Бастауыш мұғалімдеріне арналған аттестация сұрақтары жауаптарымен Райымбектің су көзін ашқан құралы? Найза «Айы туып, жұлдыз күні жанған ел»



Дата03.12.2019
өлшемі24,11 Kb.
#52933
Байланысты:
бастауыш аттест-1-1

Бастауыш мұғалімдеріне арналған аттестация сұрақтары жауаптарымен

1. Райымбектің су көзін ашқан құралы? Найза

2. «Айы туып, жұлдыз күні жанған ел» деген өлең жолдарының тақырыбы? Ш.Сариев «Тәуелсіздік монументі»

3. 28 жыл бойы жалғыздықтан жапа шеккен, өмірін шытырман оқиғамен өткізген кейіпкер? Робинзон Крузо

4. Біріккен сөз? Кемпірауыз

5. Синтаксис нені зерттейтінін белгіле? Сөз бен сөздің байланысын, тіркесуін, сөйлемді зерттейді

6. Демек, мұз айдынына түстен кейін барамыз ғой. Сөйлемдегі қыстырма сөз? Демек

7. Шылаудың ережесі? Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді шылау дейміз

8. Негізгі зат есімді белгіле? Қант, жапырақ, ант

9. Келер шақта тұрған сөз? Еліңді сүйсең-ерлік істейсің

10. Түбірлес сөздер? Оқулық, оқушы

11. Әдебиеттік оқуда мақал-мәтелдер туралы түсінік беретін тарау? Халық ауыз әдебиеті

12. Төмендегі мәтін түрін анықтаңыз?

Бақ-ұзатылған қыз,

Байлық-еритін мұз

Бала-артта қалған із (шешендік сөз)

13. Жамбыл облысы, Шу ауданының, Жайсаң жайлауында дүниеге келген адам? Төле би

14. Абылай ханға тағылған ат? Сабалақ

15. Төрт буыннан құралған сөздер қатары? Журналдарға, текеметтер, парталардың

16. «Халық кегінің күйшісі» мәтіні кімге арналған? Құрманғазыға

17. Н.Ғабдулиннің «Батырдың мінезі» мәтіні қай батыр туралы? Б.Момышұлы

18. Рейгстхқа Рақымжан Қошқарбаевпен бірге ту тіккен жауынгер? Григорий Булатов

19. «Туған тілім» өлеңінің авторы? Д.Әбілев

20. «Туған өлкем» өлеңінің авторы? Қ.Жұмағалиев

21. «Туған жердің тасы да танымал» атты шығарманың авторы? М.Сәрсеке

22. Көп мағыналыс сөздер қатары? Жүз, қой

23. Оразақын Асқардың шығармасын белгіле? «Туған жер»

24. Жақын сөзіне мәндес сөздер? Таяу, жуық

25. Бір тәулік наурыз айының ..... үлесі? 1/31

26. 2 метрдің төрттен бір үлесі? 50 см

27. Арақашықтығы 78 км екі ауылдан бір мезгілде екі шаңғышы бір-біріне қарама-қарсы шығып, 3 сағаттан кейін кездесті. Біріншісінің жылдамдығы 12 км/сағ. Екінші шаңғышының жылдамдығы? 14 км/сағ

28. Жолды жөндеу жұмысына 96 т ұсақталған тас қажет болады. Жұмысшылар бірінші күні тастың үштен бір бөлігін жұмсады. Қалған тас мөлшері? 64 т

29. Кесіндінің 1/3 бөлігі 12 см-ді құрайды. Кесіндінің ұзындығы? 36 см

30. 123456789 санында неше бірлік миллион, неше ондық миллион, неше жүздік миллион бар? 1 мың.млн

31. Бөлуді орындар алдында нені ескеру керек? Бірінші толымсыз бөлінгішті

32. Кез-келген санды 1-ге көбейткенде ......., осы ережеге сай келетін формуланы көрсетіңіз? а*1=а

33. «У» дыбысы дауысты болып тұрған сөз? Уыз

34.260+80-35 амалдардың орындалу реті? Алдымен қосу, содан кейін азайту

35. х-20=180 теңдеуінің шешімінің табыңыз (36. Табыс септікте тұрған сөз. Нұрбол күнде күшіктеріне тамақты өзі береді? (тамақты)

37. Тіктөртбұрыштың ауданы 24 м2болса, оның ұзындығы мен енінің мүмкін болатын нұсқалары? Ұзындығы 6 м, ені 4 м

38. 53(125)

39. 5 м-де неше дм, см, мм бар екенін анықтаңыз?

50 дм, 500 см

40. Қос сөздің екі сөзден қосарлануы? Екеу-үшеу

41. Тұйық буынды сөздер қатарын белгіле? Он, ән, ал, ұлт, ор

42. Тілдегі сөзді және сөздердің жиынтығын зерттейтін тіл білімінің саласы? Лексика

43. Көзді ашып-жұмғанша? Жылдам

44. Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз? Әсел сабақтан келді де, апасына көмектесті .

45. Сөйлем мүшесінің түрлері? Бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш

46. Астанадан ағамның достары қонаққа келді. Сөйлемнің құрамдық түрі? Хабарлы сөйлем

47. Қаратпа сөзі бар сөйлем? Айта бер, Айжан

48. Нан-ардақты, адал ас

Кәрі – жас одан аттамас

Жіктеу есімдігінің септігі? (шығыс)

49. Есімдік сөздері........... орнына жұмсалады? Зат есім, сын есім, сан есім

50. Етістіктің жіктелуі? Етістікке жіктік жалғау жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі дейміз

51. Іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз табы? Үстеу

52. Түбірлес сөздер анықтамасын тауып, дұрыс жауапты белгіле? Бір түбірден бірнеше сөз жасалатын сөздер қатары

53. Ел аузында, көбінесе сөйлеу тілінде қолданылатын сөздердің бай және ақылға толы? мақал-Мәтелдер

54. Жұмбақтың шешуін тап?

Бір үйге көзсіз бас сұғасың,

Бұл үйден көреген боп шығасың. (мектеп)

55. Көзіңе көрінбейді, қолыңа ілінбейді.

Бірақ та құлағыңа күбірлейді?

Жұмбақтың шешуін тап? (жел)

56. «Шал мен теңіз» шығармасының авторы? Эрнест Хэмингуэй

57. Ашу деген- ағын су.

Алдын ашсаң, арқырар

Ақыл деген-дария.

Алдын тоссаң, тоқырар.

Бұл кімнің сөзі? (Әйтеке би)

58. Н.Байғанин «Ер туралы жыр» өлеңінде кім туралы жырланған?

Төлеген Тоқтарұлы

59. «Абылай кішкене күнінде жетім қалған екен. Ол ............ қолында малшы болған екен.» Төле бидің

60. Абылай ханға тағылған ат? Сабалақ

61. «Ұлытау-жер кіндігі,

Ұлт бірлігін сақтаған?» деген өлең жолдардың авторы?

А.Сейтақ

62. Орыстың ұлы жазушысы Лев Толстойдың шығармасы? Акула

63. «Жуан мен жіңішке», «Жанға жайлы жаңа таныстар», «Ванька», «Ваня ағай» атты шығармалардың авторы? А.Чехов

64. «Қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі ..... түтіннің иісі» деген жолдар кездесетін мәтін? Ж.Аймауытов Қартқожаның туған жері

65. «Алатау» өлеңінің авторы? Ж.Жабаев

66. К.Оразбекұлының «Елтаңба мен Ту туралы жыр» шығармасында кездесетін мақал? Ат-ердің қанаты

67. Оразақын Асқардың шығармасы? Туған жер

68. Н.Жүнісбаевтың «Елін аралаған елік бала» шығармасы кім туралы? Мұстафа Өзтүрік

69. «Қартқожаның туған жері» әңгімесінің авторы? Ж.Аймауытов

70. 800000-1= 799999

71. Ең үлкен үш таңбалы сан? 999

72.20 метрдің бестен бір бөлігі? 4 м

73. 100508 санының оқылуы? жүз мың бес жүз сегіз

74. Кез келген санды бірге көбейткенде .... шығады? сол сан

75. Нөлді санға бөлгенде...... шығады? нол

76. Синонм сөздерді көрсетіңіз? тиімді, пайдалы, қажетті

77. Дұрыс тасымалданбаған сөздер? қапт-ар, қал-амдар, тең-ізде, за-ңгерден, мек-тептер, көл-дер, арма-ндастар, жолауш-ылар

78. Күрделі есептің анықтамасы? бірнеше амалмен шығарылады

79. Біріккен сөз? кемпірауыз

80. Синтаксис нені зерттейтінің белгіле? сөз бен сөздің байланысын, тіркесуін, сөйлемді зерттейді

81."Қанат мектепке ерте келді" Осы хабарлы сөйлемді қалай сұраулы сөйлемге айналдыруға болатынын көрсетіңіз? Қанат мектепке ерте келді ме?

82. Күрделі сөйлем мүшесі бар сөйлем? Бір тәулікте жиырма төрт сағат бар.

83. Негізгі зат есімді белгілеңіз? қант, жапырақ, ант

84. С.Жүнісов "Кімнің мекені жақсы" шығармасындағы кейіпкер? құрбақа

85. "Ағынды өзен", "асқар тау", "қасиетті тіл" деген сөз тіркестері кездесетін өлеңнің авторы? М.Мақатаев

86. Бір тәулік наурыз айының үлесі? 1/31

87. Қосарлы дыбыстар? е, э,ю,я

88. "У" дыбысы дауысты болып тұрған сөз? ауа, уыз

89. Люстрада 5 шам бұраулы тұр. Олардың әрқайсысына 2 шамнан жалғайтын болсақ, барлығы неше шам болады? 15 шам

90. Ара, арық, жүз--- қандай сөз? омоним

91. Астанадан ағамның достары қонаққа келді. Сөйлемнің құрамдық түрі? хабарлы сөйлем

92. Етістіктің жіктелуі? етістікке жіктік жалғау жалғанып, өзгеруін етістіктің жіктелуі дейміз.

93. Жіктелген етістік? айттың

94. Кеңшарда 28 комбайн бар, бұл тракторлардан 2 есе кем. Осы кеңшардағы трактор саны? 14. 56

95. Таудан аққан бұлақ суреттелетін шығарманы ата. Ж.Жабаев. Алатау

96. Балықтың қимылына қатысты сөзді ата. Шоршып 

97. Бөлімдегі киелі құс суреттелген шығарманы ата. С.Сейфуллин. Көлде

98. Бөлімдегі табиғат апаты туралы әңгімеленген шығарманы ата? Л..Толстой. Өрттен құтқарушы иттер 

99. С.Венчалидің әңгімесінде кемені апаттан құтқаратын не? Ә)Дельфин



100. Ұядан құлап қалған балапанды көрсең, не істейсің? Б)Ұясына көтеріп саламын



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет