БАҒдарламасы пән «Акушерия және гинекология» Мамандығы-0301000



Дата22.08.2017
өлшемі266,64 Kb.
#23800
түріБағдарламасы
Оңтүстік – Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті


Акушерлік және гинекология курсымен алғашқы

медициналық-санитарлық жәрдем кафедрасы

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән «Акушерия және гинекология »
Мамандығы-0301000 «Емдеу ісі», біліктілігі-0301013 «Фельдшер»
Курс 4
Семестр VII, VIII
Сағат саны 100

Шымкент
Жұмыс оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 2010 жылғы 5 тамыз №604 бұйрығымен бекітілген үлгілі оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.

Кафедра мәжілісінде қаралды

«____ » _________ 2013 ж. № _________ хаттама

Каф. меңгерушісі __________________ м.ғ.к, доцент Югай Н.В



Бағдарлама:

  1. Алғы сөз

«Акушерия және гинекология» пәнін оқу босандыру мекемелерінде өздігінен жұмыс істей алатын жалпы практика фельдшерін даярлауға арналған және ол болашақ мамандардың кәсіптік құзыреттіліктерін қалыптас тыру бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Оқу жұмыс бағдарламасында фельдшер құзыреттілігін ескере отырып,

әйелдерге медициналық қызмет көрсетудегі профилактикалық шаралардың принциптеріне, «Халықтың денсаулығы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, ана мен бала денсвулығын қорғау туралы заңнамалық және нормативті-құқықтық құжаттамаларға, этикалық және құқықтық нормаларды, ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуды және жүкті әйелдерге, босанатын және босанған әйелдерге күтім жасау мәселелерін білуге аса назар аударылады.

Пәннің құрамына мына тараулар кіреді:



  • Қазақстанда акушерия-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру;

  • ауруханаішілік инфекцияның алдын алу мәселелері;

  • физиологиялық акушерия;

  • патологиялық акушерия;

  • шұғыл көмек көрсету әдістері, гинекологиялық аурулардың алдын алу әдістері.

Пән басқа клиникалық пәндермен интеграцияны қарастырады: акушерия мен гинекологиядағы мейірбике ісі, ішкі аурулар пропедевтикасы, ішкі аурулар, педиатрия, хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі және таға да басқа жалпы кәсіптік пәндер. МЖМБС-на сәйкес білім алушылардың базалық, кәсіптік және арнайы құзырлықтарын қалыптастыруға арналған модульдік оқудың құрылымы енгізілген.

Сабақты өткізу формалары:



  • оқу орнының сабақ кестесі бойынша жүргізіледі (теориялық, практикалық және жеке);

  • білім алушылардың сабақтан тыс уақытта оқушылардың өз бетінше дайындалуы.

Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелері


Стандартта және білім беру бағдарламасында жоспарланған нәтижелер

Типтік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижелер

Білім алушылар:

Базалық:

БҚ 1.Қоғамда адамдар арасындағы қатынасты реттеуде адамгершілік ережелерін, диалектикалық дамудың негізгі заңдары мен заңдылықтарын, практикалық қызметте қолданыстағы заңдарды қолдана білуде;

БҚ 2. Саяси жүйе және саяси тәртіп, саясатқа деген адамдардың көзқарасы жайлы түсінігі болуда;

БҚ 3 Экономика негізі жайлы жалпы ережені, экономика негіздерін білуде, елдегі және шетелдегі экономикалық жағдайларды меңгере білуде;

БҚ4.Қазіргі компьютерлік технологиялар жайлы түсінігі болуда және оларды қазіргі медицинада қолдана білуде, кәсіптік қызметте қазіргі ақпараттық технологияларды қолдана білуде; - БҚ5.Рецепт жазуда, грек-латын терминдерінің мағынасын түсіндіре білуде, дәрілік заттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының жалпы заңдылықтарын білуде;

БҚ6. Тіршіліктің пайда болуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын, қалыпты және патологиялық жағдайларда адам организміндегі тіндер жасушаларының, ағзалар мен жүйелердің құрылымы мен қызметін білуде;

БҚ7.Тұқым қуалайтын аурулардың түрлерін және айқындау әдістерін меңгеруде және клиникалық пәндерді оқу кезінде алған білімдерін қолдана білуде;

БҚ8. Себептердің, жағдайлардың және организмнің жауап қайтару қасиетінің аурудың пайда болуындағы, дамуындағы, нәтижесіндегі ролін, адам организміндегі барлық тіндер мен ағзалардың орналасуы мен құрылымын, олардың негізгі атқаратын қызметтерін білуде және алған білімдерін клиникалық пратикада қолдана білуде;

БҚ9. Жасқа байланысты адам физиологиясын білуде және оларды арнайы пәндерді оқу кезінде қолдана білуде;

БҚ10. Патологиялық реакциялардың сипатын анықтай білуде, микропрепараттар бойынша әртүрлі патологиялық үрдістерді микроскопиялау техникасын игере және жіктей білуде;

БҚ 11. Микробтардың, вирустардың табиғатын, олардың инфекциялық үрдістердің дамуындағы ролін, медициналық ұйымдардың құрылымдық бөлімдеріндегі науқастар мен медицина қызметкерлерін инфекциялық бақылауда және олардың инфекциялық қауіпсіздігін білуде.

Кәсіптік:

ҚҚ 1.Науқастарға мейірбикелік күтім жасауды ұйымдастыруда және оларды бақылауда, емшараларды және медициналық іс әрекеттерді орындау техникасын меңгеруде;

ҚҚ 2.Ағзалар мен жүйелер қызметі бұзылыстарының негізгі симптомдары мен синдромдарын білуде, науқастарды зертханалық , функционалдық және аспаптық тексеру әдістеріне дайындау әдістемелерін игеруде;

ҚҚ3. Ересектер мен балаларға дәрігерге дейінгі және білікті медициналық шұғыл көмек көрсетуде;

ҚҚ 4.Әртүрлі зақымданулар кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсету тәсілдерін, хирургиялық науқастарға күтім жасау әдістерін, жүрек өкпе реанимациясы әдістемелерін меңгере білуде;

ҚҚ 5. Барлық жас кезеңдерінде кездесетін аурулар дамуында және қауіпті жағдайларда қарқынды терапия мен реанимацияның қазіргі әдістемелерін игеруде және МҰ ауруханаларында науқастарға қалпына келтіру емін және оңалту шараларын ұйымдастыра білуде;



Арнайы:

АҚ 1. Өмірге қауіп төндіретін және шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсете білуде;

АҚ 2. Гинекологиядағы емнің және алдын алудың қазіргі жаңа әдістерін, отбасын жоспарлау әдістерін білуде құзырлы болуы қажет.


Пәнді оқып білудің нәтижесінде білім алушы:

- ҚР акушериялық көмек көрсетуді ұйымдастыруды;

- ана мен бала денсаулығын қорғау туралы заңнамаларды;

- диагностика әдістерін;

- жүктіліктің және босанудың физиологиясы мен патологиясын;

- экстрагенитальды патологиялар туралы;

- жыныс жолдарымен берілетін аурулар жайында;

- шұғыл көмек көрсетудің әдістерін;

- алдын алу және оңалту жолдарын;

- жүкті, толғатып жатқан және босанған әйелдерге күтім жасау принциптерін;

- туа біткен және тұқым қуалаған аурулар диагностикасының скрининг әдістерін және олардың профилактикасын;

- гинекологиялық науқастарды тексеру әдістерін;

- гинекологиялық аурулардың клиникасын және диагностикалау әдістерін;

- гинекологиялық аурулар кезінде шұғыл көмек көрсету принциптерін;

-контрацепцияның қазіргі әдістерін білуі тиіс.

- жүктілік пен босану ағымына бақылау жүргізуді;

- диагноз қоюды;

- қауіп қатер топтарын анықтай алуды;

- қалыпты босандыруды;

- шұғыл көмек көрсетуді;

- халыққа гигиеналық тәрбие мен медицина генетикалық кеңес беру шараларын өткізуді;

- босандыру дағдыларын меңгеруді;

- тексерудің арнайы және қосымша әдістері арқылы жүктіліктің мерзімін анықтай білуді;

- медицина санитариялық алғашқы көмек көрсету жүйесінде жұмыс істей алуды;

- босандыру мекемелерінде жүкті әйелдерге күтім жасай білуді және медициналық іс әрекеттерді атқара алуды;

- әйел жыныс мүшелерінің обыралды ауруларының ерте симптомдарын анықтай алуды;

- эйелдерге сүтбезге күтім жасау әдістері жайлы кеңес беруді үйреніп алуы қажет.
- медициналық этика мен деонтологияда;

- акушерия гинекологиялық мекемелерде санитария гигиеналық режимді сақтай білуде;

- отбасын жоспарлау мәселесінде;

- жүкті, толғатып жатқан және босанған әйелдерге күтім жасауда және қадағалау жүргізуде;



- гинекологиялық науқастарға күтім жасауда және қадағалау жүргізуде

құзырлы болуы қажет.



  1. Тақырыптық жоспар



Тараулар және тақырыптардың атауы

Сағат саны

Оның ішінде

Теориялық сабақ

Тәжірибелік сабақ







100

30

70

VIIсеместр.

1 тарау. Физиологиялық акушерия

1.1

Босану. Босанудың басталу себептері. Босанудың клиникалық ағымы. Қауіпсіз ана. Қынап арқылы босанудың технологиясы. Іштегі нәресте гипоксиясы. Жаңа туылған нәресте асфиксиясы. Қалыпты босанудан кейінгі кезең. Отбасын жоспарлау.

16

4

12

2 тарау. Патологиялық акушерия

2.1

Босанудан кейінгі кезеңнің патологиялық ағымы.

8

2

6

2.2


Жүктілікпен байланысты аурулар. Жүктілер гестозы. Ерте және кеш дамитын гестоздарды емдеу принциптері, босандырып алу мерзімдері.

10

4

6

2.3

Жүктілік және экстрагениталдық аурулар. Жүктілік пен босану ағымының және оларды жүргізудің ерекшеліктері.

10

4

6

2.4

Іштегі нәресте дамуының ауытқулары мен аурулары. Жүктілікті көтере алмаушылық. Ұзаққа созылған жүктілік. Көпұрықты жүктілік.

6

1

5




Семестр бойынша

50

15

35




VIII семестр










2.5

Жамбастың ауытқуы. Нәресте басының шалқайып орналасуы. Нәрестенің көлденең және қиғаш орналасуы

4

1

3

2.6

Босану әрекетінің ауытқулары. Нәрестенің жамбасымен келуі

5

2

3

2.7

Босану кезіндегі және босанғаннан кейінгі қан кетулер. Геморрагиялық шок. ДТҚҰ (ДВС) синдром. Қағанақ суының эмболиясы. Босану кезінде және босанудан кейінгі ерте кезеңдерде туындайтын қан кетумен күресудің қазіргі әдістері. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен ерте ажырауы. Плацентаның алда орналасуы.

10

4

6

2.8

Босану кезіндегі жарақаттанушылық. Акушериялық операциялар.

8

2

6

3 тарау. Гинекология

3.1

Кіріспе. Гинекологиялық аурулармен сырқаттанатын науқастарды тексеру әдістері. Әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары. Әйел адамның репродуктивті қызметінің бұзылуы.

8

2

6

3.2

Әйел жыныс мүшелерінің ісік тәрізді аурулары мен нағыз ісіктері

8

2

6

3.3

Гинекологиядағы «іштеспе». Гинекологиялық науқастарды жалпы емдеу.

7

2

5




Семестр бойынша

50

15

35




  1. Пәннің мазмұны

1 тарау. Физиологиялық акушерия.

1.1 тақырып. Босанудың клиникалық ағымы. Қауіпсіз ана. Қынап арқылы босанудың технологиясы. Іштегі нәресте гипоксиясы. Жаңа туылған нәресте асфиксиясы. Қалыпты босанудан кейінгі кезең. Отбасын жоспарлау.

Босанудың кезеңдері, ұзақтығы, босану күштері. Шүйдесімен келген нәрестені босанудың биомеханизмі. Қауіпсіз ана. Босанудың ағымы және оны жүргізу. Іштегі нәресте гипоксиясының себептері, белгілері және оны емдеу. Іштегі нәресте асфиксиясының белгілері. Қалыпты босанудан кейінгі кезең, оның ұзақтығы. Емізудің принциптері. Отбасын жоспарлау. ДДҰ анықтамасы. Контрацепцияның қазіргі әдістері.



Практикалық сабақ:

Сабақ клиникаға дейінгі кабинетте және перзентханада өтеді: шүйдесімен келген нәрестені босанудың биомеханизмін зерттеу. Фантомда, қуыршақ бойынша босандыру механизмін үйрену. Білім алушы босануды қабылдауды үйренеді, босануды қабылдауға пакет дайындайды. Суреттер, слайдтар бойынша босанудың I,II кезеңіндегі толғатқан әйелдің жағдайын анықтау. Перзентханада босанушыны қабылдауға қатысу, босану тарихының төлқұжаттық бөлігін толтыру. Жүкті әйелдің жағдайын анықтау (қан қысымын өлшеу, тамыр соғысын анықтау). Босанушыға акушериялық сыртқы зерттеулер жүргізу, жамбас өлшемдерін, іш шеңберін, жатыр түбінің биіктігін қлшеу. Оқытушының бақылауымен қан топтары мен резус – факторды анықтау. Босанушыны қадағалау, босануды жүргізу. Партограмманы толтыру. Жаңа туылған нәрестені тазалауға қатысуы. Нәрестенің жағдайын Апгар шкаласы бойынша бағалау. Жаңа туылған нәресте реанимациясы әдістерімен танысу. «Ана мен бала» бөлмесінде жұмыс істеу. Жарылған емшекке күтім жасау. «Босанудан кейінгі гигиена» және «Маститтің алдын алу» тақырыптары бойынша сұхбат жүргізу.



2 тарау. Патологиялық акушерия

2.1. тақырып. Босанудан кейінгі кезеңнің патологиялық ағымы.

Босанудан кейінгі асқынулар және этиологиясы. Сепсистік емес аурулар туралы түсінік. Босанудан кейін туындайтын сепсистік аурулар. Жіктемесі. Клиникасы, диагностикасы мен емдеу принциптері. Босанудан кейін туындайтын маститтер: этиопатогенезі, жіктемесі, диагностикасы, емі.



Практикалық сабақ

Сабақ перзентханада өтеді: жалпы күтім жасау, босанудан кейінгі бөлімшенің жұмысын ұйымдастыру принциптерімен танысу, «Ана мен бала» бөлмесінде жұмыс істеу. Қолданыстағы бұйрықтар бойынша санитарлық режімді сақтау. Емізудің принциптері. Жарылған емшекке күтім жасау. «Босанудан кейінгі гигиена» және «Маститтің алдын алу» тақырыптары бойынша сұхбат жүргізу.



2.2 тақырып. Жүктілікпен байланысты аурулар. Жүктілер гестозы. Ерте және кеш дамитын гестоздарды емдеу принциптері, босандырып алу мерзімдері.

Гестоз туралы түсінік. Жүктілер гестозы этиопатогенезінің қазіргі теориялары. Клиникалық жүктемесі. Гестоздардың барлық кезеңдері мен түрлерінің клиникалық симптомдары. Кеш туындайтын гестоздардың түрлерін, дәрежесін, ағымының ауырлығын ескере отырып қазіргі кешенді қарқынды ем қолдану принциптері. Госпитализациялауға дейінгі кезеңде кеш туындайтын гестоздардың ауыр түрінде шұғыл көмек көрсету. Босандырып алу мерзімі. Жүктілер арасында гестозға қауіптілігі жоғары топтарды анықтау. Акушердің жүкті әйелдер гестозын анықтаудағы, қадағалаудағы, оларға күтім жасаудағы және ем қолданудағы рөлі.



Практикалық сабақ

Сабақ перзентханада, патология бөлімшесінде жүргізіледі, гестозы бар жүкті әйелдерді тексеру. Әртүрлі гестоздар кезінде жүктілікті және босануды жүргізу жоспарын құруға қатысу. Жүкті әйелдердің жағдайын бағалау және госпитальға дейінгі кезеңде көмек көрсету. Гестозы бар жүкті, босанудағы және босанғаннан кейінгі әйелдерді қадағалауды жүзеге асыру.



2.3 тақырып. Жүктілік және экстрагениталдық аурулар. Жүктілік пен босану ағымының және оларды жүргізудің ерекшеліктері.

Ішкі ағзалардың ауруы (жүрек – қантамыр жүйесі, қан түзетін ағзалар, эндокринді аурулар, зәр шығару жүйесінің аурулары) бар жүктіліктің қауіп – қатер дәрежесін анықтау. Госпитализациялау мерзімі. Жүктілік пен босану ағымының ерекшеліктері. Асқынулары. Жұқпалы аурулар, жыныс жолдары арқылы берілетін инфекция, венерологиялық аурулар, АИТВ – инфекциясы. Аурулардың іштегі нәрестеге тигізетін әсері. Жүктілікті үзу көрсетімдері. Ана мен іштегі нәресте үшін болжамы. Жүктілік және ана мен нәресте қанының изосерологиялық сәйкессіздігі. Акушериядағы «іштеспе».



Практикалық сабақ

Экстрагениталдық аурулармен сырқаттанатын жүкті әйелдерге курация жасау. Жүкті әйелдер арасында аурулар бойынша қауіптілігі жоғары топтарды анықтау.



2.4 тақырып. Іштегі нәресте дамуының ауытқулары мен аурулары. Жүктілікті көтере алмаушылық. Ұзаққа созылған жүктілік. Көпұрықты жүктілік.

Іштегі нәресте патологиялары туралы мәлімет. Іштегі нәресте дамуының ауытқулары. Факторлары. Перинаталдық скрининг әдістері. Кіндік баудың, амнионның, плацентаның ауытқулары. Ауытқуларды диагностикалау әдістері, оның жүктілік пен босану ағымына тигізетін әсері. Трофобласттық аурулар. Іштегі нәрестенің өлімі: себептері, диагностикасы, профилактикасы. Фельдшердің іштегі нәрестенің антенаталдық өлімін диагностикалаудағы рөлі. Жүктілікті көтере алмаушылық туралы түсінік. Себептері жайында қазіргі көзқарас. Антенаталдық, интранаталдық, неонаталдық, перинаталдық, өлім –жітімділік туралы түсінік. Мезгілінен бұрын босануды жүргізу және ағымының ерекшеліктері. Асқынулары. Ұзаққа созылған жүктілік туралы түсінік. Себептері жайында қазіргі көзқарас. Толғақ кешіккен кезде босандыруды жүргізу және оның ағымы. Асқынулары. Көпұрықты жүктіліктің варианттары. Диагностикасы. Ерекшеліктері. Жүктілік пен босанудың ағымы және оларды жүргізу. Асқынулары.



Практикалық сабақ

Сабақ перзентханада өтеді: осындай патологиялар кезінде жүктілік пен босануды жүргізу жоспарын құру. Жүкті әйелдерді курациялау. Жаңа туылған нәрестенің жетілгендігін анықтау.



2.5 тақырып. Жамбастың ауытқуы. Нәресте басының шалқайып орналасуы. Нәрестенің көлденең және қиғаш орналасуы

Анатомиялық, функционалдық тар жамбас туралы түсінік. Жіктемесі,босану биомеханизмінің ерекшеліктері. Диагностикасы. Жүктіліктің ағымы. Босануды жүргізу. Әртүрлі пішінді тар жамбас кезіндегі асқынулардың алдын алу. Акушердің тар жамбасты диагностикалаудағы, асқынуларының алдын алудағы және дер кезінде госпитализациялаудағы рөлі. Тар жамбас кезінде операциялық жолмен босандыру көрсетімдері.

Нәресте басының шалқайып орналасуы: төбемен, маңдаймен, бетпен келуі. Диагностикасы. Нәрестенің төбемен және бетпен келуі кезіндегі босану биомеханизмі және босануды жүргізу. Нәрестенің маңдаймен келуін диагностикалау және осындай жағдайларда акушердің қолданатын тәсілі. Нәресте басының тік және жоғары орналасуы. Нәресте басының төмен көлденең орналасуы. Асинклитикалық орнығудың түрлері. Нәресте басының дұрыс орналаспау себептері, диагностикасы, позициясы мен түрін анықтау. Жүктіліктің ағымы, асқынулары. Іштегі нәрестесі дұрыс орналаспаған жүкті әйелдерді дер кезінде госпитализациялау.

2.6 тақырып. Босану әрекетінің ауытқулары. Нәрестенің жамбасымен келуі

Босану әрекетінің физиологиясы және патологиясы. Жатырдың жиырылу қызметін анықтау әдістері және оның тиімділігін бағалау. Жатырдың жиырылу әрекетінің реттелуі. Патологиялық прелиминарлық кезең. Босану әрекетінің ауытқулары, жіктемесі. Босану әрекетінің ауытқуларын диагностикалау. Жоғары қауіп–қатер топтарын анықтау. Нәресте жамбасымен келуінің себептері. Жіктемесі. Диагностикасы. Жүктілік пен босанудың ағымы және оны жүргізу. Босану кезінде ана мен балада туындайтын асқынулар.



Практикалық сабақ

Сабақ жүктілер патологиясы бөлімшесінде өтеді: осындай патологиялармен сырқаттанатын жүкті әйелдерді курациялау. Білім алушылар жатырдың тонусын және жатыр мойнының ашылу қарқынын анықтайды. Жоғары қауіп–қатер тобын анықтау. Партограмманы толтыру. Ем жүргізуге қатысу.

Сабақ клиникаға дейінгі практикалық кабинеттерде өтеді: фантомда, қуыршақта іштегі нәрестенің орналасу қалпын анықтау. Нәрестенің жүрек соғысын тыңдау. Нәрестенің жамбасымен келуі кезіндегі босану биомеханизмі. Бөксесімен келген нәрестеге жасалатын Цовьянов әдісі. Ана мен балада туындайтын асқынулар. Перзентханада жамбасымен келген нәрестені босануды қабылдауға қатысу. Жамбастың сыртқы көлемін, Михаэлис ромбысын өлшеу және оның пішінін анықтау. Соловьев индексін өлшеу. Диагональдық және нақты коньюгатаны анықтау. Вастен белгісін анықтау. Іштегі нәресте салмағын шамамен анықтау. Нәресте басының шалқайып орналасу түрлері, оларды анықтау. Босану биомеханизмінің ерекшеліктері. Асинклитикалық орнығудың түрлері, оларды, нәресте басының дұрыс орналаспауын фантомда диагностикалау. Нәрестенің дұрыс орналаспауын диагностикалау, кіндік баудың түсуі.

2.7 тақырып. Босану кезіндегі және босанғаннан кейінгі қан кетулер. Геморрагиялық шок. ДТҚҰ (ДВС) синдром. Қағанақ суының эмболиясы. Босану кезінде және босанудан кейінгі ерте кезеңдерде туындайтын қан кетумен күресудің қазіргі әдістері. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен ерте ажырауы. Плацентаның алда орналасуы.

Жүктілік кезіндегі қан кету туралы түсінік. Жүктіліктің бірінші жартысындағы қан кету. Жүктіліктің екінші жартысындағы қан кету (плацентаның алда орнласуы, қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен ерте ажырауы). Босану кезіндегі қан кету: I,II,III кезеңінде және босанғаннан кейінгі ерте кезеңде қан кету. Физиологиялық қан кетуді есептеу және оны қалпына келтіру ережелері. Жүктілік және босану кезіндегі қан кетудің алдын алу. Босанғаннан кейін кешірек туындайтын қан кетулер, себептері, клиникасы, диагностикасы. Геморрагиялық шок, кезеңдеріне байланысты клиникалық көрінісі. Диагностикасы. ДТҚҰ (ДВС) – синдром: себептері, жіктемесі, клиникасы, диагностикасы.

Қағанақ суының эмболиясы: себептері, клиникалық белгілері. Босану және босанудан кейінгі ерте кезеңдерде туындайтын қан кетулермен күресудің қазіргі әдістері. Госпитальға дейінгі кезеңде көрсетілетін акушерлік көмек. Акушердің осындай асқынуларды анықтаудағы және олардың алдын алудағы рөлі.

Практикалық сабақ

Сабақ перзентханада өтеді: жүктілік кезінде қан кетуге күдік туғызатын жүкті әйелдерді курациялау. Қан кету бойынша жоғары қауіп–қатер табын анықтау. Дәрігердің көмегімен қан тобы мен резус факторды анықтау. Босандыруға қатысу. Босану кезінде және босанудан кейін туындайтын патологиялар кезінде шұғыл көмек көрсету. Гемотрансфузияға қатысу. Босану тарихы бойынша бала жолдасын қолмен бөліп алу жағдайларын талдауға қатысу. Стандарт бойынша шұғыл көмек көрсету.



2.8 Тақырып. Босану кезіндегі жарақаттанушылық. Акушериялық операциялар.

Акушериялық жарақаттанушылықтың түрлері: сыртқы жыныс мүшелерінің, шатаралықтың, жатыр мойнының, жатырдың жыртылуы, жатырдың айналып кетуі. Акушериялық жыланкөздер. Себептері. Жіктемесі. Диагностикасы. Клиникасы. Госпитальға дейінгі кезеңде жүргізілетін акушерлік тәсілдер. Тасымалдаушылық туралы мәселелерді шешу. Акушердің осы асқынуларды анықтаудағы және олардың алдын алудағы рөлі. Акушериялық операциялар туралы жалпы мәлімет. Акушериялық операциялардың жүктемесі. Операция көрсетімдері, операцияға дайындық. Қазіргі жансыздандырудың принциптері. Фельдшердің операцияға дайындық жасаудағы, оны орындаудағы және операциядан кейін науқасқа күтім жасаудағы рөлі.



3.1 тақырып. Кіріспе. Гинекологиялық аурулармен сырқаттанатын науқастарды тексеру әдістері. Әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары. Әйел адамның репродуктивті қызметінің бұзылуы.

Гинекология туралы түсінік. Гинекологияның басқа ғылымдармен байланысы. Гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру принциптері. Жалпы анамнез және оның мәні. Арнайы гинекологиялық анамнез. Жалпы тексеру. Гинекологиядағы зерттеудің қосымша әдістері. Әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары туралы түсінік, қоздырғыштары, инфекцияның әйел жыныс мүшелеріне ену жолдары.

Экзогенді және эндогенді инфекциялар туралы түсінік. Әйел жыныс ағзаларының спецификалық және бейспецификалық қабыну аурулары. Жыныс жолдары арқылы берілетін аурулар. Клиникалық белгілері. Диагностикалық принциптері. Әйел жыныс мүшелерінің қабыну ауруларын емдеу. Етеккір функциясы бұзылыстарының этиопатогенезі. Жіктемесі. Диагностикалау принциптері. Емдеу.

Практикалық сабақ: сабақ гинекологиялық бөлімшеде өтеді: гинекологиялық науқастардың анамнезін жинау. Арнайы тексерулер өткізу: сыртқы жыныс мүшелерін қарап тексеру, айнамен қарау. Қынаптың тазалық дәрежесіне, созға, онкоцитологияға жағынды алу. Зерттеудің қосымша әдістерін өткізуге қатысу. Осы патологиялармен сырқаттанатын науқастарға курация жасау. Науқастарға күтім жасау және ем қолдану принциптерімен танысу. Емшара кабинетінде, қарап тексеретін бөлмелерде, кезекшілік орындарында жұмыс істеу.

3.2 тақырып. Әйел жыныс мүшелерінің ісік тәрізді аурулары мен нағыз ісіктері

Нағыз ісіктер және ісік тәрізді түзілістер туралы түсінік. Қатерсіз және қатерлі ісіктердің сипаттамасы. Әйел жыныс мүшелерінің обыралды аурулары. Сүт бездің қатерсіз ісіктері. Клиникалық белгілері. Диагностикалау принциптері. Жыныс мүшелерінің обырын ерте анықтау және олардың алдын алу үшін жаппай профилактикалық қарап тексеруді ұйымдастыру және оның маңызы.



Практикалық сабақ: жыныс мүшелерінің әртүрлі қатерсіз ісіктерімен сырқаттанатын

науқастарды қарап тексеру. Жатыр мойнының патологиясы бар науқастарды кабинетте қабылдауға қатысу, гистологиялық зерттеуге жолдама беру. Кабинетте жұмыс істеу, маммография көмегімен сүт безді зерттеу.



3.3 тақырып. Гинекологиядағы «іштеспе». Гинекологиялық науқастарды жалпы емдеу.

Гинекологиядағы «іштеспе» көрінісі. Мүмкін болатын варианттары (жатырдан тыс жүктілік, киста аяқшасының қайрылып қалуы, ана без апоплексиясы, іріңдіктің құрсақ қуысына қарай жарылуы). Клиникасы, диагностикасы, дәрігерге дейін көмек көрсету. Осындай жағдайларда фельдшердің көрсететін тәсілі. Гинекологиялық стационардағы емдеу – сақтау режімі. Негізгі қолданылатын емдік шаралар. Дәрі – дәрімектермен емдеу. Физиотерапия. Науқастарды кіші және үлкен операцияларға дайындау. Операциядан кейінгі науқастарға күтім жасау.



Практикалық сабақ: сабақ гинекологиялық бөлімшеде өтеді: анамнез жинау, «іштеспе» белгісі бар науқастарды қарап тексеру, тексерудің қосымша әдістеріне құрал – жабдықтарды дайындау. Кіші гинекологиялық операцияларға көмекшілік ету. Науқастарды курациялау. Кезекшілік орнында, емшара және қарап тексеретін бөлмеде жұмыс істеу.


  1. Оқу әдістемелік жабдықталуы

4.1 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі

Мемлекеттік тілде:

1. БисембаеваР.С., Раисова Ә.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. оқулық «Акушерия». – Алматы 2004

2. А.Т. Раисова., Нұрқасымова Р.Ғ. оқулық «Акушерия және гинекология». –Алматы 2002

Орыс тілінде:

1. Акушерство: учебник + CD. Раздинский В.Е.- М., 2008-904с.

2. «Гинекология. практикум» В.Б. Цхай., Т.А. Макаренко, Е.К.Шаламова, И.О.Ульянова. –

Ростов - на – Дону 2006.

3. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии: учебник. Дзигуа М.В.-М., 2011.-528с.

4. «Акушерство и гинекология. Практикум» под редакцией Т.Е. Белокриницкой. Ростов-на-Дону. 2007.



Қосымша

1. Внутрибольничная инфекция: учебное пособие. В.Л. Осипова. М 2009-256с

2. Гинекология. Л.Н.Василевская, В.М.Грищенко, В.П. Юровская, Н.А. Щербина. Ростов-на-Дону, «Феникс»-2007.

3. Перинатальное акушерство. В.Б.Цхай – Ростов-на – Дону, «Феникс», 2007.

4. Программа ВОЗ «Безопасное материнство» 2008.
4.2 Көрнекілік құралдар және ОТҚ:

1. Дидактикалық және көрнекі құралдар;

2. Қағаз және электронды нұсқадағы тестілер;

3. Қағаз және электронды нұсқадағы оқу әдістемелік құралдар;

4. Диапозивтер, слайдтар, оқулық фильмдер;

5. Тақырыптық плакаттардың жиынтығы.

6. Тестілер мен есептер жинағы.

4.3 Тест тапсырмалары(700)

- Босану. Босанудың басталу себептері. Босанудың клиникалық ағымы. Қауіпсіз ана. Қынап арқылы босанудың технологиясы. Іштегі нәресте гипоксиясы. Жаңа туылған нәресте асфиксиясы. Қалыпты босанудан кейінгі кезең. Отбасын жоспарлау.(100)

- Босанудан кейінгі кезеңнің патологиялық ағымы.(50)

- Жүктілікпен байланысты аурулар. Жүктілер гестозы. Ерте және кеш дамитын гестоздарды емдеу принциптері, босандырып алу мерзімдері.(70)

- Жүктілік және экстрагениталдық аурулар. Жүктілік пен босану ағымының және оларды жүргізудің ерекшеліктері.(50)

- Іштегі нәресте дамуының ауытқулары мен аурулары. Жүктілікті көтере алмаушылық. Ұзаққа созылған жүктілік. Көпұрықты жүктілік.(30)

- Жамбастың ауытқуы. Нәресте басының шалқайып орналасуы. Нәрестенің көлденең және қиғаш орналасуы.(50)

- Босану әрекетінің ауытқулары. Нәрестенің жамбасымен келуі.(50)

- Босану кезіндегі және босанғаннан кейінгі қан кетулер. Геморрагиялық шок. ДТҚҰ (ДВС) синдром. Қағанақ суының эмболиясы. Босану кезінде және босанудан кейінгі ерте кезеңдерде туындайтын қан кетумен күресудің қазіргі әдістері. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен ерте ажырауы. Плацентаның алда орналасуы.(100)

- Босану кезіндегі жарақаттанушылық. Акушериялық операциялар.(50)

- Кіріспе. Гинекологиялық аурулармен сырқаттанатын науқастарды тексеру әдістері. Әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары. Әйел адамның репродуктивті қызметінің бұзылуы.(50)

- Әйел жыныс мүшелерінің ісік тәрізді аурулары мен нағыз ісіктері.(50)

- Гинекологиядағы «іштеспе». Гинекологиялық науқастарды жалпы емдеу.(50)




  1. Мазмұны


Тарау 1. Кіріспе.

Тақырып 1.1 Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру. Акушериядағы деонтология. Акушерлік ауруханаларда аурулардың алдын алу.

Акушерия ғылымы жөніндегі түсінік. Орыс акушериясының даму тарихы. Қазақстан Республикасындағы акушерия ғылымының даму тарихы. Қазақстан Республикасында босануға көмек көрсету және гинекологиялық көмекті ұйымдастыру. Акушерлік- гинекологиялық бағыттағы мекемелер. Әртүрлі деңгейдегі мамандандырылған көмектің түрлері мен сатылығы. Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетудің барлық мекемелерінің мақсаттары, міндеттері және құқықтары. Құжаттар. Перинатальдық күтімге қазіргі замандағы көзқарас. Босанушы және босанған әйелдер күтіміндегі акушерканың орны. Медициналық этика мен деонтология негіздері. Ауруханаішілік инфекцияның факторлары және берілу жолдары. Акушерлік стационардағы және гинекология бөліміндегі санитарлық-гигиеналық шарттар мен эпидемияға қарсы тәртіп. Асептика, антисептика. Дезинфекция, стерилизация туралы түсінік. Қолданылатын бұйрықтар.

Медицина қызметкерлерінің жеке бас гигиенасына қойылатын талаптар. Қызметкерлердің қолдарын өңдеуі. Медицина қызметкерлерінің жеке қорғаныс шаралары. Акушерлік стационарда бөлмелерді тазалау ерекшеліктері.

Тақырып 1.2 Әйел жыныс мүшесінің анатомиясы және физиологиясы. Әйел жамбасы. Жамбас түбі. Ұрық басы - босану объектісі .

Әйел жыныс мүшелерінің құрылысы. Қынаптың флорасы және тазалық дәрежелері. Жамбас шел қабатының және көршілес мүшелердің / қуық және несеп ағар жолдарының, тік ішектің / топографиясы. Кіші жамбас іш пердесінің орналасуы. Жатырдың және аналық бездердің байламдары және олардың маңызы. Әйел жыныс мүшелерінің қан айналым және лимфа жүйелері. Иннервация. Сүт бездері.

Әйел өмірінің кезеңдері, қалыпты етеккір циклі, әйелдің бүкіл ағзасындағы циклді өзгерістер, етеккір циклының нейрогуморальды реттелуі.

Әйел жамбасы, оның құрылысы. Әйел жамбасының ерлер жамбасынан айырмашылықтары. Жамбас бөліктері. Үлкен және кіші жамбас, сыртқы жамбас өлшемдері. Кіші жамбастың жазықтықтары мен өлшемдері, диагоналды және шынайы конъюгаталарды анықтау. Жамбастың өткізгіш осі. Жамбастың иілу бұрышы және оның маңызы. Жамбас түбінің құрылысы. Нәресте басының құрылысы мен өлшемдері.



Тәжірибелік сабақ:

Сабақ клиникаға дейінгі тәжірибе бөлмесінде өткізіледі: әйел жыныс мүшелерінің анатомиясын меңгеру. Әйел жыныс мүшелерін қарау. Қынап айналары арқылы тексеру, бимануалды зерттеу (фантомда). Кестелер, анализ арқылы қынаптың тазалық дәрежесін анықтау. Оқушылар етеккір циклы календарін жүргізуді үйренеді. Қалаусыз жүктіліктен қорғанудың физиологиялық әдісі.

Жамбас сүйектері құрылысын меңгеру. Кіші жамбастың жазықтықтары мен өлшемдері. Жамбас өлшемдерін өлшеуді жамбасөлшеуішпен жамбаста және фантомда үйрену. Жамбастың сыртқы өлшемдері. Шынайы коньюгатаны анықтау. Соловьев индексін өлшеу. Нәресте басының құрылысы мен өлшемдері.

Тарау 2. Физиологиялық акушерия

Тақырып 2.1 Жүктілік физиологиясы. Жүктілік кезіндегі әйел ағзасындағы өзгерістер.

Жүктілік физиологиясы туралы түсінік. Сперматозоидттар мен аналық жасушалардың құрылысы. Ұрықтану. Плацентаның, кіндік баудың, қағанақ суларының қызметі.Фетоплацентарлы жүйе туралы түсінік. Жүктілік кезіндегі қауіпті кезеңдер. Жүктіліктің әр мерзімінде әйел ағзасының жүктілікке бейімделуі.



Тақырып 2.2 Жүктіліктің ерте және кеш мерзімдерін анықтау. Жүкті әйел гигиенасы. Перинатология негіздері.

Жүктіліктің ерте және кеш мерзімдерін анықтау. Жүкті әйелдерді тексеру әдістері. Жүкті әйел гигиенасы.

Перинатология туралы түсінік. Перинатальды патологияның дамуының қауіп факторлары. Қоршаған орта факторлары, олардың эмбрион мен ұрықтың дамуына әсері. Фетоплацентарлы жүйе, ұрықтың жағдайын бағалау. Плацентарлы жетіспеушілік. Перинатальды патология, алдын-алу.

Тәжірибелік сабақ:

Сабақ әйелдер кеңес орнында өткізіледі: жүкті әйелдерді қабылдауға қатысып, жүктілердің жеке карталарын толтырады, анамнез жинайды, әйелдің күй-жағдайын анықтайды (артериальды қысым мен пульсті анықтау), жамбасты, іш айналымын және жатыр түбі деңгейінің биіктігін өлшеп, тексерілуге жолдама жазып, алмастыру картасын толтырады. Сыртқы зерттеу әдістерін жүргізеді. Жүктілік мерзімін, БДД, босану уақытын анықтайды.

«Жүкті әйел гигиенасы» тақырыбында жүкті әйелдермен кеңес жүргізеді.

4 Оқу үрдісін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қойылатын талаптар

Білім беру технологиясын таңдау пәннің мазмұндық ерекшелігіне байланысты және білім алушының мейірбикенің біліктілігіне сәйкес гинекологиялық аурулармен сырқаттанатын науқастарға, жүкті әйелдерге, босанатын және босанған әйелдерге күтім жасауда білімін, іскерлігін, дағдысын қалыптастыруға бағытталуы керек (МЖМБС және білім беру бағдарламасын қараңыз) МЖМБС бойынша базалық, кәсіптік және арнайы біліктілікті қалыптастыруға арналған модульдік оқудың құрылмы енгізілген. Практикалық сабақтарды өткізгенде топты 8 адамнан аспайтын топшаларға бөлу қарастырылған. Практикалық дағдыларын жетілдіру үшін пән бойынша диплом алдыңғы практика қарастырылған. Бағдарлама оқытудың түріне, ұйымдастырылуына, мазмұны мен оқыту әдісіне дәйекті өзгертулер мен толықтырулар енгізуге құқық береді. Оқыту барысында қазіргі заманға сай оқу әдістемелік әдебиеттер, жаңа оқу және анықтама құралдарды, электронды оқулықтарды, мультимедиялық оқу бағдарламаларын қолдануды ұсынады.



4. Оқу әдістемелік жабдықталу
4.1 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:


1. Р.Ә. Козденова, И.Қ. Сейітмамбетова - Акушерлік, «Ғылым» баспасы, 2000ж

2. Р.Ә. Козденова, И.Қ. Сейітмамбетова - Гинекология,«Ғылым» баспасы, 2000ж

3. В.И. Бодяжина – Акушерлік «Медицина», Москва, 1996ж.
Қосымша әдебиеттер:
1.М.С. Малиновский- Оперативтік акушерлік «Медицина», Москва, 1974ж

2. В.И. Стрелкова, В.И.Ельцова, Е.В. Мареева – оқу құралы, 1987ж.

3.А.С.С. Слепых- Акушерлік реаниматология, 1984ж.

4.В.И.Серов, А.Н.Стрижанов, Тәжірибелі акушерлік. «Медицина», Москва 1989ж

5.Е.А. Чернуха- Босану блогы /тәжірибелі дәрігерлер кітапханасынан/, 1991ж.
4.2 Оқыту құралдары:
1. Дидактикалық және көрнекті құралдар;

2. Қағазды және электронды тасушыларда тесттер;

3. Қағазды және электронды тасушыларда оқу және оқу-әдістемелік құралдар;

4. Диапозитивтер, слайдтар, видиофильмдер;



5.Тақырыптық плакаттар жиынтығы;

6. Тесттер, есептер жиынтығы.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет