"Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы



бет1/5
Дата30.01.2017
өлшемі1,09 Mb.
#8308
  1   2   3   4   5
17.03.2015 редакциясында

Жарияланған: "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі, 20.05.2015 ж.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 мамырда № 10975 тіркелді

"Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының




Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

«КЕЛІСІЛГЕН»




Қазақстан Республикасының




Білім және ғылым министрі




_____________ А. Сәрінжіпов




2015 жылғы 31 наурыз




«КЕЛІСІЛГЕН»




Қазақстан Республикасының




Денсаулық сақтау және




әлеуметтік даму министрі




______________ Т. Дүйсенова




2015 жылғы 2 сәуір



Қазақстан Республикасы


Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 17 наурыздағы
№ 217 бұйрығымен
бекiтiлген

«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне


қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер

1. Осы «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және жобалауға, салуға, қайта жаңартуға, жөндеуге, пайдалануға беруге, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жылытуға, жарықтандыруға, желдетуге, микроклиматқа, күтіп-ұстауға және пайдалануға, тәрбиелеу мен оқыту, тұру жағдайларына, тамақтандыруды ұйымдастыруға, балаларға медициналық қызмет көрсетуге, сондай-ақ меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, толық, жарты күн (қысқа уақытқа), тәулік бойы болатын балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілерінің барлық түрлері мен үлгілеріндегі персоналды гигиеналық тәрбиелеуге (жеке гигиенасына) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

2. Осы Санитариялық қағидалар:

1) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту – мемлекеттік және жеке бөбектер бақшасы, балабақшалары, отбасылық бөбектер бақшасы, санаториялық бөбектер бақшасы, «мектеп-балабақша» кешені, мектепке дейінгі шағын-орталықтар (бұдан әрі бірлесіп – МДҰ деп аталатын);

2) тәрбиелеу және балалар тұратын орындарды ұйымдастыру – балалар үйі, жетімдер үйі;

3) меншік нысандарына қарамастан, балалардың тамақтануын ұйымдастыру қызметін жүзеге асыратын балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне (бұдан әрі бірлесіп - объектілер деп аталатын) қолданылады.

3. Қызметі балаларды тәрбиелеу және оларды оқытумен байланысты заңды және жеке тұлғалар (білім беру қызметтерін көрсету, оның ішінде тәрбиелеу мен оқыту, тұру, тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету) қызметін бастар алдында осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады.

4. Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы жүзеге асырады.

5. Объектілерге мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізу кезінде осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес зертханалық-аспаптық зерттеу жүргізіледі.

6. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:

1) арнайы мектепке дейінгі ұйымдар – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жалпы білім беру оқу бағдарламаларының негізінде әзірленген арнайы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар;

2) арнайы киім – шикізатты, қосымша материалдар мен дайын өнімді механикалық бөлшектермен, микроорганизмдермен ластанудан және басқа да ластанулардан қорғауға арналған персоналдың қорғаныш киімінің жиынтығы (костюм немесе халат, үшкіл орамал, қалпақ, алжапқыш және т.б.);

3) балалар қысқа уақытқа болатын МДҰ – тамақтандыруды және ұйқыны ұйымдастырмай, 4 сағаттан аспайтын уақытқа балалар болатын МДҰ;

4) бракераж – органолептикалық көрсеткiштер бойынша тамақ өнiмдерiнiң және дайын тамақтардың сапасын бағалау;

5) дайындау алдындағы бөлме – жартылай фабрикаттардан дайын тамақ өнімін дайындау жүзеге асырылатын үй-жай;

6) дайындау бөлмесі – азық-түлік шикізаттарын дайындау және жартылай фабрикаттарды әзірлеу жүргізілетін үй-жай;

7) дене тәрбиесі – адамның денсаулығын нығайтуға және дене қабілетін дамытуға бағытталған қызмет саласы;

8) жарамдылық мерзімі – тамақ өнімін шығару (дайындау), айналысы процестерінің (сатыларының) шарттары сақталған кезде мерзімі өткенше тамақ өнімін мақсаты бойынша пайдалану үшін қауіпсіз болып саналатын кезең;

9) жартылай фабрикаттар – жылумен өңдеуге алдын ала дайындалған шикі тамақ өнімдері;

10) инсоляция – үй-жайды гигиеналық бағалау үшiн күн радиациясының нормаланатын көрсеткiші;

11) климаттық аймақ – климаттық белгілері (температурасы, ылғалдылығы) бойынша бөлінетін аумақ;

12) күн режимі – мектепке дейінгі ұйымдардағы белгіленген күн тәртібі;

13) қоғамдық тамақтану – тамақ өнiмдерiн өндiрумен, қайта өңдеумен, өткiзумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты қызмет;

14) мектеп алды сыныптары – балаларды мектепте оқытуға даярлауды жүзеге асыратын сыныптар;

15) мектепке дейінгі шағын-орталықтар - бөлек тұрған ғимараттарда, көп пәтерлі түрғын үйлерде, сондай-ақ ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда ораластырылатын, 50-ге дейін орны бар МДҰ;

16) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту – балалардың физикалық, жеке тұлғасын, танымдық сапасын дамыту, олардың әлеуметтік жетістігі мен өмір бойғы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті шешуші құзыреттілікті қалыптастыру;

17) мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі - МДҰ) – бір жастан бастап мектеп жасына жеткенге дейін баланы тәрбиелеуді, оны оқытуды, дамытуды, қарауды, күтуді және сауықтыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымы;

18) оңтайлы микроклиматтық жағдай – балаларға ұзақ және жүйелі әсер ету кезінде термореттегіш тетіктерінің көмегінсіз организмнің қалыпты жылуы жағдайын сақтауды қамтамасыз ететін микроклиматтың сандық көрсеткіштерінің үйлесімдігі;

19) сақтау мерзiмi – тамақ өнiмiнiң нормативтiк құжаттарда көрсетiлген өздерiнiң барлық қасиеттерiн сақтайтын, белгiленген шарттарды сақтау кезеңi;

20) санитариялық-аулалық қондырғылар (бұдан әрі - САҚ) – жерүсті бөлiгi мен қазылған шұңқыры бар, ғимараттан кемiнде 25 метр (бұдан әрі – м) қашықтықта, объектінің аумағында орналасқан кәрiзденбеген дәретхана. Жерүсті үй-жайларын бір-бірімен тығыз жалғасқан материалдардан (тақтайлардан, кірпіштерден, блоктардан) жасайды. Қазынды су өткізбейтін материалдан жасалады. Қазындының тереңдігі жерасты суының деңгейіне байланысты, бірақ 3 метрден аспайды;

21) сәбилер үйі - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, некесіз, жас аналардан туылған балаларды, сондай-ақ ақыл-ойы мен дене дамуында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеу және оларға медициналық көмек көрсету үшін арналған мемлекеттік мекеме;

22) септик – сарқынды сұйықтық ағып өтетiн бiр немесе бiрнеше камераны қамтитын, көлденең үлгідегi жер астындағы тұндырғыш ретiнде шағын көлемдегi тұрмыстық сарқынды суды тазалауға арналған құрылыс;

23) таңертеңгi сүзгi – инфекциялық аурудың әкелiнуiнiң алдын алуға бағытталған профилактикалық медициналық iс-шаралар;

24) тауар көршiлестiгі – тауардың сапасына әсер ететін ластануын және бөгде иістердің сіңуін болдырмайтын, шикі және дайын өнімдердің бірге сақталуына және өткізілуіне жол берілмейтін жағдайлар;

25) тез бұзылатын тамақ өнiмдерi – қатаң регламенттелген мерзiм iшiнде арнайы тасымалдау, сақтау және өткiзу шарттарын талап ететiн тамақ өнiмдерi;

26) технологиялық жабдық – өндіріс жұмысы үшін қажетті механизмдер, машиналар, құрылғылар, құралдар жиынтығы;

27) топтардың толықтырылуы – топтағы балалардың нормаланған саны;

28) топтық оқшаулау – топтарды әкімшілік-шаруашылық, тұрмыстық үй-жайлардан және бір-бірінен оқшаулау;

29) топтық ұяшық – МДҰ-да бір топтағы балаларға арналған үй-жайлардың жиынтығы;

30) түсіру орны – азық-түлік шикізаттарын және тамақ өнімдерін қабылдайтын орын;

31) ұтымды тамақтану – тамақтанудың физиологиялық және жас ерекшелігі нормаларын ескере отырып, теңестірілген тамақтандыру;

32) халықтың аз қозғалатын топтары – кресло-арбалармен және/немесе басқа да қосалқы құралдардың көмегімен қозғалатын, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған және ауыратын мүгедектер, сондай-ақ сүйемелдеушілердің көмегімен қозғалатын, нашар көретін және/немесе көзі көрмейтін азаматтар.

2. Объектілердің аумағына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

7. Объектілерді жобалау, салу, қайта жаңарту және пайдалануға беру халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.

8. МДҰ жер учаскелерінің ауданы Қазақстан Республикасының № 3.02-24-2004 «Мектепке дейінгі білім беру объектілері» құрылыс нормалары мен қағидаларының (бұдан әрі – МДББО ҚНмҚ), № 3.02-31-2005 «Мүгедек балаларға арналған үйлер мен интернаттар» құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптарымен нормаланады.

9. Көп пәтерлі тұрғын үйлерде, жеке үй иелігінде, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналастырылатын, балалар қысқа уақыт болатын МДҰ-да жеке жер учаскесі болмауы мүмкін.

10. Объектілер учаскесінің аумағы қаңғыбас жануарлардың кіріп кетуінің алдын-алу мақсатында қоршалады.

11. Аумаққа гүлдегенде мамықты тұқымдар беретiн ағаштар мен бұталарды отырғызбайды.

12. Объектінің учаскесіне кiру және одан шығу жолдары, көлiкпен кіру жолдары, шаруашылық құрылыстарға, қоқыс жинайтын алаңдарға, санитариялық-аулалық қондырғыларға өтетiн жолдар асфальтпен, бетонмен немесе тазалауға қолжетімді басқа да қатты жабынмен жабылады.

13. Қоқыс жинағыштар тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталады, үш жағынан қоршалған, тазалауға және дезинфекциялауға қол жетімді, қатты жабындысы бар алаңға, ғимараттардан кемiнде 25 м қашықтықта орнатылады. Көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналастырылатын объектілердің қоқысын жинау үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша қоқыс алғыштар ғимараттардан кемінде 15 м қашықтықта орнатылады және (немесе) ортақ қоқыс салғыштар пайдаланылады.

14. Объектінің аумағы және оның қоршауының сыртынан 5 м радиустағы аумақ таза ұсталады.

15. Объектілердің аумағында негізгі ғимаратты(тарды), шаруашылық және топтық алаңдарды орналастыру аймақтарына бөлінеді. Объектінің бейініне байланысты аумақты қосымша аймақтарға бөлу көзделеді.

16. Шаруашылық аймақтың аумағында тазалауға және дезинфекциялауға болатын қатты төсемі болады.

17. Объекті ғимаратының сыртқы жарықтандыру жабдығы аумаққа біркелкі жарықтың түсуін қамтамасыз етуі тиіс.

18. Сәбилер үйінің және МДҰ-ның топтық алаңдары әрбір балалар тобы үшін бөлек болу көзделеді. Сәбилер үйінің топтық алаңдары бөбек жасындағы топтарда бір орынға 7,5 м2 және мектепке дейінгі ұйымдарда 7,2 м2 аудан көзделеді. МДҰ-да топтық алаңдардың көлемі бір орынға кемінде 6 м2 қабылданады. Барлық алаңдар бір-бірінен жасыл көшеттермен (бұталармен) оқшауланады.

19. Әрбір топтық алаңда күн мен жауын-шашыннан қорғану үшін топта 1 орынға 1,6 м2 есебімен көлеңке қалқалары көзделеді. Көлеңке түсіретін қалқалардың едені ағаш тақтайлардан болу көзделеді. IV климаттық белдеудегі және III Б кіші ауданындағы көлеңкелік қалқалар екі жағынан қоршалады.

20. Сәбилер үйі мен МДҰ-ның топтық алаңдарында ғимараттағы топтық ұяшықтарға сәйкес келетiн үй-жайдан шығу есiгiмен ыңғайлы байланыс болады. МДҰ-да бөбек жасындағы балаларға арналған алаңдар осы топтардың үй-жайлардан шығу есiгiне тiкелей жақын орналасады.

21. Топтық және спорт алаңдарындағы жабдық балалардың бойы мен жасына сай орналастырылуы тиіс. Жабдықтың бетіндегі жабын су өткізбейтін материалдан болу көзделеді.

3. Объектілерді жобалауға, салуға, қайта жаңартуға, жөндеуге,
пайдалануға беруге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар

23. МДҰ-ды жеке тұрған ғимаратттарда орналастырады немесе көп пәтерлі түрғын үйлерге салынған (ішіне – жапсарлас салынған) болуы мүмкін.

24. Егерде жобалауда өзгеше көзделмесе, тұрғын үйлердің бірінші қабатында, сондай-ақ ішіне-жапсарлас слынған үй-жайларда балалар қысқа уақытқа болатын МДҰ орналастырылады. Көп пәтерлі тұрғын үйлерде МДҰ бірінші қабаттан жоғары ораластырылмайды.

25. Сәбилер үйі мен МДҰ ғимараттарында және учаскелерінде әкімшілік-шаруашылық, тұрмыстық үй-жайлардан және бір-бірінен топтық оқшаулау қағидаты сақталады. Бөбек жасындағы топтардың балаларына арналған топтық ұяшық құрамына: қабылдау бөлмесі, ойын бөлмесі, жатын бөлмесі, буфет, дәретхана;

мектепке дейінгі жастағы топтар үшін – шешінетін бөлме, ойын бөлмесі, дәретхана, буфет, жатын бөлмесі кіреді.

МДҰ-ны жобалауға арналған тапсырма бойынша МДББО ҚНжҚ талаптарына сәйкес жатын бөлмелерді топ бөлмелерімен біріктіруге жол беріледі.

Мектепке дейінгі шағын-орталықтарда киім ауыстыратын орынның ортақ болуына жол беріледі.

26. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілері жанындағы мамандандырылған медициналық және стоматологиялық кабинеттер, кір жуатын орындар, бассейндер, оқу сыныптары, тамақтану объектілері Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келеді.

27. Сәбилер үйін жеке тұрған 1–2 қабатты ғимаратттарда орналастырады.

28. Көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналастырылатын МДҰ-дың тұрғын үйдің кіреберісімен қосылмаған бөлек есігі болады.

29. Сәбилер үйіндегі, МДҰ-дағы негізгі үй-жайлардың аудандары осы Санитариялық қаидаларға 2-қосымшаның 1, 3-кестелерінде көрсетілген.

30. Балалардың саны объектінің жобалық сыйымдылығынан аспауы тиіс.

31. Баспалдақтардың қоршау биiктiгi кемінде 1,2 метр болу көзделеді. Сәбилер үйінде және МДҰ-да тұтқалар ересек адамдар үшiн 0,85 м биіктікте, балалар үшiн 0,5 м биiктiкте орналасады, баспалдақтар қоршауындағы тiгiнен орнатылған элементтердің 0,1 м аспайтын саңылаулары болады, оларды көлденең орнатуға жол берiлмейдi.

32. Объектілердің ғимараттарын жобалау кезінде халықтың аз қозғалатын топтары үшін қолжетімділік мәселелерін шешу сәулет-қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.

33. Пайдалану режимі шумен қоса жүретін және балалардың алаңдауын тудыруы, педагогикалық, медициналық, әкімшілік персоналдың жұмысына кедергі келтіруі немесе бұзуы мүмкін үй-жайларды (сорғы қондырғысы бар бойлерлер, өндірістік үй-жайлар, жөндеу шеберханалары, сорғы бөлімшелерімен салқындатқыш камералар, желдеткіш камералары, компрессорлық және т.б.) ұйықтау бөлмелерімен, емдеу-диагностикалық үй-жайларға жапларлас, астында немесе үстінде орналастырылмайды.

34. Жеке гигиена бөлмелерін, персоналға арналған санитариялық тораптарды әкімшілік үй-жайлардың аймағында орналастырады.

35. Оқшаулағышы бар медициналық блокты объектілердің 1-қабатында орналастырады.

36. Объектілерде спорт залын орналастырған кезде ауданы бір спортпен айналысушыға кемінде 4 м22. Бөбек жасындағы балалар үшін ойын алаңдарының төсемі – шөптен, мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ойын алаңдарының төсемі – шөптен немесе құм себiлген немесе ұсақ қиыршық тастармен нығыздалған, тегістелген топырақтан болу көзделеді. Жолдар мен тротуарлардың төсемі үшін тротуар тақтайша және тазалауға қолжетімді басқа да материалдар қолданылады.



2 қабылданады. Еденнің ағаштан болуы көзделеді немесе арнайы жабыны болады. Еденнің беті тегіс, ойықсыз және зиянсыз болуы тиіс. Батареялар терезе астындағы қуыстарда орналастырылады және ағаш торлармен жабылады, терезелерде және жарықтандыру құралдарында қоршау құрылғылар көзделеді.

37. Балалар болатын үй-жайлар мен медициналық мақсаттағы үй-жайларды ғимараттың жертөле және цокольдық қабаттарында орналастырмайды.

38. Үй-жайларды әрлеу үшін олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар құрылыс материалдары пайдаланылады. Рекреацияларда, холлдарда, акт залдарында, әкімшілік үй-жайларда әртүрлі конструкциялық аспалы төбелерді қолданады.

39. Медициналық мақсаттағы үй-жайларда, топтық ұяшық жайларында қабырғалардың, еденнің, жабдықтың үсті жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып ылғалды әдіспен тазалауға болатын тегіс, жұмсақ болады. Персоналға арналған санитариялық тораптарда, дәретханаларда, ас блогында, бассейнде, егу бөлмесінде, емшара жасау бөлмесінде, ылғалды режимді үй-жайларда (себезгі бөлмелері, кір жуатын, жуынатын, жуатын бөлмелер және басқалары) қабырғаларды жылтыр тақтайшамен немесе ылғалға төзімді басқа да материалдармен 1,8 м-ден аспайтындай биіктікте қаптайды, еденге төсеу үшін ылғал өтпейтін материалдар немесе еден тақтайшалары қолданылады.

40. Қолжуғыштар және басқа да санитариялық-техникалық құралдар, сондай-ақ оларды пайдалану қабырғаларды ылғалдандыруы мүмкін жабдық орнатылатын жерлерде еденнен 1,8 м биiктiкте және жабдықтар мен құралдардан жан-жағынан 20 сантиметр шығып тұратындай етiп, жылтыр тақтайшамен немесе ылғалға төзiмдi басқа да материалдармен гидроизоляциялау көзделедi.

41. Тазалау мүкәммалын сақтау және өңдеу үшін бөлек үй-жай (орын) көзделеді.

42. Жүзу бассейндерін 32 м3 аспайтын көлемде орнату суды тазарту жүйесінсіз көзделеді. Суды екі топтың балалары (50 баладан аспау) шомылып біткеннен кейін ауыстырады, содан кейін нұсқаулыққа сәйкес, белгіленген тәртіпте қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялаушы құралдармен өңдеу жүргізіледі.

4. Объектілерді жабдықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

44. Объектілердің жиһазы мен жабдығы балалардың бойына, жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Жабдықтың жиыны, саны және көлемі объектінің бейінін, үй-жайлардың ерекшелігін есепке ала отырып көзделеді.

Сәбилер үйінің және МДҰ-ның жиhазының негiзгi өлшемдерi осы Санитариялық қағидаларларға 3-қосымшаның 1, 2-кестелерінде көрсетілген.

45. Объектілерде жиhазды өлшеміне сәйкес таңбалайды.

46. Қабылдау бөлмесі мен киім ауыстыратын бөлмелер балалардың және персоналдың сыртқы киіміне арналған шкафтармен және орындықтармен жабдықталады. Балалар толық және тәулік бойы болатын сәбилер үйінде, МДҰ-да балалардың киіміне арналған шкафтарды жеке таңбалайды және олар бас киімге арналған сөрелермен және сыртқы киімге арналған ілмектермен жабдықталады.

47. Жабдық, жиһаз, жұмсақ және қатты мүкәммал, санитариялық-техникалық аспаптар жұмыс жағдайында болады және мақсатына сай пайдаланылады. Үй-жайларды әрлеудегі ақаулар және жабдықтың, жиһаздың бұзылуы уақытында жөнделуге немесе ауыстырылуға жатады.

48. МДҰ санитариялық аспаптардың саны мен өлшемі осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көзделеді.

49. Объектілердің персоналға арналған санитариялық тораптарында жуынатын қолжуғыштар, электр сүлгілер немесе бір рет қолданылатын гигиеналық сүлгілер, сұйық сабын мөлшерлегіші, қоқыс жинауға арналған қоқыссалғыштар орнатылады.

50. Сәбилер үйлері топтарының дәретхана үй-жайларын сүлгілерге арналған ілгіштермен, жуынуға арналған раковиналармен, жуатын ванналармен, балалар унитаздарымен, түбектерге арналған шкафтармен, шаруашылық мақсатта қолданылатын шкафпен және ағызу жүйесімен жабдықталады. 2 жасқа дейінгі балалар топтарында ілгіштерді ересек адам бойының дейгейінде - еденнен 1 – 1,3 м етіп, 2 жастан асқан балалар топтарында 60 – 80 см биіктікте бекітеді.

51. 1,5 жасқа дейінгі балалар топтарындағы дәретхана бөлмелерінде ересектерге арналған бір қолжуғышты, ағызу жүйесін, ваннаны орналастырады.

52. 1,5 жастан жоғары топтардағы дәретхана бөлмелерінде балаларға арналған екі қолжуғыш, балаларға арналған бір унитаз, ағызу жүйесі, себезгі тұғырығы, түбектерге арналған таңбаланған ұяшықтары бар шкаф-стеллаждар орнатылады.

53. 6 айлыққа дейінгі сәбилер үшін топтарда манеждер мен құндақтау үстелдерін орналастырады. 1 жастан асқан сәбилерді тамақтандыру аймағын тамақтандыруға арналған үстелдермен жабдықтайды.

54. МДҰ-ның дәретхана бөлмелерінде балалардың сүлгілеріне және жеке гигиена заттарына арналған жеке ұяшықтары бар қабырғалық немесе аспалы ілгіштер оратылады. Бөбек топтарындағы дәретхана бөлмелерінде қосымша жеке таңбасы бар түбектерге арналған бөлек ұяшықтары бар шкафтар орнатылады.

55. МДҰ-да балаларға арналған санитариялық құралдарды орнату еденнен мынадай биіктікте көзделеді:

бөбек және мектепке дейінгі кіші жастағы (1 жастан 4 жасқа дейінгі) балалар үшін қолжуғыштар - 0,4 м;

мектепке дейінгі орта және жоғары жастағы (4 жастан 6 (7) жасқа дейінгі) балалар үшін қолжуғыштар - 0,5 м.

56. Жатын бөлмелерді жұмсақ және қатты мүкәммалмен жабдықтау, балалар күндіз болатын МДҰ-дағы киім-кешектерді жуу және оны таңбалау тәулік бойы болатын МДҰ-дағы балалардың тұру жағдайларына қойылатын талаптарға сәйкес келеді.

57. МДҰ-дағы жатын бөлмелерді жеке стационарлық төсектермен жабдықтайды. Үш жасқа дейінгі балаларға арналған төсектердің ұзындығы - 120 см, еденнен жататын жердің 30 см және 50 см деңгейде өзгермелі биіктігімен және қоршаудың еденнен 95 см биіктігімен бірге ені - 60 см; 3 – 6 (7) жастағы балалар үшін – ұзындығы 140 см, ені – 60 см, биіктігі – 30 см. Бүйір жақ қоршау биіктігін азайту мүмкіндігі кемінде 15 см.-ге көзделеді.

58. Балалар толық күндіз болатын МДҰ топтарында екі қабатты және жазылатын қатты төсектерді пайдаланған кезде ауданы 1 балаға кемінде 2 м43. Объектілердің аумағына олардың қызметiмен байланысы жоқ объектілерді орналастырмайды.



2 болатын норма және екі қабатты төсектердің жататын жерінен кемінде 0,3 м биіктікте қоршау болуы сақталады.

59. Сәбилер үйлеріндегі және бөбек жасындағы топтардағы жатын бөлмелер төрт жағынан қоршалған, ұзындығы 1,2 м, ені 0,6 м стационарлық төсектермен немесе манеждермен жабдықталады.

60. Балалар толық және тәулік бойы болатын сәбилер үйлерінде және МДҰ-да сауықтыру (шынықтырушы) рәсімдері өткізіледі. Сауықтыру (шынықтырушы) рәсімдерін жүргізу үшін әдістемеге байланысты тиісті жабдықты қолданады.

61. Объектілерде сабақ өткізу үшін жиһазды орналастыру кезінде мына талаптар орындалады:

1) үстелдерді сол жақтан жарықтандырылатын жарық түсіретін қабырғаға қарай орналастырады;

2) 4 орынды үстелдерді кемінде 2 қатарға, 2 орынды үстелдерді кемінде 3 қатарға орналастырады. Үстелдердің қатары арасында қашықтық кемінде 0,5 м болып көзделеді; 1-қатардағы үстелдердің жарық түсіретін қабырғадан қашықтығы 1 м, бірінші үстелдерден тақтаға дейінгі қашықтық 2,4 – 2,7 м болады;

3) қабырғалық тақтаның төменгі шетінің ілмесінің биіктігі 0,7 м болады.

62. Спорттық төсеніштердің жабыны тазалауға және дезинфекциялауға болатын материалдардан болуы көзделеді.

5. Объектілерді сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жылытуға,


Каталог: download -> prikazy
download -> Абылай хан
download -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
prikazy -> Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы
prikazy -> Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
prikazy -> Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы
prikazy -> Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
prikazy -> Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы»
prikazy -> Егемен Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет