Бастауыш сыныптар арасында өткен «Өнер, білім бәрі де оқуменен табылған» атты апталықтың қорытынды есебі



Дата13.08.2017
өлшемі1,68 Mb.
#23572
2015 жылы 16-23 ақпан аралығында Краснофлот негізгі мектеп бастауыш сыныптар арасында «Өнер, білім бәрі де оқуменен табылған» атты бастауыш сыныптар апталығы болып өтті.

Бастауыш сыныптар арасында өткен

«Өнер, білім бәрі де оқуменен табылған» атты

апталықтың қорытынды есебі
2015 жылы 16-23 ақпан күндері мектебімізде бастауыш сынып апталығы өткізілді. Апталық оқушылар жұмысын ұйымдастырудың заманауи жолдарына арналды.

Апталықтың мақсаты: «Жаңа инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту».

Оқу үдерісін жетілдірумен қатар баланың шығармашылық, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отыра, рухани-адамгершілік, эмоционалдық және дене дамуын қамтамасыз ету керек. Сол себепті де бастауыш сынып мұғалімдері апталық жоспарын құра отыра, алдына келесі міндеттер қойды:

 - оқушының оқуға деген оң мотивациясын қалыптастыру;

 - сабақ және сыныптан тыс шараларды қызықты өткізу формаларын қолдана отыра, барлық балаларды оқу және тәрбие үдерісіне тарту.


Өткізу принциптері: әрбір бала апталықтың барлық шараларына белсене қатысушы болып табылуы керек.
Апталық мынадай жоспарда құрылды:

1. Апталықтың ашылуы

2. Ашық сабақтар

3. «Қысқы табиғат көрінісі» сурет көрмесі

4. «Әдемі жазу - өнер» көркем жазу байқауы

5. «Ертегілер елінде» ертегілер қойылымы

7. Ашық тәрбие сағаттары

8. Апталықтың жабылуы.



Бастауыш сынып мұғалімдері ӘБ отырысында апталықтың жұмыс жоспарын қорытындылады.

Шара барысында өзін үздік көрсеткендер мадақтамамен марапатталды.
Барлық өткізілген ашық сабақтарда, тәрбие сағаттарында бастауыш сынып оқушылары белсене ат салысты.
Құрылған жоспарға сай мұғалімдердің ашық сабақтарына тоқталсақ:

Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс –тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді. Сабақтардың құрылымы жүйелі құрылды.

Сабақтарға бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп әкімшілік қатысып, талдау жасалып, жақсы баға берілді.

Мұғалімдер сабақ өткізудің түрлі формаларымен практика жүзінде танысты.

Келесі мұғалімдердің ашық сабақтары жоғары әдістемелік формада өткізілді: қазақ тілі – 3а сыныпта – мұғалімі Неғметжанова А.З., математика – 2б сыныпта - мұғалімі Зубова В.И., математика 1а сыныпта мұғалімі Мейрхан А.
Сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдері көптеген қызықты сыныптан тыс шаралар өткізді.
Қазақ тілі пәнінен 2«б», 4«б» сыныптарында Ташимова А.Қ. өткізген интеллектуалды ойыны, 2 «б» сынбында Зубова В.И. өткізген «Зачем человек есть?» сынып сағаты, мектепалды даярлық сыныбында өткізген «Тілашар» сынып сағаттары да ойындар тартымды, әрі қызықты өткенін мақтанышпен атауға болады.

Сондай-ақ, Ташимова А.Қ. өткізген интеллектуалды ойыны танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында «Білімділер» және «Тапқырлар» атты 2 топ болып, ұлты орыс балаларының жарыса қазақша жауап берулері, мұғалімнің қазақтың әдеп-ғұрып, салт-дәстүрін, қасиетті қазақтың киіз үйін дәріптеп үйретуі, оқушылардың шаңырақ астында уыққа керегі боайылып, киіз үйді құрып дөңгелене билеуімен аяқталуын ерекше атап өтуге болады.


1 - 4 сынып оқушылары «Менің елім - байтақ жерім!» тақпақшылар байқауы бойынша жауаптанушы Неғметжанова А.З. сөз алып, үздіктерді атады. Олар: 3 «а» сынып оқушысы Хизирбек Ажар, 2 «б» сынып Власова Н. 4 «б» сынып Власова К.

Бастауыш сынып оқушыларының үздік дәптерлері  көрмеге қойылып, жауаптанушы мұғалім Гелескул Г.А. көркем жазу туралы баяндама жасады. «Әдемі жазу - өнер» байқауы бойынша 1а сынып Нуржанова Д., 2а сынып Айгужин Е., Каппасова А., 2б сынып Власова Н., Мырзаболат А., 3а сынып Хизырбек А., 4б сынып Искакова И. қатарлы оқушыларға ерекше баға берілді.


«Ертегілер әлемінде» атты қойылым байқауында оқушылар өздерін басқа қырынан көрсетіп, таң қалдырды. Оқушылар өздеріне берілген рөлдерді өте жақсы сомдап, актерлік шеберліктерімен көзге түсті. Әсіресе, балаларға мектепалды даярлық сыныбының «Мақта мен мысық» ертегісі, 2 «б», 4 «б» сыныптарының «Репка» ертегісі  өте қатты ұнады.
Сонымен қатар «Қысқы табиғат көрінісі» атты сурет көрмесіне қатысқан  оқушылардың суреттері мазмұнды, әсем боялғандығымен  бағаланды. Мектеп оқушылары мұнда талантты балалар суретін тамашалады. Жауаптанушы Ташимов А.Қ. «Қысқы табиғат көрінісі» атты сурет байқауының жеңімпаздарын анықтады. Олар: Мырзаболат Айдана, Мырзаболат Алуа, Хизырбек Ажар.
Апталықтың жабылуына арналған салтанатты жиында концерт ұйымдастырылды. Белсенді оқушылар мадақтамамен және дипломмен атап өтілді. Бұл апталық бастауыш сынып мұғалімдерінің өз шығармашылық әлеуметін ашып көрсетуге мүмкіндік берді. Оқушылар пән бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті. Бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің ерінбей еткен еңбегі, өзара ынтымақтастықпен жұмыс істеуі арқасында келген жетістік деп сенімді  айтуға  тұратын  жайт. 



2«б», 4«б» сыныптарында Ташимова А.Қ. өткізген интеллектуалды ойынынан көрініс


2 «б», 4 «б» сыныптарының «Репка» ертегісінен көрініс

Мектепалды даярлық сыныбы «Тілашар» сынып сағатынан көрініс
Каталог: 433A5DDF800BAE38 -> e3a35d581095f694178e34a994cdb029
433A5DDF800BAE38 -> Краснофлот негізгі мектебінің 2016 жылғы 24 ақпаннан 4 наурыз аралығында ғы «Бақытты балалық шаққа құқық» атты онкүндіктің есебі
433A5DDF800BAE38 -> Сыныптарға арналған олимпиадалық тапсырмалар. 5- сынып Олимпиадалық тапсырма
433A5DDF800BAE38 -> Еңбекшілдер ауданы Краснофлот негізгі мектебі бастауыш сынып мұғалімі: Мейрхан А. Бағдарламаның 7 модулін қолдану әдістемесі көрсетілген тізбектелген төрт сабақтың топтамасы орташа мерзімді жоспарлау туралы түсінік хат
433A5DDF800BAE38 -> Бекітемін: мектеп директоры Абужусипов Ж. О. Тарих апталығының жоспары. (7 желтоқсаннан 12 желтоқсан аралығында өтеді ) Апталықтың тақырыбы : «Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге»
433A5DDF800BAE38 -> Жұмыс жоспары (16-23. 02. 2015ж) Апталықтың мақсаты
433A5DDF800BAE38 -> Сабақтың тақырыбы: Омонимдер Сабақтың мақсаты
433A5DDF800BAE38 -> Сабақтың тақырыбы: Публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктері. Сабақтың мақсаты
433A5DDF800BAE38 -> Сабақ түрі: сыныптан тыс жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет