Бастауыш мектепте мультимедиа технологиясын пайдалану



Дата01.04.2017
өлшемі74,71 Kb.
#13010
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МУЛЬТИМЕДИА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ

Жайлауова Манат Кенесовна, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті



Алматова Ажар, №11 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Қазіргі таңда өскелең ұрпаққа білім берудің құрамды бөлігі - ақпараттық мәдениетті дамыту. Өскелең ұрпақ бүгінде тек уақыт пен шынайы кеңістікте ғана емес, медиа кеңістікте де тіршілік етіп отыр. Бұл объективті құбылысты білім беруді модернизациялау үдерісінде есепке алу қажет.

Бастауыш сынып оқушысының бойында ырықсыз зейін жақсы дамыған. Оқу материалы көрнекілігімен, айқындылығымен ерекшеленген жағдайда балалардың ұнамды эмоцияларын тудырады. Сондықтан оқыту үдерісінде медиасабақтарды пайдаланудың тиімді болатыны сөзсіз.

Қазіргі сабақтың мақсаты – пән туралы бейнелі ойлауды және жарқын түсініктерді қалыптастыру. Оны жүзеге асыру үшін бастауыш мектепте компьютерді пайдаланудың үлкен мүмкіндіктері бар. Оны пайдалана отырып өткізілген сабақтар өзінің көрнекілігіне, қарапайымдылығына байланысты неғұрлым көп тиімділік әкеледі.

Мультимедиа – бұл түрлі сабақтардағы танымның құралы. Мультимедиа мотивацияның, коммуникативтік қабілеттердің дамуына, дағдыларды қалыптастыруға, білімдердің жинақталуына, сондай-ақ ақпараттық сауаттылықтың қалыптасуына ықпал жасайды. Мультимедианың этикалық компоненті де бар – компьютерлік технология ешқашан оқушылармен байланысты алмастыра алмайды[1].


Мультимедиа – объектілер мен процестерді дәстүрлі мәтіндік сипаттамада емес, фото, видео, графика, анимация, дыбыс көмегімен ұсыну. Бастауыш сынып оқушыларын мультимедиалық сабақтарды өткізудің жаңашылдығы қызықтырады.Мұндай сабақтар кезінде сыныпта шынайы қарым-қатынас жағдайы жасалады: оқушылар ойларын өз сөздерімен жеткізуге тырысады, тапсырмаларды үлкен ұмтылыстпен орындайды, қарастырылып отырған материалға үлкен қызығушылық танытады.


Оқу үдерісінде көрнекі құралдарды тиімді пайдалану оқушылардың байқағыштығын, зейінін, сөйлеуін, ойлауын дамытуда маңызды рөл атқарады.

Шын мәнінде бастауыш сынып мұғалімі мәтіннің бір бетін шамамен 1-2 минут ішінде айтады. Осы уақыт ішінде толық экранды видео ақпараттың үлкен көлемін береді.Сондықтан да «жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық».

Мультимедиа сабақтары төмендегі дидактикалық міндеттерді шешуге көмектеседі:

- пән бойынша базалық білімдерді игеруге;

- игерілген білімдерді жүйелеуге;

- өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыруға;

-оқуға деген мотивацияны қалыптастыруға;

- оқу материалы бойынша өз бетінше жұмыста оқушыларға оқу-әдістемелік көмек көрсетуге.

Мультимедиа технологияларын пайдалану әдістемесі:

- сабақтың түрлі кезеңдерінде оқытуды басқару жүйесін жетілдіруді;

- оқу мотивациясын күшейтуді;

- оқушылардың ақпараттық мәдениетін арттыратын оқыту мен тәрбиенің сапасын жақсартуды;

- қазіргі ақпараттық технологиялар саласындағы оқушылардың дайындық деңгейін арттыруды;

- компьютердің ойын құралы ретінде ғана емес, басқа да мүмкіндіктерін демонстрациялауды білдіреді.

Аталмыш технологияны оқытудың түсіндірмелі-иллюстративті әдісі ретінде қарастыруға болады. Адамдардың естігенінің 5%-ын және көргенінің 20%-ын есте сақтайтыны белгілі. Аудио- және видео-ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50%-ға арттырады.

Мультимедиа бағдарламалары ақпаратты түрлі формаларда береді және сол арқылы оқыту үдерісін тиімді етеді.Нақты материалды оқып үйренуге қажетті уақытты үнемдеу орташа алғанда 30%-ды құрайды, ал игерілген білім есте неғұрлым ұзақ сақталады[2].

Бастауыш мектепте мультимедиалық технологияларды пайдалану барысында сабақтың құрылымы өзгермейді. Сабақтың негізгі кезеңдері бұрынғыша сақталады, тек олардың уақыттық сипаттамалары өзгереді. Бұл жағдайда мотивация кезеңі ұлғаяды және танымдық жүктемені алып жүреді. Бұл - оқытудың табысты болуының қажетті шарты.

Мультимедиалық презентацияны құрылымдық жасақтау жүйелік, талдамалық ойлауды дамытады. Сонымен қатар презентацияның көмегімен танымдық әрекетті ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдалануға болады: фронтальды, топтық, жеке дара.

Сонымен, мультимедиалық презентация неғұрлым тиімді және оңтайлы сабақтың үш бірлікті дидактикалық мақсатына сәйкес келеді.

Сабақтың үш бірлікті дидактикалық мақсаты:

Білім беруші аспект:оқушылардың оқу материалын қабылдауы, зерделеу объектілеріндегі байланыстар мен қатынастарды түсіну.

Дамытушы аспект:оқушылардың танымдық қабілеттерін, жинақтау, талдау, салыстыру біліктерін дамыту, оқушылардың шығармашылық әрекетін белсендіру.

Тәрбиелеуші аспект:ғылыми дүниетанымды, өз бетінше және топтық жұмысты айқын ұйымдастыру білігін дамыту, жолдастық, өзара көмек сезімдерін тәрбиелеу.

Мультимедиалық технологиялар төмендегі жағдайда пайдаланылуы мүмкін:

1.Тақырыпты хабарлау үшін.Сабақтың тақырыбы талқыланып отырған сұрақтың негізгі сәттері қысқаша баяндалған слайдтарда көрсетілген.

2.Мұғалімнің түсіндіруін сүйемелдеу ретінде. Нақты сабақтар үшін дайындалған қысқаша мәтін, сызбалар, суреттер, видеоүзінділерден тұратын мультимедиалық конспект-презентацияларды пайдаланған жөн.

3.Ақпараттық-оқытушы құрал ретінде.

Оқыту барысында баланың жаңа білімді іздеуіне, түсінуіне және қайта өңдеуіне бағытталған жеке әрекетіне айрықша көңіл бөлінеді.

4. Білімдерді бақылау үшін.

Компьютерлік тестілеуді пайдалану оқу үдерісінің тиімділігін арттырады, оқушылардың танымдық әрекетін белсендіреді.

Егер біз слайдтың білім беру үдерісіне барынша тиімді ықпал етуін қаласақ, онда кез келген ақпаратты қабылдау ерекшеліктеріне жауап беретін кейбір ережелерді сақтауға тура келеді.

Мультимедиалық презентацияны құру кезеңінде төмендегілерді есепке алу қажет:

- сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін;

- оқытудың мақсаты мен нәтижелерін;

- танымдық кеңістіктің құрылымын;

- сабақтың нақты міндеттерін шешу үшін компьютерлік технологиялардың неғұрлым тиімді элементтерін таңдауды;

- оқу материалын безендіруде түстер гаммасын[3].

Мультимедиалық презентациямен жұмыс барысында ең алдымен ақпаратты компьютердің, телевизордың экранынан, проекциялық экраннан қабылдаудың психофизиологиялық заңдылықтарын есепке алу қажет.Экраннан берілетін визуалды ақпаратпен жұмыстың өзіндік ерекшеліктері бар. Өйткені ұзақ жұмыс істеген шаршатады, көру өткірлігін төмендетеді. Мәтінмен жұмыс адамның көзі үшін көп қиындық тудырады.

Бастауыш сынып оқушысының қабілетін дамыту көптеген факторларға, әсіресе оқу материалы оның қабылдауы үшін қаншалықты көрнекі және лайықты екеніне байланысты. Сабақ айшықты, тиімді, эмоционалды, ал ең бастысы - өнімді болуы тиіс. Мұғалімнің бұл міндетті шешуіне оқытудың дәстүрлі әдістері мен қазіргі ақпараттық технологияларды үйлестіруі көмектесе алады.

Презентациялар - пәнді оқып үйрену барысындағы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру құралы. Аталмыш көрнекілік видеоүзінділерді пайдалану арқылы мұғалімнің сабақта логикалық, ғылыми түсіндіруіне мүмкіндік береді. Презентация қиын тақырыпты кезеңімен қарастыруға, жаңа материалды игеріп қана қоймай, өткен тақырыпты да қайталауға мүмкіндік береді. Анимациялық эффектілерді пайдалану оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Презентацияны түрлі сабақтарда қолдануға болады.

1.Математика.Математика сабағында слайдтардың көмегімен есептерді демонстрациялау, мысалдарды тақтаға жазу, математикалық сергіту сәттері мен өзін-өзі тексеру жүзеге асырылады.

2.Дүниетану. Табиғаттың керемет көріністерін, жануарлар, теңіз, мұхит, табиғат зоналары, табиғаттағы су айналымы, қоректену тізбегін презентация түрінде көрсетуге болады.

3.Қазақ тілі. Шығармамен жұмыс барысында презентацияны пайдаланған тиімді: жоспар, сұрақтар, қиын сөздерді жазып қоюға болады.

4.Әдебиеттік оқу. Ақын, жазушылардың суреттері, олардың өмір сүрген жерлері, шығармадан үзінді, жоспар құру, сөздік жұмысы, жаңылтпаштар слайдтар арқылы қызықты бола түседі.

5.Бейнелеу өнері, технология. Презентацияны бейнелеу өнері сабақтарында пайдалануға болады: суретшілердің портреттері, репродукциялар, сызбалар, суретті орындау реті және т.б. Технология сабағында бұйымдардың үлгілері мен жобалау әрекеті бойынша жұмыс кезеңдері және т.б.беріледі.

Компьютерлік сабақтарды ұйымдастыруға қойылатын төмендегі талаптарды ескерген жөн.

Біріншіден, компьютерлік сыныптағы сабақ басталмас бұрын оқушылармен дәстүрлі құралдарды пайдалана отырып, алдын ала жұмыс жүргізу қажет: компьютермен жұмыс барысында оқушыларға қажет болатын грамматикалық материалды қайталаған жөн.

Екіншіден, егер оқушылардың компьютерде жұмыс істеу тәжірибесі болмаса, мұғалім ауызша нұсқау беруге дайын болуы тиіс. Ауызша нұсқау компьютермен жұмыс барысында туындауы мүмкін сұрақтардың алдын алуға бағытталған.Кіріспе сөз нақты және айқын болуы керек.

Үшіншіден, компьютер - оқыту құралдарының бірі екенін және компьютермен жұмысты оқытудың дәстүрлі құралдарымен үйлестіру қажеттігін педагог білуі тиіс:оқулықтағы мәтінді оқу және талдау, жазба жұмыстары, оқу диалогы және т.б.

Төртіншіден, мұғалім оқушылардың жұмысын жіті қадағалайды және техникалық ақаулар болған және компьютерді дұрыс пайдалана алмаған жағдайда оларға қажетті көмек көрсетеді.

Мультимедиа технологияларды пайдалану барысында тұлғаның танымдық, моральдық-адамгершілік, шығармашылық, коммуникативтік және эстетикалық әлеуетін жүзеге асыруға ұмтылған жөн. Бұл әлеуеттерді жоғары деңгейде жүзеге асыру үшін ақпараттық білім беру технологияларын меңгеру саласында педагогикалық құзыреттілік қажет.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Слиняков Ю. В. Искусство мультимедиа. Мультимедиа и техника / Ю. В. Слиняков. - М. :СПбГУП, 2010. - 204 с.



2.Ялин Н. Современные мультимедиа. - Кострома, 2012 . - 33 с.

3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі.- №4.- 2008.-12-15 б.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет