Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық Әрекетін ұйымдастыру м. К. Жайлауова



Дата25.01.2017
өлшемі71,79 Kb.
#7765
ӘОЖ 37.026:373.3

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
М.К.ЖАЙЛАУОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,

Н.Т.САРТАЕВА, магистрант

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті



Қазіргі мектептердің саралап оқытуға бағдарлануы оқушының ішкі әлеуетін көрсетуге және жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайлардың жасалуын талап етеді. Қазіргі қоғамның дамуы белсенді, өз бетінше әрекет ететін, шығармашыл тұлғаның қалыптасуына жол ашатын педагогикалық жағдайлардың құрылуын талап ететін ізгілендіру идеясына негізделген білім беру үдерісіне қойылатын талаптардың өзгеруіне де әсер етпей қоймады. Оқу әрекеті оқушының өмірінде маңызды рөл атқарады. Мектеп – баланың көп уақытын өткізетін орны. Психологтар мен мұғалімдердің пікірінше, көңілі қалудың, оқудағы қиындықтар мен кедергілердің ішкі себебі үнемі жолы болмаушы адамның қалыптасуына әкеліп соғатын және тұлғаның дамуын тежейтін оқушының өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндіктің болмауы болып табылады. Әсіресе, көптеген оқушылардың оқуға деген түрткісінің болмауы - өзекті мәселе. Оқу уақытының шектелуі мен оқу бағдарламаларының қатаң талаптары оқушылардың белсенділігінің, өз бетінше ізденуі мен шығармашылығының төмендеуіне әкеліп соғады. Қазіргі уақыттағы оқу тәжірибелерін зерттеу төмендегілер арасындағы қарама-қайшылықтар қатарын анықтауға мүмкіндік берді:

  • баланың жеке тұлға болып қалыптасуы басты назарға алынатын қазіргі білім беруге қойылатын талаптар мен оқыту үдерісінің оқушылардың белгілі бір білім қорын игеріне бағытталуы;

  • оқушылардың өз бетінше жасайтын шығармашылық әрекетінің қажеттілігі мен оқытудың репродуктивті әдістерін игеруі;

  • оқушылар мен мұғалімдер тарапынан өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жүзеге асыру үдерістерінің маңыздылығын, қажеттілігін түсіну және тәжірибеде ол үшін қажетті педагогикалық жағдайлардың жасалынбауы;

  • оқушылардың шығармашылығының дамуына мүмкіндік беретін белсенді жұмыс формаларын қолданудың қажеттілігі мен мұғалімдердің кәсіби іс-әрекеттерінің стереотиптері [1].

Бұл қарама-қайшылықтардың шешілуі бала дамуының ішкі шарттары мен оқыту үдерісі барысында оқушылардың белсенді өз бетінше әрекет етуіне сүйенетін дамыта оқыту жүйесіндегі шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырумен байланысты. Баланың дамуы оның белгілі бір әрекет түрі мен тұлғааралық қатынас жүйесіне енуімен анықталады. Сондықтан бүгінгі күні өзін-өзі жүзеге асыру үдерісіне мүмкіндік беретін оқу әрекетінің түрлерін анықтау мен белсенді түрде қолдану қажет. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер тұлғаның дамуы, шығармашылық ізденіс, ақпараттар алаңында өз бетінше әрекет ету дағдысы, оқушыларда өмірдегі кәсіби әрекет барысында туындаған мәселелерді шешу үшін міндеттер қою мен орындау білігін қалыптастыру, педагогикалық технологиялардың жаңа жолдарының дамуын талап етеді. Мұнда басты назар оқушылардың өз бетінше ойлау, әрекеттерін нақты жоспарлау, түрлі құрамдағы топтармен тиімді жұмыс жасай алу қабілеттерін қалыптастыруға аударылады. Бұл оқыту үдерісіне оқу әрекетінің баламалы формалары мен тәсілдерін кеңінен ендіруді талап етеді. Аталған мәселені шешуге отбасы да, мектеп те қатысады. Отбасының міндеті – баланың қабілеттерін уақытында анықтау, ол қабілетті дамыту қажеттілігін ұғыну. Мектептің міндеті – отбасы бастамасын қолдау, баланың қабілеттерін дамыту, бұл қабілеттердің оқушының тек сабақта немесе сабақтан тыс әрекеттерінде ғана емес, сонымен қатар болашақ кәсіби әрекетінде де жүзеге асуына жағдай жасау. Америкалық психологтар жасаған шығармашылық қабілеттерді анықтау тестілерінің нәтижелері бойынша ересектер арасында стандартты емес ойлаушылар көрсеткіші небәрі 2% -ды құраған. Егер мектеп оқушыларының шығармашылық ізденісін көрсетуге барынша жағдай жасалса, егер оқушының шығармашылығы, қабілеті мен қалауы барлық қолжетімді құралдар көмегімен оқушылар тарапынан қолдау тапса, олардың қатары көбейе түспек [2].

Мұғалімдер арасында мектепте жұмыс жасаудың қиындай түскендігін айтушылар көп. Мұғалімдердің пікірінше, басты қиындықтардың бірі – оқушының өзінің өзгеруі, оның бұрынғыдан гөрі көп нәрседен хабары бар, көп сұрақтар қоятын, талап қойғыш болуы. Бұл қоршаған ортаның, отбасындағы бала тәрбиесіне қойылатын талаптардың өзгеруімен байланысты. Қазіргі отбасылар балаға міндетті түрде өзін-өзі көрсете алатындай шарттар қоюы қажет. Бұл барлық уақытта орындала ма? Шығармашыл бала қандай болады? Ол өз құрбыларынан қалай ерекшеленеді? Бастауыш мектепте шығармашыл балалар ақыл-ой дамуын көрсететін есеп-қисап, оқу сияқты күрделі дағдыларды игеруге қабілетті болады. Бастауыш сынып оқушыларына ақылға салып ойлану, ой қорытындыларын жасау қабілеті тән, олардың әлемге деген көзқарасы ойын сипатына ие, олар өмірге, адамдарға бей-жай қарайды, қиындықтарды байқамайды.

Бастауыш сынып оқушыларының басты ерекшелігі – олар ой толғаныс (рефлексия) жасай алмайды, өз білімін бағалай алмайды. Олар үшін жазу, оқу, сурет салу маңызды емес, оны өздері жақсы жасап жатқандай болулары аса маңызды. Бұл арқылы түсінетініміз: оларға оқып жатқан пән мазмұны мен оны оқыту тәсілдері емес, осы пәнді игерудегі өзінің жеке нәтижесі: алған бағасы, мұғалімнің мадақтауы, еңбегін ата-анасының бағалауы маңызды.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерінің көрінуіне қиялдау қабілетінің болуы, оны көрсетуге жағдай жасалынуы, бұл қабілеттерді мадақталатын сабақ жағдаяттарында тудыру әсер етеді. Баланың ересектерге ұқсауға ұмтылу сапасын мұғалім шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолдана алады. Адамның шығармашылық қабілеттерін демонстрациялау оқушылардың шығармашылық әрекетке қатысуға қызығушылығын қалыптастырады. Алғашында байқап көру арқылы бастауыш сынып оқушылары біртіндеп зерттеу, бақылау, қолдану әрекеттерін дағдыға айналдыра бастайды.

Бастауыш сынып оқушылары олармен жұмыс жасайтын мұғалім мен шығармашылық мүмкіндікті дамытуға бағытталған бүкіл мектептің жұмыс жүйесі ұсынған төмендегідей шығармашылық жұмыс түрлеріне міндетті түрде қатысуға ұмтылады:

● интеллектуалдық марафон

● оқу олимпиадалары

● интеллектуалды олимпиадалық ойындар

● шығармашылық интеллектуалдық конкурстар

● отбасылық интеллектуалдық брейн-рингтер

● «Мен сиқыршы болып жұмыс істеймін» атты интеллектуалдық жобалар

● «Қонаққа шақырамыз» тақырыбындағы ашық есік күні

интеллектуалдық клубтар

● оқушылардың қызығушыықтары бойынша ұйымдастырылатын үйірмелер [3].

Сонымен бірге бастауыш сынып оқушыларында тек көп нәрсені білуге ғана емес, сонымен бірге шығармашылық әрекетке қажеттілікті қалыптастыруға да мүмкіндік туғызатын түрлі бағыттағы сынып сағаттары жүйесін жасауға болады.

Бастауыш сыныптарда әр алуан бағыттағы ақпараттық сағаттарды да сәтті жүргізуге болады:

● Менің елімнің және әлемнің әйгілі адамдары

● Әйгілі коллекционерлер мен олардың әлем тарихындағы рөлі

● Әйгілі жазушылар, ақындар, біз оқитын кітаптар

● Президенттер мен олардың елдері жайлы

● Тарихты жазушылар жайлы

● Саяхатшылар мен олардың жаңалықтары жайлы [4].

Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жасайтын мұғалім дәл осы жас кезеңі ақыл-ой әрекетіне қызығушылық пен қажеттілікті тудыратынын естен шығармауы тиіс. Егер ол бастауыш мектепте қалыптаспаса, жасөспірім шақта шығармашылық бағытта жұмыс жасау өте қиынға соғады.

Шығармашылық қабілеттерді дамытудың негізгі бағыттары:

Ойын әрекеті,

● Шығармашылық құрастыру

● Шығармалар мен диктанттар

● Сабақтардың сюжетті және тақырыптық циклдары, панорамалық сабақтар

● Интеллектуалдық ойындар

1-бағыт – ойын. Қарапайым сөздік шығармашылық ойын әрекетінде жылдам байқалады, өйткені бұл тілдік қимылдарды талап ететін табиғи әрекет.

1-сыныпта біз көріністер, сатиралық миниатюралар, белгілі бір адамгершілік тұрғысындағы жағдаяттарды талдауға арналған қойылымдар көрсетеміз. Мысалы, «Егінші мен қасқыр» ертегісі. Шығарманы оқып шыққанған кейін талдау жасалады: балалар өз ойларын, пікірлерін, сезімдерін айтады, қоғамдық пікір қалыптаса бастайды. Мінез-құлық эталонын, оны бағалаудың адамгершілік критерийлерін жасаймыз. Содан соң неғұрлым мәнерлі интонацияны, мимиканы, ым-ишараны іздеу басталады. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысында әрбір оқушының қандай да бір қызықты және керекті іспен айналысуына көмектесу қажет. Қызықты, шығармашылық және қиын жұмыс барысында қарым-қатынас, эмоция және өз-өзіне деген сенімділік пайда болады.

Өзін, өзінің артықшылықтары мен кемшіліктерін тану, олармен жұмыс істеу үшін көп уақыт қажет. Бұл қиын істе ойын бізге көмекке келеді. Ойын үлгілері:

«Шеңбер бойынша әңгіме». Мұғалім (оқушы) сөздік жағдаятты анықтайды. Мысалы, «Бір нәрсе жайлы (динозавр) біл және ол жайлы әңгімеле».

«Эстафета – әңгіме»

Екі-үш команданың эстафетасы түрінде өткізуге болады: командалардың әрқайсысы белгілі бір уақыт ішінде ұжымдық әңгіме жазады. Әрбір қатысушы кезек бойынша бір-екі сөйлемнен қосып отырады.

2-бағыт – шығармашылық құрастыру.

Бастауыш сынып оқушылары үшін шығарма – ең алдымен, өз сезімдерін, ойларын білдіру, олардың белгілі бір өмірлік мәні болуы қажет [5]. Мектепке жаңа келген оқушыларды зерттеу олардың көбінің монологтық сөйлеу тәжірибесі болмайтынын, қарым-қатынас жасауда сөздік қорының аздығын, қоршаған орта жайлы түсініктерінің жұтаңдығын көрсетті. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, оқушы үшін оның шығармашылық бастамасының көрінуіне қажетті жағдайлар жасап қана қоймай, оның шығармашылыққа деген ұмтылысын үнемі қолдап отыру қажет.

Әдебиеттер:



  1. Жұмакелдина Б.К. Тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамытудың өзекті проблемалары. // Қазақстан педагогикасының хабаршысы. – 2005. - №2. – 88-91 бб.

  2. Бексұлтанова Н. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. // Бастауыш мектеп. – 2007. - №5-6. –31-33 бб.

  3. Әмірова Ә.С. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негіздері. – Алматы, 2007. – 300 б.

  4. Алыбаева А. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. // Бастауыш мектеп. – 2009. - №11. – 19-20 бб.

  5. Омарова Б. Шығармашылық қабілетті дамыту. // Тәрбие құралы. – 2009. - №5. – 10-11 бб.

Резюме


В статье рассматриваются вопросы организации творческой деятельности учащихся начальных классов. Автор подчеркивает, что необходимо создавать ученику не только возможные условия для проявления его творческого начала, но и постоянно поддерживать его стремление к творчеству.
Summary

This article deals with the organization essues of the primary pupils’ creative activities. It is necessary to give a pupil not only possible conditions for his creative beginnings, but also support his desire for the creation regularly.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет