БАҒдарламасы геология 050116 «География» Көлемі 2 кредит



Дата04.08.2017
өлшемі140,52 Kb.
#22709
    Бұл бет үшін навигация:
  • Дәріс
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Геология
050116 – «География»

Көлемі 2 кредит


Орал 2010 ж.

1. ӘЗІРЛЕНГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН

«География» кафедрасының оқытушысы А.К.Хайруллина

2. РЕЦЕНЗЕНТТЕР

2.1 Амельченко В.И. – г.ғ.к., доцент, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, «География» кафедрасының меңгерушісі


2.2 Беккалиев Б.У. – экология магистрі, Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университеті, «география және эколгия» кафедрасының оқытушысы

3. БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеттің Оқу-әдістемелік кеңес отырысында 20_ жылғы «___» __________ №___ хаттама

4. Жұмыс оқу бағдарламасы _050116«География»_______________

мамандықтарының элективті пәндер каталогына сәйкес әзірленген

5. ҚАРАЛҒАН жататылыстану және математика факультеттің Оқу-әдістемелік кеңес отырысында 200_ жылғы «___» __________ №___ хаттама

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«География» бағыты бойынша студенттерге арналған бұл курс Қазақстанның және шет елдердің бүгінгі күнге дейін созылатын барлық дәуірлер мен кезеңдердегі өзекті мәселелерді қамтиды.

Геология тарихының бүгінгі жаңа көзқараспен зерттелуі және осыған байланысты әртүрлі балама пікірлердің кеңінен өрістеуі тарих ғылымы саласында дайындалатын маман-студенттерді теориялық және методологиялық тұрғыдан қаруландыруды қажет етуде. Қазақстан тарихының тәуелсіздік жағдайда жаңаша тұрғыда талдайтын теориялық мәселелері аз емес. Олардың ішінде әсіресе этникалық және ұлттық мәселелер. Курс жердің құрамын,құрлысын және даму заңдылықтарын, ерекшеліктерін, олардың қорларымен түгел таныстырады. Қазақстан жерінің қандай геологиялық кезеңге жататынын бүгінгі күн талабына сай тереңдетіп оқытуды талап етеді.



Курстың мақсаты: студенттердің назарын жердің құрлысы ,құрамы және қасиеттері туралы теориялық тұрғыдан ой түюіне жәрдемдесу. Оқытушылық қызметте және зерттеу жұмыстарында теориялық, методологиялық тұрғыдан өзіндік дайындалуға мүмкіндік беру. Жаратылыстану саласының қиын да қарама-қайшылықты сұрақтарына объективті, жаңа көзқарас тұрғыснан қарастыру болып табылады.

Міндеттері:

- жердің пішін қандай екнін терең талдай білулері керек;

- Жер құрлысы неден тұратынын, ерекшеліктерін білу қажет;

- Қазақстан территориясындағы геология ғылымына үлес қосқан ғалымдарды білу қажет;

- Жердің жалпы құрамын талдау керек;

- Қазақстан және шет елдердегі табиғат ресурстарының пайдаланылу көрсеткіштерінің дамуының ерекшеліктері мен қорытындыларын зерттеуге төселулері тиіс;

- Қазіргі таңдағы жердің ластану деңгейлерін анықтау қажет;

Бейімділік пен біліктілік:

- Жер туралы мәліметтерді зерттеулер нәтижесінде балама пікірлермен тереңдеп танысады;

- біздің дәуірімізде Қазақстан аумағындағы пайдалы қазбалардың негіздерін айқындайды;

- Геодинамикалық процестерге қандай процестер жататындығымен тереңдете танысады;

- Жаңа заман дәуіріндегі қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ерекшеліктерімен танысады;

- Қазақстанның территориясындағы пайдалы қазбалардың қай дәуірге жататындығымен танысып, олар жөнінде жаңа мәліметтер алады;

.

«Геология » атты курсты оқыту алдындағы оқылатын пәндердің тізімі: Бакалавриатта оқылатын Гидрология, Топырақтану, биеогеография жалпы жертану және т.б.

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ




Тақырып атаулары

Дәріс

Семинар


сабақ

Емтихан

Рейтинг

ОСӨЖ

Барлығы

1

Кіріспе

1










2




2

Жер жайлы жалпылама мәліметтер .

Минералдардың физикалық қасиеттері. МООС шкаласы.




1

1







2




3

Жердің физикалық қасиеттері. Сипаттық минералогия.



2

1







3




4

Жер қыртысының жалпы құрамы Сульфаттар және фосфаттар.



2

1







2




5

Петрография негіздері. Силикаттар.



1

2







3




6

Геотектоникалық қозғалыстар.

Магмалық тау жыныстары сипаты.




1

1







3




7

Стратиграфия негіздері.

Механикалық, химиялық, органикалық шөгінділерге сипаттама беру.




2

2







3




8

Жердің даму тарихындағы Кембриге дейінгі кезең.

Жердің даму тарихындағы эралар және олардың алатын орны. Кембриге дейінгі кезеңдегі платформалар мен геосинклиналды аймақтар.




2

2







2




9

Жердің даму тарихындағы Палеозой эрасы.

Палеозой эрасы кембрий, ордовик кезеңдерінің палеогеографиясы.




1

1







4




10

Палеозой эрасы.

Палеозой эрасы силур, девон кезеңдерінің палеогеографиясы.




1

2







3




11

Палеозой эрасы.

Тас көмір, перм кезеңдеріндегі жердің даму тарихы



1

2







3




12

Емтихан







1










13

Рейтинг










6







14

ОСӨЖ













30




15

Барлығы

15

15

1

7

30

67



ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Геология курсының іргелі мәселелері. Курсты оқытудың мақсаты және міндеттері. Тақырыптың өзектілігі. Курс деректері мен тарихнамасы.

Олардың негізгі ғылыми бағыттар ретінде қалыптасуы және зерттеушілер еңбектеріндегі әртүрлі көзқарастар мен концепциялардың орын алуы.

Курс бойынша деректік материалдарға тән ерекшеліктер. Негізгі әдебиеттерге сипаттама және оларды зерттеу жолдары.


Негізгі бөлімі

Тақырып-1. Жер жайлы жалпылама мәліметтер .

Минералдардың физикалық қасиеттері. МООС шкаласы.

Геология –Жер жайындағы ғылымдардың бірі. Оның басқа ғылымдармен байланысы. Геологиялық ғылымның құрам бөліктері. Жер қыртысы мен литосфераның заттық құрамын зерттейтін геолгиялық пәндер. Геологиялық процестерді зерттейтін пәндер кешені. Органикалық тіршіліктің Жер бетінде пайда болу, көрініс беру ерекшеліктері және даму барысы жайлы ғылым. Тарихи геология. Геология және география. Геологияның жалпы білімдік және тәрбиелік маңызы.
Тақырып-2. Жердің физикалық қасиеттері. Сипаттық минералогия.

Жер құрылысының пішімі. Жердің ішкі құрылысын зерттеудің басты-басты геофизикалық әдістері. Сейсология, гравиметрия, магнитометрия, электрометрия, геотермикалық зерттеу әдістері. Осы әдістердің геология ғылымындағы ролі. Жер шарының қабығы. Жердің ішкі қабаттарының физикалық қасиеттері тығыздығы, ауырлық күші, қысымы, магниттілігі, жылулығы

қасиеттерінің таралу ерекшеліктері. Жер қыртысындағы үдеу шамасы.Магниттік ауытқу қасиеттері.

Тақырып-3. Жер қыртысының жалпы құрамы Сульфаттар және фосфаттар.

Жер қыртысының минералдық құрамы.Жер қыртысының химиялық құрамымындағы сегіз химиялық элементтің алатын үлес салмағы..

Жер қыртысының химиялық құрамы жөніндегі алғашқы ғылыми еңбектер. Ғалымдардың ролі. Осы химиялық қасиеттерін зерттеген ғалымдардың еңбектері.
Тақырып-4. Петрография негіздері. Силикаттар.

Мақсаты: Петорграфия негізімен таныстыру.

Жер қыртысының петрографиялық құрамы. Петрография ғылымының мәні мен мазмұны. Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарын анықтаудың негізғі әдістері. Магма және оның жер қойнауында туындау себептері. Интрузиялық және эффузиялық таужыныстарының туындау себептері. Магманың және оның өнімдерінің өздерін кіріктіретін ортаға тигізер әсері. Жапсарлы- метаморфизм, жапсарлы- метасоматоз процестері. Шөгінді жыныстар жайлы түсінік.

Тақырып-5. Геотектоникалық қозғалыстар.

Магмалық тау жыныстары сипаты.

Геотектоникалық қозғалыстармен таныстыру.

Динамикалық геология ғылымының зерттейтін саласы. Эндогендік және экзогендік процестер. Эндогендік процестердің зерттейтін саласы. Экзогендік процестердің зерттейтін саласы. Геотектоника ұғымының сипаттамасы. Тербелмелі және дислокациялық қозғалыстар олардың жер қыртысын өзгертудегі ролі. Тербелмелі қозғалыстарды зертейтін негізгі әдістер. Тарихи және геодезиялық әдістер.
Тақырып-6. Стратиграфия негіздері.

Механикалық, химиялық, органикалық шөгінділерге сипаттама беру.

Мақсаты: Стратиграфия негіздеріммен таныстыру.

Стартиграфия ғылымы оның принцптері. Тау жынысы қабаттарының қат-қабатталу заңдылығы. Тау жынысы қабаттарының көнелігін анықтаудың басты-басты тәсілдері. Палеонтологиялық, филогендік, микропалеонтологиялық, тұқым-тозаңдарды талдау тәсілі. Бірегей стратигрфиялық шкала және оның бөлімшелері.

Тақырып-7. Жердің даму тарихындағы Кембриге дейінгі кезең.

Жердің даму тарихындағы эралар және олардың алатын орны. Кембриге дейінгі кезеңдегі платформалар мен геосинклиналды аймақтар.

Кембрий кезеңімен таныстыру.

Жердің даму таризындағы планетарлық кезең және жердің даму тарихындағы геологиялық кезеңдер.Архей және протерозой эраларындағы жер бетіндегі өзгерістер. Алғашқы жер бетінде платформалар мен геосинклиналды облыстардың пайда болуы.
Тақырып-8. Жердің даму тарихындағы Палеозой эрасы.

Палеозой эрасы кембрий, ордовик кезеңдерінің палеогеографиясы.

Мақсаты:Палезой эрасымен таныстыру.

Палеозой эрасындағы жер бетіндегі өзгерістер. Геосинклиналдары мен платформаларындағы өзгерістер. Каледон және герциндік қатпарлықтардың түзілуі. Кембрий, ордовик, силур, девон, таскөмір, перм кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктері. Гондвана және Лавразия материктерінің сипаттамасы.
Тақырып-9. Палеозой эрасы.

Палеозой эрасы силур, девон кезеңдерінің палеогеографиясы.

Мақсаты:Палезой эрасымен таныстыру.

Палеозой эрасындағы жер бетіндегі өзгерістер. Геосинклиналдары мен платформаларындағы өзгерістер. Каледон және герциндік қатпарлықтардың түзілуі. Кембрий, ордовик, силур, девон, таскөмір, перм кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктері. Гондвана және Лавразия материктерінің сипаттамасы.
Тақырып-10. Палеозой эрасы.

Тас көмір, перм кезеңдеріндегі жердің даму тарихы

Ауа райы тынық кезде теңіздің беті тып-тыныш, шайқалғаны болар болмас қана білінеді. Жел соға бастағанда, теңіз үстінде толқын көтеріледі.

Толқын көтерілген кезде толқындар теңіздің бетіне жарысып жатқандай әсер етеді. Ал сонымен бірге сол толқындардың үстінде қалқып жүрген нәрселердің өзінің орнын өзгертпей сол орында тұрғаны байқалады.

Толқындардағы судың бөлігі тек бір орында ғана толқу қозғалысын жасайды. Тынық су беті деңгейінен жоғары көтерілген толқынның ең биік бөлігі толқынның қыры немесе жаны деп аталады. Су бетінің деңгейіне ең төмен жатқан бөлігін толқынның табаны деп атайды.

Толқын ұзындығы мен биіктігі арқылы сипатталады.
СЕМИНАР САБАҚТАР ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ ТІЗІМІ:



1.Кристаллография негіздері.

2.Минералдардың фтзикалық қасиеттері. Моосшкаласы.

3.Сипаттық минералогия.

4.Петрография негіздері.

5.Жердің даму тарихындағы эралар және олардың алатын орны.

6.Жердің даму тарихындағы палеозой эрасы.

7.Жердің даму тарихындағы мезозой эрасы.

8.Жердің даму тарихындағы кайназой эрасы.

9.Палезой эрасы,кембрий кезеңінің даму тарихы.

10Силур кезеңіндегі жердің даму тарихы.

11Карбон кезеңіндегі жердің даму тарихы.

12.Мезазой эрасы триас кезеңіндегі жердің даму тарихы.

13.Бор кезеңіндегі жердің даму тарихы.

14.Кайнозой эрасы.Неоген кезеңі.

15.Төрттік кезеңдегі жердің дамуы.




ҰСЫНЫЛАТЫН ӘЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі:

1. Минералогия.

Петрография А.Бақтұғылов, Алматы,1991

2. Геология негіздері.

Н.Сейітов. Алматы,1993ж

3. Жалпы геология курсы.Н.Тұяқбаев

Алматы,1993ж

4. Историческая геология с элементами палеонтологии.

М.П.Маслов.

5. Геология общая и историческая.

Б.Н.Гурский.Минск,1982г

6. Жұмыр жердің тынысы.Н.Сейітов.Алматы,1991

7.Қ.Әлімбетов, Г.Оспанова. Табиғатты пайдалану және қорғау негізі.

8.Н.И.Николайкин. Экология.



9 Ю.В.Новиков. Экология окружающей среды и человека.

10..Мәмбетқазиев.Алматы,1990 Табиғат қороғау.
Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет