Балалар қиялын дамытуда ертегі әңгімелердің тигізетін ықпалы «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл ойдың қалыптасуы мүмкін емес!»



бет1/6
Дата01.04.2018
өлшемі0,72 Mb.
#40007
  1   2   3   4   5   6
Макишева Жанат Көшкенбайқызы,

Атырау облысы, Болашақ мөлтек ауданы



Мақат поселкесі, «Болашақ» бөбекжай балабақшасының әдіскері


Балалар қиялын дамытуда ертегі әңгімелердің тигізетін ықпалы
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл ойдың қалыптасуы мүмкін емес!»

В.А.Сухомлинский
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Әбішұлы Назарбаевтың:

«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан халқына жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңнің келесі он жылға арналған бағыт- бағдарын анықтап,айқындап берген болатын.Сондықтан бала бақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруда тәрбиешілер мен педагогикалық қызметкерлер алдында үлкен мақсатты жұмыс тұрғандығын көрсетеді. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде.Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы- мектепк дейінгі ұйымдардан басталған орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алды десек те,ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім- тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып,жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті әсер етіп,мағынасы өшпейтін із қалдырады. Баланы мектеп алды даярлау үздіксіз білім беру дүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады. Балабақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыту кезінде ұлттық тәрбиенің алатын рольі зор.



Зерттеудің өзектілігі: Халық ертегілерінің бала дүниетанымын қалыптастырудағы маңызы аса зор. Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі-ертегілер. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Оның осы дәуірге дейін жету ерекшеліктерімен тығыз байланысты.Халық арасында үлкен беделге ие болған ертекшілер ертегіні шебер орындаған. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімімен,арман тілегін,қиялын даналығын ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақта ол баланаң ой қиялын ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Сондықтан ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп тәрбиелік мақсатына айырықша көңіл бөлгеніміз жөн. Сондай-ақ бір топ ертегі, аңыздарда жауыздықпен елгезектік тапқырлықпен топтастықты салыстырмалы түрде сөз етіп,ертедегі кейіпкерлердің» іс-әрекеті арқылы ишарамен мегзей отырып, жаманнан жиренуді өсиет етеді.

Зерттеудің мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың халық ертегілеріндегі кейіпкерлерді оқу барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдап ғылыми негіздерін белгілейді.Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ертегі кейіпкерлерін оқу іс-әрекетін қалыптастыру әдістемесін жасау.

Зерттеудің міндеттері:

-Мектепке дейінгі балалардың дамытуда қолданылатын дәстүрлі психологиялық-педагогикалық әдістер.



Теориялық қолданылымы: Мектепке дейінгі балаларға ертегі кейіпкерлерімен таныстыру жолдарынқалыптастырудың тиімді үлгілерін табуды және ұйымдастыруды жалпы ертегі кейіпкерлерін қалыптастыруды жүзеге асыру.

Пррактикалық қолданылымы: Мектеп алды топ ертегі кейіпкерлері туралы түсініктермен дағдыларын қалыптастыру мен зерттеу жұмысының нәтижелі жалпы білім беретін бала-бақшаның оқыту процесінде енгізілген жағдайда баланың ертегі кейіпкерлер туралы түсініктерін қалыптастыруға кең мүмкіндік жасайды. Зерттеу материалы балалар бақшасындағы оқу пәндерін оқыту үрдісінде кеңінен пайдалануға, сондай-ақ жоғары және орта педагогикалық оқу орындарында тәрбиешілерді даярлауда тәрбиешілердің ойындары мен театрланған ойындар (драмалау ойындары).

Театрланған ойындар дегеніміз-бұл әртүрлі құралдардың(ымдау,дене қимылы,қозғалу,дауыс тембрі т.с)көмегімен бала кейіпкердің қимылын,көңіл күйін бере білуді үйренетін шығармашылық бір түрі. Театрланған қойылымдар мазмұнының әдеби және фольклорлық негізгі және көрермендерінің болуы театрланған ойындарға тән ерекшеліктер болып табылады. Ересектер тобында ойынның негізгі екі түрі-драмалау ойыны режиссерлік ойын пайданылады. Драмалау ойынында бала «әртіс» ретінде рөл ойнауды ауызша және жазбаша сипаттау құралдарының көмегімен өз бетімен бейне жасайды. Жұмыстың бірінші кезеңі әдеби мәтінді,көркемдік қабылдауды тереңдетуге арналған. Бұл балалардың танымдық және сөйлеу қабілетін дамыту барысында,сондай-ақ әдеби шығарманың мазмұнына сәйкес келетін музыкалық және бейнелеу әрекеті бойынша жүзеге асырылады. Тәрбиеші мен балалардың бірлескен іс-әрекетінде мәтінмен танысу , оны қабылдауды тереңдету жұмыстары жүргізіледі. Заттық-дамыту ортасының материалдары балалардың кітапқа құмарлығын арттыруға арналған.

Екінші кезеңнің мақсаты-жазбаша, дауыс ырғағымен және тілмен мәнерлеу құралдарының көмегімен бейнелерді жеткізе білу. Бейнелеу-ойын этюдтері оны жүзеге асырудың негізгі әдісі болып табылады. Бейнені шығару-мектепке дейінгі балалар үшін күрделі міндет болғандықтан, мұнда арнайы жұмыс жүргізуге тура келеді. Балалар танымдық және сөйлеу,бейнелеу және музыкалық қабілетін дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, мәтіндерді бар қимылды ойындар, лексикалық жаттығулар өткізу,әртүрлі көрнекіліктерді қарап көру және т.с балалардың әдеби шығармалардың кейіпкерлерін, олардың әрекет ету себептерін,көңіл күйін терең түсінуге көмектеседі. Заттық дамытушы орта мәтін негізінде балалардың өз бетімен ойын ойнап, көркемдік «іс-әрекет жасауын қамтамасыз етуі тиіс.

Үшінші кезең баланың сөйлеу, ойнау және т.б көркемдік іс-әрекетіндегі шығармашылығымен байланысты өтеді (ойын үстінде»көрермен»,»әртіс», «безендіруші»). Бұл мақсат бейнелеу бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде(ұжым болып жарнама қағазын дайындау, шақыру билеттерінжасау), сондай-ақ тәрбиеші мен балалардың бірлескен жұмысы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Ересектер тоында олардың тілін дамытуды және спектакль қоюшылардың қызметімен таныстыруды тереңдете түсу жақсы әсер қалдырады. Заттық орта дербес ойын өткізу және тіл дамыту қызметін ынталандырады.

Осылай ұйымдастырылған жұмыс театрланған ойынның шығармашылық түрлерінде баланың өзін –өзі көрсету және жүзеге асыру,құрдастарының арсында өзін –өзі таныту құралына айналуына көмектеседі. Ал мектеп жасындағы балалардың тәрбиешілер қамқорлығындағы өмірі ойындар мен өнердің алуан түрлерінің кіріктірулерімен байып отырады.

Театр ойындары мен театрланған ойындарға басшылық ету

Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды театрлардың түрлерімен-драма, қуыршақ, музыкалық театрлармен таныстыру. Белгілі бір жанр театрымен, оның құрылысымен, онда қызмет істейтін адамдардың мамандықтарымен бейнефильмдер, слайдтар, суреттер көру, тәрбиешінің оқып беруі және әңгімелеуі арқылы таныстыру. («таным» білім беру саласы»).

Көркем шығарманың мәтінімен таныстыру»ересектердің оқып беруі, бейнежазбалар көру немесе сюжетті суреттер топтамасы бойынша ертегілер айтып беру) ( «Қатынас «білім беру саласы). Осы жанрдағы бейнені мәнерлеп беру құралдарын игеру;музыкалық қойылымда-тіл және ырғақ мәнерлері;қуыршақ спектакльнде-дауыс және қуыршақты жүргізу.нақты ертегінің кейіпкерлерімен және элементтерін жасалатын жаттығулар мен этюдтар( «қатынас» және «шығармашылық» білім беру салалары). Макет, атрибуттар, деокарация жасау («шығармашылық»білім беру саласы). Кейіпкерлердің қағаз кескіндерін пайдаланып ертегінің мазмұнын ойнап көру(драмалық спектакльде) және балалардың өздерінің орындауы( «Ойындар»бағдарламасының бөлімі). Театр қойылымын ұйымдастыру( «Әлеуметтік орта» білім беру саласы).

Жылдық жоспар бойынжа ішаралық театр қойылымы болды.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет