Бекхожина Айгуль Акылбековна Көкшетау қаласы №16 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі



Дата26.08.2017
өлшемі53,58 Kb.
#28245
Бекхожина Айгуль Акылбековна

Көкшетау қаласы №16 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
ДЕНСАУЛЫҚ- ЗОР БАЙЛЫҚ


Сабақтың мақсаты: 

Білімділік:

  • Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығы, өмір сүру үшін қажеттілігі, бағалы байлық екендігі түсіндіріледі. Тазалық және жеке бас гигиенасының мәдени дағдылары қалыптастыру маңыздылығы айтылады.

Балаларымыз сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың маңызы түсіндіріледі.

Дамытушылық:

  • Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорлары қалыптасады. “Денсаулық” тақырыбы төңірегінде сөйлей білуге үйренеді. Оқылым,тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттері қолданылады.

Оқушылардың ой-өрісі, сөздік қорлары, ауызекі сөйлеу тілдері дамиды.

Тәрбиелік:

  • Денесін шыңдауға шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз, қанағатшыл, таза да әдемі болу туралы тәрбиелік әңгімелер жүргізіледі.

Сабақтың көрнекілігі: техникалық құралдар: интерактивті тақта, компьютер, 

Сабақтың түрі:саяхат сабақ 

Сабақтың әдісі: презентация, түсіндіру, оқу аудару, талдау, топтық, жеке жұмыстар, суретпен жұмыс, сұрақ жауап, сергіту ойыны

Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сұрақ –жауап.

-Сыныпта кім кезекші?

-Сыныпта кім жоқ?

-Қазір қай ай?

2 Жаңа сөздермен жұмыс (1-слайд)

Денсаулық-здоровье

байлық-богатство

тара-расчесывай

сүрт-вытирай

жу-мой


тазала-чисти

зиянды-вредные

3 Қызығушылықты ояту.- Балалар, денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

Денсаулық бұл -спорт, дені сау адам, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, зиянды тағамдарды көп жемеу.

-Ал, денсаулыққа зиянды заттарға не жатады?

-шылым шегу, жалқаулық, кір болып жүру, зиянды тамақтарды жеу (чипсы, торт, кола т.б.)

Ендеше денсаулық туралы терең түсіну үшін, «Денсаулық » еліне саяхатқа барайық.

Бірінші «Тазалық еліне» саяхатқа барамыз (2-слайд)



Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Оқулықтағы 1-тапсырмадағы өлеңді оқып , талдаймыз

мына бір жолдарды тыңдап көрейік.

Дос бол сабын, сумен сен

Жиі-жиі жуын сен

Таңертең де, кешке де,

Жуын күндіз, түсте де

Жуын тамақ алдында

Жуын тамақ соңында

Жуын ұйықтар кезіңде

Жуын тұрған кезіңде

Сумен, сабынмен дос болу керек

1.денім сау болсын десең –тамақты ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолыңды жу.  Тамақтың берекесі де осында.

2.Тістеріңді күніне 2 рет тазалаңдар.

Оқулықтағы 2-тапсырмамен жұмыс

Сөйлемдерді оқып , тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргіледі

Денеңді таза ұста

Қолыңды сабынмен жу.

Шашыңды тарақпен тара

Тісіңді щеткамен тазала

Бетіңді сүлгімен сүрт

3-тапсырма. Сөйлеп үйрен

Бұл-тіс щеткасы

Мен тісімді щеткамен тазаладым

Тісті қалай күту керек?

Тісті күніне екі рет тазалап отыру керек

Әр баланың өзінің жеке тіс щеткасы болу керек

Тісті кемінде 2 минут дұрыс тазалау керек

Тісіңді сақта!

«Шынықсаң шымыр боласың» еліне келдік (3-слайд)

Сергіту сәті (4-слайд)

Дәптермен жұмыс

5-тапсырмада берілген сөйлемдерді оқиды, дәптерлеріне жазады

(5-слайд)

Мен таңертең тұрамын

Төсегімді жинаймын

Бетімді жуамын

Тісімді тазалаймын

Мен жақсы баламын



6-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу (оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды, қазақ тіліне тән дыбыстарға көңіл бөліп, дұрыс оқиды) (6-слайд)
Мен айтайын тақпақ

Алғын оны жаттап.

Тісіңді жу, тазарт,

Маржандай болсын аппақ



Жұмбақ жасырамыз (7-слайд)
Ертемен күнде сен

Қолыңа сүйкесең

Кетіп кір-ласың

Тап-таза боласың

Бұл не? (сабын)

Бала біткен соғады, 

жеңіл шарды домалақ.

Ұрсаң 


Ұшып жоғары, 

Жерге түсер домалап. (доп)

 

Мақал-мәтелдермен жұмыс (8-слайд)
Д- дәрі шөптен, ақыл көптен.

Е- емнің алды- еңбек.

Н- негізгі байлық -денсаулық.

С- саулық- байлық негізі.

А- Ас- адамның арқауы.

У- У ішсең өлерсің.

Л- Ластың досы- шыбын.

Ы- Ыдысы тазаның ырысы таза.

Қ- Қотыр қолдан жұғады.

«Дұрыс тамақтану және денсаулық» еліне келдік

«Пайдалы және пайдасыз» ойынын ойнату( 9-слайд)
Дәптермен жұмыс

Өздеріңе пайдалы, пайдасыз тағамдарды таңдап, екі топқа бөліңдер



Пайдалы тағамдар Пайдасыз тағамдар

  • Балық, пепси, айран, фанта, чипсы,кола,майлы ет,май, торт.

  • Сникерс,сәбіз,орамжапырақ, кәмпит,алма,алмұрт

Сабақты қорыту: (10-слайд)
Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек?

Қолшатыр арқылы зиянды заттардан қорғанайық. Зиянды заттарды жазып, қолшатырға жапсырады.

Денсаулыққа пайдалы заттарды кемпірқосаққа жапсырады

Денсаулықтың басты факторлары: спорт, дұрыс тамақтану, жеке гигиена, күн тәртібі
Үйге тапсырма : денсаулық, спорт туралы 5 мақал жазып, жаттап келу.
Каталог: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Оқулық, ғаламтор, «А.Құнанбаев»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Атақты жерлесіміз І. Есенберлин туралы мәлімет беріп білімді қалыптастыру
Razrabotkaurokov -> Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан
Razrabotkaurokov -> «Қазақ батырлары»
Razrabotkaurokov -> СӘкен сейфуллин «наурыз» Мақсаты: Білімділік
Razrabotkaurokov -> Ханаева Лаззат Кайкеновна Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп-лицейінің педагог -психологі Тақырып
Razrabotkaurokov -> Гомбо Серікгүл Красный яр селосы «№13 «Амина» бала бақшасының» тәрбиешісі Тақырыбы: «орманға саяхат»
Razrabotkaurokov -> Нұрмұқанова Жұмагүл Жабенқызы Көкшетау қаласы №18 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Razrabotkaurokov -> Топқа бөліну І топ “Сұңқарлар” ІІ топ “Алғырлар” ІІІ топ “Білімділер” іvтоп “Тапқырлар”


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет