Балалар әлеміндегі әдебиеттер



бет1/4
Дата27.12.2016
өлшемі0,51 Mb.
#5425
  1   2   3   4
Балқаш қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі

С.Сейфуллин атындағы №7мектеп-гимназиясы коммуналдық

мемлекеттік мекемесі

(білім беру мекемесінің толық атауы)



Балалар әлеміндегі әдебиеттер

Орындаған кітапхана меңгерушісі: Байжұманова Саягүл Тұяққызы

Балқаш қаласы

Түсінік хат

Балалар әдебиеті – жалпы әдебиеттің дамуы үшін баспалдақ болады. Балалар әдебиеті ертегілерден бастау алып- қазақтың ауыз әдебиеті, халық әдебиеті, жыраулар поэзиясы – тұнып тұрған қазына.

Негізі ХІХ ғасырда қаланған балалар әдебиеті ХХ ғасырда С.Дөнентаев, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, Т.Жомартбаев шығармалары арқылы дамып өрістеді.

Жиырмасыншы жылдардың аяғында І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ө.Тұрманжанов секілді қаламгерлердің тікелей балалар әдебиетімен шұғылдануы, өздерімен бірге қаламдастарын тартып, көптеген мәселелерді ортаға салып, ойласып шешуі - әдебиеттің бұл саласына ерте назар салына бастағанын аңғартады.

М.Әуезовтің “Көксерек” философиялық әңгімесі, Ө.Тұрманжановтың “Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос” мысал-поэмасы, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” повесі қазақ балалар әдебиетінің табысына айналды. Қазақ ақын-жазушылары аталған шығармаларымен әлемдік балалар әдебиетінің образдық галлереясын жаңалады, жанрлық байлығын толықтырды дей аламыз. Балалар өмірін бейнелеген Б.Соқпақбаев, С.Бақбергенов, Н.Серәлиев, О.Сәрсенбаев, М.Мағауин, Б.Бұлқышев, С.Мұратбеков, Б.Момышұлы, Д.Исабеков секілді аға буын шығармаларынан Отан соғысы жылдарындағы балалар тағдырын табамыз.

Жасөспірімдерді дұрыс бағытқа сілтеп, сол үшін ат салысатынның бірі - балалар әдебиеті. Балалар әдебиеті - жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл дамытатын, оларды адамгершілікке тәрбиелейтін өмір оқулығы. Оның мақсаты - мектеп жасына дейінгі үш жасар баладан бастап, он алты жасқа дейінгі оқушыларға көркем әдеби тілде жазылған жоғарғы идеялық қызықты шығармаларды беру. Осының барлығы жас буынды саналы өмір сүруге талпынтады. Оның келешегіне жол ашады, бағыт сілтейді. Өмірге жанасымды, икемді, төзімді күрескер етеді.



Мақсаты: Оқушыларға балалар әдебиетін насихаттау арқылы - кітап оқуға баулу. Балалар әдебиетінің жанашыр қаламгерлері туралы дәріптеу, оқушылардың жазғы демалысы уақытында бағдарламаға сай қосымша әдебиеттерді оқуға кеңес беру.
Міндеті: Балалардың рухани мәдениетін әдеби кітаптарды оқыту арқылы сөздік қорларын байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, имандылыққа баулу арқылы білімді де саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Бағдарлама барысы:

  1. Балалар әдебиеті – рухани қазына

  2. Қазақ балалар әдебиетінің қаламгерлері

  3. Балаларға арналған халық ертегілері

  4. Бала тілін дамытуда халық ауыз әдебиетінің алатын орны

  5. С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының

кітапханасынан әдеби кітаптарды оқуға кеңес

Өзектілігі – мектеп жасына дейінгі балбөбектен бастап, жасөспірімдік жасқа дейінгі мектеп оқушыларына әдеби тілде жазылған қызықты шығармалар ұсынатындығымен ерекшеленеді.

Күтілетін нәтиже: Әдебиет – тәрбие құралы. Әуелі жеке дарындардың дуалы ауыздарынан шығып, кейін оны халық қалап, қастерлеп, жаттап, жадында қалдырып, ғасырлар бойы өңдеп, өркендетіп, қадірлеп қалыптастырып, асылым деп ақыл-санасына сіңірген әдебиеттің үкілі үлгілері – мәдени мұрамыздың ең құнды қазынасы. Ол – ұрпақ тәрбиесінің күн сәулесіндей әсерлі нұрымен от алатын ой тамызығы болып, жанды жалындататын, қиялды қияндататын, ақыл-сананың айшықты көріністерін бейнелейтін қасиетті, киелі мұра. Әдебиет мұрасы арқылы жан-дүниеміз тазарып, ұрпағымыздың өркениеті өсе түспек.

Балалар әдебиеті – рухани қазына

Балалар әдебиеті – балалар өмірінің энциклопедиясы. Ең бастысы – балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, имандылыққа тәрбиелеу. 

Балалар әдебиеті жас ерекшеліктеріне байланысты бірнеше салаға бөлінеді. Балаларға арналған шығармалар жасөспірімдердің ой-өрісін, сана-сезімін дамытып, оларға заман талабына сай тәлім-тәрбие беруге бағытталады. Балалардың ойлау, түйсік, түсіну қабілеті суреттеліп отырған оқиғаның, көркем образдың нақтылығы, дәлдігін өз өмірінің айналасынан алуды қажет етеді. Балалар әдебиетінің тілі ойнақы, жеңіл әрі көркем, қысқа да мейлінше түсінікті, айқын да дәл, әрі әсерлі болуға тиісті. Себебі, балалар әдебиетінің тілі олардың сөздік қорын байытуға жәрдемдесетін бірден-бір құрал. Балаларға арналған ірі туындылардың идеялық-эстетикалық қырларын халық педагогикасының көзқарастарын, өмір тәжірибесін, қоғам талабын, жазба әдебиетке тигізген әсері, дәстүрлік мәселесі, зерттеу жайын мамандар ғана тұжырымды түрде жеткізіп бере алады.

Кітап көрмесін ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз – балалардың кітап оқуға деген құмарлықтарын арттыру, әлемдік және ұлттық мәдениетке тарту арқылы баланы дамыту және оның өзін жетілдіруге көмек көрсету. Әрбір баланың ішкі дүниесін дамытып, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу, балалық шақ құндылықтарын насихаттап, әлем туралы жан-жақты және шынайы ақпарат алуын қамтамасыз етуге себепкер болу. Балалар әдебиеті – жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл-есін дамытатын, оларды адамгершілік қасиеттерге баулитын өмір оқулығы. Өзінің қалыптасуы, даму барысында бірнеше жүз жылдықтарды қамтитын қазақ балалар әдебиетінің өз тағылымы бар, уақыт пен қоғамда болып жатқан өзгерістер, сол кездердегі идеялогиялық қағидалардың әдеби шығармаларға тигізген әсерлері бүгінгі күні біраз әдеби шығармаларға басқа қырынан қарауды талап етеді. Тарихи кезеңдердегі әртүрлі әдеби үдеріске байланысты қай шығарманы қалай оқыту керектігі жөнінде сөз ету – уақыт талабы. Өйткені балалар әдебиеті – қазақтың мәдениеті мен әдебиетінің құрамдас бір бөлігін құрайтын халықтың озық ойлы, терең де тамырлы әдебиеті. Балалар әдебиеті – халық ауыз әдебиетінен бастау алады. «Бесік жыры» – нәресте туғанда, шілдехана күні, оны алғаш рет бесікке бөлегенде айтылатын өлең.

Қазақ даласының танымал ағартушысы, қазақ халқының бірінші педагогы, балалар әдебиетінің негізін қалаушы -Ыбырай Алтынсарин. Ол балаларды өнер-білімге тәрбиелейтін, еңбекке баулитын, этникалық, эстетикалық тәрбие беретін өлеңдер мен әңгімелер жазды, онда жастарды оқуға, талаптанып талпынуға, білім алуға шақырды. Сондай-ақ, қазақ фольклорынан балалардың тіліне, ұғымына жеңіл шығармаларды іріктеді орыс балалар әдебиетінен қысқа да қызықты әңгімелер аударып, құрастырды, ана тілінде алғашқы оқулықты («Киргизская хрестоматия», 1879 ж.) бастырып шығарды. Оның әңгімелері негізінде хат таныған баланың қай-қайсысына болса да түсінікті. Қазақ балалар әдебиетінің ең жоғары деңгейде дамыған кезі – 1970- 1980 жж. арасы. Бұл жылдарда балаларға және жастарға арналған шығармаларды жариялайтын «Жалын» баспасы ашылып, баспаның жанынан республикалық жабық әдеби конкурс өткізіліп балалар әдебиетінің одан әрі ұлғаюына айрықша әсер етті.Сол бәйгеге қатысып, бағын сынаған жас талапкерлердің бір тобы бұл күнде белгілі қаламгерлердің қатарына қосылса, олардың көптеген шығармалары балалардың қолдан тастамай, сүйіп оқитын кітаптарына айналды.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев “Ғылым таппай мақтанба”, “Интернатта оқып жүр”, “Әсемпаз болма әрнеге” деген өлеңдерінде қазақ балаларын оқуға, өнерге үндеді. Қазақ балаларына арналған оқулықтар мен өлеңдер жинақтары ХХ ғ-дың басында көбейе бастады. 1912 ж. орыс ақын-жазушыларының мысалдарын қазақ тіліне аударып, оған өзінің төл шығармаларын қосып, “Үлгілі тәржіма” атты кітап және “Үлгілі бала” оқулығын шығарған педагог-жазушы Спандияр Көбеевтің қазақ балалар әдебиетін дамытуға сіңірген еңбегі мол. Ақын С.Торайғыров балаларға арнап өз кезіндегі өзекті мәселелерді өрнектеген өлеңдер “Шәкірт ойы”, “Оқып жүрген жастарға”, “Бір балуанға” жазды.

Кеңес дәуірінде идеологияның өзекті бір саласы ретінде балалар әдебиетінің де дамуына арнайы көңіл бөлінді. Алғаш шыға бастаған “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газеті мен “Пионер” (қазіргі “Ақ желкен”) журналында, “Пионер” (“Октябрь балалары”, “Қазақстан пионері”, қазіргі “Ұлан”) газетінде балаларға арналған өлең-жырлар, әңгімелер жарияланды. С.Сейфуллин, Б.Майлин, Ш.Иманбаева жеке өлеңдерін, І.Жансүгіров “Малта”, “Шәркей”, “Жұмбақ” сурет-кітапшаларын, Ө.Тұрманжанов “Қошан кедей” әңгімелер жинағын шығарып, дамуына елеулі үлес қосты. Қазақ балалар әдебиетінің 30-жылдары Қ.Әбдіқадыров, А.Тоқмағамбетов, Т.Жароков, Ж.Саин, Ж.Сыздықов балаларға арнап өлеңдер жазды. 40-жылдардағы Қ.Аманжоловтың, М.Хакімжанованың, Ә.Тәжібаевтың, Ғ.Ормановтың балаларға арналған өлең-тақпақтары жиі жарияланып тұрды. 50-жылдардан бастап қазақ балалар поэзиясында бала психологиясына терең бойлаған балалар ақындары бой көрсетті. Ақын-жазушылар Ө.Тұрманжанов, С.Бегалин, М.Әлімбаев, Ә.Дүйсенбиев, Қ.Мырзалиев, Қ.Ыдырысов, Ж.Смақов, Қ.Баянбаев, С. Қалиев, Е.Егеубаев, т.б. балаларға арнап, көптеген кітаптар жазды. Оларда балаларды Отанды сүюге, ғылым, білімге жетелейтін тартымды тақпақтар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, ертегілер мол. Қазақ балалар әдебиетінде сондай-ақ, сатиралық шығармалармен О.Әубәкіров, Ш.Смаханұлы, жаңа поэмалармен Х.Ерғалиев, Ә.Сәрсенбаев, жаңаша ертегілермен Ө.Тұрманжанов, Қ.Мырзалиев, Ә.Ахметов ақындар Ж.Өмірбековтің, І.Мәмбетовтің, Қ.Мүсіреповтің, Т.Молдағалиевтың жинақтарымен, суретше-кітаптарымен толысты.Ұлы Отан соғысы тақырыбына арнап жазылған Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы, С.Бақбергеновтің «Талғат» повесі мен

М. Хакімжанованың «Мәншүк» атты поэмасы толығынан балалардың оқуына икемделіп кеткен шығармалар деп атаймыз. Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған Талғаттың, Кеңес Одағының Батырлары Қайырғалидың, Мәншүктің, Әлияның ерлік образдары, әсіресе, жас өспірімдердің жүрегінен берік орын алған, ең сүйікті кейіпкерлері екені баршаға аян. Сонымен қатар Отанға деген қаһармандықтың, табандылықтың, анаға, табиғатқа деген сүйіспеншіліктің ең жоғарғы үлгілерін көрсететін осы сияқты көптеген таңдаулы шығармалар еліміздегі әрбір балаға мәлім.

Қазақ балалар әдебиетінің өрісі одан әрі кеңейіп, “Бөбектерге тарту”, “Алтын күн аясында”, “Балдырғанның базарлығы”, “Жыл он екі ай” (1965 жылдан бері жыл сайын шығып тұрды). “Біздің кітап”, “Кел шырқайық, балалар” сияқты жинақтар басылып шықты. Жазушылар І.Жансүгіров, Ш.Хұсайынов, С.Омаров, Т.Ахтанов, Ш.Ахметов, т.б. – балаларға арналған алғашқы пьесаларын жазды.

Әрбір ата-ана өз балаларының жақсы оқуын, білімді болғанын қалайды. Кітап оқуға деген құмарлығын арттырып, мәдениетті болып өсуіне тәрбие береді, жалпы рухани дүниесін байыта түсуге ат салысады. Балалардың рухани байлығын арттырудың сан түрлі жолдары бар. Балаға нанымды болу үшін оқиғаны көз алдына елестетіп, шынайы өмірде сезініп білуі тиіс. Бала өзінің оқығанын, естігенін өз көзімен көре алады, төл мұраларымен танысады, дүниетанымы кеңейеді, кітап әлемінің тарихымен қауышады..
Қазақ балалар әдебиетінің қаламгерлері

Ыбырай Алтынсаринның қазақ әдебиеті тарихындағы орны 

  Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім.Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзенттік махаббатын арнаған, туған халқының игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал етіп келген. 



Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. , Ыбырайдың әдеби туындылары балалар дүниесіне өте жақын. Сондықтан да ол қазақ балалар әдебиетінің атасы деп танылған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Оның шығармалары мұғалімдер даярлайтын оқу орындарында кең көлемде оқытылады. Мектеп оқулықтарына енгізілген.

Ауыр заманда білім алып,ат жалын тартып мінгесін- ақ Ыбырай Алтынсарин білім ұранын көтерді.Елді қорлықтан құтқаратын, игілікке бастайтын тек білім деп есептеді.Бұл ретте ол жалғыз болған жоқ. Байтақ Қазақстанның әр өңірінен ұлт басына төнген қауіпті терең сезініп, ұлттық құлдыраудан құтылудың жолдарын көрсеткендер болды.


Солардың ішінде ұлы Абайдың орны ерекше.
Абай мен Ыбырайдың ақындық,ағартушылық енбектері бірін –бірі толықтырып, үндесіп жатты.Олардың бұл үндестігін терең зерттеп дәлелдеген ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов болды.
Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды.Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселерін көтеруге бет бұрды. Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі болды.Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар енгізді. Шиеленіскен тартыстар, бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы әдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да дамытты. Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, қысқа да әсерлі әңгімелері қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алады.

Надандықтың белгісі-


Еш ақылға жарымас…
Жөн білмеген адамға
Қыдыр ата дарымас…
Әңгімелерінің идеясы, еңбекті сүю, қадірлеу, жақсы мінез- құлыққа бағыттау, халқын сүю махаббат- мейірім перзенттік парыз, т.б.

Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы «Қазақ хрестоматиясы» (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылады..Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде «Сөз басы» деген атпен алған.Қазір бұл өлеңдер «Кел, балалар,оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар» деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті.Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін,әсерін терең сезінді, сенді.Қазақ жастарын білім алуға,мәдениеттің жаңа дәстүрлерін игеруге,бойға сіңіруге шақырды. «Кел, балалар,оқылық» өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып,білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.


Ал «Өнер- білім бар жұрттар» өлеңінде сол тұстағы ғылым мен техниканың ең басты жаңалықтары толық қамтылып, өнер мен білімге қолы жеткен халықтың экономикалық жағынан озықтығын әр салада көрсетеді. Ыбырай Алтынсариннің бір алуан өлеңдері әлеуметтік мәселелерге арналған. Бұған «Өсиет өлеңдер», «Әй жігіттер» тәрізді т.б. өлеңдерін атауға болады.Мұндай өлеңдері биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық- қарлықты, әділетсіздікті сынап, еңбексіздікті зияндығын көрсетіп, адал- еңбектің адамгершілік мінез- құлығын бейнелейді. Мысалы:
Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен,
Кете бар, кессе басың, шыңдықпенен.
Қорек тал бейнеттен де, тәңірім жәрдем,
Телмірме бір адамға мұңдықпенен.
Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз
Азған елдің ішінен
Алыс- алыс қашыңыздар
Зияндасты кісіден.
Жақсыны көзден салмаңыздар,
Жақсыдан қапыл қалмаңыздар…

Ыбырай Алтынсариннің жемісті еңбек етіп, едәуір жақсы шығармалар қалдырған саласының бірі- проза жанры болды.Оның » Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Надандық», «Лұқпан хакім», т.б. бірсыпыра шығармалары қоғамдық өмірдің әр алуан жақтарын суреттеуге арналған. Бұл еңбектерінде жазушы өз дәуірінің елеулі мәселелерін көтере отырып, еңбекші халықтың қоғамдық санасын оятуды, тәрбиелеуді мақсат етеді.


«Бай баласы мен жарлы баласы» — Ыбырай шығармаларының биік шыңы. Ол, біріншіден, озық ойларының жемісі әңгіме оқушысын еңбек етуге, өмірін сырын ұғына түсуге бағыттайды. Үсеннің іс -әрекеттін жазушы сүйсіне жазады. Асан мен Үсенді салыстыра отырып, олардың адамдық қасиеттерін еңбекке қатысына қарай бағалайды.

Бұл әңгімеден сол дәуірден өмір көріністерін, көшпелі тұрмыстың беймаза тірлігін көреміз. Қазақ энциклопедиясы жазушының бұл әңгімесіне орыстың сол кездегі озық ойлы адамдарының көңіл аударғанын Н.Иванов деген журналистің орыс тіліне аударып, «Родник» журналының 1890 жылғы 6-санында жарияланғанын атап көрсетеді



Қорыта келгенде, ЫбырайАлтынсарин- реалист жазушы, ағартушы педагог, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы, тіл тазалығы үшін күрескер, тұңғыш кемеңгер.
Көрнекті әдебиетші ғалым Қ.Жұмалиев өзінің «ХҮІІІ- ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» деген ғылыми – зерттеу еңбегінде педагог- жазушыға: ХІХ ғасырда қазақ даласынан шығып, орыс, Европа мәдениетіне қолы жеткен оқымысты, халық ағартушылар дәрежесіне көтерілген әрі педагог, әрі ақын- жазушы Ыбырай Алтынсаринның өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор »- деп баға береді.
Оның еңбектері жан-жақты зерттеліп, ондаған ғылыми –зерттеу еңбектер жазылған,докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалды.
Өзінің өнегелі өмірі, тынымсыз ізденісі, жан- жақты таланты арқылы танылған Ыбырай Алтынсарин шығармаларының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны расан зор.
Ө.Тұрманжанов

Ө.Тұрманжанов балалар әдебиетіне келу жайын былай баян етеді: «Мен балалар тақырыбына 1929 жылдан бастап шындап жаза бастадым. Балаларға арнап жазған тырнақалды кітапшам «Қарлығаш». Ол 1930 жылы Алматыда басылып шықты. Онан соң сол жылдары «Құрыш құс», «Карл» деген кітаптарым да басылып шықты. Жазғандарымның дені балалар мен жасөспірімдерге арналған».


Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет