Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызы



бет10/132
Дата11.07.2020
өлшемі0,53 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   132
Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызы: Оқушылардың өздері емес, тек жұмыстары бағаланады; Оқушы жұмысы оларға алдына ала белгілі дұрыс жасалған жұмыс үлгімен салыстырылады; Оқушыларға белгілі, сол арқылы қиналмай есептеу жасай алатын және ата-анасына хабарлай алатын, баға шығарудың нақты алгоритмі бар; Бағалау критерийлері оқу мақсаттарының нақты көрсеткіштері болғандықтан, не оқып игерілсе, тек сол ғана бағаланады




Критериалды бағалау жүйесі

Критериалды бағалау принциптері:

1. Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.

2. Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.

3. Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.

4. Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.

5. Дамыту бағыты. Бағалау нәтижелері білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.



Бағалау функциялары:

Мотивациялық; Тәрбиелік; Дамытушылық; Түзетушілік; Ақпараттық




Бағалау қағидалары: Әділдігі; Шынайылығы; Жүйелілігі; Көрнекілігі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   132




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет