Барысы: «Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та бар, қалан». Абай



Дата13.06.2018
өлшемі39 Kb.
#42241
Бәрін білгім келеді

Мақсаты: оқушылардың ойлау, есте сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамыту, білім

деңгейін көтеру.


Барысы:

«Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар, қалан».

Абай.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қазылар және оқушылар! «Бәрін білгім келеді» атты білгірлер мен тапқырлар білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

Көңілді тапқыштар, алғырлар,

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Көпшілік өнерлерін қызықтамақ,

Сұрайық жұрт алдына шығуларын.

(Оқушыларды бір бірден таныстыра отырып ортаға шақырамыз).

(Қазылар алқасы таныстырылады).
Жүргізуші: Ендігі кезекті өзінің білімін сынауға, алғырлығымен, тапқырлығын шыңдауға келген оқушыларға береміз.

(Оқушылар өздерінің топ атын, ұрандарымен таныстырады).
Жүргізуші:

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.

Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілейміз.


1-кезең. «Кім көп біледі?»

Жүргізуші: Бұл кезеңде қатысушы топтар қойылған сұраққа тез және нақты жауап беру керек. Дұрыс жауапқа 1 ұпай.

1. Еліміздің тұңғыш Президенті қашан сайланды? (1991 жылы 1-желтоқсан)

2. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991 жылы 16-желтоқсан)

3. Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшқан жыл? (1991 жылы 2-қазан)

4. Қазақстан БҰҰ-на қай жылы мүше болып қабылданды? (1992 жылы 2-наурыз)

5. Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды? (1992 жылы 4-маусым)

6. Ұлттық валюта – төл теңгеміз қашан айналымға енді? (1993 жыл 15-қараша)

7. Тәуелсіз еліміздің ғарышкері Талғат Мұсабаев аспан әлеміне қай жылы сапарға аттанды? (1994 жылы 30-маусым)

8. Ата заң қашан қабылданды? (1995 жылы 30-тамыз)

9. Қазақстан астанасы – Астана қаласы болып қай жылы өзгертілді? (1998 жылы 6-маусымда)

10. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбековқа қашан «Халық қаһарманы» атағы берілді? (1996 жылы 9-желтоқсан)

11. «Ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» жылы? (1997 жыл)

12. Сазгер Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні қашан мемлекеттік әнұран болып қабылданды? (2006 жылы)


2-кезең. «Кім тапқыр?»

Бұл кезеңде топтарға 4 сөз беріледі. Осы сөздердің анықтамасын табу керек.

1.Құқық А-Еліміздің негізгі заңы.

2.Конституция Б-Мемлекет бпсшысы

3.Мемлекет В-Негізгі саяси қоғамдық ұйым

4.Азамат Г-Тәуелсіздік

5.Құқық бұзушылық Д-Заңдар жүйесі

6.Президент Е-Заң шығарушы орган

7.Парламент Ж-Заң жүйесін бұзу

8.Егемендік З-Құқығы бар ел тұрғыны


1-д, 2-а, 3-в,4-з,5-ж,6-б,7-е,8-г.
3-кезең. «Кім жүйрік»

1. Герб сөзінің қазақша баламасы? (Елтаңба)

2. Қазақстанның мемлекеттік Әнұраны авторы кім? (Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Н.Назарбаев. Әні: Шәмші Қалдаяқов)

3. Мемлекеттік туда қандай жануар бейнеленген? (Бүркіт)

4. Мемлекетіміздің негізгі заңы қалай аталады? (Конституция)

5. Тудың авторы кім? (ш. Ниязбеков)

6. Елтаңбаның авторы кім? (Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов)

7. 1991 жылы 16-желтоқсан күні 18 сағат 14 минутта болған оқиға. (ҚР тәуелсіздігін жариялады)

8. Қазақ хандығы қай жылы құрылды? (XY ғасыр, 1465 жыл)

4-кезең. «Тіл - өнер»

Атадан балаға бөз қалмаған, сөз қалған. Ұрпақтан-ұрпаққа таза алтындай күйінде жетіп отырған. Сол қалған әдеби мұраның бірі – мақал. Мен сендерге мақалдың бастапқы жағын айтам, сендер жалғасын табасыңдар.




  1. Жүк ауырын нар көтереді,

Ел ауырын ер көтереді.


  1. Орағың өткір болса, қолың талмайды,

Отаның берік болса, жауың алмайды.


  1. Отансыз адам,

Ормансыз бұлбұл.


  1. Отан үшін күрес,

Ерге тиген үлес.


  1. Отан елдің – анасы,

Ел – ердің анасы.


  1. Арың үшін алыссаң - өлмейсің,

Отан үшін отқа түс – күймейсің.
Қазылар алқасының қорытындысы шығарылады. Жеңімпаз топ анықталып марапатталады.
Мұғалім: ... Білімдіден шыққан сөз –

Талаптыға болсын кез.



Нұрын, сырын көруге

Көкірегіңде болсын көз,- деп Абай атамыз жырлағандай талапты, көкірегі ояу, білімді де еңбекқор ұрпақ болыңдар! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!
Каталог: uploads -> doc -> 0e51
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e51 -> Сабақ жоспары Пән: Ежелгі дүние тарихы Сынып: 6 Сағат саны: 1


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет