Бағдарламасы «Органикалық және мұнайхимиясы өндірісінің технологиясы»



бет1/7
Дата26.06.2018
өлшемі191,24 Kb.
#44670
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



СЕмей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-10.1.93

/03-2013



ПОӘК

Оқытушыға арналған пәннің бағдарламасы



«Органикалық және мұнайхимиясы өндірісінің технологиясы»

№ 1 басылым

18.09.2013 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Органикалық және мұнайхимиясы өндірісінің технологиясы»


5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»

мамандығы үшін


ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей 2013



Мазмұны


1.

Глоссарий

3

2.

Дәрістер

4

3.

Практикалық сабақтар

54

4.

Студенттің өздік жұмыстары

55



  1. Глоссарий


Органикалық химическая технология - мұнай, көмір,табиғи газ және басқа жаңғыш заттарды өндеу, жасанды каучук, пластмассалар, спирттер, органикалық қышқылдар, бояғыш заттар, дәрі-дәрмек, т.б. алу.
Химиялық технология - табиғи шикізаттарды (көмір, мұнай, табиғи газ, ағаш, тағы басқа) химиялық жолдар арқылы тұтыну мүліктеріне және өндіріс құралдарына айналдырудың экономикалық тиімді әдістері мен процестері жайындағы ғылым.
Химиялық технологияның басты мақсаты - өндірістік процестердің физикалық-химиялық жағдайын зерттеу, технологиялық процестердің сұлбасын жасау, аппараттар мен приборлардың құралымын анықтау және оларды дайындайтын материалдар іздестіру.

  1. Дәрістер

МИКРОМОДУЛЬ 1 «МАМАНДЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ»

1 Дәріс.



Кіріспе.

Мазмұны:

1. Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы туралы түсінік.

2. 05072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бакалардың бағаланған сипаттамасы: кәсіптік қызметтің саласы, объектісі, пәні, түрлері, типтік есептері, бағыттары, мазмұны, 05072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бакалар бастауыш компетенцияларына Талаптар.
Химиялық технология - табиғи шикі заттарды (көмір, мұнай, табиғи газ, ағаш, тағы басқа) химиялық жолдар арқылы тұтыну мүліктеріне және өндіріс құралдарына айналдырудың экономикалық және экологиялық тиімді әдістері мен процестері жайындағы ғылым. Химиялық технологияның бөлек білім саласы және оқу пәні ретінде бөлінуі XVIII ғ. Екінші жартысында болды.

Зерттейтін объектілері бойынша химиялық технология екіге бөлінеді:



  • бейорганикалық (қышқылдар, сілтілер, сода, силикатты материалдар, минералды тыңайтқыштар, тұздар, т.б.)

  • органикалық (жасанды каучук, пластмассалар, спирттер, органикалық қышқылдар, бояғыш заттар, дәрі-дәрмек, т.б.) заттар технологиясы.

Механикалық технология заттардың сырт пішінін, физикалық қасиеттерін өзгерту әдістерін зерттесе, химиялық технология заттардың құрамы мен құрылысын өзгертудің химиялық жолдарын қарастырады. Химиялық технологияның басты мақсаты - өндірістік процестердің физикалық-химиялық жағдайын зерттеу, технологиялық процестердің сұлбасын жасау, аппараттар мен приборлардың құралымын анықтау және оларды дайындайтын материалдар іздестіру.

Жаңадан жасалған технологиялық процестер ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне негізделген, экономикалық жағынан тиімді қажетті технолиялық процестердің техникалық және экономикалық тиімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштеріне: өнім бірлігін өндіруге жұмсалатын шикізат пен энергия мөлшері, өнімнің шығыны мен сапасы, еңбек өнімділігі, процестің өндіру қарқыны, өндірісті іске қосуға жұмсалатын қаражат, өнім құны, т.б. жатады. Химиялық технология әдістері химия, металлургия, құрылыс материалдары мен силикаттар, тері, тамақ, тоқыма, т.б. өнеркәсіп салаларында пайдаланылады.

Химиялық технологияның барлық процестері жалпы кинетикалық заңдылықтарға байланысты 5 негізгі топқа бөлінеді:


  • гидромеханикалық;

  • жылу;

  • массаалмасу (немесе диффузиялық) процестер;

  • химиялық процестер;

  • механикалық процестер.

Ұйымдасу-техникалық құрылысына байланысты процестер периодтық және периодтық емес болады.

Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандарының жетістіктері жаңа ғылыми-өндіріс бағыттарының жасалуы мен жетілуінің негізі. Адам әрекетінің барлық салаларына химиялық технологияның осындай енгізілуі оны терең зерттеуін қажет етеді.


050720 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы бакалавр мамандығының бағаланған сипаттамасы
050720 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы бакалавр мамандығының тұліктеріне бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы академиялық дәрежесі беріледі және мемлекеттің сұрауына сәйкес мына мамандықтарда қызымет атқара алады:

  • технолог;

  • инженер;

  • химик-технолог;

  • инженер-технолог;

  • дәрежелі маман;

  • орта кәсіптік оқу орындарында оқытушы және т.б.


1. Кәсіптік қызмет сферасы
050720 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясыбакалавр мамандығының кәсіптік қызмет сферасы:

- мақсатқа сәйкес өнімдердің миниральды шикізаттарын химиялық өңдеу процестерін басқару;

- технологиялық процестерге талдау жүргізу;

- бастапқы заттардың және мақсатқа сәйкес өнімдердің құрамын, құрылысын, қасиеттерін талдау;

- химиялық реакторлармен, аппараттармен жұмыс жасау.
2. Кәсіптік қызмет объектісі
Кәсіптік қызмет объектісі:

- кенбайыту комбинаттары;

- минералды шикізаттарды өңдеу өндірістері;

- бейорганикалық қышқыл, негіз, тұз және минералды тыңайтқыштар өндірістері;

- металлургиялық өндіру комбинаттары;

- құрылыс, керамикалық композициялық материалдар өндіру заудтары;

- электрохимиялық өндірістер, плазмохимиялық процестер өнеркәсібі;

- нанотехнология бойынша жұмыс істейтін заудтар;

- заудтық, цехтық және ғылыми-зерттеу зертханалары.

3. Кәсіпшіліктің қызмет орындары
Бакалаврдың еңбектің нарықтық сұрауы бойынша кәсіпшіліктің қызмет орындары:

- химиялық технологияның процестері мен аппараттары;

- өнеркәсіптік жобалау;

- химиялық өндірістің қауіпсіздігі;

- химиялық процестерінің кинетикасын басқару технологиялық тәсілдері

- шикізаттың негізгі түрлері және қоры;

- минералды шикізатты байыту;

- бейорганикалық заттарды өңдеудің қазіргі технологиясы;

- заттар мен материалдар өндірісінің нақты химиялық технологиясы;

- заттар мен материалдардың электрохимиялық және электротермиялық синтезінің өндірістік технологиясы;

- жарылғыш заттар мен пиротехникалық құрамы бойынша өндірістік технологиясы;

- химиялық реагенттер мен реактивтер;

- ғылыми-зерттеу құралдары мен жабдықтары.
4. Кәсіптік қызмет түрлері
050720 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясыбакалавр мамандығының кәсіптік қызмет түрлері:

- өндірістік-технологиялық;

- есептік-, жобалау-, конструкциялық;

- ұйымдастыру-басқару;

- сервистік-эксплуатациялық;

- экспериментальды-зерттеу;

- құрылымдық-реттеу;
5. Кәсіптік қызмет функциясы
050720 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясыбакалавр мамандары өзінің кәсіптік қызметін сферасына, объектісіне сәйкес функцияларды атқарады:

- технологиялық процестерді ұйымдастыру, қамтамасыз ету, бақылау және технологиялық жабдықтарды қанау және бейорганикалық заттар мен материалдардың өңдеуі өнеркәсіптік технологиялық регламенттік талабына сәйкес және технико-эксплуатациялық құжаттары; күйдің экспертиза және диагностика және қызмет объектісінің динамикасы;

- жаңа және модеризацияланған негізгі технологияларды, технологиялық процестерді, технологиялық сатыларды және технологиялық жабдықтарды, ұйымдастыру, жіберу-реттеу жұмыстарына қатысу және қамтамасыз ету, тәжірибе-өндірістік және өндірістік технологиялық регламенттерді жақсы жұмысқа енгізу жобалауға техникалық тапсырларды өңдеу;

- жаңа сонымен бірге жаңаланған негізгі өндірістің химиялық технологиялар мен химиялық процестері және бейорганикалық заттар мен материалдарды өңдеуде ҒЗЖ және ОКР жүргізу;

- жаңа жабдықтарды қайтадан тексеру; тұтынушылардың сұранысын қамтамасыз ету үшін білім, ғылым және өндірістің интеграциясы;

- маман және орындаушылар ұжымының эффективті жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, жұмыс берушілерді ынталандыру және серіктестерді табу, басқару шешімдерін анықтау және жүзеге асыру;


6. Кәсіби қызметінің типтік мәселелері
"050720 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының бакалавры кәсіби шығармашылығғының әр түрлі саласында өз кәсіби міндеттерін орындай отырып, келесі типтік мәселелерді сәтті шешуге қабілетті:

- ағымдағы технологиялық тізбек және процестерді қамтамасыз ету үшін бастапқы шикізат материалдарын, заттарын және қосымша материалдарды бастапқы бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

- бейорганикалық заттар мен материалдарды өндіру мен өңдеу бойынша технологиялық құрал-жабдықтар және ағымдағы технологиялық тізбек пен процестердің технологиялық бақылауын өндірістік технологиялық регламент және технико-эксплуатациялық құтатамларға сәйкес жүргізу;

- қызмет объектілерінің (технологиялық процестер, құралдар, т.б.) динамикасы мен күйін анализдің қажетті әдістері мен құралдарын қолданып болжау мен сараптау;

- жаңа технологиялық процестер, технологиялық тізбектер немесе иехнологиялық құрал-жабдықтарды жобалауға техникалық тапсырмалар жасау;

- ағымдағы технология, технологиялық процестер, технологиялық тізбектер немесе технологиялық құрал-жабдықтар модернизациясы бойынша техникалық тапсырмалар жасау;

- әр түрлі типтегі (зертханалық, тәжірибелік-өндірістік, өндірістік) технологиялық регламенттер жасау;

- тәжірибелік-өндірістік және өндірістік-технологиялық регламенттерді іске асыру;

- жаңа химиялық технологиялар мен технологиялық процестерді жасау бойынша ҒЗЖ жүргізу;

- жаңа химиялық технологиялар мен технологиялық процестерді жасау бойынша ОКР жүргізу;

- жіберу-реттеу жұмыстарын жүргізу;

- органикалық заттар мен материалдар өндірісінде толық жобалық құжатнамасын жасау;

- технологиялық сызба және жеке түйіндердің альтернативті нұсқаларын талдау және бағалау;

- ағымдағы өндіріс жағдайында орындаушылар мен мамандар ұжымының жұмысын ұйымдастыру;

- еңбек және өндірістік тәртіптің қажетті деңгейін қаматамасыз ету;

- өндірістің технико-экономикалық талдауын жүргізу;

- әр түрлі көзқарас жағдайындағы басқару шешімдерін қабылдау және жүзеге асыру.

7. Кәсіби қызмет бағыттары
«050720 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бакалаврының кәсіби қызметі бағытталған:

- технологиялық процестерді қамтамасыз ету және жетілдіру;

-өндірістік-технологиялық регламентті орындау және оны жетілдіру, жаңа сыйымдылығы төмен технологияларды қолдану;

- ұйымдастырушылық-технологиялық;

-химико-технологиялық өндіріс аппараттарына сервистік және эксплуатациялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және жетілдіру;

- жобалық-технологиялық;

- жобалық-құрастыру;

-технологиялық құрал-жабдықтар және процестер, технологиялық тізбектердің жөндеу-реттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

-шығарылатын өнім сапасын жақсарту қызметі және оның ВТО талаптарына сәйкес келуі;

-химиялық-технологиялық өндірістің экологиялық қауіпсіздігін, еңбек қорғауын қамтамасыз ету;

- материалдық, энергетикалық, құрастыру көрсеткіштерін жақсарту;

- ұйымдастырушылық-басқарушылық;

- эксперименталды-зерттеу.
8. Кәсіптік қызмет мазмұны


  1. өндіріс-технологиялық әрекеті;

  2. есеп-, жоба-конструкторлық әрекеті;

  3. есеп-жоба әрекеті;

  4. ұйымдастыру-басқару әрекеті;

  5. сервистық-эксплуатациялық әрекеті;

  6. ғылыми-зерттеу әрекеті.

Кәсіптік қызмет мазмұнына сай негізгі компетенцияларға талаптар қойылады.



Тақырыбтың негізгі түсініктері: химиялық технология, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, бейорганикалық заттарды шығару өндірісі, «5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бакалаврдың біліктілік сипаттамасы.

Өздік бақылау сұрақтары:

  1. Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы туралы түсінік.

  2. 05072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бакалардың бағаланған сипаттамасы: кәсіптік қызметтің саласы, объектісі, пәні, түрлері, типтік есептері, бағыттары, мазмұны.

  3. 05072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бакалар бастауыш компетенцияларына Талаптар.

Әдебиет:

1. 1. Касымова Ж.С. ВВЕДЕНИЕ В СПЕЦИАЛЬНОСТЬ для студентов специальности 5В072000 – Химическая технология неорганических веществ / учебное пособие – Семей, 2013. – 239 с.

2. Эрдман С.В., Фролова И.В., Коробочкин В.В.Химическая технология неорганических веществ: учебное пособие. - Томск: Изд-во Томского политехнического университета, 2011. – 194 с.

3. Интернет ресурстар.


2 Дәріс.

Білім беру үрдісін ұйымдастыру ережелері

Мазмұны:

1. Оқытудың кредиттік жүйесінің негізгі ережелері.

2. Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру, оқытушының жетекшілігімен студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру.

3.Студенттердің оқу жетістіктерің бақылау және бағалау жүйесі.

4. Жазғы семестрді ұйымдастыру.

5. Түлектің білім алуын жалғастыру мүмкіншіліктері.


1. Кредитті технология негізінде білім беру саясатының басты міндеті болып ұлттық білім беру бағдарламалардың халықаралық мойындауы, білім алушылардың және оқытушылардың мобильдігін, сонымен қатар білім берудің сапасын жоғарлату және білім берудің барлық деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз етуі.

Осы жүйенің мақсаты - дүниежүзілік стандарттарға сәйкес болу, Болон декларациясына қатысушы мемлекеттермен академиялық дәрежені мойындау және аккередитацияланған жоо біреуімен басқасына кредиттермен ауысу/өзаразачеттер мүмкіншіліктер.

Кредиттік технологиямен білім беруде кредиттер маңызды құрылымы. Студент әрбір пәнді табысты игерген жағдайда өзінің білім жинағына алдын ала бекітілген кредиттер санын «жинайды», олардың жалпы қосындысы оған сәйкес бакалавр және магистр дәрежесін алуға мүмкіндік береді.

Оқытудың кредиттік жүйесін сипаттайтын негізгі ұғымдар - глоссарий:



  • академикалық кезең (Term) - оқыту кезеңінде жоғары оқу орны үш нысанның бірін таңдап алады: семестр - ұзақтығы - 15 апта, триместр - ұзақтығы - 10 апта, квартал - ұзақтығы - 8 апта;

  • академикалық күнтізбе календарь (Academic Calendar) – оқу және бақылау шараларын, оқу жыл бойы кәсіби тәжірибелерді демалыс күндерін ( каникулдар және мейрамдарды) белгілеуімен өткізу күнтізбесі;

  • академикалық мобильдігі – білім алушылардың, не оқытушылар –зерттеушілердің білім алу үшін, не зерттеулерді өткізу үшін анықталған академикалық мерзімге ауысуы: басқа жоғары оқу орынына семестр, не оқу жылына ( мемлекет ішінде не шетел мемлекетте ) өз ЖОО, не басқа ЖОО жалғастырк үшін кредиттер/ сағаттар білім беру бағдарламалардың міндетті түрде қабылдауымен;

  • академикалық сағат - білім алушының оқытушымен кесте бойынша барлық білім алу сабақтарда ( аудиториялық жұмыс) не бөлек бекітілген кесте бойынша қатынастық жұмысының уақыты: дәрістік, тәжірибелік ( семинарлық) сабақтың 1 байланыс сағатына ( 50 минут) немесе студиядағы сабақтың 1,5 байланыс сағатына (75 минут) немесе зертханалық сабақтың және дене тәрбиесі сабағының 2 байланыс сағатына (100 минут), сондай-ақ , оқу тәжірибесі барлық түрінің 1 байланыс сағатына, педагогикалық тәжірибе барлық түрінің 2 байланыс сағатына (100 минут), өндірістік тәжірибе барлық түрінің 5 байланыс сағатына (250 минут) тең;

  • аралық аттестация - ағымдағы аралық және қорытынды бақылау түрін ескере отырып білімалушының пәндерді меңгергендігін жан-жақты бағалау;

  • ассистент, доцент, профессор (Assistant Professor, Associate Professor, Professor) - жоғары оқу орнында профессорлық – оқытушылық құрамның қызметкерлері, олар өз кезегінде тьюторлар, дәріс оқушылар;

  • бакалавр, магистр, доктор (Bachellor, Master, Doctor) - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік біліміне сәйкес оқу бағдарламаларын игерген адамдарға берілетін академиялық дәрежелер;

  • бакалавриат - бакалавр академиялық дәрежесі берілетін жоғары білім бағдарламасы;

  • білімалушының білім деңгейін бақылау - әртүрлі бақылау тапсырмалары арқылы нақты пән бойынша білім деңгейін тексеру (жазбаша жұмыс, тесттер, тәжірибе жұмысы, портфолио, ауызша сұрау, емтихан және т.б.), бақылау ағымдағы, кезеңдік және қорытынды түрінде болады;

  • білімалушыларды мемлекеттік қорытынды аттестациялау - оның нәтижелері бойынша білімі туралы құжат (диплом) берілетін, білімалушылардың, білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын игеру деңгейіне жүргізілетін рәсім;

  • білімалушының өздік жұмысы (БӨЖ) - өздігінен оқуға берілген белгілі бір тақырып бойынша оқу-әдістемелік және ұсыныстармен қамтамасыз етілген жұмыс түрі, олар тест түрінде, бақылау жұмысы, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар, есептер түрінде болады. Білімалушылар санатына қарай олар студенттік өздік жұмысы (СӨЖ), магистранттың өздік жұмысы (МӨЖ), докторанттың өздік жұмысы (ДӨЖ) болып бөлінеді;

  • докторантура - кәсіптік докторантура және ғылыми докторантура бағытында іске асырылатын жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламасы;

  • жалпы білім пәндері - ЖБП (General Education Requirement - GER) әлеуметтік-гуманитарлық және 11 ғылыми жаратылыстану пәндерінен;

  • жеке оқу жоспары - білім алушының өзі эдвайзердің көмегімен типті оқу жоспарының негізінде және таңдамалы пәндер каталогының негізінде қурастыратын оқу жоспары;

  • көп таратылатын үлестірмелі материалдар (КТҮМ) (Hand-outs) - білімалушылардың тақырыпты шығармашылық түрде жемісті игеруі үшін сабақ процесінде таратылатын көрнекті безендірілген материалдар (дәрістік тезистер, сілтемелер, мысалдар, глоссарий, өздік жұмыс істеу үшін тапсырма);

  • кредит, кредит-сағат (Credit, Credit-hour) - оқытушының жұмыс көлемін өлшейтін реттелген бірегей бірлік. Бір кредит білімалушының семестрі (15 апта) бойындағы аудиторлық сағаты, бір кредит бір академиялық сағатқа тең; бір аудиторлық сағат міндетті түрде бакалавриатта 2 сағат өздік жұмыспен қабаттаса жүреді, магистратурада 3 сағат, доктарантурада-4 сағат кредит жүйесі бойынша оқыту бойынша тәжірибе жинақталған жағдайда, сондай-ақ материалдық-техникалық база құрылып және жаңа жағдайға психологиялық бейімделу қалыптасқан жағдайда бір аудиторлық сағат магистратурада 3 сағат өздік жұмыспен, докторантурада 4 сағат өздік жұмыспен қатар жүреді;

  • кредитті білім беру технологиясы – білім алушы және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеу унифицирланған бірлігі ретінде кредитті қолданууымен пәнді оқудың ретін білім алушының таңдауының және өз бетімен жоспарлауы;

  • қорытынды бақылау (Final Examination) аралық аттестациялау мерзімінде өткізілетін білім алушылардың оқй пәнінің бағдарламасын меңгерудің сапасын бақылау мақсатымен оқу жетістіктерін бақылау, пән бірнеше академикалық мерзімдерде оқылған жағдайда қорытында бақылау берілген академикалық мерзімде оқылған пәннің бөлігі бойынша қорытынды бақылау өткізіледі;

  • қосдипломды білім беру - екі сәйкес дипломды (Double Major) немесе бір негізгі және екінші қосымша дипломды (Major Minor) алу мақсатымен екі оқу жоспары бойынша қатарласып оқу мүмкіндігі;

  • магистратура - ғылыми-педагогикалық ғылымдар мен жоғары оқу орынында және ғылыми ұйымдарда тереңдетіп ғылыми және кәсіби даярлап, «магистр академиялық атағын» беру;

  • мамандық - білім ұйымдарында мамандарды белгілі бір шеберлікке дайындауды жүзеге асыратын ғылым мен техника саласы;

  • мамандықтың оқу-әдістемелік жинағы (ОӘК) - мамандықты жетік меңгеруге мүмкіндік беретін негізгі оқу-әдістемелік құжаттар пакеті;

  • міндетті компонент (Core Subjects) - оқу бағдарламасы бойынша студенттер үшін міндетті тәртіптегі пәндер;

  • оқу-әдістемелік жинақ (ОӘЖ) - барлық оқу кезеңіне қатысты жеке жоспары, оқу-консультативтік ақпараттар мен құжаттар, пәндер бағдарламалары(силлабустар), жеке жұмыс үшін әдістемелік нұсқаулықтар, тәжірибе бағдарламалары және т.б.;

  • оқу жұмыс жоспары - білімалушылардың жеке оқу жоспарларына негізделіп құрастырылған және оқытушылардың оқу жұмысының еңбек көлемін есептеуге негіз болатын оқу жоспары;

  • оқу пәніне жазылу (Enrollment) - белгіленген тәртіппен білімалушылардың оқу пәндеріне алдын ала жазылу рәсімі;

  • оқудың күндізгі түрі (Full Time Education) - білімалушы оқу жоспарында қаралған барлық сабақ түріне қатысуға міндетті оқу түрі;

  • оқытушының жетекшілігімен болатын өздік жұмыс (ОЖӨБ) (Office Hours) оқытушының жетекшілігімен білім алушының өздік жұмысы - бекітілген кесте бойынша өткізілетін оқушының оқытушының жетекшілігімен аудиториядан тыс жұмысы Білімалушылардың санатына қарай ол студенттердің оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы (СОЖӨЖ) болады. Магистранттардың оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы (МОЖӨЖ);

  • пән сипаттамасы (Course Description) - пән мазмұнының қысқа сипаттамасы;

  • пәннің жұмыс бағдарламасы (Syllabus) - пәннің мақсаты мен міндеттерін, мазмұнын түсіндіретін негізгі оқу - әдістемелік құжат, оған тақырыптың мазмұны, әр сабақтың ұзақтығы, жеке жұмыстың тапсырмалары, консультациялар уақыты, оқытушыға қойылатын талаптар, аралық бақылау кестесі мен әдебиеттер тізімі кіреді;

  • портфолио – белгілі уақытта, мысалы тоқсанда, семестрде немесе оқу жылында білімалушының орындаған әртүрлі жұмысының жиынтығы;

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет