Баспа: "Атамұра" 016 жыл «Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына сағат, оқу жылына 198 сағатты құрайды



бет1/11
Дата12.09.2020
өлшемі146,2 Kb.
#78067
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
КТП каз 1 класс 2017-2018
Элетротехника каз. госэкзамен, Тірілген графика. Айнымалылармен жұмыс, 9 кл тест, EO 1 Unit 3, №1. Геоэкологияның маңызы, дүние, дүние, дүние, дүние, 00073a7f-e1a6734c, 6 кл сөз басы.ертегілер, docx1539859833

Пәні: Сауат ашу

Класы : 1

Оқулық авторлары: Ә.Е. Жұмабаева, Г.И.Уайсова, Г.Т. Сәдуақас, М.Н. Оспанбекова

Баспа: "Атамұра" 2016 жыл

«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 6 сағат, оқу жылына 198 сағатты құрайды.

«Сауат ашу» пәнінің мақсаты – айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыру үдерісі арқылы функционалды сауаттылығының негізін қалап, білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.

Алға қойылған осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешілуі көзделеді:

- қазақ әліпбиіндегі әріптермен (баспа және жазба түрі, бас әріп және кіші әріп) таныстыру;

- әріптен буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап оқуға және жазуға дағдыландыру;

- оқу дағдысы (дұрыс, мәнерлеп, шапшаң және түсініп оқу) мен жазу дағдысын (қатесіз, сауатты, таза, каллиграфия ережелерін сақтай отырып жазу) қалыптастырып, жетілдіру;

- тілдік бірліктер (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін) және орфография, пунктуация туралы қарапайым түсініктерді меңгерту;

- кітап оқуға қызығушылығын тәрбиелеу;

- қарапайым талдау жасау тәсілдерін меңгерту арқылы салыстыру, топтастыру, жүйелеу біліктерін дамыту;

- сөйлеу және қарым-қатынас жасау мәдениеті нормаларын сақтауға дағдыландыру;

- сөздік қорын байыту және белсендіру, байланыстыра сөйлеу тілін дамыту;

- туған тіліне, тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;

- коммуникативтік дағдыларын (диалог барысында басқа адамның сөзін ести және тыңдай білуін, диалогке/сұхбатқа қатысуға дайын болуын, әркімнің өз көзқарасы мен пікірі болатынын түсінуін; өз пікірін айқын да дұрыс және толық жеткізе білуін) қалыптастыру;

- алған тілдік білімі мен дағдыларын жеке қарым-қатынас тәжірибесінде, күнделікті өмірлік жағдаяттарда қолдануға үйрету;

- оқушыны өз іс-әрекетін адамгершілік, ізгілік тұрғысынан ұйымдастыруға және жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Дыбыс және әріппен таныстыруға бөлінетін сағат санын білім алушылардың оқу материалын, оқыту мақсаттарын меңгеру мен әр кезеңнің тапсырмаларын орындау деңгейіне байланысты мұғалім өзі реттеуі мүмкін.

Оқу жылының соңында оқу жылдамдығының нормасы: минутына 25 сөз және белгі; бірінші жартыжылдықта оқу техникасы тексерілмейді. 1-сыныптар үшін жазба жұмыстарының нормасы Бірінші жартыжылдықтың соңында: айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді (3-5 сөз), сөйлемдерді (2-3 сөзден тұратын) жазу; баспа әріптермен берілген мәтінді (10-15 сөзден артық емес) көшіру жұмыстарын орындай алуы тиіс. Екінші жартыжылдықтың соңында: 1) күрделі, айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерді, құрамында дауыстылар, ұяң, үнді және қатаң дауыссыздар, йотты дауыстылар кездесетін сөздерді тыңдау арқылы жазу (8-10 сөз); 2) сөйлемдерді (3-4 сөзден тұратын), шағын мәтіндерді (10-15 сөз және белгі) тыңдау арқылы жазу; 3) сұрақтарға жауап жазу арқылы мәтіннің мазмұнын жеткізу (15-20 сөз және белгі); белгілі бір тақырыпқа сөйлемдер құрастыру және жазу (2-4 сөйлем) жұмыстарын орындай алуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет