Барлығы – 135 сағат


Тауар саясаты – бұл шығарылатын өнімдер номенклатурасын бағалау және оның тұтынушылар нарығына қозғалуына жеке стратегия жасау



бет10/14
Дата09.08.2017
өлшемі1,19 Mb.
#23219
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Тауар саясаты – бұл шығарылатын өнімдер номенклатурасын бағалау және оның тұтынушылар нарығына қозғалуына жеке стратегия жасау.


Оған мыналар кіреді:

  • зерттеу объектілері бойынша жұмыс істеп тұрған нарықты талдау;

  • өнімнің өмірлік циклін анықтау және жаңа өнім шығаруға жағдайды тұжырымдау ;

  • сұраныс пен ұсынысты жасақтау;

  • тауар мен өндірістің бәсекелестікке қарсы тұруын бағалау;

  • салық саясатын бағалау;



Дәріс№25

Тақырыбы: Тауардың өмірлік циклі.



Дәрістің мазмұны:

1. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі.

2. Тауардың өмірлік цикілінің екі кезеңі.

Мақсаты: Кәсіпорында өндірілетін, көрсетілетін қызмет түрлерінің өмірлік циклі туралы толық түсінік беру.

Нарықтық экономика жағдайында тауардың бәсеке қабілеттілігі сұрнысты қанағаттандыратын негізгі көрсеткіштің бірі, себебі ол арқылы сатылатын өнімнің көлемін, бағасын және жалпы түсім мен шығынның салыстырмаларын алдағы жылдарға болжауға керек болады. Белгіленген бағамен түсімді көбейту үшін өндірістің ағымдағы шығындарын азайту керек, бірақ ол өнімнің сапасын арттыруға, нарық сыйымдылығын кеңейтуге, жоғары және тұрақты пайда табуға септігін тигізбейді.

Тауардың өмірінің ұзақтығын анықтау және жаңа тауарды жасақтаудың өндіріс алды сатысының басталуын, сонымен бірге оған сұрагыстың азаю уақытын, жаңа тауар жасауға көшуді белгілеу үшін тауардың өмірлік циклінің нәтижесін талдау пайдаланылады.

Тауардың өмірлік циклі екі кезеңнен тұрады:



  1. өндіріс алды және өндіріс

  2. тауарды өткізу

Бірінші өндіріс алды кезеңі үш бөлімнен тұрады:

1) ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі

Мұнда ескі өнімді ауыстыру мақсатында бәсекеге қарсы тұрарлық жаңа өнім оның тнхнологиялық процесі жасақталады.

2) тәжірибе-конструкторлық жұмыстары. Бұл экспирементті зерттеу, ло техникалық жобамен аяқталады және конструкторлық жұмыс документациялары (құжаттары) жасақталады.

3) Үшінші бөлімі өндірісті технологиялық даярлау (ӨТД) конструкторлық жұмыстың жалғасы. Мұнда технологиялық процесте еңбек және материалдық шығындарды азайту, өндірістік қорды тиімді пайдаланып, өнімді жасау, жинау процестерін ақырғы рет реттеу.

Бірінші және екінші бөлімді ғылыми-техникалық , тәжірибе конструкторлық жұмыстар деп біріктіруге болады.



Дәріс№26

Тақырыбы:

Ғылыми-техникалық өнім нарығы.

Дәрістің мазмұны:

1. Ғылыми-техникалық өнім нарығы туралы түсінік.

2. ҒТО нарығының объектісі және субъектісі туралы түсінік.

Мақсаты: Ғылыми-техникалық өнім нарығы туралы түсінік.

Ғылыми-техникалық өнім нарығы.

Ғылыми-техникалық өнім нарығы – бұл интеллектуалдық еңбек қортындысы меншік иесінің (ҒТО) және осы өнімді пайдалануға құқығы бар сатып алушы арасындағы экономикалық қатынас.

ҒТО нарығының объектісі: ғылыми-техникалық , жоба-конструкторлық және техника-технологиялық өнімдер; ғылыми- техникалық құжаттар (документация), ақпараттық қызмет; жарияланылған ғылыми мақалалар және арнаулы әдебиеттер.

ҒТО нарығының субъектілері- нарықтың контрагенттері; өзінің дифференциалданған өндірістік, ғылыми, ақпараттық және қаржы меншік потенциалы.

Ғылыми техникалық өнімді өндіру үшін оның негізгі бағыттары анықталуы тиіс:

1 топ-жалпы теориялық мәні бар, нақты технология және өнім өндіруге бағытталмаған, жаңа білімдер;

2 топ-жаңа технология және өнім жасақтауға бағытталған , жаңа білім.

3 топ- әзір іске аспаған, өндірістің әр түрлі салаларындағы жаңа білім;

4 топ- нақты өнім өндіруге қолданылған жаңа білімдер;

Көрсетілген ҒТ өнім өндіру топтар бір-бірінен мынандай қасиеттермен ажыратылады:


  • шекті пайдалану өзгешілігі;

  • жасақтау процесінде алдын-ала қандай қорытынды беретінін, тиімділігін білу;

  • өткізілетін жұмысқа шығатын шығынды өтеу, жабу көздерін білу;

  • интеллектуалдық меншікке құқылық;

  • ҒТ өнімді өндіріске беру формасы; / 89 бет/

Дәріс№27

Тақырыбы:

Сүраныспен ұсынысты жасақтау.

Дәрістің мазмұны:

1. Сұраныс – экономикалық категория ретінде.

2. Сұраныстың негізгі ережелері.

Мақсаты: Сұраныс пен ұсыныстың негізгі заңдылықтарын түсіндіру.

Сұраныс-бұл экономикалық категория, сатып алу қабілетіне қарай әртүрлі тауарларға қоғамдық қажеттілік. Сұраныс мөлшері- нақты тауарлар санының келісім, немесе белгіленген баға көбейтіндісі. Мұнда тауардың өту мерзімін ескеру керек. Сұраныстың қасиеттерінің бірі, ол сұраныстың қанағаттануы бағамен байланысты, баға төмен болса сұраныс өседі, сұраныс өскесін өндіріс өседі, өндіріс өссе жұмыссыздық жойылады. Және керсінше. Бұл құбылыс сұраныс заңы деп аталады.

Бұл заң мына ережелерге негізделеді:

1. Сұранысты қанағаттандыруды баға шектейді. Жоғары деңгейдегі баға тұтынушылардың қанағаттану қажеттігін төмендетеді және артық тауарлар көлемін өсіреді. Сонымен, өндірушінің қанағаттанғысыз баға саясаты өндірушегі зиян келтіреді, себебі артық тауарды төмен бағамен сатуға мәжбүр сатуға болады.

2. Тауарға қажеттіліктің кему принципі бойынша, тауарға сұраныс өскен жағдайда жоғары бағамен сатып алуы тек қана белгілі мөлшерлі санда. Осыдан кейін ол тауарларға сұраныс төмендейді, тұтынушылар тек бағасы төмендегенде алулары мүмкін.

3. Табыстың тиімділігі мынада: нақты өнімге баға төмендегенде бұл өнімді тұтынушылар көп мөлшерде алады, немесе ассортиментін көбейтіп қосымша басқа тауарлар алуы ықтимал. /97 бет/



Дәріс№28

Тақырыбы: Тауар мен өндірістің бәсеке қабілеттілігін бағалау.



Дәрістің мазмұны:

1. Тауар сасаты туралы ұғым.

2. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау.

Мақсаты: Кәсіпорындарда тауар саясатын жасақтау бағыттары. /99 бет/.

Тауар саясаты-бұл өндірістің дамуы жөніндегі перспективалық жоспардың ( бизнес-жоспардың) бір бөлігі, онда алдағы уақытта өндірілітен тауарлар тізімі енгізілуі керек.

Тауардың бәсеке қабілеттілгін бағалау үшін өндіріс тауарлары мынандай классификацияға бөлінеді.

1 топ-өндірісте пайдалану процесінде өз бетімен қатынасатын тауарлар. Мысалы, автомобиль, станоктар, тепловоздар т.б.

2 топ- өндірісте өз бетімен пайдаланылмайтын, біртұтас комплекске құрама болып қатынасатын тауарлар.

3 топ- конструкциялық материал есебінде пайдаланылатын тауарлар. Мысалы, кірпіш, пластмасса, темір, түсті металдар т.б.

4 топ- әзір құралдарды тиімді пайдалану үшін керек тауарлар. Мысалы, жұмысқа керекті материалдар, жанар-жағар майлары т.б.

5 топ- негізгі және қосымша өнімдерді өндіру үшін керек материалдар-шикізаттар.

Тауардың бәсеке қабілеттілігін анықтау үшін мынандай міндеттер орындалуы шарт:

- нарықта тауарға қойылған талаптар бойынша , өндіріс құатының мүмкіндігіне қарай әзір өнім номенклатурасын анықтау керек;

- номенклатура кіретін тауарларды өндіретін сондай бәсекелестерді анықтау керек;

- тауардың бәсеке қабілеттілігін бағалау үшін техникалық –экономикалық көрсеткіштерін анықтау және оларды бағалау әдістерін іріктеу керек;

- тауардың бәсеке қабілеттілік интегралдық көрсеткішін есептеу керек;

- өндіруші мен тұтынушының мүддесіне байланысты жаңа тауарлар номенклатурасын анықтау, ол үшін бәсекеге қарсы тұрарлық жаңа тауарларды өндіріске енгізіп, ескі тауарды сатылап өндірістен шығару. / 100 бет/.


Дәріс№29

Тақырыбы: Кәсіпкерлік іске салық салу.



Дәрістің мазмұны:

1. Салықтың мәні және қажеттілігі.

2. Қосымша құнға салық.

Мақсаты: Әр түрлі деңгейдегі бюджетке түсетін қорлар туралы түсінік беру.

Салықтар, пошлиналар және басқа төлемдер – бұл әртүрлі деңгейдегі бюджетке, бюджеттен тыс қорларға төленетін міндетті жарналар. Бұл жарналар екі функция ( қызмет) атқарады: фискалды және реттеу.

Фмскалды функция дегеніміз- кәсіпорындардың, азаматтардың табысының ( пайдасының) белгілі бір бөлігін заңды түрде мемлекет қазынасына алу.

Реттеу функциясы дегеніміз – салықтарды бөлу, қайта бөлу арқылы ұлғаймалы ұдайы өндірістің қарқынын өркендетуге немесе бәсеңдетуге болады, немесе халық шаруашылығының бір саласынан екінші саласына күрделі қаржы салу арқылы халықтың әл-аухатын арттыру үшін




Дәріс№30

Тақырыбы: Кәсіпорындар мен ұйымдар пайдасына салық.



Дәрістің мазмұны:

1. Пайдаға салық туралы ұғым.

2. Жалпы пайдаға салық салудың механизмі.

Мақсаты: Жалпы салық және салық төлеушілер туралы ұғым.

Пайдаға салық – экономиканы реттеудің басты экономикалық құралы. Пайдаға салықты өзгерту арқылы мемлекет экономиканы дамытуға, немесе тежеуге ықпал жасайды. Салық төлеушілер: 1) заңды тұлғалар, оның ішінде бюджетті мекемелер және шетелдік инвестициясы бар мекемелер. 2) олардың жеке есеп шоты бар филиалдары; 3) коммерциялық банкиер және басқа кредит мекемелері 4) сақтандыру мекемелері 6) темір жол кәсіпорындары 7) газ шаруашылығы және оның бірлестіктері.

Пайдаға салық салу объектілері:


  • орындалған қызметтен және өнім сатудан түскен пайдаға;

  • негізгі қорларды сатқаннан ( жер учаскелерін) және басқа мүліктердің сатуынан түскен пайдаға


Әдебиеттер тізімі

  1. Бисенғазиев М.Б, А.Ш. Хамитов. Кәсіпкерлік негіздері. Орал, 2001 жыл.

  2. Бисенғазиев М.Б, Макроэкономика ( мемлекеттің экономикалық саясат негіздері) Оқулық қазақ тілінде. Орал қаласы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің баспасы, 2001 жыл.

  3. Глущенко Е.В., Капцов А.И. Тихонравов Ю.В. Основы предпринимательства. Учебное пособие. –М.: Вестник, 1996.

  4. Зайцев Н.Л. Экономика промышленного предприятия. Учебник; 2-ое изд., перераб и доп . –М.; ИНФРА –М.; 1998.

  5. Как начать вести собственный бизнес –М.; Дело, 1993.

  6. Курс предпринимательства: Учебник для вузов //В.Я. Горфинкель, В.А. Швандар, Под.ред. Проф.В.Я.Горфинкеля.-М.: Финансы, ЮНИТИ, 1997.

  7. Основы бизнеса и предпринимательства в условиях рыночной экономики Казахстана. Алматы: Демеу, 1992.

  8. Основы предпринимательского дела/ Под ред. Ю.М. Осипова –М.: МГУ, 1992.

  9. Предпринимательство в Республике Казахстан. / Окаев К.О., Смагулова Н.Т., Янковская О. А., -Алматы: Экономика, 1999./

  10. Экономика предприятия: Учебник /Под.ред. В.Я. Горфинкеля Е.М. Купрякова –М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1996./

6. 6. Семинар сабақтарының жоспары.




Тақырыптар

Семинар сабақтарының мазмұны

Апта

Әдебиет

1.

Кәсіпкерлік : мәні мазмұны.

1.Кәсіпкерліктің экономикалық негізі.

2.Кәсіпкерліктің түрлері.

3.Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері.


1

1,2,4,6,7,8,9,10


2.

Кәсіпкерлікке қажет экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар.

1. Экономикалық жағдай.

2. Әлеуметтік жағдай.

3. құқықтық жағдай.


2

1,2,4,6,7,8,9,10

3.

Кәсіпкерлік істің түрлері.

1.Өндірістік кәсіпкерлік.

2.Коммерциялық кәсіпкерлік.

3.Қаржылық кәсіпкерлік.

4. Консультациялық кәсіпкерлік.



3

1,2,3,4,5,6,7,8


4.

Кәсіпорын-нарық жағдайында


1. Кәсіпорын механизмі, тиімділік көрсеткіштері.

2.Кәсіпорынның құрылымы функциясы.

3. Пайда- кәсіпорынның басты мақсаты.


4

1,2,5,6,8,10.

5.

Кәсіпорын-нарық жағдайында


1. Өнім сапасының реттеушілік ролі.

2. Кәсіпорын бағалы қағаздар нарығында




5

1 (44-45)





6.

Кәсіпкерлік істі ұйымдастыру және дамыту.

1. Жаңа кәсіпорынды ұйымдастыру.

2. Кәсіпорынның техника-экономикалық дәлелділігін айқындау.



6

1,2,4,6,7,8,9,10.

7.

Кәсіпкерлік істі ұйымдастыру және дамыту.

1.Жаңа кәсіпорынды басқару.

2. Франчайзинг : оның мәні, ерекшелігі.



7

1,2,4,6,7,8,9,10.

8.

Жеке, ұжымдық және унитарлы кәсіпорындардың жұмыс жасау механизмі.

1.Заңды тұлғалардың түрлері, классификациясы.

2. Шаруашылық серіктестіктер және қоғамдар.



8

2,3,4,5,6,7,8


9.

Жеке, ұжымдық және унитарлы кәсіпорындардың жұмыс жасау механизмі.


1Мемлекеттік және муниципалдық унитарлы кәсіпорындар.

2.Заңды тұлғалар бірлестігі.



9

1,2,3,4,5,6,7


10.

Серіктестіктердің түрлері.

1.Толық серіктестік.

2. Шаным негізіндегі серіктестік.

3.Шектелген жауапкершілікті қоғам.

4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам.

5.Қосымша жауапкершілігі бар қоғам.


10

7,8,9,10,11,12

11.

Шағын кәсіпорынның кәсіпкерлік ісі.

1.Шағын кәсіпорынның маңызы және міндеттері.

2.Шағын кәсіпорын ісінің экономикалық сипаттамасы.



11

4,5,6,7,8,9,10.

12.

Шағын кәсіпорынның кәсіпкерлік ісі.

1. Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау.

2.Шағын бизнес проблемалары және оны шешу жолдары.



12

1,2,4,5,7,8,9,12,16,20

13.

Кәсіпорынның қаржысын басқару.

1.Кәсіпорынның және коммерциялық ұйымдардың қаржысы.

2. Қаржылық менеджмент.

3. Ақша тасқыны- қаржылық басқару объектісі.

4. Қаржылық жоспарлау, болжау.



13

1,2,4,5,7,8,9,10.


14.

Кәсіпорынның тауар саясаты.

1. Қызмет істеп тұрған нарықты зерттеу объектілер бойынша талдау.

2. Тауардың өмірлік циклі.

3. Ғылыми-техникалық өнім нарығы.

4. Сұраныс пен ұсынысты жасақтау.

5. Тауар мен өндірістің бәсекеге қабілеттілігін бағалау.


14

9,10,11,12.

15.

Кәсіпкерлік іске салық салу.

1.Салықтың мәні және қажеттілігі.

2. Қосымша құнға салық.

3. Акциздер.

4.Кәсіпорын мен ұйымдардың пайдасына салық.

5.Кәсіпорын мүлкісіне салық.


15

1,2,3,4,5,6,7,8.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет