Бастауыш сынып оқушыларының орта буындағы оқуға дайындық деңгейін анықтау диагностикасы



Дата11.02.2018
өлшемі107,19 Kb.
#37620
түріСабақ
Алғабас бастауыш мектебі

Бастауыш сынып оқушыларының



орта буындағы оқуға дайындық деңгейін

анықтау диагностикасы.
( 4,5-сынып )


Бастауыш сынып оқушыларының

орта буындағы оқуға дайындық деңгейін анықтау диагностикасы.

4,5-сынып



Мақсаты: орта буынға өтуге дайындық дәрежесінің кейбір жақтарын бағалай алатындай деңгейді анықтау.

Мынандай жақтарын бағалауға болады:



  • балалардың мектепке деген көзқарастары;

  • оқушылардың жеке бастарының бір - бірімен қатынас жүйесіндегі жағдайлары, ұйымшылдықтары;

  • өзін-өзі бағалауы, ынтасы, қызығушылығы, үрей деңгейі;

  • оқу ісінің бірқатар компоненттері;

  • дамудың өзекті деңгейін, жеке бастарының ерекшеліктерін, кейбір оқушылардың қыйындықтарын, проблемаларын анықтау;


Балалардың мектепке деген көзқарастарын төмендегідей сауалнамалармен анықтауға болады:

  1. Мектепте ең маңызды не деп ойлайсың ?

  2. Жұманың ішіндегі қай күнді жақсы көресің ?

  3. Мектепте ең қызықты не ?

  4. Бос уақытыңда немен шұғылданғың келеді ?

  5. Егер сенің таңдау мүмкіншілігің болса, қазір қай сыныпта оқығың келер еді, 1-ме әлде 4-ме ?

  6. Сенің ең жақсы көретін сабақтарың қандай ?

  7. Сен үшін мектепте ең жаманы не ?

  8. Қалай оқып жүрсің ?

  9. Сабақ үлгерімі бойынша сен қандай оқушы болғың келеді ?

  10. 5-сыныпта кіммен отырғың келеді ?

  11. 5-сыныпта қандай қоғамдық жұмыс атқарғың келеді ?

  12. Өз денсаулығыңды қалай бағалайсың ?


Сынып оқушылырының қарым – қатынастарын анықтау үшін «Ракета» социометриясын пайдалануға болады (барлық бөлімдерді біріктіріп, бір сағатта, бір тақырып ретінде өткізу мүмкіндігі қарастырылған):

  • Балалар сендердің басқа планетаға ұшқыларың келеме ?

  • Қараңдар, қазір барлығымыз мына зымыранмен (ракетамен) ғарышқа ұшамыз (тақтада ракетаның суреті). Бұл зымыранның үш иллюминаторы бар екен: 1- иллюминаторда командир, 2-де командирдің 4 көмекшісі, 3-де жолаушылар отырады (иллюминатрларды салады).

  1. Енді ұшу үшін біз тек қана өзіміздің сыныптан бір командир сайлап, оның фамилиясымен атын өз дәптерімізге жазып қоялық.

  2. Оған төрт көмекші тағайындап олардың да аты - жөндерін жазайық.

Келесі жаттығу ұйымшылдықтарын анықтауға мүмкіндік береді:

3. Кіммен ұшасың, соны мынандай белгілермен белгілейік:

Барлығымыз –


Тобымызбен –
Екеуіміз –
Жалғыз –
Келесі жаттығу оқушының үрей деңгейін анықтауға арналады:

4.Ұшып келдік. Сол планетада бІр көшенің бойында 7 үй бар екен (тақтаға суреті салынады), №1-үйде мұғалімдерің тұрады (үйдің ішінде мұғалімнің инициалдары жазылады), ал әркім өзіне бір үйді таңдап алып , «мен» деп жазып қойыңдар.


Келесі жаттығу оқуға деген ынтылырын анықтауға арналады:

5.Ол жердеде мектеп бар екен, жерге қайтқанша сол мектепте оқығың келе ме? Ия - «+»

Жоқ – «-»
Келесі жаттығу ұйымшылдықтарын анықтауға мүмкіндік береді:

6. Кіммен оқығың келеді? ( , , , )


Келесі жаттығу пәндерге деген қызығушылықтарын анықтауға мүмкіндік береді:

7. Әркім өзіне қалауы бойынша апталық сабақ кестесін жасайды (тақтаға осы сыныпта өтетін пән аттары түгел жазылады).


Өз-өзін бағалауын байқайық:

8. Қазір биіктігі 10 клетка етіп 3 «градусник» салайық (ортасы – 0, төменгі жағы «минус» - теріс, жоғарғы жағы «плюс» -оң бағалар). Менімен бірге салыңдар (тақтада көрсетіледі).

- Жалпы өзіңді қандай оқушымын деп бағалайсың, оны 1- градусниктің бойынан көрсетейік. Х – таңбасымен белгілейміз.

- Өзіңді қандай доспын деп бағалайсың, оны 2-градусниктің бойынан көрсет.

- Өзіңді әке-шешеңнің қандай баласымын деп ойлайсың, оны 3-градусниктің бойынан көрсет.
Есте сақтау қабілет деңгейін анықтауға:

1.Қысқа есте сақтауды зерттеу үшін «10 сөз» әдістемесін пайдаланамыз. Берілетін нұсқауы:

- Мен сендерге қазір 10 баланың атын оқыймын. Ал сендер оны есте сақтап, оқып болғаннан кейін жазасыңдар. Орналасу ретін сақтау міндетті емес.

Ұсынылатын сөздердің жиыны:

а)Анара, Болат, Қанат, Максим, Руслан, Дима, Вероника, Жасмин, Динара, Айгүл.

б) алма, қалам, үйрек, найзағай, кітап, бақша, ыдыс, піл, қол, терезе.

Қысқа есте сақтау қабілет көлемі нормадағы деңгейде болған уақытта оқушы 6 сөзден кем жазбауы тиісті.

2. Мағнасы бойынша есте сақтау. «Сөз жұптары» әдістемесі. Берілетін нұсқауы:

- Қазір мен сендерге 10 жұп сөз оқыймын, ол сөз жұптары бір бірімен мағналары арқылы байланыста, сендер дұрыстап тыңдап отырыңдар. Болғаннан кейін мен бірінші жартысын оқыймын, ал сендер екінші жартысын естеріңе түсіріп дәптерге жазасыңдар. Мысалы «қалам – дәптер», байланысты ма? Екінші рет оқығанда мен «қалам» деймін, ал сендер «дәптер» деп жұбын жазасыңдар.

Ұсынылатын сөз жұптары:

Мектеп –оқушы

Аю – тоғай

Көпір - өзен

Сағат – уақыт

Су - шелек

Үстел – тамақ

Тақта – бор

Күз - жапырақ

Дүкен – орамал

Автобус – жолаушы

Егер 10 жұп сөздің 6 сы дұрыс жазылса, оқушының мағнасы бойынша есте сақтауы қанағаттанарлық деңгейде деуге болады.

Сағаттың соңында «Балалар біз сендермен бүгін басқа планетаға сапарға шығығп ондағы инопланетяндардың өмірін көрдік солар сияқты өзіміз сабақ кестесін жасап, өзімізді бағалап, есте ақтау қабілетімізді тексеріп байқадық. Енді жерге оралайық.



Релаксация жаттығуы: Көзімізді жұмып мұрнымызбен терең дем аламыз да аузымызбен шарашағанымызды сыртқа шығарамыз (2-рет). Барлығымыз зымыранға отырдық. Планета иелеріне қол бұлғадық. Біз зымыранмен (ракетамен) ұшып шықтық. Аспанда жұлдыздар жарқырып бізге жақсылық тілеп тұр. Жерге жақындадық (пауза), қондық. Сендерді ата-аналарың, жақын дос - жарандарың қарсы алып тұр. Олар өте қуанышты. Бізде қуаныштымыз. Сәлем саған туған жер!

Бір - е кі, көзімізді ашамыз.

Сапарымыз ұнады ма?
2-сағат

Ойлаудың логикалық операциясын игеру дәрежесін анықтауға бағытталған әдістемелер.

1.Негізгі ойды айыра білу. (2-3 минут)

Нұсқау: Жақшаның ішінде 5 сөз және жақшаның алдында бір сөз берілген. Жақшаның ішіндегі сөздердің қайсысы жақшаның алдындағы сөзбен негізгі байланыста болып тұр , сол 2 сөзді тауып астын сызыңдар.

Мысалы: Бақ (өсімдік, бақша күзетшісі, ит, қоршау, жер)

Куб (бұрыштар, сызу, қабырғалар, тас, ағаш)

Оқу (көз, кітап, сурет, баспа әрпі, сөз)

Ойын (шахмат, ойыншылар, ұпай, ойын ережесі, жаза)

Спорт (медаль, оркестр, жарыс, жеңіс, стадион)

Соғыс (аэроплан,зеңбірек, қақтығыс, әскерлер, қарулар)



2.Салыстыру.Берілген екі сөзді салыстырып бағанның сол жағына ұқсастықтарын, оң жағына айырмашылықтарын жаз (1 жұп сөзге 4минут беріледі).

Кітап – дәптер



3. Классификация. Берілген екі сөздің ортақ қандай байланысы бар соны анықта. Қатарына жаз (3-4минут). 5жұп сөз беріледі:
Жаңбыр – бұршақ

Тарих – табиғаттану

Сатқындық – қорқақтық

Мектеп – мұғалім

Қосынды – көбейтінді

4. Қорытындылау. Қорытындылай алу икемділіктерімен, ұғымдарды салыстыра алу дағдысын байқау (5тапсырма – 3минут).

Нұсқау: Берілген 5 сөздің 4-еуі ортақ бір мағнамен байланысты, ал 5-сөздің байланысы жоқ. Сол сөзді тауып сызып тастаңдар.


  1. жаңбыр, қар, ағаш, шық, бұршақ.

  2. үшбұрыш, кесінді, ұзындық, квадрат, дөңгелек.

  3. үтір, нүкте, қоснүкте,сызықша, жалғау.

  4. Асан, Мирас, Сапарғалиұлы, Аслан, Дулат.

  5. сүт, ірімшік, қаймақ, ет, май.

5. Анаграмма. Ілімдік сараптама жасау қабілеттерін анықтау.



Нұсқау: Адасқан әріптерді орындарына қойып, жасырынған сөздерді тап.

А) ШАЛА Ә) ҚААБ Б) ТАНАСА В) ЯНОҚ Г) ДЫҚНЫРО

(алша) (бақа) (Астана) (қоян) (орындық)

Д) ДИТЕРК

(кредит)

Оқушылар қорытынды бойынша екіге бөлінеді.

1-топ - әр тапсырманы жаңа есеп шешкендей шешеді. Олар ілімдік сараптама жасай алмайтын балалар.

2-топ – ортақ заңдылықты түсініп, жауабын тез табады.




  1. Ассоциативті эксперимент«Сөздер». Берілген сөздерге неғұрлым көп сөздер жазыңдар (бір сөзге 2минуттан беріледі). Тест сөздері :

мектеп мама мұғалім.




Тапсырмалардың жинағы уақыт бойынша былай көрінеді:
1-сағат (45 минуттық сабақ)

дайындалу(аты, жөнін, өткізілген күнін жазу) - 5 минут

социометрия – 15минут

мұғалімге деген үрей деңгейін анықтауға - 5минут

өзін бағалауы – 5 минут

есте сақтау -14 минут

релаксация –1-3 минут
2-сағат (40 - 45 минут)

ұйымдастыру сәті – 5 минут

негізгі ойды айыра білу – 5минут

салыстыру -5минут

қорытындылау – 5минут

классификация – 5минут

анаграмма – 6минут

сөздер – 6 минут


жұмысты аяқтау, жинау-3минут

Қолданылған әдебиеттер тізімі:




  1. Арутюнян Ю.В. Этносоциология/Ю.В.Арутюнян. Л.М.Дробижева . М, 1999. С .271.

  2. Бектаев Қ. Сөздік/Қ. Бектайұлы. Алматы.2001. 704бет

  3. Безруких М.М. Ефимова С.П. Знаетели вы своего ченика?/М.Просвещение .1991.С.176

  4. Битянова М.Р.Организация психологической работы в школе.Моква,издательство Совершенство.,1997.с298

  5. Большой толковый психологический словарь/Сост.А.Вебер.-м.:Вече,2000.-597с.

  6. ГуревичК.М. Что такое психодиагностика/ К.М.Гуревич.-М.: 1985.-80с.

  7. Диагностика самоактуализации личности (А.В.Лазукин в адаптации Н.Ф.Калина) / Фетискин Н.П., Козлов В.В., Мануйлов Г.М. Социально-психологическая диагностика развития личности и малых групп. - М., 2002. C.426-433.

  8. Дубовицкая Т.Д. Методика диагностики направленности учебной мотивации // Психологическая наука и образование. –2002. –№2. –C. 42 - 45

  9. Жарықбаев Қ.Табылдиев Ә. Әдеп және жантану. Атамұра-Қазақстан, 1994.144бет.

  10. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, «Білім», 1993.272

  11. Крысько В.Г. Этнопсихологическии словарь./В.Г.Крысько.М.1999. С.342

  12. Қазақша – орысша сөздік. Алматы, «Атамұра» баспасы, 2000 ж.

  13. Немов Р.С., «Психология» пособие для учащихся 10-11классов.

  14. Немов Р.С. Практическая психология./Немов Р.С. М.1998.С.320.

  15. Романова Н. Этнопсихологические процессы в Республике Казахстан/Вопросы психологии №5. 2002.

  16. Руководство практического психолога. Готовность к школе:развивающие программы.под.ред.И.В.Дубровиной, Москва.,Аcadem A.,1998.

  17. Тихомирова Л.Ф. Басов Л.В. Развитие логического мышления детей. Ярославль. 1998.С.240.

  18. Ресми – іскери тіл: Қазақша – орысша тіркесімдер сөздігі. Алматы.Арман ПВ. 2005,-376 б.

  19. Рогов Е.И. Настольная книга практиического психолога. М.: Издательство ВЛАДОС-ПРЕСС,2006. – 383с..



Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет