Бастауыш сынып оқушыларының күн тәртібінің өмірде алатын орны



Дата09.06.2020
өлшемі17,51 Kb.
#63295

 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ күн тәртібінің өмірде алатын орны.

 

Мектеп – баланың дамуының жақсы жақтарын жүйелі қалыптастырып отыратын негізгі орын. Мектептік өмір балалардың мінез-құлқының қалыптасуында шешуші рөл атқарады. Баланың тұлғалық дамуын, мінезін тәрбиелеу мен қалыптастыруда басты міндет – олардың жан-жақты болып өсуін қадағалау. Міне осы орайда балалардың бойындағы жағымды қасиеттерді оятып, жағымсыз әдеттерді жою талабы психологиялық және педагогикалық іс-әрекеттердің тиімділігіне байланысты.   



Бастауыш мектептің негізгі міндеті – баланың бастапқы тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін айқындау және дамыту болып отыр. Оқушы мінезімен пара-пар мұғалімнің жеке басының үлгісінің, жүріс тұрысының балаларға әсер ететіндігін белгілі. Мұғалім баланың байсалды, сабырлы болуына баса назар аударып, оларға қай жағынан болса да, өнеге көрсетіп отыруы тиіс. Олардың арасында жолдастық, достық, әдептілік мәселелеріне арналған әңгіме, диспут, пікір-таластарын ұйымдастырып, шәкірттердің өз ойларын ортаға салып, талдап отырғаны абзал.

Балада тұрақты жағымды қасиеттер, дұрыс мінез қалыптасуы үшін мына негізгі шарттарды орындау маңызды:

       - баланың өз қолынан келетін іске толық ерік беруі. Басқаның күшіне, көмегіне сеніп кетпей, өз қолынан келетін істе ғана ата – ана көмек көрсетіп жіберуге міндетті.

       - баланы еркіне жіберу оны ерлікке, батырлыққа үйретсе, тәртіпке бағындыру оны шыдамдылыққа, табандылыққа үйретеді. Баланы еркіне жібермеу оны жасқаншақ, қорқақ етіп өсіреді.

 45 минуттық сынып – сабақ жүйесіне бейімделуі қажет.

Баланың мектепке беімделуіне негізгі үш жақты қиындық әсер етеді:



Біріншісі, мектептің жаңа күн тәртібі – ерте ұйқыдан тұру, тыныш отыру, сабақтан қалуға болмайды, дер кезінде сабақта орындау және тб. Мұндай дағдылар балада бұрын қалыптаспағандықтан олар шамадан тыс шаршайды, сабақтан қалығысы келіп тұрады , мазасызданады және тб. Көбіне алты-жеті жастағы балаларда өзіндік әдеттрдің қалыптасуының алғышарттары қалыптаса бастағандықтан кейбір жаңа құбылыстарға бейімделу қиынға соғады. Ең бастысы мұғалім мен ата-ана осы жадайларды дұрыс ескергендері маңызды.

Екіншісі, баланың мектеп мұғалімімен, құрбыларыме және отбасымен өзара қатынасына байланысты туындаған мінез-құлықтар.  Жай ғана мейірімділіктен мұғалім өзінің ааторитарлық стилі талап етушілік, қаталдық, мінез құлықта қажетті әрекеттердің орындаулуын талап етуші болып көрінеді. Ол үнемі баланың жұмысын бағалап отырады. Кей жағдайда бала өзін құл ретінде сезуге дейін барады. Нәтижесінде кейбір балалар жасқаншақ, ал біреулері үйде бас ал мектепте мүлдем басқаша қылық көрсетеді. Ейбір оқушылар жаңа ортада өздерін дұрыс меңгере алмай, басқа балалармен танысуы бірден болмағадықтан, өзін жалғыз сезінеді. Тәжірибелі мұғалім барлық балаларға бірдей талап қояды, бірақ әр баланы жеке-жеке қадағалайды. Бала мектепке келгеннен соң оның үйдегі орны да өзгереді. Оның міндеттері де және құқықтары да жаңаша құрылады. Мысалы оның сабақ орындауына ерекше, бөлек уақыт қажет болғадықтан үлкендер оның ңүн тәртібімен санасады.

 Баланың бойына білім нәрін себетін басты тұлға – ұстаз.  Өйткені ұстаз алдында егеменді еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеу және оқыту міндеті жүктелген. Мұғалім қызметі күрделі және жан-жақты. Ұстаздық қызметтің ең негізгі міндеті – шәкіртті оқыту, тәрбиелеу, дамтыу және қалыптастыру үрдісін басқару. Оны оқу-тәрбие үрдісіндегі басты тұлға ретінде қарастыруымыз керек.

Мектеп оқушыларының дене және психикалық даму ерекшеліктерін, ақыл-ой және адамгершілік тәрбиелік деңейін, сыныптық және отбасы тәрбиесінің жағдайын білмейінше, дұрыс мақсат қоюды іске асыру, оған жетудің тәсілдерін таңдау мүмкін емес. Сонымен мұғалімнің қызметі сан-салалы. Мұғалімнің еңбегі өзінің мақсаты, мазмұны мен қоғамдағы алатын орны жағынан ең құрметті деп есептеледі. Сондықтан мұғаліммен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары педагогикалық шеберлік, идеялық шыныққандық, саяси – соральдық қасиет, табанды ерік-жігер, парасатты мінез-құлық талап етіледі.

Бастауыш сынып оқушылардың мектептік өмірге бейімделуінде оның жеке басының қасиеттерін  зерттеуде, онымен жүргізілетін жұмыстардың әдіс–тәсілдерін іріктеу үлкен маңыздылықты талап етеді. Бала бойындағы алғашқыда байқалмаған қасиет екінші күні байқалып отырады.

  Оқушының мектепке бейімделуіне байланысты мұғалім мен ата-аналардың маңызды көңіл аударатын  негізгі шарттары :

-         Оқушының тәртібін сабақ үстінде және сабақтан тыс кезеңде бақылау.

-         Оқушыдан оны не қызықтырады және жақсы көретін сабақтары жөнінде әңгімелесу.

-         Оқушы жөнінде достарымен, ата – анасымен әңгіме жүргізу.



-         Бала мектепке үлкен қызығушылықпен келеді, ең негізгі шарт бала бойындағы қызығушылықты жоғалтып алмау.
Каталог: uploads -> doc -> 130e
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
130e -> Сабақтың тақырыбы: Майра Шамсутдинова мұражай үйі
130e -> 10 Аманггелді атындағы жалпы орта білім беретін мектеп Бастауыш сынып
130e -> ОҚУ Үдерісінде заманауи технология қҰралдарын қолдану әдістемесі у. А. Сайдикаримов Бүркіт Ә.Қ
130e -> Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
130e -> Сабақ Сабақтың тақырыбы: Қазақстан тәуелсіз демократиялық мемлекет


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет