Барлығы – 135 сағат


ІІ дүниежүзілік соғыс алғышарттары басталуы және көлемі



бет36/45
Дата11.11.2016
өлшемі3,54 Mb.
#1504
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45

ІІ дүниежүзілік соғыс алғышарттары басталуы және көлемі.

  • Ұлы Отан соғысы. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі КСРО.

  • Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. Қорытындылары және сабақтары.




    24-дәріс. ІІ дүниежүзілік соғыс. Совет халқының Ұлы Отан соғысы.

    Адамзат тарихының ең қасыретті кезеңдері – соғыстар. ІІ дүниежүзілік соғыс өзінің ауқымы және саяси қорытындылары жағынан ерекше оқиға болып есептелінеді.


    1-сұрақ. ІІ дүниежүзілік соғыс алғышарттары, басталуы және көлемі.

    ІІ дүниежүзілік соғыс жаһандық сипаттағы сыртқы саясат дағдарыс нәтижелері ХХ ғ. ортасында әлемдік дамудағы біркелкіліктің жойылуы ықпал ету және рынок үшін күресті күшейту. ХІХ-ХХ ғғ. тоғысындағы мемлекет аралық экономикалық саяси жағдайлардың шиеленісуі І және ІІ дүниежүзілік соғыстарға алып келді. Бүгінгі тарихи концепцияларда І,ІІ дүниежүзілік соғыстар және одан кейінгі «қырғи қабақ соғыс» саясаты ХХ ғ. әлемдік саясат пен халықаралық қатынастардың бірыңғай және өзара байланысқан мазмұнының нәтижесі деп түсіндіріледі. Версаль-Вашингтон жүйесі халықаралық қатынастарда терең өзгерістер туғызып, жаңа әлемдік жанжалдың туындауының өзегіне айналды. Жеңген мемлекеттердің басымдылығын қамтамасыз етіп, ал жеңілген мемлекеттерді тізе бүктіру халықаралық қарама-қайшылықтарды жоюдың орнына оны күшейте түсті. АҚШ, Англия, Франция сияқты мемлекеттер әлемдік саясат пен экономикада басым позицияға ие болды. Жеңілген германияда реваншистік көңіл-күй қалыптасты. Жапония мен Италияны соғыстан кейінгі қалыптасқан жағдай қанағаттандырмады.

    Аталған қарама-қайшылықтардан басқа 20-30 жылдары жаңа фактор «советтік фактор» деген пайда болды. КСРО-ның құрылуы капиталистік әлеммен социолистік мемлекет арасында жаңа қарама-қайшылықтар туғызды. ІІ дүниежүзілік соғыс 20 жылдай мерзім аралығында пісіп жетілген еді.

    1939 ж. 1-қыркүйекте неміс - фашист әскери бөлімдері Польша жеріне басып кірді. 3-қыркүйекте Англия мен Франция Германияға қарсы соғыс жариялады.

    Әскери қимылдардың бірінші кезеңі (1-қыркүйек 1939 ж.-мамыр 1940 жыл) тарихта «оғаш соғыс» деген ат алды. 10-қыркүйекте Канада, Австралия, Жаңа Зеландия соғыс жариялады.

    1949 ж. мамыр айында вермахты әскерлері Белгия, Галандия, Люксенбург, Франция территорияларына басып кірді. 1940 ж. 22-маусым айында Франция тізе бүкті. 1940 ж. 1-мамырда Италия Египет және Суэц каналын басып алу үшін соғыс бастады. Африка майданы ашылды. 1941 ж. көктеміне қарай герман-итальян әскерлері Грецияны, Албанияны, Югаславияны жаулап алды.

    1939 ж. совет-герман пактысынан кейін КСРО елдің әскери қуатын бекітуге көңіл бөлді. 1939-1941 жж. әскери бюджет тұтас мемлекеттік бюджеттің 43,4% болды. Елдің Шығыс аудандарында Паволжье, Урал, Сібір аудандарында әскери өндіріс орындары кеңейтіліп, жаңадан салынды. Әскери техниканың жаңа түрлерін шығаруға көңіл бөлінді. (КВ-танк, Т-34, ЯК-1, МИК-3, ИЛ-2,) сияқты самолеттің жаңа маркалары шығарылды. 1941 ж. жаз айларында армия қатарында 5,7 млн. адам болды.

    1939-1940 жж. КСРО құрамына Бессарабия, Прибалтика, Батыс Беларусия, Батыс Украина аудандары кірді. КСРО-Финляндия соғысы 1939 ж. 30-қарашада басталып, 4 айға созылды. Финляндия армиясының «Маннергейм» бекінісі маңында 26-28 совет дивизиялары шоғырланды. Соғыс жеңіспен аяқталғанымен совет армиясының көптеген олқы жерлерінің бар екендігін көрсетті.

    1941 ж. 7-желтоқсанда Жапония Гавай аралдарындағы АҚШ-тың Пирл-Харбор әскери теңіз базасына шабуыл жасады. 8-желтоқсанда АҚШ, Жапонияға соғыс жариялады. ІІ дүниежүзілік соғыстың Тынықмұхит майданы осылайша пайда болды. 11-желтоқсанда АҚШ Германияға және Италияға қарсы соғыс жариялады. Сонымен 40 ж. басында Европа, Азия, Африка континенттері қан төгіс соғыс аренасына айналды. Әрине, әлемдік өркениет тарихында фашизмге қарсы КСРО-ның жүргізген соғысы ерекше орын алады.

    2-сұрақ. Ұлы Отан соғысы.

    1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі КСРО.


    І-кезең

    22.06.1941-18.11.1942



    - КСРО-ға Фашистік германияның басып кіруі.

    - Ұлы Отан соғысының басталуы.

    - Прибалтика, Беларуссия, Украина, Молдава жерлерін окупациялау.

    -Смоленска, Киев, Ленинград, Одесса, Севастопль қалаларын ерлікпен қорғау.

    - Москва түбінде неміс-фашист әскерлерін талқандау.

    - Сталинград шайқасының қорғаныс кезеңі.




    ІІ-кезең -

    19.11.1942-1943 ж. соңы. Соғыс барысындағы түбегейлі өзгеріс.



    - Сталинград шайқасы.

    - Курска доғасындағы шайқас.

    - Стратегиялық инициативаның Қызыл Армияның қолына көшуі.

    - Орел, Белгород, Смоленска қалаларын және Украинаның басым бөлігін азат ету.



    ІІІ-кезең – 1944-09.05.1945 КСРО территориясын және Европаны азат ету.

    - Ленинград блокадасын жою.

    - Корсунь-Шевченко операциясы.

    - «Багратион» операциясы.

    - Молдавия, Карелии, Закарпатия Украина, Прибалтика, Заполярья, Румыния, Болгария, Югославия, Словакия, Польша, Венгрия, Австрия, Чехословакия азат ету.

    - Берлин операциясы. Германияның сөзсіз тізе бүгуі.



    Жеңіс

    09.05.1945

    Германияның КСРО – ға қарсы соғысының негізгі мақсаттары: 1. Большевизмді және Совет мемлекетін жою. 2. Шығыста неміс колонистері үшін территорияларды жаулап алу. 1940 ж. бекітілген соғыс жоспары «Барбаросса» жоспары деп аталынды. Ұлы Отан соғысы 1418 күнге созылған Кеңес мемлекетінің тарихындағы ең қасіретті кезең болып есептелінеді.

    КСРО-ға қарсы басталған соғыс қимылдары барысында ІІ дүниежүзілік соғыстың негізгі майданы болған Шығыс майданы ашылды. Совет-герман майданы 6000 км. созылды.

    Батыс майданы – 800 км.

    Африка майданы – 300 км.

    Италия майданы – 350 км.

    Шығыс майданда Германияны құрлықтағы әскери күштерінің 70% соғыс жүргізді. Шығыс майданында 270 дивизия шоғырланды. Ал, солтүстік Африкада 9-20, Италияда 7-26 дивизия шоғырланды.

    Соғыстың алғашқы кезеңінде Совет әскерлері орасан зор шығындарға ұшырады. 1941 ж. 1- желтоқсанына дейін 7 млн. жауынгер, 22 мың танк, 25 мың әскери сомолеттерінен айырылды. Сәтсіздіктердің саяси және әскери – стратегиялық себептері болды.



    1. Соғыстың басталу мерзімі жөнінде қате пікірлер қалыптасты. 1941 ж. 14- маусымда ТАСС –тың арнайы хабарында Германияның КСРО-ға қарсы соғыс ашу пыйғылы туралы пікірлердің «ешқандай негізі жоқ» деген қорытынды жасалды.

    2. 1937-1938 жж. репрессия кезеңінде совет армиясының жоғарғы қолбасшылық құрамының 90% -і жойылды. 733 жоғарғы қолбасшылар мен саяси қызметкерлердің 579 репрессияға ұшырады. Соғыс басталарда қолбасшылардың 7% жоғарғы білімі болды. Ал, 37% арнайы әскери білімдері де болған жоқ.

    3. Совет армиясын жаңа типтегі қару-жарақпен қаруландыру шараларында көптеген қателіктер болды. Армия негізінен моральдық жағынан ескірген техникамен жабдықталған болатын.

    4. Соғыстың әскери концепциясын анықтауда қателіктер жіберілді. Негізгі әскери тактика жау территориясындағы контр шабуыл деп есептелінді.

    5. Фашистік германия 1941 ж. Батыс Европаның түгелдей дерлік әскери, экономикалық ресурстарын пайдаланды. Жаңа соғыс тактикасын меңгерді, бұл өте маңызды фактор болып есептелінеді.

    1941 ж. 29-маусымдағы СССР ХК С мен ВКП (б) ОК директиваларының мазмұнының өн бойы Лениннің осы идеялары негізін де құрылды. Бұл директива партияның әскери программасы болды. Программа К.П. мен совет халқының алдына мынандай міндеттерді қойды.

    1. Ішкі саясат саласында – Мем-к, қоғамдық ұйымдар жұмысын топтастырып, совет қоғамының барлық ішкі резервтері жауды жеңуге топтастыру.

    2. Әскери салада – Армия мен флоттың санын өсіру, әскери өндіріс жұмысын жолға салу, қарулы күштерді одан әрі күшейту, тылда партизандық қозғалысты ұйымдастыру.

    3. Экономикада - өте қысқа мерзімде экономиканы соғыс жағдайына сай

    1. В.И. Ленин, Шығ., 28-том, 14-бет. қайта құру.

    Идеологиялық бағытта Халықтың барлық рухани күш қуатын жауға қарсы жұмылдыру, соғыстың Ұлы Отан соғысы екендігін түсіндіру, халықты патриотизм, прол-қ интернационализм рухында тәрбиелеу.

    Сыртқы саясатта - Халықтардың антигитлерлік коалициясын құрып, бекіту.

    Барлық қала, аудан партия ұйымдары активтер жиналысында, директиваны басшылыққа ала отырып, партия ұйымдарының соғыс жағдайындағы міндеттерін анықтады.

    ВКП (б) орталық Комитеті мен Совет үкіметінің тапсырмасы бойынша 3-маусымда И.В. Сталин радиодан сөз сөйледі. Сталин сөзінің негізі етіп партияның ОК-нің 29-маусымдағы директивасы алынды.

    1941 жылғы 30-маусымда ОК – саяси бюросының шешімі бойынша И.В. Сталин бастаған төтенше орган Мем. қорғаныс комитеті құрылды.

    1. КПСС в рез-ях, ч.1, 516-бет.

    Оның құрамына И.В. Сталин (пред), В.М. Молотов (пред. орынбасары), К.Е. Ворошилов, Г.М. Маленков кірді. Қарулы күштерді партиялық басшылықтың ерекше формасы - әскери комиссарлар институты құрылды.

    ВКП (б) ОК мен КСРО халық Комиссарлар Кеңесі соғыстың бастапқы кезеңінде Совет қарулы күштерінің қатарын толықтыруға, кеңейтуге, оның соғыс қабылетін арттыруға баса назар аударды.

    23-маусым күні Бас Командованиенің Ставкасы құрылды. Оны И.В. Сталин басқарды.

    Ең басты негізгі міндет армияны күшейту болды. 1941 жылдың аяғында жаппай мобилизация нәтижесінде жаңадан 400 жаңа дивизия құрылды. Майданға 1 млн. - нан астам коммунистер жіберілді.

    1941 ж. сәтсіздіктер өте күрделі экономикалық проблемаларды туғызды. 68% шойын қорытылатын, 58% болат балқытылатын, 65% көмір, 38% астық өндірілетін орасан зор территория жау қолында қалды. Батыс аудандардан шығысқа негізгі өндіріс орындарын, адам ресурстарын көшіру бұрын – соңды кездеспеген қиыншылықтар туғызды. 1941 ж. 24- маусымда Н.М. Шверник басқарған эвакуация Кеңесі құрылды. Соғыстың алғашқы алты айында шығысқа 1,5 мың өнеркәсіп орындары және 10 млн-дай адам көшірілді. Транспортта әскери тәртіп жағдайы орнықты, картоякалық жүйе енгізілді, қандай еңбек демалысы және жұмыс күні қысқартылды.

    Майданды жаңа типтегі техникамен қамтамасыз ету үшін бірнеше ғылыми жоспарлар даярланып, 200 дей өнеркәсіп орындары осы бағытта жұмыс жасады. Сол кездегі белгілі ғалымдар А.П. Александров, А.Н. Туполев, П.О. Сухой, С.П. Королев т.б. жеңіске қосқан үлесі зор.

    1941 ж. аяғында өндірістің құлдырауы тоқтатылып, 1942 ж. ортасында экономика соғыс рельсіне көшірілді. Бұл өте маңызды өзгеріс болатын.

    Ұлы Отан соғысының ең елеулі кезеңінің бірі Қызыл армияның Москва түбінде неміс-фашист әскерлерін талқандау болып табылады. «Тайфун» жоспары бойынша Германия Москва бағытында 38 жаяу әскер және танк дивизияларының 64% шоғырландырған болатын. Москва бағытындағы жау әскерлерімен шайқастың ең қысылтаяң кезеңі 16-қазан күні болып есептелінеді.

    Москва түбіндегі шайқас екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 1941 ж. 6-желтоқсанға дейін созылған қорғаныс кезеңі, екінші кезең 5-6- желтоқсанда басталып, 1942 ж. ақпан айына дейінгі кезең. 5-6- желтоқсан күні Калининград майданы – қолбасшысы генерал И.С. Конев.

    Батыс майдан – қолбасшысы Г.К. Жуков.

    Оңтүстік – Батыс майдан қолбасшысы маршл С.К. Тимошенко бір мезгілде шабуылға шығып, нәтижесінде жау батысқа қарай 100 – 250 ал, кей шептерде 400 км-ге дейін ығыстырылды. Бұл ІІ дүниежүзілік соғыстағы герман әскерлерінің ең алғашқы ірі жеңілісі болды. Жау 500 мың солдаттарынан айырылды. Москва шайқасы соғыс барысындағы бетбұрыстың бастамасы болды, блицкриг стратегиясы авантюралық стратегия екендігі дәлелденді.

    1942 ж. көктем, жаз айларындағы соғыс барысында Қызыл армия тағы да ірі сәтсіздіктерге ұшырады. Қырым, Харьков, Ржев, Воронеж және Донбасс бағытындағы Совет әскерлерінің шабуылы тұншығып, Харьков түбінде орасан зор әскери бөлімдер қоршауға түсті, нәтижесінде неміс әскерлеріне Солтүстік Кавказ бағытындағы жолдар ашылып, жау Сталинградқа таяп келді. Сталинград шайқасы да екі кезеңнен тұрады. Бірінші. 1942 ж. 17- шілде – 18- қараша 1942 ж.; Екінші 1942 18- қараша – 1943 ж. қаңтар, ақпан айлары Сталинград шайқасында ерекше ерлік көрсеткен 62-64 – армияларды және оның қолбасшылары В. Чуйков, М. Шумилов аттары соғыс тарихына алтын әріппен жазылған аттар.

    19-қараша күні Сталинград майданы (А.И. Еременко); Дон майданын (К.К. Рокоссовский); Оңтүстік – Батыс майданын (Н.Ф. Ватутин); майдандарының бірлескен қарсы шабуылы нәтижесінде 330 мыңдай жаудың Сталинград бағытындағы тобы қоршауға түсті. Соғыс тарихында бұрын-соңды кездеспеген тактика қолданылды.

    Сталинград түбіндегі жеңіс ІІ дүниежүзілік соғыс барысындағы түбегейлі бетбұрыстың бастамасы болса, 1943 ж. Курск доғасындағы шайқас осы бетбұрыстың аяғы болды. Түбегейлі бетбұрыс дегеніміз стратегиялық инициативаның түгелдей Қызыл армия қолына көшуі болды. Курск доғасындағы әскери операция тарихында Прохоровка деревнясы маңындағы танк дивизияларының шайқасын атап өтуге болады.

    Ұлы Отан соғысы барысындағы ұлы бетбұрыс дүниежүзілік соғыстың басқа майдандарында да жағдайды өзгертті. 1943 ж. ағылшын-американ әскери бөлімдері Африка майданында ірі-ірі шабуылдар ұйымдастырып, Солтүстік Африканы азат етті. 1943 ж. шілдеде Оңтүстік Италия, Сицилия жерлерінен Италиян әскерлері қуылып, Муссолини тұтқындалды.

    1942 ж. 26-мамырда антигитлерлік коалицияны қалыптастырудың маңызды кезеңі басталды. Лондонда Германияға қарсы соғыста Одақ құру мәселесі шешілді. 1941 ж. аяғында антигитлерлік коалицияға 26 мемлекет кірді. Антигитлерлік коалиция мүшелерінің негізгі кездесу формалары екіжақты, үшжақты, көпжақты конференциялар болды.

    1. 1942 ж. күз Москва конференциясы.

    2. 1943 қараша Тигеран конференциясы.

    3. 1945 ж. ақпан Ялта конференциясы.

    4. 1945 ж. шілде-тамыз Подсдам конференциясы.

    5. 1945 ж. сәуір-маусым Сан-Франциско конференциясы.

    Антигитлерлік коалиция мүшелері өте маңызды мәселелерді шешті.


    1. Өзара әскери техника, қару-жарақ, стратегиялық материалдармен қамтамасыз ету.

    2. Екінші майдан ашу мәселесі. 1944 ж. 6- маусымда екінші майдан ашылды.

    3. Окупацияланған елдердегі қарсылық қозғалыстарға көмек.

    4. Соғыстан кейінгі халықаралық қатынастарды реттеу мәселесі.


    Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. Қорытындылары және сабақтары.

    1944-1945 жж. фашистік блокты талқандаудың қорытынды кезеңі болып есептелінеді.

    1. 1944 ж. көктем және қыс айларында шешуші ұрыстар Украина жерінде жүрді. 1-4 Украин, 2 Беларус майдандары өзара қимылдаса отырып, 10 әскери операцияны жеңіспен аяқтады. Әсіресе Корсунь-Шевченко операциясы барысында (бас командашылар Н.Ф. Ватутин және И.С. Конев) жаудың «Оңтүстік» тобы талқандалды.

    2. 1944 ж. сәуір-мамыр айларында Ф.И. Толбухин және А.И. Еременко басқарған Қырым операциясы нәтижесінде Қырым түбегі жаудан тазартылды.

    3. 1944 ж. жаз айларында 12 майдан қатынасқан совет әскерлерінің қуатты шабуылы басталды. Тарихта бұл Беларуссия операциясы деп аталады. Бұл операцияға 3 Беларус майданы 1 – Прибалтика майдандары қатынасты. (И. Х. Баграмян, И.Д. Черняховский, Г.Ф. Захаров, К.К. Рокоссовский) Операция барысында «Орталық» деп аталатын жау тобы талқандалды.

    4. 1945 ж. 16-сәуірде совет әскерлерінің Берлин операциясы басталды. Оған қатынасқан майдандар: 1- ші Беларусь майданы (Г.К. Жуков), 2-ші Беларусь майданы (К.К. Рокосовский) және 1-ші Украина майданы (И.С. Конев). 8-9 мамырда Берлин маңындағы шағын қалашық Карлхорстта Германияны ІІ дүниежүзілік соғыста сөзсіз тізе бүгу Актісіне қол қойған маршл Г.К. Жуков, Англиядан авиацияның бас маршлы А. Теддер және АҚШ-тан генерал К. Спаатса, Франциядан генерал Латр де Гассиньи, Германия жағынан генерал – фельдмаршал Кейтель қол қойды.

    ІІ дүниежүзілік соғыстың және оның басты құрамдас бөлігі Ұлы Отан соғысындағы жеңістің тарихи маңызы, себептері осы проблема бойынша қордаланған тарихи әдебиетте жан-жақты сарапталады.

    Соғыстың басты қорытындысы нацизмнің талқандалуы болды. ІІ дүниежүзілік соғысқа 1,7 млрд. Халық тұратын 1 мемлекет қатысты. Соғыс жылдарында майданға 110 млн. жауынгер шақырылып, соның 50 млн-ы қаза тапты. КСРО әскерлері соғыс жылдарында жаудың 600 дивизиясын талқандады. Жеңістің шығындары да өте ауыр болды. Совет армиясы 28 млн. жауынгерлерінен айырылды.




    Каталог: dmdocuments
    dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
    dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
    dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
    dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
    dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
    dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
    dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
    dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
    dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет