісін пайдаландым. Бұл әдістер арқылы әр топ орындықта отырған оқушыға мысалдың жалпы мазмұны бойынша сұрақтар қойды.Оқушының жауабы талданып,сұрақты қойған оқушы өзі толықтыру жасауға дайын болды. Мұндай жұмыс барысында белгілі тақырыптағы ойды сыни тұрғыдан қабылдап,ой толғау,суреттей алу,еске түсіру,болжау оқушыны да жаңа бір әлемнің жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізді. Осындай топтық жұмыстарда дарынды балалар топтың көшбасшыларына айналып отырды,олар топтарын бірлескен жұмысқа тартып,ортаға ең үздік жұмыстарды ұсынып отырды.Менің берген бағыттарымды бірден ұғып, сенімді көмекшілеріме айналды. Мәселен Тілектес есімді оқушы сабақтарда сұрақ қойып, дәлелдерін ұсынып,көшбасшылық таныта білді.Олар ештеңеге сенбейді,өз пікірінде қалып,өз идеяларын қалайда дәлелдеп шығады және қарапайым жауаптан гөрі сұрақтың байыбына бара отырып,сыни тұрғыдан жауап береді. Топ ішінде өз ойларын толық айтып, әр оқушының пікірі тыңдалып,қорытынды ойды шығарып отырды. Топ мүшесі өз міндетін белсенді атқарып,жұмысқа аса қызығушылық танытты.Оқушылар оқып,талқыға салғанда өз көзқарасын тереңдете түсті. Әр оқушы мәтінмен танысқан соң,жұпта,топта талқылауды ұйымдастырдым.Ортақ бір шешімге келіп,өз түсініктерінен таныстырылым жасай отырып,оны қорғады.Осы әдіс арқылы көп нәтижеге жетуге болатынына көзім жетті.Оқушылар ойланды,бірін-бірі түсінуге мүмкіндік туды,жұппен,топпен жұмыс істеуге үйренді.Ой түю арқылы керекті дәйектемені іздеп таба білді,оны пайдалана білуге үйренді.Тәжірибе жасау арқылы оқушыларды сыни ойлауға шақырдым. "Ой толғаныс "әдісі бойынша тәжірибе жасап,қорытынды шығарып,өз дәлелдерін сенімді түрде дәлелдей білді. Оқушыларымның сөздік қорларын молайтып, бұрын соңды өзім мұғалім ретінде білмеген балаларымның қабілеттерін байқасам, «Ассосация» әдісін өткізуде оқушылар бірлесе толтырып, талдау жұмыстарын жүргізді.Басқаша айтқанда, олар өзін-өзі ынталандыра алды және осыған орай,оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда болды. Бұл дегеніміз,оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады.Өйткені ,оқушы алдымен қатесіз,түсініп оқуға тырысты,қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын отырды,басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап,сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екендігін біліп,ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіріп,топтық деңгейде жұмыс істеуге дағдыланды.

Сабақты қорыту мақсатында "Сен білесің бе?" әдісін пайдаланып, балаларды диалогқа тартудың да өзіндік ерешеліктері барын аңғардым. Осы рефлексия арқылы пікірлерін тыңдай отырып, оқушыларымның тақырыпты қаншалықта меңгергенін де байқап үлгердім.Бұл тәсіл арқылы балалар сабақтан алған әсерлерімен ненің ұнағанын, қай жерде қиналғанын, болашақта не туралы білгісі келетіні туралы ойын еркін айтып бір-бірімен ой бөлісті.Сахналау кезінде үнсіз оқушым Мұқанбетияр рөлде өте сәтті ойнағанын көрдім. Бұл көріністі бұрынғы өткізіліп жүрген сабақтарымды курс барысында өткізген сабақтарыммен салыстырып отырып аңғардым. Бұрын біз көп жағдайда кластың әлеуметтік жағдайын ескеріп жатпайтынбыз, енді бұл мәселені қалыс қалдыруға болмайтынын ұғындым. Сабақ барысында оқушыларымды топқа біріктіріп, оларды сырттай бақылауда үлгерімі төмен оқушыларым Мқұанбетияр мен Мирас топпен бірге мәселені шешіп, топтық жұмысқа белсене араласатынын байқадым.

Бұл әдістер арқылы оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасында диалог орнайды.Оқушының сыни ойлауы мен сөйлеу тілін дамытуда оқушыларға сұрақ қойып,оларға жауап алатын мұндай диалогтардың берері мол. Оқытуды диалогтік тәсілмен сұрақ қою арқылы байқағаным: оқушылар тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталанды, пәнге қызығушылықтары артты, оқушылар бір- бірінен үйренді, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуге және бағалауға үйренді, өз пікірінің құнды екендігін сезінді.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау-сабақ мақсатына жету жолы екендігін түсіндім.Оқушылардың әрбір сабақтан алған әсерлерін, не үйренгендігін үнемі назарда ұстау арқылы оқушылардың өзін-өзі бағалай алуын қалыптастырдым. Оқушылар бірін-бірі "екі жұлдыз,бір тілек", смайликтер арқылы ,"бағдаршам", жетон арқылы бағалады. Алғашқы сабақтарымда бағалау барысында түсініспеушіліктер орын алды, оқушылар өздерін асыра бағалап, бір-біріне қойған баға үшін көңілдері түскен болатын.Осы сәтте балалардың өзін-өзі бағалауына ерекше назар аудару қажет деп ойладым. Оқушылардың өзін-өзі бағалау қабілеті дамыған сайын өрістей берді. Жүре бара оқушылар бір-бірін тыңдап, кез- келген құрдасының пікіріне сыйластықпен, түсіністікпен қарауға үйренді. Әрбір кезеңде берілген формативті бағалау қорытындыланып, жиынтық баға ашық журналға салынды.

Осыған дейінгі сабақтарымда осы әдіс-тәсілдердің элементтерін қолданып келсем де,онда жүйелілік болмағанын аңғардым. Бұрынғы сабақтарымда оқушылардан ең алдымен қатаң тәртіпті талап еттім. Оқушылар өзара сөйлеспеді. Класта басқарушы рөлін атқарып,сабақтың басым бөлігін өзім түсіндіретінмін.Сабақ уақытында еркіндік болмады, ұсақ іс әрекеттің өзінде мұғалімге бағыныштылық танытты. Оқушыларым тек оқулықтағы мәліметпен шектеліп,тапсырманы өзімнің басқаруымен ғана орындады. Ал жаңа әдіс-тәсілдерді меңгергеннен кейін оқушылардың сенімді серіктесіне айналып,бағыт беріп,бақылаушы болдым. Оқушылар класта өздерін еркін ұстап, бір-бірімен пікір алмасты.Өз бетінше сыни ойлап, өзін және өзгені бағалауды үйренді. Мұны мен бұрынғы сабақтарыммен, тәжірибе кезіндегі сабақтарымды салыстырып отырып анықтадым.

Іс-тәжірибеме енгізілген өзгерістер білім беру ісін жеке тұлғаға бағыттауымен маңызды. Әр сабағымда сыни ойлаудың стратегияларын тиімді қолдана білу арқылы, оқушыларымның бойында пәнге деген қызығушылығы артып,бұрын көп сөйлемейтін оқушыларым қызығушылық танытып, сабақтан тыс жерде де өз ойларын еркін жеткізе білді.

Қорыта келе айтарым, жаңа тәсілдерді тәжірибеммен ұштастыра келе, оқушыларымның да, өзімнің де бойымнан ерекше бір өзгерісті байқадым. Өзіндік пікірі бар жеке тұлға қалыптастыруға көзқарасыөзгеріп,жаңашылдыққа бет бұрып, оқушыларды өздігінен сапалы білім алуға жетелейтін әдіс-тәсілдерімізді жарты жолда қалдырмай оны жетілдіремін деп ойлаймын.

Өзімнің оқыту тәжірибемде іске асырылытын өзгерістерді болашақта қалай жетілдіремін ? - деген сұраққа жауап берер болсам:

-Сандық құрылғыларды пайдалану мүмкіншілігін кеңейтемін.

-Сыни ойлау қабілеті дамыған креативті тұлғаны тәрбиелеймін.



-Талантты және дарынды балалармен жүргізілетін жұмысты жетілдіремін. Осындай жоспарларымды жүзеге асырудың нәтежиесінде өз пікірін нанымды жеткізе білетін,шексіз сүйе білетін шығармашыл тұлға қалыптастыруға негіз болсам деймін. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Өмір бойы білім алу қазақстандықтардың жеке кредосына айналуы тиіс» деген еді.Сондықтан да әрбір ұстаз еліміздің болашағы өз қолында тұрғанын ұмытпауы керек.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет