Бағдарламасын, «Қазақстан Ресбуликасының Тіл туралы» Заңын, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу»


Оқырмандар туралы ақпарат кестеде көрсетілген



бет7/7
Дата23.08.2017
өлшемі1,01 Mb.
#24981
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7


Оқырмандар туралы ақпарат кестеде көрсетілген


Оқырмандар категориясы

2014-2015ж.ж

Барлық оқырмандар саны

506

Бастапқы буын мектеп оқушылары 1-4 сыныптар аралығы

69

Ортаңғы буын мектеп оқушылары 5 -9 сыныптар аралығы

181

Жоғарғы буын мектеп оқушылары 10-11 сынып оқушылары

172

Педагогикалық ұжым

60

Басқалары

24

Келушілер саны :

11442

Кітап беру саны:

14648

Қор айналымы:

1,6%

2015-2016 оқу жылына тапсырыс берілді. 4с, 5с, 6с, 11сынып ҚГБ, 11с ЖМБ осы аталған сыныптарға ағылшын пәндері және барлық сыныптарға Өзін-өзі тану оқулығы мен дәптері құны 2818020 (екі миллион сегіз жүз он сегіз мың 20 тенге) құрайды.

Жылдан-жылға кітапханамыз жаңа оқулықтар және әдістемелік оқу құралдарымен, көрнекіліктермен, географиялық карталармен, музыкалық фонохрестоматиялармен, электрондық оқулықтармен, әдеби кітаптармен толықтырылып отырады. Мектеп кітапханасы 131.000тенгенің мерзімдік басылымдарына жазылды. «Кітап – білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған біздің кітапханамызда оқушыларды заман талабына сай ақпараттық технологиямен, ғаламтормен жұмыс жасауға бейімдеп, қазіргі заманға сай оқырмандардың ойын ұшқырлайтын танымдық кештер, мерекелік іс-шаралар, кездесу кештері, кітапханалық сабақтар өткізіліп, көрмелер ұйымдастырылып тұрады. 

Тұрақты көрмелерді атап өтетін болсақ: жыл бойы атаулы мерекелерге мерей той иелеріне арналған төмендегідей көрмелер ұйымдастырылды:

Конституцияның 20ж байланысты, «Ата Заңым - мақтанышым, қорғанышым», «Тілім - менің қасиетім, қазынам», Ұстаздар мерекесіне «Ғалым , Қайраткер, Ұстаз», «С.Сейфуллин - қазақтың көрнекті ақыны» С.Сейфуллиннің 120 ж арналған кітап көрмесі. 11.11.2014ж Елбасының кезекті Жолдауы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол»атты кітап көрмесі,

1 желтоқсан «Н.Назарбаев - ҚР Тұңғыш Президенті»атты кітап көрмесі, «ЭКСПО -2017», «Ассамблея-татулық темірқазығы» Ассамблеяның 20 ж, «Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл», «Мәдени мұра-асыл қазына» «Абай дана-Абай дара»А.Құнанбаевтың 170 ж кітап көрмесі, «С.Мұқанұлы Мұқановтың 115ж», Жеңістің 70 жылдығына арналған кітап көрмесі «Өшпес ерлік ерендері» және батырларға арнап Буклет жасалды
Кітапханадағы іс-шаралардың барлығы да интерактивті жүйеде, слайд-презентациялар арқылы жүргізіледі.
Ақпарат библиорафия және көпшілік жұмыс

Кітапханада танымдық кештер өткізу. Мысалы осындай шаралардың мақсаттары: халқымыздың дарынды ұлдарының, тума талант иелерінің өмір жолы мен шығармашылық тағдырларын таныту.  Сондай–ақ,  бұл іс-шаралар оқушылардың туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятады, патриоттыққа, адамгершілікке, сезім тазалығына тәрбиелейді.

Тілдер мерекесіне арнап 6-сынып оқушыларымен кітапханалық сағат «Тілім менің қасиетім қазынам», Бір ел-біркітап акциясына С.Мұратбековтың «Жусан иісі» шығармасына конференция, 7 «Б»-сынып оқушыларымен Ф.Оңғарсынованың 75 ж «Поэзия кеші»және 7- «Б»сынып оқушыларымен С.Мұратбековтың «Ананың арманы» шығармасына конференция, 10-сыныптармен Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» шығармасына дөңгелек үстел, 3-сынып оқушыларымен «Әдептілік әдемілік белгісі»кітапханалық іс-шара, Жеңістің 70-ж орай Б.Момышұлының 104жылыдғына «Батыр туса ел ырысы»Б.Момышұлының кітаптарына шолу, «Қыз тәрбиелей отырып –ұлт тәрбиелейміз»5,7,8 сыныпжәне интернат тәрбиешілері қыздарымен сыр сұқбат ашық әңгіме , пікір талас., «Ұлыстың ұлы күні», «Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл», Ұлы Жеңістің 70-ж М.Мағауиннің 75ж «Бір атаның балалары»шығармасына әдеби кітапханалық сағат.Бастауыш сынып оқушыларымен жеке сұхбаттасу.

Кітапханадағы іс-шаралардың барлығы да интерактивті жүйеде, слайд-презентациялар арқылы жүргізіледі

Аталып өтілген іс-шаралар мектеп кітапханасында өткен болса ,сонымен қатар қаладағы «Ғ.Мүсірепов атындағы»балалар кітапханасымен тығыз байланыста болдық.Ондағы іс-шараларға белсене қатыстық.Атап айтатын болсақ 5-оқушы тілдер күніне орай «Поэзия кешіне» қатысып 3-уі жүлделі орынға ие болды. 7сынып оқушыларымен кітапханаға экскурсия жасадық және Б.Майлиннің немересі Д. Сейітжановамен кездесу кешіне қатыстық. Б.Майлиннің өмірі жайлы туған немересі көп әңгімелеп берді. Ғ.Мүсірепов балалар кітапханасында болып өткен тағы бір іс-шара Ф.Оңғарсынованың өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысына 8,9,10с оқушылары қатысып мадақтау қағазына ие болды. Жеңістің 70-ж арнап Ғ. Мүсірепов балалар кітапханасында «70-жыл ашық жұлдыздар астында» атты жас ақындар сайысына 8,10,11 сынып оқушыларынан 4-оқушы қатысып оның ішінде Әділбек Алтынбек 1-орынға ие болып, ақшалай сыйлық алды.

Тағы да басқа библиографиялық жұмыстың бір түрі картотекаларды толтыру. Біздің кітапханамызда «Тұлғалалар картотекасы», «Өлкетану картотекасы», «Тақырыптық картотека» және «Оқулықтар картотекасы» бар.Мерзімдік басылым келген бетте жаңадан тақырыпқа сай картотекаларды толтырып отыру жұмыстары жүргізіледі.


Балалар мен жасөспірімдерге арналған

«Кітап оқитын адам –табысты адам» атты облыстық конкурс
Конкурстың мақсаты оқушылардың бос уақыты нысанасы ретінде кітап оқуды дәріптеу.Кітап пен оқуды адамның рухани өмірінің маңызды факторы ретінде насихаттау.Балалар мен жасөспірімдерді өзіндік әдеби шығармашылық үдерісіне тарту жолымен олардың әдеби-шығармашылық қабілетін дамыту.Осы тұрғыда біздің Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатынан білім басқармасынан келіп түскен ереже бойынша жас ерекшеліктеріне байланысты 3 оқушы қатысты.

7-10 жас кіші мектеп жасы 4-сынып оқушысы Кабдулмажитова Әйгерім Ерболқызы.Тақырыбы «Сүйікті кітабымды иллюстрациялаймын» (Жұмысы: сурет салу) Әйгерімнің сүйікті авторы Б.Соқпақбаевтың «Аяжан»әңгімесі. Осы тақырыпқа байланысты суреттерін интерактивті тақтада слайд түрінде берілген 5 минут уақыт ішінде әңгімелеп берді және сол суреттерді папкаға салып әділ қазылар алқасына тамашалауға табыс етті.Бұл жас шамасында аудандардан қатысқан оқушылар саны жиырма болды. Әйгерім Сертификатқа ие болды.

11-13жас орта мектеп жасы 7«Б»-сынып оқушысы Абилова Гүлмира Жанатқызы қатысты. (Жұмысы: буклет, коллаж ) «Сүйікті жазушымның сүйікті кітабы» атты тақырыпқа С.Мұратбековтың «Ананың арманы»шығармасын оқып талдап осы бойынша оқушы жұмыс жасады.Отырған әділ қазылар алқасына Гүлмираның осы тақырыпқа жасаған буклеті мен коллажы ұнады және жұмысын қорғағанда оның оқыған шығармасының мазмұнын осы заманмен салыстыра отырып ашып бергендігі ұнады.Абилова Гүлмира еңбегіне сай бағаланды 1-ші орынды 15 ауданнан келген оқушылардың ішінен оза түсіп жеңіп алды.14-17жас ересек мектеп жасы бойынша қатысушы 10-«Б» Ұланова Айғаным Салжановна.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» роман (жұмысы:бейнебаян). Романға 10 «Б»сынып оқушыларымен кітапханада талдау жасау үшін конференция өткіздік.Осы конференцияны бейне баянға түсірдік.Айғаным «Сіз кітапханаға жиі барасыз ба?» деп оқушылардан сұхбат алды және екеуміз қала кітапханаларына барып бейне баян түсірдік.Бұл кітапханаларға бару себебіміз Айғаным тек мектеп кітапхансымен ғана шектеліп қоймай сонымен осы кітапханалармен тығыз байланыста болуы.Айғаным 3-ші дәрежелі дипломға ие болды.Конкурсанттарға берілген уақыт 5-7 минут.Әр жетекшіде 1оқушыдан болды.
Қормен жұмыс
Көркем әдебиеттерді кітапханалық жіктеу таблицасы бойынша орналастыру. Қорды ескірген тозығы жеткен әдебиеттерден тазарту. Кітаптарды стеллаждарға жүйелі алфавиттік тәртіппен орналастыру.

Журналдарды атауы, басылған жылдары, нөмірелрі бойынша орналастыру. Газеттерді нөмірлеп тігу. Оқушылар кез келген уақытта мектеп кітапханасында кітапхана қорын пайдалана алады;

Анықтамалық шығармаларды пайдаланып, өздеріне берілген тапсырмаларын орындайды және баспасөз басылымдарын қарап, кітапханада отырып дайындалады. Компьютермен электронды оқулықтарды оқиды; «Жансызды жандандыратын, жандыны жаңғыртатын - кітап», екенін білген, көптеген кітап сүйер оқырмандарымыз да бар. Іздегенін бізден сұрап, сабақтан тыс кезде келіп, көркем-әдеби кітаптарды оқитын оқырмандарымыз да аз емес. Міне, осыған байланысты кітапхана күнделікті статистикалық есеп жүргізіп отырады. Бұл есеп кітапхана қорының қозғалысы мен оқырмандардың құрамын, санын айқындайды, кітап беру және библиографиялық жұмыстың мөлшерін айқындауға мүмкіндік береді.статистикалық есеп кітапхана күнделігі арқылы жүзеге асады. Кітапханаға күніне 40-50 оқырман келеді, әсіресе, жоғарғы сынып оқушылары мен орта буын оқушылары.

Кітапхана баспасөзге жазылу арқылы да кітап қорын толықтырып отырады. 2014-2015 оқу жылына баспа жазылуға 131000 теңге бөлінді. Кітапхана тұрақты түрде «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Айқын», «Ана тілі», «Республика ұстазы», «Солтүстік Қазақстан», «Қызылжар нұры», «Қазақстан Заман» және т.б. газеттерін, әрбір пәнге байланысты шығатын әдістемелік журналдарды, балаларға арналған журналдарына жазылады. Оқушыларға арналған «Ұлан», «Балдырған», «Айгөлек», «Балаби» т.б газет –журналдары жазылып алынады. Аталған басылымдарда жарық көрген маңызды мақалаларға картотека жасалынады.

 АБИС МАРК ГОЛ – кітапхана жұмыстарын автоматтандыру кешінді бағдарлама. Бұл бағдарлама арқылы оқырман сұранысы бойынша, таңдау кітаптарды индиксациялау, библиографиялық тізімдерді құрастыру, секілді кітапхана жұмысын сапалы әрі тез атқаруға болады.Сонымен қатар кітапханада 11адамнан тұратын активтер құрамы бар. Активтермен жұмыс нағыз оқырмандар ұжымын тәрбиелеу болып табылады. Активті тәрбиелеу ісі кітапханашының күнделікті жұмысында балармен әртүрлі көпшілік жұмыстарын өткізу барысында жүзеге асырылып отырады .Актив  оқырмандар арқылы көптеген балаларды кітаппен жұмыс істеуге үйретіп кітапхана әлеміне қызықтырып оларды кітапқа деген ынтасын арттырады Оқу жылы басында активтерді қайта сайлап, оған жетекшілік ететін оқырмандар жетекшісін сайлап алу.Активтердің күн сайын кітапханаға кезекшілік етуін қамтамасыз етіп отыру. Кітапхана жұмысын активтерге таныстырып оларға жұмыстарын беріп отыру.

Кітапханада 2007 жылдан бастап кітапхана кеңесі құрылып, жұмыс істейді. Кеңес мүшелері мектеп оқушылары үш жылда бір ауысып тұрады. Кітапхана кеңес мүшелерімен бірлесе отырып, оқу жылына түрлі тақырыптар бойынша әр салаға, жыл ерекшелігіне, жылдық жоспар жоспарланады.2014-2015 оқу ж кітапхана кеңесінінің құрамын қайта сайлап мынандай мәселелер қаралды және жаңа оқу жылының жоспары бекітілді.Ай сайын өткізілген іс-шаралар талқыланып отырды.Оқу жылының соңында бастауыш сынып оқушылары жыл бойы кітапханадан үздіксіз кітаптар алып, біліміне білім қосқан жас оқырмандарымыз мақтау қағаздарымен марапатталды.2014-2015 оқу ж арналған кітапхана активтерінің және кітапхана кеңесінің жұмыс жоспарлары бар.Оқулықтар түгел тегіс100% оқушылардан жиналды.


ХІІІ. Қорытынды.
2014-2015 оқу жылында жоспарланған жұмыстар педагогикалық кеңесте талданып, бағаланды. Келесі оқу жылына келесі міндеттер белгіленді:

1.ҰБТ –ға оқушылардың дайындығын нығайту;

2.Жекеленген пәндер бойынша білім сапасын арттыру жолдарын қарастыру;

3.Ғылыми-әдістемелік қызметті нығайту және баспа жұмыстарын жандандыру;

4.Әдістемелік бірлестіктер жұмысын күшейту;

5.Мұғалімдердің кәсіби сайыстарға қатысу деңгейін көтеру;



6.Өзара озық тәжірибе алмасу жұмыстарын республикалық деңгейге шығару;

7.Жас мамандармен жұмыс көлемін кеңейту.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет