БҰҚар жырау және оның заманы



Дата26.06.2018
өлшемі1,15 Mb.
#44504

БҰҚАР ЖЫРАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАМАНЫ

  • А. Әбсадықов, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

МӘШҺҮР ЖҮСІП БҰҚАР ЖЫРАУ ТУРАЛЫ

  • Қаржас Қалқаман батырдың баласы Бүқар жырау деген қария болған екен. Заманындағы сыншылар ол кісіні «Көмекей әулие» дейді екен. Көмекейі бүлкілдеп сөйлейді де отырады екен. Қара сөз жоқ, аузынан шыққан сөзінің бәрі жырлаумен шығады екен. Сол Бұқарекең Абылай ханға айтқан екен:
  • - Сенен бұрын жеті ханды жебеледім, кеше Еңсегей бойлы ер Есім ханға да жолдас болдым. Сен оның бір түстігіне де жарамайсың,- деген екен.
  • Ол заманда Сарыарқада орыс деген жұрттан нышан жоқ екен. Абылай ханға сәлемдеме беріп:
  • - Өзіңе қараған жұртты бізге жау қылма,- деп, сыйлап тұрады екен. Олай- бұлай жүрген саудагерлері Абылайға тарту-таралғы беріп, ешкім тимеске хат алып кетеді екен. Абылай заманында болған шайырлар айтқан екен:
  • Абылайдың атасы- Әбілфейіс,
  • Хан баласы төсенбес етке киіз.
  • Аузы түкті орыстан алым алып,
  • Абылайға шықты ма екі мүйіз,-
  • деген екен. Алматы, Аягөзге саудагер жіберемін, соған жол берсін деп сұратқанда, Имамқұстан шығып, Ертіс жағалап, Семейге шейін баратұғын қара жолды Абылайдың «сонымен жүрсін» деген бұйрығымен қара жол болған екен. Сол үшін Ертістің бергі жағындағы көлденең жолды «Абылай жолы» дейді. Жәрмеңкелік жер сұрағанда, Есілдің бойынан Қызылжарды берген екен. Атығай Дәулеткелді байдың қыстауы екен. Сонан соң Дәулеткелді бай:
  • -Жерімді орысқа берді,- деп өкпелеп, Жиделібайсынға кетемін,- деп, ауып кетті.
  • Соның тұқымына Тәшкентте жолығып сөйлестік, Көтенші деген Қоңыраттың ішінде өсіп-өніп кеткен екен.

БҰҚАР ЖӘНЕ АБЫЛАЙ ХАН

  • Ал, тілімді алмасаң Ай, Абылай, Абылай Сен мен көргенде Тұрымтайдай ұл едің Түркістанда жүр едің Әбілмәмбет патшаға Қызметкер болып тұп едің Қалтақтап жүріп күнелтіп Үйсін Төле билердің Түйесін баққан құл едің Сен жиырма жасқа жеткен соң Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің Дәулет құсы қонды басыңа Қыдыр келді қасыңа Бақ үйіне түнедің Алыстан тоят тіледің Қылышыңды тасқа біледің Алмаған жауың қоймадың Алған сайын тоймадың Несібеңді жаттан тіледің

БҰҚАР ЖӘНЕ АБЫЛАЙ ХАН (ІІ нұсқасы)

  • Ай, Абылай, сен он бір жасыңда
  • Тұрымтайдай ұл едің.
  • Он бес жасқа келгенде,
  • Арқада Әбілмәмбет төренің
  • Түйесін баққан құл едің .
  • Абылай атың жоқ еді,
  • Сабалақ атпен жүр едің.
  • Оны да көрген жерім бар,
  • Жаныс Қарабайбайдың қолында
  • Түнде туған ұл едің.

МӘШҺҮР ЖҮСІП ЖАЗЫП АЛҒАН АҢЫЗ НҰСҚАСЫ

  • Жиырмаға жетпеген жас Абылай хан қасында Оразаулық деген сарт жолдасы бар, Есіл бойында Атығай, Қарауыл деген елге келіп, Дәулеткелді байдың жылқысын бағып, жылқышы болып жүріпті.- Атың кім?- деп сұрағанға:- Атым Сабалақ!- депті. Бай бәйбішесіне айтыпты:
  • - Өзге жалшыдай көрме, мұны, күте гөр! Бойында қасиеті бар екен. «Қалайша?»- десең, алты күн, алты түн аш жүрсе де, өз қолымен бір ас құйып ішпейді. Және жарты аяқ ас ішсе де, сарқытын біреуге бірмей, ішпейді. Және жерге бір отырмайды. Дәнеме таба алмаса, киімін шешіп, астына салып отырады. Және түзге отырғанда, ұрғашыдан да ибалы, бір қырдың астына барып отырады, не болмаса, киімін басына бүркеніп отырады. Және өзі ұйықтап жатқанда, үсті жап-жарық болып тұрады, жанып тұрған шам шырағы болса керек!- дейді екен.
  • Сол уақытта қазақтың жылқысын түп көтере Қара қалмақ Қатысыбан деген жау алыпты. Қазақ: «Қыл құйрық!»- деп, көтеріле аттаныпты. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұғлы Жәнібек, Көкжарлы көкжал Барақ, Шанышқылы Бердіқожа, Сырым Малайсары, Керей, Уақтан шыққан Сары, Баян,- бәрі аттанып, қалмаққа барса, қалмақ шеп құрып, айналасын қорған қылып, шептің аузына жайнатып жасау төгіп, қыз-келіншек қойып, қазақтың батырлары жасауға қызығып шапса, ар жағында бұғып жатқан мергендері атып тастап, қалмақ қазаққа алдырмапты. Неше күн жатып, «сасық қамал» болып, қалмақтан жылқысын айыра алмай, «салы суға кетіп», қайтпақшы болыпты. Сонда жылқының соңынан қалмай қуған жылқышылардың бірі Сабалақ қазақтың қайтарына көзі жеткен соң, көптен оңаша шығып, атынан түсіп, шүберек белбеуін құрығының басына байлап, ту қылып, қалмақтың қамалына: «Абылай!»- деп, жалғыз барып кіріп кетті дейді.
  • ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ЖАЗЫП АЛҒАН АҢЫЗ НҰСҚАСЫ
  • Бұқар жырау және Жиделі Байсын
  • Абылай ханның қасында
  • Бұқырекең жырлайды.
  • Жырлағанда не дейді,
  • Соғыспа деп жырлайды.
  • Бұқырекең деген кәріңіз,
  • Соғыссан кетер сәніңіз,
  • Бізден бұрын өтіпті,
  • Әзіреті Әліңіз.
  • Жаулық жолын сүймеңіз,
  • Мынау жалған сұм дүние,
  • Өтпей қалмас демеңіз.
  • Пұсырман болсаң кетіңіз,
  • Сырдарияның суынан
  • Көлденен кетіп өтсеңіз,
  • Үш жыл малды ту сақтап,
  • Жиделі-Байсын жетіңіз.
  • Кісісі жүзге келмей өлмеген,
  • Қойлары екі қабат қоздаған,
  • Қатың-бала хақы үшін,
  • Солай таман жетіңіз.
  • БҰҚАР ЖЫРАУДЫҢ АБЫЛАЙҒА БӨГЕНБАЙ БАТЫРДЫҢ ӨЛІМІН ЕСТІРТУІ
  • Қазақтың ханы Абылай!
  • Ақиықты аспанға
  • Ұшпастай ғып торлады.
  • Құлағанға ұқсайды
  • Қазақтың қамал қорғаны.
  • Қайғырмаңыз, ханзадам,
  • Айтпасыма болмады,
  • Батырың өтті Бөгенбай.
  • Қара керей Қабанбай
  • Қанжығалы Бөгенбай,
  • Қаз дауысты Қазыбек.
  • Шашақ ұлы Жәнібек,
  • Ормандай көп Орта жүз.
  • Содан шыққан төрт терек,
  • Тұғыр болған сол еді,
  • Сіздей төре сұңқарға.
  • Бәйгелі жерден бақ болған,
  • Сегіздей жүйрік тұлпарға.
  • Қайғырмаңыз, ханзадам,
  • Келмей тұр аузым айтарға,
  • Батырың өтті Бөгенбай.
  • БҰҚАР ЖЫРАУДЫҢ АБЫЛАЙҒА ЖАР ТАҢДАУ ТҰРҒЫСЫНАН АЙТҚАН ТОЛҒАУЫ
  • Ай, Абылай, Абылай,
  • Қатын алма қарадан,
  • Қара тумас сарадан.
  • Қатын алсаң қарадан,
  • Алды кетпес баладан,
  • Арты кетпес жаладан.
  • Қатын алма төреден,
  • Еркегі болар жау жанды,
  • Ұрғашысы ер жанды,
  • Төре берер ұл туса,
  • Аузы кетпес парадан.
  • …Қалмақтан алсаң маһи бір зайып,
  • Сүйегіңді жоғалтпас.
  • Отының болсын жантақтан,
  • Қатының болсын қалмақтан,
  • Қосының болсын қазақтан,
  • Сегіз қиыр шар тарап
  • Төрт құбыланды түгел қып,
  • Төріңде жатып салмақтан.
  • Ш. УӘЛИХАНОВ ЖАЗЫП АЛҒАН АҢЫЗ. ( БҰҚАР ХАН МЕН БАТЫР АРАСЫНДА АРАШАШЫ ҚЫЗМЕТІНДЕ)
  • Ұлы жүз биі Ерден батырды жазаламақ болған Абылайды Бұқар жырау толғау айтып тоқтатады: «Бірде Абылай халықты жинап, ұнамсыз ісі үшін Ұлы жүздің биі Ерден батырдың ауылын шауып алуға жарлық беріпті. Ханның қаһарға мінгені сондай, бұл жолы оның қасына ешкім де маңайлай алмаса керек. Сонда жиналған халықтың сұрауымен Бұқар жырау ханға келіп былайша жыр толғаған екен: «Әй, Абылай, Абылай! Сенің даңқың Арсы мен Күрсіге (жеті қабат көктің үсті) жетіп, таумен таласты. Босатқан құлдарың бес қақпаға сыймайды. Алатаудан асыңыз, ашуыңызды басыңыз, сонда ала шапанды Ерден құлыңыздың мал-мүлкі сексен сандық болып алдыңызға келмей ме? – деген екен»
  • БҰҚАР ЖЫРАУ ЖӘНЕ ЕЛ БІРЛІГІ
  • Керей, қайда барасың,
  • Сырдың бойын көбелеп?
  • Сен қашсаң да, мен қойман,
  • Арғымағып жебелеп.
  • Енді алдыңнан шығайын,
  • Жауған күндей себелеп.
  • Ақмырзамды өлтірдің,
  • Ақ сойылмен төбелеп.
  • Мен – арғын деген арыспын,
  • Азуы кере қарыспын.
  • Сен – бұзау тері шөншіксің,
  • Мен – өгіз теріс талыспын.
  • Абылай алдында сен бітсең,
  • Құдандалы таныспын
  • Егер Абылай алдында бітпесең,
  • Атасын білмес алыспын.
  • Көшің кетер бір жаққа,
  • Малың кетер бір жаққа,
  • Көш соңына жете алмай,
  • Есің шығар сол шақта.
  • Жар басына қамалып,
  • Жарты лашық тігерсің.
  • Аузыңнан ас кетер,
  • Қара көзден жас кетер,
  • Бұ қылығыңды қоймасаң,
  • Сонау кеудедегі дулығадай бас кетер!
  • БҰҚАР ЖЫРАУ ЖӘНЕ ЕЛ БІРЛІГІ
  • Ханның жақсы болмағы-
  • Қарашаның елдігі.
  • Қараша халық сыйласа,
  • Алтыннан болар белдігі.
  • Кіші қара қалмақ бүлерде,
  • Бозылардың билігі
  • Бұлт бұрқан болысты,
  • Уағдадан жылысты,
  • Буыршындай тіздесті,
  • Жамандықты іздесті,
  • Бірін-бірі күндесті.
  • Жаулаған ханын қара оңбас,
  • Хан қисайса-бәрі оңбас,
  • Ханын қалмақ жаулаған,
  • Сүйткен қалмақ оңбаған.
  • Сол қалмақтың жұрты еді-ау,
  • Үш Қарқара, Көктөбе
  • Ит те ұлып қалмаған
  • БІР ОРТАЛЫҚҚА ТҰТАСТАНУ КӨРІНІСІ
  • ХҮ ҒАСЫР Керей- Әз-Жәнібек хандар
  • Жыраулары: Асан қайғы жырау, Қодан тайшы
  • Билері: Жиренше шешен, Ақжол би (Дайырқожа)
  • Батырлары:Қара Қыпшақ Қобыланды батыр
  • ХҮІІ ҒАСЫР Еңсегей бойлы Ер Есім хан
  • Жыраулары: Жиембет, Марғасқа
  • Билері: Дос би
  • Батырлары: Шақшақ, Әлі, Найман Абыл
  • ХҮІІ ҒАСЫР Әз-Тәуке хан
  • Билері: Төле, Қазыбек, Әйтеке би
  • Батырлары: Алдияр, Майлан
  • ХҮІІІ ғасыр Абылай хан
  • Жыраулары: Бұқар, Үмбетей, Тәтіқара
  • Билері: Төле, Қазыбек, Бекболат
  • Батырлары: Бөгенбай, Қабанбай, Олжабай, Жидебай, Шақшақ Жәнібек, Батыр Баян, Байғозы, Жауғаш, Балтакерей Тұрсынбай, Шапырашты Наурызбай т.б.
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • ЖЫРАУ-ЖЫРШЫЛАРДЫҢ ХАН ЖАНЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ
  • ЖЖ- жорықшы жырау
  • КҚ- кеңесші қария
  • ТЖС – түс жорушы, сәуегей
  • СЖО – салттық жоралғыны орындаушы
  • АТ- арашашы, төреші
  • ТҮЙІН
  • Бұқардың хандық жүйе мен ел білігінен жырлау мәселесінен басқа өмірдің мәні, адам ғұмырының бел-белестері, елдің болашағына қам жеу сынды философиялық терең мағынасы бар, дидактикалық сарындағы толғаулары көп. Ол толғаулар сол заманның дәуір шындығынан хабар береді. Ал енді Бұқардың (сондай-ақ өзге жыраулардың) тарихи оқиғаларды, атап айтқанда Абылайдың ғұмырнамасын баяндайтын туындыларына келгенде тарихи шындық едәуір өзгереді.

Каталог: images -> news -> slider -> 2016 -> portfolio 2
portfolio 2 -> Тақырыбы: Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту
portfolio 2 -> Мақсаты: Мақсаты: Көркем туындыдағы идеяға көз жүгірту
portfolio 2 -> Оразбаева Айтбибі Сұлтанқызы Тақырыбы: Әдебиетті оқытудың әдіс-тәсілдері
portfolio 2 -> «Қазақ тілім өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім»
portfolio 2 -> Мал өсіру әдістері Оқытушы: Кумусбеков Е. Х. Сабақ жоспары
portfolio 2 -> Презентацияға ұсынылатын пән Қазақстан үшін 1С: Бухгалтерлік есеп 8 конфигурациясының практикалық қолданылуы
portfolio 2 -> Презентацияға ұсынылатын пән Ақпараттық жүйелер негіздері
portfolio 2 -> Жоспар: Бірлестіктер мен жүйелердің экологиясы(синэкология)
portfolio 2 -> Оқу жылының сәуір айына экономика факультетінің әдістемелік инновация айлығы іс –шарасының жоспары
portfolio 2 -> Тіл біліміндегі когнитивтік бағыт Орындаған: доцент Досова А. Т


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет