Бастауыш сынып оқушыларының байланыстырып сөйлеулерін дамытудағЫ



Дата19.12.2016
өлшемі90,09 Kb.
#4244
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУЛЕРІН ДАМЫТУДАҒЫ

СӨЗ ТАПТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Кушмурзина Даметкен Хажмухановна

аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

(Қазақстан, Қостанай)


Сүлейменова Жансая Жұмағалиқызы

5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4 курс студенті

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

(Қазақстан, Қостанай)


Аннотация

Бұл мақалада бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында сөз таптарын оқытуда оқушылардың сұрақты дұрыс қойып, сөйлем ішінен таба білгеніне қанағаттанып қана қоймай, сөздерді бір-бірімен байланыстыруда сөз таптарының жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету қажеттілігі оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамытуда маңызды роль атқаратындығы туралы баяндалады.




Білім беру саласында оқушыға жаңа көзқараспен қарау бүгінгі күннің басты мәселесі. Мұндай көзқарас оқушының жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына, әдеби тілде сөйлеуіне, оқытуды демократияландыру мен ізгілендіруге ықпал етуде. Сондықтан бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту ісі қазір әдіскер ғалымдардың басты назарында. Өкінішке орай, қазір оқушылардың сөйлеу және жазу дағдысында біраз кемшіліктер кездесуде [1, 45 б]. Яғни тілді оқытудағы басты мақсат – оның коммуникативтік (қарым-қатынас) мүмкіндігін меңгерту екені ескерілмей, «заттың атын білдіретін сөздерге», «заттың санын білдіретін сөздерге», т.б. оқушылардың сұрақты дұрыс қойып, сөйлем ішінен таба білгеніне қанағаттанып жүрміз. Сондықтан қазіргі бастауыш сыныптарда оқушыларға қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту барысындағы қолданылып жүрген әдістерді де жаңа талап тұрғысынан қайта қарап, жаңаратуды қажет етеді. Дәлірек айтқанда, бұрынғы бір бағытта (мұғалім тарапынан) оқыту жүйесін өзгертіп, оқушылардың өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс істеу (ойлану, табу) қабілеттерін дамыту мәселесін басты нысан етіп алған дұрыс.

Ш.Уақпаев: «Сөздік қорын молайту, сөздерді өз орнына қолдана білуге жаттықтыру оларды өзара байланыстырып сөйлем құрастыруға төселдіру» екендігін нақтылай отырып: «Баланың сөздік қоры – үрдіс. Оқушының неғұрлым сөздік қоры көп болып, байланыстырып сөйлеу, ойлау қабілеті жақсы жетілсе, білімді терең де тез үйренеді» деген ұйғарым оқушылардың байланыстырып сөйлеулерін дамытуды көздейді. Бұл бастауыш сыныптарда сөз таптарын оқыту, оқыта отырып жетік меңгерту нәтижесі екендігін көрсетеді.



Сөз таптары – бастауыш сыныпта өтілетін ең күрделі тақырып. Бұл тақырыпқа байланысты өтілетін материалдар грамматика мен емлеге ғана қатысты емес, ол оқушылардың ойын, тілін, яғни байланыстырып сөйлеулерін дамытуда да көмегі зор. [2, 56 б]

Сөз таптарын оқытуда ескеретін жай – тақырып бұрын өтілген білімге сүйеніп, соны пысықтап, толықтыратындай етіп ұштастырылып оқытылуы тиіс. Тәуелдік, септік тұлғалар өтілгенде, оқушылар жалғау туралы білгенін еске түсіріп, тәуелдік, септік формалардың жалғау қатарына жататынын біліп алуы қажет [2, 63 б]. Осы тақырыптармен жұмыс барысында тек қана тәуелдік, септік, жіктік және көптік жалғаулар екенін ғана айтып өтпей, олармен жан-жақты сөйлемдер құрдыртып, сол сөйлемдерді өрбітіп, байланыстырып сөйлеуді дамытатындай шығармашылық жұмыстарды қатар орындатқан тиімді. Себебі, көбіне балалар сөйлеу барысында сөздерді бір-бірімен байланыстыруда осы жалғауларды дұрыс қолданбайды. Нәтижесінде сөйлем мазмұнының бұзылуына әкеп соғады. Мысалы: «Менім әжем», «Мен барды кеше мектепке», т.б. Осындай оқушы қателігін түзетуде әр мұғалім қазақ тілі сабақтарында байланыстырып сөйлеуді дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті құбылысты жан-жақты түсінуіне, ауызекі сөйлеуі мен әдеби тіл нормаларын дамытуына септігін тигізеді.

Сондықтан сабақта әр сөз табын меңгерту барысында сөйлем құрата отырып, қатесіз байланыстырып құрауларын талап ету – қатенің алдын алуға мүмкіндік береді.

Жалпы оқушы сөйлеуіндегі қателердің мынадай себептері мен түрлері бар. Олар:

1) лексикалық және фразеологиялық қателер;

2) грамматика-стилистикалық (морфология, синтаксистік);

3) толық байланыстыра сөйлеуді құрастыру кезінде, яғни олардың логика-құрылымдық ерекшеліктерінен туындайтын қателер;

4) орфоэпиялық (оның себептері: ортаның әсері, сондай-ақ жеке адамның сөйлеуіндегі кемшілік).

Қатенің әрбір түрі мұғалімнің ерекше көңіл бөлуін, оны жою және болдырмау үшін ұйымдасқан әдістемелік тұрғыны қажет етеді.

Сөйлеудегі қателердің себептері жалпы алғанда мына сипатта болады:

1) ортаның әсері:

а) оқушының сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етеді;

ә) «көшенің» әсері (дөрекі, «былапыт» тіл);

б) газет және кітапта жіберілген тіл кемшіліктері;

в) әдеби тіл нормаларын жақсы меңгермеген мұғалімнің әсері (бұл – ешбір кешірімсіз нәрсе);

2) сөйлеу дағдылардың жоқтығы (мектептің тіл дамытуға немқұрайды қарап, қазақ тілі сабағын әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастыра алмауға байланысты);

3) жекелеген оқушының тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық т.б.). Бұл сөйлеу мүшелері нормаларының патологиялық ауытқуға немесе жаман әдетке байланысты болып табылады. [2, 45 б]

Сондықтан да мұғалім берілген жаттығуға байланысты мыналарды білуге міндетті:

1. Белгілі бір жаттығуды орындау үшін, оқушылардың сол жаттығуды орындарлық білімі болуы шарт.

2. Оқушылар жаттығуды не үшін орындайтынына, оның қандай пайдасы барлығына түсінсе ғана оны саналы түрде орындайды. Саналы түрде орындалған жаттығулар ғана сөз таптарынан тиісті дағдылар алуына көмектеседі.

3. Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс.

4. Жаттығу оқушы назарын өзіне тартатындай болуы керек.

5. Жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып отырылуы шарт.

6. Жаттығулардың түрлі-түрлі болып келуі.

7. Жаттығулар тек таяуда ғана өтілетін материалдарға негізделмей, бұрынырақта өтілген кейбір материалдарды да қамтуы керек.

8. Жаттығулар оқушылардың көп уақытын алмауға тиіс.

9. Шығармашылық жаттығулардың көбірек болуы қажет. Мысалы, «Менің досым» тақырыбы бойынша әңгіме жаздырту жұмысы –оқушылардың тәуелдік жалғауларын дұрыс қолдана білу біліктіліктерін арттырады.

10. Әр жаттығу оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыруы тиіс.

Жаттығулар осы талапқа сай болғанда ғана оқушылардың сөз таптарын орынды қолданып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыра алады.

Байланыстырып сөйлеуді дамыту үш бағытта жүргізіледі:

1. Оқушылардың сөздік қорын байыту, бұл – сөздік жұмысы арқылы (әр түрлі жаттығулар, мазмұндама, шығармалар жазумен байланысты) қамтамасыз етіледі.

2. Қазақ әдеби тілінің нормаларын игеру (дұрыс айту, сөз формаларының жасалуы, сөз тіркестері мен сөйлемдерді құрастыру, сөз таптары мен синтаксистік құрылыстардың стилистикалық мүмкіндіктерімен таныстыру, лексикалық синонимдермен, жалғау, жұрнақтардың синонимдігімен таныстыру).

3. Ауызекі сөйлеу және жазу түрінде ойды байланыстыра мазмұндау іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.

Байланыстырып сөйлеуге үйретуде сөздік жұмысы үнемі, жүйелі жүргізіліп отырылады. Сөздік жұмысын жүргізудің білімдік, тәрбиелік маңызы зор. Өйткені ол бастауыш сынып оқушыларының дүниеге деген көзқарасын қалыптастырады, болашақтағы қызметіне дағдыландырады. Сөздік жұмысының мазмұны – оқушыға таныс емес, жаңа сөздерді түсіндіру, бұрыннан таныс сөздердің мағынасына талдау жасап нақтылау, сөз байлығымен таныстырып, байланыстырып сөйлеудің стильдік мүмкіндігін көрсету. Сөздік жұмысын ұйымдастыруда, сөз қолдану мағыналарына талдау жасағанда, қазіргі әдеби тілдегі сөз қолдану тұрғысынан кей жағдайда тарихи тұрғыда қарастыру. Сөздік жұмысы – мұғалімнің, өтпелі ісі емес, керісінше, дұрыс ұйымдастырылған, педагогикалық тұрғыда белгілі бір мақсатта құрылған – қазақ тілінің барлық салалары бойынша жүйелі жүргізіліп отыруға тиіс.



Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар сөздерді белгілі бір топқа біріктіріп, жүйелеуге үйрететіндей болғаны ұтымды. Жаттығу жұмыстары кезінде оқушылар әрбір сөз табының қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсінеді. Септік, көптік, тәуелдік, жіктік жалғауларын меңгереді. Оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде дұрыс, орынды қолданып үйренеді [2, 22 б].

Себебі, бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорында көбінесе зат есім, етістік болады да, сын есім, үстеу, есімдік сияқты сөз таптары сирек кездеседі. Сондықтан да байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысында заттың түр-түсін, пішінін, әр түрлі белгілерін бейнелейтін сөздерді, яғни сын есім сөздерді қолдануға үйретуді сипаттау мәтінін құрастыруға және сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының түрлі стратегияларын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Мысалы:



1 тапсырма: «Көрнекілік» стратегиясы.

Әр топ плакатқа белгілі бір сөз табына байланысты сурет салады да, бір оқушы өз тобының суретін қорғап айтып шығады. Мысалы: «Көктем» тақырыбына байланысты сипаттау мәтінін құрастыру. Балалар көктем жыл мезгіліне байланысты сурет салып, соны қорғап әңгімелеп береді. «Көктем келді. Күн жылына бастады. Ағаштар бүршік жарады. Құстар жылы жақтан ұшып келеді.» т.б.



  1. Оқушылардың байланыстырып сөйлеулерін дамытуда түрлі дидактикалық ойындарды да қолдануға болады. Ол өз кезегінде оқушылардың зейінін, ойын, қиялын дамытумен қатар сөздік қорларын да жетілдіреді. [3, 35 б]

Мысалы:

2 тапсырма: Сурет бойынша әңгіме құрау.

Талаптары:  

1. Таныс  заттарды тану, атын атау, «Бұл кім?», «Бұл не?», «Қандай?», «Не істеу керек?» сұрақтарына жауап беру.



  1. Көрген суреттер туралы әңгімелеу, заттарға тән белгілерін атау арқылы оларды сипаттау, сұрақтар бойынша сурет мазмұнын жеткізу.

  2. Мұғалімнің көмегінсіз суретте бейнеленгенді ретімен әңгімелеу. 3 тапсырма: Тірек-белгі әдісі.

Бұл әдіс оқушының жазу үстіндегі ішкі ойлауын (сөйлеуін) жетілдіруге әсер ететін әдістердің бірі болып табылады. Әр топтың оқушыларына тірек сөздер (әр сөз табынан) беріледі, оған оқушылар топта бір-бірімен ақылдаса отырып, шағын әңгіме жазады. Бұл оқушылардың әр сөз таптарының атқаратын өзіндік қызметін меңгерулеріне және сөздерді бір-бірімен байланыстыруда жалғауларды орынды жалғап, мазмұнды әңгіме жазып шығуларына дағдыландырады.

4 тапсырма: «Бес жол өлең» стратегиясы.

1. ___________. (зат есім)

2. ___________ , __________. (сын есім)

3. ___________ , __________ , _________. (етістік)

4. ___________ ___________ _________ _________. (4 сөзді сөйлем)

5. ____________. (синоним)





Мысалы:

  1. Оқушы.

  2. Тәртіпті, білімді.

  3. Оқиды, санайды, жазады.

  4. Оқушылар біздің елдің болашағы.

  5. Шәкірт.

Сонымен «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» деп Әбу Насыр әл Фараби айтқандай тіл дамыту жұмыстары саналы меңгеріп, байланыстыра сөйлеуде ғана емес, болашақ ұрпақтың ізденімпаздық әрі шығармашылық қабілеттерін дамытуда беретін әсері мол. Оқушыларды қызықтыра, ұғындыра оқыта үйретуді ұйымдастыру әр ұстаздың шеберлігіне, шығармашылығына байланысты. Тілді жақсы білу – толеранттылық мәдениетін қалыптастыруға негіз болатын маңызды фактор. Соңғы жылдары қазақ тілінің мәртебесі өсіп, оның әрекет ету аясы кеңейді. Бұған басты себеп қазақ тілінде білім беру кеңістігінің ұлғайып, сапалы білім берілуі деп білемін.



Әдебиеттер тізімі:

1. Б.Баймұратова «Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту методикасы» Алматы: Рауан, 2012 ж.



2. Д. Әлімжанов «Қазақ тілінде морфологияны оқыту методикасының кейбір мәселелері» Алматы, 2002 ж.

3. Ш. Әуелбеков «Қазақ тілінен дидактикалық материалдар» 1-сыныпқа арналған Алматы, «Мектеп», 2004 ж.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет