Бағдарламасының негізіндегі



Дата04.07.2018
өлшемі142 Kb.
#46552
түріБағдарламасы
ТҮСІНІК ХАТ
Ұсынылып отырған күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңартылған оқу бағдарламасының негізіндегі «Биология» пәні бойынша 7 сыныпқа арналған.

Тақырыптық – күнтізбелік жоспар 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және 2016 жылдың 3 қарашасындағы №668 бұйрықтың негізіндегі типтік оқу бағдарламаларының негізінде жасалынды.

7-сыныпқа арналған «Биология» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқушыларға алған білімдерін нысандар мен ақпаратты бақылау, топтастыру, жүйелендіру, салыстыру, талдау, себеп-салдарлық байланыстарды орнату сияқты дағдыларын дамыту үшін қолдануға көмектеседі.

«Биология» пәнінің мақсаты – оқушыларға органикалық дүниенің көптүрлілігі, ондағы болып жатқан құбылыстар мен үдерістердің заңдары мен заңдылықтары, сонымен қатар адам оның ажырамас бөлігі туралы білім мен түсінік жүйелерін беру. Оқу пәнінің міндеттері: 1) жер бетіндегі барлық тірінің құндылығын түсіну үшін өмірдің құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың негізгі патшалықтары ағзаларының көбеюі мен дамуы, экожүйе, биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін асыру; 2) экологиялық этика нормалары мен ережелерін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру; 3) генетикалық сауаттылықты қалыптастыру - салауатты өмір салты негіздері, психикалық, тән және моральдық денсаулық сақтау; 4) оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, биологиялық білімдерін практикада қолдануға ұмтылу, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология, экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны қорғау саласындағы практикалық іс-шараларға қатысу; «Биология» пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасының негізі оқытудың төрт бөлімін қамтиды: «Тірі ағзалардың алуан түрлілігі, құрылымы және функциялары»; «Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік»; «Эволюциялық даму, ағза және қоршаған орта»; «Кіріктірілген қолданбалы ғылымдар».

Биология бойынша бағдарламаның негізгі ерекшеліктері болып биология бөлімдерін зерделеу жүйелілігінде оқытудың «шиыршық» принципін пайдаланылады. Бағдарламада 7-сыныптан бастап біртіндеп мазмұнының тереңдеуімен және күрделенуімен биология курсының барлық негізгі мәселелері оқытылады. Демек, оқушылар ағзалардың әртүрлі топтарына тән биологиялық процестер мен құбылыстарды бір мезгілде зерделеу және салыстыру мүмкіндігін алады. Сабақтарды жоспарлаған кезде практикалық дағдыларды дамытуға бағыталған белсенді оқыту әдістерін көбірек қарастыру керек.

«Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 7 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.



Ұсынылған оқулық: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Курмангалиевна, баспа: Алматы «Мектеп» 2017 год.

«БИОЛОГИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША 7 СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ҮЛГІ КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

(БАРЛЫҒЫ 68 САҒАТ, АПТАСЫНА 2 САҒАТ)


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері

Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны

Оқу мақсаттары.

Сағат

саны


мерзімі

1-тоқсан







Экожүйелер

4 сағат


Ортаның экологиялық факторлары: абиотикалық (температура, жарық, рН, ылғалдылық) биотикалық (микроағзалар, жануарлар, өсімдіктер).

1-Зертханалық жұмыс «Жергілікті жердің экожүйелерін зерттеу (мектеп ауласы мысалында)».

7.3.1.1 - жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта факторларының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу

2




Қоректік тізбектер және қоректік торлар.

Модельдеу «Қоректік тізбек пен торды құру».



7.3.1.2 - табиғи қоректік тізбектерді салыстыру;

7.3.1.3 - қоректік тізбектер және қоректік торларды құрастыру



1




Экологиялық сукцессиялар: Бірінші және екінші реттік сукцессиялар. Экожүйелердің алмасуы.

7.3.1.4 - экологиялық сукцессия үдерісін сипаттау

1




Адам әрекеттерінің қоршаған ортаға әсері 3 сағат

Адам экожүйенің бір бөлігі. Антропогендік фактор.

Адам әрекеттерінің экожүйеге жағымсыз әсері.



7.3.2.1 - адам мен экожүйе арасындағы қарым-қатынастарды сипаттау

7.3.2.2 - экожүйеге жағымсыз әсер ететін адам тіршілігінің салаларына мысалдар келтіру



1




Қазақстанда ерекше қорғалатын аймақтар. Жергілікті жердің ерекше қорғалатын аймақтары.

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы. Жергілікті өңірдің ҚР Қызыл кітабына енгізілген жануарлары мен өсімдіктері.



7.3.2.3 - ерекше қорғалатын Қазақстан Республикасының табиғи аймақтарының өсімдіктері мен жануарларын сипаттау

7.3.2.4 - жергілікті өңірдің Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлары мен өсімдіктеріне мысал келтіру



2




Тірі ағзаларды жүйелеу

3 сағат




Тірі ағзалардың бес патшалығына жалпы сипаттама: прокариоттар, протисталар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар. Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Патшалықтар. Типтер. Бөлімдер. Кластар. Өсімдіктер мен жануарларды жүйелеудің маңызы.

7.1.1.1 - жүйелеудің маңызын түсіндіру;

7.1.1.2 - жүйелеуде тірі ағзалардың орнын анықтау


1





Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер.

7.1.1.3 - омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың құрылысының ерекшеліктерін сипаттау

1




Дихотомиялық әдіс.

Дихотомиялық кілттерді қолдану.



7.1.1.4 - жекелеген ағзаларға қарапайым дихотомиялық кілттерді қолдану

1




Жасушалық биология 2 сағат



Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Өсімдіктер және жануарлар жасушаларын салыстыру. Жарық микроскобынан көрінетін жасуша құрылымдары: пластидтер, вакуоль, ядро, цитоплазма, жасушалық мембрана, жасушалық қабырға.

7.4.2.1 - «жасуша», «ұлпа», «мүше», «мүшелер жүйесі» ұғымдарды түсіндіру;

7.4.2.2 - өсімдіктер және жануарлар жасушаларын ажырату



2



Су және органикалық заттар

3 сағат


Судың қасиеттері: беттік керілу, судың қозғалысы, еріткіштігі, қайнау және балқу температурасы, жылусыйымдылығы. Судың биологиялық маңызы және оның еріткіш ретіндегі, температураны сақтау мен реттеудегі ролі. 2-Зертханалық жұмыс «Судың тірі ағзалар үшін маңызы мен қасиеттерін зерттеу». Микро- (мырыш, темір, селен, фтор) және макроэлементтердің (магний, кальций, калий, фосфор, ) тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы.

7.4.1.1 - судың қасиеті мен тірі ағзалар үшін маңызын сипаттау;

7.4.1.2 - тірі ағзалар тіршілік әрекеттері үшін микро- және макроэлементтердің ролін сипаттау



1





Азық – түліктердегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар.

3-Зертханалық жұмыс «Азық – түліктерде көмірсулар, нәруыздар және майлардың бар болуын зерттеу».

7.4.1.3 - азық – түліктерде көмірсулар, нәруыздар және майлардың бар екендігін дәлелдеу

1




Өсімдіктерде макроэлементтердің тапшылығы (азот, калий, фосфор,). Тыңайтқыштар: органикалық және минералдық (азотты, калийлі жәнефосфорлы).

7.4.1.4 - минералды тыңайтқыштардағы азот, калий және фосфордың өсімдіктер үшін маңызын танып білу

1





Ішкі жиынтық бағалау

1




Тоқсан ішінде барлығы

16






2-тоқсан







4-тарау

Заттардың тасымалдануы

6 сағат


Заттар тасымалдануының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы. Заттардың тасымалдануына қатысатын тірі ағзалардың мүшелері мен мүшелер жүйесі.

7.1.3.1 - тірі ағзалардағы қоректік заттардың тасымалының маңызын түсіндіру;

7.1.3.2 – өсімдіктерде заттардың тасымалын қамтамасыз ететін мүшелерді танып білу


1





Сабақ және тамыр. Сабақтың ішкі құрылысы: қабық, камбий, сүрек, өзек. Тамыр аймақтары: бөліну, өсу, сору және өткізу аймақтары.

7.1.3.3 - тамыр және сабақтың ішкі құрылысын зерттеу;


1





Тамырдың ішкі құрылысы: флоэма, ксилема, камбий.4- Зертханалық жұмыс «Сабақтың ішкі құрылысын зерттеу».5- Зертханалық жұмыс «Тамыр аймақтарын зерттеу»

Ксилема, флоэма және олардың құрылымдық элементтері.



7.1.3.4 - тамыр және сабақтың құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты сипаттау 7.1.3.5 - флоэма мен ксилеманың элементтерін құрылысын салыстыру


2




Жануарлардағы қанайналым мүшелері: буылтық құрттар, ұлулар, буынаяқтылар және омыртқалылар.

7.1.3.6 - жануарларда заттар тасымалына қатысатын мүшелерді танып білу



2




Тірі ағзалардың қоректенуі

3 сағат



Жапырақтың құрылысы мен қызметі. Жапырақтың ішкі құрылысы. Лептесік. Жапырақ фотосинтездеуші негізгі арнайы мүше. Судың булануы мен газдардың алмасуы.

7.1.2.1 - жапырақтың ішкі құрылысын сипаттау, құрылысы мен қызметі арасындағы өзара байланысты сипаттау

1




Фотосинтезге қажетті жағдайлар.

6-Зертханалық жұмыс «Фотосинтез үдерісіне қажетті жағдайларды зерттеу».

7.1.2.2 – фотосинтез үдерісіне қажетті жағдайларды зерттеу

2





Тыныс алу

6 сағат




Өсімдіктер мен жануарлар үшін тыныс алудың маңызы. Тынысалу - энергия көзі. Тыныс алу типтері: анаэробты және аэробты.

Анаэробты және аэробты тынысалуды салыстыру: оттегінің қатысында/қатысынсыз, статикалық/динамикалық жұмыс, жылықанды\суыққанды жануарлар.



7.1.4.1 - тірі ағзалардағы тыныс алу маңызын сипаттау;

7.1.4.2 - анаэробты және аэробты тыныс алу типтерін ажырату



1





Өсімдіктердің тыныс алуы. Тұқымның немесе өскіндердің тынысалуы мысалында

7-Зертханалық жұмыс «Өсімдіктердің тынысалуын зерттеу».

7.1.4.3 - өсімдіктердегі тыныс алуды зерттеу

2





Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелері (бунақденелілердің демтүтіктері, балықтарының желбезектері, құстардың және сүтқоректілердің өкпесі).

Модельдеу «Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың тынысалу жүйесі мүшелерін салыстыру».



7.1.4.4 - омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелерін салыстыру

1





Тынысалу мүшелері. Адамның тынысалу жолдарының құрылысы мен газалмасу мүшелері.

7.1.4.5 - адамның тыныс алу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін танып білу

1





Тыныс алу мүшелерінің аурулары. Тыныс алу мүшелерінің ауруларының себептері мен алдын алу жолдары (өкпе обыры, астма, бронхит, туберкулез, тұмау).

7.1.4.6 - тыныс алу мүшелерінің ауруларының себептері мен алдын алу жолдарын түсіндіру

1





Ішкі жиынтық бағалау

1




Тоқсан ішінде барлығы

16




3-тоқсан







Бөліп шығару

3 сағат


Бөліп шығарудың тірі ағзалар үшін маңызы. Жануарлардағы бөліп шығару өнімдері. Зат алмасудың соңғы өнімдері.

7.1.5.1 - ағзалардың тіршілік әрекетінде бөліп шығарудың маңыздылығын түсіндіру

1





Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері.

8-Зертханалық жұмыс «Өсімдіктердің тынысалу ерекшеліктерін өскіндер мысалында зерттеу»

7.1.5.2 - өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктерін зерттеу

1




Жануарлардың бөліп шығару жүйелері. Жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысын салыстыру.

7.1.5.3 - омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысын салыстыру

1





Қозғалыс

3сағат




Өсімдіктердің қозғалысы. Қозғалыстың өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы. Өсімдіктердің қозғалу тәсілдері (тропизмдер, таксистер, өсу қозғалыстары). Өсімдіктердің өсуі мен дамуына жарықтың әсері. Жарықтың түсу деңгейіне қарай өсімдіктердің бейімделуі. Фотопериодизм күннің жарық түсу ұзақтығына ағзалардың бейімделуі.

7.1.6.1 - өсімдіктердің қозғалысы себептерін түсіндіріп, қозғалыстың маңызын сипаттау (тропизмдер, таксистер);

7.1.6.2 - жарықтың өсімдіктердің дамуына әсерін түсіндіру;

7.1.6.3 - өсімдіктердегі фотопериодизм ролін сипаттау


2




Жануарлардың қозғалыс мүшелері. Тірі ағзалардағы қозғалыстың рөлі. Жануарлардың қозғалу тәсілдеріне мысалдар. Жануарлардың мекен ортасы мен қозғалыстәсілдері арасындағы байланыстарды анықтау.

7.1.6.4 - омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың қозғалыс мүшелерін салыстыру

1




Координация және реттелу

13 сағат


Жүйке жүйесінің типтерін салыстыру: диффузиялы, сатылы, түйнекті, түтіктәрізді.

7.1.7.1 - жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін салыстыру

1





Жүйке жүйесінің құрам бөліктері. Жүйке жүйесінің қызметі. Нейронның құрылысы: денесі, дендриттер, аксон. Нейронның қызметтері.

7.1.7.2 - жүйке жүйесінің қызметін және құрылымдық компоненттерін атау;

7.1.7.3 - жүйке жасушасының компоненттерін анықтау


2





Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері. Жұлын.. Ми. Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері: сопақша ми, артқы (ми көпірі, мишық), орталық және аралық ми. Үлкен ми сыңарлары.

7.1.7.4 - орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметтерін салыстыру

2




Рефлекстік доға: рецептор, сезгіш, аралық, қозғалыс нейрондары, жұмыс мүшесі.

9-Зертханалық жұмыс «Тізе рефлексі».

7.1.7.5 - рефлекстік доғаны зерттеу

2





Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғыты: шартсыз және шартты рефлекстер. Шартты рефлекстердің сөнуі.

7.1.7.6 - мінез-құлықтың рефлекторлық табиғатын түсіндіру

1





Ішкі мүшелер жұмысының жүйкелік реттелуі.

7.1.7.7 - вегетативті жүйке жүйесінің қызметін сипаттау

2




Адам ағзасы үшін ұйқының маңызы. Биологиялық ритмдер. Ұйқының кезеңдері: баяу және жылдам ұйқы. Жұмысқа қабілеттілікКүн тәртібі. Оқу еңбегі мен дене еңбегінің гигиенасы. Күйзеліс. Күйзеліс жағдайларымен күрес және олардың алдын алу әдістері.

7.1.7.8 - ағзаның тіршілік әрекеттерінің қалпына келуіне және тынығуына ұйқының маңызын түсіндіру;

7.1.7.9 - жақсы психикалық денсаулықты сақтаудың принциптерін сипаттау



2





Жүйке жүйесінің қызметіне алкаголь, темекі, және наркотикалық заттардың әсері.

7.1.7.10 - жүйке жүйесінің қызметіне алкаголь, темекі, және наркотикалық заттардың әсерін түсіндіру

1





Ішкі жиынтық бағалау

1




Тоқсан ішінде барлығы

20




4-тоқсан







Тұқымқуалау мен өзгергіштік

3 сағат




Адамда белгілердің тұқым қуалауында гендер мен ДНҚ рөлі.

Жүре пайда болған және тұқымқуалайтын белгілер.



7.2.4.1 - адам ағзасындағы тұқымқуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу;

7.2.4.2 үздік және үздіксіз өзгергіштіктің мысалдарын келтіру



2




Хромосоманың құрылымы. Генетикалық материалды сақтаушы және тасымалдаушы ДНҚ жайлы түсінік.

Модельдеу «Адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу»



7.2.4.3 - белгілерді анықтаудығы гендердің рөлін түсіндіру;

7.2.4.4 - хромосомадағы генетикалық ақпарат ДНҚ рөлін түсіндіру



1




Жасуша циклы

1 сағат


Әртүрлі ағзалар түрлерінің хромосомалар саны.

Соматикалық және жыныс жасушалар. Гаплоидты және диплоидты хромосомалар жиыны.



7.2.2.1 - әртүрлі ағзалардағы хромосомалардың санын салыстыру;

7.2.2.2 - соматикалық және жыныс хромосомаларындағы хромосомалар сандарын атау



1




Көбею.

4 сағат



Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі. Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюінің биологиялық маңызы

7.2.1.1 - өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюін сипаттау

1




Өсімдіктердің өсімді жолмен көбеюі, оның түрлері және табиғаттағы биологиялық маңызы. Өсімдік өсіруде өсімді жолмен көбею тәсілдерін қолдану. Қалемшелеу, сұлатпа өркен, телу (қалемшелермен, көзшелермен), көбею ұлпаларымен.

10-Зертханалық жұмыс «Өсімдіктердегі вегетативті көбею тәсілдері».


7.2.1.2 - өсімдіктердің өсімді көбею тәсілдерін салыстыру

1




Гүл құрылысы. Тозаңдану түрлері. Гүлдеу және тозаңдану. Тозаңдану түрлері (өздігінен, айқас, жасанды). Өсімдіктердегі ұрықтану туралы түсінік және зиготаның түзілуі. Қосарлы ұрықтану. Қосарлы ұрықтанудың биологиялық маңызы.


7.2.1.3 - өздігінен және айқас тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау;

7.2.1.4 - гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтанудың маңызын сипаттау



2





Өсу және даму

3 сағат

Ағзалардың жеке дамуы түсінігі. Өсімдіктер мен жануарлардағы онтогенез кезеңдері. Бөліну, өсу, көбею, қартаю. Өсімдіктердің өсуі. Сабақтың ұзарып және жуандап өсуі. Камбийдің рөлі. Жылдық сақиналар.



11-Зертханалық жұмыс «Жылдық сақинаны санау»

7.2.3.1 - ағзалардың өсу және даму үдерістерін сипаттау;

7.2.3.2 - өсімдіктердің ұзарып және жуандап өсу үдерістерін зерттеу


1





Жануарлардағы тура және түрленіп даму онтогенез типтері. Бунақденелілердің шала және толық түрленіп дамуына мысалдар.

Модельдеу «Жануарлардағы онтогенез типтерін салыстыру».



7.2.3.3 - өсімдіктер мен жануарлардағы онтогенез кезеңдерін ажырату;

7.2.3.4 - жануарлардағы тура және тура емес онтогенез типтерін салыстыру



2




Микробиология және биотехнология

4 сағат


Бактериялардың формаларының әртүрлілігі. Бактериялардың таралуы.

12-Зертханалық жұмыс «Пішен таяқшасының сыртқы пішінін қарастыру»

Бұршақ тұқымдастардың тамырындағы түйнек бактериялары



7.4.3.1 - бактериялар формаларының әртүрлілігін сипаттау

1





Бактерияларды пайдалану. Табиғаттағы және адам өміріндегі бактериялардың маңызы.

13-Зертханалық жұмыс «Өндірісте йогурт және ірімшік жасауды зерттеу».

7.4.3.2 - ірімшік және йогурт өндірісін зерттеу

1





Патогендермен күрес тәсілдері. Бактериялардың антибиотиктерге тұрақтылығы. 14-Зертханалық жұмыс «Антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру өнімдерін қолдануды зерттеу».

7.4.3.3 - антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру өнімдерінің қолданылуын сипаттау

1




Вирустар. Жасушасыз құрылым иелері вирустардың құрылыс ерекшеліктері.

7.4.3.4 - вирустардың тіршіліктің жасушасыз формасы екендігін түсіндіру

1




Ішкі жиынтық бағалау

1




Тоқсан ішінде барлығы

16




Барлық сағат саны

68




Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет