Бастауыш білім беру мұҒалімдерінің Қызметіндегі инновациялық ізденістер тілеуова С. С. –п.ғ. к., доцент



Дата08.11.2019
өлшемі24,35 Kb.
#51307
түріСтатья
Байланысты:
инновация конф ОҚМПУ ТСС

ӘОЖ 37.013:001.895( 075.8)

БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІЗДЕНІСТЕР

Тілеуова С.С. –п.ғ.к., доцент

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан


Резюме 

Статья посвящена важностью использования различных компонентов педагогических информационных технологий для повышения качества и эффективности воспитательной работы.



Summary

The article is devoted to the importance of using various components of pedagogical information technologies to improve the quality and effectiveness of educational work


Қазақстанның білім беру саласындағы ізденістері өскелең жаңа буынды ХХІ-ғасырдың өмір талаптарына сай сапалы дайындау мақсатында дұрыс шешімдер қабылдауға бағытталған.

Әлемдік білім беру тәжірибесінде білім берудің күтілетін нәтижесі ретінде қарастырылатын құзіреттіліктер шеңбері айқындалған (ЮНЕСКО, 1996). Еліміздегі білім беру реформасы әр адамның табысты жұмыс істеуіне, өмір бойы оқып-үйренуіне қажетті тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағытталған әлемдік тәжірибеге негізделеді. Демек, білім беру жүйесінің түлектері функционалдық жағынан сауатты болып қана қоймай, кез-келген өмірлік мәселені шешуге, қойылған мақсатқа жетуге қажетті құралдар, әдістер мен жолдар таңдауда рухани және адамгершілік қуатын көрсетуге қабілетті, өзінің қоғам алдындағы парызын саналы түрде атқаруға дайын болуы тиіс.

Сауатты, зияткер, рухани мықты адам тәрбиелеу адамгершілік құндылықтарды, ұлттық-мәдени дәстүрлерді бекіту және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. Өзіне, басқаларға және әлемге деген құндылық қатынасын дамыту негізінде тұлғаның үйлесімді қалыптасуы бейбітшілік пен келісімнің нығаюының алғышартына, ашық қоғам қалыптастыруға бағытталған ұлттық басымдылықтардың жүзеге асуының жасампаз күшіне айналады. Орта білім беру, оның ішінде бастауыш білім беру қазақстандық сана-сезім мен мәдени сәйкестік негізінде Отан үшін жауапты болуға қабілетті зияткер және рухани-адамгершілік жағынан жоғары тұлға дамытуға бағытталған. Мектеп Қазақстан халықтарын біріктіретін жалпы ұлттық «Мәңгілік ел», «Қазақстан – ортақ үйіміз», «Қазақстан – менің Отаным» идеяларын жүзеге асыруға үлес қосады. Осы идеяларды ұстану оқушыларда Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, тіл, мәдениет пен салт-дәстүрлерді сақтауға және өз елінің жарқын, мейірімді азаматтары болуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңдағы білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның  басты мақсаты – ой-өрісі дамыған, жан-жақты, шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын, дүние-танымы биік,білімдік бәсекеге қабілетті, жан-жақты, сыни ойлай алатын жеке тұлға тәрбиелеу екендігін басты бағдар ете отырып, болашақ маман ұстаздар даярлауда, әсіресе, бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауда жаңа педагогикалық инновацияларды олардың бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу ісінде нәтижелі, тиімді қолдана білулері маңызды орын алатыны сөзсіз.

  Білімнің, ғылыми дүниетанымның бастауы бастауышта болғандықтан бастауыш мектеп мұғалімдеріне артылатын міндет ауыр да, маңызды әрі жауапты. Себебі, бірден-бір негізгі мақсат – оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген, өзіндік көзқарасы бар, Отанын шын сүйетін азамат болып жетілуіне көмектесу, соған қажетті іскерлік-дағдыларды оқушылардың бойына сіңіру.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі басты мәселелердің бірі – мектептегі білім беруде озық педагогикалық инновациялар мен технологияларды тиімді қолдану. Осыған орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде.

Оқыту мен білім берудің тиімділігін арттыру мәселесі бүкіл әлемді толғандырып отыр. Ғаламдану өркениетімен қазіргі заманғы әлемде бәсекелестік жағдайына тез бейімделу қабілеті тұрақты дамудың ең маңызды факторы болып табылады.  Әлем елдеріндегі білім беру жүйесінің құрылымы  түрліше. Әлем елдерінің білім беру жүйесі ерекшеліктеріне қарай даму үстінде. Себебі, кез келген елдің бәсекелестік мүмкіншіліктері көбіне білім беру жүйесінің жай-күйімен анықталатын мемлекеттің әлеуметтік капиталының дамуына  тәуелді.

Қысқаша оқыту технологияларының дамуына шолу жасасақ, педагогикалық технологияға алғаш анықтама берген ғалымдардың бірі – орыс ғалымы В.П.Беспалько. Оның жеке аспектілері мен түрлері В.М.Монахов, М.В.Кларин, П.И.Третьяков, И.П.Сенновский, Г.А.Монахова, т.б. ғалымдар еңбектерінде қарастырылған. В.П.Беспалько “Педагогикалық технологияны – практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба” деп көрсеткен. Ол педагогикалық жүйе тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланыстағы әдіс-тәсілдер деп қарастырады.

Жаңа педагогикалық технологияны оқыту процесінде пайдалану қажеттіліктен туындайды. Ғылыми – техникалық даму ғасырындағы жаңа қажетті жағдайдың бірі – интелектулдық, шығармашылық, ізгілікті жас ұрпақты тәрбиелеу.

Кез – келген педагогикалық технологияның философиялық және педагогикалық – психологиялық әдістемелік негізі болады. Қазіргі кездегі педагогикалық технологиялар негізінен гуманистік бағытта, қарым – қатынаста, тепе – теңдік позициясы мен жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыт-талады және пайдалану қажеттілігінің жоғарылауына байланысты педагогикалық оқыту технологияларын қанағаттандыруға тиісті бірнеше талаптар анықталған.

Әр мұғалім өзінің бағыты мен қойған мақсатына байланысты мемлекет пен қоғамның сұранысына, ғылым мен техниканың дамуына байланысты технологияларын таңдай білу қажет;

Дарынды ұстаз К.Д.Ушинский: «Қызығушылығын туғызбайтын оқу бірте – бірте оқушының білімге деген құмарлығын жояды,ал тек қызығушылыққа негізделген оқу оқушының еркін,күш – жігерін тәрбиелемесе мәнін жояды» деген екен. Олай болса мұғалім өз сабағының жоғары мәнінде оқушының қызығушылығын оятатын, әсерлі болуын қадағалап отыруды қажет етеді.

Қазіргі инновациялық  технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдаланудың оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін мұғалім әр сабақта жаңа технологияларды қолдануылары қажет. Себебі, жаңа технологиялардың ерекшелігі – оның оқушыға жан – жақты ықпал етуінде. Яғни, тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін,т анымдық процестерін (есту,көру), өзін – өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу – танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан – жақты дамытуға жетелейді.

Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығар-машылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі алдындағы шәкірттерін бақылауда орын алады. Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгерту мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған Қазақстандық білім беру реформасының басты мақсатттарының бірі – инновациялық технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Мұндай күрделі мәселелерді шешуде бастауыш сыныптың алатын орны ерекше.

Бастауыш сынып оқушысының бойында субъектікті дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру өте тиімді. Берілген жағдайды жүзеге асыру бастауыш сынып оқушысының білім беру үдерісі барысында өзіндік қажеттіліктері мен мотивтерін жүзеге асыра алуымен байланысты болып келеді. Бұл жағдайда оқушының белсенділігі өзіндік логикаға негізделеді. Бастауыш сынып оқушыларының оқу үдерісінде жаңа технологияларын қолдану арқылы мұғалім оларға қажетті материалдарды игеру мақсатында материалды және сәйкес көмек көрсетеді.

Оқыту технологияларының түрлерімен танысу, оған қойылатын талаптарды ескеру, олардың білім парадигмаларына сәйкес келуі, оқыту процесін технологияландыру, осы принциптерге сәйкес бағдарламаларын жасау жұмыстарында қарастырылады.

Оқыту мақсатының нақты қойылуы мен оның ғылыми негізделуі:



  • мақсаттың уақыт талабына сай болуы;

  • технологияның оқытушыға да, оқушыға да пайдалануға ыңғайлы болуы;

  • технологиялық құралдар мен дидактикалық материалды бірге пайдалану мүмкіндігінің болуы;

  • оқу іс-әректінің нәтижеснің жоғары сапалы болуы;

  • оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;

  • оқу поцесінде қарым-қатынсатың еркін болуы;

  • оның үнемі жетілдіріп, толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы.

Бастауыш мектептегі оқу жұмысына бейімделу балада бірден қалыптаспайды және балалардың оқуға белсенділігі әр сабақта әр түрлі болады. Жеке пәндерден сабақтарды ойдағыдай үлгеру үшін алдымен баланың осыған ықыласы болуы шарт. Оқу ойынға қарағанда қиын болғандықтан балалардың кейбіреулерінің оқуға ықыласы төмен болады. Оларды оқуға үгіттеу арқылы тарту қиын. Сондықтан оқуға деген ықыласты тудыру үшін қалыптасқан дәстүрлі оқыту әдістерінен бөлек, қазіргі кездегі әртүрлі инновациялық технологияларды тиімді әрі шеберлікпен қолдана білу бүгінгі күнгі жас ұстаздардан талап етіледі.

Жаңа әдістерді пайдалану – бүгінгі күннің талабы. Жаңаша жаңғыртып оқыту, интерактивті әдістер, жаңа технологиялар білім сапасын арттырудағы негізгі құрал. Заман талабына сай әрбір ұстаз сабақтарында оқушылардың біліктілігін арттыру үшін оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін кеңінен пайдалануы үшін мұғалім жоғару оқу орнында алған теориялық және практикалық білім негіздері мен дағдыларын шыңдап, білімін жетілдіріп отыруы керек.
Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы Бастауыш білім берудің мемлекеттік
    жалпыға міндетті стандарты.

  2. «Бастауыш мектепте оқыту».№2  2014жыл.

  3. О.Аяшев, Р.Қадірбаева,С.Тілеуова «Жас ұстазға – 100 бағдар»- Астана, Фолиант, 2016

  4. www.nis/edu/kz

  5. bilim-all.kz

  6. http://izdeniszholy.kz


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет