Бағдарламасы Негізгі сұрақтар: Өлкетану курсын оқытудың маңызы



бет1/6
Дата23.08.2017
өлшемі1,07 Mb.
#25109
  1   2   3   4   5   6
Дәріс№1. Географияда өлкетануды оқытуда мектеп курсының бағдарламасы

Негізгі сұрақтар:



  1. Өлкетану курсын оқытудың маңызы

  2. Географияда өлкетануды оқытуда оқу жұмыс бағдарламасы

  3. Өлкетану курсы бойынша оқу жұмыс бағдарламаларының ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында: – орта, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарында «Акмеология, жеке және әлеуметтік табыс негіздері», «Қазақстан құқығы», «Өлкетану» сияқты міндетті оқу курстарын енгізу жөнінде тапсырмалар берген болатын. Бұл әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбында факультативтік курс түрінде жүргізілетін «Өлкетану» пәнінің мазмұнына туған өлкенің тарихи, табиғи, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, мәдени ерекшеліктері жайлы деректерді енгізу арқылы, аймақтық компонентті жүзеге асыруға мүмкіндік тудыратын кеңестер береді. Туған өлке жайлы білім мазмұнының практикалық жақтарын күшейту жолдары қарастырылады, оның білім берудегі рөлі және оны қалыптастырудың әдістемелік тәсілдері ашып көрсетіледі.

Аймақтық компонентті жетілдіруде оқу-тәрбие жұмысының сыныптан тыс, сабақтан тыс түрлері маңызды рөл атқарады. Олар пән сабақтарын толықтырып отырады және негізінен сабаққа байланысты жүргізіледі. Өлкетену жұмысы сабақтағы оқу материалының мазмұнынан тысқары болады, бірақ ол сыныптан, сабақтан тыс алынатын білімді туған өлкенің табиғаты, тарихы, байлығы жайлы қосымша кең көлемді біліммен толықтырып отырады. Сондықтан «Өлкетану» курсы арқылы аймақтық компонентті жетілдіру сабақ және сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекетті де қамтуы тиіс.

Сонымен қатар «Өлкетану» курсы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға, олардың танымдық қызығушылығын арттыруға, отансүйгіштікке тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Қазақстан азаматтарының өз халқының, мемлекетінің тарихын, өлке табиғатының ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін, экономикалық даму келешегін білуге деген қызығушылығы артуда, сол себепті мектепте туған өлке жайлы терең білім беру және туған өлкеге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеудің маңызы арта түсуде.

Сондықтан, мектепте өлкетану жұмысын жетілдіру маңызды педагогикалық үдеріс болып табылады. Ұсынылып отырған әдістемелік құралдың мақсаты орта мектепте «Өлкетану» курсының негізгі аймақтық құрамының аспектілерін оқытуға арналған әдістемелік ұсыныстар арқылы мектеп мұғалімдеріне өлкетану жұмысын жетілдіруге көмектесу. Аталған мақсаттан келесі міндеттер туындайды: - орта мектепте өлкетану жұмыстарын жоспарлаудың және ұйымдастырудың ерекшеліктерін айқындау; - «Өлкетану» курсы бойынша сабақта және сабақтан тыс жұмыстарды өткізудің үлгілерін жасау; - пәнаралық, өлкетану тақырыптарын оқытудың үлгілерін ұсыну; - «Өлкетану» курсының оқушыларға патриоттық тәрбие беруді жүзеге асыру мүмкіндігін ашып көрсету.

Өлкенің тарихын білу-өзінің отбасының, әулетінің, туып өскен өлкесінің тарихын білуден басталады. Өзінің тегін оның тарихын білмеген адам өз халқының тарихын білуге ұмтылмайды, оған қызықпайды. Ал мұндай адам басқа халықтарды, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрыпын құрметтей де сыйлай да алмайды. Осы жағдайлардың бәрі туған өлкенің тарихын зерттеудің, оған оқушыларды белсене қатыстырудың қажеттілігін дәлелдейді. Осыған байланысты орта мектепте оқушыларға туған өлкеміздің тарихын зерттеу оның материалдарын оқу-тәрбие жұмысында пайдаланудың мол тәжірибе беретіндігі мақсатында 5-7 сынып оқушыларына «өлкетану» атты арнайы курс бағдарламасын көрсетуге болады:

Курстың мақсаты: Туған өлкенің тарихын зерттеу, соның нәтижесінде жиналған материалдарды оқу-тәрбие жұмысында жоспарлы, жүйелі түрде пайдалану.

Оқушылар білуі тиісті:


  • Тарихи-өлкетану жұмыстарының мақсаттарымен таныс болу;

  • Алынған материалдардың осы өлке тарихына ортақ, аса маңызды және де оқушылардың бүкіл еліміз тарихымен қоса түсінуі;

  • Анық, айқын эмоциялы фактілерді бар оқушылардың санасына да, сезіміне де әсер етуі;

  • Оқушылар зерттеушілік жұмыстарға қатысып тәжірибе жинақтап оны меңгеруі қажет.

Оқушылар жасай алуы тиіс:

  • Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра алуы;

  • Түрлі экскурсиялық орындармен танысуы;

  • Тарихи-өлкетану бұрышын, залын, бөлмесін ұйымдастыра алуы;

  • Тарихи-өлкетану тақырыбында конференция, пікір-сайыс, талқылаулар ұйымдастыра білуі.

Күтілетін нәтиже:

  • Тарихи-өлкетану жұмыстарының мақсаттарымен таныс болуы;

  • Алынған материалдың осы өлке тарихына ортақ, аса маңызды және де оқушылардың бүкіл еліміз тарихымен қоса түсінуі;

  • Анық, айқын эмоциялы фактілері бар деректер оқушылардың санасына да, сезіміне де әсер етуі;

  • Оқушылар зерттеушілік жұмыстарға қатысып тәжірибе жинақтап оны меңгеруі қажет.

  Елбасымыз тарихтың маңызы туралы «Өркениетті алға бастырар ғылым десек, соның бірден-бір саласы жас ұрпақты дәл тарихтай отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, әділдікке тәрбиелей алмайды»-дейді.

Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу үшін Отан тарихын сапалы әрі тиімді оқыту қажет. Бүгінгі орта білім беру жүйесіндегі Отан тарихын оқытуды «өлкетану» пәні арқылы бекітетін болсақ, оқушының тарихи санасының қалыптасуы мен патриоттық сана-сезімі анағұрлым арта түсер еді. Себебі, «өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпыадамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, Қазақстанның мектептерінде «өлкетану» пәнін енгізіп оқыту – Отан тарихын өлке тарихы арқылы тануға негіз қалар еді. Мектепте өлкетану жұмыстарын жүргізу, жинаған материалдарды тарих сабақтарында пайдалану өте маңызды. Сабақ барысында өлкетану материалдарына көп уақыт бөле алмайсың, сондықтан өлкетану бойынша жеке курстарда оқыту керек.

Қазақстанның барлық өңірлерінің өлке тарихы жазылған дайын оқу әдебиетітерінің жоқ екенін ескере отырып, «Өлкетану» сабағы оқушылардың өзіндік ғылыми негізді ізденістері мен шығармашылығына негізделуі қажет.

Өлкетану пәні арқылы мектепте мұражайлар ұйымдастыруға да болады.Білім беру жүйесіндегі бүгінгі күндегі өзгерістер Отандық тарихтан білім беруде оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеруді талап етеді. Туған жері мен елінің, халқының өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін оқытып үйрету оқушыларды азаматттық пен ұлтжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, жеке тұлғаның дамуына септігін тигізеді.

Осы мақсатта «Өлкетану» курсы бойынша орта буын оқушыларына арналған факультативтік курс бағдарлама ауыл тарихына арналып жасалды. Бағдарлама оқу процесінде 6-сыныпқа, аптасына 1 сағаттан, жалпы оқу бағдарламасы 34 сағатқа арналған.

«Өлкетану» курсының негізгі тұжырымдамасы:


  1. Мектепте тарихи-өлкетану жұмысын жүргізу

  2. Өлке тарихын, Отан тарихын меңгерген тарихи сананы қалыптастыру

  3. Оқушыны өзіндік іс-әрекет жасауға үйрету, оның интеллектісін дамыту

«Өлкетану» курсының мақсаты:

Тарих сабақтарында инновация әдістерін пайдалану арқылы өлкетану материалдарын оқыту, елдің тарихын оқып меңгерген тарихи сананы қалыптастыру.



«Өлкетану» курсының міндеттері:

-оқушының тарихи біліктері мен дағдыларын жетілдіру

-оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үрдісінің сапасын арттыру

-өзіндік ізденіс, шығармашылыққа баулу және жетелеу

  Атқарылатын жұмыс түрлері:


  1. Батық ауылын зерттеуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу

  2. Тарихи-өлкетану қоғамын құру

  3. Ауылға саяхаттар ұйымдастыру

  4. Ауылдағы ескерткіштерді зерттеу

  5. Ауыл туралы материалдар жинақтау

  6. Ауыл туралы мұражайлар ұйымдастыру

  7. Ауыл туралы тарихи кештерін ұйымдастыру

  8. Өлкетану тақырыбында конференция, пікір-талас ұйымдастыру

  9. Қабырға газеттерін шығару, стендтер дайындау

 

Күтілетін нәтиже:

  1. Өз Отанын сүйетін, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін тұлға тәрбиеленеді.

  2. Оқушылардың туған өлкеге деген қадір-құрметін оята отырып, сол арқылы туып-өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілік қалыптастырады.

  3. Оқушылар мүмкін болғанша зерттеу жұмыстарына қатысады.

  4. Оқушыларда қоршаған ортаны бақылай алу білігі қалыптасады, олардың күнделікті қажетті істерге қатысу қабілеті дамиды.

  5. Отанымыздың тарихына жаңа беттер қосылады.


Дәріс№2. Географияны оқытудағы өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру формалары.

Негізгі сұрақтары:



  1. Мектепте географияны оқытуда өлкетану жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі формалары

  2. Сабақ мектепте оқыту жұмысын ұйымдастыруының негізгі формасы ретінде

  3. Сабақтың түрлері

Географиялық өлкетану – сыныптан тыс жұмыстың маңызды түрі. Географиялық өлкетанудың мәні – оқытушының жетекшілігімен өзінің өлкесінің анықталған территориясын оқу-тәрбие мақсатымен жан-жақты оқып тану. өлкетану жұмысы ерекше маңызды ролін ауыл мектебінде көрсетеді. Өлкетану – қандай болса да анықталған территорияны жан-жақты ғылыми зерттеу болып табылады.

Зерттеу объектісі ретінде – микроауданды немесе ауылды, табиғи жағдайларды әлеуметтік, тарихи, экономикалық және мәдени тұрғыдан зерттеу болады.

Географиялық өлкетану ең біріншіден туған өлкенінің табиғатың және шаруашылығын зерттеу болады, оқушыларға өзінің өлкесің жақсы таңуға мүмкіндік береді, географиядан мектеп бағдарламасын толық игеруге көмек береді, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды тәрбиелейді.

Келесіні есепке алу қажет болады:

1) территорияны зерттеу кешендік болуы тиіс, оқушылардың жастық ерекшеліктерінің есебімен;

2) ұйымдастыру формалары практикалық бағытталған және шығармашылық сипаттын көрсету тиіс, көп назар далалық зерттеулерге, экспедициялық зерттеулерге аударылған болуы керек.

Өлкетану жұмысының нәтижесі мұғалім өзі өлкетану саласында маман болуына тиіс екеніне байланысты, оқушыларды қызықтыру мүмкін болды ма? Оқытушының өздік дайындығы маңызды, туған өлкенің географиясы және тарихы, әдебиет орындары және мәдени ескерткіштері туралы білімдерінің толығына тәуелді.

Географиялық экскурсиялар мен экспедициялар, оларды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.

Қазіргі заманғы білім берудің мақсаткерлік міндеті – сындарлы ойлай білетін және ақпараттар ағынында бағдар ала білуге қабілетті жастарды даярлау. Елімізге алға қойылған міндет жастардың

Бүгінгі күннің негізгі мақсаты мен міндеттері: оқушылардың қоршаған ортаға, туған өлке табиғатына, жергілікті флораға сүйіспеншілектерін қалыптастырып, ол арқылы туған өлке табиғатының байлығын сақтау, табиғатын қорғауға тәрбиелеу, жас ұрпаққа экологиялық, өлкетанулық тәрбие беру. Елбасының жолдауымен 1999 жылы «Экологиялық білім бағдарламасы» деген құжаттар қабылданған. Сонымен қатар Елбасының жолдауымен қабылданған «Жасыл ел» бағдарламасы да іске асырылуда.

   Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгіліктік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық, өлкетанулық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан да соңғы жылдары республика көлеміндегі мектепке дейінгі мекемелер, бастауыш сыныптардағы экологиялық тәрбие жұмысы бұрынғы қалыптасқан бағдарлама бағытында.

  Балаларды табиғатпен таныстыру бөлімінен бастау алады. Туған өлкенің табиғатымен таныстыру-балалардың танымын дамытудағы басты құралдардың бірі. Оқушыларға экологиялық тәрбие ұғымдарын беру теориялық-практикалық әдістері төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге өрлеуден тұратын үрдіс. Мысалы: экология тәрбиесімен әр түрлі пән мұғалімдері, өнер адамдары, табиғат зерттеушілері, тағы басқа мамандық иелері айналысады. Оның ішінде, әсіресе, мектеп оқушыларын көбірек қамтитын география пәнінің орны ерекше. Әр бір халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан сан салалы тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы күнделікті қоғамдағы өмірі, жалпы ұлттық ерекшелігі, айнала қоршаған ортамен байланысты болады.

   Адам табиғат перзенті. Адам табиғаттан жеке дара тыс өмір сүре алмайды. «Судың да сұрауы бар», «Су-ырыстың көзі», «Сулы жер-нулы жер, бұлақты жер — тұрақты жер».

   Ал өлкетану-жергілікті белгілі бір шектелген өңірді немесе еліміздің шағын бөлігін оқып үйрену. Оқушылар өз өлкесі жөніндегі білім қорын меңгеруді алғаш рет мектеп тобалдырығын аттаудан бастайды.

  Бастауыш сыныптарда өлкетану өз туған жерін тани білумен басталады. Қоршаған орта, табиғатты көз көріп, араласып, табиғат өзгерістері туралы ұғым қалыптастырады. Ал 3-4 сыныптарда өлкетану жұмыстары барған сайын күрделене әрі кеңейе түседі, оқушылардың енді өз өлкесі жөніндегі экологиялық білім негіздері қорлана түседі. Оқушылар 3-4 сыныпта туған өлкесінің табиғаттың маусымға қарай өзгеруін, соған сәйкес адамдардың еңбектегі іс-әрекетінің өзгеруін бақылай алады.

   Бастауыш сыныптардағы экология, өлкетану жұмысы дүниетану пәніне байланысты табысты шешіледі.

    Төменгі сынып оқушыларында мұндай дағдыларды қалыптастыруда табиғат көріністерін бейнелейтін суреттерді пайдаланудың, олар бойынша жұмыс жүргізудің маңызы зор. Туған өлкені суреттей отырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатын аялай білуге баулиды. Бастауыш сыныптарда табиғат қорғау, табиғатты тани білу, ең алғаш өзінің көріп жүрген туған жерінен басталады.

    Мектепте оқылатын жаратылыстану пәндерінің ішінде экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы маңызы ерекше пәннің бірі-география. Географияны оқытудың басты міндеттері-табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесуінің тарихи сипатын ашу, оқушыларға қоршаған ортаны өзгертудегі антропогендік факторларды түсіндіру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны ұқыпты қорғауға үйрету.

    Осыған орай, кең байтақ қазақ жеріне тән өзіндік ерекшелік — оның үлкен континентішілік орналасуы. Көптеген жерлерде халық аз қоныстануына байланысты бұл жерлер әскери базалар мен атом жарылысын сынайтын палигондарға беріліп, жер қойнауының байлығын — жалпы өндіріс орындарына, құнарлы жерлерді-ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіруге, егіншілікті көтеруге, мал жайылымдарын — мал шаруашылығын дамытуға беріліп, біздің табиғатымызға көптеген жылдар бойы өте зор зиян тигізілді.

    География пәні бойынша әр тақырып экологиялық проблемалармен таныстыру және өлкетанулық білім беруде зор маңызы бар.

   Қорыта келгенде, экологияны оқыту әдістемесі, үздіксіз зерттеулер, тәжірибелер мен жан-жақты ізденістер қажет ететін күрделі проблемалар. Экологиялық, өлкетанулық білім беруді бүгінгі күннің талабына сай жетілдіру үшін оның үздіксіз ұстанымын жүзеге асыру керек өйткені экология, өлкетану курсын пән ретінде оқытудың 1-11 сыныптарға арналған мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру керек. Бұл ХХІ ғасырдың күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

  Мектебімізде экологиялық және өлкетану үйірмесі жұмыс істейді.

  Үйірменің мақсаты: оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу, туған өлкенің тарихын, мәдениетін жете меңгеріп, елін жерін сүюге тәрбиелеу. Өз тәжірибемізде мектебімізде өлкетану мұражайының материалдарын сабақта кеңінен пайдалануды мақсат етіп қойдық. Үйірме жұмысын туған еліміздің тарихымен танысудан бастадық. Ең алдымен өз өлкесін танып білмеген, өзінің туып өскен жеріне сүйіспеншілігі қалыптыспаған жастан нағыз отаншыл патриот шығуы қиын. Мұражайды жабдықтау жұмысының басты міндеті өлкеміздің тарихы жайлы мол мағлұматтар қорын жинау арқылы ғана емес, халқымыздың ұлттық дәстүр, салт санасын, бүкіл мәдени мұрасы жайлы деректерді жинақтап оқу-тәрбие жұмыстарына кеңінен қолдану болды. Мұражай материалдары жүйелі түрде мынадай бөлімдерге топтастырылған:



  1. Туған өлкенің тарихы .

  2. Ұлы Отан соғысының батыры И. М. Бережнойдың өмірімен ерлігі .

  3. Ұлы Отан соғысына қатысқан біздің жерлестеріміз туралы .

  4. Келлер орта мектебінің еңбек ардагерлері .

  5. Ауғаныстан соғысының жаңғырығы

Мұражай балғын жасты тәрбиелейді дей отырып, ата әкелерінің өмірін оқып үйреніп оларға лайық келешек ізбасарлары болады деп ойлаймын. Ал біз мектеп оқушыларымен мектеп мұражайының құнды материалдарын толықтырылуына әрі оқып білуге өз үлесімізді қосамыз.
Дәріс№3. Географияны оқытуда өлкетану үрдісінде оқушыларда білім мен іскерлік қалыптастыру.

Негізгі сұрақтары:



  1. Географияны оқыту үрдісінде қалыптасатын оқушылардың іскерліктері мен дағдыларының сипаты

  2. Географияны оқыту барысында оқу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік тәсілдері


Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ.

Орта білім берудегі мақсаты: Өз бетінше білім алу мен оны практикада қолдану қажеттілігімен дағдыларын қалыптастыруға, танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде баулуға бағытталған;
Елбасы: «келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік тұр, оны арқалап жүрген – ұстаздар. Себебі еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылу бүгінгі ұрпақ бейнесімен өлшенеді», - деген еді. Олай болса, өркениет өзегі – білім, ғылым, тәрбие десек, бұл мәселеге де өз үлесімді қосуым керек деп ойлаймын. Шәкірт тәрбиесіне қажымай талмай еңбектеніп, Қазақстан атты мемлекеттің ертеңгі ұланын, азаматын тәрбиелеу басты мақсат екендігін түсіндім.
Қазіргі таңда мектеп табалдырығын аттаған әр бүлдіршін – ол ертеңгі қоғам мүшесі, болашақ иесі. Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік-саяси және жаңа технологиялық өзгерістер, тәрбие мен білім беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру үшін білім саласында жаңа, тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың қажеттілігі дәлелдеп отыр.
Географияда өлкетану сабағын әңгіме, баяндау, тек түсіндіру арқылы оқыту айтарлықтай нәтиже бермейді. Баланы таң қалдыруды ұмытпа: “Даналыққа ұмтылу таң қалудан басталады” дегендей, оқушылардың оқу материалын оқып-үйрену кезінде таным белсенділігі жоғары болатын сабақтар білім мен біліктілікті сапалы түрде меңгеруді қамтамасыз ете алады. Тиянақты білім беру, оқу үрдісін жандандыру түрлі әдіс-тәсілді таңдай білуге, қолда бар көрнекілікке, құрал-жабдыққа, т. б. көптеген себептерге байланысты. Көрнекілік сабақтың танымдық құндылығын арттырады. Сондықтан бүгінгі таңда оқушыны қолдағы сурет пен үлестірме қағаздар қызықтыра қоймайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» болғандықтан, география кабинеті толықтай интерактивті тақта, компьютермен жабдықталса, оқушының сабаққа қызығушылығын артары сөзсіз.

Компьютерлік презентациялар қолдану сабақты көрнекті және жан-жақты етіп, жаңа сабақты жақсы игеруге көмектеседі. Бірақ осының бәрін іске асырып отыруға кабинеттің жабдықталмауынан үлкен кедергі келтіріп отыр. Электронды оқулықтар да бүгінгі таңда оқушының сабаққа ынтасын арттырушы құрал болып табылады. Кейбір сабақтарды қысқаша осы оқулықпен түсіндіріп өтсең де, келесі сабақта оқушының өзгеше дайындықпен келіп отырғанын байқауға болады. Күнделікті әр сабақты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып өткізу арқылы, оқушылар бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуға тез қол жеткізуге мүмкіндік туады.

1. Білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;

2. Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру;

3. Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;

4. Өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу;

5. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;

Географиялық білімнің маңызды көзі және өлкетануды оқытуда негізгі құрал - географиялық картаны оқып, үйрену, географиялық сипаттағы мағлұматтарды ала білу дағдыларын дамыту, қалыптастыру болып табылады. Бүгінде мектепте географиялық карта жоқтың қасы. Ал география сабақтарын картасыз елестету мүмкін емес. Картасыз өткен сабақта тек теориялық білім ғана алады, практикалық тұрғыда ол оның ешбірін жүзеге асыра алмайды.
«Көзбен көріп, қолмен ұста» дегендей, әр сабақта картамен жұмыс оқушының карта бетіндегі географиялық нысандардың есте сақталуына ықпал етеді. Мүмкіндігіне қарай оқулықтармен қоса, атластар мен жұмыс дәптерлері да бірге берілсе, оқушының картамен, кескін картамен жұмыс жасауына үлкен жағдай туғызар еді.

Географиялық білімді игеру кезінде өлкетануды оқыту процесінде географиялық құралдар, аспаптар басты рөл атқарады.

Жас ұстаз үшін керекті көмек түрлері

1. Онлайн сабақтары жиі өткізу;

2. Сабақтың тиімділігі мәселесі бойынша пәндік семинарлар;

3. География пәнінен қазақша оқу әдістемелік құралдар мен дидактикалық материалдар, есептер жинағы ;

4. Тәжірибе алмасу сабақтары ;

5. Білім мен біліктілік көтеру курстары;

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Бүгінгі таңда жаңа технологияларды сабақта қолдану мен тәжірибелі ұстаздар сабақтарын тамашалауға үлкен мүмкіндік – ол онлайн режиміндегі сабақтар болып табылады. Ол жас ұстаздардың үшін үлкен көмек. Сабақты жаңаша, түрлендіріп өткізуге деген белсенділігін арттыруға ықпал етеді.

География пәнінен қазақша оқу әдістемелік құралдардың аздығына, оқушы үшін дидактикалық материалдардың және жұмыс дәптерлерінің аздығынан байланысты практикалық жұмыс тапсырмаларын мұғалімнің өзі құрастыруға тура келеді. Тапсырмаларды құруда оқу-әдістемелік құралдарын, «География және табиғат» басылымдарын, электрондық оқулықтарды, Интернеттегі ақпараттарды, т. б. ақпарат көздерін пайдаланудамыз. Көмекші құралдар көп болған жағдайда, жас ұстаздың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасайды.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Оқушы білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек. Ал бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы – білім беру жүйесінде түрлі технологияларды қолдану. Жаңа инновациялық технологияларды қолдану мен тәжірибелі ұстаздар білімін жас ұстаздарға үлгі етуде, біліктілік көтеру курстары мен тәжірибе алмасу сабақтарының, семинарлардың орны ерекше.

География пәнін оқытудағы қиыншылықтарды жою – білім сапасын арттыруға, оқушының қызығушылық, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау қабілеттерін жетілдіре түсуіне жақсы әсерін тигізеді. Сонымен бірге, кейбір кедергілер мен қиыншылықтарға қарамай, саналы білім, сапалы тәрбие беруді жүзеге асыру үшін жас ұстаздар қауымы үнемі шығармашылық ізденісте, жаңа педагогикалық технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып, өздерінің кәсіби шеберлігін дамытуды кезек күттірмес мақсаты деп есептеуі керек.

Әрбір күн өзгеріске толы қазіргі жауапты кезеңде заман көшінен қалмай, уақыт талабына сай болу, білімді өз бетінше үйрену, оны оқушыларға үйрету ұстаздықты мұрат еткен әрбір кәсіп иесінің ең қасиетті борышы, абзал парызы.

Оқушының білім алу көздеріне қарай оқыту әдістері былайша жіктеледі:

а) сөздік әдіс (білім негізінде ауызша сөйлесу немесе басылым сөзі жатады);

б) көрнекілік әдіс (көрнекіліктер, бақыланатын, зерттелетін нәрселер құбылыстар);

в) практикалық әдіс (оқушылар практикалық жұмыстарды орындай отырып білім алады, біліктілігін арттырады);

Оқушылардың таным әрекеттері сипатына қарай ажыртылатын географияны оқыту әдістері: түсіндірмелі көрнекілік, репродуктивті, проблемалық баяндау, ішінара іздену және зерттеу. Әрбір әдістің міндеті оқытушы мен оқушылардың іс әрекеттері, географияны оқыту процесінде қолдану мүмкіндігі.

Оқытудың түсіндірмелі көрнекілік әдісі – оқшылардың білім алуын ұйымдастыру. Әдістің басты бағыты оқушының ақпаратты оқу құралдарын хабарлау арқылы игеруін ұйымдастыру және жақсы қабылдауын қамтамасыз ету. Мұндағы оқушының іс әрекеті берілген ақпаратты қабылдауға, оймен және есте сақтауға негізделген.

Репродуктивті әдістің басты бағыты - алған білімді қолдану мен пайдалнуды білу және дағдыны қалыптастыру. Оқушының әрекеті әртүрлі тапсырмаларды шешуде олардың белгілі бір жаттығуларды орындау амалдарына ие болуға, практикалық іс әрекетке алгоритіиге сүйенуіне тура келеді.

Проблемалық әдістің мақсаты – меңгеретін оқу материалдарына әр түрлі мәселелер мен әдістер және олардың шешімдерін ашып көрсету. Оқушының әрекеті дайын ғылыми нәтижені ойлау мен еске сақтаумен, қабылдаумен қатар шектелмейді, сондай дәлелдеудің логикасын бақылау, оқушының ойлау әрекетіндегі қозғалысты бақылауға да бағытталады.

Ішінара іздену әдісінің негізгі бағыты – оқушының үнемі дайындық үстіндегі мәселені өзіндік қою және мәселені шешуі. Оқушының әрекеті проблеманы қою және шешу жолын табуды меңгеру барысында оқушы белсенді қатысады.

Зерттеушілік әдіс – ғылыми таным әдістерімен қамтамасыз ету, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту және шығармашылық әрекетті ойдағыдай қамтамасыз ету, епті пайдалынатын білімнің тұрақталуын үйрету. Оқушының әрекеті олардың өз бетімен мәселе қойып, оны шешу тәсілін табумен аяқталады.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет