Бағдарламасы «Колледжде педагогикалық менеджмент жүйесін қалыптастыру»



Дата23.08.2017
өлшемі0,56 Mb.
#25612
түріБағдарламасы
«Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖМ

2011-2015 жж арналған колледждің Даму Бағдарламасы «Колледжде педагогикалық менеджмент жүйесін қалыптастыру»

«Әдістемелік жұмыс менеджменті. Педагогтардың үздіксіз білім беру жүйесі»

Педагогтың кәсіби дамуының технологиялық картасы
Тақырыбы: ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛДІГІ РЕТІНДЕ «МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ЖАҢА СТИЛІ» ІС-ТӘЖІРИБЕДЕ

(іс-тәжірибе бойынша тақырыптық рефлексивтік талдау)

География пәнінің

жоғары деңгейдегі І санатты оқытушысы

Ш.А.Серикбаеваның

педагогикалық іс-тәжірибесі

Жезқазған, 2015жыл

«Еліміз үшін мұғалім мәртебесін арттыру-

ең өзекті мәселе».

Н.Ә.Назарбаев

Ақпараттық ғасырда әлем назарына ұсынылған тың жобалар мен айтулы жаңалықтардың мән-маңызы ерекше. «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың маңызды бағыттарының бірі халықтың біліммен қамту болып табылатындығы атап көрсетілген. Сондықтан қоғамның институттарының барлығында іргелі істердің қатары түрлі тың ғылыми жобалармен толығып отыр.

Соның бірі «Жезқазған Бизнес және көлік колледжінің »ЖМ «Колледждегі педагогикалық менеджмент жүйесін қалыптастыру» 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасының мақсаты инновациялық типтегі колледжге айналу болса, осы бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан барлық іс- әрекеттер жүйесінде корпоративтік басқару жүргізіледі.Әр менеджердің басты әдістемелік мақсаты менеджерлік позициясында жатыр, яғни педагогикалық ұжым мүшесінің кәсіби құзіреттілігінің динамикалық өсуіне жағдай жасау болып табылады.Себебі әр мекеме үшін дамуы мен табысты болуы оның әрбір мүшесінің өзіндік кәсіби траекториясының бірізділігне байланысты екені ақиқат.

Педагогтың болсын, болашақ маманның болсын өзіндік кәсіби дамуына кепілдік бере алатын «менеджменттің жаңа стилі»- «Әдістемелік менеджмент. Үздіксіз білім алу жұмыс жүйесі» модулі. Осы модульдің бір бағыты- педагогтың кәсіби дамуының технологиялық картасы. Технологиялық картаның ұстанған бағыты - педагогикалық шығармашылықта жаңа парадигма жасау, алға қойған мақсатқа жетуде шынайы нақты жол ұсыну, мүмкіндіктерін белсенді шығармашылықта қалыптастыру мен жүзеге асыру, педагогтар арасында қарым- қатынастың тиімділігін жоғарылату. Осы мақсаттың өзі болашақ өмірдің бүгінгіге айналуына жетелемей ме?! «Сен бұл өмірге мақсатты тіршіліктерді тындыруға келдің және алдағы міндетің де сол. Егер осыны орындамасаң, онда ештеңе істемегенің» деп Жалал-аддин-Рулш айтпақшы, ғылым, білімде даңғыл жол жоқ, сондықтан оған жол салып, оның сәулетті шыңына шаршап шалдығудан қорықпайтын, оның тасты соқпақтармен тырмысып өрлей беретін адам ғана шыға алады. Бұл жолдың бір тармағы- технологиялық карта арқылы өз мүмкіндіктерін шыңдайтын жаңа серпіліс.(Сызба 1)



Сызба 1. Педагогтың кәсіби дамуының технологиялық картасы.






Жоғарыдағы технологиялық карта негізгі 3 модульден құралып, әр модульде арнайы көрсеткіштер бойынша ұпай қойылу арқылы, 4-бөлімінде гистограммаға әр педагог өзінің кәсіби дамуының траекторисяын көрсетеді. Аталмыш технологиялық картаның ерекшелігі- әр педагогтың өзінің қай деңгейде кәсіби даму траекториясын анықтап, алдағы уақытта жоспар қойып, тек өсу динамикасын арттыруға жұмыс жасауында болса, оның перспективасы- осы өсу траекториясының арқасында шынайы түрде лауазымдық болсын, біліктілік тарпынан болсын кәсіби жоғарылану, кәсіби өсу екендігі ақиқат.

Үздіксіз білім алу жүйесіндегі колледж оқытушысының жаңа форматтағы «модерн болмысын» қалыптастыру мақсатында педагогтың кәсіби іскерлік сапалары: кәсіби этикалық, педагогикалық қабілет, кәсіби құзіреттілік категорияларын педагогикалық менеджмент жүйесінде жетілдіру жолдары осы технологиялық картаның көрсеткіштерінде бейнелейді.

Егер өзімнің іс-тәжірибемде педагог ретінде кәсіби өсуімнің траекториясын бейнелейтін болсам, онда Даму бағдарламасына сәйкес 2011 жылдан бастаған шығармашылығымды кесте түрінде төмендегідей көрініс табады: (кесте 1)



Кесте 1. География пәнінің оқытушысы Ш.А.Серикбаеваның педагог ретінде кәсіби өсу динамикасы.

Оқу жылдары

Педагогтың кәсіби дамуының технологиялық картасы

Лауазымдық қызметі

Ескерту

2011-2012

1030

І деңгей- «Шығармашыл педагог» номинациясы



Жаратылыстану- техникалық пәндер кафедра меңгерушісі

Жоғары деңгейдегі І санатқа өтініш беруім

2012-2013

//-//-//

//-//-//

Бала күтіміне байланысты еңбек демалыста болуым

2013-2014

1310

Жоғары деңгей- «Шебер педагог» номинациясы



География пәнінің оқытушысы

Жоғары деңгейдегі І санатпен жұмыс істеуім

2014-2015

1360

Жоғары деңгей- «Шебер педагог»



номинациясы

Директордың оқу- әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

Кәсіби өсу динамикасының жоғарлануы

«Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда зерттеуші мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Ол жоғары білімді, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін жауапты» Н.Ә.Назарбаев айтпақшы, әр педагог өзінің үздіксіз білім алуы арқылы болашақ ұрпақты жан-жақты етіп тәрбиелеуде де, оны әлемдік білім бәсекелестігіне төтеп бере алатындай теіп білім беруде де жауапты тұлға болып қала беретіндігін естен шығармауы тиіс.

Сонымен осы технологиялық картадағы көрсеткіштерге байланысты ұпай жинау арқылы өз алдыма даму динамикасының траекториясын жоғарылату мақсат еттім. Әдістемелік тақырыбым : «Студенттердің ақпараттық-дижиталдық құзіреттіліктерін дамыту жолдары». Осы негізде технологиялық карта бойынша іс-әрекеттер үрдісі төмендегі кестедей болды: (кесте 2)
Кесте 2. География пәнінің оқытушысы Ш.А.Серикбаеваның педагог ретінде кәсіби өсу үрдісі.


Модуль

Модуль атауы

Көрсеткіштері

Модуль бойынша орындаған өзіндік іс-әрекетім

Ескерту

І

Үздіксіз білім алу жұмыс жүйесі

*магистратура, екінші жоғары білім

*біліктілік арттыру курстары

*портфолио

*Ғылыми-әдістемелік баспалар



2011-2012 о.ж. портфолионы толтырып, ҒӘБ тізімін арттырып, түрлі біліктітілік курстарынан өттім.

Магистратура, екінші жоғары білім оқыған жоқпын.

ІІ

Педагогтың функционалдық сауаттылығы

* кәсіби пәндік құзіреттілік

*ОӘК


*дарынды студенттермен жұмыс

*білім сапасының мониторингісі



2011-2012 о.ж. бастап ОӘК дайындауды мақсат қылып алдым, дарынды студенттермен жұмысымды жүйелеп, нәтижеге қол жеткізуды мақсат еттім. Кәсіби пәндік құзіреттілік пен білім мониторингісін арттырудамын.

2011-2012 о.ж. бастап ОӘК саны 3 артып, география пәні бойынша контент құрастырдым. Дарынды студенттермен жұмыс нәтижелі болды: халықаралық деңгей.

ІІ

Ғылыми-тәжірибелік шығармашыл менеджмент

*озық педагогикалық іс-тәжірибе

*өзіндік талдау

*инновациялық жобалар

*УШТ


Өзіндік талдау алгоритмі жүйелі жасалды, Даму Бағдарлама негізінде түрлі инновациялық жобаларға қатыстым, инновациялық технологиялардың қатарын толықтырдым. Кәсіби Даму шеңберіне сәйкес «Шебер педагог» деңгейіне жеткендіктен, тәжірибе тарату жұмысын бастадым.

Түрлі стратегиялық нормативтік құжаттар негізінде бірнеше инновациялық жобалар жасалды: дуальды оқыту жүйесі, бизнес- инкубатор т.б.

Қорытындылай келгенде, жаңа ғасырдың жаңа форматындағы педагог болу үшін күн сайын, ай сайын, жыл сайын ұстаздық тәжірибенің молдығы қажет. Сондықтан осы 4 жыл бойы педагогикалық қызметке өзіндік талдау жасайтын болсам, онда 2011 жылдан бастап барлық педагогикалық іс-әркететерімнің сызбасы төмендегідей болады: (Сызба 2)



Сызба 2. Үздіксіз білім алу жұмыс жүйесіндегі география пәнінің оқытушысы Ш.А.Серикбаеваның 4 жылдық педагогикалық қызметінің матрицалық- сызбасы.


Студенттердің ақпараттық- дижитальдық

құзіреттіліктерін дамыту жолдары




Тәжірибелік-сынақ жұмысы (бағдарлама) :




Оқу-әдістемелік кешен , оқу құралын құрастырушы:

  • «География» ОӘК

  • «Тарихи туризм» ОҚ

  • «Практикум по географии» УП

  • «Управление качеством образовательной деятельности преподавателей колледжа через рейтинговую систему» МР







Инновациялық жоба авторы

  • «Сапа мониторингісі»










Оқыту технологияларын меңгеру:

  • Сын тұрғысынан ойлау мен жазу

  • Коучинг-технология

  • Сэмпл-технология

  • Модульдік оқыту



Үздіксіз білім алу маркетингісі фасилитатор, конферансье, модератор қызметі

  • Семинар, тренинг

  • Конференция

  • Түрлі сайыстар





Үздіксіз білім алуымның

жұмыс жүйесінің



құрылымы




«Ұшқын» жас мамандар мектебінде тәлімгерлік:

  • Сериков Ж.Ф. (2010-2013жж)

  • Кушкинбаева Д.С.(2013-2015 жж)

.




«Зерде» ғылыми – зияткерлік бірлестігі:

  • Ғылыми жетекшісі

  • Дарынды студенттің ғ.ж.: Ташенов Д, Бақтияр Н., Мереке А, Кенжеева Ж,Темірбай Н





Педагогтарды аттестаттау:

  • І санатты иеленуім

  • Сарапшы қызметін атқаруым








Ашық сабақ өткізу:

  • Әр жыл сайын «оптималды» деңгейде болуы




Өзара сабаққа қатысу:

  • Әріптес ретінде

  • Менеджер ретінде

Жетістіктерім:

25 түрлі деңгейдегі Дилом, Грамота, Алғыс хат, Сертификат иелендім.






Ақпараттық қызмет

30 астам баяндамалар мен мақалалардың авторы






Студенттердің ақпараттық- дижитальдық құзіреттілігі

Жоғарыда көрсетілген әр пунктке сараптама түрінде түсіндірме келтірсем:



  • Үздіксіз білім алу әдістемелік тақырыбы: «Студенттердің ақпараттық-дижиталдық құзіреттіліктерін дамыту жолдары»

  • «Колледжде педагогикалық менеджмент жүйесін қалыптастыру» 2011-2015 жж арналған Даму Бағдарламасы шеңберінде автор-Н.С.Исатаевамен бірге «Сапа мониторингісі» инновациялық жобасының құрастырушысы болдым.(2011 жыл)

  • Қарағанды облысы Білім Басқармасы дуалды оқыту жүйесін енгізу бойынша тәжірибелік- сынақ жұмысының Бағдарламасын әзірлеу мақсатында «Техникалық және кәсіптік оқыту жағдайында дуалды оқыту жүйесін енгізу»Бағдарламасын А.З.Сулейменовамен бірге әзірлеуші болдым.(2014 жыл)

  • Пәндік құзіреттілктерді одан әрі жетіілдіру мақсатында бірнеше оқу- әдістемелік кешендер мен оқу мқұралдарының құрастырушысы болдым:

  • «География» ОӘК құрастырушысы (2011 жыл)

  • «Практикум по соцальной и экономической географии» учебное пособие (2014 год)

  • «Управление качеством образовательной деятельности преподавателей колледжа через рейтинговую систему» методические рекомендации (автор-Н.С.Исатаева, Ш.А.Серикбаева, Ж.М.Шингисова) 2014 год

  • «Тарихи туризм» оқу құралы автор- Мухамедина Э.Г., Серикбаева Ш.А. (2014 жыл)

  • Үздіксіз білім алу маркетингісі бойынша осы Даму Бағдарламасы шеңберіндегі әр түрлі іс-шараларда модератор, фасилитатор, конферансье болдым(2011-2015 жж).

  • «Ұшқын» жас мамандар мектебінде тәлімгерлік: Сериков Ж.Ф. (2010-2013жж), Кушкинбаева Д.С.(2013-2015 жж). Бүгінде бұл оқытушылардың санаты бар: Сериков Ж.Ф.- ІІ санат, Кушкинбаева Д.С.- ІІ санат.

  • «Зерде» ғылыми – зияткерлік бірлестігі: ғылыми жетекшісі, дарынды студенттің ғ.ж.: Ташенов Д, Бақтияр Н., Мереке А(2009-2013 жж), Аймағанбет а, Алгаринова М (2010-2013 жж), Кенжеева Ж,Темірбай Н (2013-2015 жж). Аталмыш студенттер әр түрлі деңгейдегі конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.Атап айтқанда: Алгаринова М 2011 жылы қалалық конференцияның Гран-При иегері, Кенжеева Ж 2013 жылы аймақтық конференцияның І орын иегері, республикалық конференцияның ІІІ орын иегері.

  • Педагогикалық қызметімде түрлі инновациялық технологияларды меңгеру болды: коучинг-технологиясы, сэмпл-технология, АКТ, қашықтықтан оқыту технологиясы, СТО, модульдік оқыту технологиясы. Осы технологияларды қолдану негізіндегі ашық сабақтар болсын, күнделікті сабақ болсын «оптималды» деңгейде болды. Сабақтың сапасын құзырлы арнайы комиссия мүшелері-менеджерлер бағалайды.

  • Ақпараттық қызметімде әр түрлі деңгейде 30 астам баяндамалар мен мақалалардың авторы болдым.

  • Жетістіктерім: 25 түрлі деңгейдегі Дилом, Грамота, Алғыс хат, Сертификат иелендім.

Әрбір мемлекеттің өсіп- өркендеуі сол елдің интеллектуалдық потенциалы мол кадрлардың кәсіби біліктілігімен тікелей байланысты екенін ескерсек, осындай инновациялық жобалардың бірі болып табылатын «Педагогтың кәсіби дамуының технологиялық картасы» кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді.Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ендеше, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар, зерделі азаматты тәрбиелеу әр педагогтың міндеті.
Каталог: wkeiaqko -> igguggim -> oysywuou
oysywuou -> Пәнді оқыту арқылы оқушылардың ақпараттық-коммуникативті құзіреттіліктерін арттыру
oysywuou -> «Көптілді оқытуды дамыту»
oysywuou -> Сабақ жоспарларын тексеруді жүргізуге арналған Әдістемелік нұСҚаулық
oysywuou -> «Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мм
oysywuou -> Сабақтың тақырыбы Мектепте инклюзивті оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктері Жалпы мақсаты
igguggim -> Сабақтың тақырыбы: Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану. Сабақтың мақсаты
igguggim -> Мазмұнға байланысты міндеттер: а білімдік
oysywuou -> Ілім берудегі психологиялық қызмет жұмысының мазмұны
oysywuou -> Сабақтың тақырыбы: Күкірт және оның қосылыстары Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет