Сабақтың басталуы
5 мин
Сабақтың ортасы
|
(МК:Ұ) Шаттық шеңбері: «Ыстық лебіз»
Қайырлы таң,көздерім!Ояндыңдар ма?
Қайырлы таң, құлақтарым!Ояндыңдар ма?
Қайырлы таң,қолдарым!Ояндыңдар ма?
Қайырлы таң,аяқтарым!Ояндыңдар ма?
Қайырлы таң, Күн! Мен ояндым!
Балалар, қазіргі сабақ басындағы көңіл-күйлерің қандай?
Өте жақсы! Көңілсіз!
Оқушылар өз көңіл-күйлерін айтады.
Ал менің көңіл-күйімді білгілерің келе ме?
Мұғалім өз көңіл-күйін айтады.
Ал енді сабақтың соңында біздің көңіл-күйлеріміз өзгеруі мүмкін,оны сабақ соңында білетін боламыз!
Өткен сабақты қортындылау.
«Серпілген сауал»
-Дыбыс дегеніміз не?
-Әріп дегеніміз не?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты дыбыс дегеніміз не?
-Дауыссыз дыбыс дегеніміз ше?
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны (Өткен дыбыстарға 3 тілде сөздер айту)
Ой қозғау.
(МК:Ұ) Жұмбақтарды мұқият тыңдаңыз.
Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді .
Айнымайды бөпемнен
Тек сөйлеуді білмейді.
Бұл не?
Шешуі: ( қуыршақ)
Аласа ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар
Шешуі: ( қой)
Құлағы ұзын, қорқақ аң,
Секіріп, секіріп қашады.
Шешуі: ( қоян)
Қуыршақ, қоян, қой сөздерін қатыстырып сөйлемдер құрайды.
-Бұл сөздердің бәрі қандай дыбыстан басталып тұр?
Жаңа сабақ
Видеоподкаст «Қ дыбысы»
Айтылым:
Айтылуы арқылы Қ дыбысының дауыссыз екенін анықтау.
Оқылым:
Қар, қара, қора, оқу, құлыншақ, тақ, қала, қос.
Топтық жұмыс
Жазылым:
«Жүгіртпе диктант»
Аққу, қу, қара, аққала, құлын, қарақат.
|
Көңілді әуен қосу.
Стикерлер
Жұмбақ суреттері
Доп
Ата- аналармен түсірген видеоподкаст
Жұмбақ суреттері
Bilimlend.kz
Оқулық
Жарға ілінген сөздер.
Дәптермен жұмыс
|