Бастауыш сыныптарда «Қоршаған орта» пәнін оқыту әдістемесі пәнінің дәрістері 1-Дәріс. Тақырып



бет6/55
Дата20.06.2020
өлшемі284,22 Kb.
#74077
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
ДӘРІС
ДӘРІС , ДӘРІС , Тәрбие жоспары 34 сағат
Василий Порфирьевич Вахтеров (1853-1924)болды.Бұл ғалым әдіскер өмірінің көпшілігін бастауыш мектеп мәселелеріне арнады. Бастауыш сыныптарда оқытудың әдіскері ретінде танылды. 15 жыл бойы халық училищесінің инспекторы қызыметін атқара жүріп, мұғалімдер білімін жетілдіру институтында лекция оқу барысында бастауыш сыныптарда сабақ берудің әдіс-тәсілдерін оларға үйретті. Соның ішінде 1907-жылы жарық көрген “Заттық оқыту әдісі“ (Предметный метод обучения), 1913- жылы шыққан “Жаңа педагогика негіздері“ (Основы новой педагогики) деген еңбектерін атап өтуге болады. Мұнда бастауыш мектептегі білім берудің басты –басты мәселелері қамтылады. Ол сауат ашу мен оқу мәселесіне келгенде К.Д.Ушинский пікірлерін қолдап, оны әрі қарай дамытушы ретінде қалады. В.П.Вахтеровтың ең ірі еңбегінің бірі- 1902 жылы жарық көрген “Балалар үшін дүние туралы әңгіме“ (Мир в рассказах для детей). Бұл оқу құралында жаратылыстанудан, географиядан, тарихтан қызықты әңгіме түріндегі материалдар берілген.

Сонымен, революцияға дейінгі мектептерде жаратылыстанудан білім беру мәселесі атапт айтылып жолға қоюға тырысқанмен, ол туралы әдістеме жазушылардың дені орыс авторлары болғандықтан қазақ жеріне дер кезінде бұл оқулықтар мен оқу құралдары жетіп отырған жоқ.

ХІХ ғасырдың екінші жарытсында өмір сүрген қазақтың көрнекті ғалым-педагогі Ыбырай Алтынсарин балаға өзін қоршаған табиғаттан білім беріп, оны дұрыс таныта білу арқылы көптеген жетістіктерге жетуге болатынын айтқан болатын. Ол “Мектеп жастарға көрнекі түрде практика жүзінде зат туралы, айналадағы тіршілік және табиғат туралы беруі керек. Мектептің жанында тәжірибе егістігі –огород бақша, гүл егісі болуы керек“1-деп көрсетті. Революцияға дейінгі санаулы қазақ мектептерінің барлығына бірдей қолданарлықтай біріңғай жүйелі программа болған жоқ. Бұл туралы белгілі ғалым педагог А.І. Сембаев былай дейді “Қазақ даласында болыстық мектептер мен ауылдық мектептер өте аз болды және қазақ халқының білімге сусаған тілегін қанағаттандыра алмады, халық ағарту ісіне бөлінген болмашы қаржы приход мектептеріне, гимназияларға, халық училищелеріне жұмсалды, ал ауылдық мектептер мен болыстық мекутептер ашуға қаржы бөлінбеді“2-дейді.

Революцияға дейінгі қазақ мектептері әр аймақта шашыраңқы орналасып, әр қайсысы өз мүмкіндіктеріне қарай жұмыс жүргізді. Бұл кездегі басым көпшілік мектептерде табиғаттың ғылыми даму жолдарын игертуден гөрі, діни ұғымдарды оқыту үлкен орын алып отырды. Табиғат құбылыстарын көбіне оқушыларға діни ұғымды үйрету үшін қолданды.

Леонид Сафонович Севрук (1867-1918) жаратылыстанудың әдіскері ретінде 1902- жылы өзінің "Жаратылыстанудың бастауыш курсы" (Начальный курс естествознания) атты еңбегін жазып, онда өлі табиғат пен тірі табиғаттың айырмашылықтары мен байланысын түсінікті тілде сипаттап жазды. Сонымен қатар бұл еңбекте мұғалімдердің білім беруде баланың жас ерекшелігін, дамуын және пәнге бөлінген сағат санын үнемі ескеріп отыруын нұсқайды. Бұл кісі де А.Я.Гердтің пікірін қолдап, алдымен балаларда өлі табиғат туралы білім қорын қалыптастырып, кейін тірі табиғат жайында оқыту керек деген өзінің тұжырымын жасайды. Осы пікірлерімен қоса оқып үйренетін материалдың жүйелілігін, түсінікті және көрнекті түрде берілуін уағыздады. Жаратылыстануды оқытудың ең басты әдісі ретінде әңгімелесу, әңгіме әдістеріне баса көңіл бөліп, бұл әдістер әр уақытта көрнекілкпен мұғалімнің көрсете отырып жүргізетін тәжірибесі және оқушылардың өздігінен ұйымдастыратын бақылауларымен, жасайтын тәжірибесімен тығыз байланысты жүргізілуге тиістігін атап көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет