Баяндама «Критериалды бағалау- сапалы оқу кепілі»


Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны



бет11/16
Дата20.05.2020
өлшемі45 Kb.
#70119
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
ммммжжбббооо

Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны

Критериалды бағалау жүйесінің теориялық негіздері.

Критериалды бағалау қағидаттары

(семинар)

Мектеп үйлестірушісі:

Тылешова Ардакты Аралбековна

2016-2017 оқу жылы

Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесінің маңызды басымдықтары

«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде айтқандай, еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру міндетін алға қойып отыр. Ел экономикасының қарқынды дамуы білім беру жүйесіне тікелей байланысты екендігін білеміз.

Дәстүрлі оқыту кезінде оқушының алған білімдері жаттанды түрде есте сақталынып, кейбір жерде ұтымды пайдаланады, бірақ, мәні терең меңгерілмегендіктен оқушылар оны өмірде тиімді пайдаланбайды.  Ал қазіргі дамыған қоғамда азаматтың тек қана білім алуы жеткіліксіз, ең маңыздысы — сол алған білімін күнделікті өмірлік жағдаятта тиімді қолдана білуі қажет. Сол себепті, қазір оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға басымдық беріліп отыр.

Міне, сондықтан критериалды бағалау жүйесін енгізудің басты мақсаты:



  • Мектепте оқыту сапасын қөтеру.

  • Оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.

Жаңартылған орта білім беруді енгізу барысында білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі арқылы бағалайды.

  • «Критериалдық бағалау жүйесінің дәстүрлі бағалау жүйесінен ерекшелігі неде?»деген сұрақ туындауы сөзсіз.

Дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Оқушыны тым көтермелеп немесе төмендетіп алады. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей күмәнмен қарайды, сабаққа деген қызығушылығы төмендейді.Себебі: білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері және мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыстың болмағандығынан . Егер әр білім алушыға, оның ата-аналарына түсінікті анық, өлшемді бағалау критерийлері берілсе, объективті бағалауға қол жеткізуге әбден болады.

Критерий деген – ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі.Әр критерийдің дискрипторы болады, онда оқу тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет