Бақылау түрі: Салыстырмалы



бет1/4
Дата27.02.2022
өлшемі67 Kb.
#133565
  1   2   3   4
Байланысты:
Пед кеңес №2
English File 3e - Intermediate SB, манитор 2017-2018 кортынды Балапан, Зерек топ қортынды, жеке даму картасы- ересек топ, ҚМТҚ ТЕХ КАРТА, Презентация Microsoft PowerPoint (2), Циклоргамм (2)

«» БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ.


ХАТТАМА №2


Өткізілген уақыты:
Түрі: сұрақ-жауап
Тақырыбы: Балалардың тілдік қатынасын жан-жақты дамытуда көркем шығарманы қолдану.
Мақсаты: Педагогтердің оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру іс-әрекетінің тиімділігін арттыру, біліктілігін жетілдіру.
Түрі: сұрақ -жауап ойыны
Қатысқандар саны– 20
КҮН ТӘРТІБІ:
1. Өткен пед кеңес шешімінің орындалуы.
2. Баланың даму деңгейінің көрсеткіші.
3. Оқыту-тәрбиелеу үрдісінде ауыз әдебиетін пайдалану арқылы баланың сөйлеу тілін, қарым-қатынас мәдениетін дамыту.
4. Баланың негізгі тілдік құзіреттілігін қалай қалыптастырамыз?
5 Балаларға арналған әдебиеттер және балалардың ой-қиялдарынан құрастырылған ертегі кітаптар. Көрме
1.ТЫҢДАЛДЫ: Меңгеруші өз сөзінде №1 педагогикалық кеңесте:
1. оқу жылының жылдық міндеттемесімен, жылдық жоспарымен таныстырылып бекітілді. Жылдық жоспар негізінде ай сайын айлық жоспар жасалынып, жоспарланған іс-шаралар уақытылы өткізілсін;
2. Жас топтарына сәйкес құрылған оқу жоспары, күн тәртібі, оқу қызметінің жүктемелік кестесі және перспективтік жоспары талданып бекітілді. Ұйымдастырылған оқу қызметі бекітілген оқу жоспары мен жүктемеге, перспективтік жоспарға сәйкес жүргізілсін;
3. Балалардың даму мониторингін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін индикатор жылына үш рет қыркүйек, желтоқсан және мамыр айында жүргізілсін. Индикатор жүргізу барысында дидактикалық материалдар мен құралдар қолданылсын;
4.Оқыту-тәрбиелеу прпоцесінде тәрбиешілер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, «Дамыта оқыту», «Тәй-тәй», ӨТШТ, ақпараттық-коммуникативтік технологияларын қолдансын;
5.Аттестаттау комиссиясының құрамы аттестаттау комиссиясының жоспарына сәйкес жұмыстарды атқарсын деп шешім қабылданған болатын. Осыған байланысты қандай жұмыстар атқарылды, №1 педагогикалық кеңестің шешімі толықтай орындалды ма деп сұрақ қойды. Бұл сұраққа балабақша әдіскері жауап берді.
СӨЗ СӨЙЛЕГЕН: әдіскер.
Жылдық жоспардың негізінде қыркүйек, қазан айларына айлық жоспарлар құрылып, балабақша қызметкерлері сол жоспарға сәйкес жұмыс жүргізді. Жылдық жоспарға қарай тақырыптық оқу қызметі, ата-аналарға кеңес, тәрбиешілерге арналған семинар, отбасылық эстафеталық жарыс, балалар жұмысынан көрме, №1 өндірістік отырыс, топтық және жалпы ата-аналар жиналысы әдістемелік отырыс, қарттар күніне орай концерт балабақшаның "Оқыту-тәрбиелеу үрдісінде ауыз әдебиетін пайдалану арқылы баланың сөйлеу тілін, қарым-қатынас мәдениетін дамыту» міндетін шешу мақсатында ашық оқу қызметі өткізілді. Күнделікті аурудың алдын алу шараларын жүргізу, балалардың серуенде ұзақ болуын қадағалау, топтарда температураны қатаң сақтау, сүзгі жүргізу, балабақша қызметкерлері және ата-аналар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу, топтардағы ауа режимін ұйымдастыруын қадағалау, баланы далада таза ауада қабылдау, ертеңгілік жаттығуды таза ауада ұйымдастыру, тыныс алу жаттығуларын, ұйқыдан кейінгі жаттығуды ұйымдастыру, балабақша айналасындағы денсаулық жолақшаларымен жүру, қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастыру, таза ауадағы серуенді ұйымдастыру, серуен кезінде қимылды ойындарды ұйымдастыру, ауа, күн ваннасын қабылдау, массажды кілемшелерде, қырлы тақталарда жалаңаяқ жүру, мәдени-гигиеналық машықтарды қалыптастыру, балабақша ауласын түскен жапырақтардан тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ жеке сұрақтар қойылды. Оқыту-тәрбиелеу прпоцесінде тәрбиешілер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, «Дамыта оқыту», «Тәй-тәй», ӨТШТ, ақпараттық-коммуникативтік технологияларын қолдану үстінде. Аттестаттау комиссиясының құрамы аттестаттау комиссиясының жоспарына сәйкес жұмыстарды атқарып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет